Фискалдық саясаттың нұсқалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының орта мерзімдік фискалдық саясаты

Кіріспе . . . 3

І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі.

1. 1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні . . . 5

1. 2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары . . . 8

1. 3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық

қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері . . . 11

ІІ ҚР орта мерзімдік фискалдық саясатты жүзеге асыруының

ерекшеліктері.

2. 1 ҚР фискалдық саясатының қалыптасуы . . . 16

2. 2 Салық жүйесін талдау . . . 20

2. 3 ҚР орта мерзімдік фискалды механизмді жүргізудің жолдары . . . 26

ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру . . . 35

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиет . . . 42

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі фискалдық саясатқа деген көзқарастарды жүйелендіру, мемлекет баскаруының барлық деңгейіндегі (макро және микро деңгейде) экономикалық жүйедегі фискалдық саясаттың орнын негіздеу, фискалдық саясаттың мәні туралы кешенді сипаттама қалыптастыру және осы саясатты әлеуметтік саламен байланыстыру факторларынын анықтау қажеттілігі.

Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруына тиімді ықпал ететін негізгі элементтерінің бірі болып мемлекеттің фискалдық саясаты саналады.

Курсытық жұмысты жазу мақсаты елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістер, оны нарық механизмімен тиімді жұмыс істейтін елдердің қатарына теңестіру барысындағы ғылыми теория мен практиканың алдында тұрған мәселелеріне тұрақты экономикалық категория мен олардың үкіметтің макроэкономикалық шешімдерін қабылдау барысындағы қажетті құрамдас бөлігі ретіндегі тиімділігін арттыру.

Курстық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылған:

  • фискалдық саясаттың мәні мен рөлін қарастыру;
  • ҚР орта мерзімдік фискалдық саясатты жүзеге асыруының ерекшеліктері;
  • салық салу механизмін жетілдіру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу.

Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолдануына фискалдық саясат толық сипаттама береді.

Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандыктан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салык жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салык жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.

Қазіргі ғылыми-экономикалық еңбектерде фискалдық саясатты жүзеге асыру механизмін зерттеудің тұжырымдамасы толык өнделмеген.

Әлеуметтік салаға әсер ететін фискалдық саясаттың механизмін кешенді қалыптастырудың теориялық және практикалық сұрактарын жүйелік өндеудің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің дамуының әлеуметтік-экономикалык теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-деңгейін көтеругс әсер етеді.

Жоғарыда аталған жағдайға байланысты, Қазакстанда фискалдық саясатты жүзеге асыру механизмін зерттеу толық жетілмегендіктен және оның қазіргі талаптардың баламасына сәйксс келмеуі, осы мәселені ғылыми ізденістіруді талап етеді.

І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі

1. 1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескере отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі;

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекеттік шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі;

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 19. 1. сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.

20. 1 сызба. Т

G+T

артық G

тапшылық

0

Q1 Q2 Q3 ТҰӨ

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

1) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі) ;

2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногінде пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байлынысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;

3) сұранымды ынталандыру жиынтығы ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекеттік сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

1. 2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық үдерістерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Бұл орайда рыноктар-бәсекелесті болады және макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжаланады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық үдерістерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады:

MxV = PxQ

Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемді сатушылардың түсім-ақшасы көрсетіледі.

Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды кіріктіреді:

1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсету бағасын арттыру, салықтарды көбейту) ;

2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;

3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік заемдарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;

4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экпорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;

2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) жоғары икемділігі.

4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты) .

Стагфляцияны (құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасының жақтаушалары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі) ;

3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар(жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету) ;

4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс қисық сызығы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.

ХХ ғасырдың аяғында жаңа теория - тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық үдерістер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді - төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады.

Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.

Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе - теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функционалдық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

1. 3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық

қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері

Қоғамның экономикалық өсу процесіндегі фискалдық саясаттың экономикалық мәні мен рөлі бюджетке келіп түсетін экономика субъектілерінің міндетті ақшалай төлемдеріне сапалы сипаттама беруте, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты (ҰТ) орталықтандырылған қаржыны бөлудің құрамдас бөлігі ретінде салық салуды ұйымдастырудың әдістемелік негізін анықтауға, практикада жинақ пен инвестицияны, өндіріс пен тұтынуды мемлекеттік реттеудің салықтық құралдар жүйесінің өзара байланысын өңдеуіне мүмкіндік береді.

Фискалдық саясат - үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған саттық салу, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар туралы саясаты.

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі құралы ретіндегі фискалдық саясаттың түсінігі Дж. М. Кейнс пен кейнсиандықтардың атымен өте тығыз байланыста (Р. Харрод, Э. Хансен, А. Пнгу және т. б. ) .

Фискалдық саясат фискалдық механизм аркылы жүзегс асырылады. Фискалдық механизм - салық қатынастарын бөлу мен қайта бөлуді жүзеге асыру процесінің қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін әдістердің, құралдардың және формаларының жиынтығы.

Кейнсиандық теорияның өкілдері фискалдық саясатты экономикалық жағдайлардың өзгеруіне олардың сезіну механизміне байланысты дискреционды және автоматты (кіріктірме тұрақтандырғыш саясаты) фискалдық саясат деп бөледі. Дискреционды фискалдық саясат - үкіметтің мемлекет шығындары мен салықтарды саналы баскаруы.

Экономикалық өрлеу кезеңінде, жеке шығындардың көлемі артқан жағдайда, үкімет тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қысқартатынын білеміз. Мемлекет шығынын қысқарту, ЖІӨ-нің көлемін бірнеше есе азайтады. Сондықтан да мемлекет өндірістің құлдырауы кезінде шығынды арттыра отырып және экономикалық өрлеу уакытында оларды қысқарта отырып, экономикалық дағдарысты жеңілдетеді, ұлттық өндіріс көлемінің бірқалыпты артуына қол жеткізсді.

Дискреционды фискалдық саясат сондай-ақ салық ставкасының өзгеруін де болжайды. Салыктарды төмендету тұтыну шығындарының өсуіне, яғни өндіріс көлемінің бір қалыпқа келуіне және жиынтық шығынның (жалпы ішкі өнімнің) артуына әссрін тигізеді. Сайып келгенде, салық өзгерістерінің де мультипликаторлық әсері бар. Мемлекет шығындарының өзгеруіне қарағанда, салық өзгерістері жиынтық шығынға, оған сәйкес ұлттық өнімнің көлеміне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Бұл салықтардың өсуінің орның жартылай жиынтық шығындарды қысқартумен, жартылай жинақты азайтумен толтырады, ал мемлекеттік сатып алудың өзгеруі тек жиынтық шығынға ғана әсерін тигізсді. Міне, сондықтан да, салық мультипликаторы мемлекет шығынының мультипликаторына қарағанда әлдеқайда кіші. Бұл айырмашылықтар фискалдық саясаттың керекті құрамын талдау кезінде анықтаушы рөл аткарады. Егерде ол экономикаға мемлекеттік секторды кеңейтуте бағытталған болса, онда циклдік құлдырауды игеру үшін мемлекеттік шығын арттырылады (күшті ынталандырушы әсер береді), ал инфляцияның көтерілуіне кедергі болуы үшін салықтарды көтереді. (салыстырмалы жеңіл шектелген шара болып саналады) .

Салық бұл мемлекет заң жүзіндс белгілеген, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғаларға белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарылмайтын және қайта өтелмейтін түрдегі бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салық салу - мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасында ақшалай табысты бөлу әдісі.

Экономикалық ілімдер арасындағы салықтар жайлы сұрактардың алатын орны тек казіргі кездегі экономика ғылымдарының классиктері арасында ғана емес, бұрынғы классиктердің, яғни А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, С. Вобаи, Ж. Монтескье, Ж. Сисмонди, Ф. Нитти және т. б. арасында елеулі болған. Олар салықтар арқылы мемлекеттің табысы мен шығысына сипаттамалар берген, олардың пайда болу көздеріне, мүліктер мен табыс айналымының әдістері мен формаларына, саяси билікті қамтамасыз етуімсн байланысты қаржылай - бюджет байланыстарының шектелуіне көптеген ойлар мен жобалар ұсынған (сурет 1) .

Практикада мемлекеттік сатып алу мен салык деңгейі, үкімет сәйкесінше шешімдерді қабылдамаған жағдайда да өзгеруі мүмкін. Мұны Дж. М. Кейнс автоматты фискалдық саясатты анықтайтын кіріктірме тұрақтылықтың барымен түсіндіреді. Кіріктірме тұрақтылық өзін-өзі реттсу режимінде әрекет ететін және экономикалық жағдайдың өзгерістеріне автоматты түрде икемделетін механизмдерге негізделген. Индустриалды елдерде тұрактандырғыш ретінде салық салудың прогрессивті жүйесі, мемлекет трансферттерінің жүйесі, атап айтқанда жұмыссыздық бойынша қамсыздандыру мен пайдаға қатысу жүйелері саналады.

Жұмыссыздық пен әлеуметтік төлемдер бойынша жәрдемақы жүйесі автоматты түрде циклге қарсы әсерін тигізеді. Мәселен, жұмыспен қамтылу деңгейінің артуы, салықтың өсуіне әкеледі, ал бұлардың есебінен жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы тіркеледі. Экономика заңдылығына байланысты өндірістің құлдырау кезінде жұмыссыздар саны артады, ал ол жиынтық сұранысгы төмендетеді. Бірақта мұнымсн бірге жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы төлемінің сомасы да артады. Мұндай прогресс тұтынуды қолдайды, сұраныстың гөмендеуін баяулатады және дағдарыстың артуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай автоматты режимде әлеуметтік төлемдер. табысты индекстеу жүйелері де қолданылады.

Жоғарыда айтылған кейнсиандық теорияның көзқарасын қорыта келе фискалдық саясаттың мәніне былайынан сипаттама беруге болады: «Фискалдық дамудың мәні экономиканың тұрақты дамуын, жұмыспен қамтуды арттыруды және инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жиынтық сұранысты салықтармен, трансферттермен және үкіметтің сатып алуын айла-шарғылап басқаруынан тұрады».

Сурет 1 - Салық салу тұжырымдамасы.

Фискалдық саясат шығарылатын өнім көлемі мен табыстың деңгейіне әсер етеді және экономиканы тұрақтандыру үшін де қолданылады. Бірақ та американдық экономистердің көзқарастары бойынша фискалдық саясат ЖІӨ деңгейін толық тұрақтандыра алмайды, себебі салық ставкаларына немесе шығын деңгейіне қандай өзгерістер енгізу қажеттілігінің айқынсыздығында және бұл өзгерістердің бәрі ЖІӨ-не әсерін, тек арада белгілі бір уақыт өткеннен соң ғана көрсетеді.

Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын қаржыландыру әдістерінің және қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды.

Ары қарай фискалдық саясаттың экономиканы рсттеуін тікелей және жанама қаржылық тәсілдерге бөліп қарастырдым. Тікелей тәсілдерге ол бюджеттік реттеу әдістерін, атап айтқанда: ұдайы өндірісті арттыру шығындарын, мемлекеттің өндіргіш емес шығындарын, инфрақұрылымның дамуын, құрылымлық саясатты жүргізуін және тағы да басқаларын жатқызады. Жанама тәсілдер мемлекеттің тұтыну сұранысының мөлшеріне, көрсетілетін қызметтер мен тауар өндірушілердің қаржылық мүмкіншіліктеріне көмектесуіне бағытталған. Фискалдық саясат мәнінің осылайша талқылануы мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясатын ұқсастыру мәніне алып келеді.

Фискалдық саясаттың мәніне деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, Фискалдық саясат - мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы деп түсінуге болады.

ІІ ҚР орта мерзімдік фискалдық саясаты жүзеге асыруының

ерекшеліктері

2. 1 ҚР фискалдық саясатының қалыптасуы

Фискалдық саясаттың нұсқалары

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық үдерістерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Бұл орайда рыноктар-бәсекелесті болады және макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжаланады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық үдерістерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады:

MxV = PxQ

Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемді сатушылардың түсім-ақшасы көрсетіледі.

Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды кіріктіреді:

1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсету бағасын арттыру, салықтарды көбейту) ;

2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;

3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік заемдарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;

4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экпорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1) ақша массасына бағалардың жоғары икемділігі;

2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3) бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) жоғары икемділігі.

4) экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты) .

Стагфляцияны**(құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасының жақтаушалары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі) ;

3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар(жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету) ;

4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс қисық сызығы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Экономиканы салықтық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы
Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Экономиканы салықтық реттеу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Салық және оның әлеуметтік-экономикалық қоғамдағы орны мен маңызы
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Нарықтық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz