Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Анықтамалар 7
Белгілер мен қысқартылған мәндер 8
Кіріспе 9
1 Әдебиетке шолу 11
1.1 Жүзім дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, тарихы 11
1.2 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
1.3 Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру 15
1.4 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 18
2. Шаруашылықтың сипаттамасы 20
2.1. Шаруашылықтың орналасқан жер ауылшаруашылығына пайдаланатын 20
жердің құрамы
2.2. Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері 22
3. Негізгі бөлімі 25
3.1 Шаруашылық жағдайында органикалық тыңайтқыштардың жинақталу 25
жоспары және оларды оңтайлы тарату
3.2 Ауыспалы егістіктердегі танаптарда және дақылдарға минералды 28
тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтау
3.3. Жылдық және күнтізбелік тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 33
4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 36
Қорытынды 39
Қолданған әдебиеттер тізімі 41

Аннотация

Бет 39 сурет , кесте 14, қолданылған әдебиеттер -
23

Жүзім, жеміс –жидек, ауыспалы егістік, тыңайту, өсімдік, қоректік
заттар, агрохимиялық көрсеткіштер, тыңайтқыш, органикалық және минералды
тыңайтқыш, танап, алғы дақыл, ауылшаруашылық машиналары.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының
бірі - жүзім шаруашылығы және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген
кезде шарап өндірісінің аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары
сапалы шарап дайындауды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік, яғни шарап
кластерін құру мүмкіндігі туады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жеміс-
жидек және жүзімнен жоғары өнім алуға қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығын
өркендету ең басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл өнірде жылы
температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс айларының
жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін және жүзімнің
түрлі уақытта пісіп жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі мақсатқа
арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Ауыл шаруашылық өндірісін қайта құруға байланысты
диқан шаруашыықтары, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары
өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне
негізделген тыңайту жүйесін жасау қажет.
Жұмыстың міндеттері;
- Шаруашылық жағдайында органикалық тыңайтқыштардың жинақталу жоспары
және оларды оңтайлы тарату;
- Ауыспалы егістіктердегі танаптарда және дақылдарға минералды
тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтау;
- Жылдық және күнтізбелік тыңайтқыштарды пайдалану жоспары.
Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан және 22 әдебиетер
тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 41 бет, оның ішінде сурет, 14
кесте, қосымша бар.

Нормативтік сілтемелер

СГРК 1,4 – 1999 – Қазақстан Республикасының мемлекетік
стандарт жүйесі, формалар стандарты
СГРК 1,12 – 2000 – Нормативті текстің құжаттары, мазмұнын
өрнектеуге, құрастыруға, тұрғызуға
арналған жалпы талап
МЕСТ 3,001 – 2000 – Қазақстан Республикасы білімінің
мемлекеттік жалпы білім беру стандарты
жоғарғы кәсіптік білім. Негізгі ережелер
МЕСТ 2,105 - 59 ЕСКД – Текст құжаттарына жалпы талап
МЕСТ 2,106- 99 ЕСКД - Текст құжаттары
МЕСТ 2,111- 98 ЕСКД - Норма бақылау
МЕСТ2,1101 - 92 СПДС- Жұмысты құжаттарға негізгі талап
ФС ОҚМУ 4,6 - 001- 2004 - Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Текстік
құжатқа жалпы талап
ФСОҚМУ 4,6 – 002 - 2004 - Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Графикалық
құжатқа жалпы талап

Анықтамалар

Егіншілік – ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу
үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі.
Егіншілік жүйесі – жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын
қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан
тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік
және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер
жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс
жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді
органик., минералдық тыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген
дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін
жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен
күресу, т.б. жатады.
Топырақ - өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің),
климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі
борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді
сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды,
құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді.
Өсімдік өсіру, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығыныңның халықты
азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен
қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты.
Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс
шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-
жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б. пайдалы өсімдіктерді жинау
шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру – ауыл шаруашылығы
өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз
жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым. Өсімдік өсіру ғылым
ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетация дәуірінің ұзақтығын, өсу
және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, құрғақ зат жиналуын,
зат алмасуын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін, т.б. зерттейді. Өсімдіктің
биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай түр, сорт, гибридтерді
аудандастыру, жерсіндіру, т.б. мәселелерді шешеді.

Белгілер мен қысқартылған мәндер

ҚР- Қазақстан Республикасы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚШ – Америка құрама штаттары
АҚ – акционерлік қоғам
ЖШС- жауапкершілігі шектеуші серіктестік
г- грамм
га- гектар
кг- килограмм
л-литр
м-метр
мин-минут
мг-миллиграмм
мм-миллиметр
мл-миллилитр
см-сантиметр
ц-центнер
%- пайыз
м3- шаршы метр
млн – миллион
цга – гектарына центнер
кв.км- шаршы километр
°С- градус Цельсий

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.
Назарбаевтың халыққа жолдауында ауылшаруашылық саласына көп көңіл бөліп,
оны жаңа иновациялық технологиялармен қайта жабдықтау керектігін айтып
өтті. Бұл тұрғыда әрбір гектар жерден түсетін өнімді дақылдың биологиялық
потенциалына жақындату бүгінгі таңдағы ғылымның өзекті мәселесі болып отыр
[1].
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-
райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға
қолайлы.
Облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы
және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген кезде шарап өндірісінің
аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары сапалы шарап дайындауды
жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік, яғни шарап кластерін құру мүмкіндігі
туады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жеміс-
жидек және жүзімнен жоғары өнім алуға қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығын
өркендету ең басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл өнірде жылы
температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс айларының
жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін және жүзімнің
түрлі уақытта пісіп жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі мақсатқа
арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары
агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік
стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.
1990 жылғы елімізде жалпы өндірілген жеміс-жидектің 40,8% және жүзім
өнімдерінің 63,8 пайызы, Оңтүстік Қазақстанда өндірілген. 2008 жылы барлық
Республика көлемінде жеміс-жидек өндіру 26,0%, жүзім 45%-ға төмендеген [2].

Жеміс-жидек өнімдерін пайдалану дәрежесі Республикамызда күрт кеми
бастады. 1992 жылы бір адам 24 кг жеміс-жидек пайдаланған болса, 1998 жылға
келіп бұл көрсеткіш 6 кг-ға тура келген немесе 4 есеге азайған. Шикізаттың
азайғаны шарап және шарап материалдарды өндірудің 16 есеге кемуіне алып
келді. Жүзімдіктердің көлемі қазіргі күнде де азайып барады. Сондықтан
еліміздің экономикасы шеттен алып келген өнімдерге тәуелді болып отыр [3].
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсеткендей, отандық өндірушілерге
мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілсе, жеміс-жидек және жүзім өндіру саласы
қайта өркендер еді. Нәтижесінде өнім өндіру дәрежесі бұрынғы қалпына келіп,
тек аймақтық ғана емес, еліміздің де экономикасының көтерілуіне оң ықпал
етер еді.
Таңдап алынған өнімділігі жоғары және әр түрлі жағдайларға шыдамды
сорттар өндіруге кеткен шығынды азайтады және оның рентабельділігін
көтереді.
Аймақты жеміс-жидек өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін бұл саланы
үдемелеу қажет. Үдемелеу бұлардың егіс көлеміне кеткен шығынды көбейту
жолымен емес, керісінше ауыл шаруашылық өндірушілермен өндіріс
технологиясын жетілдіруді интеграциялау жолымен алып барылуы тиіс.
Жұмыстың мақсаты. Ауыл шаруашылық өндірісін қайта құруға байланысты
диқан шаруашыықтары, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары
өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне
негізделген тыңайту жүйесін жасау қажет.
Жұмыстың міндеттері;
- Шаруашылық жағдайында органикалық тыңайтқыштардың жинақталу жоспары
және оларды оңтайлы тарату;
- Ауыспалы егістіктердегі танаптарда және дақылдарға минералды
тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтау;
- Жылдық және күнтізбелік тыңайтқыштарды пайдалану жоспары.
Практикалық құндылығы.
Жүзім танабына тыңайтқыш енгізуде өсімдіктің биологиялық ерекшелігі,
алғы дақылға енгізілген тыңайтқышпен берілген қоректік заттар мөлшері,
минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың кейінгі әсерінің
пайдалану коэффициенті, қоректік заттардың аңызақ және тамыр қалдықтарымен
жинақталуы, аңызақ және тамыр қалдықтарынан қоректік заттарды пайдалану
коэффиценті, топырақтың жыртылатын қабатындағы қозғалмалы қоректік заттар
қоры, топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті
ескеріле отырып нақты тыңайтқыш мөлшері мен енгізу мерзімдері көрсетілді.
Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан және 22 әдебиетер
тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 41 бет, оның ішінде сурет, 14
кесте, қосымша бар.

1. Әдебиетке шолу

1.1 Жүзім дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, тарихы

Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп
өсірілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі
кездеседі. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм
протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да
басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60
калория бар.
Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс
жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми
жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм
сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп
саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені
(В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец
секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның
иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра
түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда
таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі
жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәруменінің белсенділігін арттырады.
Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз,
қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен
бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий
онда өте көп кездеседі.
Дәрумендер мен минералдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті
15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты
амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзі-мнің тамақ мәзірінде алар
орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе
темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр
тамырлардың қа-бырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде
кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын
заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр
тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты
бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде
LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зертеушлілер егер көп
уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек
болатындығын аңғарған.
Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше
әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп
қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик,
суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің
жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің
вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин
болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз
болатындықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай.
Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші
молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап,
тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік
ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды
заттардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі
1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын.
Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.
Ресвератроль – жануарлар тарапынан өсімдіктер желінген кезде ауру тудыратын
факторлардан немесе өте күшті ультрокүлгін сәулелерден өсім-дікті қорғау
үшін синтезделетін зат. Ресвератроль жер жаңғақ, тұт секілді жетпіс шақты
өсімдік түрлерінде, сондай-ақ негізінен ең көп мөлшерде жүзімде
кездесетіндігі анықталған. Ресвератроль көбінесе қызыл-қара жүзімдердің
қабықтарында болады. Сол себепті жүзім жегенде, оның қабығын қоса жеген
дұрыс.
АҚШ-та жүргізілген бір зерттеуде ісігі бар тышқандарға төрт айдан аса
апта сайын екі рет 1-5-10 немесе 25 микрограмм ресвератроль берген
зерттеушілер ресвератроль берілмеген тышқандарға қарағанда берілгендерде
ісіктің өте тез қайтқандығын байқаған.
Жүргізілген тағы бір зерттеуде американдық ғалымдар қара жүзім шырынының
жүрек ауруларына қарсы анти-кансерогендік ықпалы барлы-ғын растаған. Қара
жүзім шырынының қан бөгелуіне де қарсы ықпалы барлығы анықталған.
Джорджтоун университеті ғалымдарының бірі др. Жан Е. Фридман екі апта бойы
жиырма адамға күніге екі кеседен күлгін жүзім шырынын берген. Нәтижесінде
қандағы Е дәрумені 13 пайызға, қан плазмасының жалпы антикансероген мөлшері
50 пайызға артқан. Бұған қоса, тексеруге алынғандарда қандағы бөгелменің
яғни варикоз ауруының анағұрлым реттелгендігі анықталған.

1.2 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Жүзім мыңжылдық аралығында өзгеретін экологиялық барлық жағдайларында,
кең жер шарында өсірілген. Сондықтан жүзім шырынында көлеңкелі орман
өсімдіктерінің және ашық шуақ жерлердегі өсімдіктердің ерекшелігі сәйкес
келеді, Бұд жүзімнің икемділігі мен және оның пішінінің әртүрлілігімен
түсіндіріледі. Жүзім түрлерінің экологиялық – биологиялық қабілеттері және
оның көптеген түрлері әртүрлі, сондықтанда олар әртүрлі топырақ – климаттық
жағдайларда өсе береді.
Еуропалық сорт түріне жататын жүзімдер табиғат жағдайларына әртүрлі
талаптар қойылады. Ортаазиялық сорттар күн мен жарықты үлкен мөлшерде талап
етумен ерекшеленеді. Солардың арасында, сонымен қатар, Қара теңіз бассейн
сорттары және еуропалық батыс сорттарында ерте және кеш пісетін топтары да
бар. Еуропалық сортының жүзімдері саңырауқұлақ ауруларына төзімсіз келеді,
мысалы кахетикалық (Мцване, Ркацители), филоккүрітіне едәуір төзімді,
имеретикалық сорт Цоликаури және сотернетикалық Семильон – саңырауқұлақ
ауруларына төзімді болып келеді (мильдю, ондиум, антакноз және т.б.).
Орта Азиялық сорттары төменгі температураға төзімсіз, ал Батыс Еуропалық
топтары және Қара теңіз жағалауындағы сорттары төменгі температураға
төзімді болып келеді. Ақ және қызыл сортты жүзімдер топырақ құрамына
әртүрлі талаптар қойылады және олардың тұзға төзімділігі және телітушімен
өсіп-жетіліп кетуіде қарастырылды.
Жүзім өсімдігінің таралу аймағы өте кең және осы уақытқа дейін сақталған.
Әртүрлі жүзім түрлері Солтүстіктің 520 және оңтүстіктің 430 кеңдігінің
аралығында өседі. Сортты іріктеуде және сәйкесінше агротехниканы таңдау,
жұмысты едәуір солтүстік шекарасындағы сорттарды алуға мүмкіндік береді.
Өркендер. Шырмауықтың ерекшелігі сияқты, өркендердің ұзындыққа тез өсуі
жүзімдерде қазіргі кезге дейін сақталды. әсіресе бұл көктемде жақсы
байқалады, бұл жерде топырақта қоректік заттардың қоры жеткілікті және
гүлдеу кезінде жапырақ бетінде үлкен тезассимиляция дамуын ары қарай
қалыптасуы және жетілуі анықталады.
Төбе ұшындағы гүл шоғырының бүйірлерінде қай түзілуі жүзімдердің
эвалюция мәнінде аса үлкен, табиғат бұл өсімдікті вегетациялық период
аралығында өркен бүршіктерінің бүйірінде гүл шоғырының түзілуінің
ерекшелігі және оның келесі жылдық көктемде ары қарай жалғастыра алады.
Өсімдік ұлпаларында және топырақта қоректің заттардың қоры көп болуы, мұнда
өсімдіктерде олардың өркендерінде гүл шоғырының толық эмбрионалды жеміс
түзеді. Қоректің заттың жетіспеуі кезінде гүл шоғырының орнына, тек
мұртшалар түзіледі.
Жүзім ағашы сабағының жылы суптропиктік аймақтарға қалыптасқан.
Жүзім сабағының лиана тәрізді болып шырмалып өсуі, бұл өсімдікті
күту ісін қиындатады, сондықтан жүзім сабағын жерге жантайта
өсіруге тура келеді, мұндай жағдайда жүзім күтуге қолайлы болады
және және сапалы жақсы өнім береді.
Жүзім жылылық пен жарықты сүйетін дақыл. Жылылықпен қатар жүзімнің
жарықпен және ылғалмен қамтамасыз болуы, жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның
өнімнің сапасына зор әсер етеді.
Жүзімнің тамыр жүйесінің топыраққа терең бойлап, жердің беткі қабатын
ғана емес, сонымен бірге топырақ астында да жақсы пайдалануға қабілеті
болғандықтан жүзім егуге батпақты және сортаңдардан басқа барлық жерлерді
пайдалана беруге болады.
Жүзім сабағының өсіп-өну дәуірін алты кезеңге бөлінеді. Бірінші
кезең - сөл жүргізуден немесе көктемгі жас ағу деп аталатын
кезеңнен бұрын бүршік жаруға дейін басталады.
Жүзімнің өсіп-өну дәуірінің екінші кезеңі бүршік жарғаннан бастап,
гүлдей бастағанға дейін созылады. Бұл кезеңде бұтақтар, жапырақтар,
гүл шоғырлары, шиыртпақтар және өгей бұтақтар қаулап өседі. Ауаның
температурасы +8 0С кем болмаған жағдайда, ағаш бүрлеріне су және оттегі
жеткілікті дәрежеде келіп тұрған жағдайда, бүршіктер ашыла бастайды.
Ауаның температурасы неғұрлым тез көтерілсе, бүршік жару да соғұрлым
күшті болады [4].
Жүзім түрінің барлық көгеретін бөлшектерінің шапшаң қаулап өсуі жүзім
сабағыың өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Жүзім бұтақтары тәулігіне 6-
8 см, ал кейде 10 см астам өсіп отырады.
Өсу дәуірінің екінші кезеңінде жүзім сабағының көпшілігі және
бұтақтардың жалпы ұзындығының жартыдан астамы өсетін болғандықтан,
жүзім сабағы бұл кезде қоректік заттарды, суды өте көп қажет етеді.
Сондықтан өсу дәуірінің екінші кезеңіне қарай жүзім суарылуға және
ең алдымен азот тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілуі тиіс. Осы
мақсатпен бұтақтар 5-7 см өскеннен кейін бірінші рет, 15-20
күннен кейін, артық бұтақтарды екінші рет бұтақтайды. Бұталамай
қалдырылған бұтақтар 50-60 см өскеннен кейін қатарлап аспаларға
ілінеді [5].
Үшінші жүзім сабағының гүлдену кезеңі, орта тәулікпен
температура +150 градустан кем болмайтын кезде жүзім бітеу гүлдене
бастайды. Әсіресе, температура +20 градус болғанда жүзім жаппай
гүлдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік аудандарында жүзім май
айының аяғында, ал Алматы облысында маусым айының алғашқы онкүндігінен
гүлдей бастайды. Гүлдену 14-15 күнге созылады.
Жүзім сабағы гүлдеген кезде, гүл шанақтарының немесе гүлдердің
жаппай түсе бастайтыны (гүл төгілуі) байқалады, мұның себебі гүл
шоғырлары мен гүлдерге органикалық қоректік заттардың - қанттың
жеткілікті келмеуінен болады.
Жүзім сабағының өсу дәуірінің бұл кезеңіндегі агротехниканың
міндеті, гүл шоғырлары мен гүлдердің органикалық қоректенуінің нашарлау
себептерін жою болып табылады.
Төртінші кезең гүлдену аяқталғаннан бастап, жеміс пісе бастағанға
дейінгі дәуірді қамтиды. Бұл кезде бұтақтар өсіп болып, жидектері
мен ұрықтар өркендейді. Ұрықтанғаннан кейін түйін шапшаң өседі, аналық
жасуша ұрыққа, дәнек- тұқымға, ал түйін тәтті, балауса етті
жидекке айналады. Сондықтан жүзімнің өсу дәуірінің 4-ші кезеңінде,
тік бұтақтарды екінші және үшінші рет аспаға көтеріп байлау,
суару, фосфор және калий тыңайтқыштарымен екінші рет үстеп
қоректендіру, жерді күту жұмыстарын бір мезгілде жүргізу қажет.
Бесінші кезеңі жеміс пісе бастағаннан бастап оның толық жетілуіне
дейін созылады. Бұл кезде жидектерге қант барынша тез жинақталып,
органикалық қышқылдардың мөлшері азаяды. Жидектің еті өте нәрлі
болып балбырап жұмсарады, ал қабығы тиісті сортына тән түрге ие
болады, яғни жүзім ағашының жетілу процесі өтеді.
Алматы жағдайында жүзімнің ерте пісетін сорттары тамыз айының
басында, орташа пісетін сорттары тамыз айының екінші жартысында, кеш
пісетін сорттары қыркүйек айының орта кезінде піседі. Шымкент облысының
жағдайларында 15-20 күн ерте піседі [6].
Алтыншы кезең жемістердің толық физиологиялық пісіуінен жапырақ
түскенге дейінгі уақытты қамтиды. Қазақстан жағдайына бұл кезең Шымкент
және Жамбыл облыстарының оңтүстік аудандарында ғана толық өтеді. Басқа
аудандарда суық шапшаң түсетін болғандықтан жапырақ түсіп үлгермейді. Осы
кезеңде жүзім сабақтары күзгі күзеуден өткізіледі және түптері көміледі.
Жапырақтары түскеннен кейін, жүзім сабағы тынығу кезеңіне енеді, бұл
кезде бұтақ іштеріне пластикалық заттар ауысады және сабақтағы буланады.

1.3 Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру

Жүзім мыңжылдық аралығында өзгеретін экологиялық барлық жағдайларында,
кең жер шарында өсірілген. Сондықтан жүзім шырынында көлеңкелі орман
өсімдіктерінің және ашық шуақ жерлердегі өсімдіктердің ерекшелігі сәйкес
келеді, Бұл жүзімнің икемділігі мен және оның пішінінің әртүрлілігімен
түсіндіріледі. Жүзім түрлерінің экологиялық – биологиялық қабілеттері және
оның көптеген түрлері әртүрлі, сондықтанда олар әртүрлі топырақ – климаттық
жағдайларда өсе береді.
Еуропалық сорт түріне жататын жүзімдер табиғат жағдайларына әртүрлі
талаптар қойылады. Ортаазиялық сорттар күн мен жарықты үлкен мөлшерде талап
етумен ерекшеленеді. Солардың арасында, сонымен қатар, Қара теңіз бассейн
сорттары және еуропалық батыс сорттарында ерте және кеш пісетін топтары да
бар. Еуропалық сортының жүзімдері саңырауқұлақ ауруларына төзімсіз келеді,
мысалы кахетикалық (Мцване, Ркацители), филоккүрітіне едәуір төзімді,
имеретикалық сорт Цоликаури және сотернетикалық Семильон – саңырауқұлақ
ауруларына төзімді болып келеді (мильдю, ондиум, антакноз және т.б.).
Орта Азиялық сорттары төменгі температураға төзімсіз, ал Батыс Еуропалық
топтары және Қара теңіз жағалауындағы сорттары төменгі температураға
төзімді болып келеді. Ақ және қызыл сортты жүзімдер топырақ құрамына
әртүрлі талаптар қойылады және олардың тұзға төзімділігі және телітушімен
өсіп-жетіліп кетуіде қарастырылды.
Жүзім өсімдігінің таралу аймағы өте кең және осы уақытқа дейін
сақталған. Әртүрлі жүзім түрлері Солтүстіктің 520 және оңтүстіктің 430
кеңдігінің аралығында өседі. Сортты іріктеуде және сәйкесінше агротехниканы
таңдау, жұмысты едәуір солтүстік шекарасындағы сорттар алуға мүмкіндік
береді [7].
Өркендер. Шырмауықтың ерекшелігі сияқты, өркендердің ұзындыққа тез өсуі
жүзімдерде қазіргі кезге дейін сақталды. әсіресе бұл көктемде жақсы
байқалады, бұл жерде топырақта қоректік заттардың қоры жеткілікті және
гүлдеу кезінде жапырақ бетінде үлкен тезассимиляция дамуын ары қарай
қалыптасуы және жетілуі анықталады.
Төбе ұшындағы гүл шоғырының бүйірлерінде қай түзілуі жүзімдердің
эвалюция мәнінде аса үлкен, табиғат бұл өсімдікті вегетациялық период
аралығында өркен бүршіктерінің бүйірінде гүл шоғырының түзілуінің
ерекшелігі және оның келесі жылдық көктемде ары қарай жалғастыра алады.
Өсімдік ұлпаларында және топырақта қоректің заттардың қоры көп болуы, мұнда
өсімдіктерде олардың өркендерінде гүл шоғырының толық эмбрионалды жеміс
түзеді. Қоректің заттың жетіспеуі кезінде гүл шоғырының орнына, тек
мұртшалар түзіледі.
Барлық аймақтар үшін астаналық сорттар – Нимранг, Тайфи розовый, Киш-миш
черный, Мускат Венгерский, Ранний ВИРа, Мускат Александрийский, 1-2
аймақтарда - Жемчуг Саба, Октябрьский, Гузаль Кара, Хусайне белый, 3-4
аймақтарда – Кишмиш розовый, техникалық сорттар – Мускат розовый, Баян
Шерей, Ркацители, Муска Венгерский, Майский черный, Сапирави; Рислинг. 1-2
аймақтарда – Каберне Франк, Алиготе, Пино черный; 3-4 аймақтарда – Мускат
фиолетовый, Рубиновый, Матраса, Кульджинский [4,8].
Жүзім дақылдары (ағаштары) бір орнында көп жыл бойы өсіріледі және
оларды егуге көп қаражат жұмсалады. Сондақтан жүзімдерді ғылыми жақтан
дәлелденген жобалар негізінде отырғызылуы керек. Үлескілерді таңдап алуда
кеткен қателіктерді жөндеу кейіннен қиынға соғады. Жүзімдіктерді отырғызуға
тегіс алқаптар мен аз еңкісті көлбе беткейлер (5-60С дейінгі) болғаны
дұрыс. Еңкістігі 12 градус және одан жоғары болған беткейлерде ағаштар
арнайы құрылған сатыларға егіледі. Таңдап алынған жерлердің топырағы
құнарлы, ауа алмасатын, суды көп ұстайтын, сортаңданбаған әрі батпақсыз
болу керек. Жер аситы суының (ыза суының) деңгейі топырақ бетінен, 1,5-2 м
болуы тиіс [9].
Жердің рельефі мен беткейлердің экспозициясы баулардың және жылылық және
ылғалдылығына, өсімдіктердің өсіп-өнуіне көп әсер етеді. Алып барылған
тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей жүзім Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және
Оңтүстік-Шығыс беткейлерге егілсе, жүзім өнімнің сапасы жоғарылайды.
Солтүстік беткейлермен өзен аңғарлары жүзімдіктер үшін қолайсыз болып
табылады.
Жүзімдіктер үшін тұйықталған шұңқырлар қолайсыз болып есептелінеді.
Мұндай жерлерге ауаның суық ағымдары көп жиналады, нәтижеде ағаштар ерте
күздегі және кеші көктемдегі аяздарға ұшырап зақымданады.
Жүзімдіктерді егу үшін ажыратылған алқап алдын ала тастардан, ағаштардың
түбірінен тазартылады, тегістеледі. Тазартылғаннан кейін үлескі
тегістеледі. Көлбеулігі 12 градустан жоғары болған беткейлерде сатылар
жасалынады (кертпелер беткейлердің кесе-көлденеңінен жасалынды) [10].
Жердің ой-шұқырлары көп болып, топырақты көбірек жылжытуға тура келсе,
топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жер бетінде қалатындай болуы керек.
Топырақ құрамындағы ауа, жылу, ылғал және құнарлықты сақтау және
арамшөптерден тазарту мақсатында үлескі екі жыл бойына сүрі танап күйінде
ұсталады.
Бауды отырғызудан бір жыл алдын сидератты өсімдіктер егіліп, олар көп
тыңайтқыш үшін айдалады. Ажыратылған жерлер тазартылып және тегістеліп
болғаннан кейін плантаж соқа жәрдемінде нәрлілігі жоғары топырақтар 60-70
см, ал нәрлілігі төмен топырақтарда 40-45 см тереңдікте жыртылады. Плантаж
жыртудың алдында әр гектарға 30-40 тонна көң, 600 кг фосфорлы және 150 кг
калийлы тыңайтқыштар беріледі.
Топырақты тереңдетіп жырту, тыңайтқыштар беру көшеттердің тамыр
жүйесінің тереңдеп тез өсуіне, өсімдіктерді нәрлі заттар және сумен
қамтамасыз етуге көп әсер етеді. Нәтижесінде көшеттердің жақсы
қабылдануына, тез өсіп-өнуіне, ерте өнім беруіне және өнімділігінің артуына
жағдай жасалынады.
Өсімдіктерге жақсы жарық түсуі үшін қатарлары солтүстіктен оңтүстікке
қарай бағыттылатындай етіп жасау керек. Жеміс-жүзім шаруашылығы ғылыми
зерттеу институты және Оңтүстік – Батыс ауылшаруашылығы ғылыми - өндірістік
орталығы Қазақстанның Оңтүстік өңірлері үшін жүзімнің үйлесімді орналастыру
желісінің төмендегідей үлгісін ұсынады:
Штамбасыз қалыптастыруда:
- ұзын бойлы сорттар үшін 2,0-2,5х2,2 м;
- орта бойлы сорттар үшін 1,5-1,6х2,5 м;
- аласа бойлы сорттар үшін 1,3-1,5х2,5 м.
Штамбалы қалыптастыруда:
- көлденеңді шпалерде 1,25-1,5х3 м;
- вертикаль шпалерде 1,25-1,5х2,5 м.
Егуден алдын көшеттерді қарап тексеріп шығады. Зақымдалған суыққа үсіген
және қарайып шіріген көшеттер егуге пайдаланылмайды. Іріктеуден өткен
көшеттерді тамырларының зақымданған жерлерін өткір қайшымен сау ұлпаға
дейін кеседі. Көшеттерді егілетін жерлерге апарып, уақытша көміп қояды.
Егуден алдын тамырлары көңмен саз топырақ қосылған қоймалжың сұйыққа
батырылады. Қоймалжың сұйық ерітіндіге 0,002% (0,2 гр 10 литр суға)
гетероауксин қосылса тамырлардың өсуіне көп жәрдем етеді. Егу уақытында
тамырлардың кеуіп қалуына жол қоймау керек. Егер де қандайда да бір
себептермен тамырлары кеуіп қалған болса, онда оларды 2-3 күнге суға
батырып қайта қалпына келгенше ұстау керек. Көшеттерді шұңқырларға,
жырауларға қолменен машиналармен егуге болады [11].
Жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп
егіледі. Тау алды беткейлерде, ерте және көп қар жауатын жерлерде 35-40 см
тереңдікте ексе де болады.
Жаңа жүзімдіктерді күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты
өңдеу және арамшөптерден тазарту болып табылады.
Алаңына және топырақ жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады. Сондай-ақ
күзде және ерте көктемде ылғал қаптыра суару жүргізіледі. Ыза суы жақын
орналасқан жерлерде 4-5 рет суарылады, ал қиыршық тасты қабаты жақын
орналасқан жерлерде жүзімдік жиі суарылады. Суарулар арықтар жәрдемімен
жүргізіледі. Суару нормалары әр гектарға 800-1000 текше метр биіктікте.
Жүзімдердің өсу процессі тоқтағаннан кейін бұталардың ұшындағы әлі толық
жетілмеген жапырақтарымен қоса шырпу жұмыстарын алып барады.
Жас жүзім бұталарын қарашаңын бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей
қолменен көмеді. Егерде ауа райы қолайлы болса, қабылданбаған көшеттердің
орнын екі жылдық көшеттермен толтырады.
Келесі жылы ерте көктемде жас жүзім бұталарын ашады. Ашылған жүзім
бұталатрын кесіп, белгілі бір жүйемен қалыптастырады. Олардың жақсысы өніп
өркендеуі үшін гектарына 150-200 кг азотты немесе фосфорлы тыңайтқыштарды
25-30 см тереңдікте ПРВН-2,5-тің көмегімен береді [12].
Өсіп жетілу кезінде қатар аралықтарын 3-4 рет ПРВН-2,5 қондырғылы
трактормен өңделеді. Өңдеу барысында арамшөптерден тазартылады және топырақ
жұмсартылады. Осы жылы жүзімдіктерге таяныш орнатылады, ол еңбекті көп
қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға, жақсы жарықтандыруға,
жеделдетуге, қыздыруға және өнімнің толық пісуіне толық жағдай жасайды.
Күзде бұталар кесілместен қымталады (көміледі).
Үшінші жылы да өткен жылғы сияқты агротехникалық шаралар алып барылады.
Жас сабақтардың ұзындығы 60-70 см-ге жеткенде жүзімдер гүлдегенге дейін
оларды асып байлайды. Екінші асу жұмыстары гүлдегеннен кейін жүргізіледі.
Жемістердің жақсы жетілуі үшін гүлдегеннен соң, суарудан азот
тыңайтқыштармен тыңайтылады (1,5-2 цга). Тамыз айының екінші онкүндігінде
бұталардың (өркендер) 20-30 см ұзындықта ағашатанбаған бөлігін шырпиды.
Өнім жинап алынғаннан соң, күзгі суыққа түскенше бұталар қырқылады.
Қатар аралықтары кесілген бұтақтар тазартылғаннан соң қамтылады.

1.4 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері

Жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп
егіледі. Тау алды беткейлерде, ерте және көп қар жауатын жерлерде 35-40 см
тереңдікте ексе де болады.
Көшеттердңғ егу мерзіміне қарамай егілген күні немесе егілгеннен кейін 2-
3 күн суарылуы тиіс. Кейіннен 2-3 аптаның ішінде 2 рет суарылады. Бірінші
суарудан кейін қатарлардың түзулігін, егу тереңдігін тексереді және егу
уақытында кеткен қателерді түзетеді. Суарғаннан кейін шұңқырларды тез кеуіп
кетпеуі үшін шірінді немесе сабанмен жабады.
Жаңа жүзімдіктерді күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты
өңдеу және арамшөптерден тазарту болып табылады.
Алаңына және топырақ жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады. Сондай-ақ
күзде және ерте көктемде ылғал қаптыра суару жүргізіледі. Ыза суы жақын
орналасқан жерлерде 4-5 рет суарылады, ал қиыршық тасты қабаты жақын
орналасқан жерлерде жүзімдік жиі суарылады. Суарулар арықтар жәрдемімен
жүргізіледі. Суару нормалары әр гектарға 800-1000 текше метр биіктікте.
Жүзімдердің өсу процессі тоқтағаннан кейін бұталардың ұшындағы әлі толық
жетілмеген жапырақтарымен қоса шырпу жұмыстарын алып барады.
Жас жүзім бұталарын қарашаңын бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей
қолменен көмеді. Егерде ауа райы қолайлы болса, қабылданбаған көшеттердің
орнын екі жылдық көшеттермен толтырады.
Келесі жылы ерте көктемде жас жүзім бұталарын ашады. Ашылған жүзім
бұталатрын кесіп, белгілі бір жүйемен қалыптастырады. Олардың жақсысы өніп
өркендеуі үшін гектарына 150-200 кг азотты немесе фосфорлы тыңайтқыштарды
25-30 см тереңдікте ПРВН-2,5-тің көмегімен береді.
Өсіп жетілу кезінде қатар аралықтарын 3-4 рет ПРВН-2,5 қондырғылы
трактормен өңделеді. Өңдеу барысында арамшөптерден тазартылады және топырақ
жұмсартылады. Осы жылы жүзімдіктерге таяныш орнатылады, ол еңбекті көп
қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға, жақсы жарықтандыруға,
жеделдетуге, қыздыруға және өнімнің толық пісуіне толық жағдай жасайды.
Күзде бұталар кесілместен қымталады (көміледі).
Үшінші жылы да өткен жылғы сияқты агротехникалық шаралар алып барылады.
Жас сабақтардың ұзындығы 60-70 см-ге жеткенде жүзімдер гүлдегенге дейін
оларды асып байлайды. Екінші асу жұмыстары гүлдегеннен кейін жүргізіледі.
Жемістердің жақсы жетілуі үшін гүлдегеннен соң, суарудан азот
тыңайтқыштармен тыңайтылады (1,5-2 цга). Тамыз айының екінші онкүндігінде
бұталардың (өркендер) 20-30 см ұзындықта ағашатанбаған бөлігін шырпиды.
Өнім жинап алынғаннан соң, күзгі суыққа түскенше бұталар қырқылады.
Қатар аралықтары кесілген бұтақтар тазартылғаннан соң қымталады.
Жүзімдіктерде жүргізілетін агротехникалық күту шаралары аймақтың топырақ
жағдайына, жүзімдердің жасына, түріне және сорттарына байланысты
жүргізіледі.
Жас жүзімдіктердегі бағбанның негізгі міндеті – жүзімдердің жақсы өсуін,
тамырларының тереңдеуін, ағаш бөркін дұрыс қалыптастыру және оларды жақсы
өнім беруге даярлау болып табылады. Жас жүзімдіктердегі жүргізілетін
негізгі агротехникалық шараларға төмендегілер жатады: топырақты өңдеу,
тыңайту, суару, жүзімдерді қалыптастыру және кесу, өнімді күту, бауларды
зиянкестермен аурулардан қорғау.
Арамшөптерден тазарту және топырақты борпылдақ күйінде сақтау үшін өсіп-
даму кезеңінде қатар аралықтары культиватор немесе дискалы тырма жәрдемінде
жұмсартылады.
Бірақ ғылыми зерттеу мекемелерінің мәліметтері мен озат шаруашылықтардың
тәжірибесі көрсеткендей, жүзімдіктердің қатар араларын 5-6 жыл бойына қара
сүрі жер күйінде сақтағанда жүзімдердің өсуі нашарлап және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орташа деңгейдегі жеміс
Бүлдірген
Өсімдік ткандерінің культурасы - биологияның практикамен тығыз байланысты бір саласы
Жүзім өсетін өңірлер
Жүзім өсіру
Жеміс дақылдарының карантинді зиянкестері және олардан қорғау шаралар жүйесі
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім
Пісетін түрі бойынша бидай сорттары
Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
Бүлдірген нематодасы
Пәндер