Мемлекеттің сыртқы борышы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 . Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері . . . 5
1. 1. Мемлекеттік кредиттің мәні . . . 5
1. 2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері . . . 8
1. 3. Халықаралық кредит . . . 13
2. Мемлекеттік борыштың мәні мен басқарудың заңнамалық нысандары . . . 16
2. 1. Мемлекеттік борыштың мән . . . 16
2. 2. Мемлекеттің сыртқы борышы . . . 19
2. 3. Мемлекеттік борышты басқару . . . 26
2. 4. Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандар . . . 30
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын басқаруында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары . . . 33
3. 1. Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер . . . 33
3. 2. Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары . . . 37
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 42
Кіріспе
Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде және халықаралық қаржы - несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік кредит болып табылады. Мемлекеттік кредит - бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекетпен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш - бұл алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономкалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктерідеп айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болыптабылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелермен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты борышты басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы борышты басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш ұғымдарына теориялық талдау жасай отырып, елдің жалпы сыртқы қарызының жалпы ішкі өнімге қатысты белгіленген қатынастарын қарастыру. Жалпы сыртқы қарызды ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік беретін басқарудың бірыңғай және тиімді қызмет ететін жүйесін қалыптастыру. Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы мен елдің мемлекеттік қаржысы болып табылады.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы мемлекеттік қарыз мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған мемлекеттік борышты басқарудың толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, жұмыс бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды.
1. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
1. 1. Мемлекеттік кредиттің мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақшалай қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы мәселелерін шешу үшін тартылуы мүмкін болып табылады.
Мемлекеттік кредит - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:
- Өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырады;
- Несие капиталы жұмылдырылады;
- Өтеу қосымша өнім немесе өндіріс үдерісінде пайда болатын құннан жүргізіледі;
- Капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
- Өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
- Төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;
- Өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
- Капиталды қолдану сферасын тарылтады;
Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос ақшалай қаражаттар.
Мемлекеттік кредиттік ресурстар:
- бюджет тапшылығын қаржыландыру;
- ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
- биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
- елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:
- мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды - стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарға тең сияқты өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
- алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар « салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъетілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдай өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады. Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда - қарыз алушылар ретінде, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жіргілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді - қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.
- Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
- ерікті сипаты;
- мәжбүридің бүркемелі нысаны.
- мәжбүри сипаты;
- мәжбүридің анық нысаны.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүри қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика Үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының боналары шығарылды. Қраыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге мөлшерінде 4 рет ойналады. Қарыздың шарттары бойынша 1982 жылғы одақтық қарыз бойынша облигацияларды боналарға айырбастау жолымен Үкімет міндеттемелер қабылдады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигацияларын тарату басталды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік кепілдігі болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды тұлғаларға - коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзімге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру акуциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министрлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы құны мен дисконтты бағасы арасындағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюктураны ескере отырып, қалыптасып отырған нарықтық бағалар бойынша есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.
МҚМ бюджеттің «кассалық алшақтықтарын» жабудың пәрменді құралы болып табылады, бірақ бір мезгілде МҚМ-ды сатып алу кезінде мемлекеттің белгілі бір ысыраптары болады, ол дисконттың шамасына тең болады, ал оның мөлшері - МҚМ-ның табыстылығы - инвесторларды МҚМ-ды сатып алуға қызықтыру үшін банктік пайыздың қолданыстағы шамасынан асып түспеуі тиіс. Бұл аспектіде МҚМ мемлекеттің бюджеттік қаражаттары есебінен болатын тұрақты қаржылық қолдаудың арқасында ғана орнықтылығын сақтайтын өзгеше «қаржылық пирамида» болып табылатын. МҚМ-ның табыстылығы бастапқы орналастыру кезінде 3, 3-3, 9% аралығын, қайталама нарықта 2, 24-14, 28 %-ды құрайды.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың мемлекеттік банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік мемлекеттік қарыздарға айналдыру - мемлекеттік кредиттің бұрын қолданылған нысаны. Әдетте бұл жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдері бойынша мемлекет жауап береді.
Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңды және жеке тұлғаларға кредиттер беру болып табылады. Кредиттің бұл нысаны мемлекеттік несиелер деп аталады және бұл нысан шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді және кәсіпорындарды, ұйымдарды қаржылық қиындықтар немесе дамуға қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде олардың ақшалай ресурстарға кезек күттірмейтін жағдайда қолдауға арналған.
Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республткасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған;
- Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
- Несие капиталының нарықтары бойынша мемлекеттік қарыздар:
Сыртқы мемлекеттік қарыздар;
Ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
- Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
Қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
- Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
Айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
Айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
Айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
- Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
Борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік емес қарыз - Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті - қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz