Зығыр талшығының құрылымы және қасиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ.Зығыр талшыктарының құрылымы, қасиеті және тігін өндірісінде
пайдаланылуы.
1.1Зығырдың жалпы сипаттамасы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Зығыр талшығының құрылымы,
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3.Зығыр бұйымдарының талшықтық
құрамынанықтау ... ... ... ... ... . ... ...
1.4. Зығыр талшығының тігін өндірісіндегі
пайдаланылуы ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Табиғи талшықтарға өсімдік текті, жануар текті және минералды
талшықтар , ал химиялық талшықтарға зауотта өндірілген талшықтар енеді.
Табиғи талшықтарды негізінен өсімдіктен алатын талшықтар
құрайды. Табиғи талшықтардағы өсімдік тектес талшықтарға жататын – зығыр
талшығына тоқталып өтейік.
Адам баласы зығыр талшығын 10 мың жылдан бері пайдаланып
келеді.Сонша жылдан бері адамдар оны өндірудің технологиясын жетілдіруге
ұмтылуда. Сабағының қабығынан жіңішке және өте берік талшық, ал семянынан –
май алынады.
Қазіргі кезде зығыр талшықтарын жеңіл өнеркәсіпте ғана емес,
целлюлоза – қағаздық, медицинада, химияда, қарулы күштерде, автомобильдік
және т. б. өндірістерде қолдануда. Ауылшаруашылығының көптеген салалары
зығырды мол өнім алу үшін және кіріс көзі ретінде қолдануда.
Қазіргі уақытта негізгі зығыр өндіруші елдер: Ресей, Польша,
Франция, Бельгия және Нидерланды. Бұл елдер талшықтардан текстиль
материалдарымен қатар шпагат, брезент, қап және т. б. бұйымдар алады.
Зығыр шөптекті немесе бұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.
Біздің елімізде зығыр негізінен техникалық дақыл ретінде өсіріледі.
Зығырдың көп салалы зығыр және бұйра зығыр секілді түрлері өсіріліп,
өңделіп, қолданысқа түседі. Өндірісте салалы зығырды талшық алу үшін
қолданса, бұйра зығрды майлы дақыл алу үшін қолданылады. Өсімдік сабағынан
алынар зығырдың құндылығы, олардың – төзімді, майысқақ болуында. Сабағының
ұзындығы 90 см. болатын техникалық дақыл зығыр егістік алқабына егілгеннен
кейін он екі (12) аптадан кейін орылады. Зығырдың мақтадан айырмашылығы,
оның төзімділігінде. Зығыр – көп жылдардан бері дүние жүзінің бір бөлшегі
болып келеді.

ІІ. Зығыр талшыктарының құрылымы, қасиеті және тігін өндірісінде
пайдаланылуы.
1.1 Зығырдың жалпы сипаттамасы және түрлері

Текстиль талшықтары мен жіптері барлық текстиль материалдарының негізгі
құрылыс элементі болып табылады.
Талшық деп – жұқа, иілгіш, созылыңқы, берік және өте кіші тік өлшемді
денені айтады. Иірім жіпті өндіруге қолданылатын және одан мата, тоқыма,
тігін маталары мен басқа да текстиль бұйымдарын өндіруге қолданатын
талшықты – текстиль талшығы деп атайды. Одан да өте кіші талшықтарға
бұзылмаусыз бөлінбейтін бірлік талшықты – элементарлы талшық немесе моножіп
деп атайды. Ұзындығы және созылымдылығы бірнеше жүздік метрмен өлшенетін
талшықты текстиль жібі деп атайды. Жіптер бірлік немесе элементарлы және
комплексті немесе филоментті болып бөлінеді. Жасанды және синтетикалық
жіптердің қысқа кесінділерін штапель талшығы деп атайды. Бірнеше
элементарлы талшықтардан тұратын және өте кіші талшықтарға бөлінетін
талшықты техникалық талшық деп атайды. Оған зығыр талшығы және басқалар
жатады.
Зығыр өсімдіктекті немесе бұталар тұқымдасына жататын біржылдық
өсімдік. Негізінен зығыр талшығын өсімдіктің сабағынан алады. Сондықтан
олар құнды, төзімді, майысқақ болады. Зығыр талшықтарының дүние жүзінде 90
түрі бар. Олардың барлығы жылы климаттық жерлерде өседі. Практикалық
тұрғыдан қарағанда ең негізгісі – мәдени зығыр. Зығырдың 3 түрі бар. Олар:

1. Cалалы;
2. Бұйра;
3. Аралық.
Салалық зығыр - сабағының ұзындығы 90 см. болатын жіңішке ұзын
сабан. Бұйра зығыр – бұта тәріздес, олардан май алады. Аралық зығыр –
Бастапқы екеуі арасындағы формалы түрі. Біздің елімізде зығырдың бұйра және
салалы түрін пайдаланады. Зығыр талшығын алу үшін салалы зығыр өсіріледі.
Салалы зығыр 80 – 90 күн ішінде піседі. Зығыр талшығының қабықтарын
тазартады. Олар бір - бірімен өсімдік телімдерімен жабысқан көптеген
қарапайым талшықтардан тұрады. Оның сабағынан текстиль талшықтарын, дәнінен
май өндіру үшін өсіреді. Май алатын зығыр түрлері: Аргентинада, АҚШ –та,
Канадада, Индияда, Ресейде өсіреді.
Зығыр сабағының мүк қабаты 2 түрлі клеткадан орналасқан:
паренхимды және прозенхимды.
Зығырдың паренхимді клеткасы қоректік заттарды ұстанады және
барлық қабық элементтерімен байланысына қызмет етеді.
Ал, прозенхимді клеткасы зығырдың өсімінде маңызды үлкеуі
қабілетін иемденеді, олар сабақтың жанында орналасады және элементарлы
зығыр талшығы болып табылады.
Зығыр талшығының негізгі полимері α – целлюлоза (80%) болып
табылады. Төменгі молекулалық фракциясы - 8.5%, лигнині – 5.2%, майлы
балауыз заттары – 2.7%, ақуызы және күйі – 3.2% құрайды. Сондықтан мақтамен
салыстырғанда зығыр талшығы көп мөлшерде ілеспелі заттарды иеленеді. Талшық
құрамында лигниннің қатысу қаттылық, сынғыштық, күйрегіштік қасиет береді.
Элементарлы зығыр талшығының өсімдік клеткасы жіңішке каналымен ұршық
тәрізді және соңы үшкір болады.
Қабықты талшық. Қабықты талшықтар бірінші, екінші, үшінші
қабырғаларды иеленеді. Бірінші қабырғалы зығыр талшығы фибрилдан тұрады.
Винт сызығы бағыты S, шеңбер осіне 8 - 12֩0 спираль тәрізді қисайып
орналасқан. Екінші қабырғаның қабаты каналға жақын фибриал ылди жерінде
кішірееді және 00 дейін баруы мүмкін. Бұл қабырғада фибрил Z винт сызығымен
орналасқан.Талшықтың қатпарлы қабырғасының құрылымы күнделікті целлюлозаның
бөлініп шығуынан құрылады. Талшық каналы қатал, дөрекі, овальный түрге
жақын, зығыр талшығының ерекше морфологиясы талшық бойынын көлденен штрих
қозғлысы болып табылады, өсуінде сынық іздер немесе бұрылыстарды көрсетеді.
Механикалық өңдеуде канал ені тұрақты. Элементарлы талшықтардың ұзындығы 10-
38 мм, Көлденеңдігі 12-37 мкм, Талшық сабағының орналасу жерне байланысты:
әбден толық және қысқа негізгі сабағында орналасады, ал жоғарғы жағына
қарай жіңішке және ұзын болады. Элементарлы талшықтар бір - біріменен буда
пластина арқылы байланысады. Лингинадан және пектинді заттардан тұрады.
Шоқтарында 45-50 талшық, сабағында 20-25 шоқтар болады.
Бір буда талшық сабақ ұзындығымен ширатылған және бір – бірімен
жан бұтағымен байланысады, сабақта каркас талшығымен түйісе отырып зығырдан
жыйналған бірнші өңделген механикалық процесс, физикалық және химиялық
жадайлар мақсатымен сабақтан бір бума талшық бөледі. Бөлінген талшықтар
еспеге ұшырап, шешімінде ұзын таза комплексті түтілген зығыр талшығын және
қысқа талшық – қалдығын алады. Түтілген зығырдың еспе иірімі үлкен сапалы
тұрмыстық маталар дайындау үшін алады. Қысқа талшық қалдықпен трепанция
кезінде пайда болады, қалдық жіптерді алу үшін немесе мақтатектес зығыр
талшығының – котонина алуда барлық котонизация бума қалдығының ұзындығының
қысқаруымен және элементарлы талшық дәрежесіне дейін бөлінуі. Осы уақытта
көптеген котонизацияның химиялық, механикалық, механихимиялық және
биологиялық түрлері қолданылады. Егер комплексті түтілген зығыр талшығының
ұзындығы 170-250 мм6 көлденеңдігі 150-250 мкм, онда котонизированды талшық
ұзындығы 25-45 мм, жіңішкелілігі 14-150 мкм. Бұл жағдайды мақтамен,
вискозамен, жүнмен және басқада талшықтарға колдануға болады. Техникалық
бағыттағы бұйымды дайындауда басқа да целлюлоза талшықтарының түрлері
қолданылады. Енді, Азия елдерінде тұрмыстық матмларды дайындау үшін рми
талшыіын қолданылады. Ол зығыр талшығының қасиетіне ұқсас.
Табиғи целлюлозалық талшықтың физика – механикалық және
химиялық қасиеттерін химиялық құрамымен және молекулалық құрылымымен
анықтайды. Мақта және зыіыр талшықтарының қасиеті ұқсас, химиялық құрамы
жағынан бірдей, көп ұқсастыққа ие. Сонымен бірге бұл талшықтардың
молекулаішілік құрылымы ерекше қасиет көрсетеді.
Целлюлоза ташығының көп бөлігі жарылған күші және аз жарылған ұзару бар
элементарлы зығыр талшығы иеленеді. Мақтамен салыстырғанда зығыр өте тығыз
және хабардар құрамымен байланысты. Зығыр талшығының комплекстісі
элемнтарлы талшықтан жарылыс күші өте төмен, бірінші құрамында орташа
пластинкада беріктігі аз, элементарлы талшықпен байланысқан.Целлюлозалық
талшықтар 1500 С температура жылуда практика жүзінде өзінің қасиетін
өзгертпейді, 1500 Стемпературадан жоғары болса жай процесс басталады, содан
кейін талшықтың тез бұзылуынан целлюлозаның ыдырауы және көмірленуі
қатысады мақта және зығыр ыстық талшықтарға жатады. Олар жай тұтанады және
тез жануын жалғастырады.Зығыр талшығының қабықты өсімдігінің сабағы тура
иірімге жарамсыз. Қабық байламын бөліп алу үшін өзімен техникалық
талшықтарды көрсетпейтіндей етіп оны алдын ала бірінші өңдеуге салу керек.
Қабықты байлам. Қабықты байламдар мүк паренхимиясының бөлек ұясы түрінде
сабақ айналасыда сақина тәрізді орналасқан. Олар бірлік талшық қатарынан
тұрып, бір-бірімен орташа ластинкаларменбайланысады.Элементар лы талшықтар
толық қабырғалы естілмейтін клеткалары ұшында қалың ұршық тәрізді форма
көрсетеді. Клетканың ішінде тар каналдар бар. Элементарлы талшықтардың
қабықты байламының саны 30-50ге жетеді. Шайқалу ұзындығы 4-70 мм, орташа
ұзындығы 25мм тең, орташа жуандығы 15-17 мк. Сол уақытта мақта талшығы
сияқты орташа жүктің қозғалысының массасы 5 г шамасында бөлінеді.
Элементарлы зығыр талшығының төзімділігі 15 Г құрайды. Оның қабырғаларының
жуандығын және элементарлы талшық түрінде целлюлозаның үлкен
макромолекуласына салады. Қабықты байлам сабақтың барлық ұзындығында
орналасқан және олардың ұзындығы өсімдіктің биіктігіне тең.

1.2 Зығыр талшығының құрылымы және қасиеті.

Зығырдан технологиясы мен өңдеуіне байланысты көптеген мата түрлерін:
тіпті брезенттен бастап жұп-жұқа батистке дейін алуға болады.Дегенмен
зығырды алудың өзінің технологиясы ауыр десек, одан алынатын талшықтар
өте қымбат тұрады, сондықтан да қазіргі күндері зығырдан жасалаған маталар
жоғарғы санатты болып саналады.
Соңғы 20 жыл көлемінде зығыр өндірісі тоқырау кездерін басынан
өткізіп жатыр деп айтсақта болады. Төзім мен , еселі еңбекті талап ететін
жер шаруашылығымен байланысты болғандықтан, басқада осыған ұқсас
салалармен қоса ауыр жағдайда қалып отыр. Көптеген елдерде зығыр өсіруге
арналған жерлердің саны күрт төмендеп кетті, шамамен – 1,5 есе. Бұндай
толғандырар мәселелер ,әсіресе бұрынғы КСРО –ның құрамында болған елдерде
кең ауқымда байқалды, оған қоса 1980 жылдардың өзінде –ақ зығыр
өндірісінің бетке ұстарлары болған Шығыс Еуропа, Аргентина елдері нің
өзінде бұндай қатер байқалды.. Есесіне, бұл шаруашылық түрі Қытайда,
Индияда, және Батыс Еуропада өте жақсы жолға қойылды. Дәл сол кезеңдерде,
зығыр тұқымдарын өсіруді 1980 жылдарға қарағанда, яғни 2,3 млн.т. , 1999
жылы айтарлықтай дәрежеде өсіммен өндірді, 3 млн.т .
Қазіргі уақытта,зығыр өсіруден алғашқы орында Канада елі,
дүниежүзілік тауар айналымы бойынша 35 % зығыр экспорттайды.
Рессейлік сорттар француздардың және белгиялықтардың сорттарына
қарағанда дөрекі , оның үстіне әлсіз болып келеді, сондықтанда олардан
жасалған иірімді көп жағдайда өте бір төзімді емсе жіне өте жұқа болып
келеді.
Рессейліктер зығырдың 3 түрін өсіреді: салалық, бұйра және аралық
түрлерін өсіреді. Осылардың ішінде ең ұзын иірімді беретін салалық зығыр -
120 см.
Зығырдың сабағының жоғарғы ұшы бірнеще бұтақшалармен жалғасады, ал оларда
көп жағдайда көгілдір түсті гулдері болады,кейбір жағдайда сары , қызғылт
түсті де болады. Гулдер отырғызылғаннан кейін 1,5 – 2 айдан кейін пайда
болады. Содан соң олардың орнына тұқымдық қорапшалар өсіп шығады да олар
баяулап сарғая бастайды, бұнымен қоса зығырдың сабағы да сарғайып
жапырақтары түсе бастайды. Бұл кезеңді - ерте сарғаю деп атайды. Және дәл
осы кезеңде талшық жасауға арналған зығыр тұқымдарын жинап алады.Егер бұл
кезеңді кешіктіріп немесе өткізіп алса талшықтар ағаштың қасиетіне ұқсап
қатты және сынғыш болып кетеді.

Зығыр талшықтарын тұқымдық қорапшадан шығарып алу өте қиын, себебі
мақта сияқты сабақтары өзара және ағаштық бөлігімен де өте қатты жабысып
қалған. Дегенмен зығырды өңдеу технологиясы сол өалпы дәстүрлі түрде қалып
отыр. Бұған себеп болған зығырдың сабақтарының структурасы мен физика -
математикалық, және химиялық қасиеттері.

Суретте зығыр сабағын бөліп, кесілген түрі көрсетілген. Оның қабығының
астында астары бар екенін көруге болады.
Зығырдың элементарлы талшықтары деп – веретне тектес формалы, жуан
қабырғалы жіне жіңішке каналды бір өскіш клетканы айтамыз. Талшықтың ұшы
өте өткір ал канал тұйықталады. Ұзындығы 10-26 мм.
Зығырдың техникалық талшықтары деп - 15-30 шт элементарлы талшықтардан
құралған және бір бумаға қосылған. Зығырдың бір сабағында 25-30 техникалық
талшық болады. Ұзындығы: 170-250 мм.
Талшықттарыдың сыртқы түрі: тегіс, ұзын, тік, ашық сұрдан бастап қанық
сұрға дейін түс ауыстырады және тегіс болғандықтан жылтырлайды.
Жанғандағы ерекшеліктері: жалыны сары,толық жанып кетеді, күлі сұр,
иісі жандырылған қағазға ұқсайды. Жанудағы ерекшеліктері мақта сияқты,
себебі зығыр мақта ие болатын дәл сондай химиялық қасиеттерге ие.
Химиялық құрамы: 80% целлюлоза және 20 % қоспалар: майдың, бояғыш,және
минералды жоғары молеклалы лигниндер.Лигниннің арқасында талшықтар қатты
қасиетке ие болады. Зығыр талшықтары 5 % лигниннен тұрады,бұл көрсеткіш
мақтаға қарғанда зығып талшықтарының қаттылығы байқалады.
Элементарлы талшықтардың төзімділігі бөлшетерге түсетін нагрузкамен
түсіндіріледі,мысалы элементарлы талшықтарда мәні 0,98 – 24,52 сН тең, бұл
дегеніміз мақтанын төзімділігінен 3-5 есе асып түседі деген сөз.
Зығырдың гигроскопиясы қалыпты жағдайда 12 % тең. Зығыр ылғалды өте тез
шығарып және өте тез сіңіріп алады.
Ылғал жағдайдағы төзімділігінің өзгеруі. Судың әсер етуінен
элементарлы талшықтардың төзімділігі ұлғаяды, ал техникалық талшықтардың
төзімділігі кішірейеді, себебі: бөлек-бөлек бумалардың арасындағы байланыс
әлсірейді.
Химиялық реагенттердің талшықтарға әсері. Тұз қышқылы мен күкірт
қышқылының ерітіндісінде қыздыру жағдайында ериді. Азот қышқылында салқын
күйінде де ери береді. Сілтілердің қатысында ерімейді. Әлсіз қышқылдың
қатысында қыздырса пектинді заттардың еруі жүреді.Бұндай процессте
талшықтар ашық түсті,жұмсақ, және әрі техникалық талшықтардың төзімділігін
әлсіретеді. Зығыр талшықтары маұта талшықтарының боялуына қарағанда қиын
боялады.Бұл құбылыс:табиғи бояудың қарқынды ндылығына және жуан қабырғасы
және тар каналдары бар структурасының ерекшелігіне байланысты.
Тікелей күн сәулелерінің әсері. Үздіксіз күн сәулеснің түсуінде
төзімділік 50 % әлсірейді.Мақтаға қарағандағы зығырдың жарққы төзімділігі
жоғары.
Элементарлы зығыр талшығы негізінен α-целлюлозадан тұрады ал орташа
пластинкалары – пектинді заттардан, кейбір пластинкаларында лигнин бар,
микраскоппен қарағанда лигнин флороглюцинің боялғынын және тұз қышқылының
көлденең кесілгендігі көрінеді.
Лигнин аз мөлшерде болса да зығыр талшығында болады. Сабақтың ішкі
жағында орналасқан. Талшықты және сабақты микрохимиялық реакциялар мен
илюминесцнтті анализ қатарын зерттеу жолыменкөлденең кесу енгізілген.
Элементарлы зығыр талшығының жоғарғы жүктерінің құрылымы өте характерлі
қозғалыс немесе жарылу. Бұл қабықты байламдар өндірістік процеске ұшырайтын
қозғалыстар көп санды деформацияның нәтижесінде зығыр сабағының алыну
кезімен басталуы болып табылады.
Мыс-аммиакты еріткіште элементарлы зығыр талшығы формаға келеді,
сол уақытта мақта талшығы сияқты тез өзгереді. Зығыр талшығы мыс-аммиакты
еріткіште ісінеді, мақтамен салыстырғанда, ұзындығы бойынша жеткілікті
біркелкі, ішкі каналын иіріп бірен-саран ширату жіпті алады. Мыс-аммиакты
еріткіштегі созылу қозғалысы еріткішке өтіп, соның ішінде мүк қалдықтарының
жүзіп жүргенін байқауға болады. Оның іші ақуыздық заттардан тұрады. Мыс-
аммиакты ерітіндіде қозғалыс қиын беріледі. Зығыр талшығында 80 %
целлюлозада, 20% қоспа, яғни майлы,балауыз тектес, бояғыш, минералды
заттар лигнин (клетканың қатаюна қажет зат). Лигнин талшықтарға қаттылық
береді. Зығыр талшығында 5 % лигнин бар, мақтаға қарағанда зығырдың
қаттылығы сондықтан. Зығырдың қарапайым талшықтарының жуандығы мақта
талшықтарінікідей, ұзындығы 15 - 26 мм.
Техникалық талшықтарының жуандығы қарапайым талшықтардың
жуандығына және олардың бір шоқтағы санына байланысты. Жіп иіруге
қолданылатын техникалық талшықтардың орташша ұзындығы 35 - 90см. Қарапайым
талшықтардың мықтылығы 0,98 - 24,52 cН – ге тең үзу күшімен спатталады,
яғни зығыр талшығы мақта талшығынан 3 – 5 есе мықты.
Физико – химиялық қасиеттері жағынан зығыр мақтаға жақын. Қалыпты жағдайда
зығырдың гигроскопиялығы 12 % - ке тең, ылғалды тез сіңіріп шығарады.
Зығырдың бір ерекшелігі оның жылу өткізгіштігі, сондықтан ол қолға әрқашан
салқын болып сезіледі. Зығырдың гигроскопиялық қасиеті ылғалды бойына тез
тартып, тез шығарады
Зығыр талшығында 20% шамасында қабық талшығы бар. Олар байламдарын
биологиялық жолмен сабақтан бөледі, мирооганизмдердің қоз.алысына
ұшырайды.Сол үшін құрғақ сабақтар немесе жайылымда жайылады (зығыр-төсем),
суға сулау (салұын немесе жылы зығырды жібіту). Осы өңдеу нәтижесінде
пектинді заттар таралады, жабысқақ қабықты талшықтар басқада сабақтардың
бөлігімен, байламдар жаңіл бөлінеді, кезекті өңдеуде жұмсартатын эәне
түтетін машиналар қолданылады. Сол кезде егер сабақтар жеткіліксіз болса
биохимиялық өңдеумен қопсытқанда ағаш механикалық операция кезінде қабықты
байлам жаман бөлінеді. Сонымен қатар биохимиялық қозғалыспен пластинаны
әлсіретуге болады. Элементарлы талшықтар бір-бірімен байланысқан. Онда
техникалық талшықтар элементарлы талшықтаға ыдырайды және мақтатектес зығыр
талшығы алынады.
Мақта тектес талшықтарды кей кезде мақтамен араластырып мата
дайындау үшін қолданылады. Бірақтан оны құнды техникалық талшықтың
биохимиялығының бұзылуымен алмайды, ол қолайсыз. Зығырды бірінші өңдеудің
жүрісінен қабықты талшықтың кейбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және синтетикалық талшықтар
Ұлтарақтарға арналған табиғи талшықтардан жасалған беймата материалдарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеу
Зығыр талшығының жалпы сипаттамасы
Технологиялык, селекциялық-тұқым асылдандыру жұмыстары, жүн, қой етін, қзаракөл елтірісін, қой терісін өндіру жайлы мәселелер
ЗЫҒЫР ТАЛШЫҚТЫ МАТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Тоқыма талшықтары
Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ МАҚТА МАҚТАСЫ
Пәндер