Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениеттегі орны ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі бағыттар мен
кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Қайта жаңғыру және гуманизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Антропоцентризм- қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттамасы ... ... ..11
2. Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени-философиялық сипаты ... ... ... ... .13
1. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. Қайта жаңғыру кезеңіндегі әлеуметтік-утопиялық ойлардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .21
3. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетіндегі дін мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 4
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
XIV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел
қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың,
механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл
жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары
тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол
ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат
заңдылықтарын танып-білуге барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық)
тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсілретінде
көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек
механикалық тәсіл ұсынылды.(2-62)
Бұл кезең, Қайта өрлеу дәуірі Ренессанс – Батыс және Орталық Еуропа
елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман
мәдениетіне өту дәуірі болды. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі
ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне
мәдени мұраларға ден қою, оны қайта көркейту. Қайта өрлеу адамдарына
шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете
бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны
пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы
өзгерді.
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да құдайдың еркімен болды дегенге
сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды.
Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне
аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – гуманус – адамгершіл) деп
атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі
әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы
адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты.
Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға
сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу
еркіндігіне жол ашылды.
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар
аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап,
тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін
түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды.
Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды
зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің негізгі белгілері:
-антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы
адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
-шіркеу идеологиясына қарсы пікірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес,
өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркеу
мәселеріне қарсы шығу).
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар   
аудару;
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге
қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес
еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жаңалықтар) түсіну;
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.

1.Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениеттегі орны.
Қайта жаңғыру мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — ХІV
ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл
мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру
дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания,
Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б.
бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне
мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу
айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы
адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір
адамзат тарихындағы сындарлы заман болды Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі
кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика
саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану
заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен
тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды; саясат саласында —
тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас
буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын
ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың
айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық
қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпиде-миясы, талай
дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни
соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты
болды. .(1-171-172)
XVI-XVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей
бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни
ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі
мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы,
дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне
байланысты өзіндік ерекшелік пайда болды.
XV ғасырда басталған бұл дәуір мәдениетінің қалыптасуына Шығыс пен
Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан
басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң
өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа
жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру
нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су
жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы
сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия
мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен
Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің,
ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы
дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген
идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған
сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан,
табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. (1-172)

1. Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі бағыттар мен кезеңдер.
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар:
пантеизм, натурафилософия және гуманизм.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс
болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп
есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып
құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд
енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп
кездеседі.
Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен
әуестенумен пайда болып дамыған ілім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы
ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим
(Парацелес), Бернардино Телезио саналады. (Нысанбаев Ә.)
Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын
құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-
жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты
білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген бағыттары оның дәуірлеріне
тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына,
дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. (1-173) Қайта жаңғыру
мәдениеті бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді
ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы) деп
аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғ.
дученто, XIV ғ. — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер
сахнасына шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында
болған ұлы Данте Алигьери (1265— 1321 ж.). Ұлы дарынның қыл қаламынан
шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген
ұрпақтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте, Франческо
Петрарка (1304—1374 ж.) жэне Джованни Бокаччо (1313—1375 ж.) Қайта өрлеу
(жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін
қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған
тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның
өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі
болды. Оның жолын қуушылардың бірі Декамеронның авторы атақты Боккаччоның
гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары — дүниежүзілік әдебиет
саласындағы соны құбылыс болып саналады. (1-173)
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән
ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни Бастапқы Қайта
жаңғыру дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен
принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — Кемелденген
жаңғыру кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды.
(1-173)
2. Қайта жаңғыру және гуманизм.
Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және
өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512—1574) өзінің
Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғ.)
деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы — коне
заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда,
XVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дөуірі адамның қайта жаңғыруы және
гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV— XV ғ. Италия мәдениетін былай
сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты,
өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген ұғымдарды еңгізген
осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салюта-ти болатын.
Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның адамгершілік деген
сөзінен шыққан (гомо — адам деген үғымды білдіреді). Бүл терминді жаңа
адамдар — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат
бал асы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу
болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы —
ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды
қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым — гуманист, Леонардо Бруни
(1370—1444 ж.) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне
қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны
әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми түрғыдан зерттеп білу деп
түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және
т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді
гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. (1-172)
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік
шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік,
бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу
философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла,
Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің
философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде,
мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі - (Н.Макиавелли,
Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып
отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса,
үшіншісі - (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және
оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз
заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер
еткен революциялық жаңалықтар ашты. (2-62-63)
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық
көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай
Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: Мүмкіндіктің болмысы
туралы, Жер шарының айналуы туралы, Құдайдың көріпкелдігі туралы т.б.
Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар,
математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны
сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі
тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан
кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды
танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе
көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге,
не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа
жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының,
іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, адам
дегеніміз оның ақыл-ойы - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың
заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. (2-62-63)
Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа
айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалым, көрнекті
философ Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды.
Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге,
адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат
мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан
ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім
деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи философиялық тас іздестірудің өзі
пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің
қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп
тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан
суға айналады. (2-62-63)
Ерекше атап өтетін бір жайт, итальян тарихшыларының гуманистерге деген
көзқарастары әртүрлі болып келеді. Италияның өткен тарихына көз жүгіртетін
болсақ, Ренессанс дәуірі бұл елдің өзара қақтығыстар мен соғыстарға толы
кезеңімен сайма-сай келеді. Тарихи деректерге жүгінсек, дүние жүзіне атағы
шыққан кейбір гуманистер Италияның бостандығын тұншықтырушы мейірімсіз
билеушілерге қызмет еткен, тіпті шетел басқыншылығы кезінде патриоттық
сезімін көрсете алмай дәрменсіздік танытқан. Бірақ бұл келеңсіз
көріністерге қарап біржақты көзқарас тумауы керек, өйткені дүниежүзілік
көлемде гуманистер жаңа қоғамдық күш болды. Олардың табиғи дарыны, ұшқыр
ойлары текке кеткен жоқ, өйткені осы бір ұлы ойшыл даналардың арқасында
ғана Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті Жаңа заман мәдениетінің жаршысы,
бастамасы болды. Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол
дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық
дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген
алып тұлғалар болған. (1-175-176)
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып
табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың
идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.
Гуманистердің жариялаған “адамға табынуы” адамды сүюі, қастерлеуі тек
үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың
өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар және жаңа
қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.
Педагогтар гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге
белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-
ой тәрбиесіне ерекше мән берді, ол балалардың шығармашылық белсенділігін,
өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектескен болар еді, оларды терең біліммен
қаруландырар еді.
Гуманистер айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек
және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне
тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты орынға
ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке
тұлға ретін сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық
жүйесіне, догматизмге және салалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға
қарсылық білдіре отырып, гуманистер педагогтер-гуманистер өз кезеңі үшін
алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика,
басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмнің барлық мәдени қозғалысы сияқты
көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның
ықпалы тек ғана ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен
тарады.
Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде
қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық
көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам
бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз
мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса
көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм
Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы
дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

3. Антропоцентризм- қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттамасы.
Антропоцентризм (грекше anthropos- адам, centrum- орталық)- дүниенің
орталығына адамды қоятын италияндық Қайта өрлеудің концепциясы. Ол
еуропалық Жаңа заман мен ағартушылық мен өмірлік өлшеміне және гуманизмнің
маңызды шартына айналды. Адамды әлемнің түпқазығы деп есептеу арқылы оның
белсенділік идеясы тұжырымдалды. Еуропалық жасампаз фаустық адам іргетасы
антикалық қоғамда қалыптасқанымен, антикалық субьект табиғат аясынан шыға
алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез- құлықтары туралы концепция
қалыптасты, оның қағидалары нарыққа демократияға, азаттық қоғамға бет
бұрған әлеуметтік мәдениеті басшылыққа алды. Неміс философы И.Кант адамды
қашанда құрал түрінде алмай, оған түпкі мақсат ретінде ұмтылу керек деді.
Антропоцентризмнің кейбір қағидалары XIX ғасырдың екінші жартысында
қалыптасқан мәдени антропологияда ұтымды қолданылады. XX ғасырдың кейбір
мәдениеттанушылары антропоцентристтік өркениеттің шектерін де атап өтті:
табиғатқа қарсы бағытталған тежеусіз адамдық шовинизм экологиялық
дағдарысқа әкеледі.(7-256)
Қайта жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам
бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге
көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау — басты орынға қойылды. Міне,
сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты
болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жария-лады, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік
принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта жаңғыру заманының
гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу
ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бүл дәуірдің гуманистік
идеялары — рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бүл төңкерістер
буржуазиялық революциялар толқы-нымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің
қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды. (1-173-174)
Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына
аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі
өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша
қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның
тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке
қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия
қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі.
Солардың ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған — Флоренцияның
мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа
жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға
ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де
сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала
мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен жаңа
адамдар қалыптасты. Бірақ жаңа адамдар-дың қалыптасуы әлі де болса орта
ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық
дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта
ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне
мәдени мұраларды тірілтуге деген жаппай құлшыныс жаңа адамдардың
қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.
(1-174)

1. Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени-философиялық сипаты .
Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы
бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген
елдерінде бүрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды.
Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса,
Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. (1-
178)
Бұл мәдени төңкерістің барысында Қайта жаңғыру даналарының басты
назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай
түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл
жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру
дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан та-зартты, оны қайта
қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы
неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық —
космологиялык, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған
— антроцентристік неоплатонизм. (11-244). Көне заманның неоплатонизмі
Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын,
космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет
жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір
сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді.
Жоғарыда атап көрсетілген антропологиялық жаң-ғырған неоплатонизм бір
жағынан, коне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары
көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық
неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен
әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну — жаңғыртушылық дүниетанымдық
мақсаттардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да
адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын
танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере
отырып, жаңғыртушылар адам көзіне пара-пар келетін бүл дүниеде еш нәрсе
жоқ деп есептеді. Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының
ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да,
дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің
мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі
белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта
жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті. (1-174-175)

1. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері.
Қайта өрлеу атауын 6ipiншi болып қолданған адам италияндық суретші әpi
сәулетші Джорджо Вазари (1511-1574) деп есептеледі, ол антика мәдени
мұрасының қайта өрлеуі деп түсінген еді XVIII ғасырдан бастап Қайта өрлеу
адамньң қайта бағалануы, яғни адамгершіліктенуі деп ұғыла бастады.
Одан кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде үлкен ізі қалған өнер алыбы Леонардо
да Винчи (1456—1519 ж.). Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің,
мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол — әрі мүсінші, әрі
суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі
физик т.б. болған. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының
қанатының, токарь станогының жобаларын жасады. Леонардо да Винчи сонымен
қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми
трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық
замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі — Құпия жиын. Миландағы Санта
Мария делла Грацие шіркеуіндегі бұл сурет бізге жартылай бүлінген күйінде
жетті. Бұл суретте Христос барлық сезімдер орталығына айналған, оның ішкі
жан-дүниесі, қайғысы мен сабырлылығы — заңды құбылыс. Шығармада көрсетілген
драманың терең мәні де осында болар, өйткені мұндағы сатқын, опасыз Иуданың
сол бір құпия кештегі келбетінің өзі де үлкен шеберлікпен берілген.
Жаугершілік, қиын-қыстау заманда салынған бұл сурет екінші жағынан — заман
талабынан туған, мәңгі өшпес тақырыпқа арналған патриоттық шығарма болып
табылады. (1-176)
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-
маржаны болып отырған Мона Лиза — Джоконда туындысы ғасырлар бойы көрген
адамды таң қалдырып келеді. Леонардо Джоконданы салуда ұзақ еңбектенді,
қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра
қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның
бірде-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де
осында болар.(қосымша 1.сурет) (1-176)
Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520
ж.) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына
мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — Сикст мадоннасы
Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, Сикст мадоннасы
еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болган
шығармалары Афины мектебі, Конестабиле құдай — ана, Парнас және
басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлар философиясы
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта өрлеу мәдениеті
Макиавеллидің саяси философиясы
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірінің педагогикалық ой- пікірлер өкілдері
Қайта жаңғыру (Ренессанс)
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Пәндер