Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11-26
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Жайынтәрізділердің
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. Жайынтәрізділердің аквариумда
өсірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды және
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 31
Қосымшалар
Кіріспе
Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады,
ондай жануарларды омыртқалылар деп аталады.
Балық – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су
жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті
балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз
сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен
белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен
тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан
мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2Со-тан (арктикалық
суда) 50Со (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады.
Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі,
құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы
1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін
жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен
немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді,
дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық)
тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара
(арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары
жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май
қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті
қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға
бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше
тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына
байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін
(қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу,
сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде
болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын
қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-
теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ – тыныс алу
органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің
түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар
болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де
кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы
көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық
туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде
олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да
(мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы
өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті
моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл
маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп,
кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.
Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы,
ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады.
Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі,
дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған
байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың
табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте
азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары
халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа енгізілген (мысалы, ақ балық,
нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми
мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру
кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады. Балық аулау
құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық
аулауға арналған құралдар мен жабдықтар.
Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының
жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау
мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең
тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты
тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-
қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы)
салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 5Со болады. Мұндай
күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға
дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 40Со температурада
мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін
тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері
қолданылады.
Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар.
Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа
тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын
арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі.
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі
су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да,
су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал
қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге
қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі
себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан
өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы
ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін
жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық
теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал
бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Каспий теңізі және Жайық өзеніндегі
балықтардың кәсәптік маңызы жоғары балықтар түрлеріне бекіре тұқымдас,
жайынтәрізді балықтар түрлері жатады.
Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі,
сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның
бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген
балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер,
т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады.
Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы,
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және
бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін
шаруашылық, т.б.) бар.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Жайынтәрізділер отрядының
өкілдерінің морфологиясы мен биологиясының ерекшеліктерін, шығуын, маңызын
және экологиясын осы жобада меңгеріп үйрену.
Әдебиеттерге шолу
М.Қ. Жумалиевтің (2009) деректері бойынша морфологиялық, сол
сияқты экологиялық жағынан жайындар өте алуан түрлі. Ағысы жылдам тау
өзендерін мекендеушілерде арнайы бекіну мүшесі – сорғыштар болады. Оттегі
жетіспейтін су қоймаларында тіршілік ету үшін көптеген жайындар ауадан
оттегіні сіңіруге мүмкіндік беретін арнайы органдары болады. Олар:
желбезекүсті мүше, ішекпен тыныс алу деп аталынады.
Б. Х. Хамзиннің (2007) мәліметі бойынша, жайын балық Балқаш көлі мен
Қапшағай су бөгендері сияқты жылы суаттарда өмір сүреді. Бұл алып балықтың
Балқаш көліндегі ұзындығы – 4 метрге, ал салмағы жағынан ең үлкені 200 кг
дейін жетеді. Жайынның белдеме еті 1-ден 10 кг-ға дейінгі жайыннан алынады.
Бұл балықтың жас түрі, еті өте жұмсақ, қызғылт түсті болып келеді. Жайынның
белдеме еті – біздің елдегі және шетелдегі сатып алушылар арасында өте
жақсы дамыған.
Л.П. Сабанеева (1875) еңбегінде жйындардың суаттарда кең таралған
түрлері Балтық, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері. Европа аумақ
жағында жайындардың таралу аймағы батыстағы Рейн мен Дунай өзенінен
шығыстағы Жайық өзеніне дейін, және де Боден теңізінде таралған. Солтүстік
шекарасында таралуы Швеция мен Финляндия елдерінен оңтүстікке қарай Қара
және Эгей теңіздеріне дейін жетеді. Ал Азия жағында таралуы Арал теңізі
арқылы Сырдария, Амудария, және Сары-су өзендеріне таралған. Кейінірек
Қарақұм каналы, Сарықамыс және Балқаш көлдеріне, және де Шу, Іле өзендеріне
тарады.
Ә.А. Бәйімбет (2009) мәліметі бойынша, жайындардың көпшілік түрлері –
балық немесе су түбінде тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенетін
жыртқыштар. Өсімдік қоректілері өте аз. Көбею биологиясы бойынша да
жайындар алуан түрлі. Оңтүстік Американың Trachycoristes жайынында іштей
ұрықтану байқалады: аталығында аналь жүзбеқанатының бірінші талшығынан
шағылысу мүшесі дамиды. Көптеген жайындар үшін ұрпағына қамқорлық жасау
тән, осыған орай олардың тұқымдылығы төмен. Ұяға салынған уылдырықты
аналығынан ірі аталығы қорғайды. Галеихтаның аталығы уылдырығын аузында
өсіреді. Аспредо аналығы ұрықтанған уылдырықты құрсағына жабыстырады. Бұл
жерде өсуші личинкалар аналық организм есебінен қосымша көмек алады.
А.С. Боголюбов (2010) мағлұматында жайынның терісінің түсі: арқасы
каралау келген, бүйір жағы қараңғы-жасыл дақтармен боялған және қарны
ластау ақ түсті болып келеді. Жайын ашық ағын суаттарында терісі ақшылдау
түске айналады, ал ақырын ағынмен өскен суаттарда жайынның түсі қаралау
келеді.
М. Сүлейменнің (2010) пайымдауынша балықтардың түрлері барлық ауланатын
балықтардың 80 пайызы теңіз балықтары, тұщы суда ауланатын балықтар 20
пайыз ғана. Теңіз балықтары мынандай топтарға бөлінеді: ашық теңізде
ауланатын балық түрлері. Мұхиттың солтүстік және ағынсыз аймақтарында
тіршілік ететін тереңдік және тереңдікке жақын жерлердің балықтары. Әлемдік
мұхиттардың тропикалық және субтропикалық аймақтарының балықтары.
Мұхиттардың антарктикалық аймағында кездесетін балықтар.
Теңіз балықтарының етінде минералдық заттар тұщы су балықтарына
қарағанда көп болады. Мұндай түрдегі балықтпарға: шип, сүйрік, Сібір
бекіресі, шоқпар, күректұмсық, форель, Каспий арқан балығы, таймень,
хориус, шортан, торта балық, аққайран, ақсерке, Арал ақмарқасы, дөңмаңдай,
мөңке балық, сазан, табан балық, Арал мұртты балығы, қара балық, Балқаш
шармайы, жайын, лақа, жылан балық, көксерке, таутан, алабұға жатады.
Варпаховский (2005) еңбегі бойынша, жайындардың уылдырық шашуы өте кеш
басталады, су температурасы кемінде 15 немесе тіпті 16 R жеткенде, шамамен
сазандармен бір уақытта, көбінесе мамыр айында шашады.
Қазандық губерниядағы жайындары майдың бiрiншi жартысында уылдырық
шашады, себебі Еділ және Дон өзендерін төмеңгі ағысын ертерек еске алып
бақылайды. Владимир губерниясының Клязьмада, жайын итмұрынның гүлденуі
уақытында, яғни маусымның басында сүйкеледі. Тек Нижнеднепровтың жайындары
мамырдың басында, тіпті сәуірдің аяғында уылдырық шашатын көрінеді.
О.И. Кириченко мен Д.Қ. Жаркенов (2002) келтірген дәйектерінде кез
келген түрлер популяциясының қалыптасуындағы шешуші факторлар – биотикалық
факторлар, атап айтқанда, балықтардың азықтық базасы және бәсекелес
балықтардың саны. Балықтардың азыққа қамсыздығы олардың санымен, сапасымен
және судағы жемді алу мүмкіндігімен анықталады, яғни азықтық база
балықтардың биологиялық көрсеткіштеріне және қорларының жағдайына елеулі
әсері туралы айтылады.
С.Ж. Асылбекованың (2006) мәліметі бойынша: Өзеннің су бөгендері,
сонымен бірге, кәсіпшілікпен ауланатын балық түрлері көктем кезінде
уылдырық шашатын, көлдегі балық санын молайтатын негізгі орын болып
табылады. Бұдан бұрын Іле өзені атырабының су бөгендерінде балық
кәсіпшілігі жыл сайын 1000 тоннадан 2500 тоннаға дейін өзгеріп тұрушы еді,
негізгі ауланатын балық жайын балығы, жайын аулаудың мамандандырылуына
байланысты жыртқыш емес балық, ондатр және суда жүзетін құс тұқымының кеміп
кетуіне жол берілмейтін. Жыл сайын аулаудың нақты көлемі азая түсуіне
қарамастан, балықты тек уылдырық шашатын мезгілде ғана аулауға ұмтылу сазан
балығының саны азаюына себепкер болды.
В.А. Мовчанның (2003) Балықтардың тіршілігі және оларды қолдан өсіру
атты кітабында: Балықшылар 1930 жылы Днепрден 420 кг тартатын жайын
ұстаған деген деректер келтірген.
А.Э. Брэм (1877) Жануарлар тіршілігі атты белгілі еңбегінде, бір
жайынның ішінен адамның басы мен екі саусағында алтын жүзігі бар оң қолы
шыққаның айтып кеткен.
Қ. Қайымов (1986) хабарлауынша: Планетамыздың төрттен үш бөлігін су
алып жатыр. Биология ғылымының қарыштаған шағында сол ғылымның маңызды да
актуалды саласының бірі балықтар биологиясын зерттеу болып отыр. өйткені
балықтардың адамзатқа берері сан алуан. Тамақ та, дәрі де, жануарларға
арналған азық та, техникалық май және жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізат та,
басқа да толып жатқан заттар осы балық өнімі болып табылады. Ғалымдарды
балықтардың тіршілік әрекеті де қызықтыруда. Балықтың маңызы әрқайсымызға
түсінікті болғанымен еркегі балалайтын, қармақпен жемін аулайтын,
ұрпағына еркегі ғана қамқорлық көрсететін, ұшатын, құрлықта жорғалайтын
балықтар жайлы барлығы біле бермейді. Балықтардың пішіні де алуан түрлі,
денесінен ток бөліп, су тереңінде шам жағып жүретін балықтар тағы бар, көзі
көз ұясына орналаспай, жіңішке сабақшаның ұштарында, денесінен едәуір
қашықтықта орналасатын балықтар түрлері де кездеседі.
Г.В.Никольский (1974) жазуынша: Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен
олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол
жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға,
қаяз, табан, торта, айнакөз, шомая ауланды.
2.1 Жайын балығының биологиялық таралуы
Жайынтәрізділердің өкілдері эоценнен белгілі. Отряд 28 тұқымдасқа
топтанатын 1200-ге жуық түрді біріктіреді. Басым көпшілігі Орталық және
Оңтүстік Америка, Африка мен Азияның тропикалық және субтропикалық
облыстарында мекендейді. Негізінен тұщы cуда мекендейтіндер, тек 2 тұқымдас
өкілдері ғана теңіз суына өткен.
Жайын балығы – тұщы суда болатын жыртқыш балықтардың ең ірісі. Өзен
және теңіздерде мекен етеді. Жайындар шығысқа қарай Европадан Рейнге дейін,
солтүстікке қарай Финляндияға дейін, оңтүстікке қарай Кіші Азияға және
өзіміздін Каспий, Арал теңіздерінде және олардын өзендерінде болады. Сібір
өзендерінде, Пиреней түбегінде, Англия, Франция, Италия және Грецияның
батыс жағалауларында жайындар өмір сүрмейді.
Жайындарды әдетте терең орындарда, түбірлердің астында,
тұңғиықтардағы бөгеттерде ұстайды.
Жайын ащы сулардан бой жасырмайды және Днепр жайылмаларынды, Азов,
Каспий және Арал теңіздерінде азықтанады. Дегенмен уылдырық шашу үшін тұщы
суға қайтып оралады. Жайын мамыр айында, ит-мұрын гүлдеген кезде, уылдырық
шашады. Уылдырық шашар алдында жұп таңдайды. Мүнан соң ұрғашы жайын кеуде
қанатшаларымен су түбінен шұңқыр қазып, ұя жасайды да, әртүрлі
өсімдіктердің тамыры көрініп жатқан сол шұңқыр ұяға уылдырығын шашады.
Еркек жайын сол бойында әлгі шұңқырға шонайын төгеді. Жайының ащы суда
уылдырық шашуы Арал теңізінде ғана байқалады. Ұрғашы жайынның уылдырықтары
ірі болады, оларды ұядан шыққанша еркегі қорғайды. Жайын едәуір жылдам
өседі және 3-4 жылда барынша дамып жетіледі, ұзындығы 44-60 сантиметрдей
болады.
Денесі жалаңаш немесе пластинкалармен жабылған, тұқылар сияқты вебер
аппараты бар. Басы үстінен сығылған, жалпақ. Ашықторсылдақтылар, жақтарында
көптеген майда тістері бар. Ауыз маңында бірнеше жұп мұртшалары болады.
Жайындардың ішіндегі ең ірі түрі – кәдімгі жайын, ұзындығы 5 м, салмағы
300 кг дейін, Евразия суларында тіршілік ететін тұщы cу жыртқышы
Жайынтәрізділер құрылысы жағынан тұқытәрізділерге ұқсас, олардан
айырмашылығы: нағыз қабықтың болмауы, денесі жалаңаш немесе сүйекті
қабыршақтармен жабылған, ауыз маңында бірнеше жұп мұртшасы бар,
кейбіреуінде май шығаратын жүзбе қанаты болады.
Жайынтәрізділер отряды 1200 түр өкілдерін біріктіреді, олар тұщы және
кішкене тұзды суларда мекендейді. Қазақстан суларында жайынның 2 түрі
кездеседі.
Кәдімгі жайын Жайық, Каспий бассейнінде мекендейді. Жайық өзенінің
төменгі және ортаңғы ағысында, Шалқар, Көшім, Қамыс – Самар көлдерінде
кездеседі. Денесі созылыңқы, жалаңаш, жұмсақ терімен жабылған. Басы
салмақты, 3 жұп мұрты бар. Арқа жүзбе қанаты кішкентай, аналь маңы жүзбе
қанаты ұзын, ол құйрыққа дейін жетеді.
Жартылай өтпелі балықтар. Олар теңіздің тұщы сулы аудандарында өмір
сүреді, өзендердің төменгі ағысында ұрық шашады. Бұлардың қатарына
көксерке, сазан, табан, жайын т.б. балықтар жатады. Республикада ауланатын
балықтардың төрттен үш бөлігі жартылай өтпелі балықтардың үлесіне тиеді.
Тропикалық лақалардың (жайындардың) ішінде, тері бездерінің өзгеруінен
пайда болған, электрлі органдары бар түрлері кездеседі. Басқа
кейбіреулерінің салған уылдырықты аталығы бауырына бекітеді, солардан
шабақтар шығады. Кейбір жайын-лақаның уылдырығы ауыз қуысында дамиды, кейін
шабақтары қауіп төнгенде сол жерге тығылады. Американың майда лақалары ірі
балықтардың желбезектерінде бекиді де, оның қаның сорады. Лақа-
каллихтілердің денесін екі қатар орналасқан ірі пластинкалар жапқан, бұл
оларға ерекше түр береді. Біразының май қанаты бар. Кейбір тау өзендерінде
тіршілік ететін Америка лақаларының тұмсығы жіңішке, денесін сүйекті сауыт
жапқан. Касаткалар тұқымдасының өкілдері Азия, Африка, Австралия және
Америкада кең тараған, бұл тұқымдастың өкілдері ТМД-да, Қиыр Шығыста
кездеседі. Бұлардың май қанаты дамыған, арқа қанатының бірінші талшығы
үлкен, әрі тікенекті, кеуде қанаттарының алдыңғы талшығыда осындай ірі, әрі
тікенекті. Қанша тәтті болғанымен, осындай тікенектері бар касаткаларды
жайын мен шортанның жұтуы қиынға соғады.
Басында әртүрлі тікенектердің болуы онша сирек жағдай емес. Бүйір
сызығы көпшілік балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы болады,
кейбіреуінде ол үзік-үзік немесе қисық болады.
Электрлі жыланбалықта арқа қанаты жоқ, ал су түбіне жақын тіршілік
ететін аз қозғалатын түрлерде, әсіресе жайында ол нашар дамыған немесе жоқ.
Кеуде қанаттары сүйекті балықтарда дағдылы, тек мурендер мен
кейбіреулерінде болмайды, дөңгелек ауыздыларда, жайындарда жоғарғы және
төменгі жұтқыншақ тістері болады.
Жоғарғы жұтқыншақ тісі желбезек доғаларының ең жоғарғы элементтерінде,
төменгі жұтқыншақ тістері бесінші жетілмеген желбезек доғасында болады.
Олар майда тісшелері бар алаңша сияқты. Жыртқыштардың жұтқыншақ тістері,
желбезек өскіні сияқты, шырышты олжасын ұстау қызметін атқарады.
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы
Жайын бұл – аса ірі ұсқынсыз балық, тұла бойында түк қабыршақ жоқ, жап-
жалаңаш денесінің сырты жылбысқы шырыш, топал басы қара қазандай, ауызы
үңірейген. Жайынның түсінің бояуы құбылмалы, арқасы түгелге жуық кара,
астыңғы қарын жағы аппақ, бүйірінде теріс формалды дақтары болады. Жайынның
арқа жүзбе қанаты кішкентай, май іркілген қанаты болмайды, бірақ аналь
жүзбе қанаты өте ұзын болып келеді, ал құйрығы мүлдем балықтың құйрығына
ұқсамайды. Тұмсығының үстіңгі жағында екі ұзын, ал астыңғы жағында төрт
қысқа мұрты болады.
Жайының үлкен аузы оның жыртқыш екендігін білдіреді. Шындығында жайын
ашқарақ жыртқыш балық, ол тіссіз бақалар, көлбақалар, ірілі-ұсақты әр-түрлі
балықтар және ірі моллюскалармен қоректенеді. Атап өтетін тағы бір нарсе,
жайын суда жүзетін құстар мен өзенде жүзіп жүрген иттердіде жұта береді.
Зуылдап өтіп бара жатқан балықтарды ұстай алмайтынын жақсы білетін жалқау
жайын, су астындағы салынды ағаштардың тасасына тығылып жатып, жуан құртқа
ұқсаған мұрттарын жыбырлатып, аңқау балықтарды қызықтырады да, сол
мұрттарды құрт екен деп шұқи берген балықтарды бір-ақ қылғытады. Дегенмен
жайынның ашқарақтығы күшті ұлғайған. Кейбір балықшылар аш жайынның ішінен
жеуге мүлдем жарамсыз целлофан пакеттердің шық-қанын айтады. Жайын өзіне
тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында 18-20 градус температурада
уылдырығын салады. Алғашқы кезде, дернәсіл шыққанға дейін, ұяны аталығы
қорғайды. Жайын 11-480 мындай уылдырық шашады.
Жайынның еті семіз, майлы болғандықтан кәсіптік маңызы бар. Торсылдағын
желім жасауға пайдаланады. Жайын тез өседі, 3-4 жылдан кейін жынысы
жетіледі. Ұзындығы 5 метрге, салмағы 300 килограммға дейін жетеді. Жалпы
жайынтәрізділер өте алуан түрлі. Олардың ішінде алыптары 300 кг және 2 см
ергежейлілері кездеседі.
Қанқасы. Балықтардың дене құрылымының күрделілігі биологиялық
ерекшелігіне байланысты, қанқасы шеміршектен, шеміршекті сүйектен және
сүйектен құралады. Жайын – сүйекті балықтар класының өкілі. Жайынның
қанқасы омыртқа жотасынан, бассүйектен тұрады. Омыртқа жотасы омыртқалардан
құралатындықтан, омыртқалы жануар болып табылады. Омыртқа жотасы
омыртқалардың құрылысына байланысты тұлға және құйрық бөліктеріне бөлінеді.
Омыртқаның үстіңгі және астыңғы доғалары мен омыртқа денесі болады.
Омыртқа денесінің алдыңғы және артқы ойықтарында желі қалдығы сақталады.
Тұлғаның омыртқа жотасындағы омыртқалардың үстіңгі доғалары бірігіп, жұлын
өтетін өзек түзеді, астыңғы доғалары бірікпегендіктен оған қабырғалар
жалғасады. Омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі омыртқаларда үстіңгі доға
да, астыңғы доға да ұзын өскінді болады.
Омыртқа жотасына жалғасқан бастың қанқа сүйектері өте күрделі, онда: ми
орналасатын сүйекті қауашақ – бассүйек, үстіңгі және астыңғы жақсүйектер,
тіласты және желбезектер орнығатын сүйекті доғалар – желбезек қаңқасы
болады.
Желбезекпен тыныс алуын схема жүзінде былай көрсетуге болады. Су
ауыздан жұтқыншаққа барады, онда желбезек жапырақшаларының арасымен аққанда
оттегіні қанға береді, қаннан көмірқышқыл газын алады, сосын желбезек
қуысынан сыртқа шығарылады. Газ алмасуды жеткілікті қамтамасыз ету үшін
желбезектің бет ауданы айтарлықтай болу керек.
Желбезекпен тынысалу активті және пассивті болуы мүмкін. Активті
балықтардың желбезегінің ауданы салыстырмалы түрде үлкен. Активті тынысалу
барлық балықтарға тән, бірақ ағыссыз және жай ағатын суларда тіршілік
ететіндерде пассивті балықтарда басым болады. Бұл әдіспен тыныс алғанда
желбезек қақпақтары ет күшімен көтеріледі, ал оның тері жиегі сыртқы
дененің күшімен балық денесіне қысылады, сонысымен судың желбезек саңылауы
арқылы жұтқыншаққа баруына кедергі болады. Ауыз – жұтқыншақ қуысында
қысымның азаюынан су ауыз қуысы арқылы жұтқыншаққа сорылады, сосын желбезек
жапырақшаларын жуа желбезек қуысына өтеді. Су сыртқа шығарда желбезек
қақпақтары желбезекке сығылады да ондағы қысымды арттырады, ауыз
жұтқыншақтағы артық қысымның күшімен желбезек қақпақтарының терілі жиектері
ашылады, су сыртқа шығарылады. Суды сыртқа шығарғанда ол қайтадан
жұтқыншаққа бара алмайды, себебі желбезек жапырақшалары тығыз тұтасады.
Жайын балығында негізінен терісі арқылы тыныс алу тән, оның маңызы
тіршілік сипатына байланысты. Ағыссыз жылы судың жайын балығы терісі арқлы
тіршілігіне қажетті оттегінің 2070 жуығы қабылданады, кейде бұл 80СО-қа
дейін көтеріледі.
Желбезек үсті органдары бар балықтардың атмосферадағы оттегімен тыныс
алуға бейімделгені соншалықты, онсыз өмір сүре алмайды, егер су бетіне
көтеріліп ауа жұтпаса онда оттегіге бай судың өзінде тұншығып өледі.
Ішекпен тыныс алу тропикалық жайындарда, т.б. байқалады. Ішектің кейбір
жерлерінің ішкі бетінің асқорыту бездері жойылған, ол жерде газ алмасатын
қан капиллиялары шоғырланған. Ауыз арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz