Киімнің негізгі міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3

1. КИІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
6

1.1 Киім туралы түсінік және оның тарихы 6

1.2 Киімнің негізгі жіктелу үлгілері және маңызы 8

1.3 Киімнің негізгі міндеттері
11

2. ТІГІН БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

2.1 Тігін бұйымдары және оның технологиясы
15

2.2 Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері 18

2.3 Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық 22
мүмкіндіктерінің жіктемесі
2.4 Киім түрлері. Тігін бұйымдарын құрастыру оқыту әдістемесі

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе
Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан
Республикасына ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы
ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгерістер
енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады.
Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жалпы
білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен
байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту
керек.
Солай бола тұрса да, соңғы кезде еңбекке және кәсіпке даярлау
мәселесін базалық кәсіпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсіпорындар
экономикалық тәуелсіздік алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесінде оқу –
өндірістік комбинаттардың жағдайы соңғы жылдары қайтадан қалыпқа келіп
жатқандығын байқауға болады.
Қазіргі кезде нарықтық оқу – материалдық жағдайында жастарды мамандық
алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде,
кейін оны оқу – өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде
жалғастырғанын есепке алып анықтаудың үлкен практикалық маңызы бар.
Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре
отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде
жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қана
қоймай, өзге елдің теориялық білімімен мол қаруланып, олардың практикалық
іс – әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.
Бірақ талап бойынша Технология интегративті білім саласында адам
өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл – ой, сезімдік әркеттері
жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті
білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет
көрсету әдістерімен таныстыру; оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс
жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына
қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен
қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі
ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке
оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға
байланысты Киім тарихы, Киім композициясы, Ақпаратты технологиялық
тігін машиналары, Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес
әдістері, Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы, Адам тұлғасын тану,
Түстану, т.б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды
кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың
тақырыбын Қазіргі мәдениет талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлау
мүмкіндіктері деп таңдап алуға мұрындық болды.
1. Баланы еңбекке үйрету барысында оның қабілет – икемін, дағдысын дамыту.
2. Еңбек үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту. Бұл
екі бағыт бір –бірімен жалғаса отырып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтиды.
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында имандылық, адамгершілік
тәрбиелерде бірқатар педагог – ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға
болады.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты:Киім тарихынмен және тігін бұйымдармен
таныстыру.
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
- Киім тарихынмен және тігін бұйымдары туралы жалпы мәлімет алу .
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: оқу-тәрбие үрдісі.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық
негізгі қағидалары; педагогикалық үрдіс теориясы; үздіксіз білім беру
жүйесіндегі ғылыми теориялар; жалпы білім беру теориясы мен әдістемесіне
қатысты ілімдер; халықтық сәндік-қолданбалы өнерінің дамыту жолдары.
Курстық жүмыстың құрылымы: кіріспеден,екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. КИІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Киім туралы түсінік және оның тарихы

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның
тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін
маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс
өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып
бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді
пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін
игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды.
Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари,
шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий;
солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр
шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқ Киім түрлі ағаш, тері,
көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы,
эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім
белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен
этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға
қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын
қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты.

Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-
сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек,
сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай
бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек,
бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып,
кестеленуі әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге
қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола
түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге
бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады.
Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және
кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат
маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге
сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт
жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін
киген.Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте,
қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады.
Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік
Киімдер түрлері бар.
Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін ойлап
шығаруда. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып
қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда киімнің осындай түрлілігі арасында әр адам
өзіне тән стиль таңдайды. Бұл сіздің мінезіңіз бен өміріңіздегі
қызуғышылықтарыңызға байланысты болады екен. Сондықтан мына ақпаратты
білетін адам қасындағы досының киіміне қарап, бірден оның мінезіне баға
бере алады.

1.2 Киімнің негізгі жіктелу үлгілері және маңызы

Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір
қалыптасқан. Бұл рас, алайда классикаға құмар жандар қатарына өз таңдауын
жасауға қорқып, классикалық киімді кисем, қателеспеймін-ау дегендер де
енеді екен. Бұл екі топты ажырататын айқын белгілер бар. Ол адамның осы
киімде өзін-өзі ұстауы. Әсіресе адамның пиджакты қалай киіп жүретіндігіне
назар аударыңыз. Өзіне сенімді кісі пиджагын кішкене ұқыпсыз киеді, оны еш
уақытта барлық түймелеріне түймелемейді. Ал интровертер керісінше пиджагын
соңына дейін түймелеп, қорғаныс ретінде қолданады екен. Дәстүрге сай,
тұрақтылықты қолдайтын адамдар екі қатар түймесі бар пиджактарды таңдайды.
Ал бірқатар түймесі бар пиджактың иесі жайдары, ашық жүзді кісі болады.

Спорттық үлгідегі киімді тек спортшылар киеді деп кім айтты? Жоқ, спорттық
киімдерді көп нәрсеге көңіл бөле бергісі келмейтіндер де сүйіп киеді екен.
Джинсы шалбары, кеды не кроссовкалар, жалпы спорттық киім қазіргі жастардың
дертіне айналды. Психологтардың айтуынша бұндай киім үлгілерін ауырдың
астымен, жеңілдің үстімен жүретін, қиналғысы келмейтін адамдар таңдайды
екен. Басқа жақтан қарағанда, бұндай жеңіл жол қазіргі үлкен қалалардағы
өмірге сай ыңғайлы әрі жеңіл болады.

Этно үлгісіне сай киінетін адамдар саяхаттауды жақсы көреді екен. Біртүрлі
шалбарлар, үнді сариі, қызықты суреттер. Осындай ерекшеліктері бар киімді
таңдайтын жандар батыл, ашық, өнерпаз адамдар болады. Олар көпшіліктің
арасынан көрініп, көзге түседі. Алайда кейде арманға беріліп, бастаған
істерін соңына дейін істемеуі мүмкін.

Қыз ба, жігіт пе? Ауыр әскерлік етіктер, камуфляж түсті киім, жігіттерге
сай күңгірт түстер... Осындай киім киген қыздар өзінің табиғи нәзіктігін
жоққа шығарғысы келеді. Бұндай қыздар берген уәделеріне берік, сенуге
тұрарлық жандар. Өз сезімталдығын жігітше киімнің астына тығып, адамдарға
жан дүниесін ашпайды.

Қысқа белдемше, ашық кеуде, биік өкше, шілтер не мөлдір киім...
Гардеробыңызда осындай бір-екі зат болуы әбден мүмкін. Ал киімінің бәрі тек
осындай ұятты болса ше? Тым ашық киінетін қыздардың жалғыз мақсаты –
жігіттердің көңілін тарту. Ол ортасының әшкерлеуін елемейді, аңсаған
мақсатына кез келген жолмен жете алады.
Әрине ылғи бір стильде киінетін адамдар аз. Біз күнделікті киімімізді
ауыстыра отырып, өзіміздің сол күнге деген көңіл-күйіміз бен ұстанымызды
алмастырып отырамыз. Сондықтан бұл ақпаратты адамның мінезі мен болашағын
білемін деп, бал ашу мақсатымен емес, оның қысқа мерзімді өмірлік
ұстанымдары мен жан сырының бір жағасын көру үшін пайдаланыңыздар.

1.3 Киімнің негізгі міндеттері

Киімнің алғашқы міндеті де адам денесін суықтан қорғау болғаны белгілі.
Бұл қазір де бірінші міндет. Сән үлгілеуші шеберлер-модельерлер бұл заманда
жыл маусымынан бұрын қимылдайтын болған. Олар алдағы күздің, қыстық немесе
көктемнің киімдерінде қандай сипаттар басым болатыны алдын-ала анықтап
қояды. Сән талаптарымен киінетін адамдар соған орай, яғни мода талабынан
шығатын киімдерді іздей бастайды. Нарық жағдайында киім фабрикасында, сән
ательері жаңағыдай талаптардағы киімдердің маталарын алдын-ала тауып, ол
үлгілерді мүлтіксіз тігуге машықтануы керек. Өйткені қазір баяғы Кеңестер
одағы тұсындағы жоспар билемейді. Енді тәуелсіз Қазақстан нарық
қатынастарына енгендіктен тек түтынушылар сұранымы басты өлшемге айналған.
Сән киімдерін бір күннің ішінде бірнеше өзгертуге тура келеді. Адамның
үйде, асханада , көшеде, кеңседе, театрда және сауық кештері мен тойларда
киетін киімдері әр қилы болуы заңдылық. Ешкім де ас үйдегі киіммен көшеге
шыға қоймайды. Сондай-ақ, серуендеуге арналған киімдермен сауық кешіне бару
ыңғайсыз.
Сән үлгілерін жасаушы шеберлер киімдердің осындай орталарға баруға
керек үлгілерін жасауды өздерінің ең мәртебелі міндеттері деп түсінген.
Әсіресе кешкі шақыру, қабылдау, қонақ астарға бару киімдерін үлгілеу
бірінші кезекте міндеттелінеді. Қандай жазушы да өзінің кітабын әйгілеуге
бар талантын жұмсайтыны сияқты модельер де өзінің үлгісі жоғары бағалануына
барынша шеберлігін, тапқырлығын, қабілетін жұмсап бағады. Бұл тұрғыдан
қарастырсақта сән өнерінің талабы мен талғамы сөз өнерінен кем түспейді.
Сән киім үлгісін жасау өте қиын жұмыс. Өйткені бұған дейін мың мыңдаған
киім үлгілері жасалған. Моданың бүкіл бағыттары бойынша ізденістер болған.
Ұсақ-түйектің түгелі ескерілген. Осындай жағдайда басқаны қайталамайтын, өз
қолтаңбаңды танытатын киім үлгісін дүниеге әкелу қайдан оңай болсын.
Матасын таңдаудан басталған конструкторлық ізденіс, тігісін жүргізушінің
шеберлігімен түйменің, ілгектің лайықты табылуымен немес арнайы жасалуымен
жалғаса береді. Бұл бір адамның қиялы мен жүздеген адамдардың жұмысына
ұласатын күрделі іс. Демек, архитектор сызып жататыны жүздеген құрылысшы
салып жататыны сияқты, модельер конструктокрдың шабытынан туындаған бір
үлгіні тоқушы, тігінші, иіруші оюшысы бар ондаған адам, бүтіндей бір цех
жүзеге асырады.
Сәнді киімдер тағы да екі топта қарастырылады. Біріншісі-әр маусымда
көпшілікке арналған үлгілер. Бұл үлгілерді жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
сатып алып, өндіріске еңгіеді.
Енді сән киімдерінің тағы бір ерекше тобы болатынын айту керек. Олар-
тұтас киім кешендері ретінде бір емес, бірнеше киімдерден тұрады. Бір
сөзбен айқанда киімдер театры.
Өнердің кез-келген түрінде көлемді шығармалар болады. Мәселен, үлкен
суретшілер триптихтар салуды жөн көрген. Сол сияқты Мұхтар Әуезовтын Абай
жолы эпопеясы, Әбдіжамал Нүрпейісовтың “Қан мен тер”трилогиясы, Мүхтар
Мағауиннің Аласапыран дилогиясы бірнеше кітаптардан тұрады емес пе. Сол
сияқты сәулетшілер де бір ғимаратты ғана емес, кейде тұтас қалаларды,
микроаудандарды, кемелерді кешенді түрде жобалайды. Ендеше, тұтас киімдер
кешенінің дүниге келуі де сән өнері бар екенін дәлелдеу болып табылады.
Операда бір емес, бірнеше ария болатыны, олар бір-бірін толықтырып,
үдетіп, дамытып, байытып тұратыны сияқты. Сән театры сахнасына шығатын
киімдер кешені бір-бірінің ажарын асырып, бір-бірінің айшығын толықтырып
тұрады. Олар үшін бірдей материал таңдалып алынуы, сән бағытының бір
ыңғайда болуы, бірақ тігілуі, киілуі, әшекейленуі және басқа детальдары
түрліше болуы заңдылық. Осылайша әрі бір-бірінен ерекшелену, әрі бір-бірін
толықтыру арқылы бұл киім кешендері кайталанбас әсерлер туғызады. Ой-қиялды
қанаттандыру, көз майын тауысу, түнгі ұйқыны төрт бөлу, ең бастысы қажет
материалдар мен конструкторлық шешімдерді табу үшін жалықпай іздену
нәтижесінде туатын бұл киім кешендері біздің мақтанышымыз екені даусыз. Сән
театры сахнасынан бір сәтте жарқ етіп, келесі сәтте жоқ болатыны киімдер
кешенін жасауға жылдап уақыт жұмсалады. Бір сәттің көзқуанышы үшін жылдап
еңбек жұмсау да сәннің өнер екнін анықтайтын белгілердің бірі.
Мода деген сөз біздің тілімізге шет тілден енген термин сөз ретінде
қабылданған. Латынның “moduy” деген сөзінен алынған. Ол белгілі бір өлшем
тәртіп, әдіс немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе
мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп
тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол
көркем туындылардағы және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың
сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруін білдіреді. Ал тар
мағынада айтсақ, Мода дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттын
аралығында киімнің сыртқы түрі мен үлгісінің өзгеріп отыруы .
Бұл ойды адам әрі сабақтаса, моданың басты екі бағытын айқындап беруге
болады. Олардың бірінішісі – жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді және
салтанатты сән үлгілері. Екіншісі – жалпы халыққа арналған сән үлгілері.
Әрине, бұлардың біріншісі екіншісінен әлдеқайда қымбат болары түсінікті.
Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға да бірдей.
Адам болып туған соң жақсы киініп, жарқырап жүру әркімнің міндеті.
Талғам және мода ұзақ және қызғылықты әңгімелеуге тұрарлық. Сән әлеміне
кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол-өзінің стильін
мен өзінің формаңды табу. Яғни, сән үлгілері арқылы өзінің талғамыңды
таныту, көзқарасынды көрсету. Мода әлемінде әсте де маусым сәндерін сөзсіз
де көзсіз қайталау жақсы атаққа жеткізген емес. Қайта жеке қырларды
жарқырата көрсету-сән өнерінде аса жоғары бағаланады. Француз модасының
түрлерінің бірі Жаман әйел жоқ, өз стилін таба алмай, жаман киінген
әйелдер көп деп тегін айтпаса керек.

Киім – адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеніңде тігін бұйымдарды
өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика
дамуының, сондай – ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшілігін, халық
тұрмысының , көркемдік талап – талғамы мен салт – дәстүрінің талаптарын
бейнелейді. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға
сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз
байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді,
яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Адам болмаса киім өзінің мағынасын
жоғалтады, оған тән қызметтер жойылады. Сондықтан, киім формасының даму
заңдылықтары ылғи да, моданың сұранысына және дәуірдің көркемдік
талаптарына тәуелді емес, адам тұлғасының тектоникасына тәуелыді болып
есептелінеді. Киімді әркім өз бетінше тандайды, таңдау барысында адам жеке
талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киімге деген
талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатының белгісі болып
табылады. Киімнің жоғары сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың
сапасына, оның дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және
конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты болады.
Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған
жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім ассортиментін
киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру
мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті. Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең
тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап
етеді. Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан, яғни Burda сән
журналынан үлгідегі киім модельдерімен таныстық. Курстық жұмыстың мақсаты:
сән ағымына сай денебітімге қонымды
сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту.
Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және
кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап
табылады.
Осы мақсаттарды орындау барысында мынандай міндеттер орындалады:
осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу;
сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін таңдау және
сән үлгіні дайындауға қажетті материалдарды таңдау ;
бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын құрастыру;
бұйымның өзіндік құнын анықтау.
Өзіне дұрыс таңдалған үлгі табиғи эстетикалық қасиеттерін жоғалтпай,
сәндікті болады, киімді өте әдемі, көрнекті қылдырады.
Осы курстық жұмыстың шығармашылық объектісі – адам тұлғасы, модельді
проекциялау барлық жағдайларда оның жеке ерекшеліктерін ескеру және
пропорционалды денебітімге келтіру.

2. ТІГІН БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

2.1 Тігін бұйымдары және оның технологиясы

Қазақ ұлттық тігін бұйымдарының көпғасырлық тарихы әйел және еркек
киімдерінің, әшекейлерінің, ою-өрнектерінің үлгілері, шығармашылық іс-
әрекеттің қатысушылары қуыршақтарға арналған ұлттық киімдерді тігу немесе
ұлттық нақыштағы қазіргі заман киімін тігу.
Тігін бұйымдарының технологиясы Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы
және конструкциясы, Өндірістік дизайн және Костюм дизайны
мамандықтарына сәйкес жүзеге асырылатын тұтынушы тауарларын өндіруге және
нарыққа шығаруға негізделген ғылыми бағыттармен қарым-қатынаста, сондай-ақ
өзіндік жұмыстардың үйлесімділігін ұсынады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі өзекті бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• қазіргі заманауи тігін өнеркәсіптерінің ассортименттік стратегиясының
түзілу ерекшеліктерімен оқып танысу және өндірістің серпімді және мобильді
шарттарында да рационалды ассортименттік құрылымының әдістемелік негізін
құрастыру;
• пішім түзілуі мен орнаменттерінің дамуындағы тарихи заңдылықтарды
сараптау негізінде әлем елдерінің дәстүрлі ұлттық костюмдерін қолдана
отырып, тігін бұйымдарының жинағын жобалау үшін бастапқы ақпараттарды
әзірлеу;
• қазіргі заманғы текстиль материалдарының конфекционды карталарын және
каталогтарын құрастыру әдістемесін жетілдіру;
• бионикалық тәсіл негізінде өндірістік дизайн нысандарын жобалау үрдісінде
пішім түзілуді зерттеу;
• әр алуан өндірістік бұйымдарды жобалау кезінде трансформациялық
алгоритмін құрастыру және мақсаттарын зерттеу;
• әр түрлі қолданысқа ие арнайы киімдердің типтік жобалануын жетілдіру және
қазіргі заман нарығындағы мамандандырылған киімдерді кешенді зерттеу.

2.2 Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері
Сәндік-қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы
жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым
түсінігінде, қолөнер ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді.
Сәндік-қолданбалы өнер, қолөнерінің өңделіп жетілген формасы іспеттес
болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар
бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны қол өнер, сәндік-
қолданбалы өнер ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз
ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз
және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер
туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда
болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин,
Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова,
Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша ұсынған
жіктемелеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрлі климаттық аймақтардағы киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Киім пакетінің түрлі компоненттеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Кәсіптік оқыту әдістері
Аяқ киімнің дизайны
Жақсы киіне білуде өнер
Киімдер тігу технологиясы
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Үлгіні мата бетіне орналастыру
Пәндер