Мәліметтер базасының обьектілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
6
1.1 Мәліметтер базасының негізгі түсініктері 6
1.2 Мәліметтер базасының обьектілері 11
1.3 Мәліметтер базасын жобалау
12
2 МАКРОСТАРДЫ ҚОЛДАНУ 15
2.1 Access – тегі макростар 15
2.2 Макростарды конструктор режимінде құру 18
2.3 Макростарды жіберу тәсілдері 23
3 ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ҚОР БАНКТІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЭТАПТАРЫ 28
3.1 Автоматтандырылған банк жүйесін енгізу 32
3.2 Пәндік облыстың концептуальды үлгісін құру
37
3.3 Мәліметтердің логикалық үлгісін құру 40
3.4 Microsoft Access ақпараттарды эффективті басқару үшін қуатты қосымшаның
бірі 42
Қорытынды 44
әдебиеттер тізімі 46
Қосымша А 47

КІРІСПЕ

XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен
сипатталады. Ақпараттардың құрылымымен қасиеттерін білу, оны іздеп табу,
ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте
керегіндше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.
Қазіргі уақытта адам іс әрекетінің барлық салаларына компьютерлік
технология кеңінен қолданылатын болды, сонымен қатар оның маңыздылығы арта
түсіп отыр. Осыған байланысты жаңа программалаудың жаңа тасқыны, көптеген
адамдарға кәсіптік ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде қажет
екендігін көрсетеді. Осы орайда мәліметтерді автоматтандыру, деректер қорын
басқару және мәліметтердің түрленіп тасымалдануы бүгінгі өмірдің өзекті
қажеттілігіне, сұранымына айналды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Макростарды бухгалтерлік есепте
қолдану. Электрондық есептеуіш машиналардың көмегімен ақпараттарды өңдеу
ғылыми – техникалық процесстерді жеделдету факторларының бірі болып
саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: мәліметтер қорын ұйымдастырып, теориялық
негіздерін айқын ашып көрсету, сонымен қатар теориялық білімді практика
жүзінде ұштастырып, берілген бағдарламаны іске асыру болып табылады.
Мекемелердің көпшілігі үлкен көлемді мәліметтерді тиімді сақтауға,
ақпаратты алуға және басқаруға мүмкіндік беретін компьютерленген мәліметтер
қорын басқару жүйесін қолдануды жөн көрді. Қазіргі қоғамда ғылыми
техниканың даму барысында адамзат алдындағы басты жетістіктердің бірі
ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып
және оны тиімді өңдеу құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық
салаларға жаппай ендіру болып отыр.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Microsoft Access мәліметтер
базасын басқару жүйесімен жұмыс жасап, мәліметтерді автоматтандыру,
мәліметтер қорының негізгі түсініктерімен қатар Microsoft Access жүйесінің
көмегімен банк жүйесін автоматтандырудың зертханалық жұмысы қарастырылды.
Банк саласы кез – келген республиканың экономикасының дамушы секторының
бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді.
Осы орайда банк жүйелерін автоматтандыру қоғам өмірінің зор қажеттілігіне
айналды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Microsoft Access ортасында мәліметтер қоры
жүйелерін құру мүмкіндіктерін қолдану арқылы Банк жүйелерінің жинақтаушы
зейнетақылық қорын автоматтандыру бағдарламасын іске асыру болып табылады.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны
пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктер бар. Microsoft Access-ті
қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде
көрсететін оның бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап көрсетейік:
- Windows интерфейсі – тұтыныушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын
әртүрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты
графикалық интерфейс элеметтерін пайдалану;
- Түс және графика – экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын
әртүрлі қаріптерді, түстерді, белгілерді (пиктограммаларды) және
одан да басқа графикалақ элементтерді пайдалана отырып, экранға
көптеген мәліметтер шығару;
- Программа шеберлері (Wizards) ымен қарапайым әрі логикалақ айқын
түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез-
келген элементтерін тез құру;
- Оқиғаларды программалау – программа экранда көрініп тұрған
элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі
менюден команда таңдау, кез-келген бір батырманы шерту сияқты
әрекеттерді жүзеге асыру;
- SQL – мәліметтерге тез қол жеткізі тәсілі ретінде программаларда,
макростарда және өрнекткрде SQL операторларын пайдалану.
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте
көп. Олардың әрбіреуінің түрлері объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне,
қолданушыға ұсынылатын қызымет түрінің өзгешелігіне қарамастан оларда ортақ
ұғымдар кешені қалыптасқан. Солардың ішінен Microsoft Office программасының
құрамына енетін Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесі
таңдалынып алынды.

1 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

1.1 Мәліметтер базасының негізгі түсініктері

Мәліметтер базасы дегеніміз – ақпаратты сақтауға және жинақтауға
арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы қалыптасқан
кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген
мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрлымдарында тек
мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар лоардың тұтынушымен және де басқа да
ақпараттық - программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де
қамтиды.
Қазіргі уақытта адам іс әрекетінің барлық салаларына компьютерлік
технология кеңінен қолданылатын болды, сонымен қатар оның маңыздылығы арта
түсіп отыр. Осыған байланысты жаңа программалаудың жаңа тасқыны, көптеген
адамдарға кәсіптік ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде қажет
екендігін көрсетеді. Осы орайда мәліметтерді автоматтандыру, деректер қорын
басқару және мәліметтердің түрленіп тасымалдануы бүгінгі өмірдің өзекті
қажеттілігіне, сұранымына айналды.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны
пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктер бар.
Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер
ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Осы айтылғанды мысалмен
түсіндіре кетелік. Ол үшін үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық.
Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдарды, несие алу
тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк
қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштерінде тұтаста базаға кіріп,
оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ.
Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары
да бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз - жаңа мәліметтер
базасын құруға,оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға,
оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе
байланыс араларына жөнелтуге арналған программмалық құрылдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрі өте көп.
Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне,
қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ
ұғымдар кешені қалыптасқан. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару
жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлері объектілермен
жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынылатын қызымет түрінің
өзгешелігіне қарамастан оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Солардың
ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access
мәліметтер базасын басқару жүйесі таңдалынып отыр.
Сондықтан да тек бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесі
қарастырылып отыр. Солардың ішінен Microsoft Office бағдарламасының
құрамына енетін Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесін
таңдалынып алынды.
Қарапайым мәліметтер базасының құрлымы. Базаға ешқандай мәліметтер
енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда
мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл
мәліметтер базасының құрлымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың
әдістерін анықтап береді.
Мәліметтер базаcы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең
негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана
кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер базасының құрлымы сол
кестенің құрлымымен анықталады.
Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері. Өрістер мәліметтер
базасының құрлымына ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің толық
қасиеттерін де анықтайды. Төменде Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын
басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:

Сурет 1.1 Конструктор бланкісіндегі өріс қасиеттері.

– Өріс атауы – мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын
қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу
керектігін анықтайды;
– Өріс типі – берілген өрістегі мәліметтер типін анықайды;
– Өріс өлшемі – берілген өріске енгізілген символдардың ақырғы
ұзындығын анықтайды;
– Енгізу қалқасы – енгізудің түрін анықтайды (енгізуді
автоматтандыру құралы);
– Қолтаңба – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын
анықтайды (егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына
өріс атауы қасиеті пайдаланылады);
– Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән – ұяшыққа автоматты
түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы);
– Мәнге қойылатын шарт – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын
тексеру үшін қолданылатын шектеу;
– Қате туралы хабар – қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда
болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде
тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);
– Міндетті өріс – мәліметтер базасын толтырғанда берілген
өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;
– Бос жолдар – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге
рұқсат беретін қасиет;
– Индекстелген өріс – егер өріске осы қасиет берілсе, онда
осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен
байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін
жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға
болады.
Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске
қатысты. Бұжан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы және болмауы
мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола
алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет –
үтірден кейінгі белгілер санын көрсету.
Ал суреттерді, бейнеклиптерді, дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған
өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.
Мәліметтер типі. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер
типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

Сурет 1.2 Конструктор бланкісіндегі көрсетілген мәліметтер типі.

− Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға
арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);
− МЕМО өрісі – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді
сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді,
ол мәліметтер базасының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері
көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді;
– Сандық – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;
– Мерзімі уақыты – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты
сақтауға арналған мәліметтер типі;
– Қаржылық – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
– Санауыш – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған
мәліметтер типі;
– Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған типі (Иә
немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды);
– OLE объектілер өрісі - әртүрлі объектілерді (мультимедиялық,
графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да
MEMO өрісі сияқтв басқа жерде сақталады, OLE объектілері
өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;
– Гиперсілтеме – интернеттің Web – объектілерінің URL– адрестерін
сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен
шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web –
объекті шығады;
– Ауыстырулар шебері – бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл
объектілердің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды
дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.

Сурет 1.3 Access – тегі кесте

1.2 Мәліметтер базасының объектілері

Micrоsoft Access 2000 мәліметтер базасы басқару жүйесі жеті түрлі
обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып
табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат
сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.
Сұраныс. Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде
шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу
амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде
жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерден
қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені
сол операцияларды кестеменде жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай
кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді
байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге
қатынау шектелінеді. Мысалы, банклерде қызметкерлердің біреуі клиенттер
туралы мәліметі бар кестеге, ал екіншісі олардың есеп-шотына, үшіншілері
банктегі активтер кестесіне қатынай алады.
Сұраныстың ерекшеліктері – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің
негізінде уақытша қортынды кесте құрады. Негізгі кестемен жүмыс істегенде
біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп
уақытты алады. Ал сұраныстың кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс
істейміз, ал оған қатанау тез уақытта жүзеге асырылады.
Қалыптар. Қолданушы қосымшаныңдиалгтық интерфейсін құру үшін
қолданылатын негізгі құрал болып табылады.
Есептер. Ол нәтижелік құжаттарды құрастыру үшін қолданылады, яғни
қойылған есептің шешімін нәтижесін алу үшін, оны баспаға шығару үшін қажет.
Беттер. Ол берілгендер қолданушының диалогтық байланысын қамтамасыз
етеді. Web беттері берілгендерді қарауға және өңдеуге және мәліметтерді
енгізу үшін қажет, яғни мәліметтер қорының динамикалық байланысын жүзеге
асырады.
Макростар. Объектінің белгілі бір ақпаратының орындалуы үшін қажетті
амалдар тізбегінің сипаттамасынан тұратын бағдарламада әрбір қимыл немесе
амал макрокомандаларының көмегімен орындалады.
Макросты құру диалогтық режимде жүзеге асырылады. Мұнда қажетті
макрокомандалар таңдалады. Макростың орындалуы кезінде қолданылатын
параметрлер беріледі.
Модульдер. Модульдер VBA тілінің процедураларынан тұрады. Оқиғаларды
өңдеу үшін процедуралар құруға болады, сол сияқты қолданушы қажетінше
процедура функцияны құрып алуына болады.

1.3 Мәліметтер базасын жобалау

Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режимі
Әдетте мәліметтер базасымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға
бөлуге болады.
1 – категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар –
жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер
базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер базасын
нақты мәліметтер мен толтырмайды.
2 – категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар –
қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер базасын толтырумен
айналысады.
Осыған сәйкес мәліметтер базасымен жұмыс істеудің екі режимі бар:
біріншісі мәліметтер базасын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның
обьектілірін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер базасын
пайдалануға арналған.
Қазіргі кезде ақпараттардың толассыз көбеюі салдарынан мәліметтер
базасы технологиясын кез – келген мекеме мен өндіріс орнына пайдалану
қажеттілігі туып отыр.
Сондықтан қай саладағы маман иесі болмасын ол ерте ме, кеш пе, не
қолданушы, не тапсырыс беруші болып табылады.

Мәліметтер схемасын даярлау

Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап
алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер
базасын оның негізгі обьектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан
бастайды.
1) Жұмыс негізгі өрістер тізімін құрудан басталады (олардың саны
жүздеген өрістерді қамтуы мүмкін).
2) Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің
типтері анықталады.
3) Жалпы тізімдегі өрістерді негізгікестелерге орналастырады. Егер
кестенің қайсы бір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені
екі бөлікке бөледі.
4) Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде
мәліметтер қайталануы мүмкін емес өріс алынады. Мысалы, студенттер туралы
кестеде мұндай өріс ретінде РНН – нің нөмірін алуға болады. Егер өрістер
тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейлеп құруға болады.
5) Қағаз бен қарындаштың көмегімен кестелер аралығындағы баланысты
сызып көрсетеді. Мысалы, келесі суретте Отырар кітапханасы мәліметтер
базасына кіретін кестелердің өзара байланысын қарастырайық. Түйінді өрістер
бұл кестелерде майлы әріптерменкөрсетілген. Бұл сызба мәліметтер сызбасы
деп аталады.
Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге
және бірден көпке.
Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады (қайталанбайтын, айрықша
мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірінші рет қайталанады. Мысалы,
Кітап авторлары кестесіндегі Тіркелу нөмірі өрісі түйінді болып табылады.
Өйткені әрбір кітаптың тіркелу нөмірі қайталанбайды.
2 МАКРОСТАРДЫ ҚОЛДАНУ

2.1 Access – тегі макростар

Макрос дегеніміз – берілген ретпен орындалатын арнайы тілдегі
командалар жиыны. Макростардың көмегімен VBA сияқты бағдарламалау тілін
қолданбай – ақ қойылған есепті шешуге болады. Access мәліметтер қорымен
автоматтандырылатын жұмыстар үшін макростарда қолданылатын көптеген
командалар жиынын ұсынады. Әрбір макрокомандалар ат пен аргументтерден
тұрады, олардың мәндерін қолданушылар береді. Макростардың негізгі белгісі
ретінде типтік есептерді орындауды жеңілдететін, айқын мәліметтер қорының
интерфейсін құру саналады.
Макростарды құру және қолдану бағдарламалау тілін білуді талап
етпейді. Макросты құру үшін тек ғана объектіні мәліметтер қоры терезесінен
макростар конструкторы арнайы терезесіне әкеліп, макрокомандалар
аргументтерімен өрнектерді шығарып және тізімнен әрекет таңдау жеткілікті.
Access – тегі негізгі макрокомандалармен төмендегі кестеде танысуға болады.

Кесте 2.1 Негізгі макрокомандалар
Макрокомандалар Белгілеуі
Формалар мен есеп берулерде мәліметтермен жұмыс
ФильтрҚабылдау Мәліметтерді іріктеп алу
КелесіЖазба Мәліметтер бойынша ауыстырушылық
ЖазбаныТабу
БасқаруЭлементіне
Бетке
Жазбаға
Жаңарту Мәліметтерді немесе экранды жаңарту
Орындалуы
КоманданыОрындау Команданың орындалуы
Кесте 2.1 жалғасы
Макрокомандалар Белгілеуі
МакростыЖіберу Процедураның, макростың немесе сұраныстың
ПрограмманыЖіберу орындалуы
СұраныстыАшу
SQLСұранысынЖіберу
ҚосымшаныЖіберу Басқа қосымшалардың орындалуы
ОқиғаныБолдырмау Орандалуды үзіп тастау
МакростыТоқтату
Шығу Шығу
Импортэкспорт
ФорматтаШығару
ОбъектініЖіберу Access объектілерін басқа қосымшаларға
жіберу
МәліметтерҚорынБейнелеу Мәліметтердің форматын бейнелеу
МәліметтерҚорынSQL-геҚосу
Электрондық кестені бейнелеу
Мәтінді бейнелеу
Объектілермен жұмыс
МәліметтерҚорыФайлынКөшіру Объектілермен манипуляция
ОбъектініКөшіру
ОбъектініӨшіру
Ат беру
Сақтау
ҚалыптыАшу Объектіні ашу
ФункцияныАшу
МодульдіАшу
СұраныстыАшу
ЕсепберудіАшу
Кесте 2.1 жалғасы
Макрокомандалар Белгілеуі
КестеніАшу
МәліметтергеЕнуБетінАшу
СызбаныАшу
Жабу Объектіні жабу
Жималау Терезенің орналасуы мен өлшемін өзгерту
ҚайтаАшу
ҚайтаҚұру
ӨлшемінЖылжыту
БасыпШығару Объектіні баспаға шығару
ОбъектініЖаңалау Объектіні жаңалау
ОбъектініЕрекшелеу Объектіні ерекшелеу
МәнБеру Өріс мәнін, басқару элементін немесе
қасиетін беру
Басқалар
МенюКомандасынБеру Арнайы немесе жалпы меню жолында менэ
пунктерінің құрлымын беру
МенюҚосу Арнайы немесе глобальды контекстік менюде
арнайы немесе жалпы меню жолдарын құру
ЭкранғаШығару Ақпаратты экранға шығару
Құмсағаттар
Хабарлама
ХабарламаҚұру
ПернетақтаКомандалары Түймешенің басылуын қадағалау
ҚұралдарТақтасы Құрылған немесе арнайы құралдар тақтасын
экранға шығару немесе жасыру
Белгі Дыбыстық белгі беру

Макростарды қолданудың барлық жағдайларында олардың анықталған
кемшіліктерге ие екендігінде белгілеп, айтып өткен жөн.
Көбінесе басқа қосымшалармен байналыс үшін обьектілердің
бағдарламалау миханизімін қолдану, Windows функцияларын шақыру және жеке
арнайы функцияларды құруға мүмкіндік беретін VBA тілінің потенциялымен
салыстырғанда макрокаманда мүмкіндіктерін шекиелген. Бұл тіл мәліметтермен
жұмыстау үшін тым кең мүмкіндікті қолдануға береді.
Макростар жеке формалардан және обьектілерден тұратын обьектілер.
Қолданылатынын формаларда және есеп берулерде оқиғаларды өңдеу
процедуралары осы формалар мен есеп берудің ажырамайтын бөлігі болып
саналады әрі Access жұмысын көбірек жеңілдетер – мысалы, формалар мен есеп
берулерді бір мәліметтер қорынан келесіге тасып әкелгенде құрылған
процедуралар да автомматты түрде тасылынып әкелінеді. Мұндай қасиеттерде
макростардың қабілеті жоқ.
Макростарды қолданған кезде, көптеген ситуацияларды, олар мәліметтер
қорының интерфейсін өңдеуді жылдамдатып және сәйкесінше жеңілдететіні
дәлелденіп белгіленген.

2.2 Макростарды конструктор режимінде құру

Макростар – макростар конструкторы арнайы көрсетілген терезесі үшін
құрылды. Оның ашылуының бірнеше тәсілі бар:
– Қою Макрос (Вставка Макрос) командасын белсендіру;
– Мәліметтер қорының құралдары тақтасынан жаңа обьект (новый обьек)
түймешесінің көрсеткішіне шертіп, Макрос элеметін таңдау;
– Мәліметтер қорының терезесінен Макростар қосымшасына өтіп құру
(Содать) түймешесіне шертіңіз.
Макростар конструктор терезесі терезенің жоғарғы жақ бөлігінде
орналасқан тақта жазбаларынан, және төменгі жағында орналасқан аргументтер
тақтасынан тұрады. (Сурет 2.1)
Жазба тақталары бірнеше бағандардан тұрады. Макрокоманда және
Примечание бағандары үнсіздік жайында шығарылады. Жасырылған тізімнен
макрокоманда бағанның жолын белсендіру кезінде қажетті макрокоманданы
таңдау керек. Примечание бағаны комментарилерді енгізу үшін қажетті, онда
орындалатын іс-әрекеттер жазылады.
Макростар конструкторы терезесінің аргументтер тақтасы терезесінде
макрокомандаларды таңдағаннан кейін макрокомандалармен сәйкес келетін
аргументтер мәнін беру үшін белгіленген жолдар пайда болады.
Бұл тақтадағы жолдар жиыны айқын макрокомандаларға тәуелді болып
келеді.

Сурет 2.1 Макростар конструкторы терезесі

Макростар конструкторы терезесін ашқан кезде Access меню жолының
астында Макростар конструкторы құралдар тақтасы пайда болады (Сурет 2.2).
Бұрыннан өзіңізге таныс, жұмыстау үшін арнай көрсетілген түймешелерді тура
макростың өзінде де көре аласыз. Макростар конструкторы құралдар тақтасының
түймешелері төмендегі кестеде келтірілген (Кесте 2.2).

Сурет 2.2 Макростар конструкторы құралдар тақтасы

Кесте 2.2 Макростар конструкторы құралдар панелінің түймешелері
БелгісіТүймеше Жазылуы
Сақтау Макросты сақтау
Файлдарды іздеу Microsoft Office құжаттарын іздеу тақтасын
бейнелеу
Басып шығару Макрос мәтінін басып шығару
Алдын ала қарау Басып шығарудың алдында макрос мәтінін қарап
шығу
Дұрыс жазу Макрос мәтінін қатеге тексеру
Кесіп алу Белгіленген объектіні буферге өшіру
Көшіру Белгіленген объектіні буферге көшіру
Қайтару Соңғы өзгертулерді қайтару
Қайтарып алу Соңғы қайтарылған әрекеттерді орындау
Макростар аттары Баған аттарын бейнелеужасыру
Шарт Баған шарттарын бейнелеужасыру
Жолдар қосу Жолдар жазбасын тақтаға қосу
Жолдарды өшіру Жазба тақтасынан белгіленген жолдарды өшіру
Жіберу Таңдалған макросты орындау
Қадам бойынша МАкрос орындалуының бүктемелік режмін қосу
Құру Өрнекті құруды шақыру
Мәліметтер қоры Мәліметтер қоры терезесін бейнелеу
терезесі
Жаңа объект: кесте Мәліметтер қорының жаңа объектісін құру
Көмекші: Microsoft Көмек алу
Office Access

Макрокомандаларды құрудың қарапайым тәсілін қарастырып өтейік.
Мысалы, қарастырылып отырған Банк жүйелері мәліметтер қорының Тексеру
қалыбының ашылуы қарастырылсын:
1) Макростар кострукторы терезесін ашыңыз да, тышқанның
көмегімен мәліметтер қоры терезесінен Тексеру қалыбын
Макрокоманда бағанына тасып әкеліңіз. Нәтижесінде Онда
открытьФорму макрокомандасы пайда болады. Мұнда Access
аргументтер панелі өрісін автоматты түрде толтырады. (Сурет
2.3 )
2) Мәліметтер режимі өрісіне Тек ғана оқу үшін мәнін
беріледі, яғни бұл жағдайда қолданушылыр жөндеулер,
өзгертулер енгізе алмайды.
Сол сияқты мәліметтер қоры терезесінен макрокомандалар терезесіне
сұраныстар, қалыптар, есеп берулер, кестелер, беттер және макростар
макрокомандаларын ұйымдастыра аласыз.
Мұнда құрылған макрокомандалар сәйкесінше төмендегі атауларға ие
болады. Кесте Ашу, СұранысАшу, ҚалыптыАшу, Есеп беруді Ашу, Мәліметтерге
Енуге Беттерді Ашу, МакростыЖіберу.

Сурет 2.3 Объектілерді тасу жолымен макрокомандаларды құру

Сұранысты ашу және Кестені ашу макрокоманда аргументтерінің тізімі
идентивті екенін айта кеткен жөн.
Қалыпты ашу макрокомандасын қолдана отырып, Сұранысты ашу және
Кестені ашу макрокомандаларының көмегімен әрекеттен басқада орындай алатын
мүмкіндіктеріңіз бар:
– Фильтр аты өрісінде фильтр беру;
– Терезе режимі өрісінде бейне режимін өзгерту;
– шарттары өрісінде Іріктеу шарттарын беру.
Фильтр беру, іріктеу шарттары, терезе режимін өзгерту Есепті ашу
макрокомандасына жол береді, бірақ мәліметтер режимін оның көмегімен
өзгерту мүмкін емес – есеп берулер әрдайым тек ғана оқу үшін беріледі.
Макростар – тізбектеле орындалатын бірнеше макрокомандалардан тұруы
мүмкін. Макросты жібергеннен кейін Банк жүйелерін қарап көруге ашылған
қалып төмендегідей бейнеде (Сурет 2.4) бейнеленеді:

Сурет 2.4 Ескерту хабарламасы

Егер де жұмыс жасап отырған мәліметтер қоры ауқымды ақпараттан
тұратын болса, қажетті жазбалармен айналысу бірталай уақытты иемденеді.
Бұл жағдайда Құмсағат макрокомандасының көмегімен экранға тышқан
көрсеткішін құмсағат бейнесінде шығарып қоюға болады. Бұл мәліметтерге
өңдеулер жүргізіліп жатқандығын білдіреді.
Егер де макростағы макрокомандалардың ретін өзгерту керек болса,
келесі әрекеттер орындалуы қажет:
1) Қажетті макрокоманда жолында, сол жолдың ерекшеленген аймағында
тышқанның сол жақ түймешесін шерту;
2) Тышқанның сол түймешесін жібермей тұрып, жолды жоғары немес төмені
қажетті орынға тасу жеткілікті. Көлденең сызық жолдың жаңа орналасуын
көрсетеді.
3) Бұл сызық макрокомандалармен бірге жолдың үстінде көрініп, оның
алдында ерекшеленген макрокоманданы орналастыру керек болса, тышқанның
түймешесін босату керек.

2.3 Макростарды жіберу тәсілдері

Макростарды жіберудің көптеген тәсілдері бар. Егерде мәліметтер
қорының терезесінен іске қосып орындау керек болса, объектілер тақтасынан
макрос жарлығына шертіп, және де осы жарлықта екі рет шерте отырып,
мәліметтер қоры терезесінің тақтасында Запуск түймешесін қолдану керек.
Сонымен қатар макросты макростар конструкторы терезесінде іске қосып
орындауға болады. Бұл тәсіл макросты тестілеу үшін жарамды. Егер де тек
ғана бір макроспен жұмыс жасап отырған жағдайда макросты құралдар панелінің
запуск түймешесінің көмегімен жіберуге немесе запуск → запуск командасының
көмегімен жіберуге болады.
Ал егер де бірнеше макрос болса, онда кез-келген белсенді терезеде
кез-келген макросты жіберудің әмбебап тәсілі болып саналатын сервис →
макрос → выполнить макрос командасын қолдануға болады.
Макросты жіберу ашылған терезеде макрос аттарының тізімінен қажетті
элемент таңдалады.
Макросты жіберудің тура тәсілдеріне жуық (макрос қолданушымен тікелей
шақырылады), жанама деп атауға болатын, оны шақырудың бірнеше тәсілдері
болады.
2.3.1 Түймешелер, құралдар тақтасы және меню құру. Макросты жіберу
үшін кез-келген құралдар панеліне түймеше қосуға болады.
1) Құралдар панелінде тышқанның оң жақ түймешесін шерте орырып және
Құрылғылар командасын белсендіру жүзеге асырылады.
2) Құрылғылар сұхбат терезесінің құралдар тақтасы белгішесінде (Сурет
2.4)-де көрсетілгендей етіп, экранда бейнелеуге қажетті құралдар тақтасының
қарсы жанына жалауша орнатылады. Мысалдың нәтижесінде кесте режиміндегі
сұраныс тақтасы таңдалынады.

Сурет 2.5 Құрылғылар сұхбат терезесі

3) Құрылғылар терезесінің Жабу түймешесіне шертіп және мәліметтер
қоры терезесінен қажетті макросты таңдау (Сурет 2.5).
4) Экраннан қажетті құралдар тақтасын өшіру үшін, құралдар тақтасы
аймағында тышқанның оң жақ түймешесін шертіп және пайда болған тізімде
сәйкес тақтаның тұсындағы жалаушаны алып тастау керек.
Сонымен қатар жеке құралдар тақтасын құру мүмкіндіктері де бар. Ол
үшін құрылғылар сұхбат терезесінде құралдар тақтасы қосылуындағы құру
түймешесіне шертіп және ашылған құру сұхбат терезесінің құралдар тақтасына
тақтаның атын енгізу қажет.
Жаңа құралдарды енгізуді меню командалаының көмегімен де құруға
болады. Ол үшін қажетті макросты таңдап, мәліметтер қоры терезесінде
макростан сервис → макрос → құралдар тақтасын құру командасын белсендіру
керек.

Сурет 2.6 Макросты жіберу түймешесі

Егер макрос мәліметтер қоры терезесінде көп группалы болып келетін
болса, онда көрсетілген команданы құрылған құралдар тақтасында таңдағаннан
кейін топталған барлық макростар үшін түймешелер пайда болады. Әрбір
түймеше сәйкес макростардың атарын бейнелейді. Аль құралдар тақтасының
аттары макрос топтарының аттарымен бірдей болады.
Қарсы әрекетті толықтыра отырып, сервис → макрос → меню құру
макросынан менюдің толықтырушы жолдарын беруге болады.
Макросты жіберу үшін арнайы пернелер комбинациясын нұсқауға болады.
Ол үшін AutoKeys ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасын басқару жүйесі, құрылымы
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі жайлы
Microsoft Access программасы
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу
Мәліметтер базасы
Деректер базасы
ДББЖ MS SQL Server 2012 құралдарымен деректер базаларын құру және ДБ-мен жұмыс үшін клиенттік қосымшаны құру
SQL-дің жүйелік құрылым және мәліметтер базасында қолданылуы
Пәндер