ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 ЗИЯРАТ ЕТУ ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 7
1.1 Зиярат ету туризмінің түрлері мен ерекшеліктері 7
1.2 Зиярат ету туризмінің экскурсиялық-танымдық бағыттары 10
2 ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ 15
2.1 Ислам дінінің қалыптасуы және негізгі ілімдері 15
2.2 Мекке, Мәдина –Ислам дінінің басты орталықтары 24
2.3 Түркістанда -Қожа Ахмет, Маңғыстауда –Пір Бекет 32
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер 40
Қосымша 1 41

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де
маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани
жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының
түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына
сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші
деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы
Аллаға арналады. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне
және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан
шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді.
Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың
жаратылу мақсатын, оның сыр- сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның
рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды
болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның
зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде
шыққан. Жақсылық жасаған адамға рахмет айтылатынын барлық адам біледі. Бұл
–адамдық парыз. Ол адамға құрмет көрсетіледі. Олай болса барлық нығметтің
ақиқат иесі Алла Тағалаға шүкіршілік ету –адамзаттың парызы. Қазіргі таңда
әлем алдындағы басты мәселелердің бірі болып отырған дін мәселесі. Діни
мақсатта саяхат жасаушы туристер деп -өз тұрғын жерінен жарты жылдан
аспайтын уақытқа қасиетті орындар мен діни орталықтарды аралайтын адамдарды
айтамыз. Қажылық туризм аясында қасиетті орындарға баруда қызмет көрсету
және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты ескеріледі. Қажылық
туризм екі негізгі бөлімге бөлінеді:
1. зиярат ету туризмі;
2. діни туризмнің экскурсиялық-танымдық бағыттары.
Зиярат ету туризмі рухани-зиярат ету туризмімен ерекшеленеді. Зиярат
ету туризмі –зиярат етудің әр түрлі мақсаттағы сапарлар жиынтығы болып
табылады. Зиярат ету қасиетті орындарға адамдардың құлышылық ету құлшынысы.
Зиярат етуге төмендегідей себептерді жатқызуға болады:
- түрлі ауру-сырқаудан рухани және физикалық тұрғыда айығу;
- жақын адамдары үшін дұға ету;
- мадақтау;
- діни қызметтерді орындау;
- Құдайға шүкіршілік айту;
- күнәлар үшін кешіріп сұрап, құлшылық ету;
- сопылық діни наным-сенімге бет бұру;
- өмірідң мәнін табу.
Орта ғасырларда қажылық сапарлардың таралуы кеңейе түсті. Бүгінгідей
өркениетке ұмтылып отырған озық қоғамда әлем халқы өздері ұстанған дінге
жаңаша көзқарас орнатуда. Бұл әрине, бағзыдан келе жатқан дінді бұрмалау
емес, қайта адамзаттық ортақ игілікке, әлем халқының ортақ құндылығына
айналдыруға ұмтылу үрдісі. Жер шарындағы жеті миллиардқа жуық халықтың бір
жарым миллиарды рухани алтын діңгегіне балайтын, сонны ұстанатын ислам діні
де адамзат баласын бейбітшілік пен мейірімділікке жетелеп отырған ізгі
діндердің қатарында. Ислам – бүкіл түркі жұртының, соның ішінде қазақ
халқының ертеден сенетін ата діні. Сан ғасырлардан бері халықтың жады мен
санасына ізгілік нұрын сеуіп, имандылық жолын нұсқаған ислам діні
ұлтымыздың өзегіне айналғаны жайындағы деректер мен айғақтар қатпарлы тарих
қойнауында том-том болып қатталып жатқаны мәлім...Терең тарихтан тамыр
тартқан исламдық дәстүр бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның да іргесін бүтіндеп,
елдігін бекемдер ерекше құндылыққа айналып отыр. Бағзы заманнан бері бойына
сіңірген ата дінінен Алаш баласы қылышынанқан тамып тұрған кеңестік кезеңде
де бүтіндей айнып кеткен емес. Алла бір, Пайғамбар хақ, Құран шын деп
жаттап өскен халықтың ұрпағы, кімсің? деген сұраққа Әлхамдулиллаһ,
мұсылманбыз деп қайтарар жауапты көкірегінен өшіре қоймаған екен. Соның
әсері болар, тәуелсіздік алған соң тез ес жинаған Қазақстан халқының 9
миллионға жуығы яғни, 70 пайыздан астамы ислам дінін ұстанады. Бұл әрине,
жүрек жылытар жайт. Еліміздегі ислам дінінің кең өрістеуіне мемлекет
тарапынан жасалып жатқан қолайлылықтарды да бөле-жара қарауға келмейді.
Елімізде қажылыққа сапар шегушілер жылдан-жылға көбейіп келеді. Ал мұндай
сапарларды ұйымдастыру талапқа сай болмай тұр. Бұл туралы Туризм және спорт
министрлігі Индустрия және туризм комитетінің төрағасы Евгений Никитинский
осы мәселеге арналған мәжіліс барысында атап көрсеткен болатын. Оның сөзіне
қарағанда, діни туризмді дамыту, атап айтқанда мұсылмандардың қасиетті
жерлеріне сапарлар ұйымдастырудың маңызы жылдан жылға арта түсуде.
Қажылыққа баруға ниет етушілердің көбейе түсуіне байланысты ұйымдастыру
жұмыстарының жүйесін қайта қарастыру қажет. Әділет министрлігінің Дін
істері жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, 2005 жылы қажылыққа
барушылардың ісімен 14 компания, 2006 жылы 13, ал 2007 жылы 17 компания
айналысқан. Өткен жылы қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтардың сапарын
Нұр-Ислам қажылық компаниясы, Мәлік, Рамина тур, Шығыс ЛТД,
Ордабасы НЖ сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жүзеге асырыса,
олардың жұмысын КС компани компаниясы үйлестіріп отырған. Ал қажылардың
Қазақстаннан Сауд Арабиясына әуежолымен барып қайтуын Алматының Мега,
Иранның Табан эйр, саудтық Аль-сафа Арабиан Турс энд Трэвел ЛТД әуе
компаниялары жүзеге асырған.
Жер бетіндегі мұсылмандардың саны шамамен 800 миллионды құрайды. Олардың
730 миллионы сунниттер болса, 10 пайызы (70 млн) шииттер. Индуизм дінін 520
млн адам ұстанады. Ал буддалардың саны 250 миллионнан асып жығылады.
Конфуций ілімін 180 млн адам тұтынса, 90 млн синоистер бар. Ал даосистердің
саны 30 миллионның айналасында. Осылайша, сенім иелерінің қатарында ең көбі
– христиандар, келесі кезекте мұсылмандар және одан кейін индуизмды
ұстанатындар тұр.
Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде
шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим,
Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын
жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Сонымен бірге, Мекке ерте
уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің
орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қаратас Қаабы
Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.
Ислам діні Қазақстанда қалай дамып жатыр деген сұраққа жауап іздер
болсақ, тәуелсіздікке қол жеткізгенде халқымыз ең бірінші ата дінімен
сағына қауышты. Мұның бәрі, әрине, егеменділіктің арқасында мүмкін болды.
Тәуелсіздігімізді алғанда елімізде бар-жоғы 68 ғана мешіт бар болатын. Оның
бірінің күмбезі, екіншісінің мұнарасы жоқ еді. Ал бүгінде Алла үйлерінің
саны 2200 шамасында. Олар негізінен халықтың, жекелеген кәсіпкер
азаматтардың, араб және түрік демеушілерінің қаражаттары есебінен салынды.
Он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Алла тағалаға деген сүйіспеншілігімізді
арттыруға, шариғат қағидаларын жан-тәнімізбен терең түсінуімізге жол
ашатын, халықтың рухын Ислам дінімен қуаттандыратын мешіттердің көбірек бой
көтергені бізді қуантады. Өйткені Алла үйі береке, бірліктің, ұлтаралық,
дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы. Сөйтіп, соңғы он
шақты жыл ішінде республикамызда бірқатар сәулетті мешіттер бой көтерді.
Атап айтқанда, мешіт салып, Алла тағала разылығына бөленудің үлгісін
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы көрсетті. Ол– Алматы облысы Қарасай ауданының
Шамалған кентінде 1,5 мың орындық Қарасай батыр атындағы мешіт салдырып,
халықты қуантты. Тәуелсіздіктің арқасында ата дінімізбен қауышсақ та, оны
орнықтырып дамыту біздің алдымызға бірқатар күрделі мәселелерді қойғаны
шындық. Бұл күнде оның барлығы өз ретімен мемлекет тарапынан жасалған және
жасалып отырған қамқорлық арқасында оң шешімін табуда. Елбасымыздың тікелей
қамқорлығының нәтижесінде Ислам діні қанатын кеңге жайып келеді. Ал
дінімізді дұрыс насихаттау үшін білім керек. Сондықтан, ең алдымен, діни
рухани таза орта қалыптастыру мақсатында мешіттер жанынан діни сауат ашу
курстарын ашып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркияның дін
істері жөніндегі басқармасы арасында жасалған Келісімге сәйкес, жыл сайын
28 түркиялық ұстаз ірі қалалардағы мешіттерде дәріс беріп келеді. 2001 жылы
Діни басқарма жанындағы аты бар да, заты жоқ бұрынғы екі жылдық ислам
институтының орнына, Египет Араб Республикасындағы әл-Әзһар университетімен
бірлесіп, имам-хатиб мамандығын тереңдетіп оқытатын заманауи 4 жылдық Нұр-
Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті іске қосылды. Ол бүгінгі
стандартқа сай еліміздің Білім және ғылым министрлігінің лицензиясын алды.
Онда әл-Әзһар университетінен арнайы келген доктор, профессор ұстаздар
дәріс береді. Қазірге дейін оны 206 шәкірт бітіріп, бұл күндері еліміздің
үлкенді-кішілі мешіттерінде қызмет атқаруда. Мұнан әрі де білімін
арттырғысы келгендер осы оқу орнында магистрлікті жалғастыра алады. Мұның
барлығы мемлекетіміздің дінге деген жанашырлығы емес пе?
Мақсаты: Діни туризмде зияраттаушы мұсылман айқын сөйлеп, зиярат жасайды.
Әр мұсылман үшін өмірінде бір рет болсада зияраттап, қажылық сапармен
Меккеге және Мәдинаға бару керек. Бұл қалаларға тек мұсылмандарға ғана
баруға рұқсат етіледі, басқа діндегі экскурсиялық құрамды шектейді. Діни
туризмнің сонымен қатар танымдық, тәрбиелік, имандылық жолында тигізер
пайдасы орасан зор. Себебі, қай дін болмасын өзінің ереже-тәртіптері арқылы
дін әлемін танып-білу, имандылыққа бет бұру аясында бағыт береді.
Міндеттері: Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан
жас дін. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы
Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай
елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер
бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады.
Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау
процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді. Қазақстанда Волга
бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті
негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін
қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралу. Қазіргі таңда Меккеге
баратын маршруттар саны өте көп. Солардың арасында ерекшелігі - туризм және
спорт министрлігінің ұйымдастырылуымен өткізілген "Меккеге жаяу маршрут"
болып табылады. Нұр жолы деп аталатын бейбітшілік пен келісім маршруты
200 тәуліктен аса уақытқа созылады. Ұзындығы 7007 шақырым маршрут
Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Түркия, Сирия, Иордан Хашимит Корольдігі, Сауд
Арабиясы сияқты жеті елдің территориясы арқылы өтеді. Маршрутқа қатысуға
денсаулығы мен психологиялық параметрлері жағынан іріктелген Қазақстанның,
Ресейдің және Өзбекстанның азаматтары. Марш саяси және діни ұрандарсыз
өткізу. Оның басты мақсаты — жолында кездесетін елдерге Қазақстан
Республикасының тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін және жетістіктерін кеңінен
таныту болып табылады.
Зерттеу обьектісі: Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінге дейін ислам
дінінің жай-күйі, Мекке, Мәдине қалалары, Қазақстан аумағы бойынша
қарастырылды.
Зерттелу деңгейі: Курстық жұмысқа мына дерек көздері негіз болды: А. В.
Бабкин., М. Б.Биржаков. Курстық жұмыс екі тарау, бес бөлімнен тұрады.

1 ЗИЯРАТ ЕТУ ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Зиярат ету туризмінің түрлері мен ерекшеліктері

Діни мақсатта саяхат жасаушы туристер деп -өз тұрғын жерінен жарты
жылдан аспайтын уақытқа қасиетті орындар мен діни орталықтарды аралайтын
адамдарды айтамыз. Қажылық туризм аясында қасиетті орындарға баруда қызмет
көрсету және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты ескеріледі.
Қажылық туризм екі негізгі бөлімге бөлінеді:
3. зиярат ету туризмі;
4. діни туризмнің экскурсиялық-танымдық бағыттары.
Зиярат ету туризмі рухани-зиярат ету туризмімен ерекшеленеді. Зиярат
ету туризмі –зиярат етудің әр түрлі мақсаттағы сапарлар жиынтығы болып
табылады. Зиярат ету қасиетті орындарға адамдардың құлышылық ету құлшынысы.
Зиярат етуге төмендегідей себептерді жатқызуға болады:
- түрлі ауру-сырқаудан рухани және физикалық тұрғыда айығу;
- жақын адамдары үшін дұға ету;
- мадақтау;
- діни қызметтерді орындау;
- Құдайға шүкіршілік айту;
- күнәлар үшін кешіріп сұрап, құлшылық ету;
- сопылық діни наным-сенімге бет бұру;
- өмірідң мәнін табу.
Зиярат ету адамның ақиқатқа белгілі бір қарым-қатынасын бағамдайды.
Зиярат ету идеясы қиындықтарда әрекеттену, өз еркімен міндеттер жүктеу және
шарт қою,т.б. тұспалдайды. Бұл адамға материалдық деңгейден рухани дүниенің
қымбаттырақ, маңыздырақ екенін түсіндіреді. Мұндай орындарға туристер
немесе зиярат етушілер өздеріне күнделікті өмірден салттық әрекеттер
жетіспегендіктен аттанады. Филологтардың пікірі бойынша "зиярат ету"
термині пальма ағашының бұтағы тәрізді тарам-тарам, яғни алғаш зияратшылар
"Иерусалимге Құдайдың келуі" атты мерекеге қатысуымен байланысты. Ресейге
бұл мереке пасха алдындағы демалыста келді. Қажылықтың салт-дәстүрлерінің
түп-тамыры тереңнен басталады. Үндістанда зиярат етушілер ерте кезден
бастап құдіреттің күшін сезіп, қасиетті орындарды аралаған. Ежелгі Грекияда
қажылар елдің әтүпкір-түпкірінен Дельфаға діни болжамдар есту үшін келген.
Орта ғасырларда қажылық сапарлардың таралуы кеңейе түсті. [1.11.]
Зайырлы (дүниеяуй) және саяси зиярат етулерде бар екендігі белгілі. Діни
мерекелердің тұсында зиярат етіп бару, қатысу және жай ғана табыну
нысандарына танып-білу мақсатындағы туристік сапарлар дамуда. Қазіргі таңда
бұл зиярат ету саласындағы туризмде барлығы дерлік туризм саласының
қызметіне жүгінеді, арнайы турфирмалар да қызмет түрлерін: туроператорлар,
экскурсия барысында көмек көрсету сиякты жұмыс түрлерін ұсынады. Бұл
саланың дамуы тасымал индустриясының да дамуын арттыруда. Мысалы Меккеге
жақын орналасқан әуежай дүние жүзінің ең үлкен әуежайларының бірі.
Италияның Бари қаласында да осы бағытта туристерге арналып үлкен әуежай
салынды. Діни зиярат ету нақты, негізгі, өзіндік догмалары, мәдени-діни,
танымдық, тарихи саяхаттармен салыстырғанда ертеден келе қалыптасқан
өзіндік нақты мақсаты бар туризм саласының бірі. Діни зиярат ету саласы
-өзгеде кез-келген жеке салалар тәрізді құқықтық нормалармен реттеліп
отырады. Сонымен қатар бұл үлкен өзге елге шығатын саяхат десек те болады.
Сондықтан сол елдің құқықтық нормаларын, ереже-құқықтарын зиярат
етушілерде, ұйымдастырушыларда толығымен сақтап, ортақ тәртіпке бас июлері
тиіс. Бұл туризм саласы –ұйымдасқан туризмнің ертерек дамыған түрі болып
табылады. Зиярат ету туризмінің барлық түрлері де ортақ белгілері бойынша
саяхатқа және туризмнің бастапқы формаларына жатады. Яғни жоспарлау,
жеткізу, тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру, сауда, алып жүру, қорғау.
Осы бағытта таңдайтын туристердің рухани, мәдени тұрғысынан да, жүріс-
тұрысы зиярат етулері де өзге сала туристерінен ерекшеленеді. Әулиелі
мекендерге зиярат ету жалпы кез-келген мемлекеттің, елдің өз құқықтық
нормаларымен реттеліп ұйымдастырылып отырады. Бірақ ұлттық ерекшеліктері
бойынша әлсірейтін тұстары да бар. Кейбір мемлекеттердің діні мемлекеттің
нақты заңды заңнамаларымен сәйкестендіріліп тығыз байланыста дамуда.
Мысалы, Ислам елдері. Ал кейбір елдерде мемлекет пен діннің арасында
алшақтық байқалады. Ол елге Ресейді жатқызуды болады. Жаңа экономикалық
реформалармен дін мен мемлекеттік биліктің арасындағы қатынасты және
қоғамдағы орнына біршама өзгеріс әкелді. Дінсіздік, шіркеулерді қудалау,
діни ұйымдарды жабу бұның барлығы коммунистік заманның сипаты өткен шақ
десекте, халықтың көбі дінсіздікке бағытталып қалды. 1991 жылдан бастап
діни ұйымдарға, халыққа шіркеулер, мешіттер қайтарылды. Сол заманғы
жоғалтқан рухани наным-сенімдерін, күш-қуаттарын қайтара алды. [2. 306.].
Зиярат ету туризмінің түрлері мен ерекшеліктері.
Әр түрлі классификациялық белгілеріне байланысты ғылымда зиярат етудің
бірнеше түрін қарастырады:
1. қатысушылардың санына немесе отбасылық құрамына байланысты –жеке,
отбасылық, топтық зияраттар;
2. уақыты бойынша –ұзақ және қысқамерзімді зиярат ету;
3. маусым бойынша –жыл бойғы зиярат және діни мерекелермен ұштастыру;
4. нысан бойынша зиярат ету –конфессионалдық діни ғимараттарға бару
(мешіттер, ғибадатханалар, т.б.) және табиғи діни орындар (тау, өзен,
бұлақтар, т.б.);
5. орналасқан жері бойынша зиярат ету –ішкі (мемлекеттік шекара бойынша),
сыртқы немесе шет елге зиярат ету турлары;
6. міндеттілік нысандары бойынша –ерікті және міндетті қажылық турлар
(мысалы, Исламдағы қажылыққа бару әр бір мұсылманның парызы болып
табылады) [1.12].
Зиярат етушілер сапалылық, қызмет көрсетілу, орналасу, тамақтану сияқты
сервис түрлеріне анағұрлым аз талап қояды. Олар мешіттерде, шатыр
қалашықтарында орналаса береді. Рухани-зиярат ету туризмі әлеуметтік-
психологиялық базамен және географиялық бағытпен тығыз байланысты. Зиярат
ету туризмі Солтүстік және Оңтүстік Америкадан Европа және Ресейдің әр
түрлі зияраттау орталықтары Шығыс елдерінің тәжірибесі деп түсіндіріледі.
Зиярат ету туризмі емдеу-сауықтыру туризмімен тығыз байланысты. Мысалы,
Үндістандағы көптеген зияраттау орталықтары аюрведикалық емдеу орталығы
болып саналады. Үндістанда әр түрлі тәжірибе және өсиет, уағыз –бұл кешенді
емдеу, ағзаны жасарту және аурудың алдын алу, яғни адам энергиясымен әлем
арасындағы гармониялық бұзылу себебінен туындайды. Олардың жан-жақтылығы әр
түрлі дін өкілдері, ұлтына, жасына, жынысына және мамандығына байланысты.
Мұндай тәжірибенің мақсаты –адамдарға оның қиын жағдайларын шешуге, рухани
және адамгершілігін жетілдіру, ішкі діни табиғатын тану, мойындау.
Зияраттау туризмі туризмі туризмнің басқа да түрлерімен жақын екенін білу
керек. Мысалы, жыл сайын көптеген туристер Қытайға цигунмен айналысу үшін
барады. Цигун бұл –қозғалыс және тыныстық жаттығулардың жиынтығы.
Қытайлардың пайымдауы бойынша цигун адамдарға өмірлік күш жинауға
көмектеседі. Сондықтан бұл саяхат туризмнің діни, спорттық және емдеу-
сауықтыру элементтері болып табылады. Зиярат ету туризмінің негізгі
аймақтары:
- православиелік ТМД республикалары: Ресей, Украина, Белоруссия,
Молдавия;
- шет елдік Еуропа басыңқы католиктік және протенстанизм;
- Солтүстік Америка басыңқы христиандық;
- Латын Америкасы христиан діні шоғырланған және дәстүрлі наным-сенімнің
тамыры тұрғылықты халық;
- Солтүстік Африка ислам дінінің басыңқы бөлігі;
- Шығыс және Батыс Африка бөлігі негізгі ислам және христиан орталығының
болуы;
- Батыс Азия бкөп бөлігі ислам діні;
- Оңтүстік Азия индуизм, буддизм, джайнизм және исламның тараған аймағы.
Зиярат ету адамның ақиқатқа белгілі бір қарым-қатынасын бағамдайды.
Зиярат ету идеясы қиындықтарда әрекеттену, өз еркімен міндеттер жүктеу және
шарт қою,т.б. тұспалдайды. Бұл адамға материалдық деңгейден рухани дүниенің
қымбаттырақ, маңыздырақ екенін түсіндіреді. Мұндай орындарға туристер
немесе зиярат етушілер өздеріне күнделікті өмірден салттық әрекеттер
жетіспегендіктен аттанады.

1.2 Зиярат ету туризмінің экскурсиялық-танымдық бағыттары

Зиярат ету туризмінің экскурсиялық-танымдық бағыттары діни орталықтарға
барып, туристердің діни нысандарды көре алуы –қолданыстағы табыну
ескерткіштерін, мұражай, құлшылық ету орындарына бару және т.б. діни
шараларға қатысуы. Бұл туризмнің түрі ғылыми туризмнің діни бағыттарымен
тығыз байданысты. Ғалымдар діни орталықтарға, діни дәстүрге бай елдер мен
аймақтарды аралайды. Мұндай сапарлар әдетте шағын, бірақ олар туристік
сапарлардың географиясын кеңейтеді. Ғалымдар діни мұраларға, қолжазбаларға
түрлі табыну насандарына, өткен ғасырлардың архитектуралық үлгілеріне
қызығушылық танытуда. Зерттеушілер ертеден келе жатқан діни орталықтарға,
діни дәстүрге бай елдер мен аймақтарға аттанады. Филологтардың пікірі
бойынша "зиярат ету" термині пальма ағашының бұтағы тәрізді тарам-тарам,
яғни алғаш зияратшылар "Иерусалимге Құдайдың келуі" атты мерекеге
қатысуымен байланысты. Ресейге бұл мереке пасха алдындағы демалыста келді.
Қажылықтың салт-дәстүрлерінің түп-тамыры тереңнен басталады. Үндістанда
зиярат етушілер ерте кезден бастап құдіреттің күшін сезіп, қасиетті
орындарды аралаған. Ежелгі Грекияда қажылар елдің әтүпкір-түпкірінен
Дельфаға діни болжамдар есту үшін келген.
Діни туризмнің индустриясы барлық туристік индустрияның бір бөлігі болып
табылады. Ондағы төрт сегментті атап өтуге болады:
- орналасу кәсіпорындары –арнайы орналасу орындарының жиынтығы (қонақ
үй, кемпинг, жатақханалар, т.б.);
- тамақтану кәсіпорындары –арнайы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының
жиынтығы;
- транспорттық кәсіпорындары;
- діни нысандардың көрсетілімі
• табыну ғимараттары (мешіттер, қасиетті орындар)
• табиғи табыну нысандары (қасиетті бұлақтар, өзен-көлдер, тоғандар)
• шағын формадағы табыну нысандары
Діни туризмнің индустриясында табыну орталықтары және діни орталықтар деп
бөлінеді. Табыну орталықтары белгілі бір конфессия өкілдері зиярат
етушілердің үлкен бөлігін жинап табыну шараларын өткізеді. Мұндай орындарда
атақты қасиетті ұстаздар болады. Діни орталық –табыну орталықтарына
қарағанда әлдеқайда кең ұғым. Діни орталық табыну нысанынан басқа, ғылыми
мекеме және әкімшілік орган сондай-ақ діни ұйымдарды қосады [1. 13.].
Халал индустрияның күн өткен сайын елде қанат жайып келе жатқаны
қуантарлық жайт. Қазақстан әлемдік халал стандратқа етене сіңісе
бастағандығының бір көрінісі – Халықаралық Халал көрменің қазақ жерінде
өтуі. Оның үстіне Әлемдік Ислам конференциясына төрағалық ету бұйырып
тұрғанда халал индустрияның ислам елдеріндегідей дамуы мұсылмандардың,
тіпті адалдықты жаны сүйетін басқа дін өкілдері мен ұлттардың назарында.
Себебі, халал бұл тек шошқа және арам өлген малдың етінен ада болу ғана
емес, жалпы адал ас тұтыну мен адал еңбек етіп, адал қызмет көрсету болып
табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда Халал индустрияның етек жаюына
байланысты көптеген халал қызмет көрсетулер қарқынды дамуда. Алайда,
шетелдердегідей әлі де болса қызу қарқын ала қойған жоқ. Десек те көштен
қалмай тырысып жүрген халал дәмханалар мен түрлі орталықтар халықтың
көңілінен шығып жүр. Осы орайда бүгінгінің басты терминіне айналған халалға
Халал туристік индустрия деген атаудың қосылғанын айта кеткеніміз жөн.
Көпшіліктің көңілдерінен шығу үшін көптеген мемлекеттердегі ірі қонақүйлер
мен демалыс орталықтары оның ішінде БАӘ, Малайзия, Түркия сынды мұсылман
елдері халал туризм саласы бойынша алдыңғы қатарлардан көрініп жүр. Бұл
жаппай үрдістің пайда болуына да негіз бар. Бүгінгі таңда көзі ашық,
көкірегі ояу адам баласының барлығы ненің зиян, ненің пайдалы екенін
ажырата бастаған кезең. Осыған орай, ел арасына қанат жайған демалыс
орындарының қызметінен тұтынушылар жанға жайлы, табиғаты әсем орынды ғана
емес, шариғатқа сай орындарға құмар-ақ. Себебі, Ислам заңдылықтарына қайшы
келмейтін көрікті демалыс орындарында тынығып, тілдің дәмін үйіретін адал
ас ішу әрбір мұсылман отбасы және туристер үшін қолайлы. Оған дәлел, соңғы
жылдары Халал туризм атауы барлық елді елең еткізіп, діни сеніміне
қарамастан, халал қызмет көрсететін туристік демалыс орындарына аяқ
басатындардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл бағыт негізінен
Малайзиядан бастау алған болатын. Себебі, экономикасы қарқынды дамып келе
жатқан Азия мемлекеттерінің ішінде халал өндірісін дамытуды әлемдік
деңгейге шығарған Малайзия екенін айта кеткеніміз жөн. Шыныменде соңғы
жылдары қарқынды дамып келе жатқан индустриялық саланың бір бөлігі туризм
болса, оның ішінде соңғы 2 жылда туристік бизнес қарқынды дамып келеді.
Қарапайым мысал, тіпті күн өткен сайын мұсылман елдерінде ғана емес,
сонымен қатар өзге дін өкілдері шоғырланған АҚШ және Англия
мегаполистерінде мұсылман дінін қабылдаушылардың саны жыл сайын еселенуде.
Мынадай қызық бір мәліметті келтірсек. Австралиялық Карим Саад атты
мұсылман бүкіл әлемдегі халал қонақ үйлердің рейтингін сайтқа енгізген
болатын. Оның арнайы сайт ашудағы басты мақсаты ретінде бүгінгі таңда барша
мұсылмандардың арасында шариат бойынша рұқсат етілген демалыс орындарын
тандайтыны түрткі болған. 1.5 миллиард мұсылман жамағаты үшін бұл жаңалық
жандарына жайлы болды десек артық айтқандық емес. Аталмыш сайт тек ағылшын
тілінде жұмыс істейді. Болашақта араб және түрік тілдерін қармағына ілуді
жоспарлап қойыпты. 27 жасар Каримнің www.halaltrip.com атты сайтты ашу
идеясын жүзеге асыру үшін демалыс орындарына зерттеу жүргізіп, халыққа
оңтайлы тұстарын айшықтай білген. Бүгінгі күні сайтқа кірушілердің саны 3
мың адамнан асады. Сонымен қатар, аталған сайтта әлемнің 25 еліндегі ең
атақты қонақүйлердің рейтингі орналастырылған. Олардың қатарында Британия,
Камбоджа, БАӘ, Сингапур және т.б. мемлекеттер бар. Тіпті БАӘ өздерінің
халал қонақ үй жүйесі арқылы өзге елдерде өздерінің орталықтарын ашып,
әлемдік деңгейде халал қызмет көрсетуді дамытып отырғандығына көзіміз
жетті. Осы сияқты үрдіс кейіннен көптеген мемлекеттердің туристік
компанияларында орын алды. Мысалға Түркия, Анталия, БАӘ елдеріндегі
демалыс орындарындағы халал қонақ үйлерде спирттік өнімдер сатылмайды.
Сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге арналған бассейндер мен спа қызмет көрсету
орталықтары бар. Қонақ үйлерде арнайы намаз оқитын бөлмелердің де бар екені
айтпасада түсінікті. Саяхаттағанды жақсы көретін мұсылман туристер үшін
шариат заңдарына сәйкес келетін демалыс орнын табу әрине қиындық туғызатыны
сөзсіз. Алайда аталмыш проблема төнірегінде көп елдерде оңтайлы шешімнің
орын алғаны қуантарлық жәйт. Ал біздің Қазақстанда осы жағдай қалай көрініс
тапқан дегенге келетін болсақ. Мысалы, Елордада халал коммитеттің арнайы
сертификатын иеленген не бары 2 қонақ үй халал қызметін көрсетеді. Бұл
әлемге есігін айқара ашқан Қазақстанның басқа қалаларын айтпағанда ең басты
саяси-экономикалық, стратегиялық орталығы Астана қаласындағы жағдай. Ал
Қазақстан сыртан келген мұсылман бауырларына оңтайлы атмосфераны тудыра ала
ма? Мысалға көптеген мемлекеттердің демалыс орындары мұсылман елдерінен
келетін саяхатшылар үшін халал қызмет көрсетудін қамын ойластырылып қойған.
Тіпті халал туристік бағытта қызмет көрсететін компаниялардың
тікұшақтарында халал ас ұсынылып, ішімдік берілмейді. Ең қызығы намаз
уақыты келгенде арнай хабарлап тұрады екен. Сонымен қатар, борттағылардың
көңілін аулау үшін көрсетілетін кино, клип т.б. орнына діни бағдарламалар
көрсетіледі. Ал, біздің мемлекетте бұл үрдістің деңгейі қандай деген сауал
туады? Әрине, Қазақстан халал стандартқа енді араласа бастаған тұста кемшін
тұстардың да орын алатыны сөзсіз. Жоғарыда атап өткендей бір Астананың
өзінде тек екі қонақ үй ғана халал стандартқа сай қызмет көрсетеді. Сондай-
ақ, саяхатшыларды тасымалдайтын Эйр Астана сынды тасымалдау компаниясының
тік ұшақтарында халал ас ұсынылады. Алайда, кейбір шетелдік
компаниялардағы секілді үрдістердің көлеңкесі көрінбейді.
Индустрия саласы бойынша тұтынушыларға бизнестік ақпарат беретін
провайдер Euro Monitor- дың болжамына сүйенетін болсақ, халал туризмді
пайдаланатын қызмет көрсету орталықтары тұтынушылардың жартысынан көбін
өздеріне қаратып, кәсіптерінің жемісті болуларына септігін тигізетінін
айтқан. Сайып келгенде халал туризм ақша табудың жаңа стратегиясына ойысып,
пайда табудың ең басты көздерінің біріне айналды. Оған дәлел ретінде
Emirates Investment Group инвестициялық топтың алдағы уақытта белгілеген
жоспарынан көруге болады. Аталған компания 2013 жылы Египет, БАӘ, Малайзия,
АҚШ, Еуропа елдері мен Қытай жерінде өздерінің 150 шақты қонақ үйлерін
салуды басты назарға алып отыр. Ал, Radisson Blu және Park Inn сеть
қонақ үйлерінің иесі Rezidor Hotel Group компаниясының жүргізген зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде жақын 10 жылдың ішінде шариғат заңдары бойынша
қызмет көрсететін қонақ үйлерге деген сұраныс жыл сайын 20 пайызға өсетін
болады деп болжам жасаған.
Кезінде Жібек жолы кесіп өткен қазақ жерінің де көрікті орталықтары бар
екенін ескерсек, біздің елде де халал туристік индустрияны дамытудағы
мүмкіндіктер бар екенін айта кеткеніміз жөн. Осыдан келіп Қазақстандағы
қонақ үйлерде де қызмет көрсету жүйесі мұсылман елдеріндегідей деңгейде
болмаса да, бір адым жақын болса деген мүдде пайда болады. Қазақ жерінің
көрікті орындарында халал туризмге сай қызмет көрсетілсе, демалушылардың
саны артары сөзсіз. Бүгінгі таңда Түрген маңындағы фарель шаруашылығында
халал тағамдар беріледі. Негізінен қазақ жерінде демалыс орындары еліміздің
түпкір-түпкірінен келушілерді ғана топтастырып қоймай, шетелдік
туристердің санын бірнеше есе еселеулеріне мүмкіндіктері ұшан-теңіз. Тек
оған жету үшін индустриялық жаңа үрдістерді бойына сіңірген саяси сауатты
саяхатшылардың сұранысына лайық қызмет көрсететін орталықтарды жетелеп алып
кететін жетекші топтың жетпей тұрғаны айқын сезіледі. Туризмді көркейтудің
бір жолы – һалал өнімдерін дайындайтын мейрамханаларды көбейту. Тайланд
мұсылмандары орталығы комитетінде туризмді дамыту үшін һалал өнімдерінен
тағам дайындайтын мейрамханаларды көбейту керектігі жайында талқылады.
Үстіміздегі жылдың сәуірде Тайландта жиын өтіп, оған Тайланд туризм
ұйымының өкілдері және осы елдің мұсылмандар комитеті қатынасты. Жиында
Тайланд туризмді дамыту бөлімінің міндетін атқарушы Сувит Иадмани Тайланд
еліне келетін туристердің көп бөлігі мұсылман екендігін, соған байланысты
осы елде һалал өнімдерінен тағам әзірлейтін мейрамханалар мен кафелердің
санын көбейту керектігін айтты. Тайланд мұсылмандар комитетінің хабарлауы
бойынша, қазіргі кезде 78 һалал мейрамханалары осы елдің 21 бөлігінде, яғни
Бангкок, Чианг Май, Чианг Рай, Транг, Трат, Тани, Панг, Паттайя, Хан,
Пхукет, Тани, Чаам, Чайнат, Чайя және тағы басқа қалаларда тіркеуден өткен.
[3]
Діни құрылым. Қай дін болмасын өзінің діни сана-сезімнің бірлігін,
діни ұйымдарын ұсынады. Діни сананың екі дәрежесі: адамның діни доктринасы
және діни психологиясы. Дін ғұрыптары адамдардың жоғары күш иесімен
байланысын, мерекелерін, дәстүрлерін, зиярат етуімен көрсетеді. Дін
ғұрыптарында табыну қызмет объектісі жоғары күшпен байланыс болса, табыну
субъектісі діни топтар немесе жеке адамдар болып табылады. Табыну құралдары
ретінде мешітер, шіркеулер, әр түрлі табынатын орындар. Табыну қызметінің
тәсілдері –анықталған жүйе және қоғам дәрежесінде діни шаралардың
жүйелілігі және адам топтары, жанұя немесе жеке адамның мешіт, шіркеулерде,
табыну орындарында өткізу. Тәсілдер адамдардың сана-сезіміне байланысты
болып келеді.
Дін ұйымдар -өте күрделі құрылым. Олар ел ішінде басым жағдай және қосымша
рөлге ие болуы мүмкін немес мүлдем шеттетіліп, қудалауға ұшырауы мүмкін.
Діни ұйымдар уақыт өте келе дербес болып рәсімделуі немесе бірігуі мүмкін.
Мешіт –қасиетті де киелі орын. Мешіт Ислам дініндегі мұсылмандардың Аллаға
құлшылық етіп, намаз оқитын қасиетті жері болып есептеледі. Жер жүзінің ең
құрметті жері болып табылатын мешіттер Аллаһтың үйі деп аталады.
Мешітке ғибадат үшін баратын мүмін, Алланың зиаратшысы және қонағы
сияқты. Үй иесі үиіне келген қонақтарына қошемет көрсететіні секілді
мешітке барып жүретін мұсылмандарға да ұлы Алла тағала үлкен сый-сияпат
береді.Әбу Саид Әл-Худрийден Имам Термизи риуаят еткен мына хадисте:
Мешітке баруды дағдыға айналдырған кісіні көрсеңіздер, оның иманды екеніне
куәлік беріңдер. Алла Тағала: Аллаға және Ақірет күніне иман келтірген
пенделер ғана мешіттерді көркейтеді, - делінген.
Мешіт тек қана намаз оқитын жер емес, мұсылмандарды жас, кәрі, бай,
кедей, зиялы, қарапайым демей бір жерге жинап, иықтарын бір-бірінің
иықтарына тигізіп, көңілдерін бір-бірінің көңілдеріне ұштастыратын, дұға
және ғибадаттарын Алладан топталып тілек тілейтін, сәжделердің біріккен,
реніш және қуаныштарын бөлісетін бір қасиетті жер және келген жамағаттарға,
соның ішінде жастарға тәрбиелік мәні зор уағыздар айтылып және түрлі діни
рәсімдер шариғат заңына сай атқарылады. Алла тағаланың жердегі үйі
саналатын мешіттің мұсылмандар өмірінде алатын орны мен оның адамды жан-
жақты тәрбиелеудегі рөлі мәселелері айдарымыздың шымылдығын ашпақ. Кез
келген орынның, ортаның өзіндік әдебі, мәдениеті болатыны белгілі. Тіпті
сол ортаға сай киім үлгілері де қарастырылған. Мәселен, жаттығу залына
классикалық үлгідегі киіммен бару - ақылға сыймайтын дүние. Ал, керісінше,
театрға, өзге де мәдени ошақтарға спорттық киіммен бару тым ерсі көрінеді.
Сол секілді мешіттің де өзіне тән әдебі бар. Мешіт-Алланың жердегі үйі,
егер адам мешітке келуге ниет етсе, біріншіден, жан-тән дене тазылығының,
бой дәретінің болуы шарт. Әйел адамдар бастарына орамал байлап, ұзын етек-
жеңді көйлек киіп, әурет жерлерін көрсетпей, киініп келгендері абзал.
Мешітке қалай болса солай келу мәдениеттілікке жатпайды, дінді
сыйламағандық болып есептеледі. Ал, дінді сыйламау – шариғатқа бой ұсынбау,
бұл Пайғамбарға бой ұсынбау, ақыр аяғы Алладан қорықпағанымыз және
бойұсынбағанымыз болып шығады. Секта (лат. Sequor -еру) –жалпы атауы діни
ілімдер, үстем таптан алыстап кету. Ежелгі сектоларда діни философтар
топтар немесе бірізділік мектептері деп атаған.

2 ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ

2.1 Ислам дінінің қалыптасуы және негізгі ілімдері

Діни туризмде зияраттаушы мұсылман айқын сөйлеп, зиярат жасайды. Әр
мұсылман үшін өмірінде бір рет болсада зияраттап, қажылық сапармен Меккеге
және Мәдинаға бару керек. Мінез ерекшелігі қатты, өткір зияраттаушы
–мұсылманның қажылыққа жылына бір мәрте барғанның өзінде ай күнтізбесі
секілді өзгереді. Бұл қалаларға тек мұсылмандарға ғана баруға рұқсат
етіледі, басқа діндегі экскурсиялық құрамды шектейді. Зиярат туризмі қайтсе
дамиды? Өзге бір жат жұртта болып қайтқан адам сол жақтағы көрген-білгенін
өз еліндегімен еріксіз салыстыра бастайды. Бұл заңды да шығар. Соған
сайсақ, біз көрген-түйгеніміздің бірі ретінде туыс ел – Түркияда зиярат
туризмінің ерекше дамығанын айтар едік. Ол жақта рухани құндылықтарды
көруге туристердің ағылып келетінін жақсы білгендіктен, діни тарихи
орындардың айналасында міндетті түрде сувенирлер сататын сауда орындары,
кішігірім базарлар орналастырылады. Сатушылардан түскен салық сол киелі
жерлерді жөндеу мен көріктендіруге жұмсалады. Бір жағынан, жергілікті
кәсіпкерлер пайда табады, екінші жағынан, тарихи кесенелер өзін-өзі
қаржыландырады. Қысқасы, зиярат туризмі тікелей мемлекеттің
қамқорлығында[4. 585].
Мамандардың пікірінше, шет жұрттан келетіндерді айтпағанда, Қазақстанның
өз ішіндегі саяхат жасаушылардың басым бөлігі діни тарихи орындарға зиярат
жасаушылар көрінеді. Әсіресе, әулие-әмбиелері көп Оңтүстік Қазақстанға,
ондағы Қожа Ахмет Йассауи, Арыстан Баб, Сайрам, Отырар төбе сынды тарихи-
архитектуралық орындарға саяхатшылар көптеп барады екен. Әттеген-айы,
халықаралық туризм орталығы болуға сұранып тұрған осындай киелі
жерлеріміздің қадіріне жете алмай жүргеніміз өкінішті. Дәл мұндай алып
кесенеге барабар тарихи нысан бүкіл Орталық Азия аймағында жоқ. Егер осы
тарихи орын ала тақиялы ағайынның қолында болса, баяғыда-ақ қатырып
реставрациялап, жарнамасын халықаралық деңгейде жалаулатып, Тәж-Махалға
ағылтқандай туристерді қаптатар еді. Сонда ай сайын Тайқазанға қазіргідей
бес миллион емес, елу миллион теңге жайымен түсер еді. Түркияда қабір
басында оралған жасыл сәлде белгісі Пайғамбарымыздың ұрпақтары екенін
білдірсе, ақ сәлде белгісі әулиелердің қабірі, сәлдесіздері әйелдер бейіті
екенін көрсетеді. Біле білсек, о баста Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи
кесенесінің күмбезі жасыл түсті болған, ал өткен ғасыр ортасында аспан
түстес көгілдір түске боялған. Жасыл түс – Исламның түсі, яғни Қожа Ахмет
күмбезінің кезінде жасыл болғаны – оның Пайғамбар ұрпағы екенін дәлелдемей
ме! Қазақ даласында сахабаның бейіті сақталғанын білсе, мұсылман елдерінен
туристердің ағылып келетініне күмәніміз жоқ. Осындай рухани құндылығымыздың
бірі – Үкаша әулиенің ұзындығы 20-25 метрдей кесенесі. Үкаша сахаба
Мұхаммед пайғамбардың жақын серігі болған екен. Пайғамбарымыздың ерекше
белгісі – жауырынының астындағы мөрді сүйгендіктен, Үкашаның денесі атса
оқ, шапса қылыш өтпейтін қасиетке ие болған. Міне, осы сахабаның жатқан
жерінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен Мәдениет министрлігі
бар, арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек емес пе?! Сахабаның
моласы кез келген елде сақталмаған. Ал бізде ол бар. Ендеше, бүгінгі
заманауи талаппен тарихи орнымызды халықаралық деңгейде жақсылап
жарнамалап, шетелдік туристерді тартатын болсақ, одан пайда көрмесек, зиян
шекпейміз ғой [5. 28].
Ислам дінінің қалыптасуы және негізгі ілімдері.
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік
ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып,
шамдасып жатады.
Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл діннің
әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық, жалаңаштық
құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда болады, бұл
дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб қоғамының
жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан, құранның
алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру, тайпа
шонжарларына тиімді болмады.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады.
Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау
процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен
Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни
идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде
таралды. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси
жағдайлар. Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де
өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып,
жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт
талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына
байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар
екенін аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.
Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл
иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби
аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы –
Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим,
Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған
кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер
келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп
отырды. Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып
саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі
қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.
Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі
Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба
мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген
деректі де кездестіреміз. Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де,
мал шаруашылығымен де айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер
шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына
сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның
ыдырауын тездетіп тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Оны
қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни
идеология керек болды. Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты
болды. Жаппай, жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген
өкілі (рассул алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ
еді. Ол өкілдің ролін меккелік орта саудагер Мухаммед атқарды. Құдайдың
пайғамбарлық сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан
шыққан. Ол 610 жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның
серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс
енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа
басшыларының құғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине)
пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап,
мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.
Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл
діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық,
жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда
болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб
қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан,
құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру,
тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1)
Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің
сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен
келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз
құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың Аллаға
тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін
үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін
сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің
мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым
көпшілігіне тарады.
632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634)
басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және
дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің,
Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери
күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар
Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны
жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне
тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен
арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен
Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни
идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.
Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида,
Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия,
Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта
Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан
республикаларында орын алды.
Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:
Ислам – ілім (учение) бағыну, бас ию, нану (покорность)
Мұсылман алланың нағыз – құлы, алланың нағыз құлы
Хиджра – жаңаша мұсылман жыл санауының басы
Алла – күреншит руының жеке құдайы
Күреншит – Мұхаммедтің шыққан руының аты
Политеизм – көп құдайлы дін
Монотеизм – бір құдайлы дін.
Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары.
Ислам діні - әдет-ғұрыпқа, мейрамдарға толы. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары
мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де болады. Ислам дініне
дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат
және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен
тұрады:
1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес
уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл
парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни
уағыз бойынша құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер, яғни
намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана жұмақтың тәрінен
орын алады да, ал оларды орындамағандар тозаққа барады. Дін иелері, молда-
ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің
мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді.
2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб,
Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.
Бес парыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
«Египеттің туризмі»
ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
Діни туризм (2 нұсақасы)
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Театрлы туризм
Моңғолия мемлекеті
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Діни туризм
Пәндер