Жергілікті желінің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І. Бөлім. Компьютерлік желінің негізгі
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Корпоративті және аймақты
желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Телекоммуникациялық есептеуіш
желілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Интернет
желісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Жергілікті
желі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..7
ІІ. Бөлім. Жергілікті желінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 8
2.1. Негізгі желілік
топологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9
2.2. Желілік техникалық
құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...10
2.3. Желіні физикалық
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2.4. Желіні логикалық
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..11
ІІІ. Бөлім. Кәсіпорынның желі құрылымын
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.1. Компьютерлік желі. Желі
топологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.2. Желіні
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Компьютерлерді орналастыру
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.4. Серверді
орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...15
3.5. Желінің
архитектурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
3.6. Желілік
ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
3.7. Кәсіпорынның компьютерлік желісінің құрылымдық жоспары
... ... ... ... ... ..
3.8. Желінің кабельдік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16
3.9. Желіні басқаратын операциялық
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.10. Кәсіпорынның әрбір бөлімшесі бойынша жұмыс орындарын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.11. Желіні құруға жұмсалған қаражатты есептеу. Активті және пассивті
құралдардың бағасын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 19
3.12.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24

Кіріспе

Бұл проект студенттің өзіндік жұмысы кезінде ғылыми әдебиетпен жедел
жұмыс істеуіне көмектеседі. Проект спецификалық, аппараттық және
программалық құралдардың жалпы бағасын есептеуді және арнаулы сұрақтарын
зерттейді. Желіні құру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде
келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар бұл курстық жұмысының тағы бір мақсаты берілген тапсырмаға
сәйкес компьютерлік желіні анықтау.
Осындай жұмыстың өзектілігінде күмәндануға болмайды.
Жұмыстың есебі – структураланған кабельдік жүйені құру және құралдарды
орналастыру үшін оптимальды шешімді табу.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен
байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен
мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады
да, бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер
ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар)
тиімді пайдалану мақсатында құрылады. Компьютер желіге тақша, модем немесе
жоғарғы жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады.
Жергілікті есептеуіш желілер (LAN) – саны шектеулі (әдетте 100 дейін)
компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде,
өнеркәсіп немесе кәсіпорын т.с.с.) компьютерлерді біріктіреді.
Мекемелердегі жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында
тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады.
Жергілікті желілер құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматттандыру,
әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс
орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын
автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге
қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен
біріктіріледі. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары
жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс
желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен
бөгелу шамасы артып кетеді. [2]
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты болып берілген жоба бойынша
кәсіпорынның структураланған кабельдік жүйені құру және құралдарды
орналастыру үшін оптимальды шешімді табу. Бұл үшін өндірістің жобасы және
өндірісте қолданылатын құрылымдар берілген:
• №1 – 7 бөлімшелерге 4 компьютер, №8 бөлімшеге 8 компьютер, 9 телефон
және 2 желілік принтер.
• Директор мен хатшы бөлімшелеріне 1 компьютерден, 1 факс және 1
принтерден.
• Серверлік бөлме үшін – желілік құрылғы, серверлі қойғыш және мини-
АТС.
• Өндіріс жобасы:

Берілген курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Соның ішінде негізгі бөлім 3
бөлімнен, бірінші бөлім төрт бөлімшеден, екінші бөлім төрт бөлімшеден және
үшінші бөлім он бөлімшеден тұрады.

І.Бөлім. Компьютерлік желінің негізгі түрлері.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен
байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен
мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілержергілікті деп аталады да,
бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ
ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар)
тиімді пайдалану мақсатында құрылады. Компьютер желіге тақша, модем немесе
жоғарғы жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады.
Жергілікті есептеуіш желілер (LAN) – саны шектеулі (әдетте 100 дейін)
компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде,
өнеркәсіп немесе кәсіпорын т.с.с.) компьютерлерді біріктіреді.
Мекемелердегі жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен қызметкенрлер арасында
тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады.
Жергілікті желілер құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматттандыру,
әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс
орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын
автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге
қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен
біріктіріледі. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары
жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс
желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен
бөгелу шамасы артып кетеді. Жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың
берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын
болған сайын сигналдың өшуі мен бөгелу шамасы артып кетеді.[2]
Желіні құру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде
келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.
Ортақ шина. Бірдей құқықты құралдар ортақ арнаны пайдаланады. Негізгі
артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі арнаға енудің кезекпен
ұйымдастырылуы. Бұл топология Интернет жүйесіндегі кең таралған бірдей
құқықты қолданушылардың радиоарнасы.
Сақина. Арнайы қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы сақина
түрінде біріктірілген. Біріншісі жалпы шинаға ұқсас. Айырмашылығы сақинадан
жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. Ең кең тарағаны Token Ring
және FDDI технологиялары. Арнаға енуді басқаруды талап етеді. Екінші
жағдайда деректер ретрансляцияланумен жіберіледі, бірақ станциялар бір-
біріне тәуелсіз деректер алмаса алады. Деректерді жіберетін екі жолдың
болуы желі өнімділігін және сенімділігін арттырады. Сақина көбінесе
ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.
Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы қосылған. Қымбат
кабельдік жүйе болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке,
сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ
қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланылады.
Ұяшықтық топологиясы (mesh). Толық байланысқаннан кейбір байланыстарды алып
тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу тығыз
жүретін компьютерлер ғана байланысады, басқалары үшін аралық байланыс
арналары қолданылады.
Тармақтық. Элементтердің функционалды қызметтеріне байланысты құруға және
кабельді үнемдеуге жол ашады. Барлық күрделі жүйелердің құрамына кіреді.
Жұлдызша. Тармақтық құрылымның элементі болып келеді. Кабельдік жүйесінің
қымбаттылығымен ерекшеленеді. Бұл көбінесе түйіндер алыс орналасқан кезде
білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында туатын кабельдер
жүйесінің, кең таралатын радио арналарының негізі болып табылады. Мен
жобамда жұлдызша топологиясын қолдандым. [1]

1. Корпоративті және аймақтық желілер.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті
есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді үлкен мекемелерде (корпорациялар),
банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат
құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдердегі:
филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б тұтынушыларға қызмет көрсету үшін
қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген
бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық
ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар
қолданылады. Егер желі елдегі аймақтық Масштабтағы компьютерлерді
біріктіретін болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде
байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз
байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы
мәселелерді шешу мақсатында бағытталады. Бұл энергетика, жол, аймақтық
жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттық
қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін. Егер қашықтықтағы компьютерлерді
байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.[4]

1.2. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш
желілер коммуникациялық есептеуіш желілер деп аталыды. Телекомммуникациялық
желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара
байланысқан жергілікті желілерден құралады (абоненттік жүйе). Мұндай
масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық
ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық
желіні пайдаланушылардың, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан
ақпаратты жедел түрде кез - келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар
желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі
компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары,
бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған
адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты
жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе
байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді
аналогтық, цифрлық және кодтық қолданылады. Телекоммуникациялық желілердің
ақпараттық қамтамасыз етілуі – желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас
ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың ортақ
пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны.[6]

1.3. Интернет желісі.

Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы,
кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр
түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен
қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда, кабельдік желілерді
қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон,
радио байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері
арқылы байланыс т.б. қолданылады. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп
аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі
масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континеттер
арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Ауқымды желі немесе
Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен
жетістіктерінің бірі. Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс)
бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер
жиынтығы.[5]

1.4. Жергілікті желі.

Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін
қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерден басқа да желілік
құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты
түрлендеруге мүмкіндік береді. Ақпарат – желілер арқылы берілетін
сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процессі), осыдан кейін сигнал қайта
түрлендіріледі (декодтау процессі). Компьютерлер, жергілікті желіге желілік
тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілік адаптер арқылы қосылады.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін
қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring
және ArcNet типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және
желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді. Ақпарат
байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды
және сымсыз түрлері бар. Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутатор
жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр
түрлі бөліктерін біріктіреді. Бірнеше компьютерлерді желіге қосу үшін әрбір
компьютерге желілік тақша орнатып, оларды бір-бірімен кабель арқылы
байланыстырып, компьютерлердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы
программаларды іске қосу үшін қосу керек. Егер компьютерлер бір-бірінен
алшақ араласпаса, олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір
программалық қамтамасыз ету кестесімен басқарыла береді. Осындай желіні
жергілікті желі (LAN) деп те атайды. [1]

II. Бөлім. Жергілікті желінің түрлері.

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір деңгейлі (бір
рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген
файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-
сервер түріне жатады. Клиент-сервер желісінде серверден басқа компьютерлер
– жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады. Сервер
– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ
ресурстарды пайдалану үшін сервер қосылу қажет. Серверге желілік
принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық
пошта), факстар және т.б қосылады. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер
атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығынан
қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс өнімділігімен және қатты
дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық
ресурстар – дерек жинақтаушы дискілер (накопители), принтерлер, модем, CD-
ROM (компакт-диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ
ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет. (1-сурет)

1-сурет. Клиент – серверлік үлгі.

Бір - деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы - бір мағынасында
басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі
ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап отыратын
қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды
ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың керегі
жоқ. Деңгейлері бірдей жергілікті желілерде әрбір жұмыс станциясы басқалары
үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бір компьютерге принтер,
басқасына компакт – диск орналастыруға арналған дискжетек (дискіні
айналдырып мәлімет алатын құрылғы) қосылуы мүмкін. Принтер қосылған
компьютер іске қосылмай тұрса, онда желі арқылы басуға мәлімет шығара
алмаймыз. Бірдей деңгейлі жергілікті желіні құру өте жеңіл және осындай
тәсілмен кез-келген мәселені шеше алады. Жергілікті желідегі жұмыстарды
басқаруға жауапты және жүйелік саясатты реттейтін маманды – жүйелік әкім
(администратор) деп атайды. Жергілікті желідегі әрбір дербес компьютер
жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.[4]
Жергілікті желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам қарым-
қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жергілікті желінің кейбір қызметтері:
• Сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу, бірнеше пайдаланушылардың
қандай - да бір дерекпен жұмыс істеуі;
• Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық
дискілерінің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
• Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын
пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеу мен құжат айналымы;
• Сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
• Принтерлер, CD-ROM дискжетектері , қатты дискілер және қосымшалар
(мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық
жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану;
• Интернетке қосылу мүмкіндігі;
• Ақпараттың резервтік көшірмесін алу және орталықтандырылған қорғау.
Кез – келген компьютерлік желі:
• Топологиясымен;
• Хаттамалармен;
• Интерфейсімен;
• Желілік техникалық және программалық құралдармен сипатталады.
Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы
құрылымдық байланысты көрсетеді. Желілік техникалық құралдар –
компьютерлерді ортақ компьютерлік желі жұмысын басқарады және онымен
қолданушы арасындағы ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді. Хаттамалар – желінің
функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін қағидалар.
Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерінің өзара қосатын құралдар.
Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе программалық
модульдер қолдануы мүмкін.[1]

2.1. Негізгі желілік топологиялар

Желіні құру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде
келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолдануы мүмкін.
Ортақ шина. Бірдей құқықты құралдар ортақ арнаны пайдаланады.
Негізгі артықшылығы қарапайымдылығы және арзаны. Негізгі кемшілігі арнаға
енудің кезекпен ұйымдастырылуы. Бұл топология Интернет жүйесіндегі кең
таралған бірдей құқықты қолданушылардың радиоарнасы.
Сақина. Арнайы қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы сақина
түрінде біріктірілген. Біріншісі жалпы шинаға ұқсас. Айырмашылығы сақинадан
жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. Ең кең тарағаны Token Ring
және FDDI технологиялары. Арнаға енуді басқаруды талап етеді. Екінші
жағдайда деректер ретрансляцияланумен жіберіледі, бірақ станциялар бір –
бірімен тәуелсіз деректер алмаса алады. Деректерді жіберетін екі жолдың
болуы желі өнімділігін және сенімділігін арттырады. Сақина көбінесе
ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.
Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы қосылған. Қымбат
кабельдік жүйе болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке,
сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ
қолданылатын АТС құрған кезде пайданылады.
Ұяшықтық топологиясы (mesh). Толық байланысқаннан кейбір байланыстарды
алып тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу
тығыз жүретін компьютерлер ғана байланысады басқалары үшін аралық байланыс
арналары қолданады.
Тармақтық . Элементтердің функционалды қызметтеріне байланысты құруға және
кабельді үнемдеуге жол ашады. Барлық күрделі жүйелердің құрамына кіреді.
Жұлдызша. Тармақтық құрылымының элементі болып келеді. Кабельдік
жүйесінің қымбаттылығымен ерекшеленеді. Бұл көбінесе түйіндер орналасқан
кезде білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында туатын
проблемалар бір жерде жинақтауға мүмкіндік жасайды. Құрылымдық кабельдер
жүйесінің, кең таралатын радио арналарының негізі болып табылады.
Күрделі құрылым. Типтік және классикалық құрылымдардың жиынтығы.[3]

2.2 Желілік техникалық құралдар

Желілік техникалық құралдар:
• Кабельдер
• Желілік интерфейстік
• Концентраторлардан
• Комутатордан
• Бағыттауыштадан
• Модемдерден
тұрады.
Кабельдер. Иілгіш қос сым түріндегі кабель екі түрде кездеседі:
Экрандалған иілгіш қос сым (ТР,Twisted Pair) және экрандалмаған иілгіш қос
сым (UTP,Unshielded Twisted Pair). Кабельдің екеуі де өзара байланған мыс
сымдардан тұрады. Экрандалған иілгіш қос сым типті кабель өзінің
арзандығымен, жұмсақтығымен, орнатуға жеңілдігімен белгілі. Бұл типті
кабельдің жалғыз ғана кемшілігі электрлік және сымдардағы кедергілерге
төтеп бере алмауында. Иілгіш қос сым типті кабельдер 3,4,5,6 және т.б.
категориялы болып келеді. Категория нөмірі жоғарылаған сайын ол кабель
жоғарғы жылдамдықты қолдайды. Жіңішке және жуан коаксиальді кабель. Бұл
типті кабельдер теледидардың кабельдеріне ұқсас келеді. Олармен жұмыс істеу
қиындық тудыратын болғандықтан , кейінгі кезде иілгіш қос сым түріндегі
және оптикалық талшықты кабельдер қолданылады. Оптикалық талшықты кабельдер
пакет түрінде деректерді 10,100 немесе 1000 Мбитс жылдамдықпен өткізеді.
Ол электр сымдарындағы кедергілерден қорғауды және деректерді алыс
қашықтыққа жіберуді жақсы қамтамасыз ететіндіктен, көбінесе орталық
магистральдық желілерде қолданылады.
Желілік интерфейстік тақша (NIC, Network Interface Card) дербес және
портативті компьютерлерге қойылады. Олар жергілікті желідегі басқа
құрылымдармен байланысты қамтамасыз етеді. Өнім щығарушыларға әр түрлі
талап қоятын дербес компьютерлерге арналған желілік таяқшалар (желілік
адаптерлер) өнімділікті арттыруда, желіде трафикке жауап беру кезінде
үстемділікті анықтауда трафик мониторингісінде үлкен рөл атқарады. Олар
орталық станциядан алыстан екпіндеу немесе конфигурацияларды алыстан
өзгерту сияқты қызмет атқарады. [1]

2.3. Желіні физикалық құру.

Физикалвқ құру үшін мынадай құрылғылар қолданылады:
Қайталаушылар. Ақпараттар немесе электросигналдары желі бойына кабельдің
бір шетінен өтуі арқылы тарайды. Мұндай жағдайда ештеңе қолданбаса, сигнал
кабельдің бір шетіне барып шағылады. Ал сигнал шағылданғанда басқа
компьютерлер байланыса алмайды. Сол себепті кабельдің әр шеттеріне
терминатор (terminators) деген құрылғыларды орнатады, олардың жұмысы осы
сигналдарды шағылыстырмай, өзіне сіңіріп алу. Желіні үлкейту үшін,
кабельдерді ұзартады. Ұзарту кабельдің бір ұшына басқа кабельді қосады. Бұл
екі жолмен орындалады. Біріншісі барелл-коннекторға (barrel conector),
екіншісі қайталаушы (repeater). Қайталаушы конекторға қарағанда сигналды
күшейтеді де келесі сегментке жібереді.[2]
Концентраторлар. Желінің тәртелінген кабельдік конфигурациясына кіретін
барлық ДК-лер концентраторлар арқылы байланысады. Концентратор (hub) –көп
кірісті құрылғы, жұмысы бірнеше ДК-лерді, яғни физикалық сегменттерді
біріктіреді. Желіні құру үшін концентраторлардан бастап орталық түйіннің
қызметін атқаратын күрделі құрылымдар және әр түрлі стандарттар
қолданылады ( Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet,FDDI). Стекті
өсіруші концентраторлар желіні біртіндеп ұзартуға мүмкіндік береді. Олар
бірінің артына бірі кабельдер арқылы қосылады да бір концентратор сияқты
жұмыс істейді. Қос жылдамдықпен концентраторлар (dual speed) желілік
сегменттерді ортақ пайдаланатын қазіргі заманғы желілерде қолданып жүр.
Сонымен қатар, концентраторлар кабельдерді қосқан кезде конфигурацияларды
өзгерту, бұзылуларды табу, орталықтан басқару сияқты амалдарды орындауды
жеңілдетін орталық нүктенің рөлін атқарады.

2.4. Желіні логикалық құру

Желінің қандай - да бір сегмент аймағындағы трафиктік таратуды
трафикті жергіліктендіру (бөлектеу) деп атайды. Желіні логикалық құру
дегеніміз- оны трафиктік жергіліктендіру (бөлектеу) арқылы сегменттерге
бөлу процесі. Желіні логикалық құру үшін көпір, коммутатор, бағыттауыш,
шлюз сияқты коммуникациялық құрылғылар қолданылады. Көпір (bridge) желінің
бөлінген ортасын логикалық сегменттер деп аталатын бөліктерге бөледі және
ақпараттарды бір сегменттен екінші сегментке, егер ондай тасымалдау
шынында да қажет болса, яғни, қабылдаушы компьютер басқа сегментте
орналасқан жағдайда жібереді. Сонымен, көпір бір желінің трафигін
екеншісінен бөледі де, сол арқылы деректердің желі бойынша тасымалдану
өнімділігін арттырады. Желіні жергіліктендіру оның өткізу мүмкіндігін
үнемдеп қана қоймай, кадрлар өз сегментінен шықпайтындықтан, деректерге
рұқсатсыз енуге тосқауыл болады. Коммутатор- порттар арасындағы
пакеттерді кірістерді қамтамасыз ететін көп портты құрылым. Коммутатор
өзіне қосылғыш әрбір құрылымға желінің өткізу жолағын түгелдей береді.
Бұл өнімділікті арттыра отырып, сегментке хабарласатын қолданушылардың саны
есебінен желінің жауап беретін уақытын азайтады. Егер олар жіберу
жылдамдығын автоматты түрде танитын құрылғылармен қамтамассыз етілген
болса, тиімді жылдамдыққа өздері икемделеді де, конфигурацияны қолдан
өзгертудің қажеті болмайды. Коммутатордың көпірден негізгі айырмашылығы
оның әрбір портында кадрларда көпір алгоритмі бойынша басқа порттың
процессорларынан тәуелсіз өңдейтін арнайы процессор орналасқандығында және
оны өз кезегінде коммуникациялық мультипроцессор деп те қысқартуға
болады.[5] Әрбір порттар қабылданатын барлық пакеттерді жан-жаққа
тарататын концентраторлардан комутаторлардың айырмашылығы олар пакеттерді
тікелей арнайы құрылғыға (адресатқа) ғана жібереді, себебі желіге қосылған
әрбір құрылғының МАС-адресін (Media Acess Control) біледі. Соның
нәтижесінде трафик азайып, желінің жалпы мүмкіндігі арттырады. Қазіргі
заманғы коммутаторлар трафиктік үстемдігін тағайындау, желіні басқару,
көп адрес бойынша жіберу мүмкіндігі артады. Көпірлер мен коммутаторларды
қолдануға қойылатын шектеулер коммуникациялық құрылғылар қатарын
бағыттауыштарымен толықтыруға әкелді. Бағыттауыштар көпірлерге қарағанда
неғұрлым сенімді және үнемді, желінің жеке бөліктерінің трафиктерін бір-
бірінен бөледі. Бағыттауыштар жазық аппараттық емес, сандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желінің анықтамасы
Сервері бар желі
Желі топологиясының түрлері
Ақпаратты жинақтаумен байланыс
Есептеу желілері (Компьютерлік желілер)
Ауқымды желілер. Интернет
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Дербес компьютерлердің желілері
Компьютерлік желі жайында
Ашық және жабық нөмерлеу жүйелерін зерттеу
Пәндер