Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері . . . 4

2 Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік және өзге де түрлері . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген əрекеттерді-тыйымдарды жасағаны жəне өз міндеттерін заңға сəйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мəжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады. Сол себепті, бұл заңды жауаптылық абстрактілік емес құбылыс, ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.

Біз жер туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты қарастырамыз.

Жер туралы заңнама - бұл жерді меншік құқығының, жер пайдалану құқығының объектісі ретінде де, мемлекеттік басқару мен қорғаудың объектісі ретінде де нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жер туралы заңнаманың нысандары болып Жарлық, Заң Жəне ҚР Жер кодексі табылады.

Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қолданудың міндетті шарты болып құқық бұзушылықтың Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларымен емес, тек жер туралы заңнаманың нормаларымен байланысы табылады.

Сондықтан, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың шектері ҚР Жер кодексінің нормаларымен шектеледі. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 168-бабында көзделгендей, жер заңдарының бұзылуына кiнəлi жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен жауапты болады.

1 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері

Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген əрекеттерді-тыйымдарды жасағаны жəне өз міндеттерін заңға сəйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мəжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады. Сол себепті, бұл заңды жауаптылық абстрактілік емес құбылыс, ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.

Біз жер туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты қарастырамыз.

Жер туралы заңнама - бұл жерді меншік құқығының, жер пайдалану құқығының объектісі ретінде де, мемлекеттік басқару мен қорғаудың объектісі ретінде де нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жер туралы заңнаманың нысандары болып Жарлық, Заң Жəне ҚР Жер кодексі табылады.

Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қолданудың міндетті шарты болып құқық бұзушылықтың Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларымен емес, тек жер туралы заңнаманың нормаларымен байланысы табылады.

Сондықтан, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың шектері ҚР Жер кодексінің нормаларымен шектеледі. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 168-бабында көзделгендей, жер заңдарының бұзылуына кiнəлi жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен жауапты болады.

Бұл жерде жер туралы заңнама кінəлі тұлғалардың жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіп бойынша жүзеге асырылатынына ерекше мəн береді. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды: кінə қандай тəртіп бойынша анықталады жəне жер туралы заңнаманы бұзған тұлғаның заңды жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қандай актілерімен белгіленген?

ҚР Жер кодексінде бұл сұрақтарға жауап жоқ. ҚР 1995 жылғы 22-желтоқсандағы «Жер туралы» жарлықтың 118-бабына сəйкес, лауазымды тұлғалар жəне азаматтар жер туралы заңнаманы бұзғаны жəне жер ресурстарына зиян келтіргені не зиян келтіруге нақты қауіп төндіргені үшін заңнамада белгіленген тəртіпте тəртіптік, материалдық, əкімшілік жəне қылмыстық жауаптылыққа тартылады: жер заңдарын бұзғаны үшін кінəлі

тұлғалар осы құқық бұзушылықтың нəтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Тəртіптік, əкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту кінəлі тұлғаларды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.

«Жер туралы» заң тек мына жағдайды көрсетіп өткен: «жер заңдарын бұзғаны үшін кінəлі жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жəне олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіп бойынша жауаптылыққа тартылады».

Бұл заң жауаптылықтың түрлерін көрсетпеген. Алайда, мұнда «Жер туралы» жарлықта көзделмеген мəселе - жер заңдарын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың жауаптылығы қарастырылған.

Егер «Жер туралы» Заң мен Жарлықтың нормаларын салыстыратын болсақ, онда бұларда жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық субъектілерін анықтаудың əртүрлі тəсілдері бар екенін байқауға болады. Аталған екі актіде де белгіленген ортақ норма: ҚР заңнамасының қандай нормаларымен жəне қандай тəртіпте қарастырылатынына жəне туындайтынына қарамастан, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық орын алады.

Ресей мен Қазақстанның жер құқығы бойынша оқулықтарында (оқу құралдарында) жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың мəніне қатысты əртүрлі көзқарастар бар. 1995 жылғы «Земельное право России» (В. В. Петровтың редакциялығымен) оқулығында былай делінген: «əлеуметтік жауаптылықтың бір түрі бола тұра, заңды жауаптылық құқық бұзушылықты жасау фактісінің негізінде туындайды жəне құқық бұзушыға өзіндік жəне мүліктік сипаттағы қолайсыз салдарды көтеру міндетін жүктеуден тұрады. Кінəлі тұлғаларға заңдардың ережелерін орындамағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мəжбүрлеу шараларының жүйесі ретінде көрініс табатын жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық жер-құқықтық нормалардың орындалуын ынталандыруға, бұзылған жер құқықтарын қалпына келтіруге, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған».

1997 жылғы «Земельное право России» оқулығына (авторлар ұжымы) сəйкес, заңды жауаптылық жерге қатысты құқық субъектісі ретіндегі жеке жəне заңды тұлғалардың құқыққа қайшы жүріс-тұрысы орын алған жағдайда, оларға қолданылатын мəжбүрлеу шараларының жүйесін білдіреді. Б. В. Ерофеев заңды жауаптылықты мемлекеттің қорғау функциясы ретінде анықтайды, сол себепті, оның туындау негізі болып қандай да бір құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің дəрежесі табылады.

Оқу құралдарының қазақстандық авторларынан И. Г. Архипов өзінің «Земельное право Республики Казахстан» атты оқулығында жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қарастырмаған.

А. Х. Хаджиев мынадай анықтама береді: «Заңды жауаптылық құқық бұзушылықты жасағаны үшін туындайтын жəне құқық бұзушыға өзіндік жəне мүліктік сипаттағы қолайсыз салдарды көтеру міндетінен тұратын мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары түрлерінің бірі болып табылады». 5 Жалпы алғанда бұл анықтама жоғарыда аталған ресейлік «Земельное право России» (В. В.

Петровтың редакциялығымен) оқулығындағы анықтамамен бірдей. Мұндай анықтаманы басқа да əдебиет көздерінен кездестіруге болады. Мысалы, Л. С. Явич былай деп жазады: «Заңды жауаптылық жай ғана заңды міндет емес, себебі, ол қандай да бір игіліктерден айырылуды көздейді. Ол бұзылған құқықты қалпына келтіру, келтірілген зиянның орнын толтыру жəне т. б. құрауы мүмкін, бірақ, міндетті түрде жазалаудан тұрады».

А. Х. Хаджиевтің анықтамасы бойынша жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық белгілі бір жүйеге реттелген нормативтік құқықтық ортақтықты - жер қатынастары саласындағы құқыққа қайшы əрекеттер үшін əкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тəртіптік нормаларды, сонымен қатар, жер-құқықтық жауаптылықты құрайтын жер құқығы саласының құқықтық институтын білдіреді.

Алайда, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық жер құқығының құқықтық институты болып табыла ма, жоқ па - бұл даулы мəселе. Себебі, жер туралы заңнама жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың бір ғана түрін - жер учаскелерін алып қоюды көздейді. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың қалған басқа түрлері еңбек, азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық құқықтың нормаларынан көрініс тапқан. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: аталған институт салааралық институт болып табылмай ма? Өйткені, жер құқығының өзі экологиялық құқықтың саласы болып табылады.

Алайда, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың барлық түрлерін біріктіретін бір жағдай бар. Бұл - жер қатынастары, осы салада жер құқығы қатынастары туындайды жəне олар жоғарыда аталған құқық салаларының нормаларына ауысады жəне Қазақстан Республикасы еңбек, азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық кодекстерінің тиісті баптарының диспозицияларынан орын алады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы мынаны көздейді: «Табиғи ресурстарды пайдалану, кəсіпорындарды жəне пайдалану объектілерінің басқа да түрлерін, өнеркəсіп, көлік жəне байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жəне мелиорациялық объектілерді жобалау, орналастыру, салу, жөндеу, қолданысқа беру жəне пайдалану, қалалар мен өзге де елді мекендер құрылысы кезінде, сонымен қатар, əскери жəне қорғаныс объектілеріне, əскери жəне ғарыштық қызметке қатысты экологиялық талаптарды осы талаптарды орындау үшін жауапты тұлғалар бұзған жағдайда, егер бұл қоршаған ортаның елеулі ластануына, адам денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар жəне өсімдіктер əлемінің жаппай қырылуына жəне өзге де ауыр салдарға алып келсе, - белгілі бір лауазымды иелену не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыра отырып не бұларсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады».

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңның 55-бабы келесі мазмұндағы экологиялық талаптарды көздейді: «Өнеркəсіп, энергетика, көлік жəне байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жəне мелиорациялық объектілерді пайдалану белгіленген экологиялық талаптарды ескере отырып жəне қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын экологиялық негізделген технологияларды, қажетті тазалау ғимараттарын жəне санитарлық-қорғау аймақтарын пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс».

Қалалар мен басқа да елді мекендерді жобалау, салу, жөндеу экологиялық қауіпсіздіктің жəне қоршаған ортаны сақтаудың талаптарын ескере отырып халықтың өмірі, еңбек етуі жəне демалысы үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс (ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 56-бабы) . Мұндай нормаларды жер жəне экологиялық құқықтардың нормаларына ауыстыру жəне жер жəне экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың түрлерін жер жəне экологиялық құқықтың құқықтық институты болып табылады деп көрсету құқық салаларын ажырату теориясына жəне құқықтық реттеудің пəні мен əдісіне қайшы келер еді. Заңды жауаптылықты түрлерге бөлудің негізінде құқықтың салалық орны жатады.

И. С. Самощенко жəне М. Х. Фарухшин жазғандай, заңды жауаптылықтың түрлерінің көп болуы əртүрлі құқық салаларына тəн құқықтық реттеу əдістерінің көптігін көрсетеді.

Құқық салаларында реттеу əдістері де, оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да, ең алдымен, салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен жəне пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын қорытынды, құқықтық реттеу əдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пəнінен ажыратылмайды. Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың əдісіне де, пəніне де бағынады жəне оларға қызмет етеді. Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес, сонымен қатар, жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға, оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған.

Ерекше атап өтетін жайт, жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын жəне жер қорғауды реттей отырып, олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мəмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру

(жерлерді жаңғырту), ескерту жəне жазалау сияқты əдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді.

Жер заңдарының нормалары талаптарды орындау мен сақтауға, яғни, субъектілердің тиісті жүріс-тұрысына қарай бағыттала отырып жасалған. Алайда, жер заңдарының қандай да бір нормаларына қатысты тиісті жүріс-тұрыс ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда (құқықбұзушылықтар), олардың салдарын арнайы ескерту жəне мəжбүрлеу шараларын қолдану

жолымен жоюға байланысты қатынастар туындайды. Бұл жерде ескеріп өтетін жайт - жалпы ескерту шаралары (превенциялар) əрқашанда құқық нормаларынан көрініс табады (мысалы, ҚР Жер кодексінің 65-бабы) .

Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады - жер-құқықтық, əкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тəртіптік, жарғылық-тəртіптік-еңбек жауаптылығы.

2 Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауапкершілік және өзге де түрлері

Жер-құқықтық əдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер - құқықтық жауаптылық тұрақты орын иеленген. Бұған дейін заңды жауаптылықтың бұл түрін бір ғалымдар жоққа шығарса, енді біреулері оның бар екенін дəлелдеуге тырысқан. Қазіргі кезде жер заңдарының мазмұнына көз жүгіртсек, жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылықтың заңды түрде көрініс тапқанына күмəнданудың орынсыз екенін байқауға болады.

Сонымен қатар, жер-құқығы əдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың арнайы түрі туралы да көзқарас бар. Мысалы, Б. В. Ерофеев атап өткендей, ерекше нормативтік құқықтық актілерде көзделген арнайы жауаптылықтың түрлері азаматтық-құқықтық (мүліктік) жəне жалпы жауаптылықтың басқа да түрлерінің жүйесіне сəйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93-баптары жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:

1) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген тəртіппен меншік иесінен жəне жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.

Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мəн-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді (ҚР ЖК 92-бабы) ;

2) егер учаскені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сəйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едəуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едəуір нашарлауына əкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен жəне жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін (ҚР ЖК 93-бабы) . ҚР Жер кодексінің 92-бабында қарастырылған бірінші жағдайда заңды жауаптылықтың субъектілері болып тек жер пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар, жер учаскелерінің меншік иелері - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да табылады. Бұл бап бойынша жер учаскесі меншік иесінің заңды жауаптылығы бұған дейін жер заңдарында қарастырылмаған болатын.

ҚР Конституциясының 6-бабына сəйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жəне бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. ҚР Конституциясының 14-бабына сəйкес, заң мен сот алдында жұрттың бəрі тең. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 92-бабының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сəйкестендірілген.

ҚР Жер кодексінің 93-бабына сəйкес жауаптылықтың субъектісі ретінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар болуы мүмкін.

Мақсаты бойынша пайдаланбаған немесе жер заңдарын бұза отырып пайдаланған жер учаскесін алып қою тəртібі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген.

Жоғарыда аталып өткендей, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан ҚР Жер кодексінің 92 жəне 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тəртібімен жүзеге асырылады.

ҚР Жер кодексінің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн жəне осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн. ҚР Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана жəне осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн. ҚР Жер кодексінің 92 жəне 93-баптарында аталған негiздер бойынша сот шешiмiмен учаскенi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесiнiң мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу жəне атқарушылық заңдарында белгiленген тəртiппен ашық сауда-саттықта сатылады.

Сатудан түскен сома, учаскенi алып қою шығыстары шегерiле отырып, бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады (ҚР ЖК 94-бабы) .

ҚР Жер кодексінің 96-бабы «Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау» деп аталады, ал бұл баптың мəтінінде былай делінген: «Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады». Ал құқықтың объектісі болып нақты жер учаскесі табылатындықтан, бұл баптың редакциясын келесі мазмұнда берген жөн болар еді: «Меншiк немесе жер пайдалану құқығы

тоқтатылған жағдайда жер учаскесінің құнын бағалау оның нарықтық құны бойынша жүргізіледі».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Орман қорын құқықтық қорғау
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz