Жыныстар арасындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I Бөлім. Психология ғылымында гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері.

1. 1. Гендерлік проблемалар және оның шешу жолдары

1. 2. Гендерлік айырмашылықтар психологиясы мен физиологиялық негіз

ІІ Бөлім. Жыныстар арасындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеу.

2. 1. Зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, қазіргі дүниеде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір сүрудің идеалдарын, барлық адамзатқа ортақ құндылықтың негіздерін іздеу қажеттігі туып отыр. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың мәні зор. Өйткені жыныстардың қоғамдық рөлі туралы процесстер мен стереотиптер ұрпақтан -ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады. Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның әртүрлі қырлары болады: тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни. Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі «Гендер мәселесі». Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде.

Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық - саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өзіндігіңді, өзгешелігіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде, гендер мәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет. Алдыменен, «гендер» дегеніміз не соны анықтап алайық. Жаңа ХХI ғасырда біз өзіміздің және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді? Осыны айқындап алатын кез жетті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында осыған жол ашып беріп, салауатты өмір сүруге шақырып отыр.

Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады: «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз - жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы», - деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады.

Болмысты танып- білудің гендерлік келісінде психикалық құбылыстарға деген «жыныссыз көзқарас» жойылады, алайда мұнда «ер» және «әйел» иерархиясы мен поляризациясы қатал ұстанбайды. Ер және әйел адамдардың биологиялық айырмашылығынан бас тартатын жыныстық- жастық талдаумен салыстырғанда, гендерлік талдау жеткіншек ұл және қыз балалар арасындағы агрессивтіліктің айырмашылық бастауын олардың әлеуметтенуі мен өздерінің нақты бір гендерлік рөлдерді ойнау спецификасында көруге мүмкіндік береді.

Балалық шақтан есею фазасының дағдарыстық сиаптымен шартталатын жеткіншектік кезеңнің көптеген қиыншылықтарына бүгінде орындалатын гендерлік рөлдерге деген талаптардың айқындалмауы келіп қосылады. Мысалы, қыз балалардан үйде ұқыптылықты, салмақтылықты, қарапайымдылықты және мейірімділікті талап етсе, мектепте - ұлдардың жетістіктеріне тең ақыл-ой және физикалық іс- әрекеттегі жетістіктерді күтеді, бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) ола тәккаппар, қатал, өзіне сенімді болу керектігін біледі. Гендерлік рөлдердің мұндай «теңдесуі» және еркектік пен әйелдік стереотиптерінің ұштасуы жетеіншекті өзін жыныссыз және оған қауіпті қоршаған әлемде жалғыз пенде сезінуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайдағы агрессивтілік, түрлі девиациялар қазіргі замандағы гендерлік идентификацияның қиындауымен байланысты қысымға жауап ретіндегі қорғаныс механизмі болып келеді.

Зерттеу мақсаты : Ерлер мен әйелдердің гендерлік айырмашылықтары мен физиологиялық негізін зерттеу.

Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер алдыға қойылды:

  1. Гендерлік айырмашылықтарға қатысты психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
  2. Гендерлік айырмашылықтарды эксперименталды зерттеудің әдістерін, процедурасын, зерттеу базасын негіздеу;
  3. Педагогтарға, ата- аналарға ұсынылатын психологиялық нұсқауларды белгілеу.

Зерттеу пәні : Гендерлік психологияның дамуындағы жыныстық айырмашылықтар парадигмасы.

Зерттеу болжамы : Ер адам мен әйел адам арасындағы гендерлік айырмашылықтарды маскулиндік деңгейі анықтайды.

Психологиядағы гендерлік талдаудың әдіснамалық негіздерін шетел (Ш. Берн, Х. Джин, Д. Кандиоти, Г. Коои, Д. Фаррингтон, Д. Зиммерман, т. б. ), сонымен бірге ресей (Н. И. Абубакирова, О. А. Воронина, Т. А. Гурко, И. СКлецина, Л. П. Репина, Н. А. Челышева, т. б. ) ғалымдары да өңдеуде. Қазақстандық ғалымдардың да осы мәселеге аса ден қойып, зерттеу жүргізулері өте қуантар жайт. Олардың ішінен Г. Е. Аимбетова, Ш. Е. Джаманбалаева, Д. А. Дуйсенгалиева, Т. А. Заритовская, Д. Казымбетова, А. Канагатов, К. Д. Калиев, А. Ш. Шөпшекпаева, т. б. атамауға болмайды

Зерттеу әдістері : әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жыныстық идентификацияны анықтауға арналған проективті әдістеме.

Зерттеу жұмысының құрылымы : зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Бөлім. Психология ғылымында гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері.

1. 1. Гендерлік проблемалар және оның шешу жолдары

Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд. ) - бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы - гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты таңатын әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет-қылықтарындағы және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді.

ХХ ғ. 60-70жж. әлеуметтік ғылымдарда құрылымдық функционализмге сүйенген жыныстық- рөлдік келіс кеңінен тарады. Бұл келістің мәні - жыныстық рөлдер әлеуметтену үрдісінде игеріледі. Жыныстық рөлді игеру мінез- құлықтың нақты бір типінің ғана емес, сонымен қатар, нақты тұлғалық ерекшеліктердің, әуелі бүкіл өмір салтының бар болуын да білдіреді. Осының барлығына әлеуметтенудің агенттері (институттары) әсері арқасында қол жеткізіледі. Олар маскулинді және феминді мінез- құлықтың басымды мәдени нормаларына, құндылықтарына, үлгілеріне сәйкес тұлғаны қалыптастырады.

Гендерлік психологияның дамуын келесі бағыт контекстінде қарастырып өтейік - жыныстық айырмашылықтар парадигмасы. Ер және әйел адамдардың ерекшеліктерін анықтауға арналған көптеген зерттеулердің нәтижелері ер және әйел жынысының өкілдері арасындағы айырмашылықтар ойлағаннан гөрі аз болып шыққандығын көрсетіп отыр. Ер адамдарда кеңістіктік және математикалық қабілеттер болса, ал әйел адамдарда - вербалды қабілеттер көбірек дамыған. Әлеуметтік мінез- құлқында ер адамдар агрессивтілік және доминанттылық, ал әйел адамдар мейірімділік және контакттілік сияқты қасиеттердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ер және әйел адамдардың әлеуметтік рөлдеріне келетін болсақ, әйелдерге «жанұялық» рөлдер, аса мәнді болады. Ал, ер адамдарға - кәсіби рөлдер. Жанұядағы әйелдік рөл жанұя мүшелеріне қамқорлық көрсету және күтумен көбірек байланысты; кәсіби статус ер адамдардың өзіндік идентификациясында негізгі рөл ойнайды.

Елімізде қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын құжаттарға тоқталсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс мотиві бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.
Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, Егемен Қазақстанның тәуелсіз қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен тиесілі өз орындарын тауып, саясатты да, бизнесті де, ғылымды да жан-жақты меңгеріп, қоғамның барлық саласына ер азаматтардан қалыспай, белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда. Нарық заманы тек қыздарымызға ғана емес, жалпы қоғамымызға қиыншылық әкелді. Бірақ өмірдегі келеңсіздіктердің бәріне осы өтпелі кезеңді айыптай бермей, бір сәт сана мен сезімге рухани сілкініс қажет екендігін да ескерген жөн болар. Осындай күрделі заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақстандағы гендерлік айырмашылықтарды талдау гендерлік себепкер шарттарды ескере отырып қарастыруға негізделген. Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.

Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда босым боо отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс - гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде - жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік гендерлік зерттеулер
Тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесі соңғы жылдары ғана
Гендерлік саясат қазақты қайда апарады
Гендерлік социология
«Гендер» ұғымы
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
Əлеуметтік гендерлік зерттеулер
Гендерлік теңсіздік
Әлеуметтік лингвистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz