Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы


Жоспар
Кіріспе . . . 5
I Әдебиетке шолу . Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
1. 1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі . . . 18
1. 2 Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері . . . 22
2- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
2. 1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі . . . 29
2. 2«Байқоңыр» ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер . . . 35
Қорытынды . . . 40
Қосымша . . . 43
Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 44
Кіріспе
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі - Байқоныр.
Байқоныр төңірегіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті. Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 -нан аса замыран тасығыштар ұшырылыпты.
Байқоңыр - 1955 жылы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты 2 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, рәсуі болып қалған. Мұнда бұрынгы кезде малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді, ұшы-қиыры жоқ сол малдардан, бір бас малды осы күндерде кездестіре алмайсыз. Зымыраңдардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу - экологиялық факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.
Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.
Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.
Біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жаңармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық тмәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағыг бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6, 7 мың км 2 жерді алып жатыр.
Аймақтың рельефі - тұзды-топырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Техникалық прогрестің кез келген саласының коршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерлері туралы соңғы кезде көп айтылып та жүр.
Міне, осыған сәйкес ғарыштық ұшырылымдардың экологиясы комплексті түрде зерттелініп, оның нәтижелері ақпарат құралдары мен баспасөз арқылы халыққа хабарланып тұрғаны жөн. Онда аймақтың экологиясын жақсартуға бағытталған шаралар, экологиялық зяинды әсерлерден, түрді ауру түрлерінен сақтану жолдары, ғарыш айлағын жалға бергені үшін ауру түрлерінен сақтану жолдары, ғарыш айлағын жалға бергені үшін түсетін жыл сайынғы төлемнің қалай пайдаланың жатқаны, оның жергілікті аймақтың экономикасына және халқының денсаулық сақтау жұмыстарына бөлінген мөлшері (егер ол жасалынып жатса) туралы мәліметтер болғаны дұрыс.
Сонымен бірге ғарышты игерудегі бүгінгі күннің жетістіктері мен келешек, оның ішінде Қазақстан ғылымының қосқан үлесі баяндалуы керек. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады.
Бұл курстық жұмыс Байқонырдың күрделі мәселелерін қарастырады.
I. Әдебиетке шолу. Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдардың экологиялық зардаптары
1. 1 Бүгінгі Байқоңырдың мәселесі
Р. Сарпеков, У. Сыбанбай, Г. Жайсанбаевтар өз шығармашылықтарында тек қана Жер планетасы емес, ыңғайлы деген ғарыштағы табиғат атаулыға жаны ашитын қаламгерлер мұны ашу үстінде ашына айтқаны бесенеден белгілі болып тұр ғой. Қазіргі «цивилизация», «өркениет», «прогресс» жаратылысқа жасап жатқан қиянаттарына түңілгендіктен жазғаны деп қабылдауға тиістіміз . . . Барлық қолымызда бар қиянат жасалып біткеннен кейін соның келеңсіз, тек қана залалды салдарына куә болып отырған адамның қалауы деп білуге тиіспіз.
Бүгінгі таңда Қазақстан жұртшылығы да сол ұлы қиялгерлердің халін кешіп отырған жоқ па? Барлық қолдағы құндылығымыз құрып-жойылып біткеннен кейін ғана, сан соғып қалатынымыз қалай? Мысалы: семей ядролық полигоны, 18, 5 мың шаршы километр аймақта 1949-1989 жылдар арасында ашық аспанда, жер бетінде, келе-келе жер қойнауында жарты мыңға жуық жарылыс жасаған. Сондай қорқынышты мәлімет жарты ғасырдан кейін тиіп-қашып қана жария болатыны несі?
Ал, қазақтың жарым-жартылай маңдайына жазған Арал теңізі ше? Оған Әмі мен Сырдан бұрындары сарқырап жататын су доғарылып, оның есесіне теңізден кері, дарияға құйыла бастаған сұмдықты да, баяғы шалқар теңіздің о шеті мен бұ шетіне енді адам жаяу кешіп өтетін заманың келгенін де ел қазір ғана көріп отыр.
Жазушы Энгельс Ғаббасов Батыс Қазақстаннның Азғыр, Қапы ар маңындағы өздерін оқымысты-зерттеушілер етіп жарыиялап, әртүрлі тірі жанды қырып-жоятын қару-амалдарды сынап жатқан жасырын әскерилер жөнінде депутат кезінде Парламент мінберінен «шыр-пыр» боп, сөз сөйлеген болады. «Сөз сөйлеген болады» деп отырғанымыз, еліне деген жаны адал қаламгердің жанайқайын билік басындағылардың құлағына іліп жатқаны байқалған жоқ.
Жазушылардың осы Батыстағы «былықтар» хақында айтқандары, өзінің баспасөзде жазғандары, яғни билік адамдарын да, қарапайым халықты да сақтандырғандары күні ертең бұлтартпас дерек есебінде алдымыздан шығатыны анық. Сонда ғана тағы да сол баяғы Семей полигоны, Арал ақыреті түрінде, «болары болып, бояуы тозғаннан кейін» өкінгеннен не пайда?
Байқоныр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Кейінгі уақытта космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар.
Оған бір мысал:
Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар жіпке тізгендей етіп айтып береді.
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұып жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып кеткендіктен, олардың биологиялық жүйелері мүлдем бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар) . Ол жер не егін егуге, не болмаса мал жаюға жарамай қалады.
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат - табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.
Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.
Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.
Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі - ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.
Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Алғашқы (1981 - 85 жж. ) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал - Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-6 0 С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі - Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұшу аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3, 2 тоннадан - 16, 2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.
Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:
- Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ) ;
- Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.
Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.
Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.
Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
- ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
- ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.
Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидін, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км 2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.
Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1, 5 тоннадан - 3, 5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 52 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:
- қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
- егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
- токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
- аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т. б. жұмыстар атқарылуы қажет.
Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.
Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.
«Байқоңыр» ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары
Өткен жылы (1999 ж) «Протон» екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары жүргізе бастады. «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент - мүшесі, ҚММА-ның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың басшылығымен «Байқоңыр» кешенінің адам денсаулығына әсері туралы тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен «Қазмехонобр» ғалымдары да экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е. А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz