Қылмыстың объективтік жағының түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
1.1 Қылмыстың объективтік жағының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қылмыстың объективтік жағының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің түсінігі
2.1 Қылмыстық құқықтағы
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12
2.2 Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша
әрекетсіздік ... ... ... .15
2.3 Қылмыстық құқықтағы әрекетсіздіктің шарттары және ол үшін
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қылмыстық құқықтағы әрекетсіздік және ол
үшін жауаптылық шарттары мәселелеріне тоқталып, оларды талдап түсіндіру.
Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз – қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісінің жиынтығы.
Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе
әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті іс-
әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты
жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы және құралы.
Қылмыстың объективтік жағы – қылмыстық жауаптылықтың алғы шарты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыс деп адамның жүзеге
асырылған күнде жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын
немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы қоғамдық
қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (Қылмыстық Кодекстің 3,9-баптары).
Қылмыстың объективтік жағы – қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып
саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.
Адамның жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айрықша
мағынасын өткен ғасырдың 40-шы жылдарында К.Марс өзінің жас кезінде былай
деп тұжырымдаған: Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, әрекеттенушінің
ойларының түрін алға шығарушы заңдар – заңсыздықтың жағымды жазалау
шараларынан басқа түк те емес... Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын
болмыспен бетпе бет келгенімде ған – заң шығарушыға бағынышты ортаға
енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен
тіпті де оның объектісі емес екенмін.
Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын
бағалауға негізгі белгі болып табылады.
Осыған байланысты, қылмысты істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау
кезінде, ең алдымен қылмыстың объективтік жағы анықталып алып, оның
негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде тыйым
салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және
ниеті туралы шешім шығарылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Объективтік жақтың белгілерінсіз
субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен
байланыссыз іске аса алмайды.
Қылмыстың объективтік жағының маңыздылығын, қылмыс құрамының дәл осы буыны
қылмыстық жауаптылық пен қылмыс құрамының түгел құрылымының іргетасы
екендігін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі
атайтындығынан да көруге болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
1.1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыс құрамының бір маңызды элементі болып қылмыстың қылмыстың
объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ
болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстың құқық диспозициясында
көрсетілген құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық
объективтік жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның
сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.
Кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір
реттерде нақты құралдар мен қару жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтіру
ұшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылғындыру
немесе автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді.
Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау (мысалы,
алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін.
Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-
жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын
белгілер қатарына жатады.
Сонымен, жоғарыда айтылған белгілердің барлығы да қылмыстың объективті
жағының белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік
жақтың мазмұны айқындалады.
Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның
төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық белгіленген қылмыс
құрамының белгілерін талдағанда, жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік
жағының барлық белгілері түгелдей дерлік, нақты нормалардың әрқайсысында
кездесе бермейді.
Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс-әрекеттен міндетті түрде
туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты)
болуын заңның өзінде атап көрсетеді.
Мұндай ретте заң шығарушы объективтік жақтың – уақыт, орын, жағдай,
тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.
Біршама қылмыстық құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап
өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (ҚК-нің 312-бабы), қызметтік
жалғандық жасау (ҚК-нің 341-бабы).
Кейбір жекелеген қылмыстық-құқылық нормаларда қылмыстың істелген орны,
уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі.
Яғни, қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің
ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез
келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті бегісі, ал
қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілері болып табылады.
Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен
қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде,
заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып абылады.
Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және
әрекет немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.
Қылмыстың объективті жағын сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін,
өзіндік ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс
құрамының объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті
белгілерге ие. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын
ұрлау, зорлық-физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын
қолданып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-
дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу (257 б) және т.б.
Адамның өмiр сүруi əрқашанда қандай да бiр əрекеттермен, яғни белгiлi
бiр əлеуметтiк қатынастарға байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға
белсендi араласуымен көрiнедi. Өзiнiң белсендiлiгiн бiлдiре отырып, жеке
тұлға қандай да бiр оқиғаның пайда болуын тездетуге, өзгертуге немесе
болдырмауға
тырысады. Мұндай əрекеттер қоғам үшiн пайдалы, зиянды немесе бейтарап болуы
да мүмкiн. Басқаша айтқанда, iс-қимылдың əрекет жағы қоршаған ортаға
белгiлi бiр əсер етумен сипатталады.
Адам əрекеттерiнiң iшiнде қылмыстық iс-əрекет өзiнiң қауiптi болуымен
ерекшеленедi. Осы қылмыстық iс-əрекетiнiң сыртқы көрiнiсi белгiлерiнiң
жиынтығын қылмыстың объективтiк жағы құрайды.
Жалпы мағынада, қылмыстың объективтiк жағы бұл сыртқы дүние
құбылыстары мен оқиғаларына адамның белсендi араласуы арқылы немесе
құқықтық мiндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту арқылы адамның
ойлаған мақсатын əрекет жүзiнде iске асыруы. Сондықтан да, адамның ойлары,
пiкiрлерi қоғамға қауiптi болған күннiң өзiнде, егер олар əрекет арқылы
жүзеге асырылмаса қылмыс болып табылмайды. [1. 67 бет]

1.2 Қылмыстың объективтік жағының маңызы және белгілері
Қылмыстың объективтiк жағының қылмыстың-құқықтық маңызын мынадай
бiрқатар жағдайлармен сипаттауға болады:
Бiрiншiден, қылмыстың объективтiк жағы қылмыс құрамының мiндеттi
элементi болып табылатындықтан қылмыстың жауаптылық негiзiне кiредi.
Екiншiден, қылмыс құрамының объективтi жағының белгiлерi көпшiлiк
жағдайларда қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн анықтауға
көмектеседi.
Үшiншiден, қылмысты дұрыс саралау үшiн қылмыстың объективтiк жағының
маңызы елеулi.
Төртiншiден, қылмыстың объективтiк жағы ұқсас қылмыстарды бiр-бiрiнен
ажырату, сонымен бiрге қылмыстық əрекеттi қылмыс емес əрекеттен ажыратудың
бiр критерийi болып табылады.
Бесiншiден, сотта жазаны жеке даралау кезiнде қылмыстың объективтiк
жағының белгiлерi жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жəне ауырлататын
жағдайлар ретiнде жасалған қылмысқа сəйкестi əдiл жаза
тағайындауға негiз болып табылады.
Осыған байланысты қылмыстың объективті жағы қылмыс құрамының ішіндегі
ең маңызды элементтері қатарына жатады.
Қылмыстың объективтiк жағына қылмыстың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын
мына белгiлер жатады:
- белгiлi бiр объектiге қол сұғатын əрекет немесе əрекетсiздiк,
- қоғамға қауiптi зардаптар;
- əрекет немесе əрекетсiздiк пен зардап арасындағы себептi байланыс;
- қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне қаруы мен құралы;
Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың
объективтiк жағының мiндеттiбелгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi,
өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара
əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне
орында жасалуы мүмкiн.[2.55 бет]
Қылмыстық құқықтық мағынада iс-əрекеттiң құқықтың белгiлерi бар, олар
қоғамға қауiптiлiк жəне құқыққа қайшылық. Iс-əрекеттiң қоғамға қауiптi
белгiсi, яғни қылмыс болып табылатын iс-əрекет қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастарға қол сұғады жəне елеулi зиян келтiредi немесе осындай
зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Қылмыс құрамы объективтiк
жағының келесi белгiсi болып қоғамға қауiптi зардаптар немесе қылмыстық
зардаптар табылады.
Қылмыстық зардаптар деп адамның əрекетi немесе əрекетсiздiгi
нəтижесiнде қоршаған ортада болған жəне қылмыс құрамының объективтiк
белгiлерiне жататын өзгерiстердi түсiну қажет.
Кез келген қылмыстық əрекет немесе əрекетсiздiк қылмыстық заңмен
қорғалатын жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қол сұғады,
сондықтан ол зиянды, қауiптi. Ол зиян келтiре отырып қоғамдық қатынасты
бұзады жəне осы қатынастарда зиянды өзгерiстердi тудырады.
Сипатына қарай қоғамға қауiптi зардаптарды екi үлкен топқа бөлу
қалыптасқан:
1) материалдық зардаптар,
2) материалдық емес зардаптар.
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, заңды тұлғаларға
жəне мемлекетке келтiрiлген мүлiктiк зиянды жəне жеке адамға келтiрiлген
дене зиянын жатқызады. Яғни, материалдық зардаптар сыртқы дүниенiң белгiлi
бiр заттарын жою, бүлдiру, қасиетiн өзгертумен немесе оларды тұрақты немесе
уақытша пайдалану мүмкiндiгiнен айырумен байланысты зардаптар ретiнде
түсiндiрiледi.
Сонымен, материалдық зардаптарға тiкелей келтiрiлген зияндар,
алынбаған пайда, қажеттiнi алмау азаматтың денсаулығына келтiрген зиянды
қалпына келтiрумен байланысты шығыстар жатқызылады. Мүлiктiк зиян түрiндегi
материалдық зардаптарды оның құнының өлшемiмен немесе ақшалай есептейдi.
Бұл меншiкке қарсы қылмыстардың барлығында кездеседi жəне экономикалық
мүддеге қарсы қылмыстар тарауында көптеп кездеседi. Қылмыстық заңның өзiнде
қылмыстардың материалдық мүлiктiк зардабы
мына көрсеткiштермен де анықталады ″iрi мөлшер″, ″iрi зиян″, ″елеулi
мөлшер″ жəне т.б.[3. 58 бет]
Ал жеке адамға келтiрiлген дене зиян түрiндегi материалдық зардаптар
мүлiктiк зиянға қарағанда сандық жағынан өлшенбейдi. Мысалы, адамның
денсаулығы немесе биологиялық өлiмiн өлшеу мүмкiн емес. Зиян келтiру
дəрежесiн бағалау адам денсаулығының нақты жағдайымен анықталады. Бұл
жөнiнде ҚР Қылмыстық Кодексi адамның денсаулығына зиян келтiрудiң үш түрiн
қарастырады – ауыр, орташа жəне жеңiл. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның
ауырлық дəрежесi медициналық көрсеткiштермен анықталады.
Материалдық емес зардаптар деген қылмыстық заңмен қорғалатын
қатынастарға қатысушылардыңмүдделерiн сыртқы дүниенiң материалдық заттарына
жəне адамның денесiне əсер етпей бұзумен ұщтасқан жағымсыз өзгерiстердi
бiлдiредi. Материалдық емес зердаптарға – саяси, моральдық,
ұйымдастырушылық, əлеуметтiк жəне т.б. зияндар жатады. Мысалы, саяси зиян -
мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарда
ұйымдастырушылық зиян- мемлекеттiң қызмет мүдделерiне, басқару
тəртiбiне қарсы қылмыстарда, ал моральдық зиян – жеке адамға қарсы
қылмыстарда, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстарда кездеседi.
Қылмыстық заң қылмыс арқылы бұзылған қоғамдық қатынастың əлеуметтiк
құндылығын, зиянның пайда болу себептерi мен оның мөлшерiн, əрекеттiң
субъектiлерi мен оның субъективтiк жағын жəне басқа
бiрқатар жағдайларды ескерiп жəне осыған байланысты қылмыстық-құқықтық
қатынастың пайда болуын зиянның тууымен байланыстырып немесе байланыстырмай
анықтайды. Сондықтан бiр жағдайларда қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық
қатынасты тудырушы заңдық фактi ретiнде танылып заңның тиiстi бабының
диспозициясында көрiнiс табады. Ал екiншi жағдайларда қылмыс зардабы қылмыс
құрамының факультативтi, мiндеттi емес элементi ретiнде қарастырылады.
Осыған байланысты қылмыс құрамдарын материалдық жəне формальдық құрамдарға
бөлу негiзделген.
Сонымен бiрге, қылмыстық зардаптың ауырлық дəрежесi Қылмыстық
Кодекстiң тиiстi баптарындағы ауырлатылған немесе аса ауырлатылған қылмыс
құрамдарын бөлудiң негiзiнде жатыр. Мысалы, адам өлiмi ауырлатылған қылмыс
құрамының белгiсi ретiнде ҚК көптеген баптарында (233-баптың 3-бөлiгiнiң
″в″тармағы, 256-баптың 2-бөлiгi) қарастырылған._
Қоғамға қауiптi зардаптардың маңыздылығын мына жағдайлар түсiндiредi:
1) Қоғамға қауiптi зардаптар əрекеттi қылмыстандырудың басты негiзi
болып табылады;
2) Қоғамға қауiптi зардаптар барлық қылмыс құрамдарының мiндеттi
элементi бола тұра қылмысты саралауға қатысады;
3) Қоғамға қауiптi зардаптар жаза тағайындау кезiнде жауаптылықты
ауырлататын жағдайлар ретiнде ескерiледi;
4) Қоғамға қауiптi зардаптар қылмысты қылмыс емес құқықбұзушылықтардан
жəне аморальдық əрекеттерден ажыратудың критерийi болып табылады.[4.76 бет]
Материалды қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен
зиянды салдарлар пайда болуы арасындағы себепші байланыстың болуы
арасындағы себепші байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі
болып табылады.
Қазіргі қылмыстық құқықта зиянды салдар тұлғаға тек қана, егер оның
әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.
Әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет
нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.
Қылмыстық құқықта көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық
категория негізінде қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.
Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам
денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға
инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған
салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың
ағымы.
Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда болуы мүмкін.
Тұлғаның әрекетсіздігі пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол
тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.
4. Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілері.
Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және
белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны,
жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.
Сондықтан заң бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне
жатқызады:
1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген
әскери уақыт әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар
(367-368 б.б, ІІІ-т.т.).
2. Кей жағдайларда қылмыс құралы белгілеріне қылмыс жасаған орын
танылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң
жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу
көрсетілген.
3. Көп жағдайда қылмыстық нақты құрамының объективті жақ белгісі
ретінде қылмыс жасау әдісі танылады. Осылайша заң шығарушы меншікке қол
сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).
4. Кей кезде қылмыс жасау кезінде белгілі бір қаруды қолдану тәсілі
қылмысты ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында
қарастырылған біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті
әдістерді қолданып қасақана бүлдір
у немесе жою.
Бұл объективтi белгiлер барлық қылмыс құрамдарына тəн жəне олар
қылмыстық құқықтың Жалпы бөлiмiнде зерттеледi.
Жоғарыда аталған қылмыстың объективтiк жағының белгiлерi мiндеттi жəне
факультативтi болып екiге бөлiнедi.
Мiндеттi белгiсiне əрекет немесе əрекетсiздiк нысандағы қоғамға
қоғамға қауiптi iс-əрекет жатады.Өйткенi, ешбiр қылмыс белгiлi бiр нақты iс-
əрекетсiз жасалмайды. Iс-əрекет ҚК Ерекше бөлiм бабының диспозициясында
тiкелей көрсетiледi немесе соның мазмұнынан шығады.
Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтi белгiлерiне:
қоғамға қауiптi зардап, əрекет пен зардап арасындағы себептi байланыс,
қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тəсiлi жəне құралы жатады. Бұл
белгiлер кейбiр жағдайларда, егер олар ҚК Ерекше бөлiмi бабының
диспозициясында көрсетiлсе қылмыстың объективтiк жағының мiндеттi белгiсiне
айналады.[5. 98 бет]

2. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің түсінігі
2.1 Қылмыстық құқықтағы әрекет
Қылмыстық iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) кез келген қылмыстың
объективтiк жағының мiндеттiбелгiсi, өйткенi ол объективтiк жағының негiзi,
өзегi ретiнде танылады. Əрекет немесе əрекетсiздiк қоршаған ортамен өзара
əрекеттесудiң əртүрлi нысанында жəне белгiлi бiр жағдайларда, уақытта жəне
орында жасалуы мүмкiн.
Қылмыстық құқықтық мағынада iс-əрекеттiң құқықтың белгiлерi бар, олар
қоғамға қауiптiлiк жəне құқыққа қайшылық. Iс-əрекеттiң қоғамға қауiптi
белгiсi, яғни қылмыс болып табылатын iс-əрекет қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастарға қол сұғады жəне елеулi зиян келтiредi немесе
осындай зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi. Сондықтан,
қылмыстық заң бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған əрекет, егер оның
қоғамға қауiптiлiгi мардымсыз, шамалы болса қылмыстық iс - əрекет деп
танылмайды. Iс-əрекеттiң құқыққа қайшылық белгiсi бойынша, əлеуметтiк баға,
көзқарас
тұрғысынан қарағанда қоғамға қауiптi болып табылатын əрекеттер, егер олар
қылмыстық заңда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың объевтивтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қоғамға қауіпті зардаптар
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыс және қылмыстың құрамы
Пәндер