Мемлекет шығындарын қаржыландыру
Жоспар
Кіріспе 4
I бөлім. Мемлекет шығындарының экономикалық маңызы 6
1.1 Мемлекет шығындарының мәні және құрамы 6
1.2 Экономиканы дамыту шығындары 9
1.3 Мемлекет шығындарын қаржыландыру 11
II бөлім. Мемлекеттік шығындардың түрлері және қызметі 16
2.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығындар 16
2.2 Халықты әлеуметік қорғау және ғылыми-техникалық прогресс шығындары 21
2.3 Қорғанысқа және баскаруға жұмсалатын шығындар 29
III бөлім. Мемлекет шығындарын ұйымдастыру 34
3.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері 34
3.2 Экономиканы қаржыландыру 37
Қорытынды 39
Қолданылған әдебиеттер 40
Кіріспе
Мемлекеттің, шығындары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының кажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б.
функцияларымен тікелей байланысты. Мемлекет шығындарының жекс түрлері
экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (бір текті) емес.
Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және
әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау
жүйесі мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың (жекешені қоса),
қоғамдық бірлестіктердің көп жақты жауаптылығының негізінде құрылады.
Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына "әлеуметтік
қамсыздандыру" мен "әлеуметгік сақтандыру" терминдері сипатты болғанымен
бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыруды халықты әлеуметтік
қорғау процесі деп, ал әлеуметтік сақтандыруды — осы процесті жүзеге асыру
нысандарының бірі деп түсінген жөн. Қоғамдық жұмыстарды орталық және
атқарушы органдар ұйымдастырады, республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаттарынан және олардын, өтінімдері бойынша жұмыс берушілердің
қаражаттарынан қаржыландырылады.
Сонымен бірге еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жүмысынан
айырылу жағдайлары кезінде пайда болған әлеуметтік қауіп-қатерлердің
нәтижесінде шығындалған (жоғалған) табысының бір бөлігін өтеу жолымен
әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасауға және әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен төленетін төлемақыларды алушылардың құқықтарын
қорғауға бағытталған заңның қажеттігі туып отыр
Бұл жұмыста мемлекет шығындарының ұғымы және оның міндеттері жазылған.
Сондай-ақ олардың түрлері мен қаржыландыру көздері қарастырылған.
I бөлім. Мемлекет шығындарының экономикалық маңызы
1.1 Мемлекет шығындарының мәні және құрамы
Мемлекеттің шығындары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша
шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
"Шығындар" үғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни
ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығындардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығындары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік
сипаттағы шығындарды ажырата білген жөн, бұл шығындар қаржы арқылы
қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың
қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығындары барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект "шығындар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығындар"
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін
болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-
әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі,
оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығындарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығындары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығындарының құрамына мыналар
кіреді:
1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4) көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен
байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады
және шартты түрде шығындарға жатады ("шығындар" терминінің мағынасын
қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығындары шығындардың
екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығындарының жайы мемлекетгік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығындарының жйесі арқылы қоғамдық қажеттіліқтердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай
келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығындары" категориясы тұрақты экономикалық
қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді
және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығындарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің
инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет
көрсетулеріне жұмсалатын шығындар мемлекет, сонымен бірге экономиканың
нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен
қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығындардың барлық түрлерінің
жиынтығы мемлекет шығындарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығындарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін
амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың
өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға
бағытталады. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан
түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және
жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін
банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттің шығындарын ұйъшдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржылаңдыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығындарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өңдірістік емес
сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге
қатысады. Мемлекеттің шығындарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс
болып табылады.
1.2 Экономиканы дамыту шығындары
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығындар — бұл өндіріс көлемінің
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар,
негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығындарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын
күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы
алады. Күрделі жұмсалымдардың қүрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға
жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға
арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді.
Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет
қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік
құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығындар табиғи тозған және сапалық ескірген
(негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс
қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды
жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды
кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің)
өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған
теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде
негізіңде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін
өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының
жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы
айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың
үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардан болған ысыраптарды өтеуді
қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша
ресурстарын оңтайландыруға, кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде
пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік
капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.
Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың,
отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік
тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің
босалқы қорлары. Мемлекеттік резсрвтер үнемі қалпына келтіріліп,
толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды.
Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
1.3 Мемлекет шығындарын қаржыландыру
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражатгарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғүрлым перепективті жөне профессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің
шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит
механизмінен айырмашылығы) тікелсй өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат
бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл
шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы
ресурстарының тиімділігін арттырады.
Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажст етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау — мемлекеттің шығындарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың
бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.
Мемлекет шығындарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздсріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығындарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығындары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінсді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығындар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығындар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығындары; Шығындардың бірінші тобы
мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен
байланысты.
Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығындар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығындарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы
бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міңдеті болып
табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары
тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті.
Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес
салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығындары — мемлекеттік резервтерді жасау мен
молықтыруға жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей
апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және көсіпорындарды,
мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды
қамтамасыз етуге арналған. Мұндай рсзервтерді орталықтандырылмаған
тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды
жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығындары
экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға
жүмсалатын шығындарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикалық аймақтар
бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және
ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға
мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында
мемлекеттің шығындары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен
байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға
бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен
дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру,
қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығындары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті
ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет
қаражаттары есебінен жасалынады;
2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше
құжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік
билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады.
Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп
аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру
қолданылады.
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз
етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық
көмектің нысаны — бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезіндс ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін белінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламалар мен шараларға жәнс басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің
қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда)
трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең
мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және
қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен
қамсыздаңцыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
II бөлім. Мемлекеттік шығындардың түрлері және қызметі
2.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығындар
Мемлекет шығындарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға — оқу-
ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуге(баспасөз, радио хабарын тарату және
теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен
спортқа, мемлекеттік әлеумсттік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығындар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұқаралық ақпарат қүралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек. Нарықтық
қатынастар жағдайында тұтынудың бұрын қалыптасқан қоғамдық қорлардан
әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудан бас тарту
болды. Нарық жағдайында еңбек салымына, харакеттің әр түріндегі адамның
мүмкіндіктеріне қарай тұтыну мөлшерінің тура тәуелділігі қалыптасады.
Сондықтан қазіргі жағдайда жеке-дара табыстар адамдардың кәсіпкерлік және
басқа қабілеттіктеріне қарай қалыптасады, сонымен бірге
орталықтандырылмаған қорлар көбейеді, өйткені шаруашылық органдарының
қарамағында олардың жұмысының нәтижелеріне қарай табыстың (пайданың) бір
бөлігі қалады.
Соңғы уақытта слімізде әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың жаңа
қағидаттары енгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара
қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына
көшуде. Білім беру сферасында — бұл кепілдендірілген бюджеттік нормаларға
қосымша білім және кәсіби машық үшін ақылы оқуды қолдану, денсаулық
сақтауда — ақылы медициналық қызмет көрсетуді дамыту.
Білім беруге жұмсалатын шығындар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы
білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға,
даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы
(түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу
орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кәсіптік білім
беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу
орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығындар мемлекет кепілдендіретін
деңгсй бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Білім беру
мекемелерін қаржыландыру бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр
оқушыға анықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлер мен өндірістегі басқа кадрларды даярлау және олардың
біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындар өнімінің (жұмыстардың, қызметтер
көрсетудің) өзіндік құнына кіріктіріледі.
Білім беру мекемелері бюджеттен тыс қаражаттарды және ресурстарды,
соның ішінде валюталық ресурстарды, ақылы оқыту қызметгерін көрсету
есебінен тартады; қаражаттардың бір бөлігін кәсіпорындар мен ұйымдар —
демеушілер береді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес гранттар және
кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа механизмі
қолданылады: бірінші жағдайда қаражаттар қажетті профилдің мамандарын
даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде
оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан
ұзақ мерзімді кредит беріледі (банк мекемесі — студент — жоғары оқуы
орындары — Білім және ғылым министрлігі)
Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет
үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік
ұйымдарды, ансамблдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен,
сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен
қаржыландырылады. Мәдениет пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері
(театрлар, цирктер) шаруашылық есепте тұрады және олар бойынша меншікті
табыстарымен жабылмайтын шығындардың мөлшерінде бюджеттен демеуқаржының
сомасы белгіленеді.
Бүқаралық ақпарат құралдарын ұстауга жұмсалатын шығындар мемлекет
құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидарды,
баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
Халыққа арналған бірқатар медициналық қызметтер бұрыннан ақылы жүйеде
көрсетіліп жүргендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы қаңтардың 27-сіндегі № 135
қаулысына орай тегін медициналық кемектің кепілдендірілген көлемі
белгіленген. Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттік — Рсспубликалық
бюджеттің қаражаттары есебінен, аумақтық денсаулық сақтау органдары —
жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көрсетілетін медициналық
қызметтерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Азаматтарға республикалық бюджеттің есебінен орындалатын тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша ересектер мен
балаларға оңалту көмегін қоса алғанда: хирургиялық, нейрохирургиялық,
уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық,
терівенерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-
гинскологиялық және зиянды әрі қауіпті өндірістік факторларға байланысты
аурулар, туберкулез, лепра кезінде мамандандырылған медициналық көмек
көрсетуге;
2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезіндс медициналық
көмек көрсетуге;
4) сот-медициналық сараптамаға бағытталады. Азаматтарға жергілікті
бюджеттің есебінен орындалатын тегін медициналық көмек:
1) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті; алғашқы медициналық-
санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған
амбулаториялық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-
диагностикалық көмекті;
ортодонтикалық көмектен басқа 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті
әйелдерге және тісі катты ауырған науқастарға стоматологиялық көмекті;
18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмекті;
2) жедел және шұғыл жәрдем көрсетуді;
3) шұғыл көмек көрсетуді;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы
бойынша аурулардың барлық түрлері, соның ішінде: онкологиялық,
психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық,
нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтік,
травмотологиялық, терівенерологиялық, жүкті әйелдер мен аурулардың
гинекологиялық ауруларына, алкоголизммен және нашақорлықпен, туберкулезбен,
қант диабетімен, тыныс жолы-өкпе ауруларымен ауыратындар бойынша жоспарлы
көмек көрсетуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде ересектер мен балаларға
стационарлық медициналық, соның ішінде оңалтушылық көмек көрсетуді;
4) шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болған аурулар кезінде медициналық
көмек көрсетуді;
5) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ауруларға медициналық көмек көрсетуді
қамтиды. Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне
заңдарда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Басқа қалғандарының бәрі ақылы нысанда көрсетілуі тиіс, бұл дұрыс
нарықтық медициналық қызметтер көрсетудің дамуына жеткізеді.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландырудың көздері мыналар болып
табылады:
ұзақ мерзімді экономикалық нормативтер бойынша бөлінетін республикалық
және жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерінен аударылатын
аударымдар, министрліктің, ведомстволардың және басқарудың басқа
органдарының мақсатты субсидиялары;
арнаулы бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаттары;
республикалық және жергілікті валюта қорларынан бөлінетін валюталық
қаржы;
жұмыс берушілерге нормативтсрден тыс медициналық және басқа қызметтер
көрсетуді орындағаны үшін және ақылы қызметтер мен шаруашылық қызметтің
басқа түрлерін көрсеткені үшін алынған медициналық мекемелердің
қаражаттары;
ұйымдар мен азаматтардың, соның ішінде басқа мемлекеттердің
қайырымдылық салымдары.
Мемлекеттік денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады:
азаматтарға медициналық көмек көрсетуге;
денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына;
мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын
дамытуға;
емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді
ұстауға;
медициналық кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
медициналық ғылымды дамытуға және енгізуге;
жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.
Денешынықтыру мен спортқа жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары, кәсіподақ ұйымдарының қаражаттары, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің кірістері, спорт қоғамдарының меншікті қаражаттары есебінен
қаржыландырылады. Стадиондар мен басқа спорт ғимараттарына жұмсалатын
күрделі жүмсалымдар, спорт ұйымдарының аппаратын ұстау, оқу-жаттығу
жиындары мен жарыстарды өткізуге бөлінетін қаржылар мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Шығындардың бір бөлігін ұйымдар — демеушілер,
әдеттегідей, жарнамалық мақсаттарда өтейді.
2.2 Халықты әлеуметік қорғау және ғылыми-техникалық прогресс шығындары
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған
және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен
әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-
әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда
әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен
тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының
азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан
айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен
зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік
береді.
Халықты әлеуметтік қорғауга жұмсалатын шығындар мемлекет шығындарының
жүйесінде үлкен орын алады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында халықты
әлеуметтік қорғау басым бола бастайды және тұтыну тауарлары мен қызметтер
көрсетуге бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ инфляцияның және ақшаның
құнсыздануының нәтижесінде өседі.
Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес
азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз
етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай
институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей
қоғамньщ әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімнің
мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына,
жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда
көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар
жасалынады.
Еңтөмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен
жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін
негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына
қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп
шығарылады. Ең төмен тұтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің
өзгеруімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті
орган қайта бекітеді.
Әлеуметгік шығындар зейнетақы төлеудің Мемлекетгік орталығы, қазіргі
кезде мемлекеттік бюджетке қамтылған Мемлекеттік жинақтаушы зсйнетақы қоры,
әлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субъектілерінің тұтыну қорлары арқылы
жүзеге асырылады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары,
шаруашылық субъектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтандыруды кәсіподақ комитеттері
қадағалап отырады.
Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығындар қаржы құжаттарында,
жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және
әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығындар ретінде қамтып көрсетіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары
бар.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс
істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең
спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен
жіктеріне "әлеуметтік көмек" деп аталатындар бола алады.
Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның
еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін
тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады.
Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-
өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының (сақтанушының) оларды
алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.
Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы
халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-
қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын "қайыр
көрсету" сипаты болады және мақсаты — "кедейлерге қамқор болу".
Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды
қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады: сақтық, бюджеттік,
қайырымдылық жарналары (қайыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz