Мәліметтер базасы - есептеулер сақталатын мәліметтер массиві


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР5

1. 1 Мәліметтер базасы (МБ), мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) ұғымдары5

2. 1. Мәліметтер базасы - есептеулер сақталатын мәліметтер массиві7

3. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ8

3. 1 Аналитикалық көрсетілуі8

3. 2 Есептің қойылымы12

3. 3 Қосымша құру. ДҚ кестесін құру12

4. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ13

4. 1 Пәндік аймақты жүйелік талдау13

4. 2 Пәндік аймақты сипаттау13

4. 3 Жобалау негізі13

4. 3. 1 Инфологиялық жобалау14

4. 3. 2 Даталогиялық жобалау15

4. 3. 3 Логикалық жобалау16

4. 3. 4 Физикалық жобалау17

4. 4 ДҚ-мен жұмыс істеуге арналған компоненттер18

5. DELPHI - ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНДА ЖАСАЛЫНҒАН ҮЛГІЛЕР19

5. 1 Деректер қорларының кестелерін толтыру19

ҚОРЫТЫНДЫ34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ35

.


КІРІСПЕ

Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша, жазбаша не болмаса өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.

Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан - тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады.

Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері. Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған.

Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ - сін алуға болады.

Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әр түрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады. Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі сол құжаттар жинақталып өңдеуден өткізіледі.

Деректер базасының өзгешелігі ретінде деректердің өздерінің суреттемелерімен қоса бірлескен түрдегі сақталуын санау керек. Деректердің сипаттамасы дістүрлі түрде қолданбалы бағдарламаларда сақталады. Бұл ретте жазбаның тек екі өрісі ғана өңдеуден өткізілген болса, бағдарлама барлық жазбаның сипаттамасын қосады. Нәтижесінде ұйымдастырудағы кезкелген өзгерту бағдарламаны құру ісіне өзгертулер өнгізудің қажеттілігін тудыратын. Бірлескен тәсілдеме бағдарламада өңдеуге қажетті деректер ғана аталып, оларды ұсынудың талап етілетін форматтарының берілуін қажет етеді. Бұл ретте ДБ-ны сипаттау пайдаланушылардың бағдарламалаына тәуелсіз бола бастайды және сақтаудың өзгеше объектісіне айналады. Бұл сипаттамалар әдетте метадандық деп аталады.

Автоматтандырылған АЖ-нің маңызды құрамдас бөлігі -деректер базасын басқару жүйесі (ДҚБЖ) . ДББЖ ақпараттық жүйесінің деректер базасын құру және қолдану үшін алгоритмикалық тілдегі бағдарламаны әзірлеу үшін қажет болатындағыдай дәрежеде аударғыш қажет. ДББЖ бағдарламалық құрамдас бөліктері ядро мен қызмет көрсету құралдарынан тұрады. Ядро -ДБ құру мен қолдану үшін қажетті және жеткілікті болатын бағдарламалық модулдердің жинағы. Қызмет көрсету бағдарламалары пайдаланушыларға АЖ-ні күтімге алудың қосымша бірқатар мүмкіндіктері мен қызметтерін ұсынады.

Курстық жобада деректер базасы мен ақпараттық жүйелер қарастырылады. Деректер базасы мен оларды басқарудың негізгі түсініктері суреттеледі. ДББЖ-ның жіктемесі мен олардың негізгі қызметтері суреттеледі. Қосымшаларды құрастыру мен пайдаланушылардың ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесуінің нұсқалары қарастырылады.

1. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1 Мәліметтер базасы (МБ), мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) ұғымдары

Мәліметтер база сы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) дегеніміз − көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартуға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Delphi 7 жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi7 құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .

Локальді МББЖ-нің барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.

Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланыстырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.

Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және т. б жатады.

Delphi 7-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase .

Бұны бірақ жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерінің жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да Delphi 7 мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, олардан асып тұрады.

Өзінің архитектурасы бойынша МББЖ бірүзбелі, екіүзбелі және үшүзбелі болып бөлінеді Бірүзбелі архитектурада мәліметтерді басқарудың қажетті логикасымен және олардың визуализациясын қамтамасыз ететін жалғыз үзбе (клиент) қолданылады. Екіүзбелі архитектурада мәліметтерді басқару логикасының көп бөлігін МБ сервері орындайды, ал клиент бұл кезде, негізінен, қолданушы үшін мәліметтерді ыңғайлы түрде көрсетуін орындайды. Үшүзбелі МББЖ-да аралық үзбе - МБ сервері мен клиенттің арасын байланыстыратын қосымшалар сервері қолданылады. Қосымшалар сервері клиентті қандай болмасын мәліметтерді басқарудағы және МБ серверімен байланысты орнатудағы қиындықтардан толығымен арылтуы керек.

МББЖ-ның бөлек бөліктерінің орналасуына байланысты локальді және желілік МББЖ-лар бар.

Локальді МББЖ-ның барлық бөліктері қолданушының МБ компьютерінде орналастырылады. Бір МБ-мен бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс жасай алуы үшін әрбір жеке қолданушылық компьютердің өзінің жеке локальді МБ-ның копиясы болуы қажет.

Желілерге файл-серверлік, клиент-серверлік және таратылған МББЖ-лар жатады. Бұл жүйелердің міндетті атрибуты - компьютерлердің аппаратты байланысын қамтамасыз ететін және көптеген қолданушылардың берілген бір мәліметтермен корпоративті жұмыс жасауына мүмкіндік беретін желі.

Файл-серверлік МББЖ-да барлық мәліметтер, әдетте, әрдайым желіге қосулы тұратын арнайы осындай мақсаттарға арналған, қуатты машинаның бір немесе бірнеше каталогында орналастырылады. Мұндай компьютер файл-сервер деп аталады, МББЖ-ның атауы осыдан. Бұл МББЖ түрінің сөзсіз артықшылығы -оның құрылуы мен қызмет етуінің қарапайымдылығында. Файл-серверлік жүйелердің кемшілігі - желіге көп күш түсіруінде. Егер де, мысалы, клиентке қайсыбір фирма-партнер туралы анықтамаларды іздеу керек болса, онда желіде алдымен жүздеген фирма-партнерлардан құрылған анықтамалық барлық файлды шығарады, содан соң осындай түрде құрылған мәліметтердің локальді көшірмеде қажетті жазба табылады. Сол себепті файл-серверлі МББЖ-лар клиенттік орындар саны бірнеше ондыққа жететін кішігірім фирмаларда сәтті қолданысқа ие бола алады.

Клиент-серверлі жүйелер желіге ауыртпалықта біршамаға төмендетеді, өйткені клиент мәліметтермен арнайыландырылған делдал - мәліметтермен машинада орналасқан МБ сервері арқылы қатынасады. МБ сервері клиенттен сұранысты қабылдап, мәліметтердегі қажетті жазбаны тауып, клиентке қайтарады. Осындай түрде, желі бойынша салыстырмалы түрде қысқа сұраныс және қажетті бір жазба беріледі.

2. 1. Мәліметтер базасы - есептеулер сақталатын мәліметтер массиві

Мәліметтер базасын жасау кезінде 2 мәселені ескеру қажет:

1. Мәліметтер өздерін қолданатын программадан тәуелсіз болуы керек, яғни бағдарламаны өзгертпей-ақ мәліметтерді қосу немесе қайта құру үшін;

2. Жай бағдарлама тілінде жазылуы күрделі еңбекті қажет ететін бағдарламаларсыз-ақ МБ-дан керекті ақпаратты сұрау және іздеу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.

Мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын бағдарламалардың мынадай түрлері белгілі:

Отандық: НАБОБ , ПАЛЬМА , БАНК және т. б.

Шетелдік: ADAbase , Dbase , FoxBase , FoxPro , Karat , Acces , Paradox , MySQL , Oracle , Informix және т. б.

Осылардың ішінде бұл курстық жұмыс Paradox-та жасалды.

Paradox - бұл Delphi 7-дің мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған технологиясы. Мұның басқа мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын бағдарламалардан айырмашылығы - онда мәліметтер типтерінің ең көп түрлері қарастырылған.


3. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Аналитикалық көрсетілуі

Ақпараттық жүйе - бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.

Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  1. жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;
  2. берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы;
  3. тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;

Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы - ақпараттық ресурс.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады.

Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат.

Ақпаратты есептеу жүйесі - бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.

Ақпараттық жүйенің құрылымы- бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.

Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады:

Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі - бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі - бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.

Техникалық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы.

Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.

Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады. Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады. Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.

Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.

Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;
  • мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;
  • функционалды сенімді болу;
  • сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;
  • программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Математикалық жабдықтау - ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы.

Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптарына келесілер жатады:

  • математикалық әдістер мен алгоритмдерді қолдану;
  • шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
  • программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі;
  • есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету.

Программалық жабдықтау - техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ-ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады.

Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі;
  • қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс;
  • жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс;

Жалпы программалық жабдықтау - бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және-немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.

  • Арнайы программалық жабдықтау - нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалық жабдықтау.
  • Жалпы программалық жабдықтау - бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және-немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.
Түрі
Сипаттамасы
Түрі: Жалпы
Сипаттамасы: Операциялық жүйе - Windows XP 2000, MS Office 97-2007
Түрі: Арнайы
Сипаттамасы: Delphi7
  1. сурет. Программалық жабтықтаудың сипаттамасы

Ақпараттық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпараттық сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер еңгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі арналуына сақтау, ақпаратты жинау, ақпараттар қорына өзгерістер кіргізу жатады.

Элементтері
Сипаттамасы
Элементтері: Ақпараттық технология
Сипаттамасы: Барлық ақпараттар мәліметтер базасында сақталады
Элементтері: МБ түрі
Сипаттамасы: Реляционды
Элементтері: Жіктеу жүйесі
Сипаттамасы: Жіктеудің фасеттік жүйесі
Элементтері: Кодтау жүйесі
Сипаттамасы: Идентификационды әдіс, кодтаудың реттік жүйесі
Элементтері: Қорғау
Сипаттамасы: Істен шыққан жағдайларда мәліметтерді қалпына келтіру жүйесі

2 - сурет. Ақпараттық жабдықтаудың сипаттамасы


3. 2 Есептің қойылымы

Курстық жұмыстың негізгі есебі - “Банк депозиттері” туралы мәліметтер базасын құру.

Курстық жұмыстың мақсаты - база мәліметтерінің қасиеттерін, олардың негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және оларды басқару жүйелерін анықтау.

Курстық жұмыста “Банк депозиттері” жайлы және оның жұмыс істеу принципі туралы мәліметтер қарастырылған.

Жүйемен жұмыс барысында “Банк депозиттері” келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік алады:

  1. Емханада жұмыс істеудін ыңғайлы жүйесін ұйымдастыру;
  2. Емделушіні тіркеп, оған тіркеу нөмірін тағайындау;
  3. Емделушіні толық тексеруден өткізу;
  4. Әрбір жаңа клиенттің регистрация номерин тағайындайды;
  5. Әрбір емделушіге ұсыныс пен сол ұсыныстағы қалаған ем түрін таңдауға мүмкіндік береді.

3. 3 Қосымша құру. ДҚ кестесін құру

Қарапайым қосымша жасаулары мына кезеңдерден тұрады:

  • ДҚ кестелерін құру;
  • Қосымша форма құру.

DataBaseDesktop бағдарламасын қолданып, ДҚ кестелері құру. Жаңа кесте құру процесі, NewTable командасымен басталады, интерактивтік тәртіпте және келесі пункттерден құралған :

  • кесте үлгісін таңдау ;
  • кесте құрылымын беру ;
  • кілттік алаңдары көрсету ;
  • индексті анықтау ;
  • алаңның мәнін анықтау ;
  • парольді анықтау ;
  • кестелер аралық сілтемелік бүтіндікті сұрау ( байланыстың ) .


4. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ

4. 1 Пәндік аймақты жүйелік талдау

Жалпы алғанда пәндік аймақтың құрамы мен құрылысын таңдаудың екі түрлі жолын атап көрсетуге болады:

Функциональдық түрі - МҚ құруда оны пайдаланатын адамдардың атқаратын жұмысы, олардың шешетін мәселелері алдын-ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Біз бұл жағдайда сипатталатын пәндік аймақтың қажетті объектілерінің минималды топтамасын ашып көрсетуімізге болады.

Пәндік түрі - бұл жағдайда МҚ болашақта пайдаланушылардың қажеттіліктері нақты анықталмаған. Ол қажеттіліктер жан-жақты және үнемі өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл жағдайда біз пәндік аймақтың сипатталуға тиісті объектілерінің минималды топтамасын нақты бөліп көрсете алмаймыз. Күнделікті өмірде көбінесе нақты қолданушылардың сұранысына, талабына жауап беретін, болашақта жаңа қосымшаларды пайдалана отырып дамыту есепке алынатындай қандай да бір компромисс нұсқаны қолдану дұрыс деп есептелінеді.

4. 2 Пәндік аймақты сипаттау

Жүйе “Банк депозиттері” ұсыныстары және емделушінің соңғы алатын чек жайлы мәлімет алуды автоматтандыратын ақпараттық жүйені құру құру тәртібін есепке алу тиіс.

Қарастырып отырған “Банк депозиттері” жеті бағыттағы ұсыныстарды бере алады. Әрбір ұсыныстың жеке қызметтері және сол қызметке байланысты қайталанбайтын қызмет коды бар.

4. 3 Жобалау негізі

Қатынастық деректер қорының жобасы дегеніміз - барлық атрибуттары, қатынастардағы бастапқы кілттер және де қордағы деректер бүтіндігін сақтау принциптерін қолдайтын кейбір қосымша қасиеттері анықталған өзара байлнысқан қатынастарды топтамасы.

Жалпы алғанда жобалаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1. Пәндік аймақтың ақпараттық объектілерін жүйелік талдау.

2. Пәндік аймақтың инфологиялық моделін жобалау - пәндік аймақтың объектілерін қандай да бір семантикалық модельдің терминдерімен формальды түрде сипаттау, мысалы, Е-модельдің терминдері арқылы.

3. МҚ-н даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни МҚ-ң, объектілерін жалпы қабылданған терминдермен сипаттау.

4. МҚ-ң физикалық жобалау, яғни МҚ-н қосымшалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда орналастыру.

Егер екінші және үшінші кезеңдердің арасында жобадағы МҚ-ы қандай МҚБЖ-мен орындалатыны жайлы шешім қабылдауды қажет ететіндігін ескерсек, онда МҚ-жобалауды шартты түрде келесі бес кезеңнен тұратын схемамен көрсетуге болады.

4 - сурет. МҚ-ның жобaлау кезеңдері

4. 3. 1 Инфологиялық жобалау

Пәндік аймақтың инфологиялық моделін жобалау-пәндік аймақтың обектілерін қандай да бір семантиқалық моделдерінің терминдерімен формальді түрде сипаттау.

Жүйедегі ақпаратқа мынадай шектеу қойылады:

  1. клиенттің аты - жөні бірдей болуы мүмкін;
  2. клиенттің регистрация номері қайталанбау керек;
  3. бір клиент бірнеше ұсыныстарды тағайындауы мүмкін;
  4. бір клиент бірнеше ұсыныстардағы бірнеше қызметтерді тағайындауы мүмкін;
  5. қызметті тағайындау үшін клиенттің регистрация номері болуы керек;

4. 3. 2 Даталогиялық жобалау

Қатынастық деректер қорын даталогиялық жобалау кезеңі ол қордың схемасын жобалауға тіреледі. Жүйенің дұрыс құрылғандығын талдау үшін МҚ-ндағы атрибуттар арасындағы функциональды тәуелділікті зерттеу қажет. Кейбір тәуелділіктер МҚ-н модификациялау(атрибуттарды қосу, жою, өзгерту) барысында көрінеді және келеңсіз жағдайларға әкеледі.

Даталогиялық жобалау кезеңі келесі нәтижелерге қол жеткізеді:

  • МҚ- ның концептуальды схемасын сипаттау таңдалған МҚБЖ-ні терминдерін пайдалана отырып жасалады.
  • Сыртқы модельдерді сипаттау(таңдалған МҚБЖ-ні терминдерін пайдалана отырып жасалады) .
  • Қ-дағы деректер бүтіндігін сақтауды сипаттау.
  • МҚ-ның семантикалық бүтіндігін сақтау процедураларын құруды қолдау.
  • Қатынастық деректер қорына бағытталған МҚ-ның корректілі схемасын тұрғызу. МҚ-ны схемасын жобалау екі жолмен орындалуы мүмкін:
  • декомпозиция (бөлу, бөлшектеу), берілген қатынастардың жиыны басқа жиынмен (үлкен) ауыстырылады және ол жиын бастапқы жиынның проекциясы болып табылады;
  • синтез, берілген МҚ-ның схемасындағы пәндік аймақтың бастапқы элементарлы объектілерінің тәуелділіктерінен топтастыру арқылы жаңа тәуелділіктер алу.

7-сурет. “Банк депозиттері” МҚ-ның концептуалды схемасы

4. 3. 3 Логикалық жобалау

Кестелер арасындағы байланыстарды көрсетейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Емхана” мәліметтер базасы
Ақпараттық қамтама
Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
Мәліметтер қоры
Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызу
Сақтандыру менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz