Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Мазмұны:
І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дене шынықтыру жүйесінің мақсат-міндеттері . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 6-9
2.2. Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары мен бағыттары . . . . . . . . . .
10-16
2.3. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .17-18
2.4. Дене шынықтыру құралдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 19-27
2.5. Мектептегі дене шынықтыру құралдары . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .28-32
ІІІ. Практикалық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .33-37
IV. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 39
І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің
қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала
түседі, көзі қырағыланады, зеректігі тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле
түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады.
Ұстамдылығы жағдайларды салыстырып бағдарлау іскерлігі тағы басқа жетіле
түседі, - деп аса үздік педагог Надежда Константиновна Крупская айтып
кеткендей, әрине бала тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындары балалар үшін ең
маңызды дүние.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың физкультурасының негізгі
тұтқасы болуы тиіс - деп жазды Е.А.Аркин. Демек, ойындар арқылы бала өзіне
райдалы қозғалыс әрекеттерін меңгереді және оған жаттығады. Қимылды ойындар
арқылы бала өзіне пайдалы қозғалыс әрекеттерін меңгереді және оған
жаттығады. Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін
ойындарының құбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырыстарды орындау
үшін қолдануына мүмкіндік береді. Күш, ептілік, жылдамдық, төзімділік
сияқты сапалар қимылды ойындар процесінде әсіресе жарыс элементтерін
өткізілгенде өседі және жетіледі.
Осы тұрғыдан келгенде курсытық жұмысымыздың тақырыптық
өзектілігіне тоқталсақ, мектепке дейінгі балаларға қимыл-қозғалыс ойындарын
үйрету әдістемесіне нақты дәлелдемелерге сүйене отырып, жан-жақты зертеп,
ғалымдардың пікірімен санаса келе, қимылды ойындардың бала өміріне пайдалы
тұстарын молынан жеткізу болашақ жастар үшін өзекті мәселеге айналып отыр.
Мақсаты мен міндеті: Дене шынықтыру ойындары арқылы баланың
физикалық және психикалық дамуының осы тығыз байланысын қазіргі заманғы
ғылыми зерттеулерде көрсетілгендей оны практика жүзінде де дәлелдеу басты
мақсат, сонымен қатар, қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі
балаларды тәртіптендіреді, еркіндікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін
қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білудің қажеттілігі өзіндіктің,
жеке басының және басқа салаларының қалыптасуына жағдай жасайды.
Зерттеу объектісі: Дене шынықтыру ойындары ғылым жолында да,
практикалық тәжірибеде де арнайы зерттеліп жүрген тақырып. Көптеген қимылды
ойындардың танымдық мәні бар, өйткені олар хайуанаттарға, құстарға
еліктеумен, адамдардың нақтылы әдістерін жаңғыртумен байланысты.
Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі
бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа
сөздердің мәнін біледі, сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді
айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабағы мектеп жасына дейінгі балаларға дене
тәрбиесін беру масқатында өткізілетін ойындарды шамамен екі түрге бөліп
қарастырады: 1) қимылды ойындар: сюжетті және сюжетсіз; 2) спорттық
ойындар, элементтері бар ойындар, баскетбол, стол теннисі, футбол, хоккей
және басқалары. Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды
ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойындардың творчестволық
әрекеттері орындайтын рөлдеріне байланысты болады. Творчестволық рөлдік
қимылды жиындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-қылықтарын
реттейді, ойындардың өзінің жүргізу барысын нақтылайды. Қимылды ойындар
бала денесінің жан-жақты өзіне ықпал еткенімен, программада олар негізгі
қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру және жүгіру, еңбектеу және өрмелеу,
секектеу және секірулер, лақтыру және қағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі
бағдарлау ойындары.
Ойындарды жоғары, орташа және аз қимылдар деп бөледі. Қозғалғыштық
дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның
белсенділігімен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың
санасына қарай анықталады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі: Зерттеуге
спорттық ойындарын үйретудің методиканың ғылым саласындағы дәлелдер арқылы
соңғы кезде орын алған теориялық және методикалық әдіс-тәсілдер негізге
алынады: жүйелілік, біртұтастық, салыстырмалылық, жинақтау, саралау,
талдау, т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім,
қорытындылардан тұрады. Негізгі бөлім төрт тараушадан тұрады. Сонымен қатар
жұмысты жазу барысындағы жоспар мен жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі берілген.
Көрнекі ғалымдардың бірі П.Ф.Лесгафттың қимыл-қозғалыс ойындарының
теориясы мен методикасын жасаудағы еңбектеріне сүйенсек, әйгілі орыс
педагогы Россияда дене тәрбиесінің өзіндік жүйесін талдап, қимыл-қозғалыс
ойындарына көп мән берген. Ойынды Лесгафт жаттығу ретінде тұжырымдайды,
оның көмегімен бала өмірге дайындалады. Ол дербес әрекет болып табылады,
онда баланың жеке өзінің инициативасы дамиды, оның адамгершілік қасиеті
қалыптасады.
Әрбір ойынның, - деп атап көрсетеді Лесгафт, - белгілі мақсаты
болуы керек, ол ойынның формасы – сол мақсатқа жауап беруі керек. Ойын
кезіндегі әрекет баланың өзін-өзі билеу білуімен сай келуі және рахат
сезімінің шарықтауына туғызуы қажет; бұл әрекеттер жүйелі түрде өткізілетін
жағдайларда алдын-ала күшейтіледі. Ойындарды мазмұны мен ережесі жөнінен
күрделендіру қажет. Лесгафт ойындардың жаңа шарттар, жаттығулар, әрекеттер
варианттарын енгізуді ұсынады. Осы арқылы неғұрлым жоғары талаптар қойып,
өзі білетін әрекеттерді қайталауға, сондай-ақ ойындарға баланың
қызығушылығын сақтай отырып, олардың балаға жүйелі түрде әсер етуіне жетуге
болады.
Демек, осы аталған ғаламның қағидалары қимыл-қозғалыс ойындарының
теориясы мен практикасын одан әрі дамыту үшін негіз жасайды. Бір ғана
Лесгафт емес, басқа да ғалымдардың қимыл-қозғалыс ойындарының балалар үшін
маңызды ережелерін оқи, әрі ескере отырып, негізгі бөлімімізде әр саланы
жеке-жеке күрделендіре, әр дастағы және топтағы ойынның, соның ішінде қимыл-
қозғалыс ойындарының балалар үшін маңыздылығына толығырақ нақты тоқталып
өту міндет және ғалымдар көзқарасын талдау қажет.
2.1. Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық,
құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы
және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-
тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты
дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі
жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене
шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты
күшейту.
3. Тәрбиелік міндеттер – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру,
өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Дене тәрбиесі әдістемесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру
негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі қоғамымыздың басқа
әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз
байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі – дене тәрбиесі жүйесінің
қоғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да, сол
ортаға өндірістік қатынастардың негізі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның
әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысы реттеуде құқықтық
күші бар көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Қазақстан Республикасы
конституциясының 23-бабында нақты көрсетілген.
Ғылыми-әдістемелік негіз. Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-
әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және тәжірибелік
ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.
Дене шынықтыру жүйесін қоғамдық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина,
т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі ілімі мен
әдістеме пәні алады.
Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде президенттік сынамалардың
маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасындағы халықтардың дене шынықтыру даярлығының
президенттік сынамалары туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалар – халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке
дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастарға арналған сынамалар
президенттік және ұлттық деңгейден тұрады.
1. Президенттік деңгей жан-жақты дене қуаты даярлығы бар, дені сау
адамдарға арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері
бойынша спорттық секцияларда, топтарда дене тәрбиесі және спортпен жүйелі
түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан адамның денсаулығын айқындайтын президенттік
сынамаға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған адам ағзасы қызметін
бағалаудың неғұрлым сенімдігі тәсіліндегі 1,5 милге (2400 м) жүгіру
нәтижелері енгізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін
мектептердің 5, 9, 11-сыныптарында, кәсіби-техникалық мектептердің,
колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курстарында өткізіледі.
Жастар үшін дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жарыстар
өткізіледі.
Президенттік сынамалар түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық
жастар ісі мен саяхат және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес,
әр оқу орнының, кәсіпорынның дене шынықтыру мұғалімдерінен,
жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы
өткізіледі.
Президенттік сынамалардың республикадағы, облыстардағы,
аудандардағы, қалалардағы орындалуы жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау
жасау ісін Қазақстан Республикасының жастар ісі мен саяхат және спорт
басқармалары (комитеттері), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің дене тәрбиесі басқармалары жүзеге асырады.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың
жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби-техникалық
мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың
әкімшіліктеріне жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі тәжірибелік жұмыстарды
жүргізу оқу орындарында – дене шынықтыру мұғалімдеріне, медициналық
қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт
жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге
жүктелген.
Президенттік сынамаларға енгізілген сынақтардың түрлері: 60, 100,
1000, 2000, 3000 метрге және 1,5 милге (2400 м) жүгіру, тұрған орнынан
ұзындыққа секіру, биік кермеге тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені
көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру жаттығулары.
Тағы да бір маңызды сынамалық негіз – спорттық топтастыру.
Республикалық спорттық топтастыру дегеніміз – жасөспірімдер дәрежесінен
бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру, соның ережесін
бекітіп, тәртібі мен сынамаларын белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге
жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, мектептердің, спорт қоғамдарының
жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз болады.
Спорттық топтастыру КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының
егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде топтастыру
мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене
шынықтыру жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар
мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында, әскери
бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлкеттік, қоғамдық мекемелерде
ұйымдастырылады.
Сабақ мемлкеттік бағдарламада көрсетілген ресми кесте бойынша
жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі
шешіліп, материалдық негіз жасалады. Республикамызда дене шынықтыру жұмысын
басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік ұйымдар бар.
Дене шынықтыру сабақтарын белгілі спорт саласының арнайы
мамандандырылған мұғалімдері, оқытушылары, сондай-ақ, кәсіби жаттықтырушы,
нұсқаушылары жүргізеді. Қоғамдық ұйымдастыру әр жастағы адамдарды дене
шынықтыруына неғұрлым көбірек тартуға бағытталған. Қоғамдық ұйымдастыру
түрінің ең басты ұйымы – спорт клубы. Дене шынықтыру және спорт
қозғалыстарын кәсіподақтық және ведомостволық ерікті спорт қоғамдары
басқарады. Ерікті спорт қоғамдарын басқару демократиялық, орталықтан
басқару қағидасы бойынша, сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттығу
түрінің маңызы артты. Денсаулық сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстар,
клубтар пайда болды. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамның қалауындағы спорт
түрімен айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке меншік спорттық
ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Дене шынықтыру қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене шынықтыру жүйесінің негізгі үш бағыты бар: жалпы дене
шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып,
қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары.
Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары және
санитарлық-гигиеналық факторлар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз – еңбек пен
әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану
үрдісі. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне
ұқсас жаттығулар қолданылады.
Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі
қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін
арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету
жолындағы ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
2.2. Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары
Қағида – бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене тәрбиесі қағидаларына адамның үйлесімді дамуы, дене шынықтыру
қағидаларының еңбек ету мен Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене
шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып,
жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін
қалыптастырады, адамның көркемдік-әсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан-жақты дамытуға арналған
жаттығулар дене шынықтыру үрдісі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін,
дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек
ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шынықтырудың жеткіншек
ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін
көрсетеді. Қазір азаматтың және әскери мамандық адамының дене күшін көп
талап етеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын
нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге
ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысқан адамдар мамандық
игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5 – 2 есе
аз жұмсайды.
Дене күші дайындығына, өсіресе әскерде үлкен мән беріледі.
Сарбаздың кәсіптік қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше
жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне, т.б. байланысты.
Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық лицейлерде,
арнаулы орта білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға
дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін сол кезеңнен
бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, т.б. тәрбиелеу керек.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене
шынықтыру жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс.
Бүл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына
байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылықтарын, адамның жас
ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық
тәсілдерді жөне дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол
денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Дене шынықтырудың міндеттері
Дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге,
еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру үзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға
негізделген педагогикалың үрдіс.
А) денсау лықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру,
дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге ңажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін ңалыптастыру, оның
ішінде қолданбалы сипаттағы ңозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалың ңасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік)
дамыту;
д) арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру.
Адамдардың денсау лығын нығайту, өмір сүру қабілеттерін күшейту дене
шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр түрлі дене шынықтыру қүралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру
дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты өсерін
тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Дене жаттығулары – дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады.
Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді,
орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан ай- налым
жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бүлшық ет топтарының қызметін күшейтеді,
дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың
тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне
уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буын дық
аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бүлшық еттердің барлық
топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі
ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бүлшың еттерін) дамытуға
көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе
қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның
ішінде жүрек бүлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет
болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта
240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында
спортшының жүмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жұмыс істеу қабілеті
жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу
қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың
тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жүмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға
себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см
жетеді.
Жалпы дене шынықтыру дайындығы адамдардың өмірде, еңбек әрекетінде
маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу,
секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты
лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан
қалыптастыру дене шынықтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып
табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және
қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена)
құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының
жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің
маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін,
ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан
дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нұсқаулар алады. Осы жағдайда
спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін
шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін,
адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара
көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп
ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жақсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтың жаттығулар, саяхаттар, жарыстар,
мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері – күш-қуат,
жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің
сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар
арқылы іске асады.
Күш-қуат – ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын
ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр
түрлі қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда
болуына себепші жаттығуларға – кермеге тартылу, белгілі ауыр заттарды
көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан үзындыққа секіру және т.б. жатады.
Дененің сапалық қасиеті – күш-қуатты дамытуға өр түрлі салмақ- тағы
заттарды (үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты
заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің
өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу жөне тік қойылған сатының, тақтайдың
бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу жөне т.б.), созылмалы
заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру
жөне итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық – бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау
қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына
(қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың
жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты
болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл
реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу
ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамдық қасиеттерін тәрбиелеу
үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін
тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын жөне
қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері
бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік – қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған
қызметке орай тез ауыстыру жөне жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік
қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен
амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю жөне босаңсу дәрежесін айыра білу,
сондай-ақ уақытқа жөне кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады.
Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып
жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен
жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру жөне т.б. жаттығулар
жатады.
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі
қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау
үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға
қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып
бөлінеді.
Жалпы шыдамдылық – ол адамның бұлшық еттері топтарының жұмыс жасап
тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жұмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті
(мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).
Арнаулы шыдамдылық – ол адамның (спортшының) әр түрлі жағдайда жөне
жұмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін
денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру қабілеті.
Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде жүгіру
жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық (мысалы,
қысқа қашықтыққа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз – күш- қуат шыдамдылық
қасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-тұру жаттығуы, затты көтеру,
т.б.).
Шыдамдылық қасиетін дамытудың құралы – үдемелі салмақ түсірудегі уақыт
сәйкестігі бар әр түрлі жаттығулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру,
жүгіру шаңғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секіру, қимыл-
қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.
Икемділік – ол адамның қажетті тербеліс шегінде қимыл жасау қабілеті,
бұлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен
сипатталады.
Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткішінің бірі болып
табылады.
Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа
қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік
қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен
тербелісі кең аумақты жаттығуларды орындау болып табылады. Бұл жаттығулар
қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір
орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық
қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға,
артқа, жан- жаққа тұру.
Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағдысымен тығыз
байланыста, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік,
шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық,
ұстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді.
Дене шынықтырудың негізгі міндеттерінің бірі – адамның бойында дененің
сапалық қасиеттерін төрбиелеу.
Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жұмысын
дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары
көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.
Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын
өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі
міндеттерінің бірі – жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттық
техниканы оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.
Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және
политехникалық оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақыл-ой және дене шынықтыру өзара тығыз байланыста. Дене
жаттығуларымен және дене тәрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану
денсаулықты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің
қалыпты қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі қабылдауға және
есте сақтауға көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына
жағдай жасайды. Дене шынықтыруды ақыл-ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс
істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін
қалыптастырады.
Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен
шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың
табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау
қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.
Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.
Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін
қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар
арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа
жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қы зығушылыққа айналдыруға
көмектеседі. Мұндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру,
спорттың құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен
қарау сияқты жұмыстар жатады.
Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы тәртіп
көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін
тәрбиелеуде спорттық жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда
қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені,
спорттық этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.
Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан
Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада
ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттық сезімін
тербиелейді.
Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру
арқылы қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі,
мәнерлігі, киімі, дене шынықтыру жабдықтарын, айнала да қоршаған бүкіл
ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды.
Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді,
жеңіл, сенімді болады.
Мерекелерде дене шынықтыру шерулерінде, көпшілік би жаттығулары мен
гимнастикалық қойылымдар эстетикалың сезімге бөлейді. Бұл жаттығулар көркем
гимнастика, коньки тебу арқылы әр түрлі фигуралар жасау болып табылады.
Аталған жаттығулар эстетикалың тәрбиенің негізгі талаптарының орындалуына
сөйкес келеді.
Дене шынықтыру сабақтары көбінесе табиғи жағдайда өткізіледі. Мұндай
сабақтар кең-байтаң Отанымыздың табиғат сұлулығын танып-білуге көмектеседі.
Дене шынықтыру политехникалық оқу және еңбек тәрбиесіне әсерін
тигізеді.
Дене шыныңтыру құралдарын еңбек процесінде пайдалану денсаулықты
жақсарту, дененің сапалық қасиеттері күш-қуат, ептілік, жылдамдық,
шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тәрбиелейді.
Дененің дамуына, политехникалық оқытуға дене тәрбиесіне қажетті құрал-
жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткіэетін орынды әзірлеу
жатады.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балаларға қажетті еңбек дағдыларын
қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік, күш-қуат, төзімділік қасиеттерімен
бірге денесінің дамуына әсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін
ауыстыра алмайды. Себебі еңбектің қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты
бүкіл ағзаға әсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында әр түрлі дене
жаттығуларын (дененің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет,
ал дене шынықтыру барысында күш жұмсалатын жаттығуларды орындау қажет
(ұжымдық түрде сабаққа қүрал-жабдық дайындау, спорттық құралдарды реттеу,
жөндеуден өткізу). Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау
міндеттерін шешеді.
2.3. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері
Біздің елімізде дене шынықтыру мақсаттары, міндеттері адамның жан-жақты
дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды
дамуы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралды. Біздің
елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға
даярлау болып табылады. Бүл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге
асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады. `
Дене шынықтырудың аталған мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді
шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту,
ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру,
дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық,
т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді
бойға сіңіру.
3.Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың
жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене
әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене
тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы – жан-жақты бағытта екендігі.
Дене тәрбиесі үрдісінде дене тәрбиесі мен айналысушылардың жан-жақты
дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан –
2030 стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына
Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулыларда
көрініс тапқан.
Дене шынықтыру жүйесінің халықтығы – оның өмір талабына сәйкестігі.
Еліміздің тұрғындарының денсаулығын нығайтудағы, денені дамытуды
жақсартудағы табыстары, жеке адамның әл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, ұлттық
спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.
Халықтың дене шынықтырумен айналысу — мемлекеттік маңызды іс.
Ғылымилық – дене шынықтыру жүйесінің сипатты белгісі болып табылады.
Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және
жетілдіріледі. Дене шынықтыру құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар
анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуының, дене әзірлігінің өлшем
көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы тәжірибесінде жүзеге
асырылады.
Дене шынықтыру мәселелерін негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге
жұмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар
жүргізіледі.
Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан құрылған.
1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада,
балалар үйінде 1 жастан 7 жас- қа дейін).
2. 9 жылдық және орта мектепте, арнаулы оқу орындарындағы дене шынықтыру.
3. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайындық дене шынықтыру.
5. Қала, ауыл азаматтарының дене шынықтыруы, өз еркімен ұйымдастырылған
спорттық қоғамдар.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі сауықтыру-профилактикалық, емдеу
мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары
арқылы беру түрінде ұйымдастырылады.
2.4. Дене шынықтыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz