Дене шынықтырудың міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
1.2.Дене шынықтырудың міндеттері
ІІ.Бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтырудың мінлдеттері
мақсаттары
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын
жұмыс түрлері
ІІІ.Іс – тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:Қазақстан Республикасының әлемдік
өркениетке, демократиялық дәстүр жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы
жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік
негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру
дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе
ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2050 бағдарламасында, ҚР
Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байла Дене тәрбиесі
мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында
инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып,
тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға
белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың
маңыздылығы артуда.
Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі
сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар
ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-
қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі
арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі.Соған байланысты
көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж
18 мамырдағы Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде Салауаттану-денсаулықты
сақтау бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене
тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер
туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және
әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене
тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар,
педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Оқушылардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін
қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған
М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек,
А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев. . Еліміздің белгілі
қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене тәрбиесі мәселелерін
халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның
құндылық бағытына тоқталған.
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия
және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде
ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып,
Әлеуметтік-этикалық трактаттар атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді
оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын
тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол дененің
саламаттылығы ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш
қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара
үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға болатынын дәріптейді.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың,
психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми
еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру
туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2050” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі”
тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа
материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың
жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі .
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде
дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің
оңтайлы іске асырылуын зерделеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:

І.Негізгі бөлім
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие.
Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен
денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті
маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның
денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және
экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде
денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2050 стратегиялық
бағдарламасында Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және
әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз,- деген болатын.
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - өлеуметтік, экономикалық,
қүқықтық, ғылыми өдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы
жөне республикадағы дене шынықтыру мөселесіне жауапты үйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты,
жантәні сау, елімізді қорғауға өзір, шығармашылық жүмысқа қүштар, жан-жақты
дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар төрбиелеу. Бүл мақсат темендегі
жалпы міндет- терге негізделеді:
1.Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру
жөне дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.
2.Сауықтыру міндеттері - дене төрбиесі жаттығулары көмегімен
денсаулықты күшейту.
3.Төрбиелік міндеттер - адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді
қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету. Дене шынықтыру
жүйесінің мазмүны қоғамның өлеу- меттік-экономикалық, қүқықтық, ғылыми-
өдістемелік, бағдарлама-нормативтік жөне үйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Дене шынықтыру жүйесі өз жүмысын реттеуде қүқықтық күші бар,
көптеген нормативтік актілерге сүйенеді.Ол Қазақстан Республикасының
Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Жалпы дене шынықтыру жүйесі ғылыми-өдістемелік негіз де қүрылады.
Оның барлық теориялық жөне төжірибелік үсыныстары ғылыми түрде баяндалады.
Дене шынықтыру жүйесін қоғамдық, психологиялық, педагогикалық,
өдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина, т.
б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене төрбиесі ілімі мен
өдістеме пөні алады.
Оқушыларды дене шынықтыруға төрбиелеуде прези- денттік сынамалардың
маңызы өте зор.
"Қазақстан Республикасындағы халықтардың дене шынықтыру даярлығының
президенттік сынамалары туралы" ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалар - халықтың оқуға, еңбекке, өскери қызметке
дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын өр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастарға ар- налған сынамалар
президенттік жөне үлттық деңгейден түрады.
Президенттік деңгей жан-жақты дене қуаты даярлығы бар, дені сау адамдарға
арналған.
Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері бойынша
спорттық секцияларда, топтарда дене тәрбиесі жөне спортпен жүйелі түрде
айналысатын адамдар үшін арналған.
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру,
көсіптік қолданбалы жөне спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып,
қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары.Дене
шынықтыруға өр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-
гигиеналық факторлар жатады.
Дене шынықтырудың міндеттері:
Дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге,
еңбекке, Отанды ңорғауға даярлау.
Дене шынықтыру үзаң уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға
негізделген педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін
көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге ңажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру,
оның ішінде қолданбалы сипаттағы ңозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалың ңасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік,
төзімділік) дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене
шынықтырудың негізгі мінде терінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру
дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты өсерін
тигізеді, денсаулығын нығайтады.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи
даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда
болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың
қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты
жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ
тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен
ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі
мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан – қилы сипатымен, өзіне тән ой-
сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын
ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене
тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға
мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи
даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда
болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың
қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты
жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ
тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен
ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі
мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан – қилы сипатымен, өзіне тән ой-
сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын
ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене
тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға
мүмкіндік береді (Сурет 1).
Сурет 1 - Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны

йесі

Бастауыш  сынып  оқушыларына  І-ІҮ сыныпта  оқитын  7- 11 жастағы 
оқушылар  жатады.Бастауыш  сынып  жасындағы  оқұушылардың  дене  тәрбиесі 
міндеттері  төмендегідей:
Денсаулықты  нығайту , денені  шынықтыру, жан-жақты  дене  дамуына 
көмектесу, жалпақ  табандылық  ауруының  алдын  алу, бала  ағзасының 
жағымсыз    сыртқы  орта  әсеріне  қарсылық  күшін  қалыптастыру;
Таза  ауада  дене тәрбиесі  жаттығуларымен  айналысу, ойнау,секіру,
лақтыру, шаңғы  тебу, жүгіру  баланың  бұлшық  еттерін  дамытып, жүрек-қан 
тамыры  жүйесін, дем  алу  жүйесін, сүйек-тірек  аппаратын т.б.  ағза
жүйелерін  нығайтады, шынықтырады. Баланың  мүсін, тұлға  түзулігі 
қалыптасады. Сондықтан  мектептің  міндеті балаларды  дене  тәрбиесімен 
жүйелі, белсенді шұғылдандыру.
Дене  тәрбиесі  жаттығулары , гигиеналық  дағдылар, күн  тәртібі 
туралы  арнайы  білім  беру. Ол  білімдер: дене  тәрбиесі  жаттығуларының
ағзаға  пайдалы  әсері, гигиеналық  ережелер. Тамақтану, демалу , жұмыс 
тәртіптері;
Оқушылардың  өмірге  керек  қозғалыс  ептілігімен  дағдысын 
қалыптастыру, оларды  жаға  қозғалыстарға, қимыл  әрекеттерге  үйрету.
Бағдарламада  берілген  барлық  спорт  түрлерінің  жаттығуларын  дұрыс 
орындай  білу.
Дене  қуаты қасиеттерін  дамыту. Бастауыш  сыныптарда  қимыл 
үйлесімділігі, ептілік, икемділік  қасиеттерін  дамытармыз;
Жігерлікке , батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке,  еңбек  сүйгіштікке,
көпшілдікке, мәдениеттілікке  тәрбиелеу.
Дене  тәрбиесі  жаттығулары, әртүрлі  қозғалмалы  ойындар  осы 
қасиеттерді  дамытады;
Қозғалыс  кездерінде  және  қозғалмайтын  статистикалық 
жаттығулар  кезінде  мүсін  түзулігін, тұлғаны  қалыптастыру.
Ол  үшін  отырғанда , тұрғанда, жүргенде, жаттығулар  жасағанда  тұлға 
түзулігін  әрқашанда  ескеріп , арнайы  тұлға  түзулейтін  жаттығулар 
беріп  отыруымыз керек;
Оқушыларды  бастауыш  сыныптардан  бастап Президенттік  сынама
сынақтары жаттығуларын  меңгеруге, орындауға  дайындай  бастауымыз  керек;
Оқушылардың  дене  тәрбиесі  мен  спортқа  деген  ынтасын, қызығушылығын 
оятып, оларды  тұрақты, жүйелі  спортпен  шұғылдануға  әрекеттендіруіміңз 
керек;
          Мектептің  міндеті  – оқушыларды  дене  тәрбиесі  жаттығуларымен 
мектепте  ғана  емес, үйде де, тұрақты  айналысуға  әдеттендіру. Ол  әдет 
оқушылардың  күнделікті  күн  тәртіптерінде  әбден  қалыптасуы  қажет. Осы 
кезден  бастап  дене  тәрбиесі  жаттығуларын  орындау  олардың  омір 
бойғы  әдеттерін  айналуы  керек. Ол  үшін  дене  тәрбиесі  сабақтары 
қызықты,  әсерлі, көңілді  өтуі  керек.
Оқушыларды  ұйымдастыру  басқара  білу  дағдыларына  дағдыландыру.
Оқушылардың  ішінен  дене  тәрбиесі  белсенділерін  дайындау.
        Дене  тәрбиесі  әдістемесінің  ерекшеліктері. Оқушылар  көп 
қимылдағысы  келеді. Біркелкі  ұзақ  ойындар  оларды  жалықтырып  жібереді.
Сондықтан да  ойындар, жаттығулар  әртүрлі, қысқа  дем  алу  аралықтарымен 
өткізілуі  қажет.
      1 – сынып  оқушылары  шыдамсыз, өздерін  тоқтата  алмайды,
ықыластары  тұрақты  емес. Бірте-бірте оларға  жеттығуларды  кеңістікте 
орындау  түрінде  бергенде  ойланып, еске  сақтап  орындауға  қызығып,
ықыластана  бастайды.
         Бастауыш  сынып  оқушыларына  дене  қуаты  дамыту  жаттығуларын 
бергенде, ұл балалармен, қыз  балалардың дене  даму  ерекшеліктерін 
ескеру  қажет. Ұлдардың  салмағы, бойлары  үлкен, кеуделері  кең, өкпенің 
тіршілік  көлемі  жоғары  болады. Бұлшық  ет  күштері  қыздарға  қарағанда 
дамыған. Олар  тез  жүгіреді, ұзаққа,  биікке   секіреді, алысқа 
лақтырады, олар  күшті, әрі  шыдамды. Сондықтан  2-сыныптан  бастап 
ұлдарға  ауырлық  көтергенде, ұзаққа жүгіргенге, секіргенде, лақтырғанда 
көбірек  жүктеме  беруге  болады. Қыздарға  3-сыныпта  ұлдарға  қарағанда 
көбірек  бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын  беруге  болады.
        Дене  тәрбиесі  сабағын  жүргізудің  төмендегідей  ерекшеліктері 
бар:
1. Бастауыш  сынып  оқушыларына  негізгі  үйрететін  жаттығулар  табиғи 
қимыл  әрекеттерді  жетілдіру  түрінде  болып  келеді. Олар: жүру , жүгіру,
секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
2. Бір  сабақ  кезінде  оқу  материалын  меңгеру  және  жетілдіру 
үрдісінің  2-3 міндетін  ғана  орындаса  жеткілікті  болады.
3. Сынып  төмен  болған  сайын  табақ  бұлшық  еттерін  нығайту және түзу 
тұлға  қалыптастыру  жаттығуларын  беруге  айрықша  көңіл  бөлу  қажет.
4. Әрбір  сабақта   міндетті  түрде  қозғалмалы  ойындар  ойнату  керек.
3,4 – шіі  сынып  оқушыларымен  сабақ  өткізгенде  ойын  жаттығулары 
сабақтың  50% уақытын  алса  дұрыс  болады.
5. Оқушыларға  негізгі  жаттығулардың  техникасын  үйреткенде, оны  дұрыс 
және  нақты  орындауға  көп  көңіл  бөлу  керек. Оқу  үрдісі  кезінде 
жаттығуды  үйрету және  жетілдірумен  бірге  дене  қуаты  қасиеттерін 
дамытуға  бірдей  көңіл  бөлген  қажет.
      Балалардың  қимыл  әрекеттерді  еске  сақтау  қабілеттері 7-12 жас 
аралықтарында  тез  дамиды  да, 13 жастан  әрі  қарай  баяулай  бастайды.
Қимыл  әрекетке  үйрету  әдістерін  қолданғанда  көбінесе  толық  орындау 
әдісін  пайдаланамыз. Жаттығуды  бөлшектеп  үйретуді  анда-санда  ғана ,
қосымша  түрде  қолданамыз. Қозғалыс  тапсырмасын  берген  кезде  балалар 
дұрыс  түсіну  үшін  нақты  не  істейтінін, қалай  орындау  керектігін 
айту  керек. Мысалы, ұста, жетіп ал, допты  ойыншыға  тигіз және т.с.с. 2-3-
ші  сыныптарда  қимыл  жиілігін  дамыту  жаттығуларын  көбірек  береген 
дұрыс  болады. Жылдамдықты  дамыту  жаттығуларын  қысқа  түрде  6-8 секунд 
уақытқа  ғана  беру  қажет.
       Бастауыш  сынып  оқушыларымен  дене  тәрбиесі  сабақтарын 
жүргізгенде негізінен  білім  беру міндеттерін  шешеміз. Ол  міндеттер :
қимыл  қозғалыс  түрлерін  меңгеру, дене  тәрбиесі  негіздері  және 
салауатты  өмір  салты  туралы  негізгі  теориялық  мағлұматтар  беру.
        Елімізде қазіргі  кездерде  жалпы  білім  беретін  мектептердегі 
бастауыш  сыныптарда  дене  тәрбиесі  сабағын  көбінесе  сол  сыныпқа 
сабақ  беретін  бастауыш  сынып  мұғалімдері  жүргізеді. Ол  мұғалімдер 
арнайы  және  жоғары  оқу  орындарында  оықғанда  дене  тәрбиесі  мен 
әдістемесі  пәнінен  дәрістер  алды, сынақтар  тапсырды. Сондықтанда  ол 
мұғалімдер  дене  тәрбиесі  сабақтарын  жүргізгенде  көп  ізденіп ,
дайындалып , мектептің  дене  тәрбиесі  мұғалімдерінің  сабақтарына 
қатысып, олардан  көп  үйреніп, сабақтарды  мектеп  оқу  бағдарламасы 
материалдарына  сай  жүргізілуі  керек. Ал, дене  тәрбиесі  мұғалімдері 
келешек  өздерінің  алдына  келетін  оқушылардың  төрт жыл  уақытын  бос 
өткізулеріне  жол  бермей ,  бастауыш  сыныптардың  дене  тәрбиесі 
сабақтарын, оқу  жоспарын  қадағалап, бастауыш сынып  мұғалімдеріне 
арнайы  әдістемелік  сабақтар  өткізіп, кеңес  беріп  отырулары  керек.
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай:
-  балалардың негізгі қыймыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық
қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындары үйрету және сол үйренгендерін өз
еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды
қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұраптылып келген озық тәжіребелер де
ескерілген.
Өйткені, ата  - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда
жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен
еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да
тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді
ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының
тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған
жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. Ересектермен бірге күн
сайын таңертеңгілік гимнастика, су процедураларын жасау. Жыл маусымын
есептегендегі дененің және спорттық киім гигиенасы. Құрдастарымен таза
ауада дене жаттығуларын орындау. Спорттық жарыстар мен мейрамдарды көру.
Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу.
Қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, дұрыс тұлғаны қалыптастыру.
Отырғандағы, тұрғандағы бастапқы қалыптан, жүру кезіндегі тұлғаға
арналған жаттығулар. Таяқшалармен, шеңбермен, қабырғада тұрғанда жаттығулар
жасау. Жылдамдық пен икемділікті дамытуға арналған жаттығулар. Жүгіру мен
секірулері бар қозғалыс және спорттық ойындардың  элементтері. Шаңғымен
жүру, өрмелеу.
Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы
білімі.
Қарапайым спорт жабдығының атауы, оны пайдалану біліктілігі.
Спортзалмен спорт алаңының құрал-жабдықтары.Жекелеген жалпы дамытатын
жаттығуларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.

2.2.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру
қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында
ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық
арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін
жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыруын
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз  [1].
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды
орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды
пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай
отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен
жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп
отыруы үшін ойын керек деді [2].
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады.
Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның
денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: Адам неғұрлым
жас болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш
отыра алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді [3].
Адамның денесі мен ақыл-ойының  дамуына дене қозғалысы күшті әсер
етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы
нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған 
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек
әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі 
баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.
Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру
сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және
ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен
дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін
(аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп
қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі
маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады [5].
Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар
арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық
пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары
сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде тексеруден өтеді.
Ұлттық ойындардың кейбір түрлері жаңа мазмұнға ие болып әрі қарай дамиды,
ал кейбіреулері тіпті жоғалып кетеді.
Бастауыш сыныптарға арналған дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру
ерекшеліктеріне  қарай сабаққа дайындау кіріспе бөліміне оның мақсаты
балаларды ұйымдастыру олардың назарын жинақтау, эмоциялық қалыпқа келтіру,
баланы күрделі жаттығулар жасауға әзірлеу болып табылады.
Жаттығу барысында балалардың дене бітіміне, денесін, басын ұстауы
мен қол, аяқтарының қимыл координациясына, аяқ алысына, жүгіру жеңілдігіне
мән берілуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру,
секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау
түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды
қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды,
оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру
балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-
әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік
жасаудың маңызы зор.
Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова балалардың ми қыртысындағы сезім
аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын
анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста
зейін  тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері туралы
Дене шынықтыру жүйесі
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Сыныптан тыс дене шынықтыру
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер