Қайтарылып алынған капиталдың есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
-----------------3

І. Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
1.1 Капитал
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар
есебі ... ... ... ... ... ...12
1.3 Резервтік капиталдың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19

ІІ. Тәжірбиелік бөлім
2.1 Капитал мен резервтер бөлімінің
шоттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Акционерлік қоғамдардың есеп беруі – халықаралық стандартпен есеп
саясатын құру және есеп беру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ІІІ. Пәнаралық байланыс
3.1 Бухгалтерік есептің экономика, қаржы ғылымымен
байланысы ... ... ... ..31
3.2 Бухгалтерік есептің аудитпен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------36
ҚОСЫМША ----------------------------------- ---------------------------------
------37-40


КЖ. 0705002. ЭС - 08 -11гб 22.12.09 ТХ.

ЛауазыФамилии ҚолыКүн
мы і
ДайындНугербекова Түсініктеме хат Лит Лист Листов
аған С.
ТексерТұрсынбеков
ген а Г.Ж..



КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару
жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және
тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім
қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға
сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес
болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс
көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен
шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары
керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін
өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу
мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші
тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің
бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін
орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті
және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы
құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес
құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру
көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны
баланстың Резервтік капитал бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық
акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін
жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып – Капитал мен
резервтер болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталды талдай
отырып, оның қай шотта қаралатынын, меншікті капиталдың түрлерін, резервтер
есебін және аудитін қарастыру.
І. КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Капитал есебі
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны
білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа
бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің
өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің
даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады.
Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс
деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен
шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды
айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен
шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары
керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін
өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу
мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бір-
неше анықтама келтіреді:
1) Капитал — жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық
қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп
отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып
саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал — еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы
секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар
жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал
мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу
кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы
ендірілген.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің
қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын
қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда,
экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз
функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған,
адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және
кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып
саналады.
Жарғылық капиталының есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары,
сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында
бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға
сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:
- "Жай акциялар ",
- "Артықшылығы бар акциялар ",
- "Салымдар мен жарналар "
— деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда,
сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде
немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жар-ғылык қордың
өскен сомасына:
Д-т: "Төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Жай акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоты
түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде
салған жағдайда:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Төленбеген капитал" шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бүл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сөйкес:
- "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Есеп айырысу шотындағы ақшалар",
- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар",
- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар" — деп аталатын
шоттарыныңң тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін "материалдық
емес актив", "негізгі құрал", "материалдық құндылықтар" тағы да басқа түрде
салатын болса: Д-т: "Материалдық емес активтер"; "Негізгі құралдар";
"Материалдық құндылықтар" және тағы да басқа шоттардың тиістілері, К-т:
"Төленбеген капитал" деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық
жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: "Материаддық емес активтер"; "Негізгі құралдар"; " Материалдық
құндылықтар "; "Ақшалар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі. К-
т: "Салымдар мен жарналар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға
тиіс.
"Қайтарылып алынған капитал" деп аталатын шот акционерлік қоғамның
акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл
жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында
бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты, К-т: "Ақшалар" шоты түріңде
екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан
алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акциянын құнына:
Д-т: "Қарапайым акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар"
шоттарының тиістісі,
К-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда "Қосымша төленген капитал" деп
аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары
бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал "Қосымша төленбеген
капитал" деп аталатын шотта ақшаның құн-сыздануына және тағы да басқа
жағдайларға байланысты ұйымның "негізгі құралдарын", инвестицияларын сондай-
ақ басқа да активтерін қайта бағалау нөтижесінде пайда болған капиталдың
өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын
номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп
түсуіне қарай:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық)
бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құраддарды, инвестицияларды және басқа да
активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: "Негізгі құралдар";
"Материалды құндылықтар"; "Инвестициялар" және тағы да басқа шоттардың
тиістісі,
К-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал"; "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал"; "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоттарының тиістілері
түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі құралдардың тозуы" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша
бағаланған сомалары және ессптен шығарылған негізгі қорлардың
пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша
бағасының сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған
қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының
азаю сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша
төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі қүралдар" шоты түрінде
бухгалтерлік жазулар жазылады.
"Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"
шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:
- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған
сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу
сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан –алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты, К-т: "Қаржылық инвестициялар" шоты түрінде;
- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген
капитал" шоты,
К-т: "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" немесе "Құнды
қағаздарды сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде
жазулар жазылады. (Қосымша 1)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, қатысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын
анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да
мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса
алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз
эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың
ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп
берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей теленіп және
орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
кредиторлар өзінің алашағын толык деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса
алатындығын. Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі
жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң
тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде
белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана
пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жай акциялар",
5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар"
шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде
жүргізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның
құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес
келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың
белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған
жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын
қарастырайық.
5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының
кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын
салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші
"Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны
төленсе, онда ол: 1040, 1030, 1010 дебеті бойынша және 51110 шоттың
кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен,
материалдық кұндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына
шотгар дебеттеліп: 2730, 2410, 1310, 1340 және 5110 шоты кредиттеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің
жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бүл
мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе
оның бір белімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170
"Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша
дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей
тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген
және 5030 шоты кредиттелген — қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін
үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы
өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал
да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де 1010,2730,2410, 1320,1330
шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010,
5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты
кредиттеледі.
1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Төленбеген капиталдың есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің
маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын,
қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін
5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке
тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері
бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік
капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында
болса да, ол езінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар
болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды,
облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік
құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына
5110-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000-ші "Жарғылық
капитал" бөлімшесінің шоттары — 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші
"Артықшылықты акциялар" (акционерлік коғамдарда) және 5030-ші "Қосқан
үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа
түрлеріңде) шоттары кредитгеледі. Жарғылық қорға салымдардың салынуының
жүзеге асырылуына қарай 5110 -ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп
отырады, ал салым шотгары дебеттеледі:
-материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде
— 2730 шоттары;
- жерді, негізгі кұралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін
жарғылық қорға жарна ретінде телеу кезінде — 2410 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде
1310, 1320, 1330 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық корға жарна ретінде аударған кезінде —
1010,1010, 1030, 1040 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің
жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар,
құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
ә) Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам
акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең
төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы келемін
қысқарту жөнінде шешім кабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген
тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға
міндетті.
Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін
орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды
талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала
қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі
адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.
Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына
олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз
акцияларын нарықтық айналымға шығарады.
Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210-ші шоты арналған,
ол 5010 және 5020 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.
5210 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып
алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты
дебеттеледі де және 1040,1030,1010, 1060 шоттары кредиттеледі.
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не
болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады.
Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан
жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:
1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең
болған жағдайда: 5210 шоты дебеттеледі де, және 1040, 1030, 1010 шоттары
кредиттеледі.
2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық күннан төмен болған жағдайда:
- сатып алу кұнына:
5210 шоты дебеттеледі де және 1040,,1030 , 1010 шоттары кредитгеледі;
- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған
жағдайда:
5210 шоты дебеттеледі де және 5510 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс"
шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражатгары жеткіліксіз болған жағдайда оларға
қосымша қаражаттарды қосады).
3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары
болған жағдайда:
- сатып алу құнына:
5210 шоты дебеттеледі де, 1040, 1010, 1030 шоттары кредиттеледі;
- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға
сатып алынған жағдайда:
5510 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты дебеттеледі де, 5210
шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып
сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010,
5020 шоттары дебеттеліп шоты кредиттеледі.
Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың
номиналдық құны 5210 шоттың кредитінен 7410 "Бағалы қағаздарды сатудан
алған шығыстары бойынша" шотының дебетіне жатқызылады.
Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6210
"Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша" шоты кредиттеледі де,
1280 "Басқа да" шоты дебеттеледі. Егер де акцияның кұны номиналды құнынан
жоғары болса алынған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5310
"Қосымша төленген капитал" шоты кредиттеледі.
Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық
капиталы өзгермейді.
Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құкығы жоқ:
- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
- қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған
нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық
капиталының минималды деңгейінен кем болса;
- қоғам акцияны кайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса
немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
- акцияны сатып алатын кезінде коғамның меншік капиталының келемі
қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.
Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының
25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек.
Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында
шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді
жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне
енгізеді.
б) Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз
-акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан
жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай
капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында
жүргізіледі.
Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5310 шоты кредиттеліп, мына шоттар
дебетгеледі: 1040,1030,1010
Сатылған акциялар бойынша шоттарды телеуге ұсынған кезде сатылған
акциялардың тұрақты құны 1240-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша
көрсетіледі.
в) Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін
5400 -ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл
бөлімшенің катарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді:
5420-шот "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша
төленбеген капитал"; 1010-шот "Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған
қосымша төленбеген капитал"; 1030-шот "Басқа да қосымша төленбеген
капитал". 5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында
құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа
активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен козғалысы
туралы ақпарат жинақталады.
Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды,
ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған)
күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда кайта бағалау заңға
сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық
субъектісі өзі шешуге кұқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей
корреспонденция жасалады.
Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410,
2510,5,2520 шоттары дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың
қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты
дебеттеліп, 2420 шоттары кредиттеледі.
Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі кұралдардың объектісі есептен
шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына
кешіріледі.
Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды
қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша
есептеу сомалары 5430-ші "Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша
төленбеген капитал" шотының кредиті бойынша көрініс табады:

2210-2310 5440
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын және
басқа да шаруашылық серіктерінің жарлық
капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның
сомасына
Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан қайта2030 5430
бағалаудан түскен сомасына
Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық 5430 5510,6210
инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы

Кесте 1. Инвестицияны қайта бағалау операциялары
5430 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының темендегенін
және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта
бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:
- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1140 шоттары
кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі;
- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2210-2310 шоттары
кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі.
Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары.
Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын
жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын)
қайта бағалау операциялары ұшін 5440-ші "Басқа да қосымша төленбеген
капитал" шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша
бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін
пайдаланылады. Егер де инвестиция-неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе,
бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша
көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шотгың
дебеті бойынша керініс табады.
Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық
айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5440
"Басқа да" шотының дебеті бойынша көрініс табады, ал егер де керісінше
болса, онда 5440 шотының кредитінде көрсетіледі.

3. Резервтік капиталдың есебі
Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың
таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған
зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда,
дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны
пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады.
Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге
бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның
меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5500-ші "Резервтік капитал" бөлімшесінің
мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-ші "Заңдармен белгіленген
резервтік капитал" және 5520-ші "Басқа да резервтік капитал".
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші
серіктестіктің (ЖІПС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың
құжаттарында (жарғысыңда, құрылтайшьшардың шарттарында) белгіленеді, соңдай-
ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен
таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды калыптастырған (қүраған) кезде 5610 шоты
дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал каражаттарын пайдалану 5410-ші шоттың дебетінен мына
шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3340 — артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет
қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі
дивидендтердің есебінен телеген кезде; 5510-шот "Есепті жылдың бөлінбеген
табысы (жабылмаған зияны)", 5530-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны)" - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен
жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5530-ші "Басқа да резервтік капитал"
шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі
мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 55410-
шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы
бойынша қалыптастырылады.
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы
есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл
резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік
капиталдағы жинақталған сома алдын ала есептелмеген, төтенше жағдайлардан
болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы
жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында
бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі
есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында керсетілген мөлшерге тең етіп қайта
қалып-тастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі
"Резервтік капитал" бөлімінің: "Заңмен белгіленген резервтік капитал",
"Басқадай резервтік капитал" — деп аталатын шоттарда есептеледі.
Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы ессбінен қалыптасқан
уақытта бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы" шоты,
К-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай резервтік
капитал" деп аталатын шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы
жұмсалынғанда бухгалтерлік ссепте:
Д-т: "Заңмен белгіленген резервтік капитал" немесе "Басқадай
резервтік капитал" шоттарының тиістісі,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)";
"Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)";
"Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу" немесе тағы да басқа
шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза
пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады.
Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін
қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған
қорлардың есебі "Басқадай резервтік капитал" деп аталатын шотта
жүргізіледі. (Қосымша 2)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2005 жылғы 22 желтоқсанындағы №426
бұйрығымен бекітілген

"__" _________ жылғы жай-күй бойынша
меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп

ұйымның атауы ___________________________________ ____
ұйым қызметінің түрі ___________________________________
ұйымдастыру-құқықтық нысаны ___________________________
ұйымның заңды мекен-жайы ____________________________
Мың
теңге
  Жол Бас ұйымның капиталы Аздық Капит
коды үлесі алдың
жиыны
    ШығарыРезервтБөлінбБарлығы    
латын ік еген
капитакапиталтабыс
л
1 2 3 4 5 6 7 8
Есеп беру 010            
жылдың 1
қаңтарына
арналған
сальдо
Есеп 020            
саясатындағы
өзгерістер
Қайта 030            
есептелген
сальдо
(010-жол +-
020-жол)
Активтерді 031            
қайта
бағалаудан
түскен
пайдазалал
Ақша ағындарын032            
хеджерлеу
Шетелдік 033            
қызметтің
бағам айырмасы
Капиталдың 040            
өзінде тікелей
танылған
пайдазалал
(031-жол +-
032-жол +-
033-жол)
Кезеңдегі 050            
пайдазалал
(040-жол +-
050-жол)
Кезеңдегі 060            
пайданыңзалал
дың барлығы
Дивиденттер 070            
Акциялардың 080            
эмиссиясы
Сатып алынған 090            
жеке меншік
үлестік
аспаптар
           



Есеп беру
жылының 31 100
желтоқсанына
арналған
сальдо
(060-жол -
070-жол + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі
Ақша айналым құралы ретінде
Капиталдар туралы
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Төленбеген капитал шоты
Жарғылық капиталдың есебі
Меншікті капитал
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Кәсіпорындағы меншікті капитал
Капитал туралы түсінік
Пәндер