Венчурлық капитал компаниялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі . . . 5

1. 2 Шағын венчурлық кәсіпкерлік . . . 7

1. 3 Венчурлық капиталдың қалыптасу көздері . . . 11

2. ҚАЗАҚСТАНДА ВЕНЧУРЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстанда венчурлық бизнестің даму жағдайы, жаңашылдық принциптері . . . 16

2. 2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының жаңашылдық әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы . . . 17

2. 3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау . . . 26

3. ҚАЗАҚСТАНДА ВЕНЧУРЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасында венчурлық кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері және даму бағыттары . . . 29

3. 2 Инновациялық даму кезеңдері . . . 31

3. 3 Венчурлық қаржыландыруды дамыту . . . 32

Қорытынды . . . 35

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37

КІРІСПЕ

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Қазiргi уақытта Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы екені сөзсіз, дегенмен ол классикалық экономика сценарийiнен алысқа бармайды. Бұл экономиканың бір жақты дамып отырғанының белгісі. Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарындағы өзгерiстерге тым тәуелдi болып қала бередi. Қысқасы біз экономикамызды әртараптандармасақ, болашақта әлемдік жаһандану үрдісінде өзінің бірегей орнымен ерекшеленетін ұлттық экономикамызды қалыптастыра алмаймыз.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:

- экономиканың шикiзат бағыттылығы;

- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

- өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;

- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

- отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi;

- ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы.

ХХ-шы ғасырдың ортасынан бастап үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. Венчурлықтың біздің ел үшін әлі де белгісіздеу, жұмбақтау бизнестің түрі екендігінде дау жоқ. Өйткені оның соншалықты дамып кететініндей уақыт та өте қойған жоқ. Алғашқы венчурлық бизнес Қазақстанда осыдан үш жылдай бұрын ғана құрылды. Оның жұмыс нәтижесі туралы айтуға әлі ертерек. Себебі венчурлық қор бір жобаға инвестиция салып, оны аяғынан тік тұрғызып, өзі жобадан шығып кетуі үшін кемінде бес жыл қажет болады. Венчурлық капиталдың мақсаты - тәуекелге бел буған кәсіпорынның аяғынан тұруына сол кәсіпорын акцияларының белгілі бір бөлігін иемдене отырып, қаржы жағынан көмектесу. Кәсіпорын акциясының белгілі бір бөлігін иемдене отырып, қорлар венчурлық кәсіпорындардың тұрақты акционері болуға ұмтылмайды. Араға 5-8 жыл салып, олар бұл ойыннан шығады. Осы арада олар қалай шығады деген сауалдың туындауы заңды. Ереже бойынша, шығу технологиясы өте көп. Соның бір жолы - акцияларды құнды қағаздардың екінші рыногы арқылы өзгелерге сату.

Курстық жұмыстың негізгі мақсатына венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы Ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау.

Венчур еліміздің экономикасына үлкен пайда алып келетіні сөзсіз. Сонымен қатар бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды үшінші қатарлы елдер санатынан алып шығып, индустриялды мемлекеттер қатарына қосып, бірегей ұлттық экономиканың негізін қалайтыны сөзсіз.

1. ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі

ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін мұнай, қару-жарақ, анаша саудасы, ірі ойынханалар үлкен пайда алып келетін бизнестің түрлері болып есептелді. Бұл бизнес түрлерінің бағыты мен табиғаты өте ауыр, әрі соңында адамдардың физикалық, психологиялық, моральды құлдырауына алып келеді.

Алайда 50-ші жылдардан соң үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. «Венчур» сөзі бір жағынан кәсіпорын, екінші жағынан тәуекел деген мағынаны білдіреді. Венчурлық бизнес дегеніміз - пайда табу мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы.

Венчурлық қаржыландыру акцияға қаражат салумен, биржалық ойынмен байланысты болады.

Қаражат акциялары әлі қаржы нарығына шығарылмаған кәсіпорынға салынады.

Венчурлық капитал шағын жоғарытехнологиялық кәсіпорынға салынады.

Венчурлық капитал жаңа компанияларға орта және ұзақ мерзімге беріледі, әрі өмірлік цикл аяқталғанға дейін венчурлық капиталистің қалауымен қаражат қайта алынбайды.

Венчурлық қаржыландыру үлкен табыс алып келіп тұрған компанияға емес, потенциялды даму мүмкіндігі бар жас компанияларға беріледі.

Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда алып келеді.

Венчурлық капиталист, 5-7 жылдан кейін өзінің қаражатын компаниядан қалай алатынын анықтап алуы тиіс.

Қаржыландырудың жетістігі компанияның акциясының құнының өсуімен анықталады.

Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиеден қандай айырмашылығы болуы мүмкін:

  1. Инвестор өз қаржысын акцияға салады.
  2. Инвестор жаңа кәсіпорынға көмектеседі (кеңес береді, тәжірибесімен бөліседі, таныстар табады) .
  3. Тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді.
  4. Банктер тәуекелі жоғары әрі ұзақ мерзімге қаржы беруден сақтанады.
  5. Венчурлық капитал беруші акционері ретінде сәтсіздіктерді де, жауапкершілікті өзінің мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптес ретінде жұмыс істейді.

Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, онда ол компаниямен бірге бес тәуекелі жоғары деңгейлерді өткенше жаңа, қайта жаңа қаржы көзерін іздейді. Бес даму деңгейінен кез келген жоғары технологиялы компания өтеді:

  1. Компанияның пайда болуы.
  2. Алғашқы маңызды инвестициялық венчурлық капиталды тарту.
  3. Ғылыми сыйымды өнім шығарған дейінгі компанияның дамуы.
  4. Компанияның жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қорбиржасында сатылуы пайдалы болғанынша.
  5. Компанияның қор нарығында(немесе арнайы биржаларда) акцияларының сатылуы және көп мөлшерде пайда алып келуі.

Мысал келтірсек, Хьюлетт пен Паккардтың тарихы көпке танымал. Олар өздерінің өлшеуіш приборларын ескі гаражда ойлап тапқан. Бұл гаражды олар таныстарынан аз ғана ақшаға жалдап отырған еді. Кейін олар осы приборды өндіру үшін венчурлық капиталды тартқан болатын. Бұдан кейін бұл екеуі активтері біршама млрд. долл. құрайтын, әлемге танымал компютерлік компанияның негізін қалады.

Бұған қарап отырып венчурлық қаржыландыру жоғары эффектілі бизнес және жоғары технологиялы компанияларды қаржыландырушы ғана емес, сонымен қатар қаржы жүйесі мен экономиканың нақты секторымен конструктивті арақатынасы көрсетеді.

Венчурлық капиталдың басқа қаржыландыру көздерінен жоғары технологиялы компаниялар үшін келесідей басымдық артықшылықтары бар:

  • Компанияның болашақтағы дамуы үшін және барлық этаптардан сәтті өтуі үшін, ол қаржылық база құрады.
  • Ғылыми сыйымды өнімді өндіретін компаниялар үшін ұзақ мерзімді қаржыландырылады.
  • Компания брлық этаптардан өткенше венчурлық капиталистаер пайыздық төлемдер талап етпейді.
  • Жоғары технологиялы компанияларға инвестицияланған венчурлық капитал, өте жоғары табыс алып келеді, тіпті кей жағдайларда 10 есеге көп болады.
  • Инвестор өз ақшасын сала отырып, нағыз іскер әріптес болады. Ол тек қана қаржылық көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар консультативтік, эксперттік, ұйымдастырушылық көмегін тигізеді.
  • Ең маңыздысы венчурлық капитал ғылыми-техникалық сфераның коммерциялануына ықпал жасайды.
  • Венчурлық капитал шағын жоғары технологиялы компаниялардың қызметі үшін арнайы орта мен ыңғайлы жағдайлар жасайды.

1. 2 Шағын венчурлық кәсіпкерлік

Шағын кәсіпкерлік деген түсінік кәсіпкерліктің құрамдас бөлігінің бірі ретінде, ең алдымен кәсіпорынның көлемділік сипатымен байланысты. Кәсіпкерлік шағын кәсіпкерлікке, айналым көлеміне, жұмысбасытлар санына, кіріс немесе табыс көлемінің бағасына қарай жатқызылуы мүмкін. Шаруашылық есепке алу дамымаған және инфляция жоғары болған жағдайда жұмысбастылар саны ең керекті критерий болып табылады.

«Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы» заңында жұмысастылар саны төмендегідей болып келетіндерді шағын кәсіпорындарға жатқызуды ұсынады:

  • өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;
  • құрылыста - 100 адамға дейін;
  • көтерме саудада - 50 адамға дейін;
  • ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
  • ғылымда және өндірістік емес өрісте - 25 адамға дейін;
  • бөлшек саудада - 15 адамға дейін.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 50 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылмайды.

Шағын кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Шағын бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын венчурлық компаниялардың артықшылықтары:

  • Жұмыс орындарын тез көбейтеді.
  • Ғылым мен өнеркәсіп арасында байланысты күшейтеді. Ғылым - технология - өнеркәсіп - нарық.
  • Елдің ғылыми-техникалық потенциялының дамуына қаржылық та рухани тұрғыда да көмегін тигізеді.
  • Өнеркәсіптің инновациялық бағытталуын өрістетеді.
  • Ғылыми сыйымды тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтереді.
  • Аймақтарда өндіріс инфрақұрылымдарының дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына септігін тигізеді
  • Ғылыми білімге деген сұранысты жоғарлатады.
  • Шағын фирмалардың шығарған технологиялары, ірі фирмалар мен корпорациялардың дамуына жағдай жасайды.
  • Жаңа тауарларға деген тұрғындардың сұранысын оперативті түрде қанағаттандыруына жол ашады.
  • Экономиакалық, энергетикалық, ақпараттық, экологиялық, сатушылық, сонымен қатар елдің қорғаныс қабілеттілігін жаңа бір деңгейге көтереді.

16

Өтімділікті қамтамасыз ету

кезеңі

12 13 14 15

11

10

Тұрақты даму кезеңі

9

8

7

Жаңа даму кезеңі

6

5

4

Алғашқы қадамға Алғашқы

қадам

дейінгі кезең

3

1 2

1-сурет. Венчурлық компанияның өмірлік циклі.

Шағын жоғары технолдогиялы компанияның графикалық өмірлік циклі 1-суретте көрсетілген. Қаржылық экономикалық жағдайының құлдырауы, басшыларының қате стратегия қолдануынан немесе тұтынушыларда сол тауарға деген сұраныстың төмендеуінен болуы мүмкін.

Кез келген шағын жоғары технологиялы компанияның дамуы венчурлық қаржыландырумен тығыз байланысты. Венчурлық кәсіпорынның қаржылындырылуы үш этаптан тұрады:

  1. инвестицияға дейінгі;
  2. инвестициялау кезіндегі;
  3. инвестициядан кейінгі.

Бұлардың әр қайсысының өзінің құрылымы, ерекшеліктері бар.

Инвестицияға дейінгі кезең:

  1. жобалық идеяны дайындау;
  2. ұсынысты реттеп, қаржыны іздеу;
  3. потенциялды инвесторларды іздеу;
  4. бастапқы бизнес-жоспарды дайындау;
  5. потенциялды инвесторлармен алдын-ала сұхбат жүргізу;
  6. бизнес-жоспарды толық дайындау;
  7. инвестиция көлемі туралы келісім-шартты дайындау.

Инвестициялау кезіндегі:

а) компанияны ұйымдастырудың алғашқы этапы;

б) іскерлік моделін дайындау;

в) маркетингті ұйымдастыру;

г) өнімнің алғашқы партиясын шығару;

д) нарықтың белгілі бір сегментін жаулап алу;

е) өнімді жарнамалау;

ж) инвестициядан шығу үшін қаржы іздеу;

з ) инвестициядан шығуға дайындық;

и) инвестормен бірге инвестициядан шығудың ең ұтымды жолын таңдау;

к) инвестордың қаражаты мен табысын алуы, компания басшылығының ары қарайғы жұмысын жоспарлау.

Инвестициядан кейінгі кезең:

Кәсіпкер мен басшылары үшін:

а) компанияның өз бетімен дамуы немесе ірі кәсіпорынға мүше болуы;

ә) қыметінің сәл өзгеруімен жаңа компанияның құрылуы;

б) мүлдем жаңа компанияның құрылуына дайындық.

Бұрынғы инвестор үшін:

а) қайтып келген венчурлық капиталдың бағытталуы;

ә) одан да ірі жобаларды қаржыландыруға қатысуы;

б) жаңа технологияларға жеке инвестиция жасауы.

жылдар

5

4

3

2

1

0 1 2 3 4 5 6 этаптар

2-сурет. Шағын жоғары технологиялы компаниялардың өмірлік циклі

Белгілердің түсініктемесі: 1) Алғашқы қадамға дейінгі кезең; 2) Алғашқы қадам; 3) Жаңа даму кезеңі; 4) Тұрақты даму кезеңі; 5) Өтімділікті қамтамасыз ету кезеңі; 6) Инвестициядан шығу кезеңі.

Компанияны кеңейту үшін қаражат көздерін көп уақыт іздеуге тура келеді, компания басшылығымен инвестор компанияны сату мен инвестициядан шығуды немесе акцияны ашық жариялауы шарт. Соған қарамай әр этаптың ұзақтығы қалыптасқан тәртіп бойынша 5-7 жылдан аспайды. Тек кейбір жағдайларда венчурлық капиталистпен өзара келісімге байланысты он жылға созылып кетуі мүмкін. Бірақ бұл өте сирек болады, себебі компанияның рентабельді болып жоғары дәрежедегі өтімділігін қамтамасыз ету үшін 7 жыл жеткілікті.

Жалпы венчур туралы айтқан кезде инновация ұғымынан алшақ кетуге болмайды. Себебі бұл екеуі өмірлік кезеңдерінде бір-бірінен ажырамай ұштасып жатады. Инновацияны кең ұғым ретінде қарастырсақ, ал венчур оны тудырушы. Инновация магнитофон болса, венчур оның батарейкасы сияқты, инновация үлкен машина болса, венчур оның аккумуляторы, инновация қоғамның соғып тұрған жүрегі болса, венчур оның күре тамыры десем қателеспеспін. Себебі, венчурсыз инновацияның дамуын елестету қиын, венчур инновацияның дамуына өзіндік рең қосады, сонымен қатар ол базалық инновацияның негізі болып саналады. Сонымен инновация дегеніміз не? Оның қандай экономикалық мәні бар? Деген сұрақтарға жауап іздесек.

«Инновация» түсінігі алғаш рет XIX ғасырдың ғылыми зерттеу жұмыстарының кейбір элементтерінің бір мәдениеттен екіншілеріне енгізулерін білдірген. Мұндағы негізгі ой ол еуропа дәстүрін ұлттық африкалық және азиялық қоғамға бағыттау болды. Тек XX ғасырда ғана техникалық инновация заңнамаларын зерттей бастады.

1. 3 Венчурлық капиталдың қалыптасу көздері

Венчурлық капиталдың қалыптасу көздерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады: формалдық (венчурлық фирмалар, институционалды инвесторлар және банктер) және формалдық емес (жеке тұлғалар, бизнес періштелері, жекеменшік бірлестіктер және т. б. ) .

Формалдық секторға келесідей құрылымдарды жатқызуға болады:

  1. Венчурлық капитал фирмалары.
  2. Венчурлық капитал қорлары.
  3. Ғылыми техникалық қызметті жүзеге асыратын шағын компанияларды қолдауға құрылған арнайы қорлар.
  4. Инвестициялық компаниялар.
  5. Институционалдық қаржылық инвесторлар, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларымен сақтандыру компаниялары.
  6. Қаржылық емес корпорациялар.
  7. Қаржылық-өнеркәсіптік топтар.
  8. Ұлттық банк.
  9. Комерциялық банктер.
  10. Трансұлттық венчурлық қорлар.

Формалдық емес сектор:

  1. Кәсіпкердің жинақтаған қаражаты.
  2. Отбасының және достарының жинақтаған қаражаты.
  3. Қарызға алынған қаражат.
  4. Гранттар.
  5. Қорлардың сыйға берген қаражаты.
  6. Меценаттардың қаржылық көмегі.
  7. Демеушілердің қаражаты.
  8. Ғылымды, иновацияны және технологияның дамуына арналған қорлардың қаражаты.
  9. Академиялық және салалық базалық институттар және конструкторлық бюролар, сонымен қатар ғылыми-техникалық мекемелердің қаржысы.
  10. Бизнес инкубаторлар.
  11. Бизнес періштелерінің қаржысы.
  12. Венчурлық капиталисттердің синдикатталған қаражаттары.

Формалдық емес сектор

Кәсіпкердің жинақтаған қаражаты. АҚШ пен Ұлыбританияда кәсіпкердің жинақтаған қаражатыалғашқы дән егу кезеңімен бастапқы кезеңге дейін жетіп артылады (бұлар негізінен әртүрлі бағамен, яғни 59-74% кездеседі) . Ал Ресейде 1996 жылы бұл көрсеткіш басқа қаржыландыру көздерінің жоқ болуына байланысты өте жоғары болған. Жеке жинақтаған қаражаттың шектеулі болуына қарамастан кәсіпкерлер көп жағдайда өздерінің қаражатымен тікелей шыққысы келеді. Бұл олардың болашақта компания акциясының көп бөлігінің иесі болуына үлкен септігін тигізеді. Бірақта, өзіңнің жеке қаражатың таусылғаннан кейін басқа қаржыландыру көздерін іздеуге тура келеді.

Отбасының және достарының жинақтаған қаражаты. Бұл қаражаттар орта мерзімді пайыздық үстемесіз несиеге ұқсайды. Бұлай қарызға ақша алудың артықшылығы ол кәсіпкерді жақсы танитын және адамдық қасиеттеріне сенетін таныстарынан ақша тартудың жеңілдігінде. Бұның ең басты кемшілігі жақын адамдарыңның сенің бизнесіңе қатыса аламын деген сенімнің пайда болуында, сонымен бірге бизнесіңді жүргізу туралы ақыл-кеңес беруінде.

Базалық институттар, бизнес инкубаторлармен инновациялық парктердің қаражаты. Дән егу кезеңінде өнімді өндіруге көп қаражат керек емес. Дегенмен, жобаның авторының, оның отбасының, достарының, таныстарының қаражаты, тіпті, жеке инвесторлардың қаражаты да жетпей қалуы мүмкін. Осы кезде мемлекеттік гранттармен әртүрлі ұйымдардың қайырымдылық гранттары көмектеседі. Сонымен қатар жаңа компанияның қаржылық жағдайын жақсартуға базалық институт қаржылай көмектеседі. Бұл қаражаттар ақшалай емес натуралды түрде беріледі. Мысалы, институт директорлар кеңесі компания негізін қалаушыға құрал-жабдықтарды, байланыс құралдарын, компьютерлерді береді. Сонымен қатар әріптес мамандарда кейбір теориялық және техникалық қажеттіліктерді шешуге көмектеседі. Әрине бұлардың барлығы тегін емес, кәсіпкердің басқа жерден офис ашып, лаборатория құрғанынан гөрі әлдеқайда шығыны аз. Бұданда ыңғайлы жағдайды кәсіпкерге бизнес инкубаторлар жасап береді.

Венчурлық капиталға көңіл бөлген кезде әрине ұзақ мерзімді қаржыландыру көзін тауып алғаны дұрыс. Алайда бұлай әрқашан бола бермейді. Көп жағдайда жаңа әрі қайта жаңа инвестиция көздерін іздеуге тура келеді. Мысалы, жаңа компанияны құруға ынталы адам өзнің бизнес-жоспарымен инвесторға келгенде, олар бұл жобаның перспективті екенін мойындайды, бірақ олар тек нақтырақ жоба жасап келгенде ғана қаржыландырамыз деседі.

Бизнес періштелері. Экономикасы дамыған көптеген елдің тәжірибесінде көрсеткендей жаңа жоғары технологиялық компанияның ерте даму кезінде, бизнес періштелері деп аталатын индвидуалды венчурлық капиталистердің инвестиция құюуы өте маңызды орынды иеленеді. Олардың көбі сауда-саттық пен делдалдық операцияға қатыса бастады. Олар алыпсатарлықтан миллиондап қаржы тауып, сол қаржының біраз көлемін ғылыми-зерттеу және ғылыми-конструкторлық жұмыспен айналысып бастаған әріптестеріне бөлді. Әрине, жайдан-жай емес, қайтарымына жоғары технологиялық компанияны дамыту үшін.

Мәселенің мәнісі, салынған қаражат ұзағынан жақсы экономикалық көрсеткіш бермейтіні анық, себебі ресейлік жеке меншік инвесторлары батыстық бизнес періштелерінен өздерінің ерекше менталитетімен айқындалып тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Венчурлық кәсіпкерлік
Венчурлық капитал
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Бәсекелік артықшылық
Венчурлық жобалар
Қазақстан Республикасында инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері
Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Инвестициялық саясат және инвестициялық қызметті басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz