ЭСТ монитордың құрлымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 Кіріспе 3
2 Негізгі бөлім 4
2.1 Монитор 4
2.2 Монитордың түрлері 6
2.3 Электронды сәулелі түтікшелі монитор 6
2.3.1 ЭСТ ның пердесiнiң қисықтық радиусы 8
2.3.2 Түрлі түсті бейненің ЭСТ мониторларында пайда болуы 9
2.3.3 Түрлі түсті бейнелеудің қалыптастыру технологиясы 10
2.4 Сұйық кристалды мониторлар 11
2.5 Плазменді мониторлар 14
2.6 Пластикалық мониторлар 14
2.7 Монитордың жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы 15
2.8 Монитордың негізгі түрлерінің параметрлері мен салыстырмалы 16
сипаттамалары
2.9 Мониторлардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралардың стандарты17
3 Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Кіріспе
Дисплей немесе бейнемониторлар (мониторлар) ақпаратты көрсетудің
манызды құралдары болып табылады. Қазіргі кездегі бар мониторлардың тұрлері
әр-түрлілігімен ерекшеленеді. Оператор үшін экранның сапасы басқару және
ақпаратты өңдеу жүйелерінде жұмыс істеуде, шешуші фактор болып табылады,
өйткені бірнеше сағат бойы интенсивті жұмыс істеу адам үшін үлкен жүк
болады.
Компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық
құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай,цифрлық емес ақпаратты
өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді,деректер базасын және
басқаларды басқарады.Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген
өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділімен, жадының сыйымдылығымен және
бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютер
өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен өзара
жалғастырылған бірнеше блоктардан тұрады.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден
тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде
орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-
сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық
схемалар орналасқан. Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты
таңдау керек.
Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы.
Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі
тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені
жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналының өлшемімен анықталады. Өлшеу
бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14″, 15″,
17″, 19″, 20″, 21″. Қазіргі кезде мөлшерлері 15,17 дюймболатын мониторлар
кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймдік
мониторларды пайдаланған тиімді. Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын
күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар
арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын,
алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді.
Қазіргі кезде ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27мм.

2.1 Монитор
Монитор (monіtor) — компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді
экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те
атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма
генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады.
Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі
қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын
компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған
үйдегі телеэкранды пайдалануға болады.(сурет – 1 Монитор)

Сурет-1 Монитор
Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік
режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық
генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен
кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте
майда мозаикалық бейнелер шығарылады. Монитордың графикалық режимі аса
қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен
анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және
SuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік
және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына
байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді.
Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті
экрандағы нүктелер санына байланысты, мысалы горизонталь бағытта 200
нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ
800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары
Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі
кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі.
Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі
0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді.
Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады.
Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54
см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге
ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік
түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар.
Монитордың өлшемі бойынша рұқсаттылығы төмендегі кетеде берілген.
Монитор өлшемі Ұсынылатын мүмкіндік Максималды мүмкіндік
14 дюймдік мониторлар 640х480 800х600
15 дюймдік мониторлар 800х600 1024х768
17 дюймдік мониторлар 1024х768 1152х864
19 дюймдік мониторлар 1152х864 1280х1024
20 дюймдік мониторлар 1280х1024 1600х1200
21 дюймдік мониторлар 1600х1200 1600х1200

Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және
оптикалық қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті
ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-
нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе
1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі
кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды.
Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды
бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау
тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс
ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.
Мониторлардың негізгі түрлері. Ең көп тараған түрі – электронды-
сәулелі түтікшелер (ЭСТ) негізіндегі стандартты мониторлар. Мұндай монитор
жұмыс принципі жағынан кәдімгі телевизорға ұқсайды: электронды пушкамен
лақтырылатын сәулелер жиынын ерекше затпен – люминоформен қоршалған
кеңескоп бетіне түседі. Осы сәулелер әсерімен экранның әрбір нүктесі үш
түстің бірімен –қызыл, жасыл және көк түспен жарқырайды. Бұл бірнеше
онжылдық болған ескі технология, сондықтан ЭСТ-мониторлар бүгінге қымбат
емес құрылғылар.
• Ерекшелігі – жарықтылығының жақсылығы және бағасының төмендігі,
сондай-ақ рұқсаттылығы.
• Кемшілігі – ЭСТ-мониторлар салмағы және габариті жағынан
қазіргі компьютерлер миниатюрлі құрылғы дегенге сай келмейді.
Оған қоса пайдаланушыларға сәулелену жағынан кері әсер етеді.
Қазіргі кезде портативті компьютерлерден (ноутбуктерден) қолданы
-латын сұйық кристалды мониторлар бар.
Сұйық кристалды мониторда люминофор емес, оған келетін тоқтың әсерімен
өзінің түстік сипаттамаларымен өзгертетін миниатюрлі сұйық кристалды
элемент жарқырайды. Бұл ғажайып – кристалдардың қабатты өте жіңішке болуы
мүмкін – яғни, монитор қалыңдығы кішірейеді. Сұйық кристалды – мониторлар
активті және пассивті болып бөлінеді. Активті матрицалық мониторлар (ТҒТ) –
ең сапалы және ең қымбатты. Пассивті матрица (DSTN)-дағы бейнелер ТҒТ-ға
қарағанда күңгірт болады. Дегенмен DSTN – мониторлр 30 пайызға дейін
арзанырақ.
Үшінші ең жаңа технология бар – плазменді. Бұл монитордағы бейнелерді
тоқтың әсерімен өзінің түстерін өзгертетін плазма түрлендіреді. Плазменді
дисплейлер әзірге үлкен өлшемді экрандарды дайындау үшін қолданылады.
Плазменді мониторлар жұмысы төмен қысымды инертті газбен толтырылған,
түтікше түрінде жасалған неонды лампалар жұмысына ұқсас.
2. Мониторлардың түрлерi
2.3. Электронды-сәулелi түтiкше мониторлары
Бүгінгі күнгі ең кең тараған мониторлар - ол СRТ(Cathode Ray Tube)
мониторлары. СRТ мониторларының жұмыс принциптерін қарастырайық. СRТ немесе
ЭСТ-мониторында, іші вакуум, яғни ауасы шығарылған, әйнек түтікшесі болады.
Әйнек түтікшенің фронтал жағының ішкі бөлігі люминоформен жабылған.
Люминофор ретінде, түрлі-түсті ЭСТ -да, сирек кездесетін - иттрий, эрбит
сияқты металдар негізіндегі күрделі құрамалар қолданылады. Люминофор -
зарядталған бөлшектермен бомбалаған кезінде жарық шығаратын зат. СRТ
мониторында бейне туғызу үшін элекронды зеңбірек колданылады. Ол металл
маскасы немесе торы арасынан әр-турлі люминофорлық нүктелері бар монитор
экранның ішкі бетіне, электрондар ағымын жібереді. Электрон ағымы
түтікшенің фронталды бөлігі жолында, потенциалдар айырмасы принципі бойынша
жұмыс істейтін, модулятормен тездеткіш жүйе арқылы жүреді. Нәтижесінде
электрондардың бір бөлігі жарқыратуға жұмсалатын үлкен энергияға ие болады.
Электрондар люминофор қабатына тап болады, содан кейін электрондар
энергиясы жарыққа айналады, яғни, электрондар ағымы люминофор нүктелерін
жаңдырады. Бұл жанған люминофордың нүктелері мониторда көретін бейнелерді
тудырады. Түрлі-түсті СRТ мониторда, қазіргі кезде шығарылмайтын
монохромалық мониторға қолданатын бір зеңбіректің орнына үш электронды
зеңбірек қолданылады.

ЭСТ монитордың құрлымы
Адамның көру қабілетінің екі қасиетінің арқасында электрондық сәуле
түтікшелері бар мониторларда бейнелерді қалыптастыру әдістері мүмкін болды:

▪ Жарықтық тітіркенуді қабылданудағы инерттілік, ягни көз
торламасында фотохимиялық реакциялардың пайда болуымен тоқтауы,
импульс әсерінің басталуымен аяқталуынан кейін бірден пайда
болмай, тек сол инерцияны сипаттайтын кідірістен кейін
орындалады. Кәдімгіде кездесетін бақылау жағдайында көру сезімнің
көбею уақыты 0,1 секунд құрайды. Жарық тітіркенуінің аяқталуынан
кейін жарықтың қозудың сақталу уақыты 0,4-1,0 с. құрайды.
Көруқабілетінің осындай қабілетінің арқасында, бейненің жолақтан
жолаққа элементтерін бөлшектеп ашып көрсету және бір
жартылайкадрден басқаны өндіру мүмкіндіктеріне жеттік
(бейненің жоларалық әдістемесі аркылы пайда болған кезінде), яғни
бейне бірін бірі тез алмастырып отыратын жолақша және кадр
түрінде көрінеді.
▪ Орын ауыстырудың шектелген рұқсаттық қабілеттілігі. Бұл
қасиетті экран мониторында қозғалыстағы заттарды көрсеткенде
есептеленеді. Қозғалыс бірқалыпты болып көріну үшін, әр заттың
орнының өзгеруі кішігірім "бөліктермен" берілу тиіс,
яғни суреттердегі айырмашылықтар жеткілікті кішкене болу керек
(мультипликациядағыдай). Қозғалыс, жеке
айырмашылығы аз қозғалыс фазаларын кадрлы көрсету арқылы
беріледі.
2.3.1 ЭСТ-ның пердесiнiң қисықтық радиусы
Перденiң формасы бойынша қазiргi кинескоптар үш түрлерде жiктеледi: (1-
шi сурет) сфералық және цилиндрлiк, жазығы.

Перденiң бетiнiң сфералық перделерiнде дөңес және (нүкте ) барлық
пикселдер электрондық зеңбiректен тең қашықтықтарда болады. Мұндай ЭСТлар
қымбат емес, бiрақ олар суретті онша емес сапада көрсетеді. Дәл қазiр тек
арзан мониторларда ғана қолданылады.
Жазық перделер (Flat Square Tube) өте перспективалы. Мониторлардың
өзi мүлтiксiз үлгiлерiнде бекiтiледi. Мысалы, бұл түрдiң кейбiр
кинескоптары жазық негiзiнен болып табылмайды - олар керемет үлкен (80
молар - тiгiнен, 50 молар - көлденең) қисықтық радиусы артынан бiрақ (бұл
Sonyның серiктестiгiнiң FD Trinitronнiң кинескобы) шындығында жазық
көрiнедi.
Кинескоптың маңызды параметрi оның бетiнiң шағылатын және қорғайтын
қасиеттерi болып табылады. Егер перденiң бетi ешқалай өңделмесе, онда ол
арқа болатын қолданушылардың барлық заттары, сонымен бiрге өзiнiңдi қамтып
көрсетедi. Бұдан басқа, екiншi шығаруды люминофорға электрондардың дәл
тигiзу пайда болатын ағын адам денсаулыққа негативтi ықпал ете алады.
Кең таралғандарды және перденiң жылтыр өңдеуiн түсiнiктi түр кремнидiң
диоксидтi жабулауы болып табылады. Бұл химия Қосулары перденiң бетiне
кiрбiк енедi. Егер микроскопқа перденiң кремниiнiң өңдеген диоксидiмен
орналастырса, онда жарық арқылы қамтып көрсетедi әр түрлi бұрыштардың
астында беттен дақтар пердеде жоя жаңқалайтын кедiр-бұдырлық, тегiс емес
беттi көруге болады. Жамылғы Антибликовое пердеден мәлiметтi кернеусiз
жанында тiптi бұл процесс жеңiлдете жарықты жақсарамыз қабылдауға
көмектеседi. Кейбiр жасап шығарушылар кинескоп статикке қарсылардың функция
орындайтын химия Қосулары сонымен бiрге жамылғыларға толықсытады.
Суреттiң сапаны жақсартуы үшiн өте алдынғы әдiстердегi перденiң
өңдеулерi химия Қосуларының әр түрлi түрлерiнен көп қабатты жамылғыларын
қолданылады. Жамылғы тек қана сыртқы жарықтың пердесiнен қамтып көрсетуi
керек. Ол перденiң жарықтығы және перденiң өңдеуi үшiн қолданылатын
кремнидiң диоксидiнiң ұтымды санында жететiн суреттiң айқындығына ешқандай
да ықпалы тюы керек.
2.3.2 Түрлі-түсті бейненің ЭСТ мониторларында пайда болуы
Люминофор ретінде, түрлі-тусті ЭСТ-да, сирек кездесетін - иттрий, эрбит
сияқты металдар негізіндегі күрделі құрамалар қолданылады. Люминофор-
зарядталған бөлшектермен бомбалаған кезінде жарық шығаратын зат. СRТ
мониторында бейне тұғызу үшін электронды зеңбірек қолданылады. Ол метал
маскасы немесе торы арасынан әр-түрлі люминофорлық нүктелері бар монитор
экранның ішкі бетіне, электрондар ағымын жібереді. Электрон ағымы
түтікшенің фронталды бөлігі жолында, потенциалдар айырмасы принципі бойынша
жұмыс істейтін, модулятормен тездеткіш жүйе арқылы жүреді. Нәтижесінде
электрондардың бір бөлігі люминофорды жарқыратуға жұмсалатын үлкен
энергияға ие болады. Электрондар люминофор қабатына тап болады, содан кейін
электрондар энергиясы жарыққа айналады, яғни, электрондар ағымы люминофор
нүктелерін жандырады. Бұл жанған люминофордың нүктелері мониторда көретін
бейнелерді тудырады. Түрлі-түсті СRТ мониторда, қазіргі кезде шығарылмайтын
монохромалық мониторға қолданатын бір зеңбіректің орнына үш электронды
зеңбірек қолданылады.
Адамның көздері неше түрлі түстерді тудыратын негізгі түстерден және
олардың комбинацияларынан әсер алады: қызыл (Red), жасыл (Green). көк
(Вlue). Электронды сәулелер түтікшесінің фронталды бөлігін жабатын
люминофор қабаты, өте кішкене элементтерден тұрады (адам көзі көрмей
қалатындай кішкенелік). Бұл люминофорлық элементтер негізгі түстерді қайта
көрсетеді, түстері RGB негізгі түстеріне сәйкес келетін әртүрлі түсті
бөлшектердің іс жүзінду үш түрі бар (осыдан люминофорлық элементтер тобының-
триада деген аты шыққан). Люминофор, жоғарыда айтылғандай, үш электрондық
зеңбірек шығаратын жылдамдатылған электрондардың әсерінен жарық бере
бастайды. Үш зеңбіректің әрқайсысы негізгі түстің біріне сәйкес келеді және
электрондар будасын люминофордың әртүрлі бөлшектеріне жібереді, оның
түрліше канықтылықтағы негізгі түстер жарығын беруі қиыстырылады, соның
нәтижесінде қажетті түстегі бейне қалыптасады. Мысалы, егер қызыл, жасыл
және көк люминофорлық бөлшектерді белсендірсе, онда олардың киысуы ақ түсті
қалыптастырады. Электронды-сәулелік түтікшені басқару үшін басқарушы
электроника қажет, оның сапасы көбінесе монитордың да сапасына әсер етеді.
Айта кету керек, әртүрлі өндірушілер жасайтын басқарушы электроника
сапасының айырмашылығы, ұқсас электронды-сәулелік түтікшелі мониторлардың
арасындағы айырмашылықты білдіретін белгілердің бірі болып табылады.
Түрлі-түсті көріністерді қалыптастыру тәсілінің негізінде түсті көрудің
ең манызды мынадай қасиеттері жатыр:
1. Түстің көрінуінің үш құрамдастығы. Бұл барлық түстердің үш жарық
ағымдарының, мысалы, қызыл, көк және жасыл, қосылуы (араласуы)
жолымен алынуы мүмкікдігін білдіреді, ол түрлі түсті
телевизорлар мен мониторларда түрлерді аддитивті араластыру
әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Түстің кеңістіктегі орташасын шығару. Егер түрлі түсті
бейнелеуде жақын орналасқан түрлі түсті бөлшектер болса, онда
біз жекелеген бөлшектердің түсін алыстан айыра алмаймыз.
Түстердің араласу заңдарына сәйкес бүкіл топ бір түске боялады.
Мұндай көру қасиеті монитордың электронды-сәулелік түтікшесінде
қатар жатқан люминофорлық бір көрінетін элемент түсін
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
2.3.3 Түрлі түсті бейнелеуді қалыптастыру технологиясы
Түрлі түсті бейнелеу технологияларын толығырақ қарайық. Қызыл
люминофорлық элементтерге арналған электрондық сәуле жасыл немесе көк түсті
люминофорға әсер етпеуі тиіс. Оған қол жеткізу үшін арнайы перде
пайдаланылады, оның дискреттік (кеңумен) бейнелеуді қамтамасыз ететін
құрылымы әртүрлі өндірушілердің кинескоп үлгісіне байланысты. ЭСТ екі
класқа бөлуге болады - үш сәулелі электрондық зеңбіректер сүйірленіп
орналасқан және электрондық зеңбіректер жайылып орналасқан. Бұл
түтікшелерде саңылаулық және көлеңкелік перделер қолданылады, дегенмен
дұрысын айтсақ, олардың бәрі көлеңкелік. Мұндайда электрондық зеңбіректер
жайылып орналасқан түтікшелерді сәулелер өздігінен жинақталатын кинескоптар
деп те атайды, өйткені жайылып орналасқан үш сәулеге Жердің магнит өрісінің
әсері іс жүзінде бірдей болады, сондықтан түтікшенің Жер өрісіне қатысты
орналасуы өзгергенде қосымша реттеулер қажет емес. Сонымен, ең көп тараған
перде үлгілері көлеңкелік, ал олардың екі үлгісі "Shadow mask" (көлеңке
пердесі) және "Slot Mask" (саңылау пердесі) бар.
Көлеңке пердесі (shadow mask) бүл СRТ мониторлар үшін ең көп тараған
перде үлгісі. Көлеңке пердесі люминофорлы қабаты бар шыны түтікшенің
алдынғы бөлігіндегі металл тордан құралады. Әдетте, қазіргі заманғы
көлеңкелік перделердің көпшілігін инвардан (іnvar, темір мен никельдің
қоспасы) жасайды. Металл тордың тесіктері көздеуіш (онша дәл болмаса да)
сияқты қызмет атқарады, онымен электрондық сәуленің тек белгіленген
аймақтағы ғана және тек қажетті люминофорлық элементтерге ғана тиюі
қамтамасыз етіледі. Көлеңке пердесі біртектес нүктелері бар тор (триада деп
те аталады) құрады, оның әрбір нүктесі негізгі - жасыл, қызыл және көк - үш
люминофорлық элементтен тұрады. Олар электрондық
зеңбіректердің сәулелері әсерінен әртүрлі қарқынмен жарық береді. Үш
электрондық сәуленің әрқайсысының ағынын өзгертумен нүктелер триадасы
тудыратын бейне элементінің кез келген түсін жасауға болады.
Бір түсті люминофорлық элементтер арасындағы ең қысқа қашықтық dot
pitch (немесе нүкте адымы) деп аталады және бейнелеу сапасының индексі
болып табылады. Нүкте адымы әдетте миллиметрмен (мм) өлшенеді. Нүкте адымы
неғұрлым қысқа болса, мониторда көрсетілетін бейненің сапасы соғұрлым
жоғары болады.
Саңылау пердесі (slot mask) ол люминофорлық элементтер тік тұрған сопақ
ұяларда орналасу технологиясы, ал перде тік сызықтар болып жасалады. Нақты
айтқанда, тік жолақтар сопақ ұяларға бөлінеді, олар үш негізгі түстің үш
люминофорлық элементтерінің топтарынан тұрады. Екі ұяның арасындағы ең
қысқа қашыктық slot pitch (саңылау адымы) деп аталады. Slot pitch мәні
неғұрлым аз болса, мониторда көрсетілетін бейненің сапасы соғұрлым
жоғарылайды.
2.4. Сұйық кристалды мониторлар (Liquid Cistal Display - LCD-мониторлар).
LCD (Liquid Cistal Display, сұйық кристалды мониторлар) сұйык күйдегі,
бірақ соның өзінде кристалл денелерге тән кейбір қасиеттері болатын
заттардан жасалады. Іс жүзінде ол молекулалар тәртіптеліп бағытталуымен
байланысқан қасиеттердің анизотропиясы (атап айтқанда оптикалық) болатын
сұйықтар. Сұйық кристалдардың молекулалары электр қуатының әсерінен
өздерінің бағытын өзгерте алады және соның нәтижесінде өздерінен өтетін
жарық сәулелерінің қасиеттерін өзгертеді. Осы жаңалық негізінде және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ПӘНІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дербес компьютер құрамы
Сұйықкристалды монитордың матрицасы
Дербес компютердің анықтамасы
Баспа құрылғылары
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Визуал Бейсик отрасында светофор бағдарламасын құру
Жаңа информациялық технологиялар
Дербес компьютердің құрылысы туралы
ЭЕМ-нің құрылғылары,құрамы және қызметі
Пәндер