ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ САҚТАЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ САҚТАЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ.
- Кәсіпорынның даму тарихы . . . 5
- Кәсіпорынның 2003 жылғы өндірістік көрсеткіштері . . . 13
- 2003 жылдың қаржылық-экономикалык көрсеткіштері . . . 18
1. 4. 2003 жылғы негізгі қызмет түрінен түсетін табыс жоспарының
орындалуы . . . 19
2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ЖАҢАРТУ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ
2. 1. Инвестициялық бағдарлама . . . 22
2. 2. Мүліктік жағдайды талдау . . . 24
2. 3. Қаржылық жағдайды талдау . . . 24
3. ЖОСПАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
3. 1. Іс-әрекеттің маркетингтік жоспары және күтілетін нәтижелер . . . 25
3. 2. Бәсекелестік ортаны талдау . . . 26
3. 3. Қызмет көрсету жоспары . . . 28
3. 4. Қызметкерлерді басқару жүйесі . . . 28
3. 5 . Кадрлармен камтамасыз етілуі және кадрларды даярлау шаралары… . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36
КІРІСПЕ
Көлік экономикасында да басқа ғылымдарда сияқты қалыптасқан методологиялар бар, берілген ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы мен танымының ғылымы әдістері туралы оқыту.
Көлік саласының даму кезеңдері материалды техникалық базаның меншік нысандары және сәйкесінше орталықтандырылған қатынастардан нарық қатынасына өтудің экономикалық нысандарының түбегейлі өзгеру жағдайларымен байланысты. Осы шарттарға сәйкес, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері, көлік саласының ұйымдық құрылымы, реттеу және басқару қатынастары және т. б. өзгеріске ұшырады.
Берілген бұл мәліметтерде көлік сала құрылымдарының ерекшеліктері, өзара байланысты және толтырушы салалар(автокөлік, темір жол, әуе көлігі және т. б. ) жүйесі ретінде оны мемлекеттік реттеу механизімі мен әдістеріне түсініктеме берілген. Бұл жұмыста темір жолдағы шығындарды жоспарлау шығындардың бірқатар түрлері, яғни экономикалық элементтері арқылы жүзеге асырылады. Темір жолдағы пайдалану шығындарының ең үлкен меншікті салмағын еңбекақы төлеу қорларының шығындары алады.
Курстық жұмыстың міндеті: Сәйкес өлшем бірлігіне жұмсалатын шығын нормасы және жұмыс көлемі бойынша. Бұл негізгі тәсіл арқылы пойыз тартуға жұмсалатын отын және электроқуат шығынын, жылжымалы құрамды пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын материал шығынын т. б анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жолдардағы пайдалану жұмыстарының сапасын көтеруге бағытталған шаралардың экономикалық бағалауды іріленген шығындар ставкасын пайдалану арқылы орындау. Пайдалану қызыметінің жақсартуы экономикалық бағалау үшін іріленген ставкалардың есебі қойылған міндетті байланысты талдаудың әр түрлі нұсқаларына арнайы жасау арқылы, аралықты тұрақты өткізгішті және станцияны қайта өңдеу қабілеттерінің оперативті жағдайда пайдалану жұмыстарын экономикалық бағалау үшін қолданылатын бұл тәсілді ескере отырып, жүк және жолаушылар қозғалысындағы тасымалдаудың өзіндік құнының есебі шығындардың жұмыс көлеміне тәуелді бөлігінде ғана орындауы.
Курстық жұмыстың объектісі: Негізгі объект ретінде « ТЭК-Қазақстан » Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік алынғын. Бұл компанияның негізгі жұмысы вагондар, пойыздарды, жылжымалы құрамды отын, электрқуат, жанармай және сонымен қатар басқа да материалдық техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету, отын мен жанар-жағар май материалдарын қабылдап алу, сақтау және беру механизмдерін, құралжабдықтарды, алаңдар мен басқа да қондырғыларды құру, пайдалану және жөндеу болып табылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріне ЖЖМ мен қатты отын жіберу былайша жүргізіледі:
- Тапсырушы жасалған шарт негізінде өзінің құрылымдық бөлімшелері бойынша айларға бөле отырып, ЖЖМ мен қатты отын жеткізуге өтінім береді;
- Бұл өтінім «ТЭК-Астана» ЖШС орталық аппаратында қаралып, әрбір отын қоймасына ЖЖМ мен қатты отын берерде басшылыққа алу үшін тапсырылады;
- Локомотив шаруашылығын жарақтандыру тікелей локомотив депосының ТҚКП ғимаратында орналасқан отын тарататын бағаншалар арқылы жүзеге асырылады.
- ЦЖС, ЦД кәсіпорындары мен үлестес акционерлік қоғамдарды жарақтандыру отын қоймасында орналасқан отын тарататын бағаншалар арқылы іске асырылады.
«ТЭК-Астана» ЖШС негізгі қызмет түрі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қажеттіліктері үшін және Қазақстан Республикасының Солтүстік аймағындағы басқа да заңды тұлғаларға мұнай өнімдері мен қатты отын жеткізу болып табылады.
1. ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ САҚТАЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ
1. 1. Кәсіпорынның даму тарихы
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі бірден бір мамандандырылған күзеттік құрылым болып табылады және күзеттік қызмет көрсетулер рыногында 80 жылдан бері қызмет етіп келеді.
1921 жылдың 9 желтоқсанында БТК төрағасының ұсынысы бойынша Бүкілресейлік орталық атқару комитеті мен Еңбек және қорғаныс кеңесі (БОАК және ЕҚК) жол қатынасын ведомстволық күзетуге бастау болған «Темір жолдарды күзету туралы» декрет - қаулыны қабылдады.
Жол қатынасы халық комиссарының (ЖҚХК) бұйрығымен жарияланған ережеде күзеттің мынадай құрылымы қарастырылды:
- ЖҚХК-да темір жол көлігінің орталық басқармасының жанында - орталық күзет бөлімі;
- аймақтарда аймақ бастығының жанынан - аймақтық күзет бөлімі;
- жол бөлімшелерінде жол бөлімшесі бастығының жанынан - жол күзету бөлімі;
- бөлімшелерде - бөлімшелік күзету бөлімі;
- желілерде - күзет аудандары;
- күзет аудандарында - атқыштар болды.
Қаруланған атқыштар топтарға (командаларға) біріктірілді. Командалар күзеттің негізгі бөлімшесіне айналды. Әр күзет ауданына бір команда қызмет көрсетті, оларды команда бастықтары басқарды [77] .
1922 жылдың 16 тамызынан бастап ЖҚХК бұйрығымен күзет тиісті жол қызметтеріне тікелей бағынатын болды. Осылайша, әрбір жол қызметінің жанында нұсқаушы басшылық ететін өз күзеті құрылды.
1924 жылдың сәуір айында күзет ұйымы өзгеріске ұшырады: күзет телімдері жойылды. Станцияларда шашырап орналасқан ұсақ командалар жинақталған телім командаларына біріктірілді. Аймақтар мен жолдардың күзет бөлімдері басқа қызметтермен бірдей дәрежеде аймақтардың, жол бөлімшелері басшыларына бағынатын дербес бөлімдерге бөлінді. ЖҚМ күзет бөлімі ЖҚХК Орталық әкімшіліктік басқармасынан дербес бөлім болып бөлініп шықты. Күзеттің жеке құрамын есепке алу қызметі жолдар қызметінің қарауынан күзет органдарына беріліп, жеке құрамды барлық қажеттіліктермен (керек-жарақтар және азық-түлікпен) қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Осылайша, бірте-бірте, темір жолдар күзеті жетілдіріліп, ұйымдық құрылымы едәуір икемді бола бастады. Темір жолдар күзетін ұйымдастыру ісіне күзет қызметінің арнайы талаптарына біршама сай келетін әскери принциптерді енгізу мүмкіндігі пайда болды. 1923 - 1924 жылдары ЖҚХК күзет жүйесінде объектілер мен жүктердің сақталымы, теміржолшылар мен темір жол көлігі қызметін пайдаланушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген айрықша қарулы топтар (отрядтар) құрылды.
Әскерилендірілген күзет әрбір жолда біртұтас құрама - айрықша қарулы топ ретінде қалыптасты. Айрықша қарулы топтар құрылғаннан кейін күзеттің мақсаты өзгерді. Оның алдына қойылатын міндеттер әр түрлі, күрделірек бола бастады, тапсырылған іс үшін жауапкершілік те арта түсті. Әрбір топ құрылмалы пулеметпен және оқ өтпейтін поездармен қаруландырылып, қару-жарақ пен басқа да әскери мүліктің есептелуін, есепке алынуын, қоймада ұсталуын және сақталымын қалыпқа келтіруде тиісті көмек көрсетілдіі Айрықша маңызды жүгі бар жолаушы және жүк поездары шабуыл жасалу қауіпі бар жекелеген телімдерде оқ өтпейтін поездармен бірге жүретін болды. і
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін саяси-тәрбиелік жұмыстарды жақсарту, басқару құрамының әскери және арнайы дайындығын жақсарту мақсатында 1926 жылдың 25 ақпанында Мәекеуде Жол қатынастары күзетінің басқару құрамын жетілдіру мектебі (БҚЖМ) құрылды. Мектепте орта, аға, және жоғары буындағы басқарушы құрам оқыды, оқыту мерзімі алты айға созылды.
1930 жылы темір жолдардың өрттен қорғау күзеті атқыштар бөлімшелермен біріктірілді. Бөлімшелер әдетте, Кеңес Әскерінде өздерінің мерзімді қызметін аяқтаған тұлғалардан жасақталды. Атқыштар әскерилендірілген күзет қатарында кем дегенде 2 жыл қызмет етуге міндеттеме беретін. Қызыл Әскер қатарында қолданылатын жарғылар мен ережелердің әскериленген күзетке заңды күші тарады, бұл, тәртіптің күшеюіне, алға қойылатын міндеттерді орындау жөніндегі қызмет жұмысының жақсаруына ықпал етті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде атқыштар мен өрт сөндірушілердің кадрлық құрамы ІІХК (НКВД) әскерлерінің қарамағына берілді де, майдандағы әскер қатарына шақырылды. Штат негізінен әйел адамдардан жасақталатын болды. Көптеген темір жолдарда төрт осьтік вагондар өрт сөндіргіш поездарға қайтара жабдықталып, оларда суы бар сыйымдылықтар, мотопомпалар мен кезекші қарауылдар орналастырылды, өрт сөндіргіш командалардың көпшілігі ат тартымымен жұмыс істеді (осы кезеңде паровоздардың ұшқынынан жылжымалы құрамның өртеніп кетуі жиі болып тұратын, олар өрт салдарынан болатын материалдық шығындардың 75%-ын құрады) .
Ұлы Отан соғысы жылдары теміржолшылардан майданды барлық қажетті заттармен үздіксіз жабдықтау бойынша қызу жұмыс атқару ғана емес, сондай-ақ, асқан қырағылық, темір жолдармен тасымалданатын темір жол объектілері мен жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ету талап етілді, Күзет бөлімшелері ОГПУ органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеді.
1941 жылы жүктерді станциялар паркінде және поездардың сапары кезінде күзету ісі ІІХК (НКВД) әскерлерінің қарамағына берілді. Жол қатынастарының атқыштар командаларына объектілерді, қызметтік үй-жайларды күзету мен қорғау, жүк аулалары мен пакгауздарды, отын қоймаларын, материалдық-техникалық қоймаларды, төлеуші-кассирлерді күзету міндеті жүктелді.
Соғыстан кейінгі жылдары күзет бөлімшелерін белгіленген штатқа сәйкес жасақтау, оларды басшы құраммен қамтамасыз ету міндеті маңызды мәселеге айналды. БҚЖМ қайтадан құрылды, ол әскерилендірілген күзет үшін қазір де кәсіби басшы қызметкерлерді дайындайды (Ресей Федерациясының ведомстволық күзет басшылығымен арада Қазақстанның басшы күзет қызметкерлерін оқыту жөнінде келісім бар) . ЖҚМ әскериленген күзетінің жеке құрамына КСРО Қарулы күштерінің тәртіп жарғысы, ішкі және гарнизондық қызметтің жарғысы тарады. Атақ пен формалы киім енгізілді.
11949 жылдың маусымында ЖҚМ әскериленген күзеті туралы ереже бекітілді. Әскерилендірілген күзет атқыштар және өрт сөндіруші бөлімшелерден тұрды. Атқыштар бөлімшелеріне станция парктеріндегі және жолда келе жатқан жүктер мен темір жол көлігін күзету міндеті жүктелді. Командалар сонымен қатар станциялар аумағында қатаң түрде рұқсатпен өткізіп, жүк вагондарында заңсыз жол жүру және басқа да қоғамдық тәртіпті бұзушылықпен күрес жүргізуі тиіс болатын. Әскерилендірілген күзеттер Кеңес Әскерінің қаруы ретінде қабылданған винтовкалар, автоматтар және тапаншалармен қаруланып, жеке құрам әскери-жаттығу, саяси және арнайы дайындықтан өтуі тиіс болатын [77] .
КСРО ЖҚМ әскерилендірілген күзеті туралы ережеде мынадай құрылым қарастырылды:
• ЖҚМ жанынан - министрге бағынатын басқарма бастығы басшылық ететін әскериленген күзет басқармасы;
• аймақтарда - инспекция, бұл ретте, инспекция бастығы ЖҚМ күзет басқармасының бастығына бағынышты болды;
• жолдарда - бөлім, оның бастығы жол бөлімшесі бастығына және ЖҚМ күзет басқармасының бастығына бағынышты болды.
Әскерилендірілген күзеттің дербес бөлімі отряд болды, ол атқыштар командаларына, өрт сөндіргіш поездар мен қызметтік ит шаруашылығы командаларына бөлінді. Төменгі деңгей бөлімше болды.
Әскерилендірілген күзет отрядының командирі темір жол бөлімшесінің бастығына және жолдың әскерилендірілген күзет бөлімінің бастығына бағынды.
1948 жылдың маусымында әскерилендірілген күзеттің басқарушы құрамы үшін дербес атақтар белгіленді:
- жоғарғы басқарушы құрам үшін - генералдың;
- аға басқарушы құрам үшін - әскерилендірілген күзет полковнигінен майорға дейін;
- ортаңғы басқарушы құрам үшін - әскерилендірілген күзеттің капитанынан кіші лейтенантына дейін;
- кіші басқарушы құрам үшін - әскерилендірілген күзеттің старшинасынан кіші сержантына дейін;
қатардағы құрам тұлғаларына - атқыш атағы берілді.
1951 жылы министрліктер мен ведомстволардың әскерилендірілген күзет құрылымы қалыптастырылды:
ЖҚМ басқармасында 1-ші категориядағы күзет бөлімі, жолдарда - әрекет ететін күзет бөлімшелерін біріктірген отрядтар құрылды;
1-ші категориядағы күзет отрядтары жолдардың күзет бөлімдерінің құрамына кірді.
Осылайша, 1951 жылдан бастап ЖҚМ әскерилендірілген күзеті темір жолдардың бірден бір қарулы күзетіне айналды. Ол станциялардағы және жолда келе жатқан жүктерді, ерекше маңызды жасанды, техникалық құрылыстар мен арнайы үй-жайларды, төлеуші-кассирлер тасымалдайтын қолма-қол ақшаны күзету, станциялар аумағындағы рұқсатпен өткізу режимінің сақталуын жүзеге асырды, темір жол көлігіндегі тәртіп бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізіліп, бүкіл темір жол шаруашылығының өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, әскерилендірілген темір жол күзеті темір жол көлігінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес болған адамдармен жазатайым оқиғаларға ұшырауына жол бермеу және алдын алу жөніндегі жұмыстар жүргізді.
1972 жылдан бастап темір жол көлігіндегі тәртіптің сақталуы күшейтіліп, әскерилендірілген күзет пен көлік милициясы-ның бірлескен іс-қимылдарын жандандыру жұмыстары жүргізіле бастады. Біріккен мамандандырылған топтар (БМТ) қызмет көрсету телімінде тәулік бойы жұмыс атқарды.
БМТ-ның басты міндеті көліктің жүк шаруашылығының объектілерін жүйелі түрде шолып тексеру жолымен ұрлықтың алдын алу, іздестіру, алдын алу және басқа да шараларды жүргізу, сондай-ақ станцияларда рұқсатпен өткізу режимін сақтау болып табылады.
1974 жылы әскерилендірілген күзеттің және көліктік милицияның темір жол көлігіндегі бірлескен мамандандырылған топтарының жұмысын жақсарту шаралары жүзеге асырылып, соның нәтижесінде екі жақтың қимыл-әрекеттерінде толық келісімге келушілік белгіленді.
1960-1970 жылдары жүк ағынының күрт өсуімен әскериленген күзет бөлімшелерінің алдында тұрған темір жолмен тасымалданатын және сақталатын автотракторлық техника мен басқа да номенклатуралық жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері елеулі түрде күрделене бастады. Қызметті ұйымдастыру ісіне озық нысандар мен әдістер: пикеттер (қоршау күзеттері), қызметтік иттердің еркін (адамның ертуінсіз) патрульдеуі енгізіле бастады. Мәселен, пикеттер, жүк поездары тоқтайтын аралық станцияларда қойылатын болды. Пикеттер, әскериленген күзет нарядтарының (кезекті қарауыл тобы) бақылауында телімнен өтетін барлық поездарды ұстап отыруға, және бірмезгілде, жүк поездарымен бөтен тұлғалардың жүріп өтуімен күресуге мүмкіндік берді. Автотракторлық техникасы бар үлкен маршруттарды күзету үшін платформада атқыштың ұстауынсыз еркін қозғала алатын 2-3 қызметтік иттер пайдаланылды. Мұндай поездарда әдетте, ұрлық жасалмайтын.
1990 жылдарға дейін ЖҚМ әскерилендірілген күзеті жолмен тасымалданып бара жатқан және станция парктеріндегі жүктерді күзетумен қатар КСРО үкіметі бекіткен тізім бойынша темір жол көлігінің айрықша маңызды объектілерін - жасанды құрылыстарды күзетіп келді. Сонымен қатар, бөтен тұлғалардың жүк вагондарымен және арнайы белгіленбеген жерлерде темір жол желілерімен заңсыз жүруіне жол бермеу жұмыстары жүргізілді. Өрттен сақтау және өрт қауіпсіздігінің белгіленген талаптарын орындауға бақылау, темір жол көлігі кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында және жылжымалы құрамда өртті сөндіру, ерікті өрт сөндіру дружиналарының жұмысына қолдау көрсету, қарауыл күзетіне жедел басқару жүргізу шаралары жүзеге асырылды.
1990 жылдың шілдесінде КСРО Министрлер Кеңесі «КСРО ЖҚМ әскериленген күзетін нығайту туралы» № 216 қаулысын қабыл дады. Мұнда, әскерилендірілген күзеттің техникалық жарақтандырылуына, материалдық-техникалық базасының нығаюына, жеке құрамының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінді.
Ірі сұрыптау станцияларында құрылған бірлескен мамандандырылған және жедел топтарды нығайту негізінде қызмет етудің оперативтік-маневрлік түрлері одан әрі дамытылды.
Барлық түйісу станцияларында көршілес темір жолдардан коммерциялық жарамсыз вагондардың, шауып тесілген контейнерлердің келіп кіруінің алдын алу бойынша «Заслон» атты шаралар қызу жүргізілді. Қылмыстық жағдайдың өршігуіне, ұрлықтың өсуіне байланысты әскерилендірілген күзет қызметкерлері көлік милициясымен бірлесіп ұрлықтарға жол бермеу және оларды ашу жөніндегі оперативтік-алдын алу шараларын жүзеге асырды.
КСРО ыдырағаннан кейін егеменді Қазақстан Республикасын-да әрбір темір жолда ұйымдық түрде отрядтарды, атқыштар-өрт сөндіру командаларын, ерекше маңызы бар объектілер мен топтарды күзету жөніндегі командаларды қамтитын Әскериленген күзет қызметі құрылды.
Өз жұмысында әскерилендірілген күзет Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1341 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігінің әскерилендірілген күзет қызметі туралы ережесін басшылыққа алады.
Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы темір жол көлігінің Әскерилендірілген күзет қызметі өз қызметін жүктер мен объектілерді, сондай-ақ, материалдық құндылықтарды күзетуге арналған республиканың темір жол кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жүзеге асыратын арнайы әскериленген ұйым болды.
Күзет қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы (ККМ) жол басқармасының құрамына кірді және өзін ұстау сметаларына сәйкес темір жол басқармасының пайдалану шығындары қаражатының есебінен қаржыландырылды. Күзет қызметі келісім-шарт бойынша жүк алушыларға және жүкжөнелтушілерге жүктерді станциялардың кірме жолдарында күзету, сондай-ақ, күзетілетін объектілердің тізіміне кірмейтін жүктерді күзету бойынша қосымша қызмет көрсетті. Күзет қызметіне мынадай міндеттер жүктелді:
- жүктерді сапар барысында және станция парктерінде күзету;
- объектілер мен жекеленген үй-жайларды күзету;
- темір жолдың ерекше маңызды объектілерін күзету;
- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жолаушы поездарын жолдамалау (сопровождение) ;
- темір жол көлігі объектілерінде және жылжымалы құрамда өрттің алдын алу және оны сөндіру;
- өртке қарсы алдын алу шараларын жүргізу, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылау жасау;
- бөтен адамдардың жүк поездарымен жүруіне және темір жол желілерімен бұл үшін белгіленбеген жерлерде жүруге жол бермеу.
1997 жылдың 31 қаңтарында Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жолдарын біріктіру арқылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан темір жолы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
«Мамандандырылған әскерилендірілген күзет қызметі» еншілес мемлекеттік кәсіпорны («МӨКҚ» ЕМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 14 шілдесіндегі шешімімен құрылды. Темір жол көлігінің өрттен сақтау күзеті әскерилендірілген күзеттің құрамынан шығарылып дербес қызметке айналдырылды. «МӨКҚ» ЕМК құрылтайшысы «Қазақстан темір жолы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны болды.
«МӨКҢ» ЕМК-ның негізгі қызмет түрі жеке және заңды тұлғалардың жүктерін темір жолда жолдамалау; Достастықтың қатысушы-мемлекеттерінің, Латвия, Литва Эстония темір жолдарының әскерилендірілген күзет қызметімен ілеспелейтін және күзетілетін жүктердің тізіміне сәйкес номенклатуралық жүктерді жолдамалау және күзету; жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын және басқа құндылықтарын ілеспелеу, тасымалдау және қоймалау жерлерінде сақтау кезінде темір жолда және басқа көлік түрлерінде күзету қызметтерін көрсету; жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде қызмет көрсету болып табылады.
«МӨКҚ» ЕМК-ның (Көкшетау, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында) сегіз филиалы және олардың құрамында жетпіс екі темір жол станцияларында тұрақты орналасқан ондаған желілік бөлімшелері болды. Бұл жүк тасымалдарын бүкіл Қазақстан аумағында кез келген жеке және заңды тұлғалардың осындай мүдделерін қанағаттандыру жөніндегі күзеттік жолдамалауға мүмкіндік берді. Күзеттік қызмет көрсетулер үнемі толық мүліктік жауапкершіліктің, күзеттің кінәсінен өріптеске келтірілген залалды өтеудің негізінде жүргізілді.
«МӘКҚ» ЕМК «Қазақстан темір жолы» РМК-мен біртұтас компьютерлік жүйеде, ведомстволық телефон торабында, телеграфтық байланыста болды, бұл тасымалдар мен поездар қозғалысының кестесіне ену мүмкіндігін және жүктің қай жерде келе жатқаны, оның күйі туралы тұрақты мәліметпен қамтамасыз етті.
«Қазақстан темір жолы» РМК-мен келісілген және жүйелі түрде ұйымдастырылған жүктерді күзеттік ілеспелеу күтпеген жағдайларда тиімді жұмыс істеуге және «тасталған» поездар құрамының, кез келген жол телімдерінде ағытылып және істен шығып қалдырылған жекелеген вагондарды күзетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Локомотивтерге, темір жол станцияларының парктеріне кедергісіз кіру, өтпелі және бекеттік жолдамалау әдістерін қолдану күзеттік қызмет көрсетулердің бағасын төмендетуге мүмкіндік туғызды. Күзетшілердің темір жолмен разрядтық, қауіпті, соның ішінде мұнай құйылатынын жүктерді жолдамалау құқығы бол-ды.
«МӨКҚ» ЕМК қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес темір жол күзетін қамтамасыз ету міндетін орындады. Еліміздің темір жол саласын қайта құрылымдау барысында «Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі» «Қазақстан темір жолы» РМК-ның енші-лес кәсіпорны бола тұрып 2001 жылдың желтоқсанында толық құқығын жалғастыру негізінде қайта құру жолымен «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ААҚ болып қайта құрылды, ал 2004 жылдың шілде айында 100%-дық мемлекеттік акциялар пакетін ұстай отырып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ретіндегі бірден бір акционері бар АҚ болып қайта тіркелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz