Меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін және іскерлік белсенділігін
талдаудың теориялық негіздері 5
1.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі және көрсеткіштері 5
1.2 Ресурстарды қолдану тиімділігі – іскерлік белсенділіктің басты сапалы
критерийі 12
2 Казмельмаш ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және
іскерлік белсенділігінің талдауы 15
2.1 "Казмельмаш" ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының жалпы бағалауы
15
2.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және ресурстарды қолдану
тиімділігінің талдауы 23
2.3 Экономикалық өсім тұрақтылығының талдауы 28
3 Казмельмаш ЖШС іскерлік белсенділігін арттыру жолдары 36
3.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру
шаралары 36
3.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін болжамдау 38
Қорытынды 43
Қолданылған әдебиеттер тізімі 45

Кіріспе

Нарықтық экономика кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін жоғарлатуды,
ғылыми –техникалық прогресстің жетістіктерін ендіру негізіндегі өнім мен
қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылықтың тиімді нысандарын және
өндірістің тиімді басқаруын, қырсыздықты жеңуді, кәсіпкерлік бастаманы
жандандыруды талап етеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.
Назарбаевтің халыққа арнаған Қазақстан -2030 жолдауында біздің еліміздің
дамуының нәтижелік мақсаты бұл экономикалық өсу болып табылады, және бұл
өсудің басымдықтары ертеңгі күні де, келесі 30 жыл бойы ең маңызды
болатыны көрсетіледі.
Мұндай жағдайда қаржылық талдау базалық пәннің бірі болып саналады,
бұл пәннің негіздері бойынша білім экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп,
аудит, басқарушылық саласымен айналысатын барлық мамандықтар үшін маңызды.
Қаржылық талдау ғылым ретінде қаржылық менеджмент жүйесіне кіреді және
өзіне келесі негізгі түсініктерді кіргізеді: кәсіпорынның қаржылық
жағдайын болжау мен талдау, қаржылық және коммерциялық есеп айырысу,
шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің талдауы, инвестициялық
жобаның талдауы, қаражат көздері мен қаржылық активтерін басқару үдерісінде
тәуекелді талдау, баланстың өтімділігін, төлемқабілеттілігін, қаржылық
тұрақтылықты талдау, банкроттылықты талдау, рентабельділікті талдау,
іскерлік белсенділіктің талдауы, сонымен қатар қызметтің қаржылық
нәтижелерін талдау және т.б.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігінің талдауы
мен бағалауы - қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Жұмысымның өзектілігі кәсіпорнынның қаржылық жағдайын, оның іскерлік
белсенділігі мен кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту шарттарымен
байланысты.
Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, ең алдымен
кәсіпорын қаражаттарының айналым жылдамдығында анықталады. Осыған
байланысты бұл жұмыстың мақсаты кәсіпорын өзінің қаражаттарын тиімді
пайдаланудың деңгейін анықтай алатын айналымдылықтың әртүрлі қаржылық
коэффициенттерінің динамикасы мен деңгейлерін зерттеуге негізделетін
шаруашылық субъекті қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік
белсенділігін талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттардың нақты
ақшаға айналу жылдамдығына байланысты.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып астықты өндірумен, өңдеумен,
дайындаумен және өткізумен, сонымен бірге коммерциялық, саудалық және
делдалдық қызметпен айналысатын Казмельмаш ЖШС табылады.
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі
кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар
кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің
көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік
белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын
төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына жалпы баға беріледі,
кәсіпорын ресурстарын қолдану тиімділігі талданады, экономикалық дамудың
тұрақтылық тенденциялары анықталады.
Үшінші бөлім қаражаттар мен кәсіпорын қызметінің экономикалық
тиімділігі мен іскерлік белсенділікті жетілдіру жолдарын, іскерлік
белсенділіктің көрсеткіштерін болжамдауға арналған.

1 Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін және іскерлік
белсенділігін талдаудың теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің түсінігі және
көрсеткіштері

Қаржылық аспектідегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ең алдымен
кәсіпорын қаражаттарының айналым жылдамдығында анықталады. Іскерлік
белсенділікті талдау кәсіпорын өзінің қаражаттарын тиімді пайдаланудың
деңгейін анықтай алатын айналымдылықтың әртүрлі қаржылық коэффициенттерінің
динамикасы мен деңгейлерін зерттеуге негізделеді. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы активтерге салынған қаражаттардың нақты ақшаға айналу жылдамдығына
тікелей байланысты. 28 .
Кәсіпорынның іскерлік белсенділіктің көрсеткіштеріне келесі
коэффициенттерді жатқызуға болады:
1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті.
Бұл коэфициент өндіріс пен айналымның толық циклі жылына неше рет
жүзеге асырылатынын және активтердің әрбір ақшалай бірлігі өткізілген
өнімнің қанша ақшалай бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш келесі
формула арқылы анықталады:
К=,

К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Т- өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен табыс (түсім);
А - аванстанған капитал (кезеңдегі баланс орташа валютасы).
Аванстанған капиталдың орташа шамасының кезең бойынша капиталдың
жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы
жалпы көріністі береді. Ол кәсіпорын капиталы айналымның санын көрсетеді
және ресурстарды тарту көздеріне қарамастан, оларды кәсіпорынмен қолдану
тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаларға байланысты өзгереді және
өндіріс процесстің ерекшелігін көрсетеді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы.
Бұл көрсеткіш қор қайтарымын көрсетеді, яғни кезең бойынша
кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын қолдану тиімділігін сипаттайды.
Бұл көрсеткіш өткізуден түскен табыстың (түсімнің) кезеңдегі қалдық құны
бойынша негізгі құралдардың орташа шамасына қатынасы арқылы есептелінеді.
Қор қайтарымы коэффициенті негізгі құралдардың жоғары емес үлес салмақ
есебінде, сонымен қатар олардың жоғары емес техникалық деңгей есебінде
арттырылуы мүмкін. Оның шамасы салаға және оның капитал сыйымдылығына
байланысты өзгереді. Бірақ жалпы заңдылық сүйенсек, коэффициент неғұрлым
жоғары болса, соғұрлым есеп беру кезеңіндегі шығындар төмен болады. Төмен
коэффициент өнімді өткізуден түскен пайданың жеткіліксіздігін немесе бұл
активтер түріне салған салымындардың өте жоғары деңгейін көрсетеді.

3.Меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті.
Ол келесі формула арқылы есептелінеді:
К=, мұнда:

К- меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті;
Т- өнімді өткізуден түскен табыс(жұмыс,қызмет);
М- баланс бойынша кезеңдегі меншікті капиталдың орташа
шамасы.
Бұл көрсеткіш әртүрлі қызметтің аспектілерін сипаттайды: коммерциялық
көзқарас бойынша ол сатудың артықшылығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;
қаржылық көзқарас бойынша ол меншікті капиталға салынған айналым
жылдамдылығын; экономикалық көзқарас бойынша кәсіпорын иелері (акционерлер,
мемлекет, немесе басқа меншік иелері) тәуекел ететін ақша қаражаттардың
белсенділігін анықтайды. Егер коэффициент жоғары деңгейде болса, яғни
салынған капитал бойынша сату көлемі елеулі түрде өссе, онда бұл кредиттік
ресурстарды тартудың өсуін және істе меншік иелеріне қарағанда
кредиторлардың қатысуы көбірек екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда меншікті
капиталға деген міндеттердің қатынасы өсіп, кредиторлардың қауіпсіздігі
төмендейді және кәсіпорын табысының төмендеуімен байланысты қиындықтар
туады. Ал төмен көрсеткіш меншікті капиталдың белгілі бір бөлігінің
әрекетсіздігін көрсетеді. Бұл жағдайда коэффициент меншікті қаражаттардың
басқа бір көзге, анықталған шарттарға сәйкес келетін табыстың көзіне
салудың керектігін көрсетеді.
4. Ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті (жұмылдырылған
қаражаттар). Өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен
табыстың (түсімнің) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасы арқылы
есептелінеді. Келесі формула бойынша анықталады:
К =, мұнда:

К- ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті;
А- ағымдағы активтердің орташа шамасы;
Ағымдағы активтердің орташа шамасы келесі формула арқылы анықталады:
А =, мұнда: Т- ағымдағы активтердің орташа шамасы;
О,О – сәйкесінше жылдың басына және аяғына келетін ағымдағы
активтердің шамасы.
Ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті (айналым капитал)
олардың айналымдарының жылдамдығын көрсетеді, яғни анықталған кезең бойынша
барлық айналым құралдарының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтер
айналымдылығының жылдамдылығы - бұл өндірістік-шаруашылық қызметінің
ұйымдастырушылық-техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым уақыты
мен өндіріс уақытын төмендету арқылы айналым саны өседі.
Ағымдағы активтер айналымдылығының жылдамдығы жоғарыда көрсетілген
формула арқылы анықталған айналым санымен ғана емес, айналым ұзақтығымен,
сонымен қатар айналым қаражаттарды бекіту коэффициенті (немесе
айналымдылықтың айналым коэффициенті) арқылы сипатталады.
Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы келесі формула арқылы
анықталады:
Ұ==360:=, мұнда

Ұ- күндер бойынша бір айналымның ұзақтығы;
К- ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті немесе
ағымдағы активтердің бір айналымның саны;.
Айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің формуласы келісідей
болады:

К=, мұнда

К- айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті.
Айналым қаражаттарының айналымдылығының жеделдеуі олардың айналымнан
босатып алуын, ал оның баяулауы айналымға қосымша қаражаттарды тарту
керектігін көрсетеді.
Сонымен ағымдағы активтер айналымдылығының коэффициенті шаруашылық
субъектінің барлық жұмылдырылған қаражаттардың айналым жылдамдылығын
көрсетеді. Егер ол материалдық айналым қаражаттардың айналымдылығының
өсуімен байланысты болса, онда оның өсімі оң, сәйкесінше егер соңғысы
төмендейтін болса, онда ол теріс болады.
5. Материалдық айналым активтерінің айналымдылық коэффициенті
талданатын кезең бойынша тауарлы-материалдық қордың айналым санын
белгілейді, яғни оларды өткізу жылдамдығын көрсетеді. Жалпы айтқанда, бұл
коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз қаражаттар
өтімділігі төмен бабымен байланыста болады, сонымен бірге соғұрлым айналым
капиталы өтімділік құрылысқа ие болады және субъектінің қаржылық жағдайы
тұрақты болады. Керісінше басқа да бірдей шарттарда тауардың іркілуі
шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігіне теріс әсерін тигізеді.
Коэффициент формула арқылы есептелінеді, мұнда алымында -өткізуден түскен
табыс (түсім), ал бөлімінде кезең бойынша тауарлы –материалдық қордың
орташа құны өрнектеледі.
Өндірістік қорлар оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша
есептелгендіктен, қор айналымдылығының коэффициентін есептегенде өткізуден
түскен табысты (түсімді) емес, өткізілген өнімнің өзіндік құнын қолдану
қажет . Осында есеп айырысу келесі формула арқылы анықталады:.
К=, мұнда

К-материалдық айналым қаражаттардың айналымдылық
коэффициенті;
S- өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;
К- өндірістік қорлардың орташа құны;
Айналымдылық көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қорлар қолма-
қол ақшалай қаражаттарға тез айналады. Оның төмендеуі өндірістік қорлардың
және аяқталмаған өндірістің салыстармалы өскенін немесе дайын өнімге
сұраныстың төмендеуін көрсетеді.
Дамыған нарықтық елдердің көбісінде қорлар айналымдылығының нормативі
3 айналым болып табылады,, яғни жуықтап алғанда 122 күнге тең .
6.Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Формула бойынша бұл
көрсеткіш өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыстың
(түсім) дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы арқылы анықталады:

К = 10 , мұнда

К- дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;
Д- кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы. Оның өсімі шаруашылық
субъектінің өнімге деген сұраныстың өсуін білдіреді, ал оның төмендеуі
сұраныстың азаюымен байланысты дайын өнімнің толуын білдіреді.
7. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді өткізуден
түскен табыстың (түсімнің) кезең бойынша дебиторлық берешектің орташа
шамасына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады:

К = 23,10 , мұнда

К- дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;
Д- кезең бойынша дебиторлық борыштың орташа шамасы;
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті көрсеткішімен бірге
дебиторлық берешек айналымның орташа мерзімін келесі формула арқылы
анықтауға болады:

Д==, мұнда

Д- дебиторлық берешек айналымның орташа мерзімі немесе оны
өтеу кезеңі;
Бұл көрсеткіш компания клиенттеріне онымен шығарылған шоттар бойынша
төлеуге талап етілетін уақытпен сипатталады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі оң
бағаланады, ал жоғарылауы теріс бағаланады.
8.Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді
өткізуден түскен табыстың 10 немесе өткізілген өнімнің өзіндік
құнының 23 кезеңдегі кредиторлық берешектің орташа шамасына қатынасы
арқылы келесі формула бойынша анықталады:

К=, мұнда

К- кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;
К - кезеңдегі кредиторлық берешектің орташа шамасы;
Кредиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті дебиторлық
берешектің айналымдылық коэффициентінің баламасындай коммерциялық кредиттің
ұлғаюы мен төмендеуін көрсетеді. Оның айырмашылығы кредиторлық берешектің
айналымдылық коэффициенті субъектіге ұсынылатын коммерциялық кредиттің
ұлғаюы мен төмендеуін көрсетеді, дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффициенті кезінде субъектімен ұсынылатын коммерциялық кредиттің ұлғаюы
мен төмендеуін көрсетеді. Кредиторлық берешек коэффициентінің өсімі
субъектінің қарызды төлеу жылдамдығының өскенін, ал төмендеуі кредиттегі
көтере сатып алудың өсімін көрсетеді.
9. Ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті. Шаруашылық жүргізуші
субект қызметінің тұрақтылығы үшін ақша қаражаттардың қозғалысының
жылдамдылығының мәні ерекше, бұл субъекттің қаржылық берекесінің бір шарты
болып табылады және ол субъектінің ағымдағы міндеттерін жабуды қамтамасыз
етеді, сәйкесінше максималды керекті ақша қаражаттар қорының болмауы
субъектінің қаржылық қиындығының белгісі болып табылады. Ақша
қаражаттарының айналымдылық коэффициенті келесі формула арқылы анықталады:

К=, мұнда

К- ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті;
АҚ- талданатын кезең бойынша ақша қаражаттардың айналымы;
АҚ- ақша қаражаттардың орташа қалдығы;
Ақша қаражаттардың айналымын есептеу үшін Есептік шотта қолма-қол
ақша 441 шот бойынша талданатын кезеңдегі кредиттік айналымды қолдану
керек, яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің көбісі өзінің
контрагенттерімен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады, ал ақша
қаражаттардың касса арқылы (мысалы, жұмыскерлердің еңбекақысы немесе
шаруашылық шығындарды төлеу) берілуі олардың банктен алдын–ала алуды
болжамдайды.
Талданатын кезеңде ақша қаражаттардың айналым санын көрсететін ақша
қаражаттардың айналымдылық коэффициентімен бірге, ақша қаражаттардың
жеткіліктілігін бағалайтын ақша қаражаттардың айналым кезеңінің ұзақтығы
анықталады. Осындай мақсатпен келесі формула қолданылады:
Ұа.қ =(АҚ о * Ұр )АҚамұнда
Ұ- ақша қаражаттар айналымының кезеңі;
АҚ- ақша қаражаттардың орташа қалдығы;
Ұ - талданатын кезеңнің ұзақтығы;
АҚ- талданатын кезең бойынша ақша қаражаттардың айналымы;
Ақша қаражаттар қозғалысының көрсетілген бағыттарын ақша қаражаттардың
қозғалысы туралы есеп беруде келтірілген операциондық (ағымдағы),
инвестициялық және қаржылық қызметінің бөлімінде қарастырылуы қажет.
10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған
капиталдың айналымдылық коэффициенті өзіндік дамуға салынған
инвестицияларды қосқанда, шаруашылық субъектінің ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді инвестициялардың айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында өткізуден
түскен табыс (түсім), бөлімінде кезеңдегі инвестицияланған капиталдың
орташа шамасы өрнектеледі:

К=ТN(Ұи+Қи), мұнда

Ұи және Қ- сәйкесінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
инвестициялар.
Бұл коэффициенттің мәнін анықталған кезең бойынша айналымға түскен
капиталдың айналымдылық коэффициенті мәнімен (барлық активтерден ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларды азайтылуы), яғни өндірістік
қызметінде тікелей жұмыс істейтін капиталмен салыстыру керек 30 .
11. Айналымға түскен капиталдың айналымдылығын формула арқылы
анықтауға болады, мұнда алымында өткізуден түскен табыс (түсім), бөлімінде
кезеңдегі айналымға түскен капиталдың орташа шамасы өрнектеледі.

К=, мұнда

А-айналымға түскен капитал.
12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдылығын өткізуден түскен
табыстың (түсімнің) кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына
қатынасынан алынған коэффициент анықтайды:

К=, мұнда

Перк- перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді
міндеттемелер.
Бұл коэффициент шаруашылық жүргізуші субекттің ұзақ мерзімді
қолданыста болатын капиталдың айналу жылдамдылығын көрсетеді. Бұл
коэффициенттің мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішімен ұқсас,
оның айырмашылығы бұл коэффициенті талдағанда шаруашылық субъектінің ұзақ
мерзімді міндеттемелерін есепке алу қажет.
13. Іскерлік белсенділіктің индексі айналымдық капиталын басқару
кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъекттің негізгі қызметі бойынша
кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Талданатын кезең бойынша айналымға
түскен капиталдың айналымдылығын негізгі қызметтің шаруашылық
табыстылығының мәндерін көбейту арқылы есептелінеді:

И= , мұнда

- айналымға түскен капиталдың айналымдылқ коэффициенті;
S- өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;
негізгі қызметтің табыстылығы;
Т-негізгі қызметтен түсетін табыс;
Т- өнімді өткізуден түскен табыс;
Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектінің іскерлік белсенділігін
сипаттайтын негізгі көрсекіштерін қарастырдық, олардың талдауы субъектінің
өзінің қаражатарын тиімді пайдалануды анықтайды. Олардың талдау әдістемесі
автордың жұмысында толық көрсетілген. 23,5 .

1.2 Ресурстарды қолдану тиімділігі – іскерлік белсенділіктің басты
сапалы критерийі

Бизнес - жоспарды дайындаған кезде басқарушылар өндіріс тиімділігінің
көрсеткіштеріне көп көңіл бөлуі керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндіріс нәтижелерін (әсерін)
шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстыру арқылы өлшенеді.
Алынған нәтижені (өнімнің табысы) аванстанған немесе тұтынылған
ресурстармен (шығындармен) салыстырғанда бірқатар кәсіпорын қызметінің
тиімділік көрсеткіштерін анықтауға болады, олардың ішіндегі ең маңыздылары
еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы болып табылады. Бұл
көрсеткіштерді талдаудың әдістемесі диссертантпен жарияланған талдамалық
әдебиеттерде және оқу құралдарында нақты көрсетілген. Табыстылық
көрсеткіштерінің үш тобы бар:
а) жалпы активтер (жалпы, жиынтық капитал) және олардың жеке
элементтері;
б) өнімдер;
в) ақша қаражаттардың таза құйылу негізінде есептелінетін табыстылық
көрсеткіштері 31 .
Шартты түрде оларды екі түрге бөлуге болады:
1) жалпылама
2) техникалық-экономикалық.
Бірінші топтағы көрсеткіштерге табыстылық деңгейін, еңбек
өнімділігін (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымын (қор сыйымдылығы), материал
қайтарымын, капитал салымындарының (капитал сыйымдылығы) қайтарылымдығын
жатқызамыз. Екінші топқа ресурстарды қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін
жатқызамыз. Бұл көрсеткіштер нақты талдау және өндіріс процессінің жеке
жақтарын жоспарлау үшін, кәсіпорындағы оның өсімінің факторларын есептеу
үшін қолданылады. Бұл: жеке өндірім: еңбек құралдарын қолдану,
агрегаттардың қуаттылық коэффициенттері және т.б.; шикізат, материалдар,
отын және энергетика шығындарының үлесі, капитал салымдарының үлесі,
келтірілген шығындар, өтелімділік мерзімі.
Өндірістің экономикалық өсімін экстенсивті әдіспен де, интенсивті
әдіспен де анықтауға болады. Өнімнің өрлеу қарқынының ресурстар мен
шығындардың өрлеу қарқынынан жоғарылауы интенсивті экономикалық өсімін
көрсетеді.
Үздіксіз өсуді қамтамасыз ету мүмкіндігі мен өндірістің экономикалық
тиімділігінің жоғары қарқыны тек қана дамудың интенсивті жолына өтуді
қамтамасыз етеді. Осыдан жан-жақты өндірісті қарқындандыру бұл оның
тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы болып табылады.
Өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші өндіріс нәтижесі мен
жұмыскерлердің орташа тізімдік санының қатынасымен, немесе бір өнім
бірлігіне еңбек сыйымдылығы – жұмыс уақытының шығындалуымен өлшенетін тірі
еңбек өнімділігі болып табылады. Жапонияда еңбек өнімділігін кәсіпорынның
іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызады 4
.
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткішінің бірі
болып бір жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық өнімділік табылады. Оның
көлемі жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға
шаққандағы орташа жылдық өнімділігіне тәуелді. Мұндай тәуелділік келесі
формула арқылы анықталады:
W= ==*, мұнда

Т - өнімді өткізуден түскен табыс (түсім);
R - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;
r –- жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;
-бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімділігі;
- жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы;
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды
көрсеткіштерінің бірі негізгі өндірістік қорларды қолданудың жалпы
көрсеткішін көрсететін қор қайтарымы болып табылады. Ол талданатын кезең
бойынша өнімді өткізуден түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың
орташа жылдық құнына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады:
f= , мұнда

f – қор қайтарымы;
F – негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны;
Т - өнімді өткізуден түскен табыс.
Қор қайтарымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы – осылай
анықталады , немесе .
Еңбек сыйымдылығы көрсеткішінің қасиеті - бұл оның алымының
жабдықтардың топтары мен жеке цехтар бойынша құрама бөліктерге ыдырай
алатындығында. Осының бәрі қорды қолданудың жалпы көрсеткіштеріне әрбір
өндірістік учаскісінде техниканы қолдануға әсерін бекітуге мүмкіндік
береді.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын
маңызды көрсеткіштерінің бірі тауарлық өнім құнының шығындалатын
материалдық ресурстар құнына қатынасы арқылы анықталатын материал
қайтарымы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мәліметтері бойынша бұл
көрсеткішті анықтау үшін алымында өнімді өткізуден түскен табыс, ал
бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Тауардың көлеміне де,
шығындалған материалдардың соммасына да әсер ететін факторлар материал
сыйымдылығының көрсеткішіне әсерін тигізеді.
Материал сыйымдылығының талдауы материалдардың маңызды түрлерінің
(машина құрылысында -металлдардың) бөлінуі арқылы, сонымен қатар
материалдардың құрамындағы – таза салмақ пен қалдықтардың материалдарға
кететін жалпы шығындарға деген әсерін анықтау арқылы нақтыланады.
Материалдардың орташа үлес салмағы жеке есептелінеді, себебі
ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды өткізу және үнемдеу режимі
сатылған бұйымдар мен кооперацияланған кәсіпорынның жартылай дайын өнімге
кеткен шығындарға қарағанда материалдар шығындарына көбірек әсерін
тигізеді.
Шаруашылық субъектінің активтерін қолдану тиімділігі - анықталған
субъектіге қаражаттарды салудың мақсатқа сайлылығы туралы сұрақты шешудегі
маңызды тұжырымдама болып табылады. Активтер тиімділігінің жалпылама
көрсеткіштердің ішіндегі ең дұрысы, мойындалған және кең қолданылатын
табыстылық коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент таза табыстың жалпы
активтерге қатынасы арқылы анықталады.
Жалпы активтер (аванстанған, жиынтық капитал) табыстылығының деңгейі
келесі формула бойынша есептелінеді:
Таза табыс
Т=--------------------------------- -------------
Жалпы активтер (жалпы, жиынтық
капитал = валюта балансы)

Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті бұл меншік иелері үшін
өнімді өткізуден түскен табыстылықтың меншікті капитал айналымдылығының
көрсеткішіне қатынасының нәтижесі болып табылады. Ол келесі формула арқылы
анықталады:

Т =, мұнда:

Т- меншікті капиталдың табыстылығы;
Т - таза табыс;
М - меншікті капитал.
Ол экономикалық қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады.
Жеке кәсіпорындар қызметін талдаудың әртүрлі жақтары қосылатын негізгі
көрсеткіш деп айтуға болады, – деп жазды Жак Ришар
32 .
Бұл формула Батыста кең қолданыс тапқан Дюпонның модифицирленген
формуласымен қиылысады. Ол жеке компанияның қаржылық есеп беруін талдауында
қолданатын акцияға есептелген табыс көрсеткішінің қарапайым талдамалы
ыдырауы болып табылады:

Т ==, мұнда:
Т - меншікті капиталдың табыстылығы;
Т -таза табыс;
Т - өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс;
А – активтер құны;
М -меншікті(акционерплік капитал) 23 .
Дюпон формуласының әрбір көбейткіші дербес көрсеткіш болып табылады.
Бұл формуланы қолданған талдаушы тізбекке қосылған факторлардың қайсысы
акционерлік капиталдың табыстылығына ең көп әсерін тигізгенін анықтай
алады.

2 Казмельмаш ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің
және іскерлік белсенділігінің талдауы

2.1 "Казмельмаш" ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының жалпы
бағалауы

Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ҚР –ның
заңына сәйкес: ЖШС жарғылық капитал белгілі бір құрылтайшылық құжаттармен
бөліктерге бөлінген серіктестіктің бір немесе бірнеше тұлғамен құрылғанын
расталынады, ЖШС –тің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауапты
болмайды және олардың салынған салымдардың құны шегінде серіктестіктің
қызметімен байланысты шығындар тәуекелін мойындайды.
Казмельмаш ЖШС 1999 жылдың 9 ақпаннан өндірістік қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлға болып табылады. Меншік нысаны – жеке, меке-жайы
Қостанай қ. Рабочая,186 к.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өзін-өзі
қаржыландыру мен өзін - өзі өтеу негізіндегі, оқшауланған меншікті
иемденетін, дербес балансы мен кредиттік мекемелерде шоты бар (Қостанай
қаласындағы Тұран Әлем Банкідегі № 7891441 есепайырысу шоты банктің МФО-сы
192701305), өзінің аты көрсетілетін дөңгелік мөрі, эмблемасы, фирмалық
бланкілер мен реквизиттер болатын, өз атынан келісімдерді жасай алатын,
меншіктік және меншіктік емес құқықтары болатын және міндеттерді мойынға
алатын, талап қоюшы, жауап беруші және сотта үшінші тұлға бола алатын заңды
тұлға болып табылады.
Казмельмаш ЖШС-тің басқару органдары келесілер болып табылады:
қатысушылардың жалпы жиналысы мен атқарушы директор. Басқарушылық
қызметтерді атқаруға уәкілеттілігі бар тұлғалар келісілер болып табылады:
атқарушы директор және директордың орынбасары.
Қызметтің негізгі түрі – астықты кептіру, сақтау, тазарту және
ұсақтау бойынша диірменшілік қызметті көрсету.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы активтерге қаржылық
ресурстардың салудың дұрыстығына және мақсатқа сайлылығына байланысты.
Кәсіпорынның жұмыс істеу кезінде активтердің шамалары да, олардың құрылысы
да тұрақты өзгерістерге ұшырайды. Қаражатардың құрылысындағы және олардың
көздеріндегі сапалық өзгерістер мен бұл өзгерістердің динамикасы туралы
жалпы көріністі тікелей және көлденең талдауының көрсеткіштерін кіргізетін
салыстырмалы аналитикалық баланс көмегімен алуға болады (кесте 1).
Кесте 1 деректері 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда меншіктің нақты
құны 3005332 теңгеден 2211979 теңгеге дейін түскенін және 793353 теңге
құрайтынын, немесе 26,4 % түскенін көрсетеді. Мұндай төмендеудің себебі
ұзақ мерзімді активтердің 97,84 % және қысқа мерзімді активтердің 2,16%
түскендігі болып табылады. Ұзақ мерзімді активтер меншігінің жалпы құнында
үлес салмақтың 22,97 пайыздық пунктіге түсуі кезінде ақша қаражаттардың
үлесі 7,15 %, қысқа мерзімді дебиторлық берешектің 8,24 % өсуі байқалды.
Кесте 1
Казмельмаш ЖШС –тың салыстырмалы талдамалық балансы, теңге

Абсолюттік Үлес Өзгерістер
шамалар, тенге салмақтар, %
Баланс 2007 ж 2008 ж 2007 ж 2008 ж
көрсеткіштері
Мобильділік ағымдағы активтер құны 66,23 89,2 +22,97
коэффициенті жалпы активтер құны
Ағымдағы және ұзақ 196,1 826,3 630,2
мерзімді активтер ағымдағы активтер құны
коэффициенттерінің ұзақ мерзімді активтер құны
қатынасы
Активтердің нақты анықталған өндірістік әлует 34,9 13,2 -21,7
құнының активтерінің құны
коэффициенті жалпы активтер құны
Дебиторлық дебитролық берешек
берешектің жалпы активтер құны 41,65 49,89 +8,24
коэффициенттері:
Активтердің жалпы дебиторлық берешек
құнындғы ағымдағы активтер құны 62,89 55,93 -6,96
Ағымдағы активтер
құнындағы

Активтердің нақты құнының коэфициентін есептеу үшін аяқталмаған
капиталдық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдр құнының
соммасы арқылы анықталатын кәсіпорынның өндірістік әлуетінің шамасын білу
керек.
Кесте 2 сәйкес талданатын кезеңдегі кәсіпорынның активтер
мобильділігінің коэффициенті 22,97 тармаққа өсті, бұл оң құрылыстық жылжу
болып табылады, меншік жұмылдыруының өсуі оның айналымдылықтың
жылдамдағандығының және тиімді қолдағандағынының белгісі, сонымен қатар
мұны ұзақ мерзімді активтер коэффициенттерінің байланысы көрсетеді, оның
қарқынды өсімі (196,1-ден 826,3) ағымдағы активтерге есептегенде ұзақ
мерзімді активтердің соммаларының төмендеуімен түсіндіріледі. Талданатын
кезең бойынша ұзақ мерзімді активтер 1,76 есе, ал ағымдағы активтер 1,009
есе кеміді. Активтердің нақты құны коэффициентінің деңгейі 21,7 тармаққа
төмендеуі теріс баға береді, себебі материалды-техникалық базаның дамуы
теріс сипатта болады.
Казмельмаш ЖШС-тың актив құнындағы дебиторлық берешектің үлес салмағы
8,24 тармаққа өсті, бұны теріс бағалау негізінде қарастыру қажет, бірақ
барлық активтердің төмендеу қарқыны ағымдағы активтердің төмендеу
қарқынынан басым болғандықтан, ағымдағы актив құнындағы дебиторлық
берешектің үлесі төмендеді.
Кәсіпорын меншігінің азаюы мен ұлғаюының себебін қаржылық ресурстар
құрамында болған өзгерістерді зерттеу арқылы анықтауға болады.(3 кесте)
Кесте 3
Кәсіпорынның аванстанған капиталының
коэффициенттік талдауы

Көрсеткіштер Есептеу формуласы 2007ж.2008ж. Ауытқула
р (+,-)
Тәуелсіздік коэффициенті меншікті 0,8658 0,8752 + 0,94
капитал
аванстанған
капитал
Қаржыландыру коэффициенті меншікті 6,45 7,02 + 0,57
капитал
қарыздық
капитал
Қатыстырылған және меншікті 0,16 0,14 - 0,02
капитал қатынасының аванстанған
коэффициенті капитал
меншікті
капитал
Инвестициялау коэффициенті меншікті 2,56 8,11 + 5,55
капитал
ұзақ мерзімді
активтер

1 және 3 кестелердегі деректер бойынша кәсіпорын меншігінің көздері
793353 теңгеге төмендеді, бұл төмендеу меншікті капиталдың азаюымен
байланысты. Меншікті капитал 2008 жылы 1935983 теңге құрады, бұл 2007
жылмен салыстырғанда 665929 теңгеге азайғанын білдіреді, дегенмен кәсіпорын
меншігін құрайтын көздердің жалпы көлемдегі оның үлесі өсті және 88%
құрады. Тәуелсіздік коэффициенті (автономдық) 86,58 % -дан 87,52 % өсті,
бұл нормативтік мәнінен едәуір жоғары (50%).
Қаржыландыру коэффициенті 6,45-тен 7,02 дейін өсті.
Қарыздық пен меншікті капитал коэффициенттерінің қатынасы 0,16 –дан
0,14% дейін төмендеді. Қарыздық капитал үлесінің нормативтік шамасын
анықтау үшін активтердің жалпы соммасындағы негізгі капиталдың үлес
салмағын 0,25 көбейтіп, ағымдағы активтердің үлес салмағын 0,5 көбейту
керек. Алынған нәтижелерді қарыздық капиталдың үлесі мен бірлігінің
ауытқуына бөлу арқылы қаржылық рычаг коэффициентінің нормативтік мәнін
анықтай аламыз. Біздің жағдайымызда 2008 жылы қарыздық капиталдың
нормативтік үлесі 0,4725 (0,11 0,25 + 0,89 0,5) құрауы тиіс,
ал қаржылық рычагтың шамасы немесе қарыздық және меншікті капиталдың
қатынасы 0,896 [0.4725 (1 – 0.4725)] құрауы тиіс. Оның шамасы - 0,14 –бұл
нормативтік шамадан едәуір кем, яғни қаржылық тәуекелдің деңгейі төмен
деуге болады. Инвестицияландыру коэффициенті 5,55 тармаққа өсті (2,56 – дан
8,11дейін), бұл меншікті капиталдың тек қана негізгі құралдарды иемденуге
ғана емес, ағымдағы активтерге де толық көлемде жұмсалатындығының белгісі.
Автономия коэффициентінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, ал қаржылық
тәуекел коэффициентінің деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым кәсіпорынның
қаржылық жағдайы тұрақты болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы кәсіпорынның
өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің нәтижелеріне байланысты.
Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті жүзеге асырылатын болса, онда
бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсерін тигізеді және керісінше, егер
өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспар толығымен орындалмайтын болса,
онда оның өзіндік құны өсіп, түсім мен пайда соммасы азайып, осының бәрі
кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің төмендеуіне
әкеліп соқтырады. Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы бақытты
кездейсоқтық болып табылмайды, кәсіпорынның шаруашылық қызметін анықтайтын
барлық факторлардың кешенін сауатты, тиімді басқарудың нәтижесі болып
табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының сыртқы көрінісі оның
төлемқабілеттілігі болып табылады. Егер кәсіпорын иемденген ақша
қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар, басқа
кәсіпорындарға уақытша қаржылық көмек) және активтің есеп айырысулары
(дебиторлық есеп айырысулар) қысқа мерзімді міндеттемелерді жабатын болса,
онда кәсіпорын төлемқабілетті болып саналады. Кәсіпорынның
төлемқабілеттілігін келесі көрсеткіштерді салыстыру арқылы көрсетуге
болады:
, мұнда

А – ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымда, активтің
есеп айырысулары
КП –қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;
КБ – кредиторлық берешек.
2008 жылғы кәсіпорынның бухгалтерлік баланс бойынша келесі қатынастар
құрылған:
286979 275996.
Төлемқабілеттілікті бағалау үшін меншікті айналымдық капиталдың шамасын
есептеу керек, яғни айналымдық (ағымдағы) активтердің жалпы соммасы қысқа
мерзімді міндеттемелер соммасынан артық болатын шаманы анықтау керек.
Көрсеткіштің мәні осында, ағымдағы міндеттемелер бұл 1 жыл ішінде
өтелінетін қарыздар болып табылады, ал ағымдағы активтер бұл қолма - қол
ақша, немесе оған айналатын, бір жыл ішінде шығындалатын қаражаттар.
Ағымдағы міндеттемелер айналым қаражаттар есебінде өтелуі тиіс. Егер
айналым қаражаттардың соммасы ағымдағы міндеттемелер соммасынан артық
болса, онда олардың арасындағы ауытқулар шаруашылық қызметті одан әрі
жалғастыруға арналған меншікті айналым капиталдың шамасын береді. Ағымдағы
активтерден тауарларды сату жүзеге асырылады, ол кредитті алудың және
өткізілетін тауарлық массаның көлемін ұлғаюының негізі болып саналады.
Меншікті айналымдық капиталдың жеткіліксіздігі кәсіпорын банкроттығына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіш ағымдағы активтердің жалпы шамасынан қысқа мерзімді
міндеттерді алып тастау арқылы анықталады немесе келесі формула бойынша
анықталады:
МАК = IIIП – IA

2007 жылы МАК = 2601912 – 1015002 = 1586910 теңге

В 2008 году МАК = 1935983 – 238785 = 1697198 теңге,мұнда
IIIП – баланс пассивінің III бөлімінің қорытындысы,
IA – баланс активінің I бөлімінің қорытындысы,
МАК – меншікті айналым капиталы.
Меншікті айналым капиталының шамасы 1586910 теңгеге өсті, яғни 6,9 %
өсті.
Төлемқабілеттілікті бағалағанда айналым капиталының оптималды көлемі
қанша болу керек, ағымдағы өтімділік коэффициенті не үшін жиі
қолданатындығы, яғни айналым каптиталының қысқа мерзімді міндеттерге
қатынасы деген сұрақ туындайды. Бұл коэффициент кәсіпорынның
төлемқабілеттілігі мен бірінші кезектегі төлемдерді өтеу қабілеттілігінің
жалпы индикаторы ретінде кең қолданыс табады. Экономистер түрлі
ерекшеліктерге қарамастан, келесі ережелерді ұстайды: инвестицияларға
минималды кепілдікті қамтамасыз ету үшін айналым капиталы ағымдағы
міндеттерден кем дегенде 2 есе артық болуы тиіс.

К ағым.өтім = АК (ҚП+ҚБ)мұнда

АК – кәсіпорынның айналымдық капитал(ағымдағы активтер)
ҚП –қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;
КБ – кредиторлық берешек.
Талданатын кәсіпорынның бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша:
2007 жылы:

К ағым.өтім=1990330403420=4.93

2008 жылы:

К ағым.өтім=1973194275996=7.15

Талданатын кәсіпорынның ағымдағы өтімділіктің мәні нормативтен едәуір
жоғары және өсу беталысы байқалады (2 есеге жуық).
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы баланстың пассив пен актив баптарының
қатынасын зерттеу негізінде толығырақ ашылады. Баланс активінің және
пассивінің әрбір бабында өзінің қаржыландыру көздері болатыны белгілі.Ұзақ
мерзімді активтердің қаржыландыру көздері меншкті капитал мен ұзақ мерзімді
қарыздық көздерден тұрады.
Ағымдағы активтер қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінде де,
меншікті капитал есебінде де құрылады. Бұл активтердің жартысы меншікті
капитал негізінде, жартысы қарыздық капитал негізінде құрылуы тиіс.
КазмельмашЖШС-тың активтерді қаржыландыруда қандай саясат
ұстайтындығын 4 кестеде қарастырайық.

Кесте 4

Ағымдағы активтерді қаржыландыру көздері

Көрсеткіштер 2007 ж. 2008 ж.

Ағымдағы активтердің жалпы соммасы 1990330 1973194
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы соммасы403420 275996
Меншікті айналым капиталының соммасы 1586910 1697198
Ағымдағы активтер соммасындағы үлес, %:
меншікті капитал 80 86
тартылған капитал 20 14

Келтірілген деректер 2007 жылдағы ағымдағы активтердің 20% қарыздық
қаражаттар есебінде тұратындығын, 2008 жылдағы ағымдағы активтерді
құрудағы қарыздық көздерінің үлесі төмендегенін, яғни 14% құрағанын, ал
меншікті қаражаттардың өскенін, яғни 86% құрағанын көрсетеді. Бұл
Костанайлифтинвест ЖШС-тың сыртқы инвесторлардан тәуелділігінің
төмендеуінің белгісі, яғни кәсіпорын активтерді қаржыландыруда
консервативтік бағыт ұстайтындығын білдіреді. Қаржылық тұрақтылықтың төрт
түрлерін ажыратуға болады:
1) қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы. Қаржылық
тұрақтылықтың шекті түрі, ол өте сирек кездеседі:

Ш МАК + ПК

2) кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне кепіл беретін қаржылық
жағдайдың қалыпты тұрақтылығы :

Ш = МАК + ПК

3) төлемқабілеттілікті бұзумен байланысты қаржылық жағдайдың
тұрақсыздығы. Алайда мұнда меншікті қаражаттар көзін толтыру және меншікті
айналым қаражаттарын ұлғаюы есебінде тепе-теңдікті қалпына келтіру
мүмкіндігін сақтауға болады:
Ш= МАК + ПК + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қаржылық талдау» пәні бойынша дәріс тезистері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу
Айналыс активтері
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері
Төлем талап тапсырмалары
Компанияның қызметінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Пәндер