Мемлекет - саяси ұйым


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Мемлекеттің түсінігі және мәні
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Мемлекеттің белгі нышандары
3: 12
: 1. 3
Кіріспе: Мемлекеттің функциялары (қызмет істеу бағыттары)
3: 12
: 2
Кіріспе: Мемлекеттің типологиясының сипаттамасы
3: 15
: 2. 1
Кіріспе: Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
3: 15
: 2. 2
Кіріспе: Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері
3: 17
: 2. 3
Кіріспе: Мемлекет нысаны
3: 21
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 28
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 31

Кіріспе

Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс. Шығыста «өндірістің азиялық тәсілі» (Египет, Вавилон, үндістан, қытай және т. б. ) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т. б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.

Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылыктардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар -патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумадтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.

Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1) Бұкаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, турме мен басқа да мекемелер. 2) Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3) Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4) Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5) Құқықтың болуы. Мемлекет кұқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды - осы үйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап етуге болады:

- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұган сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады. Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттің типологиясының мәнін ашып толық сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • мемлекеттің түсінігін беріп мәнін ашу;

- мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтарын көрсету;

- мемлекеттің белгі нышандарын сипаттау;

- мемлекеттің функцияларын (қызмет істеу бағыттарын айқындау;

- мемлекет типологиясының түсінігін беріп оны жіктеудің әдіс-тәсілдерін сипаттау;

- мемлекет жіктеудің тарихи хронологиялық түрлерін сипаттау;

- мемлекет нысанын белгілеу;

- мемлекет және қоғам арақатынастарын сипаттау;

- құқықтық мемлекетке сипаттама беру.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас. Бірақ мемлкет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: мемлекеттік егемендік, билеуші органдар, арнаулы материалдық қоры бар, мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады, мемлекетте құқықтық жүйе қалыптасады. Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі: аталған тақырыпқа келесі шетел және қазақстандық заң ғылымдар көп көңіл бөлген; Алексеев с. С, Венгеров А. Б, Лившиц Р. З, Булгакова Д. А., Жоламан Қ. Д., Сапаргалиев Ғ. С., және т. с. с. заңгерлер.

1 Мемлекеттің түсінігі және мәні

1. 1 Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары

Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1) Бұкаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, турме мен басқа да мекемелер. 2) Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3) Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4) Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5) Құқықтың болуы. Мемлекет кұқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады [1, 17 б. ] .

Сонымен бірге мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеу-меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Әлеуметтік билік - бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың - билік құрушылардың -еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың - бағынушылардың - еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. Әлеуметтік билік кез-келген үйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т. б. тән.

Мемлекеттік билік әлеумеітік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1) Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2) Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.

3) Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлык халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4) Егеменді билік-ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.

5) Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.

Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси үйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен катынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаршіық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде аныктайды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды - осы үйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап етуге болады:

- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұган сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мүқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қоленершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдалдық жасайтын алып сатарлар бөлініп шығады.

Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде ортақ өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасы-ларының меншігіне айнала бастайды. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болады. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыпта-сады. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болады. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұ-ратын қоғам қалыптасады. Мүндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды [2, 28б. ] .

Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандыктан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси кұрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болады.

Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға белінген соң, олардың арасында шешілмейтін қай-шылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігін кездеп, мүдцесін қорғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым кепшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі, бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне, осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: мемлекеттің басшылары, чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде, көбінесе мемлекетте деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократиясы өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында - абсолюттік монархия болды, одан теменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік -чиновниктерде. Осы сатылық биліктер - бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.

Шығыс типті (азиятипті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда Шығыс Ев-ропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.

Сонымен Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:

- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру - біріктіру;

- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.

Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппа-раттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран т. б. )

Европалық елдерде мемлекет жеке меншіктің, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі аркылы калыптасты.

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құықтык тәртіп орналды.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену кеп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде калыптасты [4, 15б. ] .

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:

1) Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру, басқару.

2) Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік топтың мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.

3) Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.

Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

1) Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (армия, полиция, сот, т. б. ) . Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.

2) Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық үйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұжымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне (суверендік құкыққа) иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық үйымдарды қамтиды, Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, үйымдардан айырмашылық белгілері:

- мемлекет қоғамдык көлемде бірден-бір билік жүргізетін үйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;

- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:

- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басымдылығы, үстемдігі.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқык қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мэселелер-мен шүғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен кұкық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді, бұл теория дүрыс-бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т. б. ) .

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б. з. IV - III ғ. ) . Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б.

XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамы да табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы - миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді [5, 14б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі
Коммерциялық емес ұйымдар
Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz