Құйрықты қойдың құйрығы майға толы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Бет
КІРІСПЕ 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7
1.1 Қой етінің химиялық құрамы 7
1.2 Әртүрлі жағдайлардағы етті сараптау және оның сапасына
тигізетін әсері 11
1.3 Ет сапасына қойылатын талаптар және ұшаны жеке саудаға
сорт бойынша бөлшектеу 12
2.ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Материалдар мен зерттеу әдістері 18
2.2.1 Еттен сынама алу тәртібі
2.2.2 Етті сезімдік зерттеу 18
2.2.3 Етті биохимиялық талдау
2.3 Зерттеу нәтижелері мен оны талдау 19
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ҰСЫНЫСТАР 19
5.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
6.ҚОСЫМШАЛАР 27

34

35
36

1. Кіріспе
Егемендік алғаннан кейін жылдары елімізде ауыл шаруашылығына деген
көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа тың реформаларды қалаптастырып келеді.
Нарық заманында арзан азық–түлікті жоғарғы өнім беретін асыл тұқымдарынсыз
мүмкін болмай отыр. Ендігі кезеңде Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына
кіруге тілек білдіруі халықаралық жаңа сапа стандарттарына сәйкес өнім
өндіруге барша өнім өндірушілерге жаңаша талап қойып отыр.
Қазіргі таңда елбасымыздың тікелей қолдауымен ауылшаруашылығына деген
көзқарас біршама деңгейге жақсарып келеді. Оған себеп 2002-2005 жылдар
аралығы ауыл жылдары болып аталып елді-мекендердегі халықтың әл-ауқаты
дұрысталып қалды. Ауылшаруашылығының негізгі салаларының бірі мал
шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын
асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы
еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап
қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды.
Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген
шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария
саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті
жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды
ұйымдастыру қажет.
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар
үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн
көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады.
Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi
өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың
бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н.
Назарбаевтың "2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары", -
деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.
Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың
даму басымдыктары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан
Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.
Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен
және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа
көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік басқаруды және
мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс
халқының азық-түлік мұқтажын мейлінше қанағаттандыру,
өндірілетін онімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін
арттыру үшін, агроөнеркәсіптік кешенінін тиімді жүйесін қалыптастыру
мақсатында облыс бойыпша 2003-2005 жылдарға аграрлық азық-түлік
бағдарламасы жасалды.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне
байланысты, келешекте ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың
үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне
қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң
мүмкiншiлiгi зор.
Ветеринарияның негізгі мақсаты мал шаруашылығының ветеринарлық-
санитарлық сәттілігін сақтау, одан сапасы жоғары өнімдермен шикі затты

өнімдерді қамтамасыз ету. Осы
аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2002 жылы "Ветеринария туралы заңы"
бекітілді.
Өндірістік тәжірибиеде ветеринарлық - санитарлық сараптау мамандары
ғылыми жетістіктер, тәсілдер мен ережелердің технологиялық және сауда
тұтыну үрдісіне енуінде бақылаушы болып табылады.

Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор,
атап айтсақ:
- адамдардың денсаулығын сақтауда;
-өндірістік экономикада өнімдерді консервілеуде, сақтауда, тасымалдауда
және сатуда;
-қоғамдағы жалпы экономикалық мәселелерді шешуде.
Жануар текті өнімді ветеринарлық – санитарлық сараптау оларды
өндіргенде, барлық өңдеу сатыларында, тасымалдағанда, сақтағанда және
реализация жасағанда өткізеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Орал қаласының Мирлан базарындағы
ЖШС Қараөзен ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасына келіп түскен
қой етін ветеринарлық санитарлық сараптау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
- Мирлан базарына күнделікті келіп түсетін қой етін нормативті
құжаттары бойынша қабылдау;
- қой етінен сынамалар алып, оны сезімдік және зертханалық тәсілдермен
зерттеулер өткізу;
- сезімдік және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қой ұшасы мен
ішкі ағзаларына ветеринариялық санитариялық бағалауын беру.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қой етінің химиялық құрамы
Заяс Ю.Ф. және т.б. мәліметтері бойынша ұша құрамына ет дәнекер, май
және сүйек ұлпалары кіреді. Ұшадағы олардың ара қатынастары малдың түріне,
тұқымына, жынысына, жасына және қоңына байланысты әр түрлі болып келеді.
[1,2]
Таранов М.Т, Павловский П.М. және Мысин А.Т. зерттеулеріне қарағанда
еттің сіңімділігіне және тағамдық сапасына оның ұшадағы орналасуы әсер
етеді. Бел, жон және суыр (жамбас, ортан жілік еттері) етттерінің ет
талшықтары жіңішке, арасында май жиналған, ет тұқымды малда дәнекер ұлпалар
аз. Сондықтан бұл еттер жұмсақ, сөлді және аса дәмді де жұғымды. Еттің
бағалы жері – кіші бел еті – соңғы, үшінші арқа мен төртінші, бесінші бел
омыртқалардан басталып, мықындық сүйектің кіші бұлшық етіне бекиді. Ал,
басты ұстап тұратын мойын, ас қорыту ағзаларын ұстап тұратын көк ет және
аяқтың төменгі еттерінің сіңімділігі төмен, себебі онда май аз және дәнекер
ұлпалар көп, яғни сіңірлі болып келеді [4,5,6]
Колоболотский Г.В. және Соловьев В.И. мәлімдеуінше белогының мөлшері
жөнінен қой еті сиыр етіне жақын, ал шошқа етінен артық, сиыр етіне
қарағанда қой етінде құрғақ зат көп ( сиыр етінде 31,0 – 35,5%, ал қой
етінде 36,9-41,4%) Ұшасының калориялығы сиыр етімен салыстырғанда (33,3-
36,4%) жоғары, ал шошқа етінен (23,1-29,4%) төмен. Бұл мал майының
мөлшеріне тікелей байланысты. [8,9]
Пальмин В.В, Боткина А.Г. өз зерттеулерінде май ұлпасы – май
торшаларынан тұратының көрсетті. Торшалар борпылдақ дәнекер ұлпалармен
бөлінген. Ұлпадағы май мөлшері және оның орналасуы, сол сияқты иісі, түсі,
дәмі және басқа көрсеткіштері малдың түріне, жасына, тұқымына, жынысына
байланысты. Ішкі ағзалардың айналасына (бүйрек, жүрек, шажырқай) жиналады.
Оның массасы сиыр ұшасының 0,5-6,4%, қойдың 0,2-5,4%, шошқаның 1,9-
6,8%асын құрайды. Іш майынан басқа, май тері астына біркелкі жиналса (3-10
мл), ал кейін етті сақтау кезінде массасының кемуін азайтады және етті
мұздатқанда оны үсіктен сақтайды. [10]
Агунькин М.А., Корниев И.Г. Еттің негізгі көмірсуы гликоген(етте 0,6
– 0,8%, бауырда 1,8%) етте бос күйінде немесе белокпен қосылыс түрінде
болады және саркоплазмада біркелкі орналасқан. Бұл аса құнды энергиялық
зат, ет құрамындағы мөлшері, жұмыс істегенде азаяды, ал демалыс кезінде
жиналады. Ауру, аш, шаршаған мал етіндегі гликоген мөлшері, сау мал
етіндегі шамаға қарағанда әлдеқайда аз. [12]
Шаблий В.Я, Игнатьев А.Д. Адамның қалыпты өмір сүруіне биологиялық
құндылығы жоғары еттің маңызы ерекше. Әр түлік мал етінің биологиялық
ерекшеліктері бар. Мәселен, жас организмнің жетілуіне етті тұқымды шошқа
еті қолайлы көрінеді. Ал, қой еті бұл жөнінен шошқа етіне қарағанда төмен
екен. Сиыр еті осы екі мал етінің аралығында, сондықтан ол орта жастағы
адамның тағамдануына дұрыс келеді. Жылқы етінің өзіндік қасиеті бар екені
кейінгі кезде белгілі болып отыр. Жылқы еті белогының тиімділік
коэфицентінің жоғарылығы, онда өзіндік биологиялық белсенді заттардың бар
екенін көрсетеді. [13]
Боярская А.Б, Кутукова И.М. Ауыл шаруашылық өнімдерін биологиялық
бағалаудың маңызы зор, ол көп елдерде ғылымға және өндіріске ендірілуде.
Азықты биологиялық бағалау кейбір қалыптасқан түсінікті өзгерту мүмкін. 70
жылдары Л.Н. эрнест Малды азықтың бір түрімен ғана азықтандыру
технологиясын ұсынған еді. Кезінде қабылданбаған бұл технологияға бүгінде
басқаша қарайды. Бұқашықтарды 6 және 9 ай бойы бір ғана азықпен, сұлының
дәнінің сүттенген кезінде азықтандырғанда, оның барлық көрсеткіштері
жақсарған: зоотехникалық, тауарлық ( ет шығымы), сапалық (биологиялық құны)
және сезімдік (дәмі, түсі). Бұл еттің организмге, өсіру әсері, кәдімгі
рационмен азықтандырылған мал етіне қарағанда 18% жоғары, ал ет шығымының
жоғарылығы оның биологиялық потенциалын 20% артық екенін көрсетті.
Тағамдық өнімді биолоиялық бағалау, оның сапасын тез арада анықтауға
мүмкндік береді. Өнімнің зиянсыздығы және нәрлігіде оның сапасының бір –
бірімен байланысқан көрсеткіші. Зерттеулердің нәтижесі, ауру мал етінің
нәрлігі, сау мал етіне қарағанда 20% төмен екенін көрсетті. [14]
Қырықбайұлы С, Тілеуғали Т.М. Қой еті – ашық қызыл немесе қоңыр қызыл
түст. Ол негізінен малдың жасына байланысты еттің қатқылдылығы, сиыр етіне
қарағанда жұмсақтау, ет талшықтары қысқа. Қой етінің өзіндік иісі бар. Кәрі
қой етінің иісі ұшпа май қышқылдарының көп болуына байланысты, күштірек
сезіледі. Жүндес қой етінен шайыр иісі білінуі мүмкін. Қозы еті ақшыл қызыл
түсті, иіссіз, жұмсақ. Тері астындағы май ақ түсті, қатқыл, үгілмелі, ал іш
майы ақ немесе ақсұр түсті, қатқыл. [15]
Нұрғалиев Б.Е. Еттегі рН мөлшері ондағы көмірс мөлшеріне және бұлшық
еттегі ферменттердің белсенділігіне байланысты. Мал тірі кезінде ет әлсіз
сілтілі болады. Малды сойғаннан кейін еттегі ферменттердің әсерінен сутек
ионының концентрациясы қышқылдық жағына өтеді. Ал қиналып өлген мал етінде
өзгерістер болмайды. [16]
Қырықбайұлы С, Тілеуғали Т.М. Етті сақтау барысында ол әртүрлі
өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Оның бірі етте ақзатты ыдыратпайтын
микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде (ет түсінің көкшілденуі, қызаруы,
сәулеленуі) болса, басқасы етте жүретін өзгерістерге байланысты(қараюы,
көгеруі, жалқақ басуы, иістенуі). Бұл өзгерістер нәтижесінде ет тек қана
сыртқы түрінің жағымсыздануы ғана емес, сонымен қатар тағамдық бағасын
жоғалтады немесежеуге жарамсыз жағдайға келеді.
Еттің бұзылуының ең қауіпті түрі оның иістенуі , бұл кезде микробтардың
әсерінен, ақзат ыдырап адам организміне қауіпті заттар түзіледі. [15]
Рогов И.А. Ет саудаға шығаруға, қоғамдық тамақтану және тағамдық
мақсатта өндірістік өңдеуге ұшаларда өндіріледі. Қой етін термикалық
жағдайына байланысты суыған, салқындаған және қатырылған, ал қондылығы
бойынша екі категорияға бөледі.
Қой етінің жартылай ұшаларын ГОСТ 1935 талаптарына сәйкес суытылған күйінде
қолданады (негізінен бұл I категориялы қой етіне қатысты). [17]
А.К. Смагуловтың мәліметтерінде бұлшық ет құрылымының, май торшаларының
құрамындағы май, еттің дәмін және де тағамдық құнарлығын арттырады. Май
қышқылдарының құрамы еттің тағамдық құндылығының маңызды көрсеткіші болып
табылады. Ол етке жоғары қуаттылық, жұмсақтық және хош иіс береді. [18]
И.А. Роговтың мәліметі бойынша құрамында дәнекер ұлпасы мол ет қатқыл
дәмдену процесі біршама ұзағырақ жүреді. Еттің жұмсақтығына – дәнекер
ұлпасының құрамы, коллаген және эластин арақатынасы, мукополисахаридтер
қасиеті, полимеризация деңгейі әсер етеді. [17]
Бұлшық ет консистенциясы оның коллаген және элластин талшықтарының
мөлшеріне, оның малдың тірі кезіндегі физикалық жұмысына байланысты, яғни
дәнекер ұлпасы ет жұмсақтығына әсер ететін жалғыз фактор болып табылады.
Демек, сақа малдың еті жас жануарлардың етіне қарағанда дәнекер ұлпасы аз,
сондай-ақ оның қуаттылығыда айтарлықтай жоғары.
Крылова Н.Н., Лясковская Ю.Н. Еттің негізгі белоктары физикалық-
химиялық қасиеттеріне орай глобулиндерге ұқсас, олар суда және тұзды
ерітінділерде ериді.
Ет белоктарына миозин, актин, актомиозин, тропомиозин және т.б. жатады.
Ет саркоплазмасында миоген, миоглобин, миоальбумин және глобулин Х,
сарколемасында эластин, коллаген, нуклеопротеин белоктары болады. [19]
Часный П.М., Соколов А.А. Ет, ағзаға жақсы сіңетін, тиімді деңгейдегі
ара қатынастағы белок, май, көмірсу, сірінді және минералды заттардан
тұрады. [20]
Буйнов С.В., Винников Н.И., Хамикаев Р.С. Мал майының биологиялық
құндылығы, емдік қасиеті ондағы қанықпаған май қышқылдарына және басқа да
адам ағзасында түзілмейтін, бірақ физиологиялық және алмасу үрдісінде
ерекше маңызы бар липоидты қосылыстарға байланысты. Арық мал майының
биологиялық құндылығы да, сіңімділігі де төмен. Онда қанықпаған май
қышқылдары аз, ал қаныққан май қышқылдарының мөлшері жоғары.
Мал майында қанықпаған май қышқылдары көп болса, оның еру және қату
температурасы төмен, ағзаға сіңімділік қасиеті жоғары. Жоғары температурада
еритін май ұзақ қорытылады және толық сіңірілмейді. Әр түлік мал майы бір-
бірінен түсі, консистенциясы және балқу температурасы бойынша ажыратылады,
бұл көрсеткіштер малдың қоңдылығына, физиологиялық жағдайына байланысты.
[22]
Крылова Н.Н., Лясковская Ю.Н. жазбаларында адам ағзасының алмаспайтын
амин қышқылдарына қажеттілігі негізінен тағамға етті пайдаланумен өтеледі.
Әрине, ет белогының бәрі бірдей толық бағалы емес. Олар амин қышқылдарының
құрамына және орналасуына байланысты биологиялық құндылығы да әр түрлі
болады. Дәнекер ұлпалары белгілі мөлшерден асқан соң, еттің биологиялық
құндылығы төмендейді. [19]
Колоболотский Г.В. Сиыр және қой етінде өзіндік жағымды иісі бар. Жаңа
сойылған еттің консистенциясы жұмсақ, салқындатылған етте тығыз. Пісірілген
және қуырылған еттің дәмі жағымды, хош иісті. Піштірілмеген, кәрі және
жұмысқа жегілген малдың етінің дәмдік қасиеті төмен болады. Еттің тағамға
жарамсыздығы еттен жем-шөптің, дәрі және жыныс бездері өнімдерінің иісі
шығып тұруы себеп болады [8]
Метревели Т.В., Зайцев С.Ю., Конопатов Ю.В. Еттің тағамдық сапасын
анықтауда, ондағы экстрактивті заттардың маңызы зор. Олар етке аспаздық
өңдеу барысында өзіне тән дәм, хош иіс береді және биологиялық белсенділік
қасиеттері бар. Сорпаның өзіндік дәмі, иісі осы экстрактивті заттарға
байланысты. Қой етінде экстрактивті заттардың жалпы мөлшері 1,8-2,2%, оның
ішінде азотты (1-1,6%) және азотсыз (0,6-1,2%) заттар бар. Бұлар
организмдегі зат алмасуына белсенді түрде қатысады. Азотты экстрактивті
заттар ішек-қарын бездеріне әсер етіп, сөл бөлуді жылдамдатады, яғни адам
тәбетін қоздырады, тамақтың сіңімділігін жоғарылатады. Карнозин және
ансерин ас қорыту бездерінің сөл бөлуін күшейтсе, холин ішек жұмысын
реттейді, сонымен қатар дәрумендік зат болып табылады
Ағзада витаминдердің жетіспеушілігі немесе қандай да болмасын біреуінің
мүлдем жоқ болуы асқорытудың бұзылуына әкеп соғады. Витаминдердің
жеткіліксіздігінен жануарларда авитаминоз пайда болады. [27,28]
Пальмин В.В., Боткина А.Г. Май ұлпасы – май торшаларынан тұрады.
Торшалар борпылдақ дәнекер ұлпалармен бөлінген. Ұлпадағы май мөлшері және
оның орналасуы, сол сияқты иісі, түсі, дәмі және басқа көрсеткіштері малдың
түріне, жасына, тұқымына, жынысына байланысты. Ішкі ағзалардың айналасына
(бүйрек, жүрек, шажырқай) жиналған май – іш майы деп аталады. Оның
массасы сиыр ұшасының 0,5-6,4%, қойдың 0,2-5,4%, шошқаның 1,9-6,8% шамасын
құрайды. Іш майынан басқа, май тері астына біркелкі жиналса (3-10 мм), ол
кейін етті сақтау кезінде массасының кемуін азайтады және етті мұздатқанда
оны үсіктен сақтайды. [29]
1.2 Әртүрлі жағдайлардағы етті сараптау және оның сапасына тигізетін
әсері
Қой, ешкі қоңдылығы жоғары, орта, ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
Жоғары дәрежелi қоңдылықта – арқа және бел бұлшық еттерi жақсы
жетiлген, арқа, бел омыртқаларының (шоқтықтан басқа) жоталық өсiндiлерi
бiлiнбейдi. Терi астындағы май арқада,белде және қабырға үстiнде жақсы
бiлiнедi. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы.
Орта дәрежелi қоңдылықта – арқа, бел еттерi қанағаттанарлық жетiлген,
бел омыртқалардың жоталық өсiндiлерi, жамбас сүйектерінiң басы аздап
шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсiндiлерi шығыңқы; белiндегi,
терi астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында
аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан төмен қоңдылықта-етi төмен, омыртқалардың жоталық өсiндiлерi,
қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектiң басы жақсы байқалады,
терi астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында аздаған май
жиналған. Жалпы қойдың жүнi қалың, әрi тығыз болғандықтан, оның қоңдылығын
ажырату едәуiр қиындық туғызады. Тапсырушы мен ет комбинаттарының
кызметкерлерiнiң арасында мал қоңдылығын ажыратуда келiспеушiлiк болса,
мал қоңдылығын ажырату үшiн тексеру сойысы жүргiзiледi, де еттiң сапасы
бойынша қоңдылығы ажыратылады.
Қой ұшасының қоңдылығы мемлекеттік стандартқа сәйкес (МС 1935-85), екі
категорияға бөлінеді.
1 – категориялы қой (ешкі) етіне, ұшадағы бұлшық еттері қанағаттанарлық
дамыған, арқа, шоқтық омыртқалардың жоталық өсінділері аздап білінетін
қыртыс майы жұқа қабатпен жотаны, белдемені толық жауып, ал қабырғаны,
құйымшақты және сан еттерін толық жаппайды (төменгі көрсеткіштері).
2 – категориялы қой (ешкі) еті – ұшадағы бұлшық еттер нашар дамыған,
сүйектері білініп – шығып тұрады. Еттің кейбір жерлерінде жұқа шел майын
кездестіруге болады, бұл көрсеткіштерден төмен қоңдылықты ет арық етке
жатқызылады.
1 –категориялы қой ұшасына 5 домалақ таңба басылады; 2 жағынан
жауырынға, санына және 1 таңба төске (оң жағынан) басылады. Ал басқа
жағдайда жауырын және саңға басылады (ұшада 4 таңба).
1.3 Ет сапасына қойылатын талаптар және ұшаны жеке саудаға сорт
бойынша бөлшектеу
1 Мал жiберушi шаруашылық мамандары, станция кызметкерлерiмен бiрге
вагондарды мал тасымалдауға жарамдығын тексередi. Темiр жол әкiмшiлiгi мал
тиеуге таза жуылған, қажеттi жағдайда зарарсыздандырған, мал тасымалдауға
лайықталған арнайы вагондар бөлуге тиiс;
2 Тасымалдау кезiнде малға қажеттi азықтың қажеттiлiгiн анықтайды;
3 Малды клиникалық тексеруден өткiзедi, дене қызуын анықтайды.
Малды тасымалдауға рұқсат етiлсе мал дәрiгерлiк куәлiкке белгi соғады,
ал тасымалдауға рұқсат етпесе ол туралы акт толтырылып, мал дәрiгерлiк
куәлiк аланады. Одан соң станция бастығына және жолдың мал дәрiгерлiк
қызметiне хабарлайды. Малды тексеру күндiзгi уақытта, малға 2-3 сағат
демалыс берiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Мал алаңда кiшкене шарбақ iшiнен
бiртiндеп өткiзiлiп, дәрiгерлiк байқаудан, термометриядан өткiзiледi.
Тасымалдауға жарамайтын мал бөлек жиналып, акт толтырылады. Егер
тексерiлген мал iшiнен жұқпалы ауру шықса немесе күмәндi болса барлық мал
тасымалдауға жіберiлмейдi. Ол шаруашылыққа қайтарылады немесе белгiленген
тәртiп бойынша сою үшiн ет комбинатына жiберiледi.
Мал тиеуге арналған вагонды темiр жол шарбақпен, ал шаруашылықты
қосымша жабдықтайды. Малды вагонға тиеу арнайы станцияда жүргiзiледi. Онда
малды вагонға кiргiзуге арналған жаны қоршалған баспалдақтары болуы тиiс.
Малдың вагонға сыйымдылығы оның түрiне, салмағына, көлемiне
байланысты. Жылқы вагонда есiк аралық кеңiстiкке қарай бойлық бiлiг3не
параллель орналастырады. Вагонның әр бөлігiне екi қатардан байланады.
Жылқыны вагонға тиер алдында мiндеттi түрде тағасын алады. Жылқы
тасымалдайтын төрт бiлiктi вагонға төрт көлденең мал байлайтын тақтаймен,
екi тақтай- есiк жақтауына, екi ұзынша және төрт ақырлық тақтайлармен
жабдықталады.
Сиыр вагонда ұзына бойына немесе көлденең орналастырады. Сойыс малы
негiзiнен вагонда көлденең орналастырады. Iрi мал вагонда байлаулы тұрады.
Ал бұзау, қой-ешкi, шошқа байланбайды. Жаздың ыстық күндерiнде шошқа
вагонға қалыптағы жағдайдан 10-15( кем тиеледi. Ал температура 25 (С артық
болса, салмағы 100 кг артық шошқаны тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ
қыстыгүнi 25 (С төмен жағдайда шошқа тасымалдауға жiберiлмейдi.
Жүк жiберушi станция жолсерiкке тасымалдау куәлiгiн, ал мал артушы
шаруашылық сонымен қатар малдың қайдан шыққанын, қайда жол журналын
тапсырады. Жолсерiктер малды қай жерде суаруға, қиды, өлексенi қайда
түсiруге болатыны туралы ескертiледi. Мал түгел тиелiп болған соң, мал
дәрiгерi малдың орналасуын тексерiп, жолсерiктермен оны күтiп-бағу және
ауырған жағдайда бiрiнші көмек көрсету туралы нұсқау бередi, мал тиеу
актiсiн толтырады. Акт мал жөнелтушi шаруашылықтың, бекет қызметкерiнiң
және аға жолсерiктiң қатысумен жасалады. Оған жолсерiктердiң аты-жөнi,
оларға бекiтiлген вагон номерлерi көрсетiлген тiзiм қосылады. Актiнiң
бiрiншi данасы көлiк - мал дәрiгерлiк мекемесiнде қалады, ал екiншi
данасы мал дәрiгерлiк куәлiк аға жолсерiкке тапсырылады.
Мал жолда жазды күнi тәулiгiне кемiнде екi рет, ал қыс кезiнде бiр рет
суарылуы тиiс.Орташа есепппен әр суарғанда жылқыға- 8-12, сиырға-12-15л,
бұзауға 8-12 л, қой ешкiге – 1-1,5 л, тауыққа 40-60 мл су қажет. Ал
тәулiгiне жылқыға 20-30 л, қойға 3-4 л су берiлуге тиiс.
Мал тиелген вагон тиiстi жерге келген соң, ол туралы жергiлiктi
транспорт мал дәрiгерiне хабарланады. Ал мал алушы малды тек қана мал
дәрiгерi қарап, ешқандай ауру-сырқауға күдiк тумаған жағдайда, барлық
құжаттар тексерiлгеннен соң қабылдайды. Ал вагон санитарлық тазалауға
жiберiледi.
Малды айдау. Кейде ет комбинаттарына мал айдап әкелiнедi. Мүмкiншiлiк
болған жағдайда оны далада жайып семiртумен ұштастыру тиiмдi. Бұл жол
бойында жақсы жайылым болғанда ғана мүмкiн. Дайындау ұйымдарының мал
дәрiгерi сойыс малын айдау алдында мал дәрiгерлiк тексеруден өткiзедi,
егедi т.б. тиiстi жұмыстады жүргiзедi. Айдалатын малды түрiне, жасына
қарай топтайды. Сиыр табыны 150-200, қой отары 500-1000 бастан тұрады.
Топтағы малдың денi сау болуына табын, отар басшысы жауапты. Оның қолына
конверттiң iшiне салынған табын ведомосi, мал дәрiгерлiк куәлiк және малды
қай жермен айдау керектiгiн көрсететiн жол журналы берiледi, мал
дәрiгерлiк қол аптечкасы тапсырылады. Малды айдау жылдамдығы тәулiгiне
сиырға 12-15 км, қойға 7-8 км. Жайылым нашар болған жағдайда жылдамдық
тиiсiнше 15-25 км дейiн жоғарылатылады. Әрине, малды айдау жылдамдығы
сонымен қатар жер бедерiне, ауа райына байланысты. Малды тәулiгiне 2-3 рет
суарады. Су, жайылым жеткiлiксiз болған жағдайда су, азық жол-жөнекей
тасылып берiледi. Мал дәрiгерлiк бақылауды арнайы мал дәрiгерлiк бақылау
ұйымдары, жергiлiктi мал дәрiгерi жүргiзедi. Егер жолшыбай белгiлерi ұқсас
аурумен бiрнеше мал ауыра қалса немесе өлсе, малды әрмен қарай айдау
тоқтатылады да бұл туралы таяудағы мал дәрiгерлiк мекемелерге хабарланады.
Егер ол жұқпалы ауру деп табылса, мал карантинге қойылады.
Қасапхана. Ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы арқылы салынады.
Қуаттылығы бойынша типтiк жобадағы қасапханалар үш топқа бөлiнедi. Олар
бiр айналымда 25610 немесе 5-7 сиыр союға арналған. Сонымен қатар мұндай
қасапханаларда қойды союға болады. Бұл малды союға оны мүшелеуге және
терi, iшектi өңдеуге негiзделген. Сонымен қатар онда тоңазытқыш та бар.

Бiр айналымда 10 және 25 сиыр союға арналған қасапханаларда
төмендегiдей құрылыстар көзделген. Мал қабылдайтын аула, оны ұстауға
қажеттi қалқасы бар алаңдар, сою цехы, май, iшек, тері тұздау және өңдеу
бөлiмдерi, еттi, субөнiмдерi тоңазытатын, мұздататын тоңазытқыштар, оларды
сақтауға арналған тоңазытқыштар, шұжық бөлiмi және әр түрлi қажеттi қосымша
құрылыстар. Сонымен қатар ақауы бар еттi зарасыздандыруға арналған қазан,
оны сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш бөлiмi болуға тиiс.
Техникалық жабдықталуы және мал дәрiгерлiк-санитарлық талаптардың
орындалу мүмкiншiлiгi жөнiнен, мал өңдеу кәсiпорындарына қойылатын
талаптарға бiр айналымда 25 сиыр союға арналған қасапханалар сәйкес
келедi. Ал ауылдың жерлерде мал дәрiгерлiк-санитарлық талапқа және
механикалық жабдықталуы жөнiнен алғанда бiр айналымда 10 сиыр союға
арналған қасапханалар тиiмдi. Онда тұтыну кооперация арқылы халықтан
сатып алынған жеке меншiктегi қой, сиыр, салқындатылған еттi және
субөнiмдердi шығаруға болады.
2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Материалдар мен зерттеу әдістері. Жалпы Орал қаласының Мирлан
базарындағы ЖШС Қараөзен ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасына
келіп түсетін барлық тағам өнімдерін ветериинарлық-санитарлық тексеріп қана
қоймай олардың санитарлық жағдайына кепілдік береді. Жарамсыз деп табылған
өнім, яғни адамды уландыратын немесе оларда түрлі аурулар тудыратын өнімдер
сатылуға жіберілмейді немесе жойылады.
Мирлан базарының ветеринариялық зертханасы екі бөлімнен тұрады:
1 Сиыр, жылқы, қой еттері және шұжық, жұмыртқа, ірімшік және сүзбе
зерттелетін бөлім.
2 Шошқа еттері, балық, ысталған шошқа еті және сүтті зерттейтін бөлім.
Дипломдық жұмысты орындау үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- ветеринарлық санитарлық қарауды ұшада және қойдың ішкі мүшелерін
нормативті құжаттар бойынша сараптау;
- екінші және үшінші күнге дейін тұрып қалған ұша етінен сынама алып
биохимиялық талдау жүргізіп, қорытынды жасау.
Біздің қатысуымызбен қой етін Мирлан базарындағы ЖШС Қараөзен
ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасында сараптау зерттеулер ВССЗ
4.05.09-30.05.09 аралығында жүргізілді.
Зерттеу нысандары болып ет ұшасы және ішкі мүшелер сонымен қатар ұшадан
алынған сынамалар болып табылды. Барлығы – 18 қой ұшасы зерттелді.
Ветеринарлық қарауды ет ұшасымен ішкі мүшелердің Ветеринарлық санитарлық
сараптау базарда оларға құжаттар құрылып, басты, ішкі органдарды, ұшаны
қарау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой, ешкі және жылқы қондылық дәрежесі
Ірі қара мал қоңдылығы
Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы
Жылқының коңдылығы
Жылқы қондылығы
Малдың қоңдылығын анықтау
Шошқа қоңдылығы
Сойыс малдары
Қой қоңдылығын анықтау
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы
Пәндер