Технологияның мәндік сипаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Информатика пәнін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2.Информатиканы оқытудың теориясы мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 11

3.Технологияның мәндік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.14

4.Информатика пәнін оқытудағы дидактикалық
принциптер ... ... ... ... ... ... . 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі
бағыт құрайды; білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру.
Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты
саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса
көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын
сабақтары және т.б. болып табылады).
Қазіргі кезде оқытуды компьютерлендіру компьютерге берілетін іс-
әрекеттер тұрғысынан қарастырыла бастады (Н.Ф.Талызина, Т.В.Гадай т.б.).
Оқу процесінде компьютер зеріттеудің объектісі де, оқытудың құралы да бола
алады, яғни оқытуды компьютерлендірудің екі бағыты болуы мүмкін.
Біріншіден, білім, іскерлік және дағдыны меңгеру компьютердің
мүмкіндіктерін танып- білуге, сонымен бірге оны әр түрлі тапсырмалардың
шешімін іздестіруде пайдалануға, басқаша айтқанда, компьютерлік
сауаттылықты меңгеруге бағыттайды. Екіншіден, компьютерді оқытудың
пәрменділігін атқарудың қуатты құралы болып табылады.
Компьютерді оқыту процесінде пайдалану идеясы оқытуды бағдарламалау
тұжырымдамасы аясында пайда болады. Б.Ф. Скиннер жасап шығарған оқытуды
бағдарламалау тұжырымдамасының ең басты элементі болып – дидактикалық
машинаның немесе бағдарламаланған оқулықтың көмегімен берілетін
тапсырмалардың жүйелі бірізділіктегі бағдарламасы саналады. Оқытудың
сипатына және шамамен берілетін жауаптарға байланысты тікелей,
тармақталған, аралас бағдарламаларды бір – бірінен ажыратып таниды.
Бағдарламаланған оқыту дидактикалық техналогия деп аталатын оқытудың
жаңа техналогиясының негізгі ретінде қабылдана бастайды. Компьютердің
басымдылығы ең алдымен оқытуды дербестендірудің мүмкіндіктерін кеңейту
тұрғысында қарастырылады. Алғашқы оқыту жүйелері өзінің дидактикалық
мүмкіндіктері бойынша бұрынғы оқыту әрекетінде пайдаланған оқытудың
қарапайым техникалық құралдарынан онша ерекшелене қойған жоқ. Әйтседе,
осындай алғашқы жасалымдар компьютерді оқытуға деген қызығушылықты оятып,
компьютерді оқыту жүйелерін жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсті.
Кейінгі уақытта көптеген авторлар, ( С.И. Архангельский, Б.Ф. Ломов,
Б.С.Гершунский, Е.И. Машбиц және т.б). оқыту процесін оңтайландыру
мәселелерін компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланыстырады. Бұл
жұыстарды ЭЕМ-ді оқыту процесінде практика жүзінде пайдаланудың мол
тәжірбиесі жинақталған және оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің әртүрлі
кезеңдерінде компьютерді пайдаланудың іргелі психологиялық- педагогикалық
негіздері көрініс алған.
Бірқатар жұмыстарда ( В.П. Беспалько, В.И. Бололюбов, И. Марев. Г.К.
Селевко, И.И. Ильясов және т.б. ) педагогикалық технологияның маңызы
белгілері атап көрсетілген, солардың ішінде диагностикалық мақсаты білім
беру, оқыту ісіндегі жүйелік, нәтижелік, тұтастылық, басқарушылық,
өнімділік, жобалаушылық, көрнекілік (әртүрлі аудиовизуалдық, компьютерлік
техникаларды қолдану, түрлі дидактикалқ материалдар мен көрнекілік
құралдарды құрастыру және пайдалану , үнемділік (мұғалімнің еңбегін
оңтайландыру, қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізу сияқты технология
сапасын көрсететін белсенді түрде үзіліссіз болып отыратын кері
байланыстың мүмкіндігін және т.б. ) аса мән беріледі.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдау авторлардың көпшілігі компьютердің
оқыту процесіндегі педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғарғы екендігін
көрсетеді. Әйтседе, компьютерді пайдалану тиімді болады сол кезде, егер
педагогикалық бағдарламалық құралдар жасау барысында құрастырушылар
компьютермен оқушының өзара әрекеттегі дидактикалық және психалогиялық
принциптерін ескергенде. Білімді технологияландырудың теориялық негіздері
ғылыми әдебиеттерге кейінгі жылдары ғана айқындала бастаған педагогикалық
жобалаумен үзіліссіз байланыста болып отыр. Компьютерлік технология
бағдарламалық Оқыту идеяларын дамытады, қазіргі заман компьютерлері мен
телекомуникацияларының ерекше мүмкіндіктермен байланысты әлі зерттеле
қоймаған оқытудың жаңа технологиялық үлгілерін ашып береді.

1. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі жағдайда компьютерлік технология адамзат тіршілігінің барлық
бағытына енген, олар біздің де зерттеуімізге аса қызығушылық туындатады.
Компьютерлік техналогия деп қазіргі есептеу техникасы мен бағдарламалық
тұрғыда қамтамасыздандыратын құралдарды пайдалану арқылы адамзат
әрекетінің барлық түріндегі ақпаратты өңдеуге байланысты жобаланып,
жасалған процесті жүйелі бірізділікті қолдануды айтады.
Компьютерлік технологияның даму деңгейі, ең алдымен, тез жаңаруға,
жетілдіруге бағытталған ақпараттық және бағдарламалық құралдардың
жағдайымен анықталады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттамалар, әсіресе
білім беру жүйесіндегі дидактикалық процестерді дамыту үшін аса маңызды.
Компьютерлік технологияның үш негізгі құрылымы бар; 1) технологияның
өзі (бұл ақпараттық жүйені техникалық жағынан қамтамасыз етуді көздейді);
2) осы техникада ақпаратты өңдеу бағдарламалары (бұл жүйенің бағдарламалық
тұрғыда қамтамасыз етілуін қарастырылады); 3)ақпарат нәтижесі (бұл осы
бағдарламалар бойынша техникада өңделеді) .
Компьютерлік техниканы пайдалану оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертеді,
оқытудың жаңа әдістері мен ұйымдастырушылық формалары пайда болады.
Компьютерлік техналогияны күнделікті тапсырманы шешуде пайдалана білу
әрбір оқушы дайярлығының міндетті компонентігінің бірі болып табылады. Сол
себепті мектептің алдында оқушыны, соның ішінде жоғарғы сынып оқушысын
әртүрлі сипаттағы компьютерлік техналогияны пайдалана білуге үйрету
тапсырмасы тұр.
Жоғарғы сынып оқушыларының мектептегі оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру компьютерлік техналогияны оқытудың құралы, пәнді оқыту,
тапсырмаларды шешетін жұмыс жабдығы тұрғысында пайдалануды болжайды.
Компьютерлік технологияны жоғары сынып оқушыларының даярлығында
пайдаланудың тиімділігі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды
пайдаланған педагогикалық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда жасалуда,
оқытушының оқу-ақпараттық ортаға бейімделуіне, оқушылардың тапсырмаларды
ақпараттық технологияның көмегімен шешуге даяр болуына байланысты. Жоғарғы
сынып оқушыларын компьютерлік технологияға қажетті білім негіздерін
меңгеріп, практикада пайдалану тәжірибесін жинақтауы қажет және оларды іс-
әрекеттерде қолдануға байланысты даярлықты меңгеруі тиіс.
Компьютерлік технологияны меңгеру олардың атқаратын міндетін,
пайдалану салаларын, жұмыстағы негізгі принциптерін білуді; технологияны
жүзеге асырудағы бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау әдістері мен амал-
жолдарын білуді және оларды практикада қолдану іскерлігін білуді
қарастырады.
Оқытуды компьютерлендіру оқыту технологиясын жетілдірудің белгілі
бағыттарының бірі болып табылады, оның әсіресе жоғарғы сынып оқушыларына
білім берудегі маңызы өте зор. Әртүрлі оқу орындарына түскелі отырған және
қоғамдық өндірістің әртүрлі салаларында қызмет етуді көздеген жоғарғы
сынып оқушылары үшін технологиялық жүйелердің негізгі заңдылықтары мен
дамуын білумен бірге, оларға баға бере білу мен талдау жасауда оларды
басқара білу де аса маңызды.
Мұндай талаптарды жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік
білім беру стандарттары да қойып отыр. Онда дидактикалық және зерттеу
құралдары болып табылатын алдыңғы қатарлы ақпараттық, каммуникациялық және
компьютерлік технологияны меңгеру мен қолдана білу мәселелеріне ерекше
назар аударылған. Мұндай құралдар мектеп оқушылары мен оқытушыларына
дербес компьютердің көмегімен әртүрлі сипаттағы тапсырмалардың шешімін
іздестіруде нақты көмек бере алады.
Зерттеулерге жасалған талдау бізге өңделетін ақпараттардың
түрлеріне қарай компьютерлік технологияның жіктемесін түзеуге және кейбір
технологияның педагогикалық іс-әрекетіне қарай қолдануға болатынын
қарастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияның жіктемесін басқа
ақпараттарды да қамтамасыз ете алатындықтан шартты түрде белгіленеді.
Мысалы, кестелік процессорлар сандық ақпаратты да, мәндік ақпараттыда
өңдеуден өткізе алады, сонымен бірге графика генерациясының қосынды
ақпаратын пайдаланады. Компьютерлік технологияның тесттік процессор құралы
болса құжаттарды жасап, өңдеумен бірге, күрделі емес сандық есептеулерді
орындау мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан әрбір компьютерлік
технология әйтсе де көпшілік жағдайда ақпараттың белгілі түрі өңдеуге және
пайдалануға бағытталады.
Осы айтылғандардың негізінде біз жоғарғы сынып оқушыларының іс-
әрекеті оқу тапсырмаларын табысты шешуге бағытталады, ал компьютерлік
технологияны іс-әрекеттерінде пайдалану- жоғарғы сынып оқушыларының өзінің
іс-әрекетінде оқу мен зерттеу тапсырмаларын шешу мақсатында компьютерлік
–ақпаратты ұйымдастырудағы мақсатты процесі деп түсінеміз.
Компьютерлік технологияны жоғары сынып оқушыларының сабақ және
сабақтан тыс оқу әрекетінде пайдалану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді;
жұмыстың өнімділігі артады; ақпараттарды жинаудың, өңдеудің, басқарудың
пәрменділігі, оның дәлдігі, сенімділігі және жеделділігі артады; жаңа
міндеттердің шешімін іздестіруде көмектеседі, өндіріске қажетті
мәселелерді меңгереді, жұмысты ұйымдастыру мәдениетін атқарады және т.б.
Жоғарғы сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеру
проблемасы саласында орындалған зерттеулерге жасалған талдау ғылымдардың
көбінесе мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге аса мән
беретінін көрсетеді. Бұл өте орынды, өйткені мотивациялық компонент
оқыушылардың компьютерлік технологияға қызығушылығын, оны күнделікті іс-
әрекетте қажетсінуін көздесе, мазмұндық компонент, қазіргі білім үшін оның
мазмұнына компьютерлік технология негіздерін ендіру, сонымен бірге
компьютерлік технология әдістері мен құралдарын барлық оқу пәндерінде
пайдалану қажеттігін дұрыс түсінуге көздейді (А.П.Ершов, А.Я.Селевко,
В.С.Леднев т.б.) Ал, іс-әрекеттік компонент болса оқыту процесінің
ақпараттық моделін басқарудың жалпы теориясының негізінде және
технологиялық жүйенің ақпараттық процесінің мәнінде құруды; компьютерді
математикалық статистика әдістерін жүзеге асыруда пайдалануды; оқытудың
мақсаттарын, нәтежелерін шартты және технологиялық тұрғыда сипаттауды және
т.б. технологияны оқытудың компоненттерін қарастырады (С.Н.Архангельский,
В.П.Беспалько, П.Ф.Талызина және т.б. )
Қазіргі зерттеулерде жоғарғы сынып оқышыларының компьютерлік
технолгияны практикалық іс-әрекеттерде меңгеруінің проблемасы нақты
тәсілдер кешені арқылы шешімін табады. Біз соларға талдау беру нәтижесінде
мынадай негізгі тәсілдерді анықтадық; жүйелік және технологиялық, тұлғалық
және іс-әрекеттік Бұл тәсілдер жоғарғы сынып оқушыларының компьютерлік
технологияны практикалық іс-әрекеттерде жоғарғы тиімділікпен пайдаланудағы
даярлығын қалыптастыруды қамтамасыздандырады.
Жүйелілік тәсілі біздің зерттеуімізде мынадай міндеттерді атқарады;

а) зерттелетін объектінің мақсатына қарай нақты тапсырма беру (белгілі
нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу, бұл орайда, мақсат жүйе қараушы фактор
ретінде қызмет етеді); ә)зерттелген объектіні көрсететін құралдар жасау
(жүйелі талдау беру); б) жүйелі талдау әдістері мен амал – жолдарының
көмегімен қортындырылған модель құру.
Зерттеу жұмыстанрының мақсат – міндеттерін шешуде жүйелік тәсілдің
құрамдас бөлігі ретінде – технологиялық тәсілді пайдалану мүмкіндіктеріне
де аса мән береміз. Сонымен бірге бір қатар авторлардың еңбектеріне ( Т.А.
Ильина, М.В. Кларин, Ю.Лавриков. В.Д.Симоненко, Н.В.Фомин және т.б. )
жүйеленген технололгияляқ қатынастың басты қағидаларын зерттемумізде
негізге аламыз :педогокикалық технология адамның және материалдық
технологияның мүмкіндіктерін оңтайлы жүзеге асыруға негізделген жеке және
дара тұлғалық принциптерін ескере отырып іс-әрекеттік қатынас негізінде
құрылады; педагогикалық іс-әрекеттер нақты алынатын нәтиженің түріне қарай
мақсатты тапсырмаларға сәйкес түзіліп, жүзеге асырылады; негізге алынатын
педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан қайта өндірілетіндей
болуы керек, екіншіден, барлық оқушылардың жоспарланған нәтижелерге қол
жеткізуіне кепілдік беруі тиіс; іс-әрекет нәтижелерінің көрсеткіштері мен
аспаптық өңдеулері диагностикалық тәртібі, ұстанатын өлшемдері
педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі болып табылады.
Технологиялық тәсілдің аталған осы қағидалары жоғарғы сынып
оқушыларының компьютерлік технологиядан білім деңгейін көрсетуде және
алынған нәтижелердің дәлелділігін негіздегенде ескеріледі.
Тұлғалық-бағдарлық тәсіл мазмұнында зеріттеу барысында жоғарғы
сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің педагогикалық
шарттарын анықтауда пайдаланған қағидалар (тұлғаның дамуын оның іс-
әрекетін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету; жоғарғы сынып оқушыларына
компьютерлік технологияны меңгеру процесін басқаруға үйлестірушілік және
мотивациялық сипат беру; компьютерлік технологияны пайдалану арқылы
жоғарғы сынып оқушыларына оның болашақ үшін мәнін түсіндіру, танымдық
білімін қалыптастыру) көрініс алады.
Іс-әрекет тәсілінің негізгі қағидасы- тұлғаның білімі мен дамуы
процесіндегі іс-әрекеттің жетекші рөлі болып табылады. Бұны біз жоғарғы
сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеру моделінің құрамдық
компоненттерін айқындау барысында ескереміз.
Компьютерлік оқытудың теориясы мен технологиясын практикада
қолдану мынадай деңгейлерді қамтитын педагогикалық бағдарламалық
құралдарды жасау көрініс алады; тұжырымдамалық, технологиялық,
операциялық, педагогикалық және машина арқылы жүзеге асыру. Педагогикалық
бағдарламалық құралдарды тұжырымдамалық тұрғыда жасау оқытушының,
компьютердің және оқушының оқу процесіндегі өзара әрекетінің психалогиялық
механизмдерін құру болып тадылады. Бағдарламалық құралдарды жобалаудың
технологиялық деңгейі үшін негізгі проблема, басқару тәсілдерінің әртүрлі
компоненттерінің өзара іс-әрекеттік проблемасы болып саналады. Операциялық
деңгей дербес компьютерге жүктелген функцияларды анықтаумен және оларды
жүзеге асыру тәсілдерін таңдаумен байланысты.
Пән мұғалімдер үшін аса маңыздысы педагогикалық бағдарламалық
құралдарды жүзеге асыру, яғни басқарудың жалпы психологиялық-педагогикалық
принциптерін жүзеге асыруда, бағдарламаның сценарийі бойынша оқытылатын іс-
әрекетке ауыстыру болып табылады. Әдістемелік тұрғыда проблеманы шешу
компьютерлік сабақтарды өткізу әдістемелік арқылы жүзеге асады. Жасалған
бағдарламаларды электронды есептеуіш машинамен жүзеге асырудың да өзіндік
проблемасы бар.
Бағдарламалық оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда басымдылығы
уақытты үнемдеуінде, білімде орынсыз қателікті жібермеуінде, оқытуды
оқушылардың дербес мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкестендіруінде,
оқу әрекетін тұрақтандыруында болып тадылады.
Педагогика ғылымдарында бағдарламалық оқыту идеяларын дамытуға
негізделген көптеген педагогикалық бағдарламалық жүйелер жасалған.
Осыларды жасау барысында дидактикалық кибернетикалық ұғымдарды дұрыс
қабылдаудың салдарынан туындаған қателер де кездеседі. Оқыту
бағдарламаларын оқыту процесінде пайдалануға байланысты туындаған мұндай
келеңсіз көріністерді оқу аясын кеңейтудің есебінен жоюға болады. Атап
айтсақ, мәселен, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы
оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы оқу серіктестігіне жағдай
жасау, компьютерлік және дәстүрлі, компьютерлік емес оқыту түрлерін
оңтайлы анықтау және т.б.
Ал педагогикалық жүйе дегенге келетін болсақ, біздің
пайымдауымызша, педагогикалық жүйе – заман талабына сай қасиеттері бар
тұлғаны қалыптастыруда ұйымдасқан түрде, мақсатты бағыттылықпен, жоспарлы
педагогикалық ықпал жасауға қажетті құралдардың, әдістер мен процестердің
өзара байланысқан жиынтығы. Педагогикалық жүйенің қайсы бірі болмасын
ғылыми теорияның екі ұғымын қалыптастырады; дидактикалық тапсырмалар және
технологиялық оқыту,сонымен бірге әрбір дидактикалық тапсырмалар оқытуға
барабар технологияның көмегімен шешімін табады.
2. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Қоғамда информатиканы оқытудың негізгі бағыттарының бірі, ақпараттық
технологияларды, информатиканың әдістері мен құралдарын дамыта оқытудың
идеяларын жүзеге асыруға, оның сапасын компьютерлерді оқушылардың танымдық
іс- әрекетін қолдауда пайдалана отырып, білімді ақпараттандыру болып отыр.
Информатиканы оқыту әдістері мен теориясы әдетте мәліметтерді өңдеу мен
құралдарының оларды қалыптастыру, аудару сақтау мен қажетті жағдайды
ақпараттық өнімді бейнелеуді оған жұмсалатын шығынның өзгеруіне қарай ,
әлеуметтік ортаның заңдылықтарын сәйкес ақпараттық жаңа технологияның
дамитын жеріндегі жиынтық деп түсінуге болады. Ақпараттық технологияны
білім жүйесінде қолданудың негізгі бағыттары төмендегідей: пәндік-
информатиканы ғылым ретінде, ал компьютерді құрылғы ретінде тікелей
оқып-үйрену; құрал –жабдықтық жазуды, сурет салуды, есептеуді, ақпараттық
жинақталуы мен ұйымдастырылуы сияқты іс-әрекеттеді компьютерді пайдалана
отырып іске асыру; еңбектік-есептеуіш құралдар мен ақпараттық
технологияларды еңбек дағдылары мен кәсіптік бағыттауды қалыптастыруда
пайдалану; демалыстық – оқу процесінің сыртындағы жекелеген
қызығушылықтарды жүзеге асыруда компьютердің барлық мүмкіндіктерін
пайдалану; оқытушылық –ЭЕМ-ді педагогикалық және әдістемелік іс-әрекеттің
әр түрінде пайдалану; ұйымдастырушылық-білім беру жүйесін басқару
мақсатында пайдалану; оқыту –компьютерді нақты бір оқу пәнін оқыту құралы
ретінде пайдалану.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып,
педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты
қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті
информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология
элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық
жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын
болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен
теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты
бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір
тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге
арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға
негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар
бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы
мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың
қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына
информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік –
тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір
ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына
байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге
болады деген пікірлер ұсынылуда. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс
істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге,
өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың
негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады. информатиканы оқытуда.
Мектепте информатиканы оқытуда дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал
бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға
қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
-математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
-мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық
ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам
қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік
техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң
көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс
оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында
көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша
тәжірибелер жинақталуда.
Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты
таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу
және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу
бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас
жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып
өсуіне жол ашады. Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел
қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз
әсерін тигізуде.
Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика
ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен
жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар,
оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре
отырып түпкілікті
және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге
бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы
пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге
және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл
оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен
қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі
әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі
оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын
қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан
байыта түсу – бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта
даярлауда ерекше роль атқарады. Компьютерлік техниканың дидактикалык,
мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын
анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін
тигізеді. Оның , оқыту үрдісінде даралап және топтап , оқыту тәсілдерінде,
өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын
жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда
информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі
мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
3. ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МӘНДІК СИПАТЫ
Технологияның мәндік сипаты болып педагогикалық технологияда екі
бағытта қарастырылатын мақсатты білім беру процесі саналады; 1)
оқушылардың оқу материалын меңгеруінің сапасын диагностикалық және
обьективті тұрғыда бақылау; 2) тұлғаныңжалпы дамуы. Педагогикалық
технологияны жасаудың және оны практикады жүзеге асырудың маңызды принципі
болып құрылымдық және мазмұндық тұтастық принципі саналады. Педагогикалық
технологияны құру жолындағы келесі бір маңызды нәрсе тұлғаны қалыптастыру
мақсатында белгілі ғылым мен практика саласында оқу пәні мазмұнын нақты,
мақсаттылықпен сұрыптау болып тадылады. Сұрыптаудың көкейкестілігі
компьютерлік технологияның көмегімен жүзеге асырылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника философиясы
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.Белсенді оқыту әдістемелеріне мысал арқылы талдау
«Техника»
Технология мен мәдениеттің байланысы
Қоғамдық шаруашылық формалары
Оқытудың имитациялық технологиясы
Педагогтің технологиялық компетенттілігінің теориялық аспектілері
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Пәндер