Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы


Мазмұны
Кіріспе
1 Метрологиялық сараптаманың маңыздылығы . . . 5
1. 2 Конструкторлық құжаттардың теориясы . . . 10
1. 3Конструкторлық және техникалық құжаттар үшін стандарттаудың маңыздылығы . . . 12 1. 4Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы . . . 15
2Отанымызда конструкторлық құрастыру мен өндіріс бұйым кәсіпорындары . . . 17
2. 1Метрологиялық сараптамаға гидробаспақтың төлкесін механикалық өңдеу технологиялық үрдісінің операциялық картасын сараптаудан өткізу . . . 19
Қорытынды . . . 22
Пайдаланған Әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Бідің заманымызға ең қажетті ғылым - метрология, ол арқылы физикалық әлем танудың фундаменталдық негізі құрылады, халықтың әл ауқатынның жетілуі де, оған байланысты.
Қазіргі таңда өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз етіп қана қоймай сонымен қатар бұйымдарға немесе өлшенетін өнімдерге метрологиялық сараптама бақылау жасайды. Бірақ, өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің басты мәселеселелерінің бірі ол - метрологиялық сараптама . Әр өндіріс орнында немес кәсіпорында метрологиясыз ешқандай үрдіс жүрмейтіні анық.
Метрология өндіріс тиімділігін, техникалық деңгейді және өнім сапасын жетілдіруде үлкен ие болуда. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеу дәдігінің тұрақты түрде жоғарлауын талап етуде. Қазірдің өзінде адам нанотехнологияны жасап шығаруды, яғни молекулалар деңгейінде жұмыстар жүргізілуде, бұл дегеніміз - микропроцессерлы техниканы жасап шығару. Сол себепті метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің жұмысын жетілдіру сұрақтарына ғылыми - зерттеу институттарының, ғылыми өндіріс бірлестіктердің, өндірістік өнеркәсіптердің жетекшілері өте жоғары деңгейде мән беру керек. Жаңа өнімді жасап шығарудың, технологиялық үрдістерді дайындау мен үйренудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы кезеңдерінде метрологиялық қамтамасыздандырудың мәселелері шешілсе, шығын азайып, тиімділік жоғарылайды.
Біздің еліміз үшінде өндірісті метрологиялық сараптау қазіргі таңда басты бағыттардың бірі болмақ . Инновацияны дамытудың бірден - бір жолы осы мәселеге келіп тірелетіні анық, өйткені жаңа технологиясыз, халықаралық талаптар мен стандарттарға сай болу тікелей метрология саласына қатысты.
Метрологиялық сараптаманы бастамастан бұрын, әрине өндірісті метрологиялық тұрғыда қамтамасыз ету бізді басты фундаментімізті болмақ. Өндірісті немесе кәсіпорынды метрологиялық тұрғыда қамтамасыз және оған метрологиялық сараптама жүргізу оның ішінде констурторлық және техникалық құжаттар тексеріледі. Бұл үдерістер бір - бірімен өте тығыз байланысты, яғни шынжыр үдерісі деп атасақта болады.
Метрологияның негізгі даму бағыттарын анықтау және бұл саладағы ғылыми - техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалану;
Физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру. Мемлекеттік этаондар - барлық өлшемдердің негізі болыып табылады;
Қазақстан Республикасында қолданысқа рұқсат етілген өлшеу құралдарын жоспарлау және мемлекеттік сынақтарды өткізу;
- Өлшем құралдарына мемлекеттік тексеру, өндірісті, құралдардың күйін, қолданылуын және жөнделуін бақылау және метрологиялық ережелерді сақтау;
- Өндірісті метологиялық сараптау кезінде стандарттарды дамыту мен жетілдіру;
- Метрология саласында халықаралық қызметтестік жұмыстарын ұйымдастыру.
Өндірісті метологиялық тұрғыда қамтамасыз етуде бақылаудан басқа конструкторлық және техникалық құжаттар тексеріледі.
Сараптама және меторлогиялық бақылау :
- Дәлдік нормаларын құру;
- Параметрлерді таңдауда техникалық шешімдерді талдау және бақылау;
- Параметрлерді таңдауда техникалық шешімдерді дайындау мен сынақтан өткізу;
- Қолдану мен жөндеу үрдістеріннің өлшеу құралдары мен әдістерімен қамтамасыз ету.
Меторлогиялық сараптама өңдеу, дайындау, қолданыс және жөндеу үдерісінде өнімді бақылауда өлшеулер нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Метрологиялық сараптаманың негізгі мақсаттары:
- Өшенетін параметрлердің оптималды номенклатурасын анықтау;
- Бұйым конструкциясынның тексеруге жарамдылығын бғалау;
- Өзара ауыстырымдылық және бақылаудың нәтижелігі талаптарына өлшеу дәлдігінің көрсеткіш сәйкестігін жасау;
- Технологиялық үдерістің оптималды режимін қамтамасыз ету талаптарын өлшеу дәлдігінің көрсеткіш сәйкестеу;
- Өлшеу операциясының дәлдәгән, автоматтандырылуын сақтай отыра, оның еңбек сыйымдылығын азайту және өзіндік құнын арзандату мүмкіндіктерін қарасыру;
- Өлшеу процесінде компьтерлер қолдану, мүмкіндігін анықтау.
Өндірісте технологиялық, құрылымдық, конструкторлық және нормативті құжаттардың метологиялық сараптамасының маңыздылығын көрсету басты үрдіс болып табылады. Сараптама нәтижесі ГОСТ 3. 114 - 81 мемлекетаралық стандарты арқылы рәсімделеді.
Машинаның және прибордың бөлшектерін өндіруде оны техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып, бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды. Бұл деңгейде өтініш берушінің, жобалаушының, дайындаушының және тұтынушының мүдделері тоғысады. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат - жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбек сыйымдылығын азайту болып табылады. Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар жинағы бағытталған:
- жобалау және өнімді өндіріске енгізу жүйесі;
- конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
- технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
- автоматтық түрде жобалау жүйесі.
Метрологиялық сараптама жүргізуде бұйымның конструкциясы, өзінің бойындағы түгелдей параметрлерін қажетті, сенімді дәлдік деңгейінде оның өмірлік циклінің барлық сатысында анықтауға мүмкіндік туғызуы қажет. Атап айтсақ, бұйымды жасау, сынау, пайдалану және жөндеу.
Меторлогиялық сараптама кезінде дәлдік нормасының алар орыны ерекше. Дәлдік нормасын анықтаусыз өлшеу құраладрының типін анықтау мүмкін емес. Дәлдік нормасы бұйымды өлшеу барысында ауытқулар мен сапасын айғақтауға қажетті параметрлардің мәнін айқындайтын жағдайларды ескеру қажет.
1. Метрологиялық сараптаманың маңыздылығы
Метрологиялық сараптама - стандарттау мен метрология жағынан алғанда, конструкторлық және технологиялық құжаттардың сапасын қамтамасыз ету үшін қажет. Конструкторлы құжаттардың сапасы өңделетін бұйымның сапасын анықтайды. Конструктор мәселенің нәтижесін минималды шығынмен шешуді ойлайды. Қазіргі кезде конструкторлы құжаттарды құрудың оңтайлы жолдары қалыптасқан. Бұл жолдар мемлекеттік стандартпен бекітілген.
Онда жаңа бұйымның қажеттілігі мен пайдалылығы, оны өңдеу, өндіру және пайдалану мезеттері анықталады немесе тексеру, құрылымы бойынша принципиалды және нақты техникалық шешімдер құрылады. Осы кезеңдегі жұмыс көлемі мен өңделуге арналған конструкторлық құжаттар мемлекеттік стандарттармен бекітіледі.
Бұйым жасау, оның жұмыс сызбаларын құрудан басталады. Одан ары қарай бұйымның тәжірибелі үлгісін жасайды, онда туатын келістіктерді түзейді сөйтіп техникалық құжаттарға қажетті туындаған өзгерістерді енгізеді. Кейде бұйымның сызбалары өзгертілген стандарттарға қарай түзетіліп отырады. Конструкторлы құжаттаманың сапасы өндірістік үрдіс және бұйымды қолдану кезінде тексеріледі. Құрастыру сапалылығы көбіне, бұйымның технологиясымен анықталады, яғни оны талап етілген параметрлермен материал және уақыт үнемділігі мүмкіндігіне қарай жетілдіріп отырады.
Құжаттарды метрологиялық сараптау
«ҚазМетрИн» РМК метрологиялық сараптау жүргізеді:
- пестицидтер пен микотоксиннің аттестатталған қоспаларына техникалық құжаттамаларды;
- таңбаға конструкторлық құжаттаманы;
- стандарттық үлгі типін бекіту мақсатында құжаттар жиынын;
- стандарттық үлгі типінің жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатында құжаттар жиынын;
- шет елдік өндірістегі стандарттық үлгіні қолданысқа жіберу процедурасын жүргізу үшін құжаттар жиынын;
- шет елдік өндірістегі стандарттық үлгі типін бекітумен қолданысқа жіберу процедурасын жүргізу үшін құжаттар жиынын;
- ТМД елдерінде әзірленген және аттестатталған ӨОӘ есептік тіркеу мақсатында құжаттар жиынын;
- Бақылау (сынау, талдау, өлшеу) әдістерін белгілейтін мемлекеттік стандарттардың жобалары
Метрология сараптама шығарылатын бұйымның сенімділігі мен беріктілігін жүргізу мақсатында жүргізіледі. Ол жобалау кезеңінде өткізіледі. Бұл қателерді және ақауларды жөндеген кезде анықталмайтын шығындарды болдырмау үшін өткізілетін үрдіс.
Метрологиялық сараптаманы, метрологялық тұрғыда қамтамасыз ету МИ 1325− 86 стандартымен реттеледі, оның ішінде реттеу, шығару, зерттеу және өнімді пайдалану кезеңдерінде бақылау− өлшеу операциялар нәтижелігін қамтамасыз ететін бірқатар жағдайлар қарастырылған.
Сол жағдайлардың бәрі− өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатураларын анықтау. Зерттеу үрдісінде өлшенетін және бақыланатын параметрлер номенклатурасының жеткіліктілі мен негіздемесін орнату қажет, сонымен қатар олардың қысқаруы немесе олардың өзгеруі, бақылау шығындарын азайтады. Техникалық талаптарды сипаттау үшін стандартталған терминдер қолданылады. Ерекше терминдерді қолданғанда, олардың мағынасы түсіндірілуі тиіс.
Дайын бұйымның техникалық шарттарға сәйкестігін, оның технологиялық параметрлерін анықтайтын зерттелетін параметрлер толық номенклатурасын анықтау талап етіледі. Еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ауаның ластануы, материалды құндылықтар есебіне, шарттарына бақылау талаптарының жеткіліктілігіне айрықша мән беріледі. Басқарылатын немесе қиын бақыланатын параметрлер номенклатурасының қысқаруы есептік немесе эксперименталды зерттеулер негізінде орындалуы мүмкін. Параметрлер номенклатурасы, оның толықтығы және дұрыстығының негіздемесі, олардың жеткіліктілігі, әдістеме және олардың байланысы эксперименталды зерттеу нәтижесінде негізделуі керек.
Метрологиялық сараптама жүргізуде бұйымның конструкциясы, өзінің бойындағы түгелдей параметрлерін қажетті, сенімді дәлдік деңгейінде оның өмірлік циклінің барлық сатысында анықтауға мүмкіндік туғызуы қажет. Атап айтсақ, бұйымды жасау, сынау, пайдалану және жөндеу. Бұйым тетіктерінің бетінің сапасын тексеруде, оларға тексеру құралдарының ұштары жетіп тұруы қажет. Егер мұндай мүмкіндіктер болмаса, онда бұйымның конструкциясын өзгертуге мәжбүр болуымыз мүмкін.
Бұйымның өлшеу қажеттігіне әсер ететін қасиетіне талаптар орнатылғанын тексеру қажет. Мысалы, сызықтық өлшемдері өзгергенде, беттің кедір− бұдырлығы мен өнімнің материалына талаптар қойылады (алғашқы өлшеу құралдары және өнім бетінің байланыстылығы, өлшеу қателігін анықтайды, ал екіншісі температуралық қателікпен байланысу қателігін анықтайды) .
Бақылау дұрыстығы және нәтижелігі талаптарына өлшеу дәлдігі көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату, сонымен қатар технологиялық үрдістердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету метрологиялық сараптаманың негізі болып табылады. Осыған байланысты өлшеудің әрбір нәтижесі, алынған негізінде, өлшеу қателігінің мәндерін көрсетумен жалғастырылады. Өлшеу қателігі 2 топқа бөлінеді. Олар қолдану аймағы мен көрсетілу тәсілдерімен ерекшеленетін 1 топты талаптарға немесе конструкторлық немесе технологиялық құжаттардағы рұқсат етілген мәндерге, ӨӘ немесе басқа ҒТҚ− да берілетін сипаттарға жатады. Бұл топтың сипаты кездейсоқ мәннің қосылу, болжам қасиетін білдіретін− өлшеу қателігі. Сипаттар мәні - орнатылған талаптарда рұқсат ету мәнінің шегіне немесе максималды мүмкін мәндер− өлшеу нәтижелерінің қосындысына жазылады. Осы топтың сипаттар аймағы− өндіру және бұйымды пайдалану үрдістеріне, өндірісті технологиялық дайындау кезінде орындалатын ортақ техникалық өлшеу.
Екінші топқа өлшеу кезінде бағаланатын сипаттар және олардың нәтижелер өңделуі жатады. Бұл сипаттар бірінші топтың қателер сипаттарының статистикалық бағасы болып табылады және бөлек өлшеу нәтижелерінің жақындығын көрсетеді.
Олардың қолдану аймағы− ғылыми -зерттеулер мен метрологиялық жұмыстарды өткізгенде орындалатын өлшеулер. Мысалы, өлшеу құралдарын аттестациялау кезінде, физикалық константаны анықтағанда кездеседі.
Өлшеу нәтижелеріне мәселелерді қолданып есептелетін жауапкершілігіне сүйене отырып, өлшеу қателігі таңдалатын сипаттар номенклатурасы әртүрлі болуы мүмкін. Бағалау кезінде өлшеу нәтижелерін өңдеу статистикалық тәсілдерін кеңінен қолданып жүргізіледі. Мысалы:
Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөнiндегi қызмет ететін субъектілерді тексеру кезіндегі
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексеріс тағайындау туралы акт (№, күні)
Аты-жөні немесе сауда қызметі субъектісінің атауы
СТН
ИИН/БИН (бар болса)
№
Талаптар тізбесі
1 Өлшем құралдарын өндiруге және жөндеудге лицензияның болуы
2 Өлшем құралдарын өндiруге (жөндеуге) нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген техникалық құжаттаманың (техникалық тапсырманың, техникалық шарттардың, конструкторлық-технологиялық құжаттаманың) болуы
3 Талап етiлетiн дәлдiкпен өлшеу және сынау әдiстерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың болуы
4 Санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын өндiруге (жөндеуге, оның iшiнде қабылдауға және сақтауға) арналған жеке меншiк құқығындағы не мүлiктiк жалдаудағы өндiрiстiк үй-жайлардың болуы
5 Жинақтаушы бұйымдар және өнiмдер шикiзатының сапасын толық көлемде бақылауды, шығарылатын өлшем құралдарын шығару және сынау кезiнде әсер ететiн шамаларды бақылауды (өндiрiс үшiн) және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды (жөндеу үшiн) қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен метрологиялық аттестатталған не салыстырып тексерiлген қажеттi технологиялық, өлшеуiш және сынау жабдықтарының және оларды пайдалану жөнiндегi басшылықтың болуы
6 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде шығарылатын өлшем құралдарының типiн тiркеудiң (өндiрiс үшiн) болуы
7 Шығарылатын, жөнделетiн және қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексерудi қамтамасыз етiлу
8 Бiлiктiлiк деңгейiн анықтау мақсатында iшкi аттестаттаудан өткен, орта арнайыдан төмен емес техникалық бiлiмi, өлшем құралдарын жөндеу, юстирлеу және реттеу бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi (жөндеу үшiн) бар мамандар штатының болуы
9 Өлшем құралдарын шығару және сынау сапасына iшкi бақылаудың құжатталған жүйесiнiң (өндiрiс үшiн) болуы
10 Өлшем құралдарын жөндеудi және белгiленген талаптарға сәйкес жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауды жүргiзу үшiн жағдайлардың (жөндеу үшiн) болуы
11 Өтiнiш берушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының болуы
Метрологиялық сараптамада дәлдік нормасы
Метрологиялық сараптамада дәлдік нормасы да анықталады. Дәлдік нормасын анықтаусыз өлшеу құралдарының типін таңдау мүмкін емес. Құжаттамады дәлдік нормасының негіздемесі келтіріледі.
Бақылаудың анықтылығын айқындайтын негізгі принцип болып оның нәтижелерін аз қателікпен табу болады. Осыдан шығатыны, құжаттамада− конструкторлы параметрлерге рұқсат етілген қателіктері, технологиялық қызметте қажет дәлдікпен өлшеуді жүзеге асыру қамтамасыз етілетін ауытқулар бақылауы төмендегілерге негізделеді:
- Нәтижелер дәлдігі мен анықтылығына қойылған талаптар экономикалық және техникалық тұрғыда негізделген болуы керек;
- Өлшеу қателігі, шақтама мен тепе-тең және әдістемелік, құралдық құрылымымен байланысқан болуы керек;
- Қателіктің кездейсоқ және көзделген құрамдастары тепе− тең болуы қажет;
- НТҚ− ы дәлдік сипаттамаларының талаптары мен қызметтерін және оларды бақылауды мекеменің әртүрлі бөлімдері немесе қызметкерлер жүргізе береді;
- Өлшеу дәлдігінің нормаларын тұрақтандыру арқылы іс− жүзінде кездесетін өндірістік ауытқуларды болдырмауға жол ашылады;
- Өлшеу ауытқуларының жалғасу функциялары болмаған жағдайда өлшем қателігін кепілдікпен алады;
Өлшеу дәлдігі нормаларын бекіткенде оның деңгейін айқындайтын жағдайларды ескеру керек, оларға:
- Бұйымның сапасын айғақтауға қажетті параметрлердің мәні;
- Өлшеу деңгейінің мәлімділігі;
- Белгілі параметрлерге қойылған өлшем шақтамасының өрісі;
- Өлшеу ауытқуларының жалғасу заңдылығы жатады.
Мысалы, өндіріс жағдайларында қалыптасып жүріп жатқан технологиялық прогрестердегі дәлдік нормасы, әрбір өлшемнің шақтама ауытқуының ортасына орналасуы қажет. Егер технологиялық процестің келтірілуі өлшем шақтамасының бір жиегіне қарай ығысса, онда өлшем дәлдігінің шеті азайады. НТҚ−қа өлшеу дәлдігі нормаларын орнатуда өлшеуді өткізуге және олардың нәтижесі туралы ақпарат беретін құжаттарда мазмұндайтын ақпаратарға талаптар нақты тұжырымдалуы қажет.
Метрологиялық сараптаманың негізгі ұстанымы
Метрологиялық негізгі ұстанымына:
- Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерін жүргізуге толық және дұрыс талаптар қою, оларды таңдап алуды мұқият жасау;
- Өлшеу үрдісінің дәлдігін және өнімділігін арттыру үшін біріңғайландырылған, стандартты өлшеу құралдарын қолдану;
- Тексеру операцияларының өзіндік құны мен еңбек сиымдылығы технологиялық процестің сондай параметрлерімен үйлесімді болуы;
- Өлшеуді жүргізу әдістерін тиімді пайдалану;
- Физикалық мәндер мен олардың өлшем бірліктерінің атауын және белгіленуін дұрыс қою;
- Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу үрдісін мұқият істеу және өткізу бойынша бұйрықтардың дұрыстығын анықтау;
- Өлшеу нәтижелерін компьютерлік өңдеу арқылы өткізу;
Өлшеу құралдарына талаптар құрудың негізгі принциптері:
- Таңдап алынған талаптардың ұтымдылығы мен жеткілігі;
- Өлшем құралдарының конструктивті ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерінің метрологиялық мақсатқа сәйкестігі;
- Өлшеу құралдарының өлшеу жағдайларына сәйкестілігі;
- Технологиялық процестерді өлшеу құралдарымен қамту мүмкіндігі;
- Өлшеу құралдарының өнімділігінің процесс өнімділігіне сәйкестігі кіреді.
Метрологиялық сараптаманың нәтижелерін метрологиялық тұжырымды 2 данамен бекітеді. Бір данасы НТҚ жасаушыда, ал кіншісі сараптама жүргізген мекемеде қалады.
1. 2Конструкторлық құжаттардың теориясы
Графикалық және мәтіндік құжаттар, ол бұйымды жасауға, дайындауға, қадағалауға, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті мәліметтерден тұрады. Конструкторлық құжатқа сызбалар, жинақтау бұйымдарының тізімі, сұлбалар, есептеулер, түсіндірме жазбалар, техникалық шарттар жөне т. б. жатады. Конструкторлық құжаттың түрлері және жинақтаулары стандартен қадағаланған, ал орындау (рәсімдеу) - ережелері Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне келтірілген;
Бұйымдарды жасап дайындауға, бақылау және пайдалануға қажетті ақпараттары бар мәтінді және графикалық құжаттар.
Графикалық конструкторлық құжат (Графический конструкторский документ) - конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, ол сызбалардан, сұлбалардан, аксонометриялардан және т. б. тұрады.
Жобалау конструкторлық құжат (Проектный конструкторский документ) - конструкторлық қүжаттардың жиынтығы, ол негізгі өндіріс бұйымдарын жасап шығару және олардың құрылымы жайында қажетті мәліметтер береді, сондай-ақ келесі кезендегі жұмыстык, конструкторлық құжат жасау үшін қолданылады.
Жұмыстық конструкторлық құжат (Рабочий конструкторский документ) - бұл құжат бойынша бұйымдардың үлгісі жасалады немесе өндіріледі.
Мәтіндік конструкторлық құжат (Текстовый конструкторский документ) - конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, сипат-тізімдерден, есептеулерден, сипаттамалардан, кестелерден, түсіндірме жазбалардан және т. б. түрады.
Заводтар мен фабрикаларда алуан түрлі машиналар, механизмдер және олардың бөлшектері, күнделікті өмірде пайдаанып жүрген заттар, материалдар жасалып шығарылады. Осындай өндірісте жасалуға тиісті нәрселерді немесе тобын бұйымдар деп атайды.
Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екіге бөледі.
Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатын және таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор заводының негізгі өндіріс бұйымы - трактоор болса, Алматыдағы Октябрьдың ХХ жылдығы атындағы станок жасау заводының негізгі өнідіріс бұйымы - темір жонатын станоктар мен автоматтар.
Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штаптар, өлшеуіш аспаптар және т. б. осы мекемеде жасалған заттар.
Бұйымдарды негізінен 4 түрге бөледі. Олар: детальдар, құрастырылған бұйымдар, комплектілер және комплекстер.
Деталь деп біртекті материалдан құрастыру операциясыз жасалған бұйымдарды айтады. Мысалы, иінді білік, ось, болт және т. б.
Құрастырылған бұйымадар деп оның құрамына енетін бөліктері оларды жасайтын өндіріс орнында құрастыру операциясымен біріктірілген және белгілі бір қажетке жарайтын бұйымдарды айтады. Құрастырылған бұйымның мысалы ретінде өздеріңізге белгілі шеңбер сызу үшін қолданылатын цикульді келтіруге болады. Циркуль бірнеше детальдарды біріктіру нәтижесінде алынады және оның қарындаш өзекшесін қыстыратын сирағын жекеқұрастырылған бұйым деп қарастыруға болады. Осы сирақта циркульдің негізгі бөлігімен винт пен гайка арқылы біріктіріледі.
Комлект деп көмекші ортақ міндеттерді атқаратын бұйымдардың жиынтығын айтады. Оның мысалына, қорамсақты (готовальняны) немесе автомашинаны эксплутациялауда керкті құрал - саймандар компплестісін атауға болды. Комплект детальдардан, құрастырылған бұйымдардан және шағын комплектілерден тұрады. Комплектінің өзі күрделірек құрастырыллған бұйым құрамына еніп кететін жағдайлар да кездеседі.
Комплекс өзара байланысы бар қызметтерді орындауға керекті әр түрлі бұйымдардың жиынтығы. Мысалға сызба (чертеж) салуға керекті бұйымдар комплекссін алуға болады. Оның құрамына қағаз, сызба тақта, қорамсақ (готовальян), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және басқада ббұйымдар енеді. Сондай - ақ ас пісіретін бөлмедегі құралдар мен үй жиһардары компелсін қарастыруға болады. Демек компекс: комплектілерден, құрастырылған бұйымдардан және детальдардан тұратынын байқаймыз.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т. б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т. б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т. б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.
Конструкторлық документтерді олардың мазмұнына қарай графикалық және тестілік деп екі топқа бөледі. Бірінші графикалық документтерге тоқталайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz