Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Жоспар
Кіріспе 3
1 Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама 4
1,1 Информатитка пәнін деңгейлеп саралап оқыту 7
1.2 Деңгейлеп саралап оқытуда Ж. Қараевтың әдістемесін қолдану 9
1.3 Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі 11
1.4 Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды
жүйелеу 14
2 Информатика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану 17
2.1 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына жасалған сабақ жоспары 17
2.2 Деңгейлік тапсырмалар 24
Қорытынды 28
Әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың
ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге
тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп
отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың
бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар
үшін компьютерлік сауаттылық дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза
білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім
саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда
жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық
өзгерістерге де елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол
Республикалық мұғалімдер съезінде: ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі
болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының
интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен
жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады, -
деген болатын.
Сабақ жүргізудің ең басты және аса күрделі мәселерінің бірі – сабақ
үстінде оқушылардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес
оқушыларды әр деңгейлі дифференциалды оқытуға баулу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Информатика пәнін оқытуда мұғалім
балалардың ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу
дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді
түрлерін кеңінен қолданудың маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: Баланың тұлғалық дамуына бағытталған
деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын информатика сабағында қолдану және
тиімділігіне көз жеткізу.
1 Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы,
элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму
9ғымы философиялық сөздікте мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем
шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, - деп түсіндіріледі. Барлық
табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен
дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша баланың даму процесіне үш түрлі күш
пен үш түрлі фактор әсер етеді деп дәлелдейді. Олар:
1) Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір
сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның
барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организімінің
ортамен қарым- қатынасының нәтижесі.
2) Әлеуметгік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен
адамдардың ортасы. Сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың
сипаттары мінез-құлықтары, ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен
пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, яғни бала өсіп
дамитын рухани орта.
3) Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш
болып саналады. Оқитын пән қандай да жана, бағалы болмасын,
мүғалім шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз
белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте болатын әрекетке
қатынасуы күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы, жеке бас
ретінде қалыптасуы белсенділік аркдаы жүзеге асады.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас болып табылады.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы емес, танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқытуды баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім
алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктен тұрады:
1) Оқу мақсаттарының қойылуы;
2) Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
3) Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқтала
кетейік. Жүйедегі айрықша ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта оқыту.
Бұл қағида баланың киын тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің
бар екеніне көз жеткізеді. Дамыта оқыту жүйесінің принциптерінің бірі-
теориялық білімнің жетекші рөлі. Бұл принципті оқыту барысында қарапайым
бакылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір зандылықтарына көздерін жеткізу,
қорытынды жасауға дағдыландыру.
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі - салыстыру
әдісі. Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын
оңай, көрнекі етіп ұсынуына болады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыра
отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын
белгілерін анықтауға үйренеді. Оқушының байқампаздығы артады. Оқушы
салыстыра отырып бұрынға өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы
логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді.
Дамыта окыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі - сынып оқушыларын
жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жағдай туғызуды мақсат тұту. Нашар оқушының да өз шамасы
келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы
ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі,
жаңылуы мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлық,
байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара
сыйластық, түсіністік сияқты қарым-қатынас қалыптасады. Окушының әрбір
жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, катесі еппен түзетіліп отырылады.
Оқушыны бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу
оның дамуына орасан зор әсер етеді.
Ендігі тоқталатын ерекшелік – мұғалім жұмысының нәтижел ілігі.
Сабақтардың нәтижелігінің басты көрсеткіші болып ойлай, пайымдай, нақтылай,
жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер оқушылар осы аталған ой
операцияларын орындай алса, онда мұғалім нәтижелі еңбектенген болып
саналады.
Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол
технологиялар оқушыға қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігін береді. Қарым-қатынастар жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды
жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау сияқты кезендерден тұрады.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге б айланысты
байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын
білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын артты ру,
өздігінен ойлау қабілетін жандандыр у, еңбек етуге баулу, жауапкершілік
сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология
тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал
педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен
құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің
талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт
деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік тапсырмаларға
төмендегідей талаптар қойылады:
- жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы
білім деңгейі бір топта);
- жынысы бойынша (бір мектептен, мектеп, сынып, әйел, ер, аралас);
- ақыл-ой даму деңгейі бойынша (ойлау қабілеті, темпераменті, мінез-
құлық);
- денсаулық деңгейі бойынша (жалпы топ, денсаулығы нашарлар, көз
көрмеу, құлағының естімеуі және т.б.)
Деңгейлік оқыту мақсаты - әр сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне сай жалпы білім беру.
- дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең
дәрежеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушыларға
білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады.
- мұғалімнің білімі нашар оқушыларға көмектесу қабілеті жоғарыларға
ерекше назар аударуға мүмкіндігі болады.
- оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі
болады.
- Мен тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік, білімділігін
тереңдетеді, сенімі бекиді, білімі нашарлардың өзіне сенімі пайда болады.
- оқуға қызығушылық пайда болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай
ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін
жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау
әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім
арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл
технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. Мұнда оқушының
шығармашылық білігі қалыптасады.
Оқушылардың жеке білімдерін анықтау және бағалау тұрғысында олармен
деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуді дұрыс деп ойлаймыз. Ондағы
басты мақсат өздігінен ізденуге ұмтылатын оқушыларды даярлау. Сондай-ақ
оның бір ерекшелігі жаңа технология бойынша өздерінің білімдерін оқушылар
жаңа әдіспен бағалай алуында. Деңгейлік тапсырмаларын өткен тақырыптарды
қайталау, оқушылардың білімдерін тексеру үшін пайдаланған дұрыс.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени
дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат
дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың
бірлесе отырып атқарар ісі.
1,1 Информатитка пәнін деңгейлеп саралап оқыту
Оқыту деп аға ұрпақтың білімін, біліктілігін, жинақталған
тәжірибелерін, үйрету шеберлігін жас жеткіншектерге беру процесін айтамыз.
Бұл тұтас процестің құрамына мақсаты, мазмұны, жаңа технологиялық
әдістемелер жеткізу құралдары кіреді.
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, оқу құралы
ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқ үрдісін
даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік іс
әрекетін қалыптастыру бағыттау – білім беруде жекеше оқытуды дамыту және
пәндердің бір – бірімен байланысын көздейді.
Мұғалім жұмысында оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық негізі
етіп деңгейлік саралауды алады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының
белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Жаңа технологиясына
сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан
бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп
отырады. Сабақтың ерекшелігі әрі оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл
– оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ж.А.Қараев оқушыларға оқу материалын меңгерту деңгейін 4 түрге
бөледі:
1) Репродуктивтік деңгей
Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне
және оқулықта бар мәселерге байланысты құрылады.
2) Алгоритмдік деңгей
Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты
пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3) Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ізденіп, қосмша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей
Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Сурет 1. Оқушылардың оқу материалын меңгерту деңгейлері
Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің информатитка бойынша білім
сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар:
- біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді,
әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды.
- екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде
жұмыс жүргізеді
- үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі
бағалайды. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы,
шығармашылығы дамиды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материялын меңгеруін қамтамасыз етуі.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана
отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін
аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш
деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималдық базалық),
бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі
шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы
тиімді де нәтитжелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психологиялық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау,қабілетіннің ерешелі,
өзінің эмоциясын басқара білуіне);
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімімен іс- әрекет
тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
1.2 Деңгейлеп саралап оқытуда Ж. Қараевтың әдістемесін қолдану
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет -
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының
өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық
педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді
пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру
бүгінгі жоғары және орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен
әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз
оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта
оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең
негізділерінің бірі - жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.
Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат
құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі
профессор Ж. Қараевты деңгейлеп оқыту технологиясы.
Бұл технология оқушының ой-өрісінің да дамуына, пәнге деген
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік
тапсырмалар - дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,
өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін,
дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын
әлемдік өркениетке көтерілетін білі мді де мәдениетті, парасатты азамат
тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ
ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы
білім беру ісі - бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім
берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі -
математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту. Оны
меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына
көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдым ен жете меңгеріп, одан
соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне
қарай таңдап пайдаланудың маңызы зо р.
Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет
анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны
өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының
бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану керек. Деңгейлеп
оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін
күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл
бөлу:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, оқытудағы проблема оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға
тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік
тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының
ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының
дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін
арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Қараев оқушылардың оқу
деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше
жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа
технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап
оқыту әдісін пайдалану тиімді. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік
ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін
тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе
арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп,
саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы
сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік
тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық
оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы
тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беру керек. Мұндағы ең басты мақсатым
мынау: 1) оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді.
2) әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды,
олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын
арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді
жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы
белсендігін оятады. 2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп,
жауапкершілігі артады. Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық
технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр
түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған
жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби
мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
1.3 Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі
XXI ғасырдың өзі адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға
өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты алу кдбілетгілігі оны
жөндеу күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады. Сонлы жыддарда пайда болған жаңа программалардың ықпалымен
қазіргі кезенде көптеген адамдар үшін кәсіптік акпараттық технологиялармен
жұмыс істеп үйрену аса қажет.
Информатиканың орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің,
ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және
жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметінің басты құрамдас бөлігі болып
табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы,
сондай-ақ оның әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін
қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде Информатика
пәнін оқытуда қалыптасқан екі үлкен үрдіс бар.
Адам қызметіне тек ақпараттарды түрлендірумен байланыстырылатын,
білімді ақпаратқа толығымен айналдыруды ұсынатын технократтық тәсілмен
сипатталады. Мұнда информатика ақпараттарды жинақтау,
өңдеу, сақтау әдістері туралы пән ретінде қарастырылады.
Ақпараттық біліктердің білімге айналуымен сипатталады. Бұл әлемнің
жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардын шығармашылық қабілеттері және
құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды
көздейтін, адамның дүниетанымын құрамды қалыптастырудың қажетті жолы.
Аталған екі үрдістен бөлек информатиканы басқа пәндердің ішінде
интеграциялық мазмұнымен ерекшелейтін аралық үрдіс бар. Бұл бағыттың
болашағы зор, өйткені информатиканың мұндай синтездеуші мазмұнын оқушыларды
акдаратгы қоғамда өмір сүре білуге жан-жакты дайындап, олардың өзіңдік
танымдық кабілетгерін дамытуға жағдай жасайды.
Информатиканы дамыта оқытудың мақсаты: жеке тұлғаның өзіне, қоғамға
қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-
өзі дамытуға жағдай жасау. Бұдан туындайтын негізгі мақсатымыз оқушыларға
ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту.
Оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны
іске асыру құралы ретінде пайдалану.
Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: Оқушының шығармашылық жеке
тұлғасын қалыптастыруға және тұлғасын ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын
дамытуға бағытталған.
Практикалық мақсаты: оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа
пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны акпараттық
қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиеті және
жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Оқушылардың білімі мен білімділігін зерттеу нәтижесінде оқушылардың
көпшілігінің қажетті мөлшердегі білім көлемін меңгермейтіндігін көрсетті.
Оқытудың әртүрлі сатыларында курсты оқудың келесі сатыларында және басқа
пәндерді оқу барысында қажет болатын білімді меңгермей қалады. Ал, мұндай
оқушылар саны сыныптан сыныпқа өткен сайын көбейе береді.
Информатиканы оқытудың мақсаты, ол бір ғана оқытудың міндетті нәтижесіне
жету емес, сонымен қоса информатикадан әрбір оқушының іскерлігі,
мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты
элементтерінің бірі - ол нәтижеге жетуге ынталандыру. Ол міндет оқушыларды
дамыта оқыту.
Дамыта оқыту технологиясының дұрыс жобалау үшін міндетті түрде мынадай
бес элементті қамту керек.
Мақсат қою. Мұғалім курстың, тараудың тақырыптың көлемінде оқу
үрдісінің шағын мақсаттарын анықтайды.
Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз деңгейлік оқытуға
бағытталған өздік жұмыс. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын
жұмыстары, яғни деңгейлік мөлшерде сараланып жазылған тапсырмалар жиынтығы.
Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму
аймағын анықтайды.
Түзету. Мұнда мынадай үш жағдайды негізге аламын:
-қарастырып отырған сұрақтарға мүмкін болатын қиындықтар;
-оқушылардың көп жіберетін қателері;
-оқушыны оқу стандарты деңгейіне көтерудің шаралары.
Сабақтың негізгі және көмекші құралдарын құрастыру өзара байланыста
болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту
барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбегін анықтау қажет. Мұнда
көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау
тақырыптары жаңа ұғымды ілгеріде өткен үғымдармен байланыстыру үшін қажет.
Сыныптағы оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің
логикалық құрамына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу
мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Информатиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программасын
материалды оқып үйренуі олардың алдыңғы сабақтарда оқып үйренгенде
қабылдаған берік білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына, сонымен бірге
осы пәнді оқудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.
Барлық сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде информатиканы сүйіп
оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар бар. Оларды
жеңіл бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір
ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар,
міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет. Оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту, кітапқа, оқуға, білімге алуға деген
құмарлықтарын арттыру. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын,
қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнда
есептерді шығаруға, есептің шартын құра білуге калыптастырады. Бір есептің
бірнеше шешімін табуға жетелейді.
Әр сабақтың құрылымын оқушыларға тиімді, қызықты, түсінікті етіп құру
мұғалімнің іскерлілігіне байланысты. Ұлы орыс жазушысы Лев Толстой мынадай
сөзі еске түседі.
Мұғалімге неғұрлым қиын болса, оқушыларға соғұрлым жеңіл.
Информатика пәні қазіргі кезде балаларды қатты қызықтыратын пән.
Компьютермен ойын ойнаумен ғана шектелгісі келетін оқушыларға қолданбалы
программаларды, программалау тілдерін қызыға отырып үйрету үшін, сабақ
күрылымын жаңа технологияларды:
1) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz