Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Мағжан Жұмабаев - педагог ретіндеМағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесіМағжан Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық - тәлімгерлік идеялары

1. 3 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды.

Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н. Ә. Назарбаев.

Мағжан Жұмабаевтың мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Мағжан қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды.

Мағжан Жұмабаев туралы Сасықкөл жағасындағы самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Ол ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.

Жалпы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінің, шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланыстыШ. Елеукенов, М. Бағыбаева, С. Сеңкібаев, Б. Дәрімбетов, Р. М. Қоянбаев зерттеулерін жүргізді, т. б. айтуға болады. Сонымен бірге зерттеу жұмысымызда ғұлама ойшылдар шығармаларындағы дидактикалық ойлардың психологиялық мүмкіндіктерін зерделеуде П. К. Анохин, Б. С. Блюм, Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, В. П. Зинченко, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, Ж. Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И. П. Павлов, И. П. Подласый, П. И. Пидкасистый, С. Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д. Б. Эльконин, В. Оконь, К. Д. Ушинский т. б. еңбектеріне сүйендік.

Тек тәуелсіздік пен егемендік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті мен курстық жұмыста Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасы, шығармалары, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, оның бүкіл мұрасын зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстым. Бүгін біз оның іс-әрекеттерін құрметпен еске аламыз. Мағжан Жұмабаев есімі екі мәдениеттің Шығыс пен Батыс келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. Бұл күндері Мағжан Жұмабаевтың ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаға айналды. Заман ілгері жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның алдындағы міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы кеңейіп, мәні күрделене түспек. Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған тұлғаның педагогикалық идеясына тоқталып, оларды біріктіретін ортақ күш бар екендігін: біріншіден, олардың бәрі де қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету еді.

Қазақтың қоғамдық ой алыбы М. Жұмабаев өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы «педагогика және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру» тақырыбы, шығармалары, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ. Ұлы педагогтың шығармаларындағы сабақтастық үндестігін, жас ұрпаққа берер өнегесі, ұлттық тәлім-тәрбиесі мол екендігін түбегейлі зерттеуді курстық деп тұжырымдаймын.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ - ПЕДАГОГ РЕТІНДЕ

  1. Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы) . Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғақлияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.

Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді.

Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді. Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар. Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды. Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады.

“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды.

“Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады.

Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С. Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың мақсат - мұраттары бір еді. Ахмет Байтұрсынұлы қалай елді надандықтан босатам деп армандаса, Мағжан Жұмабаев та дәл сол арманды ісінің басты мәселесі деп білді. Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.

Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады. Олардың заңдылықтарын анықтайды.

Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді. Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.

Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды. 1928 жылы еліміздің ең алғашқы жоғарғы оқу орны Қазақ Педагогикалық Институтының ашылу салтанатында Ахмет Байтұрсынов: « қазақ институтын ашу - жетілген халықтың жоғарғы мәдениетке жету қажеттілігінің көрсеткіш стимулы» деген болатын. Осы оқу орны ашылған күннен бастап Ахаң онда қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берді. Оы оқу орнының профессоры атағын алды. Ағартушы ғалым өзінің « Оқыту жайында» баяндамасында : « Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмаған жағдайда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты, орнықсыз.

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім, жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім, - сен де қатарыннан қалыспа!- деп ащы да болса, ақиқатын айтып өткен Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесі», «Әліп - би», «Сауат ашқыш» сияқты оқу құралдары кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасының көшбасшысы болып қала бермек.

Ахмет Байтұрсынов та Мағжан Жұмабаев та Алашордашылар. Бар жандары елдің ертеңі. Надандықтан құтылу. Бірақ әр ақынның өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов педагогика тұрғысынан қалай білім берген дұрысы жайлы жазды. Онымен қоса ол, қазақ тілі, әдебиет саласына орны толмас еңбек етті. Оған дейін ешкім ондай ерен еңбек еткен емес. Қазақ әліпбиін жазып, араб әрпіне сай қазақтың тіл жүйесін реттеп, дәл сол қазақ тілі жағынан көптеген терминдер енгізген. Ал Мағжан Жұмабаев та өзіндік ерекшелігі бар еңбектер қалдырған. Оған біз ерекше « Педагогика» кітабын айтып өткеніміз жөн болар. Бұл кітап қазақ педагогикасыныің алғашы еді. Одан кейін тек 80 жыл өткен соң Қоянбаев Рамсейіт ғалым ағайымыз педагогика оқулығын жазады.

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

«Қазақ» газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ оның 3000-нан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген және тиражы 8 мыңға жеткен. «қазақ» газеті соңғы кезге дейін кертартпа ұлтшыл-буржуазияшылық басылым ретінде сипатталып келді. Мұның сыңаржақтығы қазір белгілі болып отыр.

«Қазақ» газеті бетінде басылған қоғамының әлеуметтік, саяси өміріне қатысты кейбір материалдар, ел билеушілердің озбырлығын, парақорлығын әшкерелеген мақалалар ресми органдардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Губернатор мен жандарм бастығы Ахмет Байтұрсыновты бірнеше рет жауапқа тартып, айып салған. Мысалы, «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 80-саында Ахмет Байтұрсынов жазған бас мақалада Қазақ аймағын басқару ережелері қатты сыналғаны үшін Орынбор губернаторы Сухомлинов редакторды 1500 сом штраф төлеу немесе үш айға тұтқындау туралы шешім қабылдайды. 1500сом штраф төлеу газет тағдыры үшін ауырлыққа түсетін болғандықтан А. Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан полицияға өзі барып, айып төлеуден бас тартатынын, түрмеге отыруға дайын екендігін айтады, 20 қазанда ол түрмеге алынады. Бұл жағдай туралы хабар тарасымен-ақ газет оқушылары ақша жинап, айыпты төлеп, 5 күннен кейін А. Байтұрсыновты түрмеден босатып алады, сөйтіп 1916 жылы да газет 3000 сом айып төлеген, солардың бәрін де газеттің оқушылары, тілектестері көтерген. Олар Байтұрсыновты тұтқынға алғызбай, басылымды жаптырмай, аса ізгі мінездер танытқан.

А. Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды.

1923 жылы Мұхтар Әуезов: « . . . Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» - деп жазған-ды. Ал ол газетке көптеген ойларын еңбектерін Мағжан Жұмабаев та өз шығармаларын басатын. Демек, Ахаң мен Мағжан Жұмабаевтың ойлары бір сарында еді. «Қазақ» газеті 1917 жылдың шілде айынан «Алаш» ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстық Советтері Съезінің шешімімен жабылды. Ахаң бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. Мұның бәрі қоғамдық ой-пікірде тынымсыз ізденген, өмірге құштар жас Ахмет үшін текке кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ол айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Ахмет:

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар, - дейді.

Ақынның өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен, қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» - сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. . ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz