Хибин тауларының биіктік белдеулері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 бөлім. Тундралы-солтүстік тайгалы Кола түбегі.
1.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...3 бет
1.2 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5 бет
1.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 бет
1.4 Табиғат
зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .10 бет
1.4.1 Хибин және Ловозер
тундрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10 бет
1.4.2 Хибин тауларының биіктік
белдеулері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .12 бет
2 бөлім. Солтүстік және орта тайгалы-көлді Карелия жазығы.
2.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .16 бет
2.2 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19 бет
2.3 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 бет
2.4 Ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23 бет
2.4.1
Өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23 бет
2.4.2
Көлдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .24 бет
2.5
Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..25 бет
2.6
Өсімдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .26 бет
Студенттің өзіндік сұрақтары мен
тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 бет
Номенклатура ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9 бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 бет

Мұздық ысырындысы мен төрттік трансгрессиялардың Кола-Карелия облысы.
Кола-Қарелия мұздық ысырынды облысы өзара перпендикуляр бағыттағы
(солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстік-батыстан солтүстік-
шығысқа қарай) тектоникалық жарықтармен бөлініп жер бетіне шығып жатқан
Балтық кристалды қалқанына сәйкес келеді. Облыс ұзақ уақыт континенттік
денудацияда болып, онан соң материктік мұз басудың әсеріне ұшырады. Біз бұл
облыста екі физика-географиялық ауданды:
1) тундралы-солтүстік тайгалы Кола түбегін;
2) солтүстік және орта тайгалы-көл-жазықты Карелияны атап көрсетеміз.
1 бөлім. Тундралы-солтүстік тайгалы Кола түбегі.
1.1 Географиялық орны

(1-сурет. Кола түбегі)
Ресейдің Мурман облысына кіретін Кола түбегі Ресей Федерациясының
Европалық бөлігінің қиыр солтүстік-батысында с.е.-тің 69°19’-66°3’ және
ш.б.-тың 30°25’-41°25’ аралығында орналасқан. Ол оңтүстігі мен шығысында Ақ
теңізбен, ал солтүстігінде Баренц теңізімeн қоршалып жатыр. Түбектің пішіні
— шығыс жағындағы бұрышы жұмырланып келген тік бұрышқа ұқсайды
(солтүстіктен оңтүстікке карай — 300 км, ал батыстан шығысқа қарай 400 км
созылып жатыр).
Түбек Балтық кристалды қалқанының негізінен жасырақ, магма
интрузияларымен жарылған кембрийге дейінгі көне кристалды тақта тастан
(гнейс және гранитогнейс) тұратын солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Бұл —
байырғы жыныстары ашық шығып жататын жер қыртысының көне учаскелерінің
бірі. Кола түбегәінің ең көне жыныстарына үлкен ауданды қамтитын, архей
заманына қатысты шөгінділер жатады.
Архей заманына қатысты шөгінділер сияқты, протерозой шөгінділері де кең
тараған. Олардың ішінен екі формация — Карелия жәнe Ботния формациялары
белгіленеді, Карелия формацияеы кварцит, құм тас және тақта тастан тұрса,
Ботния формациясы қызыл құм тастан құралған. Палеозой шөгінділері түбекте
аз тараған. Олар Кола түбегінің оңтүстік-шығысындағы Тер жағалауында
кездеседі. Түбек бүтіндей батыс-солтүстік-батыс және шығыс-оңтүстік-шығыс
бағыттарындағы опырықтармен және жарықтармен тілінген; жарықтардың бірі
Мурман жағалауымен параллель өтсе, екіншісі оған перпендикуляр бағытта
өтеді. Бұл — Балтық қалқанының ұзақ уақыт бойы бастан кешірген орогендік
қозғалыстарының нәтижесі. Орогендік қоз- ғалыстар вулкандық әрекеттермен
және опырылу процестерімен қатар жүріп отырған.
Архейдің басында және соңында қатпардың жасалуы, А. А. Полканов
бойынша, негізінен солтүстік-батыс және ендік бағытында болған. Қазіргі
рельефтің жасалуында протерозой қатпарлығы маңызды болды. Осы қатпарлық
нәтижесінде, бұзылу және шайылу салдарынан қаттылығына қарай әр түрлі
жыныстар жолақтана орналасқан аласа жазыққа айналып, карелидтер пайда
болған. Герцин орогенезі тұсында түбектің қатты кристалды денесі көптеген
жарықтар мен жеке жақпарларға бөлінген болатын, олардың бір бөлігі
көтеріліп, бір бөлігі шөккен. Терең жарықтардың жапсарымен балқыған магма
көтерілген. Апатит пен сирек минералдар кеніне бай Хибин және Ловозер
тундрасының ірі лакколиттері де осы кезде пайда болған.
Г.Д.Рихтердің айтуынша, үштік дәуірде, өте кең территорияны қамтыған
альпі орогенезі тұсында, Кола түбегіндегі тектоникалық процестер,
дизьюнктивтік сипатта болған. Түбектегі тау түзілу процестерінде көне
опырықтар мен жарықтар қайта күшейе түскенде, олардың жапсарымен жеке
жақпарлар вертикальды түрде ығысқан. Шөккен учаскелердің бір бөлігі Ақ
теңіз бен Баренц теңізі суының астында қалса, екінші бөлігі көлге айналды.
Ал кетеріңкі учаскелер қыратқа айналды. Сөйтіп, Кола түбегі тұтас алғанда
жан-жағы тік опырылып түскен үлкен тауға ұқсайды.

1.2 Жер бедері
Кола түбегінің рельефі қалыптасып, түрі жағынан өзгеруінде мұздықтың
маңызы өте зор. Кола түбегінде екі рет мұз басу болғаны анықталды, өйткені
петрографиялық және механикалық құрамы жағынан бір-бірінен өзгеше моренаның
екі қабаты (төменгі құмды және жоғарғы сазды, олар өзара теңіздік бореальды
фаунасы бар қабаттасқан құм қабатымен бөлінген) ашылды.
Түбек территориясында із қалдырған бірінші мұз басу — Днепр мұз басуы.
Днепр мұз басуы кезінде түбектің ең биік нүктелерін мұз массалары басқан.
Бірінші мұз басудың соңында мұздың салмағымен Кола түбегі Фенноскандиямен
бірге шөгіп, жағалауының бір бөлігі теңіз астында қалды. Бореальдық деп
аталған бұл трансгрессия түбекте едәуір кең тараған.
Бореальдық трансгрессиядан соң территория көтеріліп, екінші Валдай мұз
басуы болды. Біріншіге қарағанда екінші мұз басу едәуір аз жерді қамтыды.
Түбекте мұз басу, мүмкін, басты жоталардың (Хибиндер, Монча-тундра, Чуна-
тундра және т. б.) ық беткейлерінде фирн алаңы мен кішкене мұздықтардың
жасалуынан басталған болар.
М. А. Лаврованың пікірінше, мұздық жамылғысы қайтқаннан соң Кола
түбегінің таулы массивтерінде өзіндік дербес мұз басу орталығы болған.
Түбектің оңтүстік бөлігінде орналасқан Кейва I, Кейва II, Кейва III соңғы
морена қырқалары валдай мұздығының қайту кезеңдерін дәлелдейді. Түбектің
батыс бөлігіндегі жергілікті мұздықтар мұздық жамылғысының қалдығы еді.
Олар өзінен соң тау массивтері беткейлерінде және бөктерлерінде жергілікті
мореналар, астау тәріздес аңғарлар және басқа құрылымдар қалдырған.
Екінші мұз басудың соңында түбек қайтадан шөгіп, оның артынша
трансгрессия басталады, мұның текшелер түріндегі ізін Кандалакша маңындағы
145 м биіктен фин ғалымы Рамзай көрсеткен. Мұз басудан кейінгі уақытта
шөккен түбек қайтадан көтеріле бастайды. Кола түбегі- Hiff мұз басу
орталығында жақын орналасуымен байланысты мұнда мұздықтың аккумулятивтік
әрекетіне қарағанда мұздық ысыру әрекеті басым болады. Мореналар онша қалың
емес. Түбектің орталық бөлігіндегі, сол сияқты батыс және шығыс
бөліктеріндегі барлық қыратты аудандарда борпылдақ шөгінділер жоқ; тек
оңтүстік-шығыс жағалауда аккумулятивтік мұздық құрылымдардың қалыңдай
түсетіні байқалады. Түбектің орталық бөліктерінде, батпақты су айрық және
Поной мен Варгузи өзендерінің жоғарғы ағыстарында мұздық шөгінділер жоқ.
Тек терең тектоникалық ойыстарда төрттік шөгінділер қалыңдай түсетіні
байқалады. Үстірттердің биіктері мен беткейлері жатықтау, әрі қой маңдайлы
болып келеді.
Мұздық еріген кезде еріген сулар ірі тілше бассейндер жасаған, жұқа
қабатты саз және горизонталь қабатты құмның қалың жамылғысы солардың
қалдығы болып есептеледі. Түбектің шығыс бөлігіндегі бұл су қоймаларының
орнын қазіргі кезде көлдер алып жатыр. Бұл көлдерден ағып шыққан мол сулы
өзендер қазіргі өзен аңғарларының табанына қарағанда әлдеқайда биікте
жатқан аңғарлар жасаған. Шайылу негізінен жарықтар мен опырық бойларында
байқалады, яғни жарылып-жарылып, бөлініп-бөлініп кеткендіктен эрозияға
көбірек ұшырайтын жыныстарда болады. Өзендер жарықтар мен опырықтарды
қуалай ағатын- дықтан, баспалдақты сипатта болады. Көптеген қатты ағысты,
сарқырамалы, шоңғалды жерлер, тынық, баяу ағысты учаскелермен кезектесіп
келіп отырады. Сөйтіп, өзеннің ұзына бойғы профилі текшелі сипатқа ие.
Түбектің рельефі батыс-солтүстік-батыстан шығыс-оңтүстік-шығыс бағытымен
созылған өркешті тау және опырықтар жүйесінен тұрады.
Кола түбегіндегі барлық дөңес және ойыс учаскелер тектоникалық
қозғалыстың әсерінен пайда болған. Түбекте тектоникалық рельефті кейін
денудация мен эрозия процестері түрлендіреді, әсіресе мұздың әрекетінің
әсері күшті болады. Шынында олар тектониканың әсерін ішінара
көмескілендіріп, негізінен тектоника арқылы түскен орографиялық сызықтардың
бағыттарын сақтап қалған (Г.Д. Рихтер).
Кола түбегінің рельефі бір текті емес: оның батыс бөлігінде аралары ірі
көлдермен және батпақтармен бөлінген тау массивтері (Хибин, Ловозер, Монча-
тундра және басқалар) көтерілген, биіктігі 400-500 м дөңесті жазық
орналасқан. Имандра, Умбозеро, Ловозеро және басқалары тау аралық
депрессияларда жатыр. Кола түбегінің ең биік жері — Часночор тауы (Хибинде)
—1191 м. Түбектің шығыс бөлігі шығысқа карай аласарып, орташа биіктігі
150—200 м шамасындағы ойлы-қырлы үстіртке айналады. Мұнда түбектің орталық
бөлігінің бойымен биіктігі 407 м-ге дейін жететін Кейва қырқалы үстірті
созылып жатыр. Олар Кейва шөгінді жыныс қабаттарының кристалды
тақтатастарынан құрылған. Бұл қырқалардың солтүстігінде және оңтүстігінде
олармен параллель болып кең ойыс-ойпаң созылып жатыр, солтүстікте олар өте
тілімденген жаңа дөңестерге ауысады.
Поной және Варзуги өзендерінің бас жағында Пан биігі жатыр. Түбектің
оңтүстік бөлігінің биіктігі шамамен 100—150 м. Мұнда көлдер мен батпақтар
өте кең тараған.

1.3 Климаты
Түбектің климаты әр түрлі: оның солтүстік бөлігі Атлант облысының
субарктикалық өңіріне жатады, қалғаны Атлантика-Арктика облыс бөлігінің
қоңыржай белдеуіне кіреді. Климат көбіне Арктиканың Европалық секторының
үстінде күшейе түсетін циклондық әрекеттің ықпалымен қалыптасқан, қыста
циклон әдетте, түбектің солтүстік жағымен Баренц теңізі арқылы өтеді. Кола
түбегінің үстімен оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жылы ауа маееаеы
өтетіні байқалады. Соның арқасында сол ендікте орналасқан РФ-ның басқа
облыстарымен салыстырғанда бұл — қысы ең жылы жер. Аудан климаты үшін оның
поляр шеңберінен солтүстікке қарай жатуының ықпалы зор. О. И. Семенов Тянь-
Шаньский жыл маусымдарын былайша сипаттайды: полярлық қыс 7 декабрьден
басталады. Поляр түні 30 күнге созылады, январьдың орташа температурасы
түбектің орталық бөлігінде —15°С. Қыс ортасында жылымық күндер, ал кейде
—40°С-қа жететін аяз да болады. Жылдың жеті айында— ноябрьден майға дейін —
көлдер мұз астында жатады. Қар жамылғысының қалыңдығы 50—120 см. Май айында
қар жаппай ериді. Қыста құстар (қарға, сауысқан) ұшып кетеді, тек таулы
тундрада тундра кекілігі қыстап қалады. Поляр күні жарық түн кезеңімен бір
тұста апрельдің екінші жартысынан августтың екінші жартысына дейін төрт
айға созылады. Жазы салқын (июльдің орташа температурасы +13°С шамасында).
Кез келген айда үсік түсуі мүмкін, салқын жазда климат ылғалды, бірақ кей
жылдары қуаңшылық байқалады.
Фенологиялық мәліметтер Кола түбегінің климатын жақсы бейнелейді: мартта
— көктем жақындайды, 10 майда қайың шырыны аға бастайды, 21 майда топырақ
бетінің 50%-і қардан арылады, 30 майда маса керінеді — екі айға созылатын
маса машақаты басталады: 4 июньде көлдердің мұзы босайды; 24 июньде жарық
гүлі шешек атады; августта күз басталады, 4 октябрьде алғашқы қар түседі.
Кекілік, қоян, ақ тышқан, ақкіс осы кезде ақ түске енеді.
Кола түбегінің таулы аудандарының (мысалы, Хибин) климаты едәуір қатаң.
Хибинде көктем кеш басталады. Аяғында тау етектерінде қар тегіс ериді де,
таудың өзінде ұзағырақ жатып қалады, ал шатқалдарда көшкінді күртік қар,
әдетте, жаз бойы жатады. Хибин станциясында жүргізілген 19 жылдық бақылауда
тіпті июль мен августтың өзінде (орта есеппен екі күн) боз қырау түсіп қала
береді. Айдың жартысына жуығы жаңбырмен өтеді. Жаз июньнің ортасынан
басталып, 2,5—3 айға созылады. Тау етегіндегі июльдің орташа температурасы
+ 13°С, + 14°С.
Солтүстік және солтүстік-шығыс желдері, әдетте, таудың басын тұмшалап
алатын қалың бұлт айдап келеді.
Августтың аяғында немесе септябрьдің басындағы күз түседі. Сентябрьдің
ортасында, кейде тіпті бас кезінде-ақ алғашқы қар жауып калады. Ауа
температурасы әсіресе таулы жерде, ылғал төмендейді. Жаз бойы жылу жинаған
Имандра және Умбозеро терең мөлшері қысқа мойынсынбай, біраз уақыт жағалық
аудандардың климатына жылылық әсерін тигізіп тұрады. Имандра көлі 11
ноябрьде қатады, ал ұсақ көлдер сентябрьдің аяғында-ақ қатып қалады. Қыс
кезінде — 40°-қа жететін және онан да төмен қатты аязды күндер болады.
Қардың қалыңдығы шамамен 60—70 см, ал тау беткейлерінде онан қалың. Кола
түбегінің таулы аудандарының бәрінде де қар көшкіні қаупі бар.

1.4 Табиғат зоналары.
1.4.1 Хибин және Ловозер тундрасы.
Хибин және Ловозер тундрасы ендік және меридиандық бағыттағы негізгі
және аса ірі тектоникалық ығысулардың қиылысқан жерінде, кең батпақты алаң
ортасында орналасқан. Бұл үстірттер лакколит пішіндегі сілтілі жынысты
қалың интрузия болып есептеледі.
Хибин тундрасы — Кола түбегінің үлкен және биік тау массиві. Теңіз
деңгейінен 130—150 м биікте ірі көлдері бар (Имандра, Умбозеро) ойпаңдар
ортасында жатқан Хибиндер, Б. М. Куплетскийдің пікірі бойынша, нефелинді
спенттің жеке қабатымен анықталатын үстірт тәрізді болып келеді, әрі
биіктігімен көзге түседі. Массивтің беткейлерінде әр түрлі даму
стадиясындағы дөңгелек ойпаңдар орналасқан. Қысқы бұрқасын кезінде үстірт
тәрізді суайрықтардан әкелінген қардың көп жиналуынан дөңгелек ойпаңдарда
күртік қар көшкін және тіпті ұсақ мұздықтар пайда болады.
Хибиннің үстірт тәрізді биігі жылына 365 күн қар жататын теориялық бет
белгісінен төмен жатыр. Бұл деңгейдің биіктігін түрлі биікте орналасқан 3
метеостанциянық мәліметтерін пайдалана отырып Г. К. Путинский мен И. М.
Малиновская анықтады. Жылына 365 күн қар жататын деңгей 1500 м биікте
көрінеді, ал В. Ф. Перовтың шағын мұздықтары шамамен 900 м биікте жатыр,
яғни мұнда мұз басу айырымы — 600 м. Мұздықтар жатқан 900—1000 м биікте
тұрақты қар жамылғысы небары 220 күн жатады. Хибиннің ық беткейлеріндегі
дөңгелек апандарда бұрқасын қардың жиналуына және беткейден құлайтын көшкін
көлемінің артуынан, дүниенің басқа аймақтарына және қарлы жел ағынына
қарағанда қолайлы экспозидияда жатқандықтан, кішігірім мұздықтардың өсуі
мүмкін.
1832 жылы Қола түбегінде болған капитан П. Широкшин Кандалакша таулары
жыл сайын қысқы қардан босай бермейді, ал Хибин тауындағы қар жатады деп
көрсеткен. Біздің зерттеулеріміз П. Широкшиннің жорамалы дұрыстығын расқа
шығарады, өйткені беткейлердің экспозициясы қолайлы жағдайда мұздықтардың
болғанын дәлелдейтін белгілер табылған.
П. Широкшин Кола түбегінде қарының көптігімен сипатталатын және
Альпідегі кіші мұздық кезеңі деп аталатын, әрі Кавказда мұздықтың өріс
алу мерзіміне сай кезде болған шығар. Хибинде біз көшкін қар ысырынды
конусының қимасынан едәуір құрғақ және жылы кезеңді бейнелейтін көмілген
топырақ Архыз аралығына, яғни біздің эрамыздың X ғасырына сай келеді деп
есептейміз.
Хибиндердің қазіргі жер бедері нивальдық (аяздық), тоңдық және
гравитациялдық процестердің әжептәуір байқаларлық әсерінің ықпалымен
дамуда. Сондықтан барлық жерде көп бұрышты тасты (многоугольник) және тасты
үңгірлерді кездестіруге болады.
Рельефтің дамуында солифлюкция мен көшкінінің маңызы зор. Кола түбегінің
таулы аудандарын игеруде, әрі өнеркәсіп, транспорт және тұрғын үйлердің
құрылысын жобалауда қар көшкіні қаупін ескеру қажет.

1.4.2 Хибин тауларының биіктік белдеулері.
Хибин таулары биік белдеулі болып келеді, мұнда мына төмендегі өсімдік
белдеулерін бөлуге болады:
1) тау алды — орманды;
2) таулы — орманды-тундралы;
3) таулы-тундралы.
1. Тау алды — орманды белдеуі. Бұл белдеу 130 м абсолют биіктен 320—420
м биіктікке дейінгі аралықты алып жатыр. Бұл белдеуден бірнеше өсімдік
типтерін бөлуге болады: 1) қарағайлы орман; 2) шыршалы орман; 3) батпақ.
Қарағайлы орман Имандра көлінің шығыс жағалауын және Хибин тауларының
солтүстік етегін алып жатыр. Басқа жерлерге қарағанда оңтүстік беткейінде
қарағай жоғары қарай жылжи түскен. Қарағайдың жайылуы беткейлердің
экспозициясына байланысты. Қиыр солтүстікте қарағай едәуір жылы жерді
сағалайды, оңтүстік экспозиция беткейлерінде немесе, өте сирек түрде, бірақ
еріген салқын қар суымен ылғалданбайтын жағдайда, басқа да экспозициялы
беткейлерде өседі. Ірі өзендердің төменгі ағысында және Хибин тауларының
батыс жақ етектерінде ара-арасында ит бүлдірген және кара бүлдірген
кездесетін тұтасып жатқан аппақ қыналы қалың қарағай шоқтары өсімдік
жамылғысының негізгі түрі болып есептеледі. Қарағайдың биіктігі 9—11 м,
диаметрі — 20 см; беткеймен көтерілген сайын ол кішірейіп, орман жиегінде
2—4 м болады; беткейлерде өсетін қарағайдың діңі өте иілген, қыңырайған
және кронасы бір жақты дамыған 400 м биіктікте қарағайдың жер бетімен
жайылып өсетін Қарағай шырша, қайыңмен де аралас кездеседі. Батыс
беткейдегі қарағайлы орман өрттен өте зақымдалған.
Қарағайлы орманнан жоғары шырша орманы өседі. Шырша орманының жоғарғы
шекарасы үзік-жұлық болып келеді. Шырша орманы желдің ық жағында оңтүстік
беткеймен жоғары биікке көтеріледі. Тау беткейлерінде өсетін шыршаның
кронасы цилиндр тәріздес өте жіңішке болып келеді. Ашық, жел қағатын
жерлерде шырша кронасы өзге пішінге — етекті шырша түріне ауысады. Осы
етектердің биіктігі арқылы қар жамылғысының орташа қалыңдығын білуге
болады.
Басқа ағаштар араласпаған таза шырша орманы жақсы ылғалданған жерде
өседі, едәуір құрғақ жерлерде өсетін шырша-қайыңды аралас орман сирек
кездеседі. Шырша орманы екі типте кездеседі:
1) жасыл мүгі басым шырша орманы және;
2) қалың шөпті шырша орманы.
Жоғары көтерілген сайын шыршаның бойы 2—4 м-ге дейін аласарады. Одан
жоғары шырша орманды тундрамен алмасады.
2. Таулы-орманды тундра белдеуі. Бұл белдеуде қайыңды өсімдік түрі
басым. Оның шекарасы ирек-ирек және шамамен 450—500 м-ге дейін көтеріледі,
ал кейде сүйірленіп 550 м-ге жетеді. Қайыңнан жоғары бұталы өсімдік өңірі
кездеседі:
1) түрлі шөпті (жарық гүл, бөдене шөп, ботакез) талды;
2) қара жидек, көк желек және селдірек бас дақылдары басым қалың арша.
3. Таулы-тундралы белдеу. 500 м биікте орман өсімдігі тоқталып тау
тундрасы басталады.
Кола түбегінің өсімдігі тундра және солтүстік тайга орманынан тұрады.
Батыста мемлекеттік шекарадан шығыста Поной езенінің сағасына дейін Мурман
жағалауымен тастақты тундра жіңішке жолақ болып жатыр. Оның топырақ
жамылғысы негізінен жасырын күлгін-глейлі, шамалы күлгін және шымтезекті-
глейлі топырақтан тұрады. Мұндағы өсімдік жамылғысында тырбық қайың (Betula
nana), бұта қайың, бұталы тал (Salix glauca, S. pulchra), қазанақ (Ledum
pulustre), cy бүлдірген (Empetrum nigrum), көк желек (Vaccinium uliginosum)
және басқалар басым бұталы тундра тараған. Сол сияқты қоңыр және жасыл мүк
және қыналар өседі. Зонаның шығысында төбешікті батпақты тундра дамыған
дөбешіктер шымтезекті мүктен тұрады, олардың үстінде: морошка, тырбық
қайың, тырбық тал, су бүлдіргені және басқалар өседі. Тобешіктер аралығында
ылғалды ойпаңдар (ерсеялар) жатыр.
Өзен аңғарларында, сол сияқты суайрықтарда әр жерде орманды тундра
зонасын құрайтын аласа ағаштар — сирек орман кездеседі. Бұл зонаға шырша
аралас қисық-қыңыр лопар қайың (Betula kusmisheffi) тән. Бұталар көбінесе
арша және тырбық қайыңнан; өсімдік жамылғысы су бүлдіргенінен, қара
жидектен, көк желектен, ит бүлдіргеннен және қынадан тұрады.
Кола түбегінің орманы солтүстік тайганың аралық зонасына жатады, ол
батпақты, аласа сирек орманды болып келеді. Ойпаттар мен қазаншұңқырларды
шымтезекті-глей топырақты батпақ басқан. Бұл аудан глейлі-күлгін топырақта
қалыптасқан шыршалы (Рісеа excelsa obovata) және қайың (Betula pybescens),
аралас шыршалы орманды. Мұнда шыршалар — өрісті мүктер, шыршалар — жасыл
мүктер, мүкті және қыналы шырша тоғайы тараған, қой тасты құмда қарағай
орманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Алтай таулы аймағы
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Ландшафт түзуші құрайтын факторлар
Тянь - Шань таулы өлкесі
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Ландшафт түзуші факторлар
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Тау жоталары
Пәндер