Психотерапевтік өызметтің мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3

1.Әлеуметтік педагогтың психотеропевтік қызметтің орындау техналогиясы. 5

1.1 Әлеуметтік педагогтың психотетапевтік қызметтерін орындау. 10

1.2.Психодраматикалық бодибилдинг әдісінің қолдануы. 15

2. Әлеуметтік педагог мамандарының әлеуметтік профилактикалық және
реабилитациялық қызметі. 16

2.1 Қиын балалардың тұлғалық бейнесін зерттеу. 18

2.2 Құқық бұзушы жасөспірімдер топтарының жіктелуі. 23

2.3 Қолайсыз күй шешу әдістері. 24

Әлеуметтік педагогтың кәсіби портреті. 28

3.1 Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік ролі. 30

Қорытынды 33

Әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Әлеуметтік педагог, баларға, жасөспірімдерге, қоғамның ересек адамдарына
әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетеді және келесі қызметтерді атқарады:
Коррекциялық қызмет:
Отбасының, әлеуметтік қоғамның әсерімен тәрбиеленушіні каррекциялау;
Жағымды әсерлерді күшейтеді немесе басады, жағымсыз әсерлерді
бейтараптайды немесе басқа жаққа аударады;
Оқушының өзін-өзін бағалауда, топта, сыныпта, өз қатарында алатын орнын
немесе денсаулығына зиян келтіреті әдеттерді коррекциялау.
Психотерапевтік қызмет:
Баланың елгезек тепе-теңдігін, сезімін, уайымын күту;
Баламен, жасөспіріммен, ересек адаммен сенімдік қарым-қатынас орнатады;
Баламының өзіндік санасына, эмоциясына вербалдық және вербалдық емес
әсер етеді;
Деприссиялық күйді, тұлға аралық шиеленісті шешуге көмектеседі;
Адамның өз-өзіне деген, қоғамға деген, өмірге деген қрым-қатынасын
өзгертуге белсенділік көрсетеді;

Балаға шаттық, жеңіс жағдайын ұйымдастырады.

Әлеуметтік-профилактикалық қызмет:

Балаларда, жасөспірімдерде байқалатын девианттық, диликвиенттік мінез-
құлыққа қарсы жүйелік профилактикалық шараларды ұйымдастырады;

Өнегелі-заңға сүйенген тұрақтылықтың қалыптасуына әсер ету;

Реабилитациялық қызмет:

Бостандығынан айырылған жерлерден келген адамдарға, әлеуметтік
дезадаптация формасындағы қоғамдық, отбасылық және т.б. жүйелерде
әлеуметтік-экономикалық т.б. қиындықтарды сезінетін адамдар үшін
реабилитациялық іс шаралар ұймдастырады.

Қайта тәрбиелеу-бұл әң алдымен баланың әлеуметтік өмірдегі құнды
тәжірибиесін байыта отырып өмір тәртібін өзгерту. Әр тәрбиеленуші жақсыға
ұмтылады, бірақ оның санасында әр уақытта жағымды және жағымсыз
тенденциялардың тартыс таласы болып жатады. Тәрбиеленушінің әлеуметтік
құнды және адамгершілік іс-әрекеттерді жасатып оның жағымды тенденциясын
нығайтып, жоғарлатуына көмектеседі. Сондықтан тәрбиеленушінің адамгетшілік
қасиетін көрсетуін ұйымдастыру, оның моральдық құнды әрекетін ояту, оларды
ұжымдық, әлеуметтік пайдалы, творчествалық іс-әрекетіне қосу, жетістіктер
жағдайына жеткізу қажет.

1.Әлеуметтік педагогтың психотеропевтік қызметтің орындау техналогиясы.

Психотерапия термині грек тілінен аударғанда жанды күту деген
мағынаны білдіреді, сонымен қатар қамқорлығы, адам елгезек тепе-тендігі,
оның көңіл күйі, сезімдері, әсерлинушілігі туралы. Бұл психолгия мен
медицина облысына көршілес, онда адам психикасына әсер ету арқылы көмек
жүзеге асырылып жатады.
Белухин, психотерапиялық қызмет бағытының мәнін аша: Психотерапевтік
қызметінің мәні ол адамның эмоциясына, пікіріне, сана-сезіміне вербалдық
және вербалдық емес әсер етумен қамтылады.
Клиникалық психотерапия бөлінеді (психотерапияда мына әдістер
қолданылады: гипноз, аутогенді жаттығу ұйыту және өзін-өзіне сендіру,
орынды терапия), көрсетуші емдік әсері ауырғыштардың адам психикасы аууы
және әлеуметтік құбылыстарға көңілі болудың адам өзгертуде хабарланған
тұлғалық нысаны, фактормен, адамдарға, өз-өзіне көмектесу мақсатымен көмек
көрсетіліп жатыр. Мына жағдайда психотерапевт белгілі бір жүйені
конструкциялап жатыр, мұнда адам қайта іске асқан фактіні, қайсы бір іске
асырылған оқиғаны өзгерту, болып өткендердің барлығын тек қана өзгерту
ғана емес, сонымен қатар онан арғы мінез-құлықтың, оның жайлылық көруі
нүктесінен тіршілік жағдайлардың канструктивтік қабылдауы істеп шығаруды
бастау. Ққндылықтардың өзіне тән тек қана бағалауы емес, сонымен қатар
қоршаған ортаға және осы ортадағы өз-өзіне деген(қарым-қатынасты) көз
қарасының эмоцианалдық тепе-теңдік қалыптаса бастайды.

Әлеуметтік педагогтың психотерапевтік әрекеті-бұл баламен тіл табысу,
достары арқылы қарым қатынас жасау және кітап арқылы балаға жағымды әсер
ету.

Осы жағдайдан шыға отырып қарым-қатынас пен мінез-құлық өзгере
бастайды(жай күй→қарым-қатынас→мінез құлық). Индивидуалдық психотерапияда
психотерапевтің клиентке мейірімділікпен, сыйластықпен және сенімділікпен
қарау ең басты роль болып табылады. Психотерапевтік әсері бала қабылдауын
және өзін қабылдауын, өзін-өзін күтуін, өзінің ішкі дүниесін құруын және
қалауына байланысты қарым қатыныс құруын үйренеді.

Топтық психотерапияның негізі кіші топтардың тұлға аралық әсерінің заңын
білу, ол арнайы іріктеуден тұрады. Психотерапевт топ мүшелеріне олардың
мінез-құлқынын ауытқуының себептерін және корекция уақытын белгілей, болжай
отырып түсіндіреді. Сонымен қатар аутогендік жаттығу, релаксация оқытылады
және қарым-қатынас тренингі жүргізіледі.

Топтық психотерапия отбасылық, іс-әрекет бірлестілік және ойындық
психотерапия болып бөлінеді. Отбасылық психотерапия ол балаға, ата-анаға
және осы отбасымен бірге тұратын туыстарға әсер етуді жорамалдайды. Ол
психотерапевтік корекцияда қиын балалардың мінез-құлқын корекциялауда кең
ауқымды қолданып және жетекші түрі ьолып табылады. Іс-әрект бітлестілік
психотерапиясы біздің мемлекетте сирек кездесетін психотерапевтік ұйымдарда
қолданады. Ойындық психотерапия балалар мен жасөспірімдердің мінез-
құлқындағы ауытқуларын және эмоционалдық бұзылуды жеңуге тиімді
көмектеседі.

Қазіргі уақытта психотерапияда көптеген бағыттар, әдістер (техникалар,
техналогиялар) бар. Әлеуметтік педагог өзінің тәжірибесінде көптеген
иландыру түрлерін қолданады. Олар: арттеропия (шығармашылықпен емдеу),
библиотерапия, мзыкалық терапия, қимыл терапиясы, ойын терапиясы,
психодрамма және т.б. Сонымен қатар суггестивтік, рационалдық және
аналитикалық психотерапияны айыра біледі. Суггестивтік психотерапияның
кмегімен адамдар гипноздық және сергектілік күйінде ықпалы бұйыру әсерінде
болады. Рационалдық психотерапия клиент пен дәрігердің арасындағы қарым-
қатынасындағы субъективтік нысанын талқылап, оның шешу жолдарын табу.
Аналитикалық психотерапия фрейдизм мен психология теңдігі принціпінде
негізі қаланды.

Психотерапевтік әсердің таңдауы клиенттің мінез-құлқының ауытқуынан ғана
емес, сонымен қатар әлеуметтік педагогтің іскерлігіне байланысты.

Міндеттер:

□ Психотерапевтік қызметтің мәнін ашу;

□ Психотерапевтік қызметтің жетілдіру әдістерін анықтау;

□ Тәрбиеленушілермен бірлесе отырып психотерапевтік қызметіндегі
кәсіби білімін жетілдіру және нығайту.

Дәріс жоспары:

1. Психотерапевтік өызметтің мәні;

2. Психотерапевтік қызметін жетілдірудің әдісі, үлгісі және тәсілдері;

3. Әлеуметтік педагогтың ұйымдарды оқыту мен психотерапевтік
тренингтерді жүргізу;

Тәжірибелік тапсырмалар:

Бірінші тапсырма.

1. Әдеуметтік педагогтың психотерапевтік қызметіндегі білімін
өзәкрендіру;

2. Бала жанын күту осы сөз тіркесін қалай түсінесіз? Осы қиын
процессиі әлеуметтік педагог іске асыра алама? Қандай
жағдайда?;

3. Психотерапия, психотерапевтік әсер, психотерапевтік
әрекеттестік, психотерапевтік көмек, психотерапевтік
қорғау, психотерапевтік демеу осы ұғымдардың мағынасын
ашатын анықтама құру;

Екінші тапсырма.

Жетілдірудің жолдарын және мәнін ашу: индивидуалдық психотерапия-бірінші
микротоп, топтық психотерапия-екінші микротоп, отбасылық психотерапия-
үшінші микротоп;

Үшінші тапсырма.

Психодрама жүргізуіндегі техналогияларымен және әдістерімен
танысу(психодрамалық бодибилинг, ән терапиясы);

Төртінші тапсырма.

Тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу.

Бесінші тапсырма

Жаттығуды орындау.
Жұпқа бөлу: біріншісі кеңесші-психотерапевтің (ықпал етуші) орнына, ал
екіншісі клиенттің орнына шығару.
Кеңесші мен клиенттің әрекеттесуін ұйымдастыру. Осы кңестің нәтижесін Л.
Д. Деминнің Личность: проблемы психологического консультирования(Барнаул
1993) атты кітабына сүйене отырып талдау жасау.

Алтыншы тапсырма.

1. Психологиялық-педагогикалық тесттердің көмегімен әлеуметтік-
педагог мекеме тәрбиеленушісінің үрейлік деңгейін анықтау;

2. Өзіңіздің үрейлік деңгейіе анықтау және оған қортынды
жасаңыз.

Жетінші тапсырма.

Шаттық күнтізбесі атты күнделік әдісіне өзіне және өзінің
тәрбиеленушілеріне қолданып бекіту. Жүргізілген жұмыстың нәтижесін талдау.

Сегізінші тапсырма.

1. Психотерапиялық қызметінде қолданылған әдістерін көрсету.
Мысалы: ойын терапиясы-бірінші микротоп, ән терапиясы-екінші
микротоп, библиотерапия-үшінші микротоп, логотерапия-төртінші
микротоп, арттирапия-бесінші микротоп.Осы көрсетілген әдістер
үш жастан он алты жасқа дейінгі балалармен индивидуалдық және
топтық жағдайда реабелитациялық бағдарламаның негізі болып
табылады.

2. Әлеуметтік педагогикалық тәжірибиеде тәрбиеленушімен жұмыста
психотерапиялық технологияны қолдану. Оларың қолданған
нәтижесін талдау.

Тоғызыншы тапсырма.
Микро топтарда ойындық психотерапевтік әсерлерді ұйымдастыру.

1.1 Әлеуметтік педагогтың психотетапевтік қызметтерін орындау.

Ойын терапиясы-ойынның бірнеше түрлері қоданылады. Бұл белгілі бір
әдебиет шығармаларына, мамұнын айтуына, спектакль құруына негізделеді.

Ойында бірнеше бейнелерді қолдану психологияда бірқатар артықшылықтар
бар. Яғни болатын тұлғалық жағымды жағына өсуіне көмек береді. Олар:
өзіндік мен деген көз қарасы өзгереді, өзін-өзін қабылдау деңгейі өседі,
яғни оның ішіне өзін-өзін бағалау, өз-өзіне сенімсіздік кіреді.

Психолог басшылығымен директивтік және еркін ойнды ұйымдастыруға болады.
Еркін ойыеда, балаларға әр түрлі ойындар ұсынылады, яғни психолог
регрессивтік, агтесивтік және реалистік түрлерін ұсынылады.

Регресивтік дегеніміз ол яғни өзінен кіші жасқа сай мінез-қылықтар
жасау. Мысалы: бала мүлдем кішкентай баланың іс-әрекетін жасайды.

Реалистік ойын баланың қалауы мен қажеттілігіне емес, объективтік
жағдайларына тәуелді. Мысалы: бала өз үйінде көрген жағдайларды қайта
ойнағысы келеді, ал оған басқа ойындар ұсынады, оларды: циктерге,
театрларға, туған күндерге баруды ұсынады.

Агресивтік ойындарда, ол яғни қылмысты, су тасқыны, соғысты, зорлық-
зомбылықты бейнелейтін ойындар болып табылады.

Осы ойындарда балалар өзінің басынан өткен жағдайларға қайта оралады
және әлі талай рет оралады. Осы оралу процессі тек осы жағдайлар ұмытыла
бастағанда, маңызы жоғала бастағанда ғана оларды жаңа деңгейге жоғарлатуға
болады. Сонымен қатар адекваттық мінез-құлық туралы біле бастайды.

Баланың сублимациясының дамуына ойында бейқұрылымдық материалдар
қолдануы мүмкін(су, құм, пласталин, балшық). Осының көмегімен бала төлеу
арманын сыртқа шығара алады. Бұл ойындарды директивтік күйлерде жүргізген
жөн.

Реабилитациялық бағдарламада балалардың өзіндік армандарын сыртқа
шығаруына бағытталатын көмекте құрылымдық материалдар қолданылады. Мысалы:
адам бейнелері, төсек құрал жабдықтар біреуді күтіп бағу сезімдерін
тудырады, қару-жарақ агрессияны бейнелейді, телефон, поезд, машина
камуникативтік іс-әрекетін дамуын көрсетеді. Сонымен қатар баланын қандай
түсті және пішінді ойыншықтардан қашқалақтайды және қандай ойыншықтармен
мүлдем ойнамайтынын байқап, бағдарлап отыру қажет.

Осы жұмыс бізге беймәлім ойыншық зақымын жеңіп шығуына зор үлесі қосады.
Бұл жағдайда ұғыну мен уайымдау интеграциясы орайы болса, психикалық
кернеуі басылады, сонымен қатар баланың басқа бағыттағы ойындарды қабылдау,
зорлық зомбылық туралы ойламау, өзіне деген сенімін нығайту, Мен сөзінің
қатайуын қалыптастырады. Реабелитация процессінде ойынды қолдануы баланың
тұлғалық бейнесін каррекциялау бірден-бір әдісі болып табылады.

Ән терапиясы-балалармен жұмыстағы ән шығармаларына және музыкалық
аспаптарын қолдану қажет. Бұл жағдайда психолог бінеше музыкалық аспаптарда
ойнай білуі артық болмайды(баян, пианино,скрипка). Көбінесе классикалық
шығармаларды қолдануды қажет етеді(Бах, Шопен, Лист, Рахманинов, Бетховен,
Моцарт, Чайковский, шуберт). Уқыт өте келе әнді тыңдау уақытын көбейтуге
болады. 3-5 мин., 1 сағаттан-1.5 сағатқа дейін, бұл балаларды музыканы
тыңдауды үйретеді. Осы уақытта көптеген сезімдерді сезіну, эмоционалдық
күйді кешу, ішкі тепе-теңдікті қалыптастыру және кернеуі шешіледі. Музыканы
ең бастысы таңдай, сезіне білу қажет.

Мазасыздық және үрейлік танытатын балаларға бұл терепияны ойнмен бірге
жүргізген жөн. Жағымды сезім тудыратын жайлы әуен ойнағанда балаға
жағымсыз, қорқыныш сезім тудыратын құрал беріледі. Қорқыныш сезімі қатты
көрінген кезде балаға жағымды классикалық музыка әсер етеді. Әуенді баламен
бірге тыңдауға болады. Әуен тыңдау кезінде бала баладан қандай сезім
сезінгісі келетінін сұрауға болады. Классикалық әуенді тыңдауда баланың
әлеуметтік компетенцияны оятады: басқа балалардың сезімдерін сыйлау, оларға
кедергі жасамау және т.б.

Ән терапиясын қолданғанда баланың өзін өзектендіруіне көмектеседі,
өзінің эмоционалдық күйіне әсер етуіне көмектеседі. Сонымен қатар балаларға
осы ән терапиясынан алған әсерлерін суретке бейнелеуге ұсынады. Бейнелеген
кезде баланың санасында бекітіліп қалады.

Егер бұл терапияда музыкалық аспаптар қолданса психологтың жұмысы мүлдем
басқа болады. Психолог пен бала бастапқыда ән орындушы, содан кейін ән
құрушылар, кейін оркестрмен бірге орындаушының кейпіне кіреді. Музыкалық
аспаптардың әуендерімен психолог баламен билеу немесе жаттығу жасауды
ұйымдастыра алады (еденнен сәл жоғары көтерілген тар тақтайдын үстімен
жүргізеді, осы уқытта өзіне деген сезімсіздігінен және қорқыныш сезімінен
айырылу).

Библиотерапия-бұл әдістің мақсаты балаға кітап арқылы әсер ету болып
табылады. Бұл терапияда арнайы балалардың қорқыныш сезімін және осы
сезімдердің жеңіп шығуы туралы бейнелейтін арнайы әдебиеттер таңдалады.
Мұндай әдебиеттермен жұмыс істеуде жас ерекшеліктеріне назар аудару тиіс.
Хикаядағы басты кейіпкерлермен бірге балаларда олардың қорқыныш үрейлі
сезімдерін сізінед. Сонымен қатар олатдың бұл қиын жағдайдан шығуына
сенімді болады. Кейбір мектепке дейінгі балаларға қорқыныш сезімін жеңіп
шығу өте қиын, сондықтан олар ересек адамның қасында талап етеді. Себебі
ересек адам қорғаныш есебінде жүреді.

Логотерапия- сөйлуе терапия әдісі балалармен сөйлесуді негіздейді.
Сонымен қатар вербалдық эмоционалдық жағдайға және осы эмоционалдық күйді
сөзбен жеткізеді. Вербалдық уайымды баламен сөйлесіп отырған отырған адам
өзіне жағымды қарым-қатынаста бола алады. Қарым-қатынас минемалды болса,
онда қуыршақтың персонаждың атынан сұрақтар қатарына жауап беру ұсынылады
және с.с. осы әдіс самоконгруэнцияның пайда болуын жорамалдайды-өзін-өзін
өзектендіруіне әкелетін сыртқы сөздік аргументтің және баланың ішкі
жағдайына келіседі, сонымен қатар бала өзінің талабына, арманына, ойына,
сезіміне акцент жасайды.

Арттерапия-бұл терапияда өнер қолданылады. Осы мақсатпен қолданбалы өнер
қолданылады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты құрал-жабдықтармен жұмыс
істеу ұсынылады: сурет, еркін тақырыпқа аппликация және т.б. Немесе
балаларға өз бетімен құралды таңдай отырып жұмыс жасау болып табылады.
Нұсқаулардың бірі-талдау мен интерпритацияүшін өнер шығармашылығына деген
қарым-қатынасы аталып кетеді. Жұмыстың бірнеше түрін біріктіруі үлкен
пайдасын береді. Мысалы: балаға әйгілі суретшінің шығырмашылық жұмысын
көрсетеді және содан кейін баланың шығармашылығоқиғаларды айтуғаын шектемей
осы суретті өзіне салып көруін ұсынады. Соңында, баламен психолог еркін
тақырыпқа бірлесіп жұмыс істеуге болады.

Куклатерапия- қуыршақ драмотизициясы қолданылады. Үлкендер балаларғы
мыңызы бар шиеленістік, қорқыныш, үрейлік сезімдері бар спектакль көрінісін
қояды. Үрейлікті, сртессті, қорқынышты танытатын балаларға өте пайдалы.,
себебі бұл спектакльдегі кейіпкерлер-жануарлар. Балалар әр рольдерді өзара
бөліп спектакльді ойнайды. Сонымен қатар балалар улкендермен рольдерін
алмастыра отырып ойнауға болады.

Моритатерапия-бұл әдісте, бала қоршап отырған ортаға жағымды әсер етуіне
тиісті жағдайға қояды. Психолог балаға белгілі-бір нәрсеге өз пікірін
айтуға мүмкіндік береді және осы берілген пікірді психолог баланың
сөйлеуді, баға беруді үйретеді. Яғни бұл әдісбаланың өзіндік мәдениетін
тәрбиелеуге көмектеседі.

Гештальттерапия-психологтың баламен индивидуалдық жұмыста қолданылады,
яғниашылып сөйлесу немесе құпиялары бар оқиғаларды айтуға болады. Мысалы:
Незаконченные дела, У меня есть тайна, Мои сноведения және т.б.

Мінез-құлық психотерапиясы- қорқыныш сезімін жүйелі түрде шектеу. Осы
мақсатпен балаға жайсыз жағдайлардыеске түсіретін диапозондар, кинофильдер,
видиофильмдер көрсетіледі. Осы кинолар қорқыныш сезімі өшпегенге дйеін
көрсетіледі.

Еркін сөздік ассоциация әдісі. Бұл әдіс әрбір оқиғаларды ойдан шығыру
өнері ретінде қолданылады. Психолог балаларға мәнді ұйқасы бар сөздерді
береді, осы сөздер арқылы балаларға оқиға құрау ұсынылады. Мысалы: әже,
қыз, қасқыр, поезд және т.б. ең бастысы оқиғалар қайталанбау тиіс.

Осы әдістің көп қырлылығы ол бір нәрсені ала отырып оқиғаларды ойдан
шығару. Мысалы: бір елді алатын болсақ, ол елде барлығы әйнектен, сабыннан
немесе ағаштан жасалған және с.с. Басқа әдіс-бір жақтарда баланың
қалыптасқаны бойынша барлығы керсінше, яғни балалар үлкендерден ұзын және
ол жақта барлығын істеуге болады жоқ немесе болмайды деген сөз жоқ және
т.б. Көбінесе ойдан құрағанда аспаннан тоқтамастан кәмпиттер, ойыншықтар,
ақша, гүлдер жауатын туралы ойлайды.

1.2.Психодраматикалық бодибилдинг әдісінің қолдануы.

Протогонист дененің мүшелеріне рольдер таңдау үшін көмекші Эго
таңдайды. Сонымен режиссер белгілі бір мүшеден оның қандай қызмет
атқаратынын және басқа мүшелерге әсерін анықтау үшін интервью алады.
Мысалы: мынандай сұрақтар қояды бұл денеде әдетте қандай қызмет
атқарасын?, сен белсенді жұмыс істейсін бе?, сенің бар екеніңді
байқайды ма?.
Барлық мүшелерді сұрастырып біткеннен кейін дене дайын болады.
Протаганист шетке тұрып, әр мүше бір-бірімен байланысын бақылап отырады.
Содан кейін режиссер протаганистке оған ұнамайтын мүшелерді гармонияға
әкелу үшін қайта құрастыру ұсынылады. Сонымен қатар дене мүшелердің басқа
қызмет атқаратын жағдайды ұйымдастыруға болады. Сезімдермен алмасу
процессінде концентрацияға дене зақымы мен қйындықтарға назар аударады.

2. Әлеуметтік педагог мамандарының әлеуметтік профилактикалық және
реабилитациялық қызметі.

Әлеуметтік педагог тәжірибесінде қиын балалармен, девианттық,
деликвиенттік мінез-құлықтағы балалармен жұмыстағы екі маңызды технология
кеңінен тарады:

1. Профилактикалық

2. Реабилитациялық

Әлеуметтік педагогикалық профилактикалық және реабилитациялық қызметтері
балалардың мінез-құлқымен, белгілі бір нормаларға және қоршаған ортаның
талабына сай келмеуімен айқындалатын психикалық әлеуметтік дезадаптацияны
анықтау, коррекциялау, диагностикалауына бағытталады. Сонымен қатар қызметі
жағынан отбасы болып қалыптаспаған отбасыны анықтау және отбасылық
тәрбиені сауықтыру.

Егер әлеуметтік тәрбиеленушінің жақсы қасиеттердің қалыптасуына көп
көңіл бөлсе, онда профилактикалық, реабилитациялық қызметтің іске асуына
тиімдірек болады. Әлеуметтік педагогтың тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің
басты принціпі-ол жағымды, педагогикалық оптимизмге сүйену және
тәрбиеленушінің жақсы жаққа ұмтылысы.

Қайта тәрбиелеу-бұл әң алдымен баланың әлеуметтік өмірдегі құнды
тәжірибиесін байыта отырып өмір тәртібін өзгерту. Әр тәрбиеленуші жақсыға
ұмтылады, бірақ оның санасында әр уақытта жағымды және жағымсыз
тенденциялардың тартыс таласы болып жатады. Тәрбиеленушінің әлеуметтік
құнды және адамгершілік іс-әрекеттерді жасатып оның жағымды тенденциясын
нығайтып, жоғарлатуына көмектеседі. Сондықтан тәрбиеленушінің адамгетшілік
қасиетін көрсетуін ұйымдастыру, оның моральдық құнды әрекетін ояту, оларды
ұжымдық, әлеуметтік пайдалы, творчествалық іс-әрекетіне қосу, жетістіктер
жағдайына жеткіұзу қажет. Осы баптың нәтижесінде әлеуметтік процессте,
қндылықтар қайта бағаланады, сана қайта қалыптасады, тұлға қайта құрылады.

Міндеттер:

□ Әлеуметтік профилактикалық және реабилитациялық қызметінің
мыңызымен тағайындағанын анықтау.

□ Қиын балалар, дивианттық мінез-құлық, диликвиенттік мінез-
құлық, реабилитация, профилактика ұғындарының маңызын анықтау.

□ Балалардың дивианттық мінез-құлық жасайтын бір қатар себеп жиынын
анықтау.

□ Қиын балалар және дивианттық мінез-құлық бар балалардың
ерекшелігі туралы білімдерді өзектендіру.

□ Мінез-құлықтарында ақаулары бар балалармен профилактикалық және
реабилиациялық жұмыстағы профессионалдық біліктілікті қалыптастыру.

Сабақ жоспары:

1. Қиын балалар, дивианық мінез-құлық, диликвиенттік мінез-құлық
ұғымының маңызы. Қиын мінез-құлықтағы балалардың ерекшелігі.

2. Мінез-құлықтарында ауытқуы бар балалармен әлеуметтік педагогтың
профилактикалық, реабилитациялық жүйесі.

3. Профилактикалық және реабилитациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі
Жоспар Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . АҚШ – Қазақстан екіжақты қарым-қатынастары. Парсы шығанағындағы елдер және Қазақстан
Тұлға және топқа психологиялық сипаттамасы
Психологиялық қызмет көрсету
Туберкулез, аурудың пайда болу себептері мен оның тигізетін қасіреті
Коммуникациялық біліктілікті диагностикалау және дамыту
XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі
Өткен ғасырдың ойшылдары
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Пәндер