Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары. .
- Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері.
- Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері.
2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ.
- Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі.
- Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау.
- Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қызмет - қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің қалыптасуы - қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықтық мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.
Мемлекеттік қызмет әлемде үш мың жылдан бері бар. Осы уақыт ішінде ол патриархтық тұрпаттан ұтымды-құқықтық тұрпатқа дейінгі елеулі өзгерістерден өтті. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауында: « . . . Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру - біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жүргізілуінің басты мақсаты - халыққа қызмет көрсетудің тиімді, оңтайлы, қажеттілікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру.
Курстық жұмыс тақырыбы - ҚР Мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру жолдары деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, зерттеу негізінде жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметті бағалаудың әдістемелік есептеу әдісін анықтау.
Қойылған міндеттері:
- Халықтың қажеттілігін тиісті деңгейде қанағаттандыру;
- Мемлекеттік қызметтің қызмет ету жүйесін оңтайландыру;
- Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру;
- Шет елдердегі мемлекеттік қызмет тиімділігін ҚР жағдайына пайдалану;
Зерттеу объектісі - мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, ағымдағы жағдайы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі.
Курстық жұмыста мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, ұйымдастырылу мен тиімділігін бағалау бағыттары және көрсеткіштері, дамыған мемлекеттердің тәжірибесін Қазақстан жағдайына қолдану, мемлекеттік кадр мәселесін жетілдіру, сондай-ақ, әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.
Жұмысты даярлау барысында ақпараттық-аналитикалық база ретінде осы бағыттағы әдебиетпен қоса Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің материалдары пайдаланылды.
Курстық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және нормативтік актілері, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
Бірінші бөлімде Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары, мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері, мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері жайында жазылған.
Екінші бөлімде Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі, мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде дамыған мемлекеттердің мемлекеттік қызмет тәжірибесін зерттей отырып, Қазақстан жағдайында қолдану, Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі жөнінде толықтай жазылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қазіргі уақытта дамудың қалыпты жағдайында. Сол себепті оның дамуы мен тиімділігінің артуына аса назар аударған жөн.
Мемлекеттік қызмет халыққа жұмыспен қоса, сенімді болашақ пен алға ұмтылушылық ынта қалыптастырады. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы - ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл-ауқатты арттыру.
Жұмысты даярлау барысында ақпараттық-аналитикалық база ретінде осы бағыттағы әдебиетпен қоса Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің материалдары пайдаланылды.
Курстық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және нормативтік актілері, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Ауыспалы экономикаға тән елдердің ерекшелігі - қоғамдық және экономикалық қатынастардағы өзгерістермен қатар, мемлекет рөлінің трансформациялану үрдісінің қатар жүруі.
Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің қалыптасуы - қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықты мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың азаматтарға, бизнеске және басқа да мемлекеттік органдарға көрсетілетін белгілі мөлшердегі нормативті қызметі. Мұнда қарапайым қызметтер де, соның ішінде азаматтардың, бизнестің, басқа да ведомствалардың сұрауымен, бір және бірнеше ведомствалармен өзара қатынасы аясында болатын және жүзеге асатын қызметтер де бар.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік қатынастар жүйесінде қоғамның қалыпты өмір сүруі мен басқа да әлеуметтік қызмет түрлерін, ең алдымен өндірісті санаткерлік қатынаспен қамтамасыз етудің қажетті алғышарты ретінде қалыптасты. Көп уақытқа жуық қызметтің ақыл еңбегі саласы ретінде танылуы бекер емес. Алайда қазіргі уақытта мұндай тезис қызметтің басқа әлеуметтік қызмет түрлерінен шектеудің критериі ретінде жоққа шығарылуда. Мұнда басты фактор ретінде қызметті іске асыру барысындағы әсер ету объектісі танылады. Қызмет басқа адамдар үшін еңбек әрекеті. Қызмет барысында әсер ету объектісі болып адам, тұлға танылады, сонымен қоса бұл әрекет - тікелей емес, ал адам - нақты. Ол қоғаммен бірге қоғам шеңберінде және қоғам үшін туындады және дамыды.
Қызмет әрекеті барысында қатынасушылар арасында екі түрлі қатынас орнатылады. Біріншісі, қызметін іске асырушы тұлға мен әсер ету объектісі арасында. Екіншісі, еңбек барысында емес, еңбекке қатысты белгілі тұлға мен қызмет бойынша басқа да тұлғалармен қатынасы. Жалпы мағынада қызмет - әлеуметтік, қоғамдық және мемлекеттік өкілеттіктерді іске асыру және атқаруды ұйымдастыру бойынша белгілі бір тұлғаның кәсіби қызметі.
«Қызмет басқару, мемлекеттік қызметті іске асыру, басқарудың өзін қамтамасыз ету, адамдарға әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуден тұрады». Бұл жерге тағы да төменгі лауазымдық деңгейде орналасқан басқарушылық қызметтің техникалық қамтамасыз етуін де жатқызуға болады.
Мемлекеттік қызметтің ішкі мазмұны екі жақтан тұрады: біріншіден, ұйым, қызметті реттеу (лауазымды бекіту, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктерді анықтау, лауазымдарды ауыстыру тәртібін бекіту, қызметті өтеу, қызметтен босаудың тәртібі мен негіздері) ; екіншіден, қызметтің өзі (лауазымдық өкілеттіктерді іске асырудың уақытша кезеңі мен барлық үрдісі) .
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік лауазымдармен іске асырылады. Лауазым - мемлекеттік қызметтің қажетті элементі, реттелген тәртіпте қалыптасатын, бір жұмысшыға қарастырылған, аппараттың бастапқы ұяшығы. Сәйкес органның құқықтық актілерімен оның атауы, қызметтік иерархиядағы орны, ауыстыру тәртібі анықталады. Ол лауазымның штаттық кестесі мен бірыңғай лауазым номенклатурасына кіреді.
Мемлекеттік қызметтің нақты белгісі болып лауазымды ауыстыру танылады. Лауазым ретінде белгілі бір ұйымның белгіленген тәртіпте анықталған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнын анықтаушы бастапқы құрылымдық бірлігі түсініледі.
Г. В. Атаманчуктың пікірінше, «мемлекеттік қызмет «мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету» үшін ғана емес, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін мемлекет мәнін, оның тағайындалуы толық іске асуы үшін, өз азаматтарының қажеттіліктерін және қызығушылықтарын қамтамасыз етуге қызмет етеді».
Мемлекеттік қызмет «мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі қызметтің түрлілігі, заңды құқықтар мен азаматтар еркіндігін, олардың қауіпсіздігін іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін шешуге, қоғамда орын алған шиеленістердің жағымсыз нәтижелерін азайтуға бағытталған, «мемлекеттік аппараттың жұмысшыларының мемлекеттік функцияларды тәжірибелік іске асыруына негізделеді».
Мемлекеттік қызметтің негізгі міндеті - мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындау, яғни әрбір құрылымға «өмір, шаралар кешенін, құралдар, нақты тәжірибелік қызмет үшін әдістер енгізеді». Мемлекеттік қызмет қызметке түсу, одан өту, қызметтен босау тәртіптерін құрайтын процессуалды аспектіден тұрады. Ол әкімшілік қана емес, құқықтың басқа да салаларының нормаларымен реттеледі.
Мемлекеттік қызмет көптеген және түрлі функцияларға ие және соның негізінде маманданады. Қызмет пен ұйымның өзара келіскен байланысы нәтижесінде ұйым беделі қызметтің мазмұнын және қызмет мәртебесін, оның түрлерін анықтайды. Барлық ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға бөлінеді. Мемлекеттікке мемлекеттік міндеттерді іске асыру үшін мемлекетпен құрылатын ұйымдар жатады. Олар мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер мен олардың бірлестіктері, қарулы қалыптасулар.
Мемлекеттік қызмет мемлекет пен қоғамның барлық дерлік салаларында қызмет етеді. Мысалы, әлеуметтік - мәдени саланы басқару (білім, денсаулық, ғылым, халықты әлеуметтік қорғау) ; экономиканы басқару (өндіріс, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау, сауда, қаржы, сыртқы экономикалық қызмет) ; әкімшілік - саяси саланы басқару (қорғаныс, қауіпсіздік, ішкі және шет елдік істер, заң) .
Мемлекеттік қызмет кәсіби негізде іске асады. Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметін үзіліссіз, артылықшылықты және құзыретті іске асырудың қажеттілігімен негізделген.
Мемлекеттік қызмет түсінігін анықтауда алдыңғы болып кәсіби қызмет танылады. Кәсіби қызмет ретінде арнайы машықтар мен білімге негізделген қызмет түсініледі. Ол ретінде мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік орган тұлғаларының үзіліссіз, артықшылықты және өкілеттікті құзыреттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы қызмет адамдардың әлеуметтік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Мемлекетке қызмет мемлекеттің өзімен, оның ролімен және қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты.
Заң - мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесін, соның ішінде мемлекеттік қызметтен өту шарттары мен тәртібін, көтермелеу түрлері мен қызметкерлердің жауапкершілігін, мемлекеттік қызметті тоқтату мен басқа да мәселелерді регламенттейтін, мемлекеттік қызметтің құқықтық институтын қалыптастыратын құқықтық нормалар жиынтығы. Оған конституциялық, еңбектік, азаматтық, қаржылық және құқықтың басқа да салаларының нормалары кіреді.
Мемлекеттің қалыптасуы барысында мемлекеттік қызмет алғашқы ұйымдастыру құралы ретінде әрекет етеді. Мемлекеттік қызметтің құрылымында қатынастардың екі тобы ажыратылады: мемлекеттік қызметті ұйымдастыру, оның дайындығы және қызметі, әрбір қызметшінің және барлығының қызметтік өкілеттіктерін іске асыруы. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қызмет үшін қалыптасуды білдіреді: лауазымдық атаулардың бекітілуі мен әрбір лауазым бойынша өкілеттіліктерді анықтау, мемлекеттік қызметке түсудің ережелерін құру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, қызмет бойынша көтермелеу, сыйақы беру және жауапкершілікке тартудың шараларын қолдану, қызметті өткеру және қызметтік қатынастарды тоқтату және басқа да ережелер. Бұл кадрлармен байланысты қарым - қатынастардың үлкен саласы және тәжірибелік қызметтің дайындық мақсатына ие.
Мемлекеттік қызметтің басқа жағы - ол өзіне жүктелген өкілеттіліктерді іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметі.
Теориялық тұрғыда мемлекеттік қызмет әлеуметтік, саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, құлықтылық аспектілерінде болуы мүмкін. Құқықтық мағынасында мемлекеттік - қызметтік қатынастардың заңдық бекітілуі зерттеледі. Мемлекеттік қызмет - күрделі әлеуметтік - құқықтық институт болып табылады. Бұл институт мемлекеттік - қызметтік қатынастарды регламенттейтін құқықтық нормалар жүйесін білдіреді, яғни, құқықтар, міндеттер, шектеулер, тыйым салулар, ынталандыру, қызметкерлердің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтен өту, қызметтік қатынастардың қалыптасу тәртібі мен тоқтатылуы.
Дәстүрлі теория негізінде мемлекеттік қызмет ретінде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктердегі қызмет түсініледі.
Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы қызмет адамдардың әлеуметтік қызметінің түрлерінің бірі болып табылады. Мемлекетке қызмет мемлекеттің өзі, оның қоғам өміріндегі ролімен ажырамас байланыста. Мемлекеттік қызмет ең алдымен - мемлекетке қызмет ету, яғни оның тапсырмасы бойынша белгілі бір төлем негізінде мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша белгілі бір қызметі.
Мемлекеттік қызметтің қағидалары дегеніміз - бұл негіз қалаушы нормативтік - құқықтық бастама, мемлекеттік қызметтің қызмет етуі мен ұйымдастырылу жүйесіндегі объективті заңдылықтарын, ерекшеліктерін, негізгі мазмұны мен даму бағыттарын білдіретін бекітулер. Және қағидалар бұл атап айтқанда құқықтық, яғни, нормативтермен бекітілген және осы саланы реттеуші барлық құқықтық көздерде кездеседі. Олар мемлекеттік қызметтік қатынастардың мәнділігін, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын негіздейді.
Негізгі қағида - бұл «одан бас тартпайтын ғылыми немесе құндылықтық бастама, негіз, ереже». Қандай да бір ұстанымның болуы белгілі бір құрылымды өзгешелеп, көпшіліктен ерекшелейді. Сондықтан құқық пен оның институтының әрбір саласы үшін қағидалардың жиынтығы іргелі мәнге ие. Шешім қабылдауда бұл қағидаларды елемеуге жол берілмейді. Өйтпеген жағдайда заттарға, құбылыстарға көзқарас жүйесі өз құрылымы мен мәнін және мақсатын жоғалтады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет келесі қағидалаға сүйеніп, қызмет атқарады:
- заңдылық;
- Қазақстандық патриотизм;
- мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
- азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
- жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
- азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі;
- мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
- мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
- мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
- мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
- мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Барлық қағидалар бір - бірімен тығыз байланысты және келесі жүйеде қызмет атқаруға бағытталған: біреуін сақтау басқаларының іске асуына ықпал етеді және қағидалардың біреуін орындамау қалғандарының орындалуына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтің қағидалары мемлекеттік кадр саясатының қалыптасуы мен іске асуының маңызды негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негізі кемелдену мен толық аяқталғандықтан әлі де алыс екенін атап өткен жөн; мемлекеттік қызметті материалды, қаржылық, әлеуметтік қамтамасыз ету мықты және таза мемлекеттік бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазір мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайы оңды нәтижені үміттендіреді. Және де бұл шенеуніктер арасындағы жемқорлықтың өрістенуінің, кадрлардың бизнес саласына өтуінің, кәсіби жетілуде ынтаның жоқтығының себептерінің бірі. Бұдан мемлекеттік басқару жүйесі кадрлардың үздіксіз дайындығы мен қайта даярлауды, олардың мамандануын, қызметінің материлды-техникалық қамтамасыз етілуін күшейтуді қажет ететіні байқалады. Әлбетте ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер мемлекеттік қызметтің формасы мен мазмұнына елеулі әсер етеді.
Бұл жағдайдан шығу жолын көптеген мамандар мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлемдік стандарттарды енгізу, мемлекеттік қызметте халықаралық қағидаларды орнатуда деп тұжырымдап отыр.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Алғашында бұл сызба кадрды басқарудың үйреншікті түрін білдірді, яғни нормалар мен ережелер алдын ала жазылады және кадрды басқарудың басты әдісі болып әкімшілік әсер танылады. Заманауи жағдай және мемлекеттік қызметтің жаңа моделі ғылым мен тәжірибеге ерекше қызығушылық көрсетуде. Себебі мемлекеттік басқару жүйесінің ішкі кадр үрдістері халықтың бар топтарының тіршілік сапасын бейнелейді. Бұл орайда мансаптық өсім мен мемлекеттік қызметшілердің ұтымдылығы өзекті және мемлекеттік басқару үшін маңызды.
Қызметкерлерді мемлекеттік қызметке тартудың негізгі себебі жұмыстың тұрақтылығы, яғни азамат мемлекеттік қызметке белгісіз мерзімге орналасады. Маңызды ынталандырушы фактор болып мансаптық өсім танылады.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну, мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру және сапаны жақсартудағы үзіліссіз үдеріске тарту мақсатында іс жүргізу, қызметтік нұсқаулықтар, әр мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттері әзірленеді. Сол нұсқаулықтар негізінде енді жұмыстар атқарылып, оңды нәтижеге ұмтылу қажет.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік және басқа да органдармен, олардың құзыреттілігі және функционалдық міндеттері бөлігінде ұсынылады. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүйелендіру және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметті тұтынушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеудің тиімді деңгейіне қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылданғаны жөн.
Мемлекеттік басқарудың нәтижелілігіне қол жеткізу үшін жұмыс сапасын бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастырып, мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір саладағы қызметін жоспарлау жүйесін құру қажет. Мемлекеттік қызметшілердің өз орны мен стратегиялық функцияларды орындаудағы ролін дұрыс түсіндіріп, нәтижелі еңбекке бағытталуын қамтамасыз еткен жөн.
Мемлекеттік қызметтің жоғары сапалығы мен халыққа қол жетімділігі көбіне мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауына байланысты. Сол себепті мемлекеттік қызметшілер қызмет ету барысында басқару жүйесін қатаң қадағалап, бекітілген ұстанымдарына берік болғаны абзал. Көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін сараптамалық комиссия құрылуы қажет. Ол өздерінің басты мақсаты ретінде қоғамдағы ақпараттық технологиялардың ролін зерттеп, халықтың қажеттілігін зерттей отырып, қанағаттанарлық шешімдер қабылдауға тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет ел аузындағы елеулі мәселелердің бірі. Ондаған жыл бұрын мемлекеттік қызмет халықтың ойы тұрмақ, аузында да болмаған. Заман өзгере келе мемлекеттік қызметке деген сұраныспен қатар, оған деген қызығушылық та күннен күнге артуда. Оған басты себептің бірі - мемлекеттік қызметтің ұсынар тұрақтылығы мен ертеңге деген сенімді ұялатуында. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы - ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл-ауқатты арттыру.
- Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері.
Мемлекеттік басқарудың бар құрылымын күшейтпей қоғамның заманауи жағдайда жаңалануы мүмкін емес. Алайда мемлекеттік басқару жүйесінің өзі жеделдетілген реформалауды қажет етеді. Бұлардың барлығы келесідей мәселелерді туындатады:
- мемлекеттік аппарат олардың қайтарымсыздығының реформалары мен кепілдерінің басты қозғаушы ролін өзіне жүктеуге тиіс; - мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық, материалдық, қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі мықты бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты және бұл жемқорлықтың, кадрдың жоғарғы тұрақсыздығының, кәсіби жетілудің ынтасының жоқтығының басты себебі.
Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Қазақстандық үлгісін өрістете дамытудың төрт кезеңін ұсынуға болады:
1) Мемлекеттік қызметтің ымырашылдық мерзімі (1991-1995ж. ж. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz