Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. МЕНЕДЖМЕНТ ПӘНІН ОҚЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1 Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің теориялық негізі . . . 7
1. 2. Менеджмент пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық астарлары . . . 16
1. 3. Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі . . . 22
. ТАРАУ. МЕНЕДЖМЕНТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКЕЛІКТЕРІ
2. 1. Орта білім беретін оқу орындарында менеджмент пәнін оқыту ерекшеліктері . . . 25
2. 2. Менеджмент пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама . . . 26
2. 3 Орта кәсіптік білім беруді жандандыру (инновация) . . . 29
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Менеджмент пәнін кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Кәсіптік білім беру мекемелерінде менеджмент пәнін оқыту білім алушылардың менеджменттің негіздерімен, басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады. Осы пәнді оқыту әдістерінің ерекшеліктерін құру үшін келесі ұғымдарға тоқталамыз: менеджментті оқытудың әдістері мен құралдары, әдістерді классификациялау, оларды сабақта тиімді пайдалану, оқу әдістері, оқыту әдістері, оқытудың белсенді және интерактивті әдістері, проблемалық оқыту, түсіндіру-иллюстративті әдістер: пікір алысу, әңгіме, түсіндіру, лекция, әдебиетпен жұмыс т. б. демонстрациялау әдістері, практикалық әдістер, жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі, жаттығу түрлері және оларға қойылатын талаптар мен жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері, нұсқаулар, олардың түрлері, кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау.
Менеджмент негіздері пәні ретінде оқыту қазіргі кезде оқу орындарында барлық мамандық иелері үшін жүреді. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (И. Н. Герчикова, И. Кабушкин, Ф. М. Русинов, М. Л. Разу О. С. Виханский, А. И. Наумов, Ф. Тейлор, Веснин В. Р. т. б. ) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны менеджмент негіздері пәнін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т. б. бағыттарды жүзеге асырды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін менеджмент негіздері пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері болашақ менеджерлерді даярлау мәселесін жалпы педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М., Ахметов К. Ғ., Жұмабаев М., Жұмаев Ж. Ж. және т. б. ізденіс нәтижелерінің үлкен маңызы бар.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлаудың жалпы мәселесі және оларда жаңалықты енгізуге сәйкес оқыту үдерісі бойынша зерттеу нәтижелері қазақстандық педагог- ғалымдарымыздың Ахметов К. Ғ., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү. С., Жүнісов Б. А., Жұмаев Ж. Ж. Т. И. Есполов, Ж. Ж. Сулейменов. және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін менеджментті орта білім беретін оқу орындарында оқытуға мұғалімдер даярлау еңбектері қызығушылық танытады. Осы бағытта жүргізілген, психология, кәсіптік психология, кәсіптік педагогика, менеджмент және т. б. еңбектерді пайдалану болашақ менеджмент және экономика пән мұғалімдерін даярлаудың, қарастырып отырған педагогикалық жүйенің сыртқы құраушылары арқылы оқытудың нәтижесін арттыруға бағытталады.
Соңғы уақыттардағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының ішінен В. П. Симоновтың «Педагогический менеджмент. Ноу-хау в образовании», М. А. Гончаровтың «Основы менеджмента в образовании» еңбектері жаңа оқытудың технологиясына сәйкес мұғалімдерді даярлаудың нақты әдістемелік мәселесін қарастырады.
Осыған орай зерттеу проблемасы былай деп анықталды: менеджмент пәнін оқытудың әдістемелік негіздерін жасаудың теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеу мақсаты - менеджмент пәнін оқыту бағдарламаларын жасаудың дидактикалық негіздерін және оларға қойылатын талаптар мен типтік ерекшеліктерін анықтау негізінде жасауды негіздеп, оны қолданудың әдістемесін жасау және жасалған әдістеменің оқытудың тиімділігін арттыруға әсерін тәжірибелік-эксперименттік түрде тексеру.
Зерттеу нысаны - менеджмент пәнін оқыту әдістемесіннің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу пәні - орта білім беретін оқу орындарында менеджмент пәнін оқыту әдістемелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер менеджмент сабақтарын ұйымдастыру үшін педагогикалық әдістерді, ақпараттық технологияларды пайдалану, ноу-хау әдістерді пайдалану және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда оқушылардың білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дидактикадағы озық ғалымдардың [С. И. Архангельский, Ю. К. Бабанский, В. П. Беспалько, П. И. Пидкасистый, Н. Ф. Талызина т. б. ] іргелі еңбектері, білім беруді компьютерлендіру саласындағы [А. А. Андреев, Б. С. Гершунский, В. В. Гузеев, А. П. Ершов, Е. И. Машбиц, В. М. Монахов, С. Пейперт, Б. Баймұханов, Г. Қ. Нұрғалиева, С. Е. Чакликова, Ж. А. Қараев т. б. ], менеджмент пәнін оқытуды қарқындатудағы артықшылықтарына арналған зерттеулер [Т. И. Есполов, Ж. Ж. Сулейменов, Ахметов К. Ғ., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү. С., Жүнісов Б. А., Жұмаев Ж. Ж. және т. б. ] .
Зерттеудің теориялық негіздері: компьютерлік технологияларды менеджмент пәнін оқытуда қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістері, оқу процесінде ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдану жөніндегі зерттеулер, білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, орта оқу орындарында пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; оқулықтарға, есептер жинақтарына, әдістемелік құралдарға, ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау; оқушылардың менеджмент пәнінен білім, білік және дағдыларының жайын зерттеу; пән мұғалімдерімен әңгімелесу; тәжірибелік-эксперимент жүргізу, компьютерді қолданып жүргізілетін практикалық жұмыстарды зерделеу; сауалнамалар жүргізу; эксперимент нәтижелерін математикалық статистика көмегімен өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің тәжірибелік-экперименттік базасы: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ) .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- менеджмент пәнін оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері айқындалды;
- оқу орындарында менеджмент пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың қажетті шарттары анықталды.
I. ТАРАУ. МЕНЕДЖМЕНТ ПӘНІН ОҚЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1. Орта білім беретін оқу орындарындағы мененджмент пәнінің оқытудың маңызы
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдірісіне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшемімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерісін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, сана-сезімін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Осындай негізгі проблемаларды ескере отырып менеджмент негіздерін оқытудың жаңа үлгісін дайындау қажеттігін және оқу орындарында оқушыларға басқару негіздерімен таныстырып, болашақта білікті маман дайындау болып табылады.
А. А. Радугиннің менеджмент түсінігінің негұрлым қысқаша сипаттамасын қолданады. Оның пікірінше, менеджмент-бұл әрі өнер, әрі ғылым. Менеджментті оқыту болашақта басшы болуға негіз болу.
Менеджмент-бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д. Д жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген кітапта береді. Сондықтан менеджмент негіздерін оқыта отырып оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, өндірістік талаптарды үйрету, пәннің негізгі оқыту әдістемелерін дайындау.
Э. А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент-бұл нарық жағдайында, ы кәсірорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптерін мен қызметтерінғ әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін оқуыларға оқыту барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент - басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін оқушылардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің теориялық негізі-оқушылардың менеджмент пәнін оқытуда басқарудың әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың, малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролде психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.
Біздің елде барлық деңгейдегі бағдарламалы-мақсатты басқару бойынша мәнді тәжірибе жинақталған. Бірақ, бағдарламаның кейбіреуі толық күйде және өз уақытында жүзеге аспаған. Бағдарлама тапсырмасының орындалмау себептерінің ішінде бақылаудың ойдағыдай ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің төмен дәрежеде болуын және бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатындарды тиісті ынталандырудың болмауын атап көрсетуге болады. Бұл проблеманың өзектілігі нарықтық экономика талаптарына сай маман дайындау керектігін айқындайды. Бұрындары назардан тыс қалған басқару тәсілдерін қазіргі кезде оқу орындарында менеджмент негіздері пәнін оқытудың маңыздылығын анықтайды.
Жүйелі тәсіл мен бағдарламалы-мақсатты басқару менеджмент әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен, принциптерімен, функцияларымен және әдісімен тығыз өзара байланыста болады. Іргетасы болып саналатын осы негізгі тәсілдер оқушының бойында басқарушылық еңбегін дамытады.
1. 2. Менеджмент пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық астарлары
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Орта оқу орындарындағы менеджмент пәнін оқыту оқушылардың психологиясын педагогикалық шеберлікпен талдаған жөн. Жоғары және орта оқу орындарында менеджмент пәнін оқытудың маңыздылығын айқындай отырып, оқытудың проблемаларын шешу қажет. Өйткені қазіргі кезде Қазақстандағы менеджмент әлі де болса толық дамыған жоқ. Оған дәлел Швейцариядағы Давос қаласында жыл сайын өтетін дәрежелі форумда шет ел эксперттері келесі қортындыға келді: «Қазақстан елі барлық ресурстарға бай, бірақ бір кемшілігі-менеджмент төмен. » Сондықтан оқу орындарында менеджментті оқыту қажеттілігі туындап отыр. Болашақта білікті менеджер дайындау, осы менеджмент пәні арқылы іргетасы қаланары анық. Бұл пәнді оқыту басқарушылық өнердің негізімен қаруландыру.
Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта оқу орындары күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз орта оқу орындары басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта оқу орындарын басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т. б.
Менеджмен пәнін оқыту арқылы орта оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін ғылыми теориялық және практикалық тұрғыдан педагогикалық-психологиялық және әдіснамалық мазмұнда ұйымдастыра білетін, рухани-адамгершілік қасиеті мен кәсіби іс-әрекет әдебі қалыптасқан, парасатты, іскер, шығармашыл, толерантты, құзіретті, белсенді, болашақ мамандарды даярлау. Педагогикалық-психологиялық мақсаттарды айқындауда педагогтың үлесі мол. Өйткені, қазіргі кезеңдегі жоғары білімнің даму тенденциялары және негізгі бағыттары, әлемдік білім беру кеңістігін даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үдерісте орта оқу орнындағы білім берудегі педагогтың көп мәдениеттілігі және көп тілдділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуді, ақпарат құралдарын, компьютерлік технологиялар мен интернет мәліметтерін тиімді пайдалану туралы көзқарасты қалыптастыруды көздейді және оқу материялын оқушыларға тиімді игеруді ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай бүгінгі «жаңа формация» оқытушысы - ол рухани адамгершілігі жоғары азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашылық тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету ұмтылысы әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, каммуникативтік, толеранттық, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман болуы тиіс. Осы бағытта оқу орындарында педагогикалық менеджмент пәні жүргізіледі. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
1. 3. Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте « . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, »-деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Орта оқу орындарының оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Менеджмент пәнін дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Менеджментті дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.
1. Менеджментті дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Менеджментті дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын басқарушылық білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz