Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері


Жоспар
Кіріспе3
II. Әдебиетке шолу5
III. Негізгі бөлім10
3. 1. Антибиотиктерге жалпы шолу10
3. 2. Антибиотиктерді және басқа да дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары және олардың дозасы13
3. 3. Левомицетин қатарындағы антибиотиктерге сипаттама17
3. 4. Левомицетин21
3. 5. Левомицетин сукцинат натрий22
3. 6. Левомицетин стеарат23
3. 7. Синтомицин24
3. 8. Құрамында левомицетин болатын дәрілік препараттар25
3. 9. Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері28
Қорытынды31
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі32
Рецептілер33
Кіріспе
Химиотерапевтикалық дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер етеді және терапевтикалық дозасында адамдар мен малдар үшін улылығы төмен болып келеді. Емдеу нәтижесі тиімді болу үшін аурудың қоздырғышын, оның белгілі бір дәрілік затқа сезімталдығын анықтап барып қолдану керек. Қазіргі кезде медицина мен малдәрігерлік тәжірибеде ең көп қолданылатын дәрілік заттар. Химиотерапияның негізін қалаушы П. Эрлих (1854-1915) . Ол 1906 жылы мерез ауруына қарсы сальварсан (латынша salvare − құтқару) химиопрепаратын синтетикалық жолмен алып, тәжірибе жүзінде іске асырған. Бірінші рет организм ішіндегі аурулардың қоздырғыштарын жою және макроорганизмдерге зиян келтірмеу мақсатында қолданған.
Химиотерапевтикалық дәрілік заттардың классификациясы:
Микробтарға қарсы әсер ететін препараттар − антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофундар, бояулар;
Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілік заттар;
Протозойларға қарсы қолданылатын дәрілік заттар;
Гельминтерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
Антибиотиктер ( грекше anti- қарсы, bios-өмір) -өте аз концентрацияда микро және макро тоғышарлар организмін таңдаулы түрде жоятын, әр түрлі организмдердің (саңырауқұлақтар, бактериялар, жануарлар, өсімдіктер) өмір сүру барысында өндіретін биологиялық белсенді заттар.
«Антибиотик» термины 1942 жылы қабылданды, бірақ ол үшін үлкен және күрделі зерттеулер жүргізілді. Отандық ғалымдардың бірі Н. Н Благовещенский 1890 жылдарда көк іріңді талшықтарды жануарлардың организміндегі сібір жарасының бактерияларына қарсы қолдануды ұсынды. Бұл уақытта бөлек микробтарда антибиотикалық заттардың бар екендігін елестету қисынсыз болатын. Сол кезде Р. Эммерих сол заттарды алуға талпыныс жасады. Көк реңді талшықтан пиоцинозды алу қолынан келді. 1989ж Н. Ф Гамалеямен бір уақытта сол микроорганизмнен пиоклостин алды.
Кейіннен осы мәселеге байланысты көп ашылулар жасалды, алайда маса ерекше орынды А. Флемингтің еңбегі алды. Ол Penecillium notatum саңырауқұлағының өмірлік азыққа әсерін көрсетті. Содан соң Х. В Флори мен Е. Б. Чейн бірлесіп сұйықтықтан пенициллинді бөліп алды.
Антибиотиктерді зерттеуде советтік ғалымдар үлкен үлес қосты, олардың ішінде З. В Ермальев, Г. Ф Гаузе және тағы басқа. Ветеринарияда антибиотиктерді көптеген фармакологтар зерттеді, бірақ маңыздырақ зерттеулерді Н. И. Леонов, И. Е. Мозгов, Д. М. Гелони, В. А Фортуш, П. Д. Евдокимов, В. М. Субботин, Г. В. Ковалев жүргізген болатын. Олардың анықтауы бойынша мүмкіндігі мол антибиотиктерді алу үшін заттардың физико-химиялық құрамына, мөлшеріне, дәрілік формасына, қолдану әдістеріне аса үлкен көңіл бөлу керек. Әр түрлі антибиотиктер микроорганизмдерге бірдей әсер етпейді.
Ғалымдар барлық дерлік антибиотиктерді анықтады және олардың көпшілігін шығара алмады. Бірақ қолданыстағы антибиотиктердің басым көпшілігі микробтардан туындайды және оларды биологиялық жолмен синтездеп алуға қарағанда жеңіл, әрі тез және арзан.
Аромат қатарының антибиотиктері ретінде тәжірибе жүзінде левомицетин қолданылады. Ол 1947 жылы актиномицет культурасының сұйығында байқалған. Ал 1949 жылы оның құрылысы анықталып, синтездік жолмен алынған. Левомицетинді өндірістік көлемде шығарылған бірінші антибиотик десе де болады. Ол нитробензол туындысы.
Ащы дәмді, сарғыш-жасыл түсті кристалды ұнтақ. Суда нашар, спиртте нашар ериді. Микроорганимдердің белоктарының синтезін бүлдіреді. Әсері − бактериостатикалық. Терапевтикалық концентрациясы организмдерде 4-6 сағаттай сақталады. Бүйректер арқылы бөлінеді.
Ішек инфекцияларында, менингитте, өкпенің қабыну ауруларында, көз инфекцияларында және оған төзімді микроорганизмдер қоздыратын ауруларда қолданылады. Левомицетиннің негізгі қолайсыз қосалқы әсерлеріне жататыны: ішкізгенде − дәмі ащы болатындықтан күшті тітіркендіреді, ал енгізудің барлық жолдарында − апластикалық қаназдықты, тромбоцитопения мен гранулопецияны, ал жас төлдерде − тамырлық каллапсты қоздырады. Дұрыс қолданған жағдайда осы әсерлердің көпшілігі болмайды.
Курстық жұмысымның мақсаты − антибиотиктерге жалпы сипаттама беру. Соның ішінде левомицетин тобындағы антибиотиктерге тоқталу.
Курстық жұмысымның міндеті − левомицетин тобындағы антибиотиктерді жекелей қарастырып, олардың жануарларға тигизетін пайдалы әсерімен қатар жағымсыз әсерлерін қарастыру.
II. Әдебиетке шолу
К. Қ. Қожановтың [1] мәліметтері бойынша антибиотиктерді зерттеудің алғашқы сатысында ғалымдар олардың ортақ әсер ету теориясын құруға тырысқан болатын. Бірақ бұл идея сәтсіз аяқталды. Біріншіден, антибиотиктердің құрылысының әртүрлілігі және олардың әртүрлі реакцияларға түсетіндігі. Екіншіден, әртүрлі антибиотиктер түрлі бағыттарда әсер етеді, олар: бактериостатикалық, бактериолитикалық, антитоксикалық. Жануарлардың ағзасындағы процестерді жақсартады және белсендіреді немесе бөлінген биохимикалық процестерді бұзады.
Көп жағдайларда антибиотиктер жасушалардың структуралық пайда болуын бұзады, тежейді. Мысалы: пенициллин микробтық қоршаулардың (обалочкалардың) пайда болуына кедергі жасайды, осылайша жасушалардың өмірлік процесінің ұйымдастырылуын тоқтатады.
Б. В. Ушаның [2] деректеріне сүйенсек, левомицетин − кең спектрлі қасиеті бар. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге әсері күшті. Эшерихия, сальмонелла, пастерелла, стафилок, стрептокок, диплококтар лвомицетинге аса сезімтал болып келеді. Сульфаниламид, стрептомицид және пеницилинге төзімді бактерия штаммдарына әсері бар. Грамм оң анаэробтарға белсенді. Ал қышқылға төзімді бактерияға, клостридияға және көк ірің таяқшасына белсенділігі жоқ. Препарат суда өте нашар ериді. Оның ішкізетін (негіз және пальмитат) және құятын (сукцианат) дәрілік формалары жасалған. Левомицетин негізі ішекте тез сорылады. Пальмитат әуелі ұйқы безінің липазасымен гидролизденеді, содан кейін одан активті левомицетин бөлініп шығады да, ол ішекте сорылады. Парентералды қолданылатын левомицетин сукцианатта әуелі гидролизденіп, активті заттар бөліп шығарады. Антибиотик ұнтақ, капсула және таблетка түрінде шығарылады. Левомицетин препараттарында 98, 5% дейін антибиотик болуы тиіс.
О. И. Волковтың [2] айтуынша антибиотиктердің организмдегі барлық тканьдерге таралуы шамамен бірдей, алайда жұлын мен плевраға шоғырлануы шамамен плазмаға шоғырлануының жартысындай. Левомицетин негізінен бауырда глюкуонаттарды түзе отырып байланысу арқылы инактивтенеді. Көптеген аэрозольдердің құрамына кіреді. Көптеген індетті ауруларда тиімділігі жоғары. Малдар мен құстардың індетті және жұқпалы емес ауруларында: диспепсияда, сальмонеллезде, колибактериозда, колиэнтеритте, лептоспирозда, пастереллезде, бронхопневманияда, зәр шығару жолдарының ауруларында қолданылады. Балапандардың пуллорозы мен кокцидикозы кезінде, құстардың инфекциялық ларинготрахеиті мен микоплазмоз кезінде және несеп жолының инфекциясы кезінде қолданылады. Бірақ жанама әсерлері де бар: кілегей қабықтарды тітіркендіреді, дисбактериоз тудырады, гемопоэзге токсикалық әсер етеді, геморрагиялық синдром пайда болуы мүмкін.
Левомицеттің ерекшелігі − сальмонелл рикетсийге өте активті.
Препараттың әсер ету механизмі белок синтезін басуға, ферментті баяулатуға, пептид тізбегін жаңа амин қышқылы − рибосомға ауыстыруға негізделген. Препараттың әсер ету типі − бактериостатикалық және бактериоцидтік. Көп жағдайларда антибиотиктер жасушалардың структуралық пайда болуын бұзады, тежейді. Мысалы: пенициллин микробтық қоршаулардың (обалочкалардың) пайда болуына кедергі жасайды, осылайша жасушалардың өмірлік процесінің ұйымдастырылуын тоқтатады.
Е. И. Мозговтың [4] мәліметтерінде левомицетин химиялық синтез арқылы алынған бірінші антибиотик, себебі қалғандары биологиялық синтез арқылы алынған. Бұған себепші болған левомицетиннің қарапайым химиялық құрамы. Ол өндірістік n-нитробензолға жатады.
Левомицетин сукцинат натрийден кейбір жағдайларда аллергиялық реакциялар байқалады. Көп мөлшерде қолданған кезде дерматит, гиперемия, асқазан ішек жолының бұзылуы, дисбактериоз, диарея аурулары пайда болуы мүмкін.
Жануар организмі левомицетинге аса сезімтал болған кезде, терінің грибокті аурулары кезінде және буаздық кезінде левомицетин сукцинат натрийді қолдануға болмайды. Жануарға барбитураттармен, сульфаниламидпен және макролиттермен бірге қосып беруге болмайды.
Жануарға левомицетин сукцианат натрийді еккен кезден 3 тәулік өткен соң бордақылауға жіберіледі. Уақытынан бұрын союға мәжбүр болған жағдайда жануар етін шөпқоректі жануарларға азық ретінде және ет-сүйекті ұн жасау үшін қолдануға болады. Антибиотиктерді зерттеудің алғашқы сатысында ортақ әсер ету теориясын құруға тырысқан болатын. Бірақ бұл идея сәтсіз аяқталды. Біріншіден, антибиотиктердің құрылысының әртүрлілігі және олардың әртүрлі реакцияларға түсетіндігі. Екіншіден, әртүрлі антибиотиктер түрлі бағыттарда әсер етеді, олар: бактериостатикалық, бактериолитикалық, антитокситикалық. Жануарлардың ағзасындағы процестерді жақсартады және белсендіреді немесе бөлінген биохимикалық процестерді бұзады
В. Д. Соколовтың [5] мәліметтеріне сүйенсек, көптеген антибиотиктер қоздырушының құрылысын өзгертпей-ақ арнайы бөлінген өмірлік функциясын бұзады, әлсіздендіреді. Әсіресе көп жағдайларда тежейді (блокирует), зат алмасу процесін де тежейді тағы сол сияқты. Осындай және де өзге микроорганизмдердің физиологиялық бұзылулар тіпті жай метобалиттердің өзі қатты уға айнала алады. Антибиотиктерді алған уақытта продуценттерді арнайы аппараттардың көмегімен алу кеңінен қолданылады. Содан соң балластық шикі заттарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Олар деңгейіне байланысты былай бөлінеді: тазаланған, жартылай фабрикатталған және тазаланбаған. Кейбір жағдайларда антибиотиктердің молекулаларын өзгертеді, яғни күрделендіреді немесе жеңілдетеді. Бұл антибиотиктердің мүмкіндіктерін күшейтуге немесе азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде алынған препараттарды жартылай синтетикалық деп атайды.
Т. Т. Березовтың [6] деректерінде қарағанда әрбір антибиотикалық топтардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тазаланған препараттар пайдалырақ болып келеді. Олардың құрамы тұрақты болып табылады. Оларды ішуге болады. Тазартылмаған антибиотиктер біраз арзандау болып келеді. Антибиотиктерден бөлек олардың құрамында басқа да формакологиялық заттар болады. Тазартылмаған препараттардың микробтарға әсері тазартылған препараттармен бірдей. Бұл антибиотиктердің кемшілігіне қолдану уақытының шектеулігі мен сыртқы қолданыс үшін ғана арналғандығы жатқызылады.
В. Г. Беликовың [7] ақпараттарына сүйенсек, левомицетин стеарат (Laevomycetini stearas ) − левомицетин мен май қышқылының тұзын құралады. Құрамында 55% байланысқан левомицетин болады. Ақшыл сарғыш түсті, суда ерімейтін дәмсіз ұнтақ. Левомицетинді полиэтилен пакеттерінде ұнтақ түрінде шығарылады.
Организмге енген кезде асқазан-ішек жолдарында левомицетин стеарат қышқылданады. Қан құрамындағы концентрациясы левомицетинге қарағанда баяу көтеріледі және жоғарғы дәрежесіне жетпейді. Левомицетин стеарат ішекте толықтай сіңірілмейді, сондықтан препараттың бактериостатикалық концентрациясы ұзақ уақыт бойы сақталады.
Левомицетинге микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу түрде өтеді. Басқа антибиотиктерге тұрақтылығы дамымайды. Алайда грамм оң бактерияларының патогенді штаммдары әсер береді. Белгіленген мөлшерде берген кезде жағымсыз әсерлер байқалмайды. Алайда, дозасын көбейтіп ұзақ уақыт қолданған кезде құсу, ішек метиоризмі, бауыр дистофиясы, іш өту, дерматит, ауыз қуысының кілегей қабықтарының және жыныс органдарының ісінуі байқалады.
Ю. Б. Белоусовтың [8] ақпараттарына сүйенсек, тазартылмаған препараттарды негізінен профилактикалық мақсатта қолданады, яғни жануарлардың өсуі үшін. Жартылай фабрикаттар құрамы мен құрылысы жағынан тазартылмаған препараттарға жақын, бірақ олардың стандарттық және құрамында антибиотиктер көптеу болып келеді. Олардың кейбіреуі жануарлардың қолданылса, ал екіншілері тазартылған антибиотиктердің мақсатымен бірдей мақсатта қолданылады.
Қазіргі уақытта бірнеше мың түрлі антибиотик белгілі, бірақ қолданыста тек 20-25 түрі ғана бар. Бұл былайша түсіндіріледі: көптеген антибиотиктердің құрамында адам мен жануарлар үшін улы активті заттар бар. Микробтарға қарсы әсері бар көптеген антибиотиктер бар, сондықтан ең жақсы дегендері таңдалады.
Бұл антибиотик тобын жануарлар практикасында химиотерапевтикалық, химиопрофилактикалық және антисептикалық құрал ретінде және жануарлардың азығы мен стимуляторы ретінде кеңінен қолданады.
З. К. Қожабекоатың мәліметі бойынша левомицетин ( хлорамфеникол) − басты түрде қан айналым жүйесіне және қан жасаушы мүшелерге токсикалық әсер етеді. Бірақ осындай токсикалық реакцияны ұзақ уақыт бойы терапевтикалық қолданғанда ғана анықтауға болады. Терапевтикалық нормадан жоғары дозаны қолданғанда бас сүйек миына гипопластикалық түрде әсер етеді. Алайда, бұл құбылыс қайтымды болып келеді, тек тәжірибелік жағдайда ғана болады.
М. И. Кулешованың [9] зерттеулеріне қарағанда левомицетин суда өте нашар ериді. Оның ішкізетін және құятын дәрілік формалары жасалған. Левомицетин негізі ішекте тез сорылады. Пальмитат әуелі ұйқы безінің липазасымен гидролизденеді, содан кейін одан активті левомицетин бөлініп шығады да, ол ішекте тез сорылады. Пальмитат әуелі ұйқы безінің липазасымен гидролизденеді, содан кейін одан активті левомицетин бөлініп шығады да ол ішекте сорылады. Параэнтералды қолданылатын левомицетин сукцинат та әуелі гидролизденіп, активті заттар бөліп шығарады. Антибиотиктің организмдегі барлық тканьдерге таралуы шамамен бірдей, алайда жұлын мен плевраға шоғырлануы шамамен плазмаға шоғырлануының жартысындай. Левомицетин негізінен бауырда глюкуонаттарды түзе отырып байланысу арқылы инактивтенеді.
А. А. Арзамцев [11] мәліметтері бойынша гидролиз реакциясы арқылы левомицетин мен оның туындыларының түп нұсқасын дәлелдейді. 1-2 минут бойы қайнату кезінде левомицетин мен левомицетин стеарат сарғыш түске айналып, кейінірек қызыл-қоңыр түске айналады. Левомицетин левомицетинге қарағанда тұнба түзіп, түбінде қызыл кірпіш сияқты шөгінділер пайда болады. Гидролиз реакциясында левомицетин «негізі» пайда болып, натрий тұзын бөледі
В. М. Печеников [11] деректерінде қарағанда левомицетинге микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу түрде өтеді. Басқа антибиотиктерге тұрақтылығы дамымайды. Алайда грамм оң бактерияларының патогенді штаммдары ампициллин, тетрациклин, гентамицин, стрептомицин антибиотиктеріне төзімді болып келеді. Ал левомицетинге резистенттік қасиетін көрсетеді. Әдеттегі қолданылатын дозаларында левомицетин бактериостатикалық әсер береді. Аминқылшылдардың аминоацилдан т-РНҚ-ға көшу сатысында микроб жасушаларының ақуыздық синтезін бұзады. Көбею және тыныштық сатыларындағы микроорганизмдерге әсері бар. Тыныштық сатысындағы микроорганизмдерге әсері көбею сатысындағы микрорганизмдерге қарағанда жоғары болады. Микрорганизм жасушаларына оңай өтеді және жасуша ішінде. Көп қолданғанда ішек микрофлорасын бұзып, дисбактериоз ауруының пайда болуына себепші болады. Бүйрек ауруларында, буаздық кезінде қолдануға тиым салынады.
Ф. В. Бабилевтің [13] деректеріне сүйенсек, бактерияға қарсы препараттарынан туындайтын аллергиялық реакцияларға жануарлар жиі ұшырайды. Жүндері күңгірт түсті жануарларда аллергиялық реакция теріде байқалмай өтеді. Аллергиялық реакциялардан теріде туындайтын зақымданулар дерматитке ұқсауы мүмкін. Жануарларды өлімге ұшыратқан анафилактикалық шок типіндегі реакцияларға барлық уақытта дұрыс диагноз қойылмаған. Себебі, аллергиялық реакцияны тудырған препаратты таза күйінде ғана емес, басқа препараттармен бірге вакцина түрінде және сперма еріткішімен бірге қолданады. Қан және қан жасаушы органдарда болатын аллергиялық реакциялар жануарларды өлімге душар етпейді. Бұл аллергиялық реакциялар жасырын түрде өтпейді. Дегенмен, антибиотик, сульфаниламид және нитрофурандарды қолданған кезде ауыл шаруашылық және үй жануарларда аллергиялық реакциялардың байқалғаны туралы мәліметтер тіркелген.
Жануарларда болатын аллергиялық реакциялардың ең қауіптісі − анафилактикалық шок. Анафилактикалық шок өте тез дамиды: препаратты енгізгеннен кейін бірнеше секунд ішінде өлімге алып келетін реакциялар дамиды, жануарға мал дәрігерлік көмек көрсетуге үлгере алмайды.
Аллергиялық реакциялар дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізгенде ғана емес, сонымен қатар жергілікті қолдану кезінде болады.
Бұл типтегі аллергиялық реакциялар ірі қара жануарларда стрептомицин препаратын енгізгеннен кейін пайда болады. Препаратты енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде жануарларда демікпе, тамыр соғуының жиілеуі, тері сезімталдығының жоғалуы, мұрын қуысынан көбікті сұйықтықтың ағуы, қабақ пен желіннің ісінуі байқалады. Дене температурасы қалыпты жағдайда қалады. Егер мал дәрігерлік көмек көрсетпеген жағдайда жануар асфиксиядан және жүрек әлсіздігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
И. А. Андрониктің [13] мәліметтері бойынша ветеринарлық тәжірибеде токсикалық реакциялар аллергиялық реакцияларға қарағанда жиі кездеседі, токсикалық реакцияларды да диагностикалауда қиындықтар туады. Бұл реакциялар микробтарға қарсы агенттің мүшелер мен ұлпаларға тигізетін фармокологиялық әсерге негізделген. Олар препараттардың бактерияға қарсы эффектпен байланысты емес, препараттың енгізген мөлшеріне байланысты болады. Токсикалық реакциялар бактерияға қарсы препараттардың бәріне тән (пенициллин, нитрофуран, аминогликозид, полимексин) . Токсикалық реакцияларды тек препаттардың көп мөлшерін қолдаған кезде ғана анықталады, яғни дәрілік затты ұзақ уақыт бойы максималды дозада және бір реттік дозаны бірнеше рет көбейткенде байқалады. Сонымен қатар жануардың сезімтал болған препаратын енгізген кезде болады.
.
III. Негізгі бөлім
3. 1. Антибиотиктерге жалпы шолу
Антибиотикалық заттарды қолдану өте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда көгерген ірімшік, кейіннен көгерген нанды іріңді жараларды емдеу үщін қолданылғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап келген орыс ғалымы А. Г. Полотебнов. Ол 1872 жылы пенициллиум саңырауқұлағының спораның көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны емдегені туралы хабарлаған. Бірақ, антибиотик эрасы және және антибиотикотерапия А. А. Флегмингтің есімімен байланысты. Ол 1929 жылы пенициллиум көгінен алынған микробтарға қарсы әсер ететін зат туралы хабарлады. Ол затты тәжірибе жүзінде іске асыру үшін одан кейін де ондаған жылдар керек болды. 1940 жылы бірінші рет Флори мен Чейн химиялық таза пинициллинді алды. Ал Ресейде таза пенициллинді 1942 жылы Ермольева алды.
Қазіргі кезде 4000-нан аса антибиотикалық заттар бөлетін микроорганизмдер туралы деректер бар. Медицина мен малдәрігерлік салада 60-қа жуық антибиотиктер қолданылады. Олардың жаңа түрлерін іздестіру әрі қарай жалғасуда.
Антибиотиктердің классификациясын беру үшін олардың 4 қасиеттеріне сүйенген жөн:
1. Химиялық құрылысына;
2. Шығу тегіне;
3. Әсер ету бағытына;
4. Әсер ету механизмдеріне.
Химиялық құрылыстары бойынша оларды 6 топқа бөлуге болады:
- Гетероциклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері − пенициллиндер мен цефалоспориндер.
- Алициклді құрылысы бар антибиотиктер. Өкілдері - тетрациклиндер.
- Гликозидтер мен аминоглизодтер. Бұл топқа гликозидтер, аминогликозидтер, макролидтер, полиендер және
анзамициндер жатады.
4. Ароматты қатардағы антибиотиктер. Өкілі − левомицетин;
5. Антибиотиктер-полипептидтер. Өкілдері − полимиксин, грамицидин;
6. Әр түрлі топтың өкілдері. Бұл топқа ісіктерге қарсы қолданылатын антибиотиктер жатады.
Шығу тегіне қарай 4 топқа бөлінеді:
1. Саңырауқүлақтардың туындылары. Сәулелі саңырауқұлақтардан − пеницилиндер, цефалоспориндер; актиномицеттерден − аминогликозидтер; стрептомицеттерден − тетрациклиндер, макролидтер, стрептомицин, полиендер;
2. Бактериялардан алынатын антибиотиктер-полипептидтер;
3. Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер − аренарин, иманин, хинин, сальвин;
4. Жануарлардың тіндерінен алынатын антибиотиктер − экмолин, интерферон, әр түрлі сұйық заттар, лизоцим.
Әсер ету бағытына қарай:
1. Микробтарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
2. Микоздарға қарсы әсер ететін антибиотиктер;
3. Ісіктерге қарсы белсенді антибиотиктер;
4. Тоғышарға қарсы әсер ететін антибиотиктер.
Биологиялық әсерлерінің механизмдеріне қарай антибиотиктерді 6 топқа бөледі:
1. Микроорганизмдердің торшаларының қабырғаларының өткізгіштігін тежейтін антибиотиктер − пеницилиндер, цефалоспериндер;
2. Белоктың синтезін тежейтін антибиотиктер − тетрациклиндер, аминогликозидтер және макролидтер.
3. РНҚ-ның синтезін тежейтін антибиотиктер − рифампицитин, оливомицетин.
4. ДНҚ-ның синтезін тежейтін антибиотиктер − рубомицин.
5. Мембрана белсенді антибиотиктер − нистатин, полимиксин;
6. Дем алу процессін тежейтін антибиотиктер − натулин.
Сонымен қатар кең және тар спектілі антибиотиктер болып бөлінеді. Тар спектілі антибиотиктер тек грамм оң организмдерге ғана, ал кең спектілі антибиотиктер грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге қатарынан әсер етеді.
Микроорганизмдерге әсер ететін антибиотиктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар. Ол заттардың белсенділігі әсер бірлігімен белгіленеді. Әсер бірлігіне антибиотиктердің стандартты штаммды өлтіретін ең төменгі мөлшері алынады.
Антибиотиктердің терапевтік-профилактикалық тиімділігі олардың қасиеттеріне тікелей байланысты:
-Микроорганизмдерге таңдамалы түрде әсер етуі;
-Токсиндерді бейтараптауы;
-Аз дозасының өзінің тиімділігі;
-Тиімділігінің жылдам білінуі;
-Белсенділігінің макроорганизмдердің тіндері мен сұйықтарында сақталуы;
-Макроорганизмге улылығының төмендігі;
-Организмнің қорғаныш күшін белсендірілуі;
-Топтап емдеу әдісімен қолданудың мүмкіншілігі.
Антибиотиктерді қолдағанда олардың жанама әсерлерін де ескеріп отыруы қажет: аллергия, дисбактериоз, нефратотоксикалық, гепатотоксикалық және басқа да құбылыстардың байқалуы. Оларға үйреншікті микроорганизмдерінің штаммдарының пайда болуы мүмкін.
Антибиотикотерапияның стратегиясы мен тактикасы. Тактикалық істер:
1. Микроорганизмдердің сезімталдығын міндетті түрде анықтау;
2. Емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау;
3. Жеткілікті түрдегі терапевтикалық дозасын қолдану;
4. Препаратты қолдану курсын сақтау;
5. Синергетикалық препараттарды қатарынан қолдану;
6. Препаратты оіды жіберу жолын таңдап алу;
7. Препараттың организмдегі айналу мерзімін білу;
8. Препаттың жанама эффектісін ескеру.
Стратегиялық істер антибиотиктердің емдік бағалылығын ұзақ уақытқа сақтауға бағытталған. Ол үшін күнделікті қолданылатын және қордағы антибиотиктерді дұрыс пайдалануды ұйымдастыра білу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz