Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..3
І тарау Қазіргі кездегі еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Инновацияның даму
1.1 теориясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .4
1.2
Еңбек қолдау саласындағы инновацияның
ІІ тарау қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ...6
Қазақстан республикасындағы еңбек қолдаудың
2.1 инновациялық модельдерін талдау
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың
2.2 көрсеткіштері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..8
ІІІ тарауЖұмыспен қамту бағдарламасының аймақтық
динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..11
3.1
Еңбекті қолдаудың және еңбекті қорғаудың инновациялық модельдерін
жетілдіру жолдары
3.2
Қазақстан Республикасындағы инновациялық модельдердің
жетілдіруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .13
Қазақстан Республикасы және шетелдің байланысымен еңбекті қолдаудың
инновациялық модельдерін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 21
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазіргі кездегі нағыз пәрменді
әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді
және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты
әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке
қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында
шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі
олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру
бағытында құрылуы керек.
Жұмыспен қамту үрдістерін ұйымдастыру мен реттеудің жаңа моделін таңдау
аса жауапты және күрделі мәселе. Қазіргі уақыт талабы жұмыспен қамту мен
жұмыссыздық арасындағы арақатынасты, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің
қозғалысын туындату себебі мен шарттарын зерттеуді қажет етеді. Сондықтан,
бірінші кезекке еңбек қатынастары, жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз
етудің жаңа көздері мен нысандарын іздеу, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік
қолдау мен оларды жұмыспен қамтуға арналған іс-шараларға жұмсалатын
шығындардың мақсаттылығын негіздеу мәселелері қойылады. Бұл мәселелерді
зерттеудің өзектілігі халықты жұмыспен қамту бойынша мекемелерді бюджеттік
қаржыландыруымен айқындалып отыр.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы
ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазіргі жағдайда еңбек беру сферасында
көптеген мәселелер өз шешімін таппай отыр. Әлеуметтік қолдауда ғаламдық
процестерді ескеретін еңбек жүйесінің модернизациясын және жоғары сапа
дәрежесіндегі мамандарды қажет етеді.
ХХІ ғасырдағы Қазақстанның инновациялық дамуының жарияланған
принциптері шетелдік инновациялық қызметтің даму тәжірибесін тереңірек
қарастыруды және елде инновациялық механизмдердің жаңа әдістерін енгізу
қажеттілігін қарастырады.
Осы көрсетілген мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық
-әдістемелік негіздерін зерттеу;
-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік –
экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
-Қазақстандағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын
қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ Қазіргі кездегі еңбек қолдаудың инновациялық
модельдері
1.1 Инновация теориясының дамуы
Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік ғылымының, оның ішінде инновация
теориясының дамуында жаңаның қалыптасуы, жаңа енгізілімдерді
тарату(диффузия), инновациялық шешімдерді жасау, инновацияларды адам
қажеттілігіне бейімдеуге негізделетін бағыттарды ажыратуға болады.
Инновация басқа да ғылымдардың қарастыратын объектілеріне айналуда, сонымен
бірге әрқайсысы оның өзіндік мәселелері мен сұрақтарын зерттейді. Философия
жаңа еңбек мен қайшылықтарды шешу нұсқаларына, психология туындаған
келіспеушіліктер мен оларды шешу тәсілдеріне назар аударады.[1] Техникалық
ғылымдар түбегейлі жаңа өндіріс әдістерін қалыптастырудың технологиялық
жақтарын негізге аласа, экономикалық ғылымдар идеялар мен теорияларды
ендіру, инновация мәселелерінің басымдылығы сұрақтарына және инновациялық
идеялардың қажеттілігінің экономикалық алғышарттарына көңіл аударады.
Ғылыми әдебиеттердің талдауы инновациялық қызмет пен инновациялық
үдеріс категорияларын түсіндіретін бірыңғай көзқарастың жоқтығын
дәлелдейді.[2] Кей авторлардың пікірінше, бұл – ұқсас түсініктер,
басқаларының пікірінше – бұл санаттар түрлі мазмұнға ие. Алайда, соңғысының
ішінде де бірыңғай көзқарас жоқ: біреулері инновациялық үдеріс инновациялық
қызметтен тұрады десе, басқалары – керісінше.
Инновациялық қызмет түрлі зерттеушілердің пікірінше – үрдістерді
орындаудағы қызмет түрі, яғни талданып жатқан түсінік бөлінбейді.
Инновациялық үдеріс тәжірибелік пайдалану мен таралуға жарамды жаңалық
алумен аяқталуы тиіс.[3] Инновация алғашында жаңа өнім, технологиялар,
еңбекті ұйымдастыру және тағы басқа түрінде материализацияланады, кейін
коммерцияландырылып, табыс көзі болады.
Инновация дегеніміз - еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс.
Бірақ әрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегін сарқиды. Міне сонда
іске ғылым араласады, сол кезде қандай да жаңа нәрсені ойлап табу керек –
қандай да тетік не жабдық қою керек.
Бесінші және алтыншы технологиялық құрылымның, дәуірлік және базисті
инновациялардың игерілуі мен таралуымен сипатталатын жиырмасыншы және
жиырма бірінші ғасыр белгілі көзқарастардың, зерттеулердің нығаюына әкеліп,
оларды өндірістік аппараттың жаңаруына, ғылыми ауқымды, ақпараттық, сандық
технологияларды енгізуге маңызды макроэкономикалық өлшемдерге үйлестіреді.
Инновациялық үдерістер оның теориялық негіздеуінсіз мүмкін емес,
инновациялық үдерістер стратегиясының нұсқаларының ғылыми талдауының
қажеттілігі, оны тәжірибелік тексеру, шығармашылық тұрғыдан ұғыну –
резервтерді, факторларды және инноватика сапасын шындық тұрғысынан
бағалауға мүмкіндік туғызады.[4] Ғылым шаруашылық өмірдің шынайы көрінісін
көрсетуге бейімделген, дәлелдемені ақиқатты дамуға, теорияны байытуға,
барлық көнергеннен бас тарту деген қабілеттілік ажыратуы қажет. Ұстанымдар,
пікірсайыстарды саралау, талдау үшін маңызды теориялық – қолданбалы
мағынасы бар материал береді.
Ғылыми ұстанымның әділ талдауы, олардың шынайы аспектілерін көрсету
шынайылыққа кереғарлығын мәлімдейтін дәлелдер. Мұндай сыншыл талдау
зерттеуді серпінді өзгермелі жағдайларға, ұдайы өзгермелі шаруашылық
ахуалдарға және әлеуметтік дүниетану деңгейіне, құндылық түсініктерінің
өзгеруіне байлап қоюға мүмкіндік береді. Әңгіме, ұсынылып отырған
инновация түсіндірулерінің бүгінгі күннің кеңейтілген талаптарына жауап
бере алмауында. Оларда мемлекеттің функционалды рөлінің түсіндірмесі жоқ.
Инновациялар мен мемлекет тығыз байланысты, солай бола тұра біршама дербес.
Инновациялық экономиканың қазіргі заманғы жағдайда қалыптасуында қоғамдық
өндіріс барысындағы, қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығын
қолдаудағы құқықтық және әлеуметтік реттеуге деген қажеттілік әділ және
шаруашылық қызметтің барлық түріне арналған экономикалық еркіндікке әділ,
әрі тек мемлекет қызметінің делдалдығымен жүзеге аса алады. [5]
Дамыған елдерде мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілердің
инновациялық қызметіне тікелей әсер етеді, оны тура және жанама түрде
реттейді. Осының аясында инновациялық үдерістер бойынша қолдағы
методологиялық және техникалық багажды түгендеу, ғылыми зерттемелерге
мемлекеттің экономикалық рөлінің күшейюімен байланысты жаңа болмыстарды қою
қажет. Осы алғышартқа сүйене отырып, нақты жағына ерекше көңіл аударып,
инновацияға жаңа авторлық түсіндіру беру қажет – экономикадағы мемлекетті
реттеуші рөлі.[6]
Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін
бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер
әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер
әлеуметін жандандыруда негізгі құралы болғанын көруге болады.
Инновацияны жаңалық ашумен, ғылыми – техникалық шешімдермен, өз
қызметін пайдаланатын мемлекеттің тура және жанама әсерінің арқасында
рационализациялау мен реттеумен байланысты өндіруші күштердің
элементтерінің жаңаруы, өзгеруі, жетілдірілуі бойынша шаруашылық жүргізуші
субъектілердің арасында пайда болатын нақты әлеуметтік қатынастардың
жиынтығы ретінде сипаттауға болады.
Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды,
қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа
технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына
бағытталған.
1.2 Еңбекті қолдау саласындағы инновацияның қалыптасуы
Еңбек беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату – жаңа
еңбек беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық,
жасампаздық еңбекнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз еңбек алуының
жаhандық жүйесі.
Еңбек беру жүйесіндегі инновациялар ең бірінші келесі жайлар маңызды
рөл атқаратын жүйешелерден тұрады:
- Технологиялық инновациялар – жаңа еңбек беру технологиясы;
- Педагогикалық инновациялар – оқыту мен еңбек берудің жаңа әдістері мен
тәсілдері;
- Ұйымдастырушылық инновациялар – жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар және
еңбек беру саласындағы жаңа институционалдық формалар;
- Әлеуметтік инновациялар – еңбек беру саласындағы жаңа экономикалық
механизмдер.
Еңбек берудің жаңа жүйесі келесі принциптерге негізделген:
- еңбек беру жүйесін дамыту проблемасын тек еңбек беру жүйесі деңгейінде
ғана емес, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік саясат және халықаралық
деңгейде шешу;
- еңбек беру менеджментінде жүйелілік принципін барлық деңгейде жүзеге
асыру;
- еңбек беруді ұйымдастырудағы қаржыландыру мен ұйымдастырудағы
мемлекеттің ролін қайта қарау;
- еңбек беру қызметі нарығын дамыту;
- еңбек беру жүйесіндегі әртүрлі әлеуметтік институттардың ролін, бірінші
кезекте кәсіпорындар мен отбасының ролін қайта қарау;
- оқу орындары мен онда оқитындардың еңбек беру процесін ұйымдастырудағы
ролін қайта қарау. [7]
Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және
телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар әлеуметтік
механизмдерде, оқытушылар мен студенттер еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі
өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор әсерін тигізетін көптеген
петагогикалық әдістер мен тәсілдердің айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, мұның
барлығы жалпы педагогикалық жүйешенің дамуына ықпал етеді.
Технологиялық инновацияны әзірлеу мен пайдалану, еңбек беру процесінде
жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық технологияны пайдалану
инновациялық оқу үрдісін дамытудың жетекші факторы болып табылады. Жаңа
ақпараттық технологияны үздіксіз қарқынмен тұрақты жетілдіру соңғы он
жылдықта еңбек беру саласындағы жаңа ендірімдерді ынталандырады және
жеделдетеді.
Жаңа технологияны пайдалану барысында ұйымдастырушы инновацияларды
меңгеру бүкіл еңбек беру жүйесінің маңызды факторы болып табылады.
Тәжірибенің көрсеткендей, дәстүрлі еңбек беруге тән ұйымдастыру
жүйесінің аясындағы белгілі бір оқу бағдарламаларында кейбір оқытушылар
жүзеге асыратын жаңа технология негізіндегі оқытудың тиімділігі өте төмен
болып келеді, себебі бұндай оқыту оқу процесінің жаңа технологиялық негізін
жасауға қосымша шығынды қажет етеді. Бұл шығындар ақталу үшін еңбек беру
нәтижесінде, бұл нәтиженің сандық және сапалық өсуге әкелуі үшін еңбек беру
саласында ұйымдастырушылық инновацияны ойластыру және тарату қажет.[8]
Еңбек беру саласындағы ұйымдастыру инновациясы дегеніміз бұл:
- оқытушы еңбегін бөлу (мазмұнды, тьюторларды әзірлеушілерді, оқыту
әдістері бойынша мамандарды, оқу процесінің барысына бақылау жасаушы
мамандар және т.б. бөлу);
- ақпараттық технологиялар бойынша оқытушыларды, мамандарды және оқу
процесін ұйымдастырушыларды қашықтықтан оқыту курстарын ойластырушы және
ұсынушы топтарға, командаларға біріктіру.
Нарық механизмдері мен жаңа еңбек беру технологиясының дамуымен
Қазақстанда еңбек беру саласында экономикалық инновациялар қалыптасуда,
атап айтқанда:
- Еңбек беруді мемлекеттік қаржыландырудың жаңа механизмдері;
- Еңбек беруді қаржыландырудың көздерін диверсификациялау;
- Етуденттік өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару;
- Еңбек беру саласындағы салықтық ынталандыру;
- Еңбек беруді кәсіпорындардың қаржыландыруының жаңа механизмдері;
- Еңбек беру саласындағы еңбекті төлеу механизмі;
- Еңбек беру қызметінің ауқымынан үнемдеу механизмі. [9]
Инновациялық еңбек беруді дамыту еңбек беру процесінің технологиялық
негізіндегі инновацияны басқару процесінде технологияны таңдау
проблемасының шешімі құрылатын негіздерді бөлуге жол ашады. 4
Еңбек беру инновацияларын тарату еңбек беру өнімдері мен қызметі
нарығының айтарлықтай кеңеюіне әкеледі, себебі:
- Еңбек беру қызметін тұтынушылар, еңбекге сұраныс күрт өседі;
- Еңбек беру өнімдері мен қызметінің ұсынысы барынша ұлғаяды;
- Еңбек беру өнімдері мен қызметі саласында бәсекелестік күшейеді.
Жоғары мектептегі инновациялық қызметтің мәндік мазмұнын ашуда
көрсеткіштер жүйесі айрықша маңызға ие. Жоғары мектептегі инновациялық
қызмет бір позициядан қаралуы мүмкін емес. Оған толық барабар баға беру
үшін демографиялық жағдайды, ауқымдылықты, инновациялық әлеуетті көрсететін
белгілі бір көрсеткіштер тобын таңдау қажет.[10] Жоғар мектептің
инновациялық қамтамасыз етілуі сұрағын зерделей отырып, қомақты салмаққа,
болжаулық қасиеттерге ие негізделген көрсеткіштерді бөлген жөн.
ІІ-ТАРАУ Қазақстан республикасындағы еңбек қолдаудың
инновациялық модельдерін талдау
2.1 Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен
қамтудың көрсеткіштері
Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында атап айтқандай, халықтың өмір
сүру деңгейінің әлеуетін және шынайы қорын анықтауда экономикалық
белсенділік маңызды фактор болып табылады. Ал жұмыспен қамтамасыз ету ¬
әлеуметтік саясаттың негізі болып қала береді.
Республиканың еңбек рыногы жұмыспен қамтылған халықтың саны өскенін және
жұмыссыздық деңгейі төмендегенін сипаттайды.[11]
1-кесте Қазақстандағы экономикалық белсенді ауыл халқының жұмыссыздық
деңгейі
Белсенді ауыл халқының 3,9 млн адам (74,5%)
саны
Ауылдық жерде жұмыспен Жалданбалы жұмысшылар
қамтылғандар саны 3,7 млн адам -1,8 млн адам
Өз бетінше жұмыспен
қамтылғандар – 1,9 млн
адам
Жұмыссыздар саны 249,0 мың адам (41,7%)
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері (www.stat.kz,
01.01.2011 жылғы берілген есеп бойынша)
Жоғарыда 1-ші кестеде көрсетілгендей белсенді ауыл халқының саны 3,9
млн.адамды құрады, экономикалық белсенді халық деңгейі 74,5 %-ға жетті.
Ауылдық жерде жұмыспен қамтылғандар саны – 3,7 млн. Адам, оның ішінде
жалданбалы жұмысшылар – 1,8 млн. Адам және өз бетінше жұмыспен қамтылғандар
саны – 1,9 млн. Жалпы ауыл халқының жұмыссыздық саны – 249,0 мың адам, бұл
еліміздегі барлық жұмыссыздықтың 41,7 пайызын құрайды.
Жол картасы бағдарламасы зор үлес қоса алды. Бұлай деуімізге 2009
жылы Қазақстанда жұмыссыздықтың бақылауда болғаны, нәтижесінде жұмыс
орындарын жаппай қысқартуға жол берілмегені айқын мысал бола алады. Бұдан
2009 жылдың ең табысты бағдарламаларының бірі атанған Жол картасы
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін биыл да маңызды рөл
атқара алады деп тұжырым жасауға болатындай. Бағдарламаның тиімділігіне
қанағаттанған Үкімет, оны биыл да жүзеге асыруды жалғастырмақ.
Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде ел экономикасының
дамуына ықпал ететін маңызды бағдарламалар кезең-кезеңімен өмірге жолдама
алып отыр. Осылайша қазақстандықтардың қөңілінен шыққан, әрі әлеуметтік
жағынан қорғалуын көздеген “Жол картасы” бағдарламасының орны ерекше деуге
толық негіз бар.
Жол картасы бағдарламасына сай: жастар тәжірибесіне жұмыссыз жастар
есебінен жоспар бойынша үстіміздегі жылдың аяғына дейін 220 адамды
жіберу жоспарланып, әлеуметтік жұмыс орнына жоспар бойынша
250 жұмыссыздарды жіберу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытында – 3 негізгі
және инвестициялық жобалар бойынша жұмыс жасайтын мекемелер арқылы
2877 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, кәсіби оқыту, қайта даярлау
бағыты бойынша жыл аяғына дейін 2000 жұмыссыздарды қамту көзделген
“Жол картасының” басталуына дейін жалпы жұмыссыздық деңгейі облыста 6,8
пайызды құраса, байыпты жұмыс нәтижесінде өткен жылдың аяғында едәуір
төмендеді. Облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 19597 жұмыс
орнын құруға 12,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінсе, әлеуметтік жұмыс
орындарын құру және жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге
республикалық бюджеттен – 728 млн. теңге, кадрларды даярлау мен қайта
даярлауға 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылып, көптеген жұмыстардың
тиянағы келтірілді. Мәселен, шешімін күткен 303 жоба қамтылып, оның 58-ін
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары, 95-ін жол жөндеу жұмыстары, 87-
сін әлеуметтік, 63-ін қалалардағы және ауылдардағы әлеуметтік-мәдени
орындар құрады. Осы аталған жұмыстарға 19847 жұмыс орны құрылып,
орналастырылғандардың 82 пайызы немесе 16276 адам жұмыспен қамту
органдарының жолдамасы арқылы жіберілгенін атап айтқан жөн.
“Жол картасын” іске асыру шеңберінде 53 білім беру, 27 денсаулық
сақтау, 4 мұражай, 2 спорт және 1 әлеуметтік нысанды жөндеу, қайта жөндеу
және жылыту жұмыстары қатар жүргізіліп, жағдай жақсарды.[12]
“Жол картасындағы” басты бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және
қайта даярлау. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда кәсіптік білім беру жүйесінің
мүмкіндігін барынша пайдалануға жол ашты. Оқуға жұмыссыз азаматтармен
қатар, қосымша кәсіп алу үшін толық емес режимде жұмыспен қамтылған
азаматтар жіберіліп, 9704 адамды даярлау және қайта даярлау үшін
республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Кадрларды кәсіптік оқыту және қайта даярлау 32 оқу орнында 36 кәсіп пен
мамандықтың түрі бойынша өткізілсе, шетелдік жұмыс күшін алмастыруды
көздейтін бірқатар күрделі мамандықтар бойынша кадрларды даярлау оқу
орындарының жұмыс берушілермен келісім-шарт жасауы арқылы тікелей
кәсіпорындарда жүргізілгенін айтуға болады.
Қазақстанда дағдарыстың алдын алу, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында
Елбасының қаулысына 2009 жылғы “Қызметкерлерді жаппай жұмыстан босатудың
алдын-алу мәселелерін қарау және еңбек рыногын тұрақтандыру шараларын
қабылдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” қаулысына сәйкес стратегиялық
міндеттер мен мақсаттар қойып, ( Қосымшада) “Жол
картасының” жүзеге асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылау
орнатылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасы халықтың нысаналы тобының
ішінен лайықты жұмыс таба алмаған санаттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуға,
ал, “Жастар практикасы” бағдарламасы жас түлектердің еңбек рыногында
бағдарлануына және жарты жыл бойы 15000 теңге көлемінде жалақы алуына
мүмкіндік берді. Осылайша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 532 млн. теңге
бөлініп, 5911 адамды, жастар практикасын ұйымдастыруға 196 млн. теңге
бөлініп, оқу орнының 2177 түлегін қамту жоспарланса, осы мақсатта 2168
кәсіпорын, ұйымдармен келісім-шарт жасалды.
Нұр Отан ХДП Жас Отан Жастар қанаты Дипломмен ауылға! жобасын
әзірлеп, 2009 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асырды.
Жобаның басты мақсаты — Ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала
қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру туралы Қазақстан
Республикасының Заңын жүзеге асыру.
Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі мен Жас
Отан ЖҚ әріптес — ұйымдары мен Қазақстанның Ауыл жастары одағы және
Қазақстан Студенттер Альянсымен бірігіп өткізілуде.[13]
Заңды насихаттау және тұрғындарға ауылдық жерлерге бару ережелері мен
әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру мақсатымен Жас Отан ЖҚ аймақтық
филиалдарының базасында жастарды ауылға жұмыс істеп, тұруға насихаттайтын
іс-шаралар өткізіліп, кеңестер берілуде.
Жоба Қазақстан Республикасының барлық облыстарында Жас Отан Жастар
қанатының аймақтық филиалдарының күшімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмысқа
келесі аймақтар айтарлықтай жұмыстар атқаруда: Шығыс Қазақстан облысы
роликтерді тек телеарналардан ғана беріп қоймай, кинотеатрларда сеанс
алдында берсе, Алматы қаласында ЖОО базасында кеңес беру үшін, жастарға
арнайы жәшік қойылған. Қызылорда облысы ЖОО бітірген соң жастарды ауылдық
жерлерде жұмыс істеп, тұру мақсатында, медицина және педагогика саласының
бітіруші түлектерінің тізімін жасақтауда.
“Жол картасы” өңірдегі елді мекендердің дәулеті мен сәулетіне өзіндік
қолтаңбасын қалдырумен қатар халықтың күнкөрісін жақсартып, өмірлерін
өзгертті деуге толық негіз бар.[14]
Елімізде экономикалық дағдарыс елең ала бастаған соң, үкімет халықтың
жағдайының тым нашарлап кетпеуін бақылауға алғаны белгілі. Жұмыссыздыққа
тап болған әлеуметті жан-жақты қолдау басталып, кадрларды қайтадан даярлау
жұмыстары жүргізілді. Аймақтарда жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа жобалар
іске қосылып жатыр. Ал осы игі шаралардың басым бөлігі Жол картасы
бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр.
2.2 Жұмыспен қамту бағдарламасының аймақтық динамикасы
Жол картасы аясында қазір еліміздің барлық аймағында жұмыстар қарқынды
жүргізілуде. Аймақтарда жаңа нысандар салынып, оған қосымша жұмыс күштері
қосылып жатыр.
Алматы облысында жалпы Жол картасы бойынша 283 жоба іске асырылып
жатса, енді қаражатты үнемдеудің есібінен бұл тізімге тағы да 18 нысанның
құрылысы қосылып отыр. Осылайша, қазіргі уақытта Алматы облысында 301 жоба
жүзге асырылуда, 154 жобаның жұмысы аяқталған. Әлеуметтік жұмыс орындары
мен жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейту бағыты бойынша мамыр-қыркүйек
айларында жоспарланған қаржының сомасы 420 миллиард теңгені құрайды.
Қыркүйектің 12-сіндегі жағдай бойынша, бұл соманың 349,4 миллион теңгесі
игерілді. Бұл – қыркүйек айының жоспарына қатысты 83,2 пайыздың, жылдық
жоспарға қатысты 48 пайыздың орындалғанын білдіреді. Жол картасы аясында
жалпы алғанда құрылған жұмыс орындарында жұмысқа тұрғызылғандардың саны 19
754 адамды құрап отыр, оның ішінде 15 780 адам еңбекпен қамту органдары
арқылы жұмысқа тұрғандар болып саналады.
Ал Орал қаласында Жол картасына сәйкес 1,2 млрд. теңгенің жұмыстары
атқарылып жатыр. Бұл бастама жақсы нәтиже беруде. Оралдағы 1400 адам
әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, 1256 жас түрлі мекемелерге жұмысқа
жіберілді.
Қазірде Шығыс Қазақстан облысында Жол картасы аясында 993 жобаның 630
нысанында жұмыстар аяқталды. Облыс бойынша әлеуметтің жұмыс орындарына
барлығы 5 056 адам тұрғызылды, жастар тәжірибесіне 3 207 жас маман жолдама
алды.
Оңтүстік Қазақстан облысы үшін Жол картасы маңызды бағдарлама болып
отыр. Жол картасы облыс үшін адамдар мен елді мекендердің әлеуметтік-
экономикалық проблемаларын шешудегі бірінші кезектегі маңызды бағдарлама
болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облсында Жол картасы бағдарламасы
аясындағы 754 инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қарастырылған 25,7
миллиард теңгенің 15 миллиарды тамыздың біріндегі жағдай бойынша игеріліп
біткен. Аталмыш бағдарлама аясында 37 657 жаңа жұмыс орны құрылды, 7 мыңға
жуық маман жұмыспен қамтылып, 5052 адам қайта мамандануға жіберілді. 13
мыңнан астам тұрғын Жастар тәжіріибесі бағдарламасы бойынша жұмысқа
алынған.
Аймақтардағы Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар саны мен
нәтижелері көңіл қуантарлық. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне
сүйенсек, Жол картасының 2 мың 816 нысаны бойынша жұмыс толық аяқталып,
жоба аясында 258 мың жұмыс орны құрылған. Жол картасы жұмысын осымен
тоқтатпайды, енді жаңа жобалар құрылып, тағы да мыңдаған адамдар жұмыспен
қамтылатын болады. Келер жылы да жалғасын табайын деп отырған аталмыш жоба
осындай қарқынмен жұмыс істесе, әлі талай жетістіктердің куәсі боларымыз
анық.
Жоғарыда көрсетілген проблемалардың көбі ел тұрғындары үшін бірдей
болады, бірақ олардың жастар арасында өзектілігі өсу үстінде.
2010 жылы Жол картасы бағдарламасының жоспары бойынша жастар
тәжірибесіне 235 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 240 жұмыссыз азаматтар,
қоғамдық жұмыстарға 1380 адам, кәсіби оқуға 530 жұмыссыз азаматтар
жіберіледі.Жол картасы бойынша 867 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде
облыстық жобалар бойынша 91 адам, қалалық жобалар бойынша 774 адам жұмыспен
қамтылды.Жол картасы бағдарламасы бойынша 252 адам әлеуметтік жұмыс орнына
жіберіліп, 34 кәсіпорынмен екі жақты келісім шарт және 258 адамды Жастар
тәжірибесі бойынша жіберіліп ,74 мекемелермен екі жақты келісім шарт
жасалды.
2-кесте 2008-2010 жж. aралығында ҚР бойынша еңбек нарығының негізгі
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2010ж.
2008ж.-
ға
%-бен
1 Жұмыссыздардың жалпы саны (адам) 75800 75000 74018 -2,35
Оның ішінде: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz