Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I-тарау. Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы
1.1. Кескіндеме өнерінің дамуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .1х8
1.2. Кескіндеме өнерінің түрлері,
жанрлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2х13
1.3. Қазақстан бейнелеу өнері саласындағы белгілі
суретшілер ... ... ... ... ..3х16
1.4. А. Ғалымбаеваның
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4х1 8

II-тарау. Пейзаж эстетикалық идеал
2.1. Кескіндеменің техникасы мен
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 1х21
2.2. Түстану. Түстік
шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 2х24
2.3. Тақырыптық суреттегі
композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .3х 27
2.4. Практикалық жұмысын орындау
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...4х28

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар

Кіріспе
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке
жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз,
тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып
соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын,
дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым
бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп
ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр
бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу
керек. Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-
тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас
шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан
суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер
иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары
екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына
кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып,
қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер
тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған
халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында
арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман
иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер
зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және
түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы
сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында
болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз
ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық
құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Мысалға
“бейнелеу өнері тарихы” пәнінен бірінші курстан Мысыр, Грек, Рим, Византия,
Италия өнерлерін талдап біткенше студенттер төртінші курста отырады, енді
Қазақстан бейнелеу өнеріне тірелгенде дипломдық жұмыстың уақытымен
есептессек Ұлттық өнеріміз жарты семестр шамасында таныстырылады. Енді
бітіріп шыққан шәкіртіміз ізденіс үстінде әр жарды бір соғып сергелдеңге
түседі неге екені үйреншікті қойылымдардан бас тартып шығармашылық жолына
келгенде тығырыққа тіреледі. Суретші сол-өз жолын тапқан адам өйткені
өнерде де өмірдегі секілді бүреудің өмірі бүреуге өмір болмайды.
Зерттеудіңкөкейкестілігі: Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол
елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге
кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен
Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті
өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз
халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін,
оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді
түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса
керек. Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер
туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын,
хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет
табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы
педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде халықтық
педагогиканың тарихи мұраларыжан-жақтызерттеп, ұтымды пайдалана білудің
берері мол. Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке
деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп,
меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең
ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.Зерттеу жұмысыныңміндеттері: Курстық жұмыста
белгіленген тақырып бойышша көзделген мақсатты бірнеше мінденттерде
қарастырамыз:
- қазақ жерінде кескіндеме өнерінің дамуы мен қалыптасу жолдарындағы
ерекшеліктердіашыпкөрсету;
- суретшілердің алғашқы мен кейінгі шығармаларының композициялық шешімдері
мен көркемдік рәсімдеріне стилистикалық және семантикалық салыстырмалы
талдау жасау арқылыөзіндікидеялықізденісінашу;
- бейнелеу өнеріндегі жаңа ағарқылы көркем-эстетикалық тәрбие берудің
бүгінгі күнге дейінгіжағдайынаталдаужасау. - Мектеп оқушыларының көркемдік
талғамын қалыптастыруда жаңа ағымдарды пайдаланудың тиімділігін эксперемент
жұмысы арқылы дәлелдеу.Жұмыстызерттеудің методологиялықнегізі: Қазіргі
заманда өнерді зерттеп, түсінудегі әртүрлі проблемаларды ғылым саласының
негізгі барысын, ғылыми сүйене айтсақ ол жұмыстың негізгі барысын, ғылыми
теориялық бағыттарды қалыптастыратын және құрайтын бірлестік. Бұл зерттеу
жұмысындағы басты мақсатымыз Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы
тақырыптардың ерекшелігін айта отырып, суретші қолтаңбасын әлем мәдениеттің
бір бөлігі ретінде анықтау болып табылады. Зерттеу жүйесінде кәсіби суретші
шығармашылығындағы түстердің өзіндік тұтас бір жиынтығын көрсететін
концептуалдық негіз бен көп қырлы методологиялық дәлел бар. Кескіндеме —
өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол
адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-бабаларымыздың
үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа
алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын
екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді.
Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын
көркем шығарма. Живопись атауы орыстың живой писать деген сөзінен
алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу
деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б.
салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуапіь, темпера,
майлы оояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен
жасалган және багет рамага салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар
ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды,
мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган
кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын
кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотопия) бар. Живопись
,сурет, мүсін және сәулет өнерідің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры
және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі (Микеланджело)
Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету –
кескіндеме өнері (А. Байтұрсынов) Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) -
бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу
арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты
кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық
ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің
рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді. Кескіндеме туындысы
көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім
алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің
қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді.
Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті.
Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді өнер мектебі деп бағалаған.
Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу,
рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да
шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында.
Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен
көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып,
бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді
бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі
мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында
қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің
қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның
сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен
дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір
тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты
оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады

І – бөлім. Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы
1. Кескіндеме өнерінің даму тарихы
XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ халқының тарихи тағдырында күрт
өзгеріс болды'. Кіші жүз бен Орта жүздің көпшілік бөлігі Ресейдің қурамына
кірді. Ұлы жүздің кейбір сүлтандары мен старшындары да хұзырлыққа кіруге
сүранып жатты. Экономикалық және саяси себептермен терең шиеленіскен
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі XIX ғасырдың ортасына дейін созылады.
Қазақстан жалпы ресейлік экономика мен қоғамдық дамуына байланысты, өзге
өмір тірлігіне тартылды.
Өлкені тарихи, археологиялық. этнографиялық және ғылыми-танымдық
зерттеу басталды. Ғылыми және елшілік сипаттағы керуендер қазақ даласын
кезіп кетті. Көптеген экспедициялар қүрамында мекен-жайлардың топографиялық
бейнесін түсіретін, картографиялық басқа да жүмыстарды орындайтын
суретшілер болды.
Қазақстанда болған алғашқы графиктердің бірі ағылшын Джон Кэстль еді.
Ол 1736 жылы Орынбордан Әбілхайыр ханның ордасына сапар шекті. 1784 ж.
неміс тілінде оның күнделіктері басылып шықты2. Онда 13 бет графикалық
иллюстрация желімделген. Бүгінгі таңда ол күнделіктер қазақ және орыс
тілдерінде иллюстрацияларымен бірге баспадан шықты. Қазақстанның XVIII
ғәсырдың бірінші жартысындағы шынайы көрінісін белгілі дәрежеде бейнелейтін
бүл иллюстрациялар ерекше қызығушылық туғызады. Солардың ішінде "Әбілхайыр
ханның портреті", "Кэстль хан қабылдануында", "Ералы сүлтан, толық
қаруланған бүхар ақыны және бас қызметші Күдері батыр", "Қазақтар сәлемі",
"Қазақ отбасының көші", және басқалар бар. Буларда Әбілхайыр ханның киімі,
дене бітімі, қару-жарағы, түрмысы мен жер бедері анық көрінеді.
1768-1774 жылдары Қазақстанға бірнеше академиялық экспедиция келіп
кетеді. П.Паллас отряды Еділ бойын, оңтүстік Оралды, Батыс Сібірді зерттеді
(XVIII-XIX-шы ғасырдың басында "Сібір" үғымына Қазақстанның бірталай бөлігі
кіретін-солтүстік-шығыстағы жерлер. Ойыл мен Тобыл өзендері ағысының шығыс
жағы, Орталық Қазақстандағы Ұлытау, Шу өзені, Жетісу мен Балқашты қоса).
Қазақстанда болған ең алғашқы кәсіпқой суретшілердің біреуі Емельян
Михайлович Корнеев (1750-кейін 1839 жылдары). Ол 1789 жылы Көркемсурет
Академиясының жанындағы Тәрбиелеу училищесіне қабылданып тарихи кескіндеме
профессоры Г.И.Угрямовтен оқиды. Е.М.Корнеев Академияны 1800 жылы
бітіргеннен кейін ары қарай шеберлік арттыру үшін мемлекеттің қамқорлығына
алынады.
1802-1804 жылдары инфантерия генералы Г.М. Спренгпортен басшылық жасаған
әскери-тексеріс тобы Сібірде жұмыс істейді.
Көркемсурет Академиясының үсынысымен Е.М.Корнеев осы топ құрамына "түрлерді
анықтау" жұмысы үшін жолдама алады. Экспедиция ұланғайыр Сібір кеңістігінде
шашылып жатқан әскери бөлімшелерді аралап шығуға тиіс болды.
Есіл мен Ертіс жағалауына сапарында ол "Өскемен қамалын безендіру
жұмыстарындағы бақытсыз каторгалықтар", "Тұз көліне жүмыс істеп жатқан
каторгалықтар", "Есіл жиегінен Петропавл қамалының көрінісі" акварельдерін
жазады. Ол жұмыстар мемлекеттік тарихи музей қорында сақталған.
Варшавада туған, романтизм бағытындағы суретші Александр Осипович
Орловский де (1777-1831) қазақ тақырыбына қызықпай қалмады. Атақты шонжар
А. Чарторыжский байқап қалған дарынды бала сарай суретшісі Я.П. Норбленге
оқуға беріледі. Норблен болса өмірінің негізгі жылдарын Польшада өткізіп,
Т.Костюшка бастаған көтеріліске қатынасады. Ресейде Александр I таққа
отыруы А. Чарторыжскийдің мерейін асырады. Оның Петерборға келуі А.О.
Орловскийдің де өз демеушісінен қалмай келуіне себеп болады. Суретші мүнда
"Біріккен достар" және "Палестина" дейтін массон ложасына кіреді. Оның кең
де терең танымы, қоғамдық проблемаларға деген қызу пікірі "Біріккен достар"
қоғамының мақсат талаптарымен сәйкес келеді: нәсіл айырмашылығын, діни
сенім мен көзқарас, фанатизмді, үлттық жеккөрушілікті, соғысты жою,
адамзатты білім мен махаббат ізгілігімен біріктіру: суретшінің Ресей
империясының халқы тақырыбына қалам тербеуінің себебі де осымен
түсіндірілетін болуы керек. Оның суреттерінде поляктар, черкестер,
грузиндер, армяндар, қазақтар бейнеленген. А.О. Орловский шығармашылығында
соғыс түрмысы мен шайқастар көрнекті орын алады. Сонымен қатар, ол
портреттер мен карикатуралар да жасады.
1832 жылы Петерборда Алексей Ираклиевич Левшиннің "Қырғыз-қазақ немесе
қырғыз — қайсақ ордалары мен даласының жазба-лары" атты үш томдық қазақ
халқы және қазақ өлкесі жайлы жинақталған зерттеу еңбегі басылып шықты. Сол
кезеңде А.С.Пушкин басшылық жасайтын "Әдебиет газеті": — "Автор көп уақыт
қырғыз даласын аралап, халық туралы алуан түрлі деректер жинады. Осындай
пәндік және бейнелік түрғыдағы көлемді кітап бізде сирек шығатынын ашық та
батыл айтамыз. Бүл орыс ғалымының жалпы Европадағы Азия жайлы сақталған
мәліметтердің қорына қосқан жаңа да бай үлесі болып табылады. Левшиннің бұл
кітабы тез арада шет тілдерге аударылып, Европаның басқа да аймақтарындағы
ғалымдар оның еңбегіне толық және әділетті бағасын беретініне күмән жоқ" —
деп жылы лебіз білдіреді.
A.M. Левшиннің кітабы "Қырғыз-қайсақ", "Жас қырғыз-қайсақ әйелі", "Қырғыз-
қайсақ кемпірі" сияқты бірнеше суреттермен иллюстрацияланған. Бұл кітапқа
суретшілердің аты-жөні жазылмағандықтан, олардың авторы кім екенін анықтау
қиын. Дегенмен, ол А.И. Левшиннің өзі және картограф А.К.Тимофеев,
журналист П.П.Свинин, суретші Е.А. Корнеев, немесе декабрист В.Д.
Вольховский болуы әбден мүмкін. Аталған адамдардың авторлығын анықтау керек-
ақ.
Қазақстан тақырыбына байланысы бар аса дарынды суретшілер К.П. Брюллов пен
В.А.Тропинин XIX ғасырдың 20-30 жылдары сомдаған шығармалары бар. Василий
Андреевич Тропининнің (1776-1857) демократиялық көзқарасы оның
шығармашылығында айқын көрініс тапты. "А.С.Пушкиннің портреті", "Шілтерші",
"Гитаршы", "Булаховтың портреті" жүмыстары орыс бейнелеу өнерінде ерекше
бағыт болды. Оралдың тарихи-өлкетану музейінде В.А. Тро-пининнің
қылқаламынан туган Орал казак әскерінің атаманы М.Д. Бородиннің портреті
сақталған.7 М.Д. Бородин 1812 жылғы соғыста казак полктарының бірін
басқарған. Оның полкы Европаны азат етуге және Парижді алуға қатынасқан.
1826 жылы Бородинді генералдыққа көтереді. Сол себептен де, оның портретін
салуға Тропининге тапсырыс берген болуы керек. Кенепке салынған суретте
генералдық шеніне емес, істеген ісі мен еңбегіне риза адам отыр. Суреттің
аса салтанаттылығына қарамастан Тропининнің портреттегі адамның жеке
ерекшеліктері мен адамның мінез қүлқын көрсетуге бағытталған суреткерлік
тәсілі айқын аңғарылады.
Әскери топограф, әуесқой-суретші Матвей Павлович Бабиковтің (Бибиков)
қызметі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталады. Ол 1833 жылы Омбыда
"Орта қырғыз-қайсақ ордалары және оларға шектескен иеліктер мен ордалар
картасын" құрастырады. М.И. Вабиков 40 жылдары бірталай этнографиялық
акварельдер жасайды. Олардың екеуі Санкт-Петербордағы бүкілодақтык,
географиялық қоғамның мұрағатында сақтаулы. Тағы бір жұмысы Киевтегі
Шевченко музейінде үлкен ыждаһаттылықпен жазылып, әйелдер мен кіші балалар
бейнеленген, әсіресе суретші киімдеріне көңіл бөлген жұмыстың бірі — "Орта
Азия халықтары". Кестелі шапан киген байлардан етегін әрең жапқан кедей-
кепшікке дейін аражігін ажырата көрсеткен акварель "Орынбор өлкесінің
қазақтары". Кейінірек ол 30-40 жылдары Орынбор өлкесінде жұмыс істейді.
Оның әріптесі Е.А.Штеренберг және басқа да заман-
дастарының куәлігіне сүйенсек, М.П. Бабиков кескіндеменің білгірі және
жанкүйері болған көрінеді.
Р.Чередеев те суретші-топограф болыпты. Ішінде қазақтың аса ірі
композиторы және күйшісі Дәулеткерей Шығаевтің (1820-1887) суреті салынған
альбомды 1845 жылы географиялық қоғамның экспедициясы қурамында ішкі ордаға
барғанында жинақтайды. Қағаз бетінде киіз үйдің ортасында жаппас руынан
шыққан биші һәм күлдіргі Жанұзақ көпшілікке күлкілі ойын көрсетіп жатыр,
бүл да дүниеде болған адамның құнды бейнесін сақтап қалғандық. Таяққа
сүйеніп Жәңгір ханның аспазы қарақалпақ Алланияз Ходайқүлов түр, ар жағында
экспедицияның тілмәші Мақатай Қожахметов пен атақты палуан-жылқышы Есбосын
Шығын. Осы арада Дәулеткерейдің үлкен әйелі Сартан үлы Азаматгереймен бірге
түр. Ортада Жанүзақтың биіне домбыра қосып Дәулеткерей өзі отыр. Суретке
қарағанда Дәулеткерей орта бойлы, дембелше кең иықты балуан шықты. Ал
қолының саусақтары жіңішке, алақаны жүмсақ көрінеді. Сурет этнографиясын
оймен, көптеген ұсақ-түйектерге мән бере салынған. Осы суреттің негізінде
латыш суретшісі Карл Гун түрлі-түсті литография жасаған. 1862 жылы Теодор
де Паул өзінің "Ресей халықтарының этнографиялық шолу" кітабына осы
литографияны басады. Бұл кітап француз тілінде Петербордан өте үлкен сәндік
әшекеймен шыққан. Чередеев суретінің композициясы литографияға түскенде
аударылып, садақа жинағыш енді оң жақта емес, сол жақта отыр. Экспедиция
тілмәші алынып тасталған. Ертеден келе жатқан үрмелі музыкалық аспап-
сыбызғыда ойнап отырған Шеге атты қазақ суреті қосылған. Сөйтіп,
Р.Чередеевтің суреті мен К.Гунның литографиясы — қазақ композиторы әрі
күйші Дәулеткерей Шығаевтың дене бітімі жайлы қүжатты күәлік болуға лайық,
қүнды иконографиялық материал болып табылады.

2. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары
Бейнелеу өнері тарихының дамуы үрдісінде оның көптеген түрлері
қалыптасды. Атап айтсақ, сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, қолданбалы-
сәндік, дизайн тәрізді өнөр түрлері. Осы өнер түрлерінің бәрі дүниенің
болмысын оның жоғары этикалық идеалдарын сұлулығы мен әсемдігін
насихаттайды. Олардың әрқайсысының өзіндік көркемдік бейнелеу әдіс-
тәсілдері, материал, бейне-танымдық әсері, өмірдегі атқаратын роль
ерекшеліктері жеткілікті. Әр өнер түрі гүлдену мен құлдырау кезеңдерін
бастан кешіреді, яғни олардың даму үрдісі әрдайым біркелкі бола
бермейді. Өнердің қай түрінің де өз көркемдік мүмкіндіктері мен даму
көкжиектерін кеңейтіп отыру мүмкіндіктері бар. Оған басқа да өнер
түрлерінің негізін пайдалана отырып, ғылым мен техниканы меңгеру арқылы қол
жеткізілді. Бейнелеу өнері тарихының дамуының өн бойында, көркемдік
шығармашылықтың кейбір негізгі ұстанымдарын жаңа материалдар, жаңа
көркемдік мүмкіндіктер призмасы арқылы бұза отырып, жаңа өнер түрлерінің
пайда болғандығына уақыт куә.
Кескіндеме өнері Кескіндеме өнері кеңістіктегі өнертүрлеріне қарағанда
өмірдің көріністерін түстер, жарық-көлеңке, сызықтар арқылы кеңістік
өлшемдерін жазықтыққа түсіруімен ерекшеленеді. Кескіндеме өнерінің адам
бейнесін де, қоршаған ортаны да, табиғатты да және тағы басқа көріністерді
бейнелеуге толық мүмкіндігі бар, Кескіндемеші түс пен жарық-көлеңкені,
сызықтарды пайдалана отырып, өмір шындығын, әсіресе оның түстік байлығын
толығымен суреттеп бере алады. Әдебиетте адам тағдырының дамуын оның
уақытын көрсете алса, кескіндеме өнерінде оқиғаның бір ғана сәтін көрсетіп
және сол сәтке жан-жақты мазмұн беріледі. Кескіндеме өнері негізгі үш түрге
бөлінеді: монументалды, қондырғылы, миниатюра. Монументалды кескіндеме -
осы өнердің ең көне түрі. Оның шығу тарихы қоғамдық-діни сәулет өнерімен
тығыз байланысты және осы күнге дейін сәулет өнерінің бір бөлігі ретінде
қарастырылады. Монументалды кескіндеме өнеріне мозаика, фреска, витраж
тәрізді техникалар тән. Қондырғылы кескіндеме көркемдік ансамбльге
бағынбайды, өз бетінше жеке өнер ретінде қарастырылады. Оның жеке өнер
ретінде дамуы Қайта өрлеу кезеңінен бастау алады. Миниатюралық кескіндеме
өнері - ол да ежелгі өнер түрі. Бүл өнер әсіресе орта ғасыр кезеңінде
кеңінен таралады. Оның атқарған ролі көбінде кітаптарға иллюстрациялар
(бейне мысал) ретінде қолдану болып табылады. Кескіндеме өнерінде ең басты
роль атқаратын түстік шешім. Адамның көзі қырық мың түстің реңктерін көруге
бейім.Түстің өзгеруі жарық пен қоршаған ортаға, ауаға, жанында тұрған басқа
түсті заттарға байланысты. Әр суретшінің өзінің таңдап алған палитрасы
(белгілі бір түстер қосындысы ) болады, Әркім түстік қарым-қатынасты, түс
реңктерін өзінше қабылдап, көреді (ол өте индивидуалды), сондықтан екі
бірдей картина өмірде кездеспейді, тіпті ол екі бірдей заттарды бейнелеген
күннің өзінде картина бірін-бірі қайталамайды. Әдетте, түстік қатар
(спектр) мынандай негізгі түстермен ажыратылады: күлгін, көк, көгілдір,
жасыл, сары, қызыл сары, қызыл түстер. Егер түстерді шеңбер ішінде
орналастыратын болсақ, онда жасыл сары түстен қызыл түске дейін-жылы,
күлгін, көк, қою жасыл түстерді -суықтүстер деп атаймыз. Әртүрлі түстер мен
реңктер түзілімінің бірлігін колорит дейміз. Олар жылы немесе суық, байыпты
немесе ширыққан болуы мүмкін. Кей ретте суретші өзінің туындысында түстік
кереғарлықты (контраст) қолданады. Кескіндеме өнерінде әртүрлі материалдар
мен техникалар қолданылады. Монументалды кескіндеме өнерінің гүлдену
дәуірінде мозаика мен фреска техникаларының дамуына әкеледі. Мозаика -
түрлі-түсті тастар немесе балқытылған түрлі-түсті шыны смальталармен
бейнелеу әдісі. Фреска - ылғал немесе құрғақ қабырғаға арнайы сулы
бояулармен бейнеленеді. Қондырғылы кескіндемеде ежелгі кезеңде энкаустика
(балауыз бояуларымен орындалған кескіндеме), орта ғасырда темпера (жүмыртқа
негізінде жасалған бояу), Қайта өрлеу кезеңінен қазіргі кезеңге дейін майлы
бояу, ХVIІ-ХVIIІ ғасырлардан бастап сулы бояу (акварель), пастель
техникаларын қолданады.
Жалпы, картина қалай жарыққа шығады? Әрине, ең басында шығарма адамның
ойындағы идея болып табылады. Суретші алдымен өзінің алған әсерлеріне,
қабылдау мүмкіндіктеріне жүгінеді. Осыдан кейін суретші кейіпкерлер образын
олардың киімдерін оқиға орнын анықтап, олардың нобайларын эскиздерін
жасайды. Ол картина композициясының алғашқы жұмыстары. Композиция - ол
картинаның барлық бөліктерінің ойластырылған құрылымы. Композицияда ең
негізгі және екінші орындағы нәрселерді анықтап, тұлғалар мен заттардың
өлшемдерін көрсетіп, жарық пен көлеңкені айқындау керек. Композиция көбінде
образдар мен заттардың кереғарлығына құрылады. Кереғарлық - көркемдік
мәнерліліктің ең бір күшті құралдарының бірі. Олар картинаға өмірдегі
кездесетін қозғалыс, күрес, құштарлық тәрізді көріністерді енгізеді. Сондай-
ақ суретшінің композиция құрылымы барысында ескеретін заңдылықтары:
перспектива негіздері, ырғақ, сызықтар, түстік түзілім және жарық, көлеңке
ауысымдары болып табылады. Осы айтылған құрал әдіс-тәсілдердің бәрі
суретшінің көрерменге, негізгі ойын жеткізу мақсатында маңызды роль
атқарады. Әрине, әр суретші әрқалай жұмыс істейді, кейбіреуі алдын ала
эскиздер жасап, көп ізденіс жұмыстарын жүргізеді, кейбіреуі өзінің есте
сақтау қабілетін пайдаланып, ой-қиялына көбірек жүгінеді. Туындының негізгі
сипаты оның тақырыбынада тікелей байланысты. Тарихи сюжет көп дайындықты
қажет етсе, қарапайым натюрморт немесе табиғат көрінісі аса дайындықты
қажет етпейді. Суретші мамандықтың бүкіл қыр-сырын білуі керек, бірақ оның
өзі кейде аз болып жатады. Ең бастысы суретшінің ой-идеяларын көрермен
түсініп, бөлісе білуі көрек.

1.3. Қазақстан бейнелеу өнері саласындағы белгілі суретшілер
Қазақстандағы кәсіби кескіндеме өнерінің тарихы Қазан
төңкерісінен кейін басталады.Бұл жетпіс жыл кескіндеме мектебінің
қалыптасуы үшін аз уақыт болған жоқ.Сондықтан да еліміздің көркемөнерінің
қазіргі жағдайы мен тарихы жөнінде байсалды әрі жан-жақты пікір айтуға
болады.Бір уақыттарда діни ұғымдар мен аумалы-төкпелі қиын замандарда
үзіліп қалған кескіндеме дәстүрінің аз уақыт ішінде тез қалпына келіп,
жоғарғы деңгейге жете қоюы мүмкін емес еді. Дегенмен де,30-50 жылдардан
бастап Қазақстанның көркемөнері уақыт өткен сайын қалпына келе
бастады.Көрші елдерден, Мәскеу мен Ленинградтан келген суретшілер
Қазақстандағы кескіндеме өнеріне көп көмегін тигізді.Әрине ол кезде
әлеуметтік жағдай да мәз емес еді.Шығармашылық күштер әр түрлі көзқараста,
жеке дара болатын.Сонда да 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының
ұйымдастыру бөлімі құрылып, оның құрамына В.Сладков, Ә.Исмайлов,
Ф.Болкоевтар кірді.1940 жылы Қазақстан суретшілерінің бірінші съезі өтті.
Еліміздегі көркемөнердің дамуындағы екінші кезеңге 50-60 жылдарды жатқызуға
болады.Осы кезең совет көркемөнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысты
болды. Сондай-ақ ол шығармашылық күштердің қалыптасуына да өз ықпалын
тигізді.Осы кезеңдегі еліміздің суретшілерінің шығармашылығында табиғатқа,
болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салып, бейнелеу олардың негізгі
тақырыбына айналды.60-жылдарда бейнелеу көсем сөзіне бой ұру,қатаң стилді
ұлттық тұрғыда игерудің кезеңіне айналды.Ал,70-жылдардағы көркемөнер өзгеше
көзқарастағы күрделі кезең болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі дараланған
трактовкалардың мәрмәрмен жаңа үрдістің дүниеге келуі еді. Сонымен бірге
заманымыздың көкейкесті ащы шындықтарын әр қилы көрсететін талантты
шығармашылық тұлғалардың көптігіне де байланысты болды. Ә. Қастеев (1904-
1973)- Қазақ ССР халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттің
сыйлықтың иегері.Ол өзін қоршаған табиғаттың сұлулығын, дүниенің бұлжымас
қасиеті деп танып,оны мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнелеу тиіс деп есептеді.
1929жылы жазылған суретшінің Киіз үйдің ішкі көрінісі еңбегінде асқан
ыждағаттылықпен, бала кезінен көз үйренген ортаны ынталана бейнелегенін
көруге болады. Суретші киіз үйдің бұйымдарын бірін қалдырмай,
сүйіспеншілікпен бейнелеу арқылы байырғы қалпында көз алдына алып келеді.
Суретші бұл жерде айшықты түстермен көмкерілген тұрмыстық бұйымдарды көз
тұндыратын сан алуан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам тұлғасын бейнелеудің ерекшеліктері
Арнайы сурет
Көрнекілік суреттер тізімі
Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту
Суреттегі композиция қолдану жолдары
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Сурет салу кезеңдері
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
Пәндер