Мемлекетті басқарудың теориялық астары


ЖОСПАР
Кіріспе
І бөлім. Мемлекеттің мәні және оны басқарудың теориялық әдістемелік негіздері.
1. 1 Мемлекеттің мәні және оның негізгі сипаттары.
1. 2 Мемлекетті басқарудың теориялық астары.
1. 3 Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі.
II бөлім. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің негізгі заңдылықтары.
2. 1 Құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы.
2. 2 Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістерінің динамикасы.
2. 3 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері.
III бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары.
3. 1 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері.
3. 2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік басқару теориясында диалектикалық материалистік әдістеменің қолданылуы мемлекеттің қызметін зерттеу барысында ең болмағанда үш негізгі талаптардың орындалуын: Біріншіден, мемлекетті әлеуметтік жүйе ретінде және оның басқарушылық қызметін әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастыруды; екіншіден, мемлекеттік басқаруды объективті саналы қызмет ретінде, яғни саяси әлеуметтік өмірдің әр түрлі нысандарында, ұйымдық басқарушылық құрылымдарда, саяси құқықтық актілерде, орталық мемлекеттік билік пен партиялар қоғамдық ұйымдар және т. б. мекемелер арасындағы нақты басқарушылық қатынастарда жүзеге асатын қызмет ретінде түсінуді; үшіншіден, мемлекеттік басқарудағы нақты тарихи тұрғыдан теориялық талдау жасауды білдіреді. Бұл даму идеясын және мемлекеттік басқарудың нақты тарихи ерекшелігін білдіреді.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу құрылымы және оны жетілдіру бағыттары».
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттің мәні және оның негізгі сипаттамаларымен, мемлекетті басқарудың теориялық астары және мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен маңызын ашу.
Курстық жұмыстың міндеті: Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттарын талдау.
Курстық жұмыс ІІІ тарауды қамтиды: І тарауда, мемлекеттің мәні оның негізгі сипаттары, мемлекетті басқарудың теорялық астары мен әдістемелік негіздері туралы жазылған. ІІ тарауда, мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері және заңдылықтары қамтылған. Ал, ІІІ тарауға келетін болсақ, Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары мен ерекшеліктері туралы қарастырылды.
І бөлім. Мемлекеттің мәні және оны басқарудың теориялық әдістемелік негіздері.
1. 1 Мемлекеттің мәні және оның негізгі сипаттары.
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай куштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында белгілі бір саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мелекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдарды, оның ішінде азаматтығы жоқ тұлғаларды, сонымен қатар басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді. Дамудың әр кезеңінде бір жағынан адамның құқығымен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның, материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндіру және тұтынумен айналысатын адамдардың проблемаларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз қалап, қамтамасыз етеді.
Мемлекет үшін ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады. Сондықтан мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып, бекітілетіндігін атап көрсету ләзім. Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, олардың жүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілін де қолданатынын баса айту керек.
Ғылыми әдебиеттерде кездесетін мемлекеттің көптеген анықтамаларының ішінде келесі екеуіне тоқтала кетуге болады. Біріншісі мемлекетті ең көп мағынада: адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде, ортақ жоғарғы билікке бағынатын адамдардың саяси одағы ретінде, біріңғай ерікті білдіру, жалпы мүдделерді қамтамассыз ету, сондай-ақ адамның құқығы мен бостандығын қорғау негізгі мақсаты болып табылатын ұйым нысаны ретінде сипаттайды. Екінші түсінікке сәйкес, мемлекет адамдардың іс әрекеті мен тәртібін реттейтін саяси және құқықтық байланыстар мен қатынастардың жүйесі. Басқаша айтқанда, ол саяси құқұықтық институт, саяси билік ұйымын құратын әлеуметтік институттардың жүйесі. Мемлекетті институтционалдық тұрғыдан қарастыратын бағыт оны қоғамдағы адамдардың тәртібін анықтайтын нормалар жүйесімен байланыстырады. Осыған орай испан саясаттанушысы Л. Санистебан былай деп жазады: шындығына келгенде мемлекет «небәрі нақты уақыт шеңберінде орын алатын әлеуметтік тәртіпті заңдық тұрғыдан реттеудің бір түрі».
1. 2 Мемлекетті басқарудың теориялық астары.
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан, барлық дерлік ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқада гуманитарлық емес ғылымдардың әдістерімен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда, мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және т. б. көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия - табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы заңдылықтарын аша отырып, мемлекетті мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, объективті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану - қоғамдағы мемлекеттің рөлін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әртүрлі әлеуметтік, кәсіби және басқада топтарымен өзара байланыста және қарым қатынаста қарастырады.
Саясаттану - мемлекетті ерекше саяси институт ретінде ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.
Экономикалық теория - мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқарудың мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын, нысандарымен әдістерін сондай ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік сияқты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізі саналатын концепция саясаттың, құқықтың, басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатқа сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теорясы саяси құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясы қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме) мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар) ; мемлекеттік билік (саяси әкімшілік, экономикалық және т. б. ) ; басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті құқықтық реттеу) ; басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық реттеу) ;
Атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
Басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
Басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштердің және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
Тұтастай мемлекттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік, басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару;
Мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани дамуын басқару.
Басқарудың қоғамдық құбылыстарды қамту көлемі мен сипатына байланысты: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, ұлттық экономиканың өрістері мен салаларын басқару, кәсіпорын ұйымдарды, фирмаларды басқару және т. б.
Мемлекеттік басқарудың өзіне ғана тән ерекшеліктері оны басқа басқару түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік басқаруда, осы аталған басқару түрлерін жүзеге асыратын оның субъектісі - мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырынан көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші ғалымдар бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М. Вебер «мемлекет дегеніміз адамдардың легитимді күш қолдану арқылы екінші бір адамға үстемдік етуі» - деп жазған. Қоғамда адмдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік құрылым туралы пікір қалыптасты. Қазіргі заманғы философиялық энциклопедияда мемлекет «адамдардың біріккен іс әрекетінің нәтижесінде үкімет қызметінің нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын, қандай да бір салада қоғамдық істерді тәртіпке келтіретін үстемдік ету құрылымы ретінде түсіндіріледі». Осыдан мемлекеттің мемлекет болып табылатындығы да, оның қоғамдық құрылымдардан айырмашылығы да сол, онда адамдарға қатысты мемлекеттік билік шоғырланған және ол қоғамда жүзеге асады.
Мемлекеттік басқарудың екінші ерекшелігі оның барлық қоғамға, тіпті одан тыс, мемлекеттің халықаралық саясат жүргізу шеңберінде басқа адамдардың қоғамына таралуы. Көп жағдайда бұл тезис мемлекет адамдардың барлық іс әрекеттеріне араласады, олардың өзара қарым қатынастарын басқарады деген сияқты түсінбеушіліктер тудырады.
Мемлекеттік басқарудың өзіне тән үшінші ерекшелігі - мемлекет күрделі және көп қырлы қоғамдық құбылыс бола отырып және басқару субъектісі ретінде басқаруға жүйелілік сипат береді. Басқарудың басқа түрлеріне қарағанда мемлекеттік басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге аспайды. Онда милиондаған адам, көптеген мемлекеттік органдар және басқа құрылымдар, ал құрылымдарда лауазымды тұлғалар жұмылдырылған.
1. 3 Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі.
Мемлекеттік басқару теориясын әдістемелік негізін әдістеме түсінігінен қарастырған дұрыс. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік философиялық, саясаттану және басқада жалпы ғылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялардың жиынтығы. Әдістеме бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпы теориялық талаптардың жүйесі.
Қазіргі саяси ғылымда нақты саяси жағдайды талдаудың әр түрлі әдістемелік тұжырымдамалары бар. Мелекеттік басқарудың отандық әдебиеттерінде де тұжырымдамалардың әр алуандығы орын алады. Олардың ішінен жалпы философиялық диалектикалық материалистік әдістемені талдаудың жүйелік және құрылымдық функцияналдық кибернетикалық әдістері сияқты саяси әлеуметтік түрлерін атап өтуге болады. Аталмыш әдістемелер негіздерінің сәйкес келмеуіне қарамастан нақты дүниені әр қырынан және әр алуан дүниетанымдық көзқарастар тұрғысынан болсада біршама объективті бейнелеуге бағытталған. Саяси әлеуметтік өмірді объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылыс жасау берілген әдістемелік тұжырымдамаларды өзара байланыста, кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік басқару теориясында диалектикалық материалистік әдістеменің қолданылуы мемлекеттің қызметін зерттеу барысында ең болмағанда үш негізгі талаптардың орындалуын: Біріншіден, мемлекетті әлеуметтік жүйе ретінде және оның басқарушылық қызметін әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастыруды; екіншіден, мемлекеттік басқаруды объективті саналы қызмет ретінде, яғни саяси әлеуметтік өмірдің әр түрлі нысандарында, ұйымдық басқарушылық құрылымдарда, саяси құқықтық актілерде, орталық мемлекеттік билік пен партиялар қоғамдық ұйымдар және т. б. мекемелер арасындағы нақты басқарушылық қатынастарда жүзеге асатын қызмет ретінде түсінуді; үшіншіден, мемлекеттік басқарудағы нақты тарихи тұрғыдан теориялық талдау жасауды білдіреді. Бұл даму идеясын және мемлекеттік басқарудың нақты тарихи ерекшелігін білдіреді.
Нақты тарихи, материалистік көзқарастар қоғамда таптық мүдделер тобы орын алып және олар басқарушылық шешімдер қабылдауға өздерінің ықпалын тигізген жағдайда ғана таптық тұрғыда талдауды ұсынады. Мемлекеттік саясатты талдау мен мемлекеттік басқару стратегиясын әзірлеуде таптық көзқарасты жоққа шығару асығыстық. Қоғамның әлеуметтік таптық жіктерінің артуы жағдайында оны таптық тұрғыдан қарастырмау объективтіліктен алшақтағандық болар еді. Осы жағдайда әлеуметтік саяси талдаудағы кез келген таптық көзқарас субъективизмді білдіретінін ескерген жөн. Алайда ол таптық мәселеге баса мән бермейтін әдістемемен жоққа шығарылуы мүмкін. Аталған жалпы философиялық диалектикалық материалисттік әдістеме жүйелік талдау әдістемесімен нақтыланады. Қоғамдық процестеді зерттеудің осы жүйелік әдісін К. Маркс өзінің белгілі «капитал» еңбегінде алғаш рет қолданған болатын. Бұл әдістеме қазіргі әлеуметтік саяси ғылымдарда Т. Парсон және Д. Истонның еңбектерінде теориялық негізін тапты. Д. Истонның жүйелік үлгісі «жалпы жүйелік теориясының саяси талдауда қолданылуын» білдіреді. Саяси ғылымға «саяси жүйе», «тұрақтылық», «тепе теңдік», «функция», «кері байланыс» және т. б. тәрізді жүйелер теориясының негізгі түсініктері енгізілді.
Құрылымдық функционалдық әдісте мемлекеттік басқаруды жүйе ретінде зерттейді. Құрылымдық функционалдық әдіс жүйесінің өмір сүруі мен қызмет етуіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. Қазіргі кездегі басқару теориясында құрылымдық функционалдық талдау Н. Мысиннің айтуынша екі аспектіден тұрады. Құрылымдық аспект: а) осы жүйені құрайтын компоненттерді анықта; ә) осы компоненттердің заңды байланыстарын анықтау. Функционалдық аспект жүйе элементтері қызметінің ішкі механизмін, сонымен бірге жүйенің сыртқы қызметін жүйенің сыртқы ортамен арақатынасын зерттеу.
Мемлекеттің басқарушылық қызметі қоғамдық ортақ және жеке мүдделер арасындағы қоғамдық қайшылықтармен шиеленістерді шешуге және реттеуге бағытталған. Мемлекеттік қоғамдық жүйелерге даму, дағдарыс, басқарушы және басқарылатын жүйе элементтерінің, интеграция және дизентеграция субъектілерінің шиеленісті өзара қарым қатынастары тән. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару теориясында конфликтік ұстанымның қалыптасуына негіз болады. Мұндай ұстаным танымның және практикалық іс әрекеттің диалектикалық әдіснамасына тән. Бірақ конфликтологиялық ғылымды мұндай тұжырымда көпшіліктің қолдауына ие болып отырған жоқ. Саяси әлеуметтік процесті қақтығыстар тізбегі ретінде қарастыратын неміс саясаткері Р. Дорендорф көзқарасына қарсы Т. Парсонс тұжырымдамасы қақтығысты уақытша, заңсыз құбылыс деп анықтап, «әлеуметтік тәртіп», әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын зерттеуге бағытталлған.
Ғылыми танымның нақты салаларында қолданылатын кез келген әдістеменің шарты объективті ақиқат пен саяси қызметтің тиімділігіне қол жеткізу. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу әлеуметтік таным жағдайына байланысты. Саяси басқарушылық процестерді танып білуді сипаттайтын бірнеше ерекшеліктер бар.
Бірінші ерекшелік . Мемлекеттік басқару процестерін талдау барлық жағдайда субъективті болып келеді, себебі оны талдаушы (аналитик), елдің саяси өміріне қатысушы ретінде сол уақытта қоғамда қалыптасқан түсініктерді, айтылған пікірлерді орын алған материалдар негізінде ой толғайды. Өзге ғалымдарға қарағанда саяси ғылымда объективті ақиқат субъективті нысанда сипатталады.
Екінші ерекшелік. Қайсібір елде қалыптасқан саяси басқару тереторясы қолдану объективтілігі фактологиялық тұрғыдан негізделсе де басқа елде өзінің зерттеу мәселесін, құралдарын, тәсілдерін және бағытын өзгертпей қолдана алмайды. Тек саяси субъектілердің қасиеттерін жалпы ортақ стандарттарға сәйкестендіру арқылы ғана қолданбаса.
Саяси объект туралы ғылымды қалыптастыру үшін саясатты ғылыми таным объектісі ретінде сипаттайтын онтологиялық бейнесінің болуы шарт. Бұл ғылыми білімді қалыптастыруда қиыншылықтар тудыруы мүмкін. Мемлекеттік басқару теориясы біріншіден, тарихи, оның ішінде кеңестік, екіншіден, халықаралық және қазақстандық тәжірибелер негізінде қалыптасады.
Үшінші ерекшелік. Мемлекттік басқару теориясын қазіргі біздің мелекеттің және оны басқару саясатының онтологиялық бейнесі негізінде дамыту теориясының әлеуметтік функциясын субъективті, идеологиялық және саяси тұрғыдан, яғни қолданбалы теория ретінде талдаудың шарты болып табылады. Бұл терминді белгілі американдық экономист және социолог Д. Гелбрейт батыс экономикалық теорияларын сыни сипаттау барысында қолданған. Ол теориялардың авторлары өздерінің басты мақсаттары мен функциялары елдегі нақты экономикалық жүйені объективті тұрғыдан түсіндіру емес, сол жүйе туралы қоғамдағы басым күштер мен ұйымдар түсініктеріне сәйкес немесе соған ұқсас түсініктерді қалыптастыру деп біледі. Субъективті теориялық образ объективті ақиқатты алмастырушы және үстемдік етуші билік құрылымдарының саясатын негіздеу құралы болып табылады. Теорияның тікелей қызметі мейлі ол экономикалық немесе саяси болсын, қандай да бір мүдделер тобына қызмет ету емес, қолданбалы функция емес, ол адамдардың, оның ішінде саяси жетекшілердің, басқарушы элитаның және үстемдік етуші экономикалық субъектілердің әлеуметтік ақиқатты объективті түрде қабылдауына мүмкіндік беретін түсіндірмелік функция атқару керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz