Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Мазмұны
Кіріспе
1. Қызылшаның маңызы
1.1. Халық шаруашылығындағы маңызы
1.2. Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары
2. Технологиялық бөлім
2.1. Қант қызылшасы тамыржемісінің (бірінші жылғы) өсіру технологиясы.
2.2. Топырақ өңдеу жүйесі.
2.3. Тыңайтқыштар жүйесі.
2.4. Тұқымды себуге дайындау және себу.
2.5. Тұқымдық қызылша өсіру.
2.6. Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру.
3. Технологиялық талаптар
3.1. Тамыр жемістерге қойылатын технологиялық талаптар
3.2. Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
4. Қызылша-қант кешенінің объективті қажеттілігі, маңызы, мәні мен мазмұны
5. Қызылша-қант өндірісінің 2015 жылға дейінгі даму концепциясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық
дақылдардың бірі. Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі
тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің төмендеуінен туындайтын
дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап айтқанда
бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік
тәжірибе көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін
айдалған жерден алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант
қызылшасының 5,3%-ы айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін
құрады.
Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады,
өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы –
жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант заттарында дайындалады.
Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм)
бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі
температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың үш -
он күндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға
бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе
бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде
негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады.
Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде
өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа
сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар
бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді.
Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның
өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал
азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында
көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол
жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның
барлық облыстарында өсіріледі.
Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол
егілген қант қызылшасы сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне,
алынған шикізаттың сапалы өндірісіне байланысты. Жоғары қаттылықты және
салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының төзімді сұрыптарын алуға
бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда агротехникалық
шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады.
Қант қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен
бірге екіжылдық айқас тозаңданушы дақыл. Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш
талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті, әртүрлі фитопатогендерге
төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды. Биотикалық
және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде
биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады.
Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден жасушалық деңгейге
алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары жасушаларында,
селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер
қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ
дисперсті суспензиялық культурасы табылады.
Өсімдіктің суспензиялық культурасын алудың негізгі әдісі – каллусты
ұлпаны қоректік ортада фрагменттеу және өсіру болып табылады.
Қазіргі кезде қызылшақант кешенін құрудың қажеттігі еліміздің ауыл
шаруа-шылығын дағдарыстан шығару, оның экономикалық жағдайын тұрақтандыру,
өнді-рістік шаруашылық байланысты қалпына келтіру қажеттілігімен,
шаруашылық субъектілердің барлық салаларының мүдделерін сақтау,
экономиканың осы сферасында өндірістік - экономикалық процесстерді
басқаруды жетілдірумен анықталған.
Қызылшақант кешенін құрудың маңызы, оның шығаратын өнімінің
стратегиялық маңыздылығымен қамтылған. Қант өсімдік жаратылысты картоп,
өсімдік майлары тәрізді тұтынуы әлем халқын физиологиялық энергияның көп
бөлігімен қамтамасыз ететін азық-түліктің негізгі жаппай түрінің тобына
кіреді. Тамақ өнімдерінің ішінде қант маңызды орындардың бірін алады.
Мұндай тұжырым осы өнімнің ұзақ мерзім сақтауға жарамдылығына, еліміздің
аймақтары арасында үлкен көлемде тасымалдауға ыңғайлылығына, оны жеміс-
жидек өнімдерін өңдеуде шикізат компоненті ретінде пайдалануға, адаммен
жеңіл және тез сіңірілуіне, өндірістік запастарды қалыптастыруда
қажеттілігіне негізделген.
Республикадағы қант өндірісі қант қызылшасын өсіру мен қант-шикізатының
оптималды көлемін әкелуді ұтымды үйлестіру негізінде кешенді дамуы
қажеттігін атап өту қажет. Бұл келесі себептермен қамтылған, біріншіден
Қазақстан өз мүмкіндіктерін толығымен пайдаланғанда ішкі рыноктың қажетін
өз шикізаты есебінен кем дегенде 25-30%- дейін қамтамасыз етеді...;
екіншіден, қызылшадан қантты қайнату процесінің маусымдылығы қант зауытының
өндірістік қуатын 6,3 %-дан 36,4%-дейін пайдалануды жорамалдайды,
үшіншіден, қант-шикізатын өңдеу халықтың қантқа қажетін, қант зауыты
өндірістік қуаты мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
1.1 Халық шаруашылығындағы маңызы
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты
негізінен қант қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыр жемісі
көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант
өнеркәсібінде шикізат болып саналады
Қантты сонымен қатар қант қамысынан (балқурай) өндіруді. Балқурай –
тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, оны жер
шарының 70-тен аса елдері өсіреді. Балқурай қантының үлесі әлем өндірісінің
60%-дан астамын құрайды. Балқурай қантының шығымдылығы қант қызылшасынан
екі есеге жуықтай төмен.
Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез
сіңіретін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамында қант мөлшері азаятыны
белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану – адам ағзасының жұмыс қабілетін,
физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі
факторлардың бірі.
Қант қызылшасынөнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер-жапырақтар,
сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары.
Қант қызылшасының жпырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен жартысына
дейінгі бөлігін құрайды. Және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк
балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г)
жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының бір 1 гектардағы
250-300цга жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000
малазықтық өлшем береді.
Қант қызылшасын зауытта өңдейден алынатын сығынды мен сірненің
малазықтық маңызы зор. Қантсызданған қызылша жаңқасы болатын сығындыда 15%
құрғақ заттар, оның ішінде 1,3% шикі протейн және 10%жуық көмірсулар
болады; 1ц. Шикі сығындының мал азықтық құндылығы 8 азықтық өлшемге тең;
сығынды шығымы тамыр массасының 80 % құрайды.
Малазықтық сірнеде 60% деін қант болады және оның малазықтық
құндылығы дәнге жақындайды, себебі оның 1 кг-да 0,77 малазықтық өлшем және
45 г қорытылатын протейн бар.Сонымен қатар сірне кондитер және тағам
өндірісіне шикізат та болады.
Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150ц жапырақ
өнімін бергенде алынатын қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер)
мал азықтық құндылыңы 5000-ға жуық малазықтық өлшемді құрайды.
Дефекациялық лас қалдықтар (қызылша қантын өндірудегі қалдықтар)
тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
100ц тамыржемісті өңдгенде 13-16ц қант, 83-90 ц сығынды және 3,5-
4,0 ц сірне алынады.
Қант қызылшасы тамыржемісінің шамамен 40-50% мал азық болса, оны
арнайы мал азық ретінде де өсіруге болады.
Демек, біздің елімізде қант қызылшасы техникалық дақыл ңана емес,
маңызды мал азықтық дақыл.Малазықтық құндылығы бойынша қант қызылшасы мал
азықтық қызылшадан екі еседен артыққа асып түседі: оның бір кг-да 0,26 мал
азықтық өлшем, 12 г. Қорытылатын протейн, 0,5 кальций және 0,5 г. фосфор
болады. Басқа тамыржемістерге қараңанда қант қызылшасы біршама жақсы
сақталады.
Қант қызылшасының агротехникалық маңызы да зор.Ауыспалы егістерге
оны енгізуде егіншілік мәдениеті артады.Қант қызылшасының топырағын терең
өңдеу мен өсіп, жетілу кезеңіндегі жүргізілетін күтіп, баптау шараларының
арқасында, танап келесі егілетін дақылдар үшін рамшөптерден тазартылады
және онда ылғал жиналады.Демек, қант қызылшасы көптеген ауылшаруашылық
дақылдарына құнды алғы дақыл жіне ауыспалы егістердің жалпы өнімділігін
көтереді.
Қант қызылшасын жер шарында 9,5 млн гектарға өсіреді, оның жартысына
жуығы ТМД мемлекеттерінің үлесіне тиеді (Украина, Ресей, Молдавия,
Беларуссия).
Қант қызылшасы Республиканың оңтүстік шығысында (Алматы және
Жамбыл облыстары) суармалы жерлерде өсіріледі.
Егер 1991 жылға дейін Қазақстандағы қант қызылшасының егіс ауданы
57 мың гектар құраса, соңғы жылдары дақыл 20 мыңдай гектар құраса, соңғы
жылдары дақыл 20 мыңдай гектар жерге ғана егіліп жүр.Республикада 7 қант
зауыты бар, қант қызылшасы шикізатының аздығынан олар балқурайдан қант
өндіруге қайта жабдықталған. Қант қызылшасы тамыр жемісінің орташа
өнімділігі 210-230цга құрайды.
1.2 Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары
Қант қызылшасы (Beta vulgaris L.V. Saccharifera) – Алабұталар
тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L.) мал азықтық (v.
Crassa), жапырақты (v. Cicla) және асханалық (v.Escultnta) түр тармақтары
кіретін түрдің – екі жылдық өсімдігі. Мәдени екі жылдық қызылша б.э.д. 2000-
1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы бір жылдықтан (Beta
vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу
тегі салыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның
араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы.Қант қызылшасының
бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыржемістері, екінші жылы – гүл
түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетіледі (Сурет 44).
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-
50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін
енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады.
Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары
болады.
Тамыржемісінің пішіні – конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны және
нағыз тамырдан тұрады. Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген
сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне
қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын – тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың
арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі
– тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы
жапырақшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-
20%) тамыржемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп, жетілген тамыржемісте шамамен – 75% су, 25% құрғақ
заттар (сорты мен өсіп, жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады.
Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді,
сағақты. Пішіндері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары
қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек
тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық
бөлігі мен өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см
дейін. Бірінші жылы өсімдік 60- қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігің екінші жылы – қыста сақталған
тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан
кейін барып береді.
Гүлдері – қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40 күнге
созылады. Қант қызылшасы айқас тозанданады. Тозандануы жел мен насекомдар
арқылы жүреді.
Жемісі – жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері 2-5
тұқыммен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан 50г деін.
Бір тұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан
механикалық себуге ыңғайлы.
Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы
перисперманың (қоректік заттар орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап
тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және
ұрық тамыршаларынан тұрады.
Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.
Қант қызылшасының бірінші жылындағы вгетациялық кезең ұзақтығы
150-170, ал екінші жылы – 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен
жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде – тамыр, ал соңғы 50-60 күнде
тамыржемісіне қанттар жиналады.
Қант қызылшасының тұқымы 3-4 *С өніп шыға бастайды.Тұқымның
бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150%ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан,
тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің
уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу
керек.
Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы
қосқұлақтану кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен
кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3
күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар
шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды.Қант
қызылшасы тамырына жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей
байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс
өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзық күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен
қарқындылығы қызылшаның өсіп, жетілуіне, сондай–ақ қант, көмірсулар түзуіне
көп әсер етеді.Жарық жақсы түсекн сайын, көмірсулар синтезделу үрдісі жақсы
өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімділігі мен қанттылығы
күрт төмендейді.
Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті
белсенді температура жиынтығы – 2400*С.Өсіп, жетілуіне оңтайлы температура
– 20-22*С.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндар – 3-4*С үсікті көтермейді, бірақ
екі нағыз жапырақты кезеңінде – 6-7*С үсікке шыдамды.
Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді.Оның транспирациялық
коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массасының
жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал
жеткілікті болу керек.Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен
тамырдың қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы
өзінің мықты тамыр жүесінің арқасында тпырақтың терең қабатынан
өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да
төзімді өсімдікке жатады.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда
береді.
Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды.Ауа тұқымның өніп-
өсуі мен тамыржемістер қалыптасуының барлық кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар
өңдеоген топырақтарда ауанаң жеткіліксіз болуынан тамыржемістердің өсіп-
жетілуі нашарлап, өнім төмендеп кетеді.
Топырақ қышқылдығына қант қызылшасы сезімтал.Оған топырақ
ортасының реакциясы бейтарап және әлсіз сілтілі болй өте қолайлы (рН 6,5-
7,5).
Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қара-қоңыр топырақты
жерлерде мол өнім береді.
Респупликада қант қызылшасы негізінен Алматы Жамбыл облыстарында
кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі.Елімізде оның 28 сортын өсіруге
рұқсат етілген және кең тарағандары – Ялтушковская однасемянная,
Ялтушковская однасемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг, Амели, Венера,
Георгина, Ленора және будандардан ЦКАЗМС-44,КазМС-19,КазСИБ-14 ж.б.
II Қант қызылшасы тамыржемісінің (бірінші жылғы) өсіру технологиясы.
2.1 Ауыспалы егістегі орны және жақсы алғы дақылдары
Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда
арнайы ауыспалы егісте дақылдың ауруларымен зиянкестерімен тиімді күресуге
мүмкіндік туады.Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша
өсіретін аудандарға 7-8 танапты (жоңышқа қызылшалы) арнайы ауыспалы егіс
кескіндерін ұсынған болатын.
Қазіргі жағдайда фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі үш
танапты ауыспалы егістер енгізілуде (Байоразов А., 2006). Мұнда қысқа
ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде
майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады.
Әрине, қант өызылшасынан жоғары өнім алу үшін оны арамшөптерден
таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек.
Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар
пайдаланатындықтын және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар
орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді.Қант егісте қант қызылшасы
зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде.
Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте
екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге
себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану
қажет.
Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына,әдетте таза сүрі
жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ
дақылдарынан кейін себілсе де, қант қызылшасы жақсы өнім береді.
Суармалы жердерде қант қызылшасының тамаша алғы дқылы жрңышқадан
және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл
жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкеніс дақылдары да жаман алғы
дақыл болмайды.
Қант қызылшасынан кейін жаздық дінді және бұршақты дақылдар жақсы
өнім береді.
2.2 Топырақ өңдеу жүйесі.
Қант қызлша танабы тереңге жыртылуы тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр
жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі,
ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей
байланасты.
Қант қызылшасы танабының топырағын өңдеу – негізгі (сүдігер) және
тұқым себер алды өңдеулерден тұрады. Сүдігер жырту алғы дақылдар мен
топырақ климат жағдайларына байланысты. Ол негізінен танапты арамшөптерден
тазартуға және топырақта ылғал мен қоректік заттар жинауға бағытталуы тиіс.
Топырақты негізгі өңдеу – аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу және
тереңге сүдігер жыртудан тұрады. Аңызды мүмкіндігінше ерте сыдыра
жыртқыштармен өңдеу үшін қант қызылшасын себуге арналған танаптағы
сабандарды жиналған астықтармен бірге алып кету керек.
Сыдыра өңдеуді 10-12 см тереңдікке дискілі немесе түренді сыдыра
жыртқыштармен, сүдігер жыртуды – мүмкіндігінше ерте, 30-32 см тереңдікке
шолақ түренді соқамен атқарады. Ерте жырту топырақта ылғал мен қоректік
заттардың мол жиналуына септігін тигізеді, құрғақ ауа райында топырықты
соқамен жырту тығыздаумен бірге (шғыршықты таптауышпен бір агрегатта)
атқарылады. Ол ылғалдың жақсы сақталуы мен арамшөптердің өсіп шығуына
жағдай жасайды.
Жинаудан кейін жылы ауа райы ұзақ болатын жағжайда жақсартылған
топырақты жартылай сүрілеп өңдеу жүйесін пайдалануға болады. Күздік бидайды
жинағаннан кейін, дискілі сыдыра жыртқыштармен топырақты 7-8 см тереңдікке
өңдейді, 10-12 кейін түренді сыдыражыртқыштармен 14-16 см тереңдікке екінші
рет өңдейді. Немесе 18-020 см тереңдікке топырақтың жағдайына байланысты
тісті тырма немесе шығыршықты таптауыштарды бір агрегатта пайдаланып,
соқамаен қайта таяз жыртады. Сонан соң, арамшөптердің шығуына қарай
топырақты тырмалайды немесе қопсытады. Терең жыртуды (30-32 см ) қыркүйек
айында жүргізеді.
Мұндай топырақты өңдеу жүйесі арамшөптермен тиімді күресуді және
топырақта ылғал мен қоректік заттардың жинақталуын қаматамасыз етеді.
Суармалы жерлерде алғы дақылдар өнімін жинағаннан кейін
танаптарға жеңіл түрде тегістеу жүргізеді, сонан соң гектарына 1000-1200м
мөлшерде жырту алдында суарады.
Егер қант қызылшасын дәнді дақылдардан кейін себетін болса,
оларды жинағаннан кейін артынша суару жүргізіледі. Аңызды 7-10 см, содан
соң 12-14 см тереңдікке сыдыра жыртып тыңайтқыштарды топыраққа сіңіреді.
Сүдігерді 28-30 см тереңдікке жыртады.
Тұқымды себу алдындағы өңдеу - сүйреткісі бар тісті тырмамен
(екі ізбен) тырмалау және 5-6 см тереңдікке себу алдындағы қопсыту мен
тырмалаудан тұрады. Арамшөптермен ластанған топырақтарда екі қопсыту
тырмалаумен бірге қолданылады: біріншісі 7-8 немесе 9-10см тереңдікке,
екіншісі – себу алдыңдағы тұқым себу тереңдігіне тығыздаумен бірге
жүргізіледі. Топырақты себу алдындағы дайындауына гектарына 4кг мөлшерінде
эптам гербициді қолданылады.
2.3 Тыңайтқыштар жүйесі.
Қант қызылшасы егісіне тыңайтқыштар қолданудың негізі, (өсімдікке
қажетті қоректі заттардың басым бөлігі оның өсіп дамуының қарқынды
кезеңінде берілуі қажет. Сондықтан қант қызылшасы танаптарында органикалық
және минералдық тыңайтқыштарды күзде сүдігерді тартарда беру, ал минералдық
тыңайтқыштардың қалғане бөлігін тұқыммен бірге және үстеме қоректендіру.
Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға
қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы топырақтарға
орналастырады.
300ц тамыржеміс өніміне қызылша дақылы топырақтан гектарына 150-
200кг азот, 45-80 – фосфор, 180-240 кг калий сіңіреді, демек бұл дақыл көп
тыңайтқышбергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше мерзімде тқолданады:
негізгі өңдеуде, тұқым себудежәне өсіп, даму кезеңінде - үстеп
қоректендіруде. Негізгі өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштар
қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті
жердің жағдайына қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30т көң)
береді. Минералдық тыңайтқыштарды топырақ климат жағдайларына байланысты
гектарына: азот 40-90кг, фосфорды – 30-90, ал калий 45-100 кг шамасында
береді.
Әрине, тыңайтқыштар түрлері мен мөлшері топырақ картограммасына
сійкес бағдарламаланған өнімге есептеліп енгізіледі.Тыңайтқыштардың қант
қызылшасына қатарға берудегі қажет мөлшері: азот пен калий 10-15 кг, ал
фосфор 15-20 кг.Топырағы сортаң жерлерге тек қана азот пен фосфор
тыңайтқыштарын берген тиімді.
Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді бірнеше рет жүргізеді, үстеп
қоректендіру қатарарлықтарды өңдеумен бірге беріледі. Өсімдіктерді
сиретуден кейін бірінші үстеп қоректендіруде 1 гектарға 10-15кг азот,15-30
кг фосфор және 15-20 кг калий қолданады. Екінші және үшіншіде – 15-25 кг
фосформен 20-30 кг калий, ал азоты аз мөлшерде (7-10кг) пайдаланады.
Қант қызылшасын үстеп қоректендіруде минералдық тыңайтқыштармен
бірге микроэлементтері де (бор, мырыш, марганец) енгізіледі.
Суармалы жерлерде үстеп қоректендіруді суарудың алдында жүргізеді.
2.4 Тұқымды себуге дайындау және себу.
Егістік материалы ретінде қант қызылшасының өңірде себуге рұқсат
етілген сорттары мен будандары пайдаланылады. Олар өздерінің егістік сапа
көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сәйкес болу керек.
Қант қызылшасы тұқымын егіске қант зауытында даярлайды, онда оларды
іріктейді және фракцияларға – 3,5-4,5мм және 4,5-5,5 мм – бөледі.
Тұқымның сусып түсуін жоғарылату үшін, оны жылтырлатады, яғни жеміс
серігінен айырады.
Тұқымды дражирлеу – сыртына арнайы дражирлегіш массасы бар қабықша
жапсыру.Тұқымды дражирлеуге көң, минералды және бактериалды тыңайтқыштар,
микроэлементтер қоспалары пайдаланады.
Қант зауытында тұқымдық материалды ТМТД 80% препаратымен мөлшері 4-6
лт дәрілейді.
Қант қызылшасының себетін тұқымының өнгіштігі мен өну энергиясын
арттыру үшін, оны жылы ауамен өңдейді.Жылумен өңдеу қызылшаның өнімі мен
қанттылығын және тамыр жегісі ауруына төзімділігін де арттырады.
Қант қызылшасының өнімділігіне оңтайлы себу мерзімінің үлкен әсері
бар. Себуді кешеуілдетуге болмайды, себебі тұқымның қнуі нашарлайды,
әсіресе құрғақшылық жылдары. Одан басқа, кеш себуден өсіп, жетілу кезеңі
қысқарып өнім төмендеп кетеді.
Қант қызылшасын тұқымын себуді ерте дәнді дақылдарды сепкеннен 5-
6 күннен кейін, топырақтың 10 см тереңдігінде температура 5-6*С жылынғанда
бастай беруге болады.
Тұқым себу тереңдігі ауа райы мен топырақтың механикалық құрамына
байланысты өзгереді. Көбінесе тұқымды 3-4 см тереңдікке сіңіреді. Жеңіл
топырақ пен құрғақшылықты жағдайда себу 5-6 см-ге тереңдетіледі.
Себу тәсілі – кең қатарлы (қатараралықтары 45 см). Суармалы жерлерде
қатараралықтар 60-70 см. Көп тұқымды қант қызылшасы сорттарын себу мөлшері
1 гектарға – 30-32 кг, бірөскінді сорттарда 10-12 кг.
Қант қызылшасын арнайы ССТ-12А, ССТ-12Б және ССТ-8А сепкіштерінің
бірімен себеді.
Қант қызылшасы себілетін танап арамшөптермен қатты ластанған
жағдайда қатардағы 1 ұзындық метрге (п.м.) – 35-38 дана тұқым себіледі
немесе 10-12 кгга ал арамшөптері аз, егіншілік мәдениеті жоғары жерлерде
23-25 дана тұқым жеткілікті, ондай жағдайда қатардың 1 ұзындық метрінде 12-
14 өскін қамтамасыз етіледі.
Егістікті күтіп баптау. Қант қызылшасының топырағы борпас және
арамшөптерден таза болуы керек. Құқымды сепкенне кейін, 3-4 күннен кейін
рамшөптер және топырақ қабыршақтарымен күресу үшін, жеңіл тырмаға шынжырлы
сүйретпені тіркеп, көк шыққанға дейінгі тырмалауды жүргізеді. Шынжырлы
сүйретпе тырмалағандағы пайда болған жолдарды тегістеп өтеді. Топырақ
қабыршағын бұзуға ротациялық шабықтауыш қолданады.
Қызылшаның көгі пайда болғаннан кейін, қатараралықтар топырағын
қопсыту, арамшөптерді жою үшін (4-5 см) өңдеу – шабықтау жүргізеді. Нағыз
жапырақтың бірінші жұбы пайда болғанда өскіндер қатарына көлденең бағытта
қопсытқыш салып оларды сиретеді. Қопсытқыштың табан пышақтары қатарды (20-
23 см ені) қиып өтіп, ұзындығы 23-25 см болып келетін жеке шоқтар
қалдырады. Бірнеше күннен кейін шоқтарды қайта тексеріп, қате қалдырылған
және қате пайда болған өсімдіктер мен арамшөптерді жұлып тастайды. Сөйтіп,
1 метр қатрда 5-6 өсімдіктен қалдырады. Жинау қарсаңында қант қызылшасы
егістігінің жиілігі әр гектарға 90-100 мың дана болғаны дұрыс.
Еліміздің қант қызылшасын өндіретін негізгі аймақтарында үлкен
алқаптарға арнап еңбек шығынын азайтатын өсіру мен жинаудың жаңа
технологиясын қолданудуда. Жаңа технологияның еоекшелігі арнайы тұқым
сепкіш пен бірөскінді, іріктірілген, өнгіштігі жоғары тұқымды нүктелеп
себу. Сонымен қатар өсімдіктерді сирету, толық механизмнің көмегімен
атқарылады. Бірөскінді сорттарды нүктелеп сепкенде тұқым қатарға бірдей
арақашықтықта себіледі. (1м қатарға 25-35 тұқымнан). Себумен бірге
тыңайиқыш беріліп,топырақ тығыздалады.
Толық қосқұлақкезеңінде нағыз жапырақтардың екінші жұбы томпайып
біліне бастағанда, өскіндерді сирету мақсатында қатарға көлденең торлы
тырмамен немесе қатарды бойлай УСМП – 5,4К өскін сиреткішін қолданып жаппай
қопсытады, бұл жағдайда қолмен сирету болмайды, ал арамшөптерді отау
аракідік жасалынады.
Бірінші сиретуде – қатардың 1 м ұзындығына 7-8 өсімдік қалдырылады.
Қажет жағдайда 4-5 күн өткенне кейін, осы агрегаттарға қатармен 45*
бұрышпен екінші тырмалауды жүргізіді, сонан соң, қатардағы өсімдіктердің
орналасуын бір тексеріп, арамшөптердің қалғанын қолмен жұлып тастайды.
Қант қызылшасының өсіп, жетілу кезеңдерінде қатараралықтарды 3-4 рет
қопсытып, үстеп қоректендіреді және биік арамшөптерді бір екі рет отайды.
Қызылша жинайтын комбайндардың жұмысын жақсарту мақсатында жинау алдында
қатараралықтарды қопсытуға болады.
Қант қызылшасын суармалы жерлерде өсіргенде сиретуден кейін, үстеп
қоркетендірумен бірге суаратын арықша тартып барып суарады. Оны өсіп,
жетілу кезеңінде 6-7 рет суарып, артынша қопсыту жүргізеді, әр суару
мөлшері – 700-900м3га.
Егіс алқабында зиянкестер мен аурулар байқалысымен улы химикаттармен
(40% БИ-58, 25% Арриво және т.б.) өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Тамыржемісті жинау. Қант қызылшасының тамыржемісінің техникалық
пісуі басталғанда жинай бастайды, ол кезде тамыржеміс клетка нәрі ағарып,
қызылша қатарлароы ашылады, жапырақтар түссізденеді. Төменгі жапырақтар
сарғаяды. Тамыржемістің өсуі баяулайды және қанттылығы азаяды.
Республиканаң оңтүстік шығысында қант қызылшасын жинауды қыркүйек
айының бірінші онкүндігінде бастайды.
Қант қызылшасы тамыржемісін жинауда лекті және танап шетіне үйіп
жинау тәсілдерін қолданады. Осы тәсілдер көмегімен жинау операцияларын
толықтай немесе жартылай механикаландыруға болады. Лекті әдіс – ең
прогрессивті тәсіл, онда қол күшімен істелетін жұмыстарды шығындарды
азайтуға мүмкіндік жасалады. Қант қызылша тамыржемісін лекті әдіспен
жинағанда комбайнмен қазылған тамыржеміс іле машина қорабына салынып бірден
зауытқа жөнелтіледі, ал үйіп жинау тәсілімен жиналған тамыр жеміс пен
танап жанында жасалынған уақытша қырманға төгіліп, содан соң мүмкіндігіне
қарай зауытқа тасымалданады.
2.5 Тұқымдық қызылша өсіру.
Бірінші жылы өсірілген және тұқым алу үшін сақтауға қойылған
тамыржемістер аналықтар немесе тұқымдықтар деп аталады.
Тұқымдық қызылша өсірудің негізгі тәсілдері фабрикалық (зауыттың)
қызылша өсіру технологиясына жақын. Тұқымдық қызылша егістерін фабрикалық
ауыспалы егістің сәйкес танатарындағы құнары жоғары учаскелерге
орналастырады.
Өсіру жағдайлары тамыржеміс өнімінің артуына ғана емес, оның тұқымдық
өнімділігі мен алынатын тұқымның өнімдік сапасына үлкен әсер етеді.
Тұқымдық қызылшаны қатараралықтары 45,30см етіп оңтайлы агротехникалық
мерзімдерде отырғызады.
Тұқымдық қызылша өсіруңдің басты ерекшелігі өсімдіктерді өте жиі – әр
гектарға кемінде 140-160 мың аналық тамыржеміс өсімдік орналастырылады.
Оған қатарда өсімдіктерді жақын орналастырумен жетеді.
Тұқымдық қызылшаны жинау мерзімінің маңызы зор.
Ыстық мерзімде ерте жиналған тамырлар тез солып қалады және шоқалап
сақтауда зең басып кетеді. Ерте жинауда қыңырлар саны көбейеді. Сондықтан
тұқымдық қызылшаны мүмкіндігінше тәуліктік орташа температура 6-8°С дейін
төмендеп тұрақты салқын түскеде, бірақ үсік ұруға дейін жиналған дұрыс.
Тұқымдық қызылшаны жинау үшін, пышағы алынған қызылша комбайнын
пайдаланған дұрыс. Онда қызылшаны қазу мен жерден таңдап алу, толық
механикаландырылады. Қазып алынған тамыржемістерді топырақтан тазартады
және бүршіктерін зақымдамай жапырақтарды кесіп тастайды. Тек орталық
бүршікті ғана қалдырады.
Тазалау кезінде ауру, бұтақтанған және зақымданған тамырларды алып
тастайды. Тазаланған тамырларды уақытша жауып қояды да, жалпы өнімді
жинауды бітірісімен қыста сақтайтын жерге алып кетеді. Тамыржемістерді
шоқалап немесе ені 70 см. (екі тамыр ұзындығы), тереңдігі 75-90см, ұзындығы
өз ыңғайына қарай қазылған жерде сақтайды. Шоқада тамыржемісті қабатпен,
тегіс қатарлап қояды. Тамырлар өзара жанаспас үшін тамырдың әр қатарына 3-4
см қалыңдықта топырақпен жабады. Шоқанаң үстін қатып қалудан сақтау үшін
топырақпен жауып тастайды; қыста қар жетіспейтін жағдайда шоқаны қосымша
көңмен жабады. Жақсы сақталу үшін қажет температура 3-4°С.
Қызылшанаң тұқым өнімі топырақтың құнарлығына тікелей байланысты.
Сондықтан тұқымдық тамыржемісті жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырады,
органикалық және минералдық тыңайтқыштар береді. Оған ең жақсы алғы дақыл –
тыңайтылған сүрі жерден кейінгі күздіктер мен дәнді бұршақ дақылдары.
Көктемде аналықтарды отырғызғанда жергілікті органикалық минералдық
тыңайтқыштарды әр гектарға мынадай мөлшерде береді: көң 5-6 т, азот 15-20
кг,фосфор - 30-40, калий – 10-15 кг.Одан басқа жертаған жапырақтанғанда
гүлсидам пайда болар алдында 20-30-кг-нан толық минералдық (NPK)
тыңайтқыштармен өсімдіктерді үстеп қоректендіреді.
Тамыржемістерді отырғызуға дайындауға – алдынала (5-6 күн бұрын)
шоқадан оларды аршып алу, шіріген, ауру және мүрік тамырларды алып тастау,
үйіндіде олардың көктеуін жеделдету мақсатында жылы ауамен өңдеулер
жатады.
Тамыржемістерді дала жұмыстарының бірінші аптасында
отырғызады.Тұқымдықтарды отырғызуды кешіктіруге болмайды: 10-14 күнге
кешігуден тұқым өнімі 25% төмендейді. Аналық тамырларды алдын ала
белгіленген танап жерлеріне топырақ бетінен 2-3 см төменгі тігінен
отырғызады; тұқымдықтың қоректену алаңы 4900см2 (70*70) болғанда 1 га
алаңға 20,4 мың тамыржеміс орналасады.
Егістікті күтіп, баптаудағы бірнеше мәрте кесе-көлденең
қопсытулардан басқа, гүлдену алдында гүлсидам өркендердің бас және бүйір
бұтақтарын қырқудың топырақты борпас және таза күйде қстап тұрудың маңызы
зор.Жаппай гүлдену кезеңінде өсімдіктерді қосымша тозаідырудың да атқаратын
рөлі ерекше.
Қант қызылшасы тұқымының пісуі, гүлденуі сияқты әркелкі. Ал мұның
өзі тұқымдық егісті жинауды қиындатады, онымен қоймай піскен тұқымдар тез
шашылады. Піскен бұтақтарды таңдап жинау көп қол еңбегін қажет етеді.
Бірақ тұқым орылған бұтада да пісіп жетілетіндіктен тұқымдық егісті жаппай
оруды ерте мерзімде, барлық тұқымның үштен бірі піскенде лафетті және
аспалы дестелегішпен жүргізуге мүмкіндік туады. Тұқымның піскендігінің
белгілеріне итұқым тізбесінің қоңырлануы, тұқым жарнағының ұн сияқты болуыф
жатады.
Тұқымдықтың орылған бұталарын 30 см қалыңдықта бостау баулайды да
қатарлап қойып кептіреді.
Соңғы кездері тұқымдықты дестелеу тәсілімен жинау қолданыла бастады.
Тұқымдықтарды жинау алдында кейбір химиялық заттардың (магний
хлораты, натрий хлораты, кальций цианамиді) әлсіз ерітінділерімен
жапырақтарды түсіру (дефоляция) және тамырмен тұрған өсідімдікті кептіру
(десикация) үшін егісті өңдейді. Бұл тұқымдық егісті комбайнмен жинауға
мүмкіндік береді.
2.6 Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру.
Қазіргі кезде қолданылатын екіжылдық көшіріп отырғызу тәсілімен қант
қызылшасы тұқымын өсіру салыстырмалы көп еңбек және қаражат шығынын қажет
етеді: көптеген үрдістер (аналық тамыржемістер отырғызу, тұқымдықты жинау)
осы кезге дейін толық механикаландырылмаған. Бірақ бұл тәсіл Орта Азия
елдері мен Ресейдің Краснодар өлкесінде кеңінен қолданылады. Оның Солтүстік
Кавказдың тау етегі аудандары, Закавказье,Украинаның оңтүстігі, Молдавия,
Прибалтика аймақтары үшін болашағы зор.
Қант қызылшасы тұқымын көшірмей отырғызумен алу тәсілі АҚШ, Венгрия,
Болгария, Турцияда таралған.
Көшірмей қант қызылшасы тұқымын алудың табиғи жағдайлардан басқа
маңызды жайы – қант қызылшасы тамыржемісінің қысқа төзімділігін арттыруға
бағытталған кешенді агротехникалық тәсілдерді қолдану болып саналады.
Ксеморфты, ұзақ ағзалы құрылымды, жақсы өткізгіш ұлпалы тамырлы қант
қызылшасының қысқа төзімділігі өте жоғары. Сондықтан көшірмей отырғызу
тәсілімен өызылша тұқымын алу агротехникасының негізгі аналық өсімдікті
қатаң жағдайда баптау – оларды жиі орналастыру, бірқалыпты ылғал мен
қоректену, қыстайтын тамыржемістердің көлемін кішірейту ұшін кеш себу және
т.б.
Аналық қызылшаның алғы дақылдары өте жиналатын дақылдар – асбұршақ,
күздік рапс, күздік арпа, күздік қарабидай мен бидай болуы мүмкін, егер
оларды жинағаннан кейін жеткілікті жауын-шашын болса.
Аналық қызылшаны арпа, зығыр, рапс дақылдарымен бүркемелеп себуге
болады.
Тамырдың қысқа төзімділігін арттыру үшін азот мөлшерін негізгі
енгізуде кәдімгіге қарағанда екі есе азайтады, ал фосфор мөлшерін шамамен
30 кг көбейтеді. Себу кезінде қатарға тек фосфор мен калий тыңайтқыштарын
енгізеді.
Тұқым себу алдындағы жырту қабатының тығыз құрылымын сақтау үшін
беткі қабатта (4-5 см) жасалынады. Сонан соң, дереу себу ауыр таптауышты
пайдаланумен бірге жүреді. Қатараралық ені 70 см немесе 70х 15 см. Көп
тұқымды қызылшаны егістік жер гектарына себу мөлшері 18-20 кг, біртұқымдыда
– 12-15. Аналық қызылшаның қысқа төзімділігі мен тұқым өнімі көп жағдайда
себу мерзіміне байланысты өзгереді.
Аналық қызылшаның жақсы қыстап шығуы үшін, топырақ қабатына орналасқан
оның үстіне тұрақты салқын түскенде 10-15 см, ал солтүстік аудандарда 20-25
см дейін топырақ үйеді. Тамыржемістер өз орындарында қыстап шыққаннан кейін
күтіп-баптау тәсілдері өсімдіктің дұрыс пісіп жетілуіне бағытталуы керек.
Ерте кһктемде қызылша тамыржемістерін топырақ үйіндісінен тырма,
сүйреткілер мен егіс қатарына көлденең немесе қиғаш жүріп аршып босатады.
Минералдық және органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көң садырасымен
тамырларды үстеп қоректендірудің маңызы зор. Өсіп – даму кезеңдерінде
кемінде екі рет істеп қоректендіру керек.
Қант қызылшасы плантациясы топырағын бос және арамшөптерден таза
ұстау үшін кемінде 2-3 рет қатараралықтарды қопсытады.
Көшірмей қант қызылшасының тұқымын алу тәсілінің ерекшелігі –
тұқымның біркелкі пісуі мен тұқымдық бұталардың жатып қалуының
азаюында.Тұқымдықты өсімдік тұқымының 20-25% қоңырланғанда қосарланған
пышақпен жабдықталған лафетті және аспалы дестелегішпен орады. Дестедегі
өнім кепкеннен кейін оны комбайнмен бастырады.
3.1 Тамыр жемістерге қойылатын технологиялық талаптар
Қант қызылшасының тамыржемістері – жер шарының қоңыржай климаты
аймағында қант өндірісіндегі негізгі шикізат. Олар өсімдік шикізатының
басқа да шырынды жемістері сияқты нашар сақталатын объект. Физикалық күйі
бойынша тамырлар қалыпты тургор жағдайында болуға тиіс.
Өнеркәсіптік өңдеуге арналған қант қызылшасының тамыржемістеріне
қойылатын талаптар 1-кестеде келтірілген.
Қант қызылшасының техникалық талаптары (МСТ 1722-85)
1-кестеде
Көрсеткіштерінің атауы Сипаттамасы мен мөлшері
Тамыржемістері жаңа піскен, бүтін,
ауруға шалдықпаған, таза,
ауылшаруашылық зиянкестерімен
жарақаттанбаған, сыртқы артық ылғалы
жоқ, жарылмаған, түсі мен пішіні
Сыртқы түрі бойынша ботаникалық сортқа тән,
қалдық сағақтары жоқ немесе
ұзындықтары 2,0 см аспайды.
Тамыржемістер пішінін өзгерпейтін
беріштеніп бітелеген жарықтар
(басында) рұқсат етіледі.
Иісі мен дәмі Ботаникалық сортқа тән, бөтен иісі
мен дәмі болмау керек.
Жұмсағы шырынды , ботаникалық
сортына байланысты әр түрлі реңді
қызыл-қоңыр түсті. Барлық сорттар
Ішкі құрылысы үшін жалпы массасының 10% -нан, ал
өнеркәсіп кәсіпорнында өңделетін
барлық сорттар үшін 3%-нан аспайтын
мөлшерде жіңішке ашық сақиналар
рұқсат етіледі.
Тамыржемістердің ең үлкен көлденең 5,0-14,0
қимасының мөлшері,см
Белгіленген мөлшерден 1 см
ауытқыған, тереңдігі 0,3 см артық
механикалық жарақаттары беріштеліп 5,0
бітелген жарықтар, басында тіліктері
және жеңіл дәрежеде солған
тамыржемістер құрамы жалпы
массасының %-нан аспауға тиіс.
Әжім белгілері бар, шіріген, қызған,
үсікке ұрынған, солған тамыржемістеррұқсат етілмейді
құрамы
Тамыржемістерге жабысқан топырақ
жалпы массасының %-нан артық емес. 1,0
3.2 Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Мал азықтық қант қызылшасын шаруашылықтарда мал
фермаларына таяу жерлерде сақтайды. Бұл жағдайда ірі мөлшерде қызылшасының
өндірістік сақталуын ұйымдастыруда қант зауыттарында қолданылатын күрделі
техникалық құралдарды қолдану мүмкін емес.Қант өндірілетін шикізат
ретіндегі қант қызылшасына қойылатын бірқатар талаптар мал азығына
пайдаланатын қант қызылшасына тарамайды. Атап айтқанда, қант өндірісіне
теріс әсер ететін ақсыл гидролизі мен ерігіш азоттың жинақталуы оның мал
азықтық кұндылығын арттырады. Сахарозаның глюкоза мен фруктозаға айналуы,
сонымен бірге клечатканың, гемицеллюлозаның және пектинді заттардың еріген
күйге ауысуы, қызылшаның малға сіңімділігіне оң әсерін тигізеді.
Қант кызылшасы тамырларын мал азығына сактаудың қолайлы жағдайлары
картоп пен басқа тамыржемістердің сақтау ережелеріне жақын. Ағын сулары
топырақ бетіне таяу орналасқан аудандарда қант қызылшасын жартылай жер үсті
немесе жер үсті үйінділерінде сақтайды. Тұрақты аязды ауа райы қалыптасатын
қант қызылшасын өсіретін аудандарда ұзақ уақыт бойы қант қызылшасын үсіген
күйде сақтайды.
Тегіс және бір шама биіктеу жерде тереңдігі 0,4-0,6 м, ені 2,0-2,5 м
және ұзындығы 15-20 м ор қазылады. Қант қызылшасын салқындату және табиғи
желдету үшін ордың бойымен ені мен тереңдігі 0,3-0,4 м және үйіндінің
сыртына 1,5-2,0 м шығатындай етіп жыра (қанау) жасалады. Жыраны (қанауды)
кереге көзді ағашпен жабады да, әрбір 3,5м сайын тақтайдан жасалған тік
көлденең қимасы 20x20 см сорғыш түтік (мұржа) орнатылады. Бұл мұржалар қант
қызылшасының жамылғысынан 15-20см шығып тұруға тиіс. Қант қызылшасының
үйіндісі шатыр пішіндес түрде, биіктігі ордың түбінен есептегенде 1,7-1,8м
етіп қалыптастырылады. Осыдан кейін үйіндінің бетін әк ерітіндісімен
бүркеді де топырақпен көмкереді, оның үстіне сабан төсеп, таш топырақ
қабатымен жабады.
Қант қызылшасын жер үсті сақтау үшін жоғарыда келтірілген талаптар
орындалады, тек кана олар қазылмайды және желдеткіш жолдардың орнына үйінді
бойымен көлденең қимасы 30x30x30 см үш бұрышты ағаштан жасалған торкөз
қойылады.
Үйінділерге белсенді желдетуді қолдану-мал азығына пайдаланатын қант
қызылшасын сақтаудағы айтарлықтай тиімді шара. Бүкіл сақтау кезеңінде
үйінді арасы мен орлардың температурасына жүйелі түрде бақылау жасалады.
-
4. ҚЫЗЫЛША-ҚАНТ КЕШЕНІНІҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ,
МАҢЫЗЫ, МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Отандық шикізаттан қантты өндіру үшін Республиканың қызылша-қант
кешенін құру және құрылымын жетілдіру қажет, оның негізгі функциялары
шикізатты өндіру - өңдеу –ақырғы өнімді өткізу.
Қант – ең қажетті тамақ өнімдерінің бірі. Қантты өнеркәсіптік жолмен
алу елімізде негізінен өсімдіктің екі түрі - қант қамысы мен қант
қызылшасы арқылы жүзеге асырылады. Республикада, соның ішінде оңтүстік
аймақтарда, табиғи жағдай қант өндірісі үшін жалғыз отандық шикізат болып
табылатын қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде халықты
қанттпен қамтамасыз ету мәселесі қант өндірісімен байланысты жекеленген
салалар шенберінде, яғни қызылшаны өсіру (ауыл шаруашылығы) және оны өңдеу
(қант өнеркәсібі) арқылы шешілуі мүмкін емес. Бұл тек агроөнеркәсіптік
интеграция процестерінің даму нәтижесі болып табылатын АӨК жүйесінде мүмкін
болады.
Интеграцияның даму процесін ғалым зерттеушілер келесі кезеңдерге
бөледі 1:
Бірінші кезең 1917 - 1954 жылдардың аралығын қамтиды. Осы кезеңде
Казахстан капитализмді аттап, феодализмнен социализмге өтті, бұл ауыл
шаруашы-лығы мен өнеркәсіптің даму синтезіне едәуір әсер етті. Осы
процестің интеграция-лануында отызыншы жылдары МТС шешуші роль атқарды. МТС
көмегімен ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру жүзеге асырылды және ұсақ шаруа
өндірісінен ауқымды қоғамдастырылған өндіріске өтудің күрделі тарихи
процесі біраз ықшам-далды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында пайда
болған экономикалық байланыс МТС арқылы жаңа агроөнеркәсіптік өндірістік
байланыстың қажетті бастамасы болды. Енді өнеркәсіп ауыл шаруашылығы үшін
өндіріс құралдарын өндіріп қана қоймай, сонымен қатар аграрлық өндіріске
қызмет көрсету функциясын да атқара бастады. Аграрлық өндіріс процесіне
қызмет көрсету функциясының мазмұны жерді өңдеудің айтарлықтай күрделі және
еңбек сыйымдылығы жоғары технологиялық операцияларын орындаудан тұрады,
яғни ол МТС арқылы тікелей ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ауыл тауар
өдірушілерімен кооперацияларға кірді. Бірақ өндіруші күштердің даму
деңгейінің төмендігіне, өндірістің нашар шоғырландырылуына байланысты
интеграциялық процестер кеңінен тарала алмады.
Екінші кезең 1955-1965 жылдардың аралығын қамтыды. Бұл кезең жаңа
жерлерді игеру нәтижесінде егіс алқаптарының шапшан ұлғайуымен сипатталады.
Мұндай жағдай өз бастамасын наурыз айындағы КОКП ОК Пленумынан алған жаңа
аграрлық саясатты қабылдаудың қажеттігін туғызды (1965). Ол негізінен ауыл
шаруашылығын кешенді механикаландырумен, химияландырумен, мелиорациялау мен
және ауыл шаруашылығы өндірісін жүйелі интенсификациялауды жүзеге асыру
жолымен шаруашылық аралық кооперациялау және агроөнеркәсіптік
интеграциялау негізінде өндірісті мамандандыру мен шоғырландыруды әріқарата
тереңдетумен байланысты барлық процестердің дамуын анықтайтын ел
экономикасының жоғары дамыған секторына айналдыруға бағытталған болатын
2. Сонымен, уақыттың осы мезгіліндегі аграрлық саясаттың өзгеше белгісі
сол, өнеркәсіптің және халық шаруашылығының басқа салаларының индустриалды,
материалды-техникалық базасы ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталды. Осыған
байланысты елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір ұлғайуы жүзеге
асырылды. Сол сияқты уақыттың осы мезгілінде республикада ауыл шаруашылығы
мен өнеркәсіп арасындағы интеграциялық процестің катализаторына айналған
жаңа элеваторлар-дың, сүт зауыттары, ет комбинаттары, қант зауыттарының
құрылысы жүргізілді.
Үшінші кезең (1966-1982 ж) КОКП. ОК наурыз Пленумы шешімдерін жүйелі
іске асыру нәтижесінде ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өзара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz