Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
Жоспар
Кіріспе
3-4
1 тарау Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жүмыстағы саясат
1.1Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
5-7
1.2 Жастар саясатының қазіргі проблемалары
7-10
1.3 Жастар саясатындағы бағдарламаның
мақсаттары мен міндеттері
10-12
1.4 Жастар саясатының 2008 – 2010 жылдарға
арналған бағдарламалары
12-14
2 тарау Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының дамуы мен қалыптасуы
2.1 Қазақстан Республикасындағы жастар саясатына
байланысты кеңестер
15-17
2.2 Қазақстан Республикасындағы 2010 жылғы жастар саясаты саласын
дамытуға бағытталған іс-шаралар
17-19
2.3 Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының мақсаттары мен
негізгі принциптері
20-24
2.4 Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының 2008-2010 жылдарға
арналған бағдарламасы бойынша ақпарат
24-26
Қорытынды
27
Пайдаланылған әдебиеттер
28
Кіріспе
Әлеуметтік саясат дегеніміз адамдардың қоғамдық әл ауқатын, олардың
материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруды, адамның қадір қасиетіне құрметті қалыптастыруды және
қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, әлеуметтік бейбіт өмірді белгілейтін
саясат. Ішкі табиғаты жағынан әлеуметтік саясат адамның дамуына, қоғамдағы
адам ресурсын дамытуға бағытталған, осыдан оның мақсатының гуманистік
бағыты сияқты маңызды ерекшелігі анықталынады. Басқа бір маңызды ерекшелігі
әлеуметтік саясат қоғамдық байлықты тарату және пайдалану механизмі. Әр
түрлі қоғам мен мемлекет өз мүмкіндіктері менмүдделеріне байланысты белгілі
бір қағидаларға сүйене отырып әлеуметтік саясатта жүзеге асырады.
Жастар саясаты – жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға,
жастардың өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік қоғамдық
жағынан қатысуды білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы. Жастар саясатына
Қазақстандық мамандар өзіндік анықтама береді: Мемлекеттік жастар саясаты
- мемлекеттің жастар саясатына доктрина,концептуальдық бағыт беруіне және
жас ұрпаққа әлеуметтік құқықтық қорғанышты қамтамасыз ету,оның негізгі
мүдделері,қабілеттері,физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және реформаланушы
қоғамның мүдделері мен оның ілгерілеуіе ескере отырып,жастардың еркін
әлеуметтік дамуға,шығармагылық бастамашылыққа,құқығы жүзеге асыру
мақсатында,оны тұтастай әлеуметтік экономикалық,ұйымдастырушылық
шаралардың жүйесі арқылы қамтамасыз ету қызметі Жастар саясатына берілген
бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен мазмұны жағынан дұрыс түсніп
бергенімен,өзіндік кемшіліктерге де ие. Оларда біріншіден,мемлекет,онң
ргандары мен әдістері жүзеге асыратын жастар саясаты туралы айтылған,бірақ
әлеуметттік жастар саясатының қоғамдық,мемлекттік емес ұйымдар,қоғамдық
қорлар, және т.б саяси партиялар әрекеттері арқылы жүзеген асатын қоғамдық
кесінді есепке алынбаған. Екінщіден, жастар саясаты туралы ұсынылған
анықтамаларда жастардың өздернің жастар ұйымдары,басқа да қоғамдық
бірлестіктердің белсенділері арқылы сондай –ақ,жастар саясатын
қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке бастамашылық көрсету арқылы
қатысуы онша немесе мүлдем көрсетілмеген. Үшіншіден, оларда әлеуметтік
саясат үшін өте маңызды болып табылатын өлшемдері негізінде - әлеуметтк
қорғаудың қажетті дәрежесіне қарай жастар ортасында жіктелуі
көрсетілмеген,яғни жастардың мемелекеттік және басқа да патерналистік
көмекті қажет ететін бөлігінің барлағы көрсетілмеген.
Жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен оны мемлекет пен
қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі ретінде мойындауынан
тұрады. Ол халықтың әртүрлі санаттарының, соның ішінде ерекше әлеуметтік –
демографиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және адекванттық сұраныстары
кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар саясатының әлеуметтік
саясаттағы балар,мүгедектер,зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік жағынан
қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген қатысы жағынан
айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмнен тұрмай,жас ұрпақтың еңбек
және шығармашылық әлеуетінесүйенетін белсенді жаңарған аспектіден тұруы,ол
жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық ресурстары қатарында
қарсатыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады.
∙ жастардың әлеуметтік,мәдени,рухани және дене дамуына жәрдемдесу
∙ жас азаматтарды жасынабайланысты кемсітуге жол бермеу;
∙ жастарды қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және мәдени өміріне
толықтай қатысуына жағдай жасау;
∙ жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға,жеке жетістіктерге жетуіне
мүмкіндіктерін ашу;
∙ жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүддесі мен жастардың
өздерінің даму мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
∙ жастардың өз күштерімен проблемаларын шеше алмайтын санатына
панасыздар,жас нашақорлар және т.б мақсатты түрде әлеуметтік көмек
көрсету.

1.1 Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
Жастар саясатының мемлекет пен қоғамның іс - әрекетінің дербес бағыты
ретінде бөлінуі адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінің заңдылықтарының
бірін көрсетеді.Бұл процесс қоғамның еңбек және интеллектуалдық
ресурстарының әлемдік экономиканың технологиялық қайта құруының
жағдайларына жас ұрпақты әлеуметтендірудің дәстүрлі институттарының
дағдарысына,қоғамдағы жастардың рөлінің өсуіне,көптеген жастардың
маскүнемдік,нашақорлық және т.б түрде көрінетін өзін - өзі бұзу мінез –
құлқының өсуіне қайта өндірудің күрделілігімен байланысты.
БҰҰ, МОТ сияқты халықаралық қауымдастық пен басқа да халықаралық ұйымдар
адамзаттың болашағы үшін жас ұрпақтын сапалы әлеуметтенуі,әлеуметтік
дамуының маңызы зор деген шешімге келді.Қоғамдық даму, ілгерімді қарқынды
жылдамдатуға әсер ететін әлеуметтік инститтуттарды, әлеуметтік жіктер мен
топтарды іздеуде БҰҰ қауымдастықты экономикалық, саяси әлеуметтік
мәдениетінің дамуының субьектісі ретінде жастарға назар аударуға шақырды.
Халықаралық қауымдастық қоғамның жастарды әлеуметтендіруде және
интеграциялауда кездесетін қиындықтары тез өзгермелі дүниедегі жастардың
қажеттіліктері мен ұмтылыстарының арасындағы қайшылықтарға, сондай - ақ
қоғамның бір жағынан ұсынып,екінші жағынан талап етуіне байланысты
екенінде мойындайды.Осы қайшылықтарды шешу үшін жастарға өзін өзі көрсету
үшін жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлесін қосуға мүмкіндік беру
керек.[1]
Жастарды әлеуметтендіруге білім беру мен тәрбиелеу арқылы ғана емес,
жаңа идеялармен көзқарастар әкелетін жастар да үлес қосады. Олар қоғамдағы
ілгерімді бағытта өзгеруге және дамуға мәжбүрлейді. Жастардың қоғамның
дамуына, әлеуметтік ілгерімділікке үлес қосуына әсер ету мүмкіндігі
олардың білімдігіне санасының деңгейіне , құндылықтары мен мінез – құлық
себептеріне,әлеуметтік белсенділігіне т.б. байланысты. Жастардың өмір
саласына қаншалықты кң және терң енуі жастар мен қоғамның даму қарқынына да
байланысты.
Осы жағдайларды саралай келе халықаралық қауымдастық жастар саясатының
жалпы мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі
екенін анықтады. ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінде жастар
саясатының қалыптасуы шартты түрде бірнеше кезеңнен өтті. 60-шы жылдардың
басында батыстық қоғам жастардың анти әлеуметтік, аморальдық мінез
құлықтарына алаңдауышылық көрсетті. Көптеген мамандар оның себебін қоғамның
жаңғыруы , оның ғылыми техникалық прогресс әсерінен құрылымдық жағынан
күрделенуі, сондай ақ дәстүрлі әлеуметтік қатынастар мен институттардың,
діни және отбасылық моральдың бұзылуынан көреді, ал әлеуметтік мінез құлық
қоғамның төменгі жігінен шыққан жастардың көп бөлігіне де тән болды, ол
кейбір жағдайларда қоғамның саяси, экономикалық және интеллектуалдық
элитасының отбасыларынан шыққан жастардан да байқалып қалған. Нәтижесінде
қоғам , әсіресе мемлекет жастарға қатысты ауырлықты бұған дейін қоғамның
тәртібіне сыймаған жастарға көмектесіп келген әр түрлі әлеуметтік
қызметтер, қайырымдылық және басқа да ұйымдардан алып, оны жалпы
мемлекеттік сипаттағы шараларға, барлық жастарға арналған кешенді шаралар
артуға мәжбүр болды. Бұрындары жастар проблемасынан өзін алшық ұстаған
мемлекетке жас ұрпақтың тұрмыс саласына белсенді араласып, мемлекеттің
өзіне тән бағытын анықтауға күш салуына тура келді, бұл іс әрекет жастар
саясаты болды, ол мемлекет пен қоғамнң бірегей әлеуметтік саясатының
құрамдас бөлігі болып табылады.
70-ші жылдары жастар саясатының екінші кезеңінде жастармен жұмысының
басты бағыты жастардың қоғамдық өмірге жастарға тән нысандарда өздерін
танытып, дербестік көрсетуіне қолайлы жағдай жасау болды. Жастарға қызмет
көрсетудің инфрақұрылымы өрістеп, ол жастардың әр түрлі санатының мүдделері
қажеттіліктерінің кең шеңберіне арналды және зеріктірмейтін қалыпта
берілді. Ересектердің көптеген әлеуметтік қызметтеріндегі рөлі минимумға
жетті. Жастар көбі , жастар мүддесін қорғайтын әр түрлі органдар: жастар
кеңесі, дербес жастар ұйымдары мен ассосациялары пайда болды.
Жастар саясатының үшінші кезеңі дамыған елдерде 80-ші жылдарға тап
келеді және мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлі мен жастарды
әлеуметтендірудің тиімділігін қайта қарауға байланысты болды. Бұл кезеңді
Батыс мамандары Мемлекеттен кіші қоғамнан үлкен деген сөзбен бағалады.
Мұндай қайта қараудың объективті себептеріне экономикадағы дағдарыс
құбылыстарына сай мемлекеттің жалпы шығынының қысқаруы мен мемлкеттік
әлеуметтік қызметтің өз жұмыстарында әркімге көмектесу деген оймен жұмыс
істеуге ұмтылған ерікті түрде құрылған құрылымдар, қоғамдық және жеке
ұйымдардың қызметіне қарағанда тиімділігінің төмен болуына байланысты
болды. Жастардың әлеуметтік саясатының осы әр түрлі модельдерінің арасында
қандай да бір елдің нақты жағдайларын көрсететін нұсқалар бар. Қазігі
жағдайда жастар саясатының нұсқаларының негізгі айырмашылықтары мыналармен
анықталады:
- Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлкеттің араласу
деңгейі ;
- Ұлттық дамудың қандай да бір кезеңінде жастар саясатына деген
көзқарастардың ауысуы, сондай ақ осы дамудағы жастардың рөліне
көзқарастардың эволюциясы; бұл айқындамалардың өзгеруіне маңызды рөлді
халықаралық ұйымдар да ойнайды;
- Мемлекеттің оның аймақтарының экономикалық мүмкіндіктерін жастар
бағдарламаларына арнай қаражат түрінде жіберу, бюджеттік арнайы ақша
бөлу;
Жастар саясатының кез келген моделі оны жүзеге асырудың алдын ала
анықталған механизмі болғанда ғана іске асады. БҰҰ өзінің көптеген
құжаттарнда бұған ерекше назар аударуда тегін емес. Соның ішінде , жастар
саясатын жүзеге асыру үшін жастардың ісімен айналысатын ұлттық органдар
құрылып, оларға мынадай қызметтер жіктелу керек деп көрсеткен:
- Жастарға қатысты ұлттық саясат пен жоспарлар жасауға қатысу;
- Жастарға қатысты саясат пен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша
іс әрекеттерді қолдау және үйлестіру, бұған кадрларды даярлау бағдарламасын
енгізу;
- Жұмыс барысына бақылау жасау;
- Зерттеу жұмысы және мәліметтер жинау.

Жастар — жеке тұлға болып қалыптасып жатқан азаматтардың ең әлсіз
категориясы, осыған байланысты олар қоғамдық өмірде әлеуметтік және
психологиялық күйзеліске жиі ұшырайды. Жас азаматтарды қолдай отырып,
мемлекет олардың бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерін шыңдайды, әлеуметтік
тұрақтылығын қамтамасыз етеді және өз болашағының адамдық ресурстарын
дамытады. Әлемде жастар саясатын жүзеге асырудың үш моделі бар:
Бірінші. Либеральды. Осы модельде жастар жеке әлеуметтік- демографиялық
топ ретінде қарастырылмайды және мемлекеттік саясаттың тікелей объектісі
болып танылмайды. Бұл жағдайда мемлекет жастарға білім беру, мәдениет,
спорт, денсаулық сақтау және т.б. салаларда әлеуметтік қолдау көрсету
саясатымен шектеледі. Жастар көшбасшыларының қалыптасу үрдісі мемлекетпен
қадағаланбайды. Жастар қозғалысын қаржыландыру көздері болмайды немесе бұл
мүшелік жарналар мен жеке меценаттардың және қайрымдылыққа берілген
қаржылар, сонымен бірге бұған шетелдік қаржыландыру да кіреді. Осы модель
англосаксондық елдерде және Африка мен Азияның кейбір елдерінде
қолданылады.
Екінші. Максимальды тарту. Осы жағдайда жастар жеке әлеуметтік-
демографиялық топ ретінде қарастырылады және мемлекеттік саясаттың бірыңғай
объектісі болып табылады. Осы модельде мемлекет басымдылық ұстаным танытады
және эксперттердің ойы бойынша жастардың белгілі саяси көзқарасы мен
мәдениетін қалыптастыру арқылы бақылау мәселесін өз алдына қояды. Негізгі
механизм ретінде жастарды басымды басқарылатын жастар ұйымдарына тарту
болып табылады. Қаржыландыру негізінен мемлекеттік бюджет тарапынан
жүргізіледі. Жастар ұйымына мүше болу әр уақытта ерікті емес. Осы модель
Қытайда, Солтүстік Кореяда, Кубада және кейбір шығыс-еуропалық пен азия
елдерінде қабылданған.
Үшінші. Әлеуметтік жауапкершілік. Осы тұрғыда жастар ең осал әлеуметтік
топ болып саналады да, оған бөлек ерекше өтемдік саясат құрылады. Осы
модельді қолданатын елдерде, оның сәйкес заңы мен арнайы бағдарламасы
болады. Жастар саясатын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және меценаттар
есебінен жүргізіледі. Бұл модель континентті-еуропалық елдерде қолданылады
және Франция, Германия, скандинавтік елдерге тән. Екінші және үшінші
модельдерді қолданылатын елдерде Мемлекеттік жастар саясаты туралы айту
қалыпты. Жалпы екі модельде де жастар жеке әлеуметтік топ ретінде
қарастырылады және олардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 7 шілдеде қабылданған Мемлекеттік жастар
саясаты туралы Заңына сәйкес жастарға 14 -тен 29 жасқа дейінгі тұлғалар
жатады.[2]
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес
әзірленді. Ол жастарды облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси
өміріне белсенді тартуға, жас азаматтарды жұмыспен қамту мен жұмысқа
орналастыру саласындағы проблемаларын шешуге, оларға әлеуметтік-құқықтық,
психологиялық көмек көрсетуге, ауыл жастарының, жастар кәсіпкерлігінің
дамуына жағдай жасауға, жастардың демалысын ұйымдастыруға, оларға
патриоттық тәрбие беруге және балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға
бағытталып әзірленген бағдарламалық шаралардың жалғасы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша
2007 жылы 14-тен 29 жасқа дейінгі жас азаматтардың саны 662 756 адамды,
немесе халықтың жалпы санының 30% құрайды. 2005 жылмен салыстырғанда жастар
саны 5959-ға өскен. 14-29 жастардағы әйелдер мен ерлер санының ара қатынасы
соңғы екі жыл ішінде 1,01 тұрақты деңгейінде тұр. Қазіргі кезде жастардың
негізгі проблемасы жұмысқа орналасу болып табылады. 2007 жылдың бірінші
жартыжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту органдарына
4226 жастар өтініш білдірген болса, олардың 2673-і жұмысқа орналастырылған.
2005 жылдың бірінші жартыжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен
қамту органдарына 3890 жастар өтініш білдірген болса, олардың 2370-і
жұмысқа орналастырылған. Жұмыспен қамту органдарына тіркелген жастардың
санының көбеуін, олардың өз құқықтарын жүзеге асырудағы сауаттылықтарының
артуымен түсіндіруге болады. Оңтүстік Қазақстан облысында жер-жерде
жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс
орындары туралы деректер базасы үнемі жаңартылып отырады, еңбек рыногында
сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсіптер бойынша жас кадрларды
даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары жүзеге
асырылуда. Дүниежүзілік қоғамдастықта жастар кәсіпкерлігін қолдау
бағдарламалары жастардың жұмыссыздығымен күресудің тиімді құралы ретінде
танылып отыр. Мемлекет жастар кооперативтеріне жеңілдетілген несиелер,
жабдықтар бөліп, жұмыссыз жас азаматтардың кіру жарнасын төлейді,
несиелерді жартылай өтейді, кадрларды дайындауға көмектеседі. Ауылдық
жерлерде жас мамандарды жұмыспен қамтып, уақытша пәтермен қамтамасыз ету
арқылы алғашқы әлеуметтік жеңілдіктер көрсетіп Қазақстанда да бұл
тәжірибені қолдануға болады. Біздің облысымызда да жастарды жұмысқа
орналастыру, қазіргі нарықтық жағдайда қолдау көрсету және бейімделу
жүйесін қалыптастыру, кәсіби өсуге жағдай жасау үшін облыстық мемлекеттік
жастар саясатын іске асыру бағдарламасына жастардың еңбек нарығына тұрақты
мониторинг жүргізу және оларды жұмыспен қамтуға талдау мен болжамдар жасау
туралы жеке тармақ қосу қажет. Облыс жастары үшін әлеуметтік қызметтер
қалыптастыруда жаңа көзқарас қолдану қажеттігі туындап отыр. Бұл жұмысты
шетел тәжірибесіне жүгіне отырып, жүргізуге болады. Мысалы, Еуропа
елдерінде жастармен тікелей жұмыс тек қана мемлекеттік органдармен және
мекемелермен ғана емес, сонымен қатар, жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің
тарамданған қоғамдық-мемлекеттік қызмет жүйесімен де жүргізіледі. Жастар
ісі жөніндегі мемлекеттік орган тапсырылған міндеттерді шешуге жағдай
жасайды және ол үшін қажетті қаражат алады, ал жастармен тікелей жұмысты,
мысалы, Германияда, әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын қоғамдық
ұйымдар жүргізеді. Бұл қызметтерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
конкурс негізінде, олардың біліктілігін, ұйымдастыру мүмкіншіліктерін
ескере отырып, жүргізіледі.[3]
Жастардың тағы бір өткір мәселелерінің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету
мәселесі болып табылады. Бұл ең алдымен, жастарға өз меншігіне баспана
алуға да, тұрғын үй құрылысына жер алуға да арналған тұрғын үйді несиелеу
тетіктерінің жоқтығына байланысты. Бұл проблеманы шешу көбінесе жастардың
кепілдікке берер заемдық қаражатының, меншігінің немесе мүлкінің болмауымен
қиындап отыр. Қазіргі уақытта аймақтың аумағында 36 жастар қоғамдық
бірлестіктері жұмыс істейді, олардың 1-і жастар ұйымдарының Ассоциациясы.
2004 жылмен салыстырғанда олардың саны 17-ге өскен (2004 жылы 19 жастар
ұйымдары жұмыс істеген). Олардың қызметі көптүрлілігімен және
көпсалалығымен ерекшеленеді. Негізінен олар жастардың әлеуметтік
мәселелерін шешумен, құқықтық және заңдық қолдау көрсетумен, жастардың
демалысын ұйымдастырумен және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді
шешумен айналысады. Алайда, жас азаматтардың әртүрлі нысандағы өзіндік
ұйымдасуға ұмтылысы, тиісінше жастар ұйымдарының сандық жағынан өсуі
олардың проблемаларын шешуде пәрменді тетік бола алмауда. Жастар
ұйымдарының жастардың жалпы ахуалына әсер ету деңгейі де жоғары болуды
талап етеді. Облыста жастар саясатын тиімді жүргізу мақсатында оның
ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлінуде. Бұл бүгінгі
таңда мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде бұқаралық ақпарат
құралдарына мемлекеттік тапсырысты орналастыру, әдістемелік-сараптамалық
материалдарды әзірлеу арқылы жүргізілуде. Жастар мәселесі облыстық
"Оңтүстік Қазақстан" газетінің "Жасын", Южный Казахстан газетінің
"Молодежка" қосымшаларында, қалалық және аудандық газеттерде, облыстық
телеарнада және облыстың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында толығымен
жариялануда. Сонымен қатар, облыста студенттердің өзекті мәселелерін
жариялайтын жоғары оқу орындарының ішінде студенттік басылымдар шығарылады.
Дегенмен, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың қазіргі жағдайы
бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің белсенділігін күшейтуді талап етеді.
1.3 Жастар саясатындағы бағдарламаның мақсаттары мен
міндеттері
Бағдарламаның мақсаты жастардың жан-жақты дамуы, олардың шығармашылық
және кәсіби әлеуетін ашу үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық
және құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Қойылған мақсатты орындау
келесі міндеттерді шешуді көздейді: (мемлекеттің жастар және жастар
ұйымдарымен өзара қарым-қатынас инфрақұрылымын қалыптастыру;
(мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттік деңгейде
шешімдер қабылдауда жастар ұйымдарының азаматтық қатысуының үлесін арттыру;
(жастардың өзін-өзі әлеуметтік реттеу механизмдерін қалыптастыру;
(жас таланттарды дамыту және қолдау;
(жастарды экономикалық дамыту және оларды еңбекпен, жұмыспен қамтудың
жағдайын жасау;
( жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты, салауатты өмір салтын
қалыптастыруды, жас отбасыларын қолдауды және т.б. дамыту бойынша
әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар кешенін өткізу;
(жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
(жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
(жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынасты дамыту және
жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыруда келесідей негізгі бағыттар кезеңдік және
үйлестіруші іс-әрекеттерді көздейді:
1) Жастардың азаматтық қалыптасуына, әскери-патриоттық және рухани-
адамгершілік тәрбие беруге жағдай жасау. Бұл бағытта Қазақстан - 2030
Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Ел Президентінің жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларының ережелерін, мемлекеттік жастар саясатын
іске асыруға байланысты заңдылық актілерді насихаттау мен түсіндіруге
жастарды белсенді тарту қарастырылады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу
мақсатында Ұлы Отан, Ауған соғысы ардагерлерінің жастармен кездесуін,
"дөңгелек үстелдер" және "Ерлікке тағзым" акциясын ұйымдастыру
қарастырылады. Сонымен қатар, экологиялық сенбіліктер өткізу көзделеді.
2) Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Осы Бағдарлама шеңберінде жастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері
бойынша облыстың аудан, қалаларында жасөспірімдердің аула клубтары,
спорттық және балалардың ойын алаңдары жүйесін дамыту, жастар мен
балалардың үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларына
конкурс өткізу, оларды жүзеге асыру және басқа да іс-шаралар көзделеді.
3) Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында бұқаралық спортты
дамыту, бұқаралық спортты дамыту Есірткісіз болашақ акциясын өткізу
арқылы нашақорлықтың алдын алу, спорт түрлерінен кәсіптік мектептер мен
колледждер оқушылары арасында спартакиадалар, түнгі клубтар мен басқа да
мәдени-демалыс орталықтарында тұрақты шұғыл алдын-алу рейдтерін, құқықтық
семинарлар, құқық қорғау органдары өкілдерінің жастармен кездесулері сияқты
мақсатты шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында келесі мәселелер орындалатын болады:
1) студенттік құрылыс және студенттік еңбек отрядтары жұмысының жолға
қойылуы;
2)жыл сайын 3 мыңға жуық жастардың қатысуымен студенттік құрылыс және
студенттік еңбек отрядтары слетінің өткізілуі;
3)Оңтүстік Қазақстан облысынан өнерпаз жастардың халықаралық Дельфийлік
ойындарға қатысуын қамтамасыз ету;
4)45 пайызға жуық жастардың қоғамдық-саяси жағдайларға белсене қатысуы;
5) жыл сайын 5 мыңға жуық жастарды тарта отырып, 2008 жылы 3 рет, 2009
жылы 3 рет, 2010 жылы 4 рет патриоттық бағыттағы 10 облыстық іс-шараның
өтуі;
6)әр түрлі салаларда жұмыс жасайтын жас азаматтар арасынан 2008 жылы 50,
2009 жылы 60, 2010 жылы 80 жас мамандарды тарта отырып, "Өз мамандығының
үздігі" байқауының өтуі;
7)халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орындарындағы үздік
студенттерден 2008 жылы 30 студентті, 2009 жылы 60, 2010 жылы 70 студентті
облыс әкімінің естелік сыйлықтарымен марапаттау;
8)шығармашылық, талантты жастар жұмыстарының көрмесінің ұйымдастырылуы;
9)жыл сайын 3 мыңға жуық жас азаматтардың қатысуымен "Есірткісіз болашақ"
акциясының өтуі;
10)2008 жылы - 500, 2009 жылы - 700, 2010 жылы - 800 жастарды тарта
отырып, кәсіптік мектеп және орта арнаулы оқу орындары оқушылары арасында
түрлі спорт түрлерінен спартакиада өткізу;
11)20-ға жуық қоғамдық жастар ұйымдарының қатысуымен республикалық "Тау
фестивалін" өткізу;
12)15-ке жуық жастар ұйымдары қатысатын жастар және балалар ұйымдары
арасында жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауының ұйымдастырылуы;
13)әр тоқсан сайын студент жастар арасында облыстық телеарнада
интеллектуалды ойындардың өткізілуі;
14)мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау мақсатында мемлекеттік
тапсырыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 2008 жылы - 1 фильм, 3
ролик, 2009 жылы - 2 фильм, 5 роликтің шығарылуы;
15)жастардың өзекті мәселелері бойынша 10 әлеуметтік зерттеулердің
жүргізілуі, 2008 жылы - 3 рет, 2009 жылы - 3 рет, 2010 жылы - 4 рет;
16)облыстық жастар қоғамдық ұйымдары арасында тәжірибе алмасу мақсатында
жыл сайын 20-ға жуық қоғамдық жастар ұйымдары қатысатын семинар
тернингтердің өткізілуі;
17)жастар ұйымдары үшін ақпараттық-әдістемелік құралдардың шығарылуы,
2008 жылы - 300 дана, 2009 жылы - 500 дана, 2010 жылы - 700 дана;
Бағдарламаны жүзеге асыру облыстағы жастар ұйымдарының қызметтерін
үйлестіруге, мемлекеттік құрылымдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен
өзара қарым-қатынастың жаңа сападағы және пәрменді тетіктерін әзірлеуге
мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, облыстың барлық аймақтарында
мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүргізуге жағдай жасайтын болады. [4]
1.4 Жастар саясатының 2008 – 2010 жылдарға арналған
бағдарламалары
Бағдарламада қарастырылған шараларды жүзеге асыру барысында жастар
саясатының өзекті мәселелері қамтылды:
- Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
- Жастардың әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы;
- Еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар туғызып, жастардың
экономикалық дамуына мүмкіндік беру;
- Білім саласында жастардың құқықтары мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету;
- Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету;
- Жас дарындарды қолдау және дамыту;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында бұқаралық
спортты, туризмді дамыту;
- Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жастардың арасындағы спорттық шараларды
дамыту;
- Жастар арасындағы азаматтық және патриоттық сезімді дамыту;
- Әр түрлі байқаулар, фестивальдар т.б. өткізу арқылы еліміздің әлеуметтік-
экономикалық дамуы процесінде жастардың әлеуметін тиімді жүзеге асыруға
жағдай жасау;
- Бос орындар жәрмеңкелері, курстар мен тренигтер өткізу арқылы жастарды
жұмыспен қамтамасыз ету;
- Жастар шығармашылығын дамыту, шығармашылық байқаулар, фестивальдар мен
қараулар өткізу.
Облыс аудандарында жастар саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет
есебінен, трансферттер арқылы әр ауданның территориясы мен тұрғылықты
жастар санына байланысты қаражат бөлінді (әр ауданға 1 млн-нан кем емес).
Осының негізінде аудандарда жастар саясатын жүзеге асыруға жаңа серпілістер
пайда болды, жастар ұйымдары алдына қойылған міндеттерді
орындауға бейімделіп, өз қызметтері ауқымын кеңейтті. Биылғы жылы
студенттік құрылыс және Жасыл ел еңбек жасақтарының қатарына жұмыссыз
ауыл жастарын тарту жүргізіліп жатыр. Облыста жастар парламентаризмін
дамыту және өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында
белсенді көшбасшылар арасынан сайланған облыстық жастар мәслихаты жұмыс
істейді. Қазіргі таңда облыстық жастар мәслихатының құрамында 30 депутат
жұмыс істейді (12 депутат - аудандардан, 18 депутат - жастар ұйымдарының
төрағалары, оқу орындарының студенттері). Жастар мәслихатының құрамындагы 6
комиссия жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасайды. Жастар
мәслихаты құрылған уақытынан бастап, әр тоқсан сайын жұмыс жоспарына сай
облыс жастарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған отырыстарын өткізіп
келеді. Жастар мәслихаты құрылғаннан бері облыс жастарының келесі өзекті
мәселелерін көтеріп шешті. Олар: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
жастар саясаты туралы ҚР-ның Заңын іске асыру шеңберінде мемлекетіміздің
аумағында ұқсастығы жоқ жас отбасыларға арналған Тұрғын үй - жастарға
атты жобасын іске асырылды.[5] Бұл мақсатта жарғылық капиталына 100
пайыздық мемлекеттің қатысуымен Ақжайық - Жас отау ЖШС-гі құрылды. Елбасы
Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарында Орал қаласының 9-шы ықшам
ауданындағы жас отбасыларға арналған 90-пәтерлік тұрғын үйі салтанатты
түрде пайдалануға берілді және де Н.Ә.Назарбаев облыс, Астана және Алматы
қалаларының әкімдеріне Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін қолға алуын
тапсырды. Биылғы жылы жас отбасыларға арналған 2-ші тұрғын үйдің құрылысына
облыстық бюджеттен 228,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда облыстағы
білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін қалалық
қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру мәселесі шешілді.
Оқушылардың аталған жеңілдігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 110
млн. теңге қаражат бөлінді. Осы негізде, қалалық білім беру бөлімі арқылы
барлық жоғары және орта арнаулы, кәсіптік-техникалық оқу орындарының
күндізгі нысанындағы студенттер мен оқушыларға әр ай сайын жол жүруіне
қаражат бөлініп тұратын болады.Қалада және аудандарда тұрақты түрде мәдени-
көпшілік бағыттағы іс-шаралар, патриоттық акциялар, жастар саясатының
өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер, ақпараттық үгіт-насихат
топтары өткізіліп отырады. Соның ішінде, төмендегідей бірқатар іс-шаралар
өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Дағдарыстан жаңару мен
дамуға атты Қазақстан халқына Жолдауын облыс жастарына түсіндіру
мақсатында БҚО Жастар қауымдастығы және Жас Отан жастар қанаты облыстық
филиалының өкілдерінен құралған ақпараттық үгіт-насихат тобы 1-15 сәуір
аралығында қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары, кәсіптік-
техникалық мектептерде студент жастармен кездесті. 30 сәуір күні облыстық
балалар мен жасөспірімдер мектебінде БҚО Жастар қауымдастығы заңды
тұлғалар бірлестігінің кубогі үшін облыстағы жастар ұйымдары арасында үстел
теннисінен турнир өткізілді. Іс-шара мақсаты - жастар арасында салауатты
өмір салтын қалыптастыру және үстел теннисіне қызығушылықты арттыру. Мамыр
айының 11-13 күндері аралығында Ақиқат пікір-сайыс
орталығы жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай,
бірқатар іс-шаралар оздырылды. Аталмыш іс-шаралар аясында 11-12 мамыр
күндері М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Облыста пікір-сайыс қозғалысын дамыту
жобасы бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Дағдарыстан жаңару мен
дамуға атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тақырыбында облыстық
пікір-сайыс турнирі, 12 мамыр күні қаладағы жастар қоғамдық
бірлестіктерінің арасында Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы атты волейбол,
дойбы, үстел теннисінен спорттық турнир өткізілді. Осы сайыстардың
нәтижесін қорытындылаған мерекелік шара 13 мамыр күні БҚМУ-дың акт
залында өткізілді.29 мамыр күні орталық Абай алаңында Жасыл ел және
студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының ІІІ еңбек семестрінің
салтанатты ашылу рәсімі болды. Жасақтарды еңбек маусымына шығарып салу
рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Е.Ғ.Салықов, облыстық атқарушы
органдардың басшылары, жұмысберуші құрылыс компанияларының директорлары,
жастар ұйымдарының көшбасшылары, облыс жастары, студенттер мен БАҚ өкілдері
қатысты.
2 тарау Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының дамуы мен
қалыптасуы
2.1 Қазақстан Республикасындағы жастар саясатына байланысты
кеңестер
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру
жүйесiнде мынадай негізгі мәселелер көрсетілген:
1.Жастар саясаты жөнiндегi кеңес Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2.Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ
осы Ереже құрайды.
3.Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
- жастарға қатысты кешендi мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын
анықтау, оны қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;
- Қазақстан Республикасының Президентiн жастар арасындағы ахуал
туралы хабардар етiп отыру;
- мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру тиiмдiлiгiне талдау жасау;
- мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын
талқылау болып табылады.
4.Осы Ережеде айқындалған негiзгi мiндеттердi iске асыру үшiн Кеңес
мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекет басшысына мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiнде
ұсыныстар енгiзедi;
2) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жастар мәселелерi жөнiндегi ресми құжаттарын дайындауға
қатысады;
3)мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, үкiметтiк емес ұйымдардың,
саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн елдiң жастар
саясаты саласын қозғайтын мәселелерiн талқылауға тартады;
4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелердi шешуде орталық және
жергiлiктi атқарушы органдарға консультативтiк көмек көрсетедi;
5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарымен, үкiметтiк
емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл
жасайды;
6) жастар саясаты мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықта болады.
5. Кеңестің негiзгi мiндеттерiн iске асыру мақсатындағы
өкілеттіліктер:
1)Кеңес құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан
және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, өзге де
материалдар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2)өз отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар
басшыларының жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi ақпаратын тыңдауға;
3)мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелерi
жөнiндегi жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы
мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми
ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;
4)ғылыми мекемелердiң, бiлiм беру ұйымдарының және үкiметтiк емес
ұйымдардың қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн өкiлдерiнен:
-сараптау-талдау жұмысын жүргiзу үшiн сарапшылар кеңесiн;
-Кеңес құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс
топтарын құруға;
5)жастар саясатын iске асыруға байланысты мәселелердi талқылау үшiн
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де
мемлекеттердiң ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.
6)Кеңестiң жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz