Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қылмыс ұғымы
1.1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік
белгілері ... ... ... ..10
1.3. Қылмысқа жанасушылардың қатысушылардан айырмашылығы ... ... ... .13
2. Қылмысқа қатысудың нысандары және жауаптылығы
2.1. Қылмысқа қатысудың нысандары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Қылмысқа қатысушылардың
жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас
тартуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..31
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бұл курстық жұмыс Қылмыстық құқық
пәніне арналады. Курстық жұмыстың тақырыбы: Қылмысқа қатысушылардың
жауапкершілігі. Негізгі қамтитын мәселесі қылмысқа қатысудың түсінігі,
түрлері, жалпы қылмыс дегеніміз не?
Қылмыс дегеніміз – адамдаржың қоғамға қауіпті әрекеті немесе
әрекетсіздігі арқылы сипатталады. Қылмысты бір адам немесе топ болып жасауы
мүмкін.
Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні,
одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа едәуір
өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың
санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың
әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай
салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың
маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселерді анықтауға толық
мүмкіндік туғызады.
Әрбір жасалған қылмыс үшін адамдар заң алдында жауап береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам және азамат деп аталатын
бөліміне сәйкес азаматтардың тегіне, әлеуметтік жағдайына, ұлтына, дініне,
тіліне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды, себебі азаматтар заң алдында
тең жауап береді.
Сонымен курстық жұмыстың тақырыбына тоқталсақ Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 27 – бабына сәйкес Екі немесе одан да
көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп
танылады.
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше
нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда
қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да
зор.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп
көрсеткен.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.
Абайсыздықпен істелген қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның ішінде
тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты істеуді
тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір
жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақанылқпен болуы
мүмкін.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының
істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол
адамның қылмысы жалғыщ өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын
мән-жайларды сезінуі шарт .
Курстық жұмыстың мақсаты. Жалпы қылмыс дегенеміз не? Қылмысқа
қатысудың түсінігі, нысандары, жауаптылығы, ерекшелігі туралы түсінік алу
және оның қоғамдағы орны қандай екенін анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, алты тармақшадан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.
1. Қылмыс ұғымы
1.1. Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмыс – бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы
істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген
қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген
қылмысқа едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын
адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.

Жаңа қылмыстық заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған
қатысушылардың жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза
тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының
анықтамасы берілген .
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны
ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты
осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор.
Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың –
қатысушылардың - өзара бірін – бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана
қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен
қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай
жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір
адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте
көп мөлшерде талан-таражға салу, волюталық операциялар жөніндегі ережелерді
бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу
арқылы жүзеге асыылады.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан
Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында Екі
немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақаны бірлесіп қатысуы
қылмысқа қатысу деп танылады, - делінген [1.154 бет].
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың
өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың
объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе адамдардың қатысуы
болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң
бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі дұрыс емес адамды
немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге
пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол
қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге
пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде жауап береді.
Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту Кодекстегі 131-бап
бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі
немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан
алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан
әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті істеуге және
соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген
адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікедей
орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген
(айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші
(ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар
да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың;
көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі қылмыстың істелген
қылмысты істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген
қылмысты орындаушының әрекетінен алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі
және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты
болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен
шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушылардың бірлескен қылмыстық іс-
әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей
жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара
байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.
Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге
орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы,
көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана
қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты
тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге
асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық
қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді. [1. 156 бет]
Бұл жерде одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана
қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының
істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-
әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатын немесе соған
түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.

адамның қылмысы жалғыз өзінің емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын
мән-жайларды сезінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы
қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің
орынлаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.
Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне
қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да
хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп
қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа
қатысушылардың өз әрекеттерінің келіспеушілікпен жүзеге асырылатындығын
және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімд түрде жүзеге асырылатындығын
көрсетеді. [2. 256 бет]
Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтидеге
жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.
Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі
де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі
қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік
ниетпен әрекет жасауы мүмкін.
Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты
орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның
болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін
біріктіреді.
Қылмысқа бірге қатысуда да, жеке адамның істеген қылмысында да
қылмыстық жауптылықтың негізі болып қылмыстық заң көрсетілген қылмыс
құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында жеке адамның қылмыс істегені үшін
жауаптылығы белгіленген. Ал Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі (28-бап) кез
келген қасақана қылмыстарда бірге қатысушылықтың орын алатындығының
заңдылық көрінісін бейнелеген, сондықтан Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде көрсетілген жекеленген қылмыс құрамдарында көрсетілген қылмысты
немесе қылмыстарды бірнеше адам бірге жасау арқылы істесе, онда мәселе
Жалпы бөлімде көрсетілген қылмысқа бірге қатысу туралы баптың ережелері
басшылыққа ланы отырып шешіледі. Қылмысқа бірге қатысуда әрір қатысушы
өздерінің бірлескен әрекеттері арқылы қылмыс істеуге нақты үлестерін
қосады. Бұл үлес туындайтын зардаппен тікелей байланысты болады. Сондықтан
да қылмыстық құқық нормасы бойынша қылмысқа қоса қатысқандардың барлығы да
бірдей негізде және Қылмыстық кодекстің шеңберінде жауапқа тартылады. Бұл
туралы Қылмыстық кодекстің 29-бабының екінші бөлігінде: Қоса орындаушылар
өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме
жасамай, осы Кодекстiң нақ бiр бабы бойынша жауап бередi, - деп тура
көрсетілген.
Осы принципке сәйкес қылмысты орындаушының әрекеті Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөліміндегі істелген қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін бап
бойынша тікелей сараланды, ал ұйымдастырушы, көмектесуші, , айдап
салушылардың әрекеттері егер олар қылмысты тікелей орындауға бірге
қатыспаса Ерекше бөлімдегі істелген қылмыс үшін жауптылықты белгілейтін
баппен және оған қосымша міндетті түрде Қылмыстық кодекстің 28-бабының
тиісті тармағына сілтеме жасалына отырып сараланады. Қылмысты бұлай сарлаул
қылмысты тікелей орындаушының Ерекше бөліміндегі нақты әрекеті 28-бапқа
сілтеме жасау арқылы саралау қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының әрекетін,
атқарған рөлін толық сипаттау үшін қажет. Егер орындаушының қылмысты
әрекеті алдын ала дайындық сатысында үзілсе,онда бұл жағдайда қылмыстық
саралауда өз көрінісін табуы керек. Мұндай ретте орындаушының әрекетінде
басқа бір қылмыстың құрамы бар болса, Қылмыстық клдекстің 24-бабына
сілетеме жасала отырып, белгілі бір қылмысты істеуге даярланғандық немесе
оқталғандық ретінде саралануы қажет, ал басқа қылмысқа қатысушылардың
әрекеті тиісінше, 24, 28-баптарға және нақты қылмыс құрамына сілтема
жасалына отырып сараланады. [3. 188 бет]
Мысалы, бөтен біреудің мүлкін ұрлау, оқталу сатысында үзілсе, онда
орындаушының әрекеті 24, 175-баптардың тиісті бөліктерімен, ал осы қылмысқа
азғырушының әрекеті 24, 28, 175-баптардың тиісті бөліктерімен сараланды.
Қылмыстық заң қылмысқа бірге қатысуда бірлескен қасқана қылмысты әрекет дей
отырып, бірге қатысқан әрбір қатысушының қылмыс істеуге қосқан үлесін нақты
анықтауды талап етеді.
Қылмысқа қатысушылардың жауптылығы бір қылмысты істеудегі объективті
және субъективті байланысына сәйкес қылмысты тікелей орындаушылардың
әрекетімен де, сонымен бірге әрқайсысының өзінің қоғамға қауіпті
әрекеттерімен белгіленеді. Сондықтан қылмыстың орындаушысы белгілі бір
себептермен қылмыстық жауаптылыққа тартылмаса, басқа қылмысқа қатысушыларды
жауаптылықтан босатуға негіз жоқ. Сондай-ақ қылмысты орындаушының қылмысқа
басқа қатысушылардың ниеті қамтымаған басқа бір қылмысты әрекетті істегені
үшін барлық қатысушыларға бірдей кінә қоюға тағы да болмайды. [2.94 бет].
1.2. Қылмысқа қатысудың объективтік және субъективтік белгілері
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері ретінде жасалған
қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде
орындалуы немесе бұл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы
алынады.
Зардаптың туындауына себепті байланыс кездейсоқ болғанда, кінә түрі
қасақана болмайды. Кездейсоқ себептерден туындаған әрекеттерден зардап
болғанда, ол абайсыздықта келтіріледі. Мысалы көшеде кетіп бара жатырған
екі адам жол жиегінде мастықтан құлап жатқан адамды тұрғызып, үстін қағып
кетіп қалажы. Мас адам тәлтіректеп барып жолға құлап машинаға қағылады. Мас
адамға көмектескен адамдардың әрекеттері мен туындаған зардаптың арасында
байланыс бар, бірақ бұл байланыс кездейсоқ байланыс болып табылады.[4. 85
бет]
Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады:
а) Қылмысқа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы,
б) Қылмысқа қатысушылардың əрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе бұл
əрекеттердiң бiр-бiрiмен байланыста болуы.
Бiрiншi обьективтiк белгi бойынша қылмысты қатысушылықпен жасалған деп
тану үшiн қылмысқа кемiнде екі немесе одан да көп адамның, есi дұрыс жəне
қылмыстық жауаптылық жасына толған адамның қатысуы қажет.
Қылмыстық жауаптылыққа қабiлетсiз, яғни есi дұрыс емес немесе
қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген адаммен бiрлесiп қылмыс жасау қылмысқа
қатысушылықты құрамайды. Мысалы, егер ересек адам 10 жастағы жасөспiрiмдi
пəтер тонауға пайдаланса, мұнда жауаптылыққа қылмыстық орындаушысы ретiнде
текадам ғана тартылады, ал жасөспiрiм қылмыстың құралына айналады.
Қылмысқа қатысудың екiншi обьективтiк белгiсi қатысушылардың
арасындағы бiрлестiктiң болуын бiлуі. Бұл бiрлестiк белгiсi қылмыс жасаудың
басталу кезеңiнен соңғы кезеңiне дейiн түгел орын алады. Бiр белгiсi мына
элементтерден құралады:
а) Əрбiр қылмысқа қатысушының əрекетi басқа қатысушылардың əрекет жасауының
қажеттi шарты болып табылады.
б) Қылмыстан келген қоғамға қауiптi зардап не қылмыстың жасалу оқиғасы əр
қатысушының əрекеттерімен себептi байланыста болады;
в) Қылмыстың нəтижесi, зардабы барлық қатысушыға ортақ болады.
Жоғарыда аталған бiрлестiк белгiсiн құрайтын элементтердiң iшiнде себептi
байланыс ұғымының ерекше маңызы бар. Себебi, егер қылмыстың зардабы немесе
қылмыстың жасалу оқиғасы қылмысқа қатысушылардың
əрекеттерiмен себептi байланыста болмаса, онда себептi байланыста əрекет
жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмысқа қатысушылықтағы
себептi байланысты, қылмысты жасау оқиға мынадай тұстарында, бiрiншi -
қылмысқа қатысушылардың арасындағы байланыста, екiншi - қылмысқа қатысқан
əрбiр адам əрекетiнiң қылмыстың зардабымен себептi байланыста болуын
анықтау қажет. Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерi қылмысқа
қатысушылардың iшкi ойын немесе психикалық бағытын бiлдiретiн субьективтiк
белгiлермен тығыз байланысты.
Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда
қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала
келісімнен құралады.
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде
қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары
туындағанға дейін орын алады:
а) Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бiрiгуi;
б) Тек қасақана қылмыстарды жасауға бiрiгуi.
Белгiлi бiр қылмысты жасауға қасақана бiрiгу деген əрбiр қылмысқа қатысушы
өз iс - əрекетiнiң жəне қатысушылардың iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi
екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен əрекет туындайтын
қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi жəне зардаптың болуын тiлеуi
немесе саналы түрде оған жол беруiн бiлдiредi. Сонда қылмысқа
қатысушылықтың субьективтiк жағы тiкелей немесе жанама түрдегi
қасақаналықпен сипатталады деген сөз. [5. 216 бет]
Бiрлесiп əрекет еткен адамдардың қылмыстарындағы психикалық қатынасты табу
олардың қылмысқа қатысу үлесiн, қатысушының жауаптылығын жекешелеуге
көмегiн тигiзедi. Қылмысқа қатысушылардың қасақана
əрекет етуi, олардың қылмыстың жасалуына деген ой – ниет бiрлестiгiн
бiлдiретiн бiрден – бiр себеп табылады.
Субьективтi белгiлердiң екiншiсi - қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда
ғана орын алады дегенді бiлдiредi. Қылмыстық жауаптылық туралы заң абайсыз
жасалған қылмыстарда қатысушылықтың алмайтындығын айтады, себебi бұл
жағдайларда бiрнеше субьектiлер бiр қылмыстық нəтижеге қол жеткiзу
өздерiнiң ерiктi күштерiн бiрiктiрмейдi.
Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынға
зерттеу әдебиеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол
берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар
қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бірнеше адамдардың
бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді.
Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына
жатқызады. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, азғырушылық,
көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындауышының әрекеттеріне тәуелді
болуын білдіреді.[6. 78 бет]
1.3. Қылмысқа жанасушылардың қатысушылардан айырмашылығы.
Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік
қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл
ұғымның қылмысқа қатысушыдан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда
қылмысқа жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға
жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан
дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді.
Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге
өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан
немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері
немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың
қылмысты әрекет туралы тиісті орындарға хабарламауы, я болмаса, сол
әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.
Қылмысқа жанасушылықтың қауіптілігі сол, мұндай іс-әрекеттер
дайындалып жатқан қылмыстарға тойтарыс беруге, сондай-ақ істелген
қылмыстарды ашуға, кінәлі адамдардың зияндылығы қылмысқа бірге
қатысушыларға қарағанда онша көп емес, сондықтан да қылмысқа жанасушылық
үшін Кодекстің Ерекше бөлімінде арнайы көрсетілген реттерде ғана қылмыстық
жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа жанасушылықтың үш түрлі нысандары
бар: күні бұрын уәде бермей жасырушылық; хабарламау; жол берушілік.
Қылмыстық заң бойынша қылмысты жасыру үшін жацуаптылық кез келген қылмысты
жасырғандық үшін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала
уәде бермей жасырғанда ғана жүзеге асырылады. Және бұл туралы Қылмыстық
Кодекстің Ерекше бөлімінің 363-бабында арнайы көрсетілген. Ауыр немесе аса
ауыр қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4,5-бөліктерінде
көзделген.
Объективтік жағынан осы қылмыстарды жасырушылық белсенді күйде жүзеге
асырылады. Заңда жасырушылықтың нақты нысандары аталып көрсетілмеген,
әдетте, ауыр немесе өте ауыр қылмыс істеген адамды жасыру, қылмыс істеуге
пайдаланылған құралдар мен аспаптарды, қылмыстың ізін, қылмыстық жолмен
табылған заттарды жасыру арқылы іске асырылады. Мысалы, ауыр немесе өте
ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді жасыру үшін оған қажетті жалған құжаттар
беру, оның бет-бейнесін, сыртқы пішінін өзгерту, оған киетін киімін беру,
олар тұратын мекен-жайды жасыру сияқты белсенді әрекеттер арқылы жүзеге
асырылады. [7. 123 бет]
Ауыр немесе өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді жасырушылық өте сирек
жағдайларда әрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, кісі
өлтіріп қолы қан күйде бөтен үйге келіп, тығылған қылмыскерді үй иесі көре
тұра, біле тұра іздеушіге оның жасырынған жерін көрсетпеуі, сөйтіп
қылмыскердің ұсталмай кетуіне көмек жасауы әрекетсіздік арқылы жүзеге
асырылыған жасырушылық деп табылады. Жасырушылықтың нысандарының тізбегі
заңда нақты көрсетілмеген, сондықтан да оны нақты жағдайларға байланысты
анықтау қажет. Субъективтік жағынан жасырушылық тек тікелей қасақаналықпен
істеледі және ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскердің өзін,
қылмыстың ізін табуға, істелген қылмысты ашуға бөгет келтіруге бағытталады.
Жасырушылықта кінәлә адамның өзінің істеген қылмысының мәнін
сезінуі, білуі қылмыстық жауаптылыққа тартылу үшін негізгі шарт болып
табылады. Өйткені қылмыстық заң бойынша жауаптылық кез келген қылмысты
жасырушылық үшін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасырушылық
үшін ғана туындайды.
Жасырушылықта қылмыстық ниет пен мақсат әр түрлі болады және ол
қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындалғанда есепке алынады.
Жасырушылардың қылмыскермен туыстық қатынасының, байланысының болуы
жасырушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды.[8.201 бет]
2.1. Қылмысқа қатысудың нысандары
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,
олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың
өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара
әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне
байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік
дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей
қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл
нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан.
Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және
қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген
қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты
қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге
бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп
атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың
барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан
аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың объективтік жағының
бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы
қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болады.
Тар мағынадағы қатысушылықта орынаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының:
айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін. Ал қоса
орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара әрекеті
жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысы бірге тікелей істейтінін
білуі қажет.
Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны
орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар
мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілерінің бірі қылмысқа
қатысушылрадың өзара рөлдер бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл
түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы
ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер
болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабардар болады.
Қылмысқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz