Қылмыстылықтың алдын алу шаралары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1. Қылмыстылық туралы жалпы ережелер.
1.1 Қылмыстылықтың алдын алу ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
1.2 Қылмыстылықтың алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-14
2. Жекелеген санаттағы азаматтардың қылмыстылығын алдын алу ерекшеліктері.
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-17
2.2 Әйелдердің қылмыстылығының алдын
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19
3. Қылмыстылықтың алдын алу – бұл қылмыспен күресудің басты бағыттары мен
қылмыстың алдын алудың басты
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26-28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Қоғамды демократияландыру еліміздің негізгі және басым міндеттерінің
бірі. Қазір соған сәйкес қоғамдық өміріміздің барлық кең көлемді
реформалар жүзеге асырылып отыр. Бұл мақсатта бізден алғашқы кезекте
еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруді қолға алуды талап етеді. Демек,
қазір қолданылып жүрген құқықтық, нормативтік құжаттарды еліміздегі
азаматтық қоғамның босағасын бекіте түсу үшін де оны осы заман талабына
сай жетілдірудің мезгілі жеткен іспетті.
2006 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нурсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауының 5-ші басымдығы: демократияны одан әрі дамыту
және саяси жүйені жаңарту - деп көрсетілген [3].
Қай қоғам болмасын заңсыздық бой көтере бастаса, қылмыс атаулының өрши
түсетіні белгілі. Ал заңсыздыққа жол бермеу, оның алдын алу немесе орын
алған заңсыздықты анықтап, әділдіктің орнауын қамтамасыз ету әуелгі кезекте
прокуратура органдарының құзырында десек, артық айтқандық емес.
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның
ішінді құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Сондықтан да
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы маусымның 24 жұлдызында
шыққан Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы қаулысының
негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық
тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. Өйткені құқықтық тәрбие жастар
мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сөзімін
қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін
сезіндіреді, олардың қоғамда өзін - өзі дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы
толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік
туғызады.
Курстық жұмысты жазудағы мақсатым, Қазақстан Республикасынадағы
қылмыстылық мәселесі мен жекелеген санаттағы азаматтардың, нақтырақ
тоқталатын болсам кәмелетке толмаған азаматтар мен әйелдердің
қылмыстлығының ерекшеліктеріне көңіл бөлсем деп отырмын. Неге десеңіз
бүгінгі таңдағы бұл мәселенің өзектілігі осы санаттағы азаматтар арасында
қылмыстардың көптеп орнауында болып отыр. Жалпы қылмыстылықтың өсіп келе
жатқаны жастарға аса қауіпті әсерін тигізетіні ақиқат. Осыған сәйкес,
біздің республикамызда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың
біршама өсіп отырғанын көреміз.
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі – негізгі
көрсеткіштеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара –
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, өтпелі кезеңдерді
бастан кешіп жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып
тұрған тұста, жеке меншік институттары... әлі қалыптасып біте қоймаған кезде,
мемлекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы
[5, 145б.].
Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар
жеткіншектер екені білгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы
атқарар іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Сондықтан да қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасында
қылмыстылықпен күрес, әсіресе олардың өзара топтасып немесе ересек
адамдардың қатысуымен жасалатын қылмыстық әрекеттерімен күрес жүргізу
мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейде орын алған алдыңғы бағытты міндеттердің
бірі болып табылады.
Менім курсттық жұмысымның мақсаты қылмыс құрамының түсінігі мен
белгілерін, нақты, айқын түрде ашып көрсету болып келеді.

1. Қылмыстылық туралы жалпы ережелер.
1.1 Қылмыстылықтың алдын алу ұғымы.

Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз, бұл – мемлекеттің, қоғамның,
жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа
қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай
криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыскерліктің детерминация және
себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі [5, 177 б].
Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз – күрделі әлеуметтік құбылыс,
сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды деп
санағанбыз. Қылмыстың заң жүйесі қандай да бір қылмыстың алдын алу
мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиіс
те. Әңгіме - сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай
әдістермен жасалатындығында.
Бұл мәселелерде маңызды саяси - әлеуметтік және идеологиялық мазмұн
бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың суъективтік және бірқатар
жақындау объективтік себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын
жағдайларға ғана ықпал жасай алады.
И.П.Портновтың пікірінше, таза түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз –
криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез –
құлқын түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол бермеу.
Ал, Г.А.Аванесовтың ойынша, қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал
жасалатын объект өте күрделі құбылыс, онан жеке адам, адамдар тобы,
оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей қоршаған орта) және әр түрлі
заттар - факторлар, себептер мен жағдайлар, мән – жайлар, тағы басқалар
жатады.
Алдын алу объектілері жайында сөз қозғанда, тіптен, нақты кәсіпорын,
аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады.
Жоғарыды айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға
анықтама берсек, ол – қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік
тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық
және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр түрлі шараларының
жиынтығы.
Әңгіме әр түрлі субъектілерден тарайтын көп деңгейлі шаралар жүйесі
жайында болып отыр.
Қылмыскерліктің алдын алу термині даусыз деп саналмайды, себебі орын
алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыскерлік, ол бар нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға
кіріп кеткендіктен қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатқанның қажеті болмас.
Мұндағы басты мақсат – қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясында
баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.
Бұл терминмен қатар сақтандыру термині де қолданылады. Кейбір
авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында
айырмашылық бар дейді. Сақтандыру туралы, көбіне, нақты қылмыстардың
жолын кесуге қатсыты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға
дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз
болады. Бұл тұрғыдан алғанда сақтандыру жоғарыда көрсетілген
классикалық мәндегі қылмыскерліктің алдын алу мен құқық қорғау қызметінің
ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған сияқты.
Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жаңа қылмыс бұрынғымен
байланысты емес, бұл жай адамның жеке басына бағыттылығын көрсетпейді, ал
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу фактісінің өзі оған қатаң
режим тағайындауға негіз болады. Қатаң режимбегі колонияны тағайындау
туралы мәселені шешуге ықпал ететін маңызды фактор – бұрынғы жазадан
босағаннан бергі өткен уақыт мерзімі.

1.2 Қылмыстылықтың алдын алу шаралары

Криминология ғылымында қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған әр түрлі
шаралардың жүйесі қалыптасқан. Олар әр түрлі негідер мен белгілер бойынша
саралануы мүмкін (мақсаты мен деңгейіне, көлеміне, алдын ала шарларын
қолдануына байланысты болуы мүмкін) [5, 59 б.].
Қылмыстың алдын алу шараларының ішінде мақсатына, динамикасы мен
құрылымының мазмұнына байланыстысы жиі қолданылады. Бұл жерде алдын алу
шаралары сол елдің немесе аумақтың, жеке объектінің көлемінде жүзеге
асырылады.
Осы іспетті шараларды жүзеге асыру тек қана бұл қылмыс түрінің ғана
емес, сол сияқты басқа да қылмыстардың жолын кесуге септігін тигізеді.
Мысалға мынадай жалпы алдын алу шараларды жүзеге асыру керек:
1.Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлігін, адамдардың іскерлік
белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нақтырақ қатынастарды
қалыптастыру.
2.Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын
жақсартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы
үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар
қарастырып, оны жүзеге асыру.
3.Оқу орындарында Мемлекет және құқық негіздері және Құқықтану пәндерін
оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60%-ға дейін көбейтіп,
курс аяғында емтихан алуды қарастыру.
4.Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы қоғамдық деңгейде
қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема – адамдарды жұмысқа
орналастыру мәселесін шешу қажет. Нақтырақ қатынастарға көшу жұмыссыздар
санының көбеюіне әкеп соқты. Сондықтан да Қазастан Республикасының Еңбек
туралы Заңы негізінде Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2004-
2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл
бағдарлама халықты еңбекпен қамтамасыз етудің облыстық, қалалық және
аудандық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әр түрлі
мемлекеттік органдар-
дың, жұмыс берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста
болуы шарт.
5. Республиканың ірі қалаларында құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді
шаралары жасалуда, онда қаланың экономикалық, әлеуметтік, географиялық және
басқа ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Мұндай шаралар қаланы әлеуметтік
дамытудың 2006 жылға арналған жоспарына кіруі керек. Онда қылмыстылықпен
күрестің негізгі проблемаларын жан-жақты қамтитын нақты шаралар және
күрестің озық тәжірибелері көрініс табады.
6. Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді
ұйымдастыру. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың,
оқитын жастардың және басқа да азаматтардың құқықтық оқу
жүйесін құру.
Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған
қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды
қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, заңды, қоғамдық тәртіпті
бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда бұқаралық
ақпарат құралдарының рөлі зор.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын
нығайту. Әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көпбалалы отбасыларын,
зейнеткерлерді, халықтың нашар тұратын топтарын мемлекеттік қамқорлыққа
алу. Ең аз табысты және күн көріс үшін қажетті азық-түлік мөлшерін ауық-
ауық қайта қарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, ата-анасының
қамқорынсыз калған, жетім калған балаларға, карттарға арналған үйлерді
көбейту.
Азаматтардың әлеуметтік - құқықтық белсенділігін арттыру. Құқық тәртібін
сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді,
куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік
танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босанған адамдардың әлеуметтік
ақталуына көмектесу. Оларды жұмысқа орналастыру жүйесін кұру. Сотталған
адамдардың қажетті жұмысшы мамандығын игеру үшін жаза өтейтін колониялардың
жұмысын жақсарту және жетілдіру. Әлеуметтік ақтау орталықтарының, бас
бостандығынан айыру орындарынан босанып келген адамдарды қоғамға
көндіктірудің басқа да нысандарының қызметін ұйымдастыруға көмектесу,
оларға қолдау жасау.
Қылмыстылықтың жалпы алдын алу қоғам өмірінің әлеуметтік те,
экономикалық та, саяси да, рухани да саласын сауықтыру жөніндегі шараларды
қамтиды. Қылмыстылықпен күрес қоғамның барлық саясатының: мемлекеттік те,
әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарының
қызметінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс.
Қылмыстылықтың жалпы алдын алудағы криминологтің рөлі мыналарға
тіреледі:
Біріншіден, қылмыстылықтың себептілігі және детерминациясы жайындағы
белгілі бір кезеңнің ақпаратын береді, атап айтқанда, қандай өзара
әрекеттестіктердің қандай мән-жайларда қылмыскерлік ретінде қабылданатынын
және криминогендік деп бағалануы мүмкін екендігін көрсетеді.
Бұл ақпаратты одан кейін экономистер, социологтер және басқа мамандар
өңдейді, ол қайта құру бағдарламаларын, елдің экономикалық, әлеуметтік және
басқадай дамуының мақсатты бағдарламаларын жасау процесінде коғамдық
қатынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. Криминолог ауа райын болжап,
оның қандай болатынын білетін, бірақ азаматтарға плащ кию немесе қолшатыр
алу керектігін айтып жатпайтын метеоролог сияқты, дейді проф. А. Д.
Берензов. Криминолог, зерттеулерге сүйеніп, неден аулақ болу, немесе неге
жол бермеу керектігін ғана көрсетеді. Бұл да аз емес. Оңтайлы экономикалық
және басқа шешімдерді іздестіру белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.
Екіншіден, криминолог, қоғамды дамытудың және сауықтырудың әр түрлі
бағдарламаларын жасауда консультант ретінде тартылады. Мысалы, қоғамдағы
бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың жалпы алдын алушылықтағы
нәтижелілігін немесе балаларға көмек көрсету бағдарламаларын алдын ала
бағалау үшін, немесе қылмыскерлікпен күресті жетілдіру жөніндегі арнайы
ұсыныстар қаншалықты толық ескерілгендігін бағалау үшін тартылады.
Үшіншіден, криминолог, мүдделі ұйымдардың тапсыруы бойынша әлеуметтік-
экономикалық және басқадай қайта құру бағдарламаларының жобаларына, заң
жобаларына криминологиялық сараптама жүргізеді. Бұл ретте ол
қылмыскерліктің себептік кешеніне, айта келе оның өзіне қандай да бір
заңды, жекешелендіру бағдарламасын кабылдау қандай әсер келтіреді, немесе
қылмыскерлікпен күрес жүйесіне, яғни қылмыскерлікке ішкі әскерлер
бөлімшелерінің санын ұлғайту, кейбір құқұқ қорғау органдарын қайта
ұйымдастыру қандай әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді. Өлім жазасымен
қорқытқан күнде де қылмыстылықты жеңу мүмкін емес, деген С.В. Максимовпен
келіспеуге болмайды. Жаза қанша қатаң болғанмен, қылмыстылықтың түбіріне
балта шабуға қоғам қаншалықты ұмтылғанмен кәнігі қылмыскерлерден арылу
мүмкін емес. Жазамен қорқыту да, жазалауда қылмыстылықты жоя алмайды.
Жазадан көп талап етуге болмайды, неге есептелсе ол соны ғана береді, яғни
ол адамды өнегелі етіп қайта жарата алмайды, тек қылмыстық әрекетті
тежейтін құрал ғана болуы мүмкін. Осыған қарамастан заң шығарушы
ауырлататын және ерекше ауырлататын мән-жайларда жасалған пайдакорлық-
зорлық қылмыстары үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыратын
санкцияларды сақтауға, тіптен олардың санын көбейтуге бет алып отыр, бұл
жағдай соттардын құқықтық санасына қатты әсер етуде.
Қылмыскерліктің арнайы алдын алу дегеніміз - қылмыскерлік
детерминациясы мен себептілігінін жекелеген әлеуметтік топтарға қатысты
процестерге, қылмыскерліктің жасалу ықтималдығы жоғары әрекет салалары мен
объектілерге ықпал етудің жүйесі. Қылмыскерлер үшін айрықша тартымды, олар
шоғырланатын, ұйымдасып әрекет ететін нысандарға баса көңіл аударылады.
Әдебиетте басқадай да анықтама бар: қылмыстылықтың арнайы алдын алуды
криминологиялық білімдер мен дағдыларды қылмыскерлік - құқықтық нормаларды
сақтау мақсатында адамдардың іс-қимылдарын реттеу үшін пайдаланатын
мақсатты процесс деп анықтауға болады. Мұндай көзқарас криминологияның
қайта туындауының алғашқы кезеңдерінде орын алды, ал кейін қылмыскерліктің
жалпы және арнайы алдын алу туралы түсінік қылмыскерліктің себептілігі мен
детерминациясы процестерін әр түрлі деңгейлерде: неғұрлым жалпы деңгейде —
макро, - микро ортада, әлеуметтік-мемлекеттік ортада (жалпы алдын алу) және
орта деңгейдегі ортада (арнайы алдын алу) жоюмен толығырақ сәйкестене
бастады.
Криминологиялық зерттеулерге сүйеніп қылмыскерліктің арнайы алдын
алғанда жоғары криминогендік және жоғары виктимдік әлеуметтік топтар,
әрекет салалары және объектілер бөлініп алынады. Біріншілерге, мысалы
сәтсіз отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандар; тұрақты табыс көзі жоқ
адамдар; халықтың кедейшіліктен де төмен тұрған топтары жатады. Жоғары
виктамдіктерге — мол байлықтың иелері және құндылықтар сақталатын
объектілер, әрекет саласынан — ақша және валюта айналымымен байланыстылар,
объектілерден — көші-қон тасқыны мол аймақтар және т.б. жатады.
Виктимология саласындағы мамандар рөльдік виктимдікті бөліп алады,
олар: а) адамның кемшілігімен және ол орындайтын рөлдің күрделілігімен
байланысты б) әрекеттің күрделілігінен, ол адам тап болған ситуациядан
туындайтын рөлдер.
Жеке бастың виктимдігі дегеніміз қылмысқа құрбан болу ықтималдығын
көтеретін жеке бастың сипаттамасы.
Ал, тиісті себептік кешендер мен детерминациялық өзара әрекеттестіктер
бұд жағдайларда әр түрлі болып келеді. Қоғамды түгелдей жетілдірмей – ақ
белгілі бір топтың немесе объектінің криминогендік және виктимдік әлеуетін,
шындығында, шектеулі мөлшерде төмендетуге болады. Мұның өзі де жаман нәтиже
емес.
Жәбірленушілердің 87-%-ы ер адамдар, 13-%-ы әйелдер болған.
Қарақшышықта - 17, күш қолданып тонауда - 2, пайдақорлықпен кісі өлтіруде
-10,4 пайызында жәбірленуші жұбайы не бірге тұрушысы болса, сотталушыға
туыс болып келетін жәбірленушілер қарақшылықта - 18,1, қорқытып алушылықта
_ 27,7, күш қоланып тонауда - 3, пайдақорлықпен кісі өлтіруде - 9,5 пайызды
құрайы. Ал таныстары мен көршілерінің жәбірленушіге қарсы қылмыс жасауы
қарақшылықта - 22,6, қорқытып алушылықта -32,9, күш қолданып тонауды -
45,5, пайдақорлыкпен кісі өлтіруде - 12,2 пайызды құрайды, қалған
жағдайлардың бәрінде таныс еместер оларға қатысты қылмыс жасаған.
Жәбірленушінің жағымды мінез-құлқы - бұл жәбірленушінің
виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер бомайтын, жағдай
туғызбайтын, сондай-ақ жағдайға қарай абай, мүқият болуы және
қылмыскер(лер)ге қарсылық көрсететін мінез-құлқы.
Жәбірленушінің жағымсыз мінез - құлқы - бұл жәбірленушінің
виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болатын әрекеті не
әрекетсіздігі:
- адам мас күйінде адамсыз жерлерде ұйықтап қалып, тонау
мен қарақшылықтың жәбірленушісіне айналатын жағдай;
- ол күйінде, әлбетте, қылмыскерлерге қарсылық көрсете ал-
майды; адам мас күйінде кылмыскердің басқа жерге шығу туралы ұсынысына
келісіп, діттеген жердегі кінәлінің сыбайластарына ұрынатын жағдай;
- көп адамға қарсылық көрсете алмайды;
- адам өзіне жаңа таныстарды белсенді түрде іздеп, оларды өз үйіне шақырып,
спирт ішімдіктерін ішіп, қылмыс жәбірленушісіне айналады;
- әрине, мас күйінде қарсылық көрсете алмайды;
- адам есік қағып тұрған адамның кім екендігін анықтамай немесе онын айтқан
өтірігіне иланып, есік ашып, сол жерде шабуылға ұшырайтын жағдай;
- қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды
айтып немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;
- адам өзін бай етіп көрсетіп, бай адам есебінде әсер калды-
рып, қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай;
- адам қарақшыға не тонаушыға қарсылық көрсете алатын
мүмкіндігі бола тұра қорқақтық танытып, қылмыскерлерге ыңғайлылық туғызатын
жағдай [5, 187 б.].
Қылмыскерліктің, жекелеген түрлерінін, ерекшеліктерін көрсететін
криминологиялық жұмыстарда онымен күрестін, ерекшеліктері де көрсетілген.
Жеке дара алдын алу: а) адамның ортасына; ә) адамның, бәрінен бұрын
оның жеке басының сипаттамасына; б) сол адамның ортамен өзара әрекеттестік
процесіне ықпал етуді қамтиды.
Өзіне қатысты осындай алдын алу шаралары жүзеге асырыла-тын нақты
адамды таңдағанда мына мән-жайлар ескеріледі:
1) Адамдардың іс-қимылдарының сипаттталары:
а) қылмыстарды жасауы. Алдын алу объектілері, әрқашанда: қылмыс жасағаны
үшін жазасын өтеген адамдар, қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын
негіздер бойынша босатылған адамдар, өздеріне қатысты тәрбиелік ықпалдың
мәжбүрлеу шаралары қолданылған кәмелетке толмағандар және т.б.;
ә) адамның қылмыстық іс – қимылымен заңды байланыстағы құқыққа қарсы басқа
іс-әрекеттерді жасауы;
б) адамның аса биморальдық іс-әрекеттер жасауы (ішімдікке салынуы, есірткі
колдануы, т.б.);
в) адамның жасқа, басқа да әлеуметтік ұстанымдарға, рөлдерге айқын сәйкес
келмейтін және де қылмыстық іс-қимылдармен байланыста болуы заңды іс-
қимылдары. Жеткіншектердің жезөкшелігі, олардың темекіге, ішімдікке
кұштарлығы, оқуды ерте тастап кетуі, мысалы, олар темекі, ішімдік, сәнді
киім алу, достарын сыйлау үшін ересектерден жасырын ақша іздеуге мәжбүр
болады, келешекте адал қызмет етіп өздерін толық қамтамасыз ету
мүмкіндігінен айырылады. Егер бұл борыштың нәтижесі болса, онда мұндай
қызметкерлерге заң шегінде ықпал ету — оның сыбайластық іс-қимылының алдын
алудың маңызды кезеңі.
2) Адамдардың алеуметтік ортшсының сипаттамасы:
а) қылмыс жасалатын;
ә) кылмыстық іс-қимылмен заңды байланыстағы өзге құқық бұзушылықтар
жасалатын; б) аса биморальдық іс-әрекеттерге жол берілетін, заң негізінде
жатқандарға қайшы келетін идеялар, көзқарастар, құндылықтар жүйесі
уағыздалатын және өзін қылмыстық іс-қимылда көрсететін (теріс сипаттағы
топтарда, заң-сыз секталарда);
в) әлеуметтік ұстанымдардың, рөлдердің және құндылыктардың қатты
қақтығыстары бар ортада тікелей жүрген немесе оның ықпалын сезіп жүрген
немесе оған бағдар алған адамдар тиісінше бөлініп алынады. Мысалы, соңғы
жағдайда мәжбүрлі мигранттардың мүлде басқа жағдайда тұрған, өзге
әлеуметтік ұста-ным ұстанған және бейімделудің аса үлкен қиындықтарын басы-
нан кешіруші бірқатар топтарын бөліп алуға болады. Мұндай адамдар қылмысқа
оп-оңай құрбан да, қатысушы да болып кетеді.
Қылмыскерліктің алдын алуда мынадай кезеңдер бар:
1) ертерек алдын алу;
2) тікелей алдын алу;
3) қылмыскерліктің өзінше детерминациясының алдын алу.

2. Жекелеген санаттағы азаматтардың қылмыстылығының алдын алу шаралары
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын алу

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік мәселесі
қазіргі таңда өте бір өршіп тұрған мәселелердің бірі. Кәмелетке
толмағандардың қылмыскерлігінде айырықша ерекшелік бар. Кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу қоғамдағы құқық
бұзушылықтың алдын алу негізі аспектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар мен қараусыз қалған
балалар арасында құқық бұзушылықты болдырмау немесе алдын алу шеңберіндегі
заңдылықтар өте тез қарқынмен дамып, қалыптасып жатыр. Мәселен бұлар Неке
және отбасы туралы, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы,
Қазақстан Республикасының еңбек туралы, Дене тәрбиесі мен спорт туралы
заңдар және осы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық
актілер.
Бұл қылмыскерліктің негізгі себептерінің әрекет ету саласы – адамның
жеке басының қалыптасуы және оның өмір тіршілігінің аясы. Кәмелетке
толмағандардың қылмыстық жолға тұруының типтік тетігі: баланы тәрбиелегісі
келмейтін, тәрбиелей алмайтын отбасында болу; оқу орындарында жолы болмау,
педогогтармен немесе бірге оқитындармен арадағы қақтығыс; қолы бос
уақытында, демалу кездерінде азғындаған немесе қылмыскер адамдармен
араласу.
Ортамен өзара әрекеттестікте кәмелетке толмағадардың белсенділігі
және дербестігі шектелген: олар өздеріне ата-ана, тәрбиеші таңдап ала
алмайды, көбісінде өмір сүру үшін қажетті қаражыт жоқ. Ата – анасымен
немесе тәрбиешісімен арада қатты қақтығыс болып қалғанда бала бірден – бір
көңілді жұбататын орта деп өзінің бірге серуендейтіндерінің ортасына
барады.
Кәмелетке толмаған қылмыскердің моральдық бейнесінің ерекшеліктерінің
бірі ол – кәмелетке толмағандарда өнегелік түсінігінің қалыптаспағандығы
болып табылады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге
тынышсыздық, қиқарлық, бөтеннің ықпалына тез түсу, өмірлік тәжірибенің
жетіспеушілігі, қимыл әрекетін көп жағдайда қоршаған ортасының көзқарасымен
байланыстыру тән екендігі белгілі. Жасөспірім бойындағы жастай қалыптасқан
мінез-құлық пен ерсі қылықтардың есейе келе жоғалмай, қайта күшейе түсуі
мүмкін, сол себептен де олардың қылмыс жасамауына жол бермеу үшін
жастайынан тәрбиелеген жөн [11]. Демек өз кезінде ұтымда қолданылған мұндай
тәрбиенің жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы мәні зор.
Ал кәмелетке толмағандардың әлеуметтік демографиялық ерекшеліктерін
көрсету жасөспірімдер тұлғасының қоғамдағы әлеуметтік орнын, санын және
басқа да мәліметтерді көрсетіп, кәмелетке толмағандардың арасында
қылмыстылықтың алдын алуда айтарлықтай мәнге ие.
Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек қылмыс жасаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
«Криминология» пәнінен дәрістер
Криминология пәнінің түсінігі
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына сипатама
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Пәндер