Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Нақты міндеттемелер есебінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4
1.1 Нақты міндеттемелер
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4
1.2 Нақты міндеттемелерді
тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .9
1.3 Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 Нақты міндетемелер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...19
2.1 Ұзақ мерзімді міндеттемелер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.2 Қысқа мерзімді міндеттемелер
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 ХБЕС-қа сәйкес міндеттемелер есебін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...38
Қосымша материал А Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің
Жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...39
Қосымша материал Ә Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бухгалтерлік
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..44
Қосымша материал Б Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің Пайда мен залал
есептілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 5

Кіріспе

Кез-келген салада қызмет атқаратын шаруашылық жүргізуші субьект өз
өндірісін, қызмет көрсетуін, жұмыс атқаруын жүзеге асыру мақсатында
кәсіпорынды қажетті материалдармен, қызметтермен, жұмыстармен қамтамасыз
етіп отырады. Көбіне кәсіпорын өзінің өндірістік қажеттіліктерін
қанағаттандыру барысында алынған метериалдары, қызметтері, жұмыстары үшін
төлемді бірден жасамайды, яғни басқа кәсіпорындарға міндетті болады. Тіпті
өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субьектілердің өзі қарамағында
жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін
міндеттемесі болуы мүмкін. Сонда міндеттемені ресурстардың кетуі ретінде
сипаттауға болады. Осыған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің кез-келген
қызмет сатысында туындайтын міндеттемелерінің есебін жүргізу ары қарай
қызметін жалғастырумен байланысты болуы мәселенің өзектілігі ретінде
көрсетіледі.
Міндеттемелердің жіктемесіне тоқтала отырып, нақты міндеттемелер
есебін жүргізу курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері төмендегідей:
- нақты міндеттемелер түсінігіне тоқталу;
- нақты міндеттемелерді тану әдістерін қарастыру;
- Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық
жағдайы мен банкрот болу ықтималдығын талдау;
- ұзақ мерзімді міндеттемелер есебін зерттеу;
- қысқа мерзімді міндеттемелер есебіне тоқталу;
- ХБЕС-қа сәйкес міндеттемелер есебін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеттемелер қысқа мерзімді (ағымдағы) міндеттемелер және ұзақ
мерзімді міндеттемелер болып бөлінеді.

1 Нақты міндеттемелер есебінің теориялық негіздері
1.1 Нақты міндеттемелер түсінігі

Қандай да болмасын шаруашылық жүргізуші субьектілердің олардың қандай
салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың
барлығының да міндеттемелері болады. Кез-келген шаруашылық қызметпен
айналысатын субьекті өнімді өндіру, қызметті көрсету, жұмысты атқару үшін
қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті
болса, саудамен айналысатын шаруашылық субьектілері сол сататын тауарларын
жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субьектінің алдында міндетті болуы
мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субьектілердің өзі
қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі
үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында
міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен
банктер, банктен тыс мекемелердің, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің
жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп
алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып
жатқан субьектілер көптеп кездеседі. Міндетемелер –дара кәсіпкердің
немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны
реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады
[1]. Сонымен қатар Ұлттық қаржылық есептіліктің №1 стандартында
міндеттемеге келесідей анықтама берілген міндеттеме-өткен оқиғалардан
туындайтын жеке кәсіпкердің немесе ұйымның бар міндеті, оны реттеу
экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды істен шығаруға әкеп соқтырады
[2]. Ал Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартында міндеттеме – бұл
реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін
бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы
міндеті деп көрсетілген [3]. Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар
ресурстарды компаниядан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының
нәтижесі ретінде пайда болған компанияның ағымдағы міндеттемесі деп
халықаралық стандарттарда көрсетілген [4]. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның
(борышқор) пайдасын көздейтін тиісті орындау борышы немесе міндеті.
Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау,
ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әркеттен тартыну (бас тарту),
ал несие беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттемелердің үш белгісі:
• міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару
жолымен реттеледі;
• кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
• міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Міндеттемелердің құрамына:
1) қысқа мерзімді несиелер мен овердрафт;
2) несиелік қарыз:
- төленетін шоттар мен вексельдер;
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
- салық бойынша қарыздар;
- төленетін дивиденттер;
- негізгі шаруашылық серіктестіктер мен оның еншілес серіктестіктері
арасындағы қарыздары;
- акционерлік қоғамның лауазымдық тұлғаларына қарыздар;
- өзге де несиелік қарыздар;
3) төленетін есепке алынған шығындар;
4) алдағы кезеңдердің табыстары;
5) күтпеген жағдайлар бойынша аударылған төлемдер кіреді.
Келісім-шарттық міндеттемелер немесе заңдық талаптар нәтижесінен
міндеттемелердің заңдық күші болуы мүмкін. Көбінесе, бұндай жағдай
алынылған тауарлар, қызметтер, жұмыстар нәтижесінда пайда болған
кредиторлық берешектермен байланысты болады. Бірақ міндеттемелер күнделікті
жұмыс тәжірибесінен де, қалыптасқан дәстүрлерден де, әділетті іс жүргізуден
де туындауы мүмкін. Егер кәсіпорын өз саясатын өзгертіп, өз өнімінің
кемшіліктерін жоюы туралы шешім қабылдаса, онда сатылған тауарлармен
байланысты шығындарды міндеттемелер ретінде қарауға болады.
Заңды міндеттеме -шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар
негізінде), заңнама немесе заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын
міндеттеме болса,
енгізілген міндеттеме - компанияның саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты
ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан
өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсету,
нәтижесінде компания өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген
күтулермен тараптарға сендіру сияқты іс-әрекеттерінен пайда болатын
міндеттемелер [4].
Нақты, шартты, бағаланатын міндеттемелерді ажырату керек, себебі бұл
міндеттемелерді нақты анықтауға мүмкіндік береді (1-сурет).

1-сурет. Міндеттемелер

Бағалау міндеттемелері мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойынша
белгісіз міндеттемені білдіреді [4].
Бағаланушы міндетемелерге:
• табыс салығы бойынша кәсіпорынның бюджеттің алдындағы борышы;
• кепілдік міндеттемелер бойынша төлемдер;
• жұмыскерлерге еңбек демалысы кезінде жасалынатын төлемдер бойынша
борыштар жатады.
Шартты міндеттеме - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның
бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ
оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал, бұрынғы
оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ экономикалық пайдасы бар ресурстарды
шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан
немесе міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен,
танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды [4].
Жалпы алғанда, барлық бағалау міндеттемелері шартты болып табылады,
өйткені оларды уақыт және сомаға бөлу анықталмаған. Алайда шартты термині
танылмаған міндеттемелер мен активтерге қолданылады, өйткені олардың болуы
компания толық бақылауға алмайтын белгісіз болашақ оқиғалардың біреуінің
немесе одан да көбінің басталуы не басталмауымен расталады. Бұдан басқа,
шартты міндеттеме термині мойындау критерийіне жауап бермейтін
міндеттемелерге қолданылады.
Нақты міндеттемелер кәсіпорынның іс-әрекеттерінен пайда болатын
міндеттемелер сияқты міндеттеме тәжірибесінде пайда болатындарды
айқындайды: саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен
жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан компания өзіне
жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетеді немесе
нәтижесінде компания өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген
күтулермен тараптарға сендіреді.
Нақты міндетемелерге:
• төленуге тиісті жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары, вексельдер,
дивидендтер;
• қосылған құн салынатын және акциздік салықтар;
• ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі;
• есептелген еңбек ақы бойынша борыштар жатады.
жөнелтілетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер үшін сатып алушылар мен
тапсырыс берушілерден алынған аванс бойынша борыштар жатады.
Нақты міндеттемелерді төлеу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
• ақшалай қаражатпен төлеу;
• активтерді табыстау;
• қызмет ұсыну;
міндетемені басқа міндеттемемен ауыстыру.
Міндеттемелердің пайда болуы болашақта ресурстардың кетуіне
әкелетіндіктен, бұл міндеттемелерді өтеу мерзімдері шаруашылық жүргізуші
субъектінің қаржылық жағдайын нақты анықтауға, бағалауға мүмкіндік береді.
Активтер сияқты міндеттемелер қысқа мерзімді (ағымдағы) міндеттемелер және
ұзақ мерзімді міндеттемелер болып бөлінеді.
Ағымдағы міндеттемелер ағымдағы ресурстармен жабылатындықтан ұзақ
мерзімді міндеттемелер сияқты әсер ете алмайды. Ал ұзақ мерзімді
міндеттемелердің өтелу мерзімі бірнеше жылға созылатындықтан, шаруашылық
жүргізуші субъектінің жағдайына басқаша әсер етеді [5].
Шаруашылық жүргізуші субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа
мерзімді ретінде сыныптайды:
- субъект оны кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі барысында өтеуді
болжайды;
- субъект міндеттемені негізінен сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;
- субъект міндеттемені есепті кезеңнің аяғынан бастап он екі ай ішінде
өтеуді болжайды;
- субъектінің осы міндеттемені өтеуді есепті кезеңнен кейін кемінде 12 айға
қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.
Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс
[3].

1.2 Нақты міндеттемелерді тану

Кейбір жағдайларда, мәселен, сотта қарағанда, компанияның ағымдағы
міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы
оқиға, есепті күнгі ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай
міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар
куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып
келеді деп есептеледі. Әдетте, барлық жағдайларда өткен оқиғаның ағымдағы
міндеттемелердің пайда болуына әсері анық болады. Сирек жағдайларда ғана,
мәселен, сот қарауларында, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына белгілі
бір оқиғалардың әсері болған-болмағандығы туралы пікір таластыруға болады.
Мұндай жағдайда компания, мысалы, сарапшылардың пікірлерін қоса алғанда,
барлық мәліметтерді назарға ала отырып, есептік күніне ағымдағы
міндеттеменің болғандығын анықтайды. Қаралатын мәліметтерге есептік күнінен
кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша деректер де
кіреді. Осындай мәліметтер негізінде:
• есептік күні ағымдағы міндеттеменің болу мүмкіндігі оның болмау
мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда, компания бағалау міндеттемесін
таниды (тану критерийлерін сақтаған кезде);
• есепті күні ағымдағы міндеттеменің болуына ешқандай негіз жоқ болған
жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару
мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді
ашады.
Ағымдағы міндеттеменің пайда болуына алып келетін өткен оқиға
міндеттелген оқиға деп аталады [4]. Міндеттелген оқиға компанияда осы
оқиғаның нәтижесінде пайда болған міндеттемені өтеудің нақты баламасының
жоқтығы болып табылады. Бұл:
• компания міндеттемені өтеуге заң бойынша мәжбүр болған жағдайларда
ғана жүргізіледі;
• енгізуден туындаған міндеттеме жағдайында оқиға (компанияның іс-
әрекетімен болуы мүмкін) басқа тараптарда компанияның өз
міндеттемелерін орындағаны туралы негізделген күтулер тудырады.
Қаржылық есептілікте есептік кезеңнің соңындағы компанияның
болашақтағы ықтимал жағдайы емес, оның қаржы жағдайы көрсетіледі. Сондықтан
болашақта келтірілетін шығындар бойынша ешқандай бағалау міндеттемелері
мойындалмайды. Компанияның балансында танылатын жалғыз міндеттеме есептік
күнінде болған міндеттемелер болып табылады.
Бағалау міндеттемелері ретінде компанияның болашақ іс-
әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы
оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай
міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе компанияның болашақ іс-
әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы
бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы
нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады. Компания, сол
сияқты, мұнай өңдеу немесе атом электр станциясы ғимараттарын жоюға кеткен
шығындар бойынша бағалау міндеттемелерін таниды және компания үшін
келтірілген зиянды жою міндет болып саналады. Осыған қарама-қарсы нарық
конъюктурасының қысымымен немесе заң талаптарына байланысты компания
болашақта белгілі бір түрде (мысалы, компанияға белгілі бір түрдегі түтін
фильтрлерін орнату) жұмыс істеу үшін шығын шығару қажет болуы мүмкін.
Компания өз іс-әрекеттерімен болашақ шығындарды болдырмау үшін
операцияларды жүргізу әдісін өзгерте отырып, осы болашақ шығындар бойынша
ағымдағы міндеттемелерді қабылдамауы мүмкін және ешқандай бағалау
міндеттемелері мойындалмайды.
Міндеттеме әрқашан алдында міндеттемесі бар басқа тараптарды тартады.
Осыған қарамастан, алдында міндеттемесі бар тарапты білу міндет емес, - бұл
тұтастай бір қоғам болуы мүмкін. Міндеттеме басқа тараптың алдындағы міндет
болғандықтан, басшылықтың немесе директорлар кеңесінің шешімі тәжірибеден
туындаған міндеттемелердің есептік күні пайда болуына әкелмейді, бұған
осындай шешімге тап болатын тараптар бұл туралы есептік күніне дейін және
барынша нақты нысанда компанияның өз міндеттемелерін орындайтыны туралы
негізделген күтулер тараптарда пайда болғандығы хабарланған жағдайлар
қосылмайды.
Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы
міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе компанияның іс-
әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) практикадан туындайтын
міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған
ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы
мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе компания өзіне
ашық түрде практикадан туындайтын міндеттеме жасайтын зиянды жоюға
жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға
болады. Егер заңнамаға болжанып отырған өзгеріс әлі де талқылау үстінде
болса, өзгеріс қандай түрде ұсынылса, сол түрде қабылданатынына күмән
болмаған жағдайда ғана міндеттеме пайда болады. Мұндай міндеттеме заңды
міндеттеме ретінде қарастырылады. Заң күшіне енген жағдайлардағы
айырмашылық заңды енгізу сөзсіз жасайтын бірыңғай оқиғаны көрсетуге
мүмкіндік бермейді. Көптеген жағдайларда заңды нақты қабылдағанға дейін
оның қабылдануына шын мәнінде сенімді болу мүмкін емес.
Міндеттеме мойындау критерийлеріне сәйкес келуі үшін тек қана
ағымдағы міндеттемелер қажет емес, сонымен бірге осы міндеттемені жою үшін
экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі де қажет. Осы
ресурстарды шығару немесе өзге де оқиғалар ықтимал осындай оқиғалардың
басталу мүмкіндігі оның басталмауына қарағанда жоғары. Ағымдағы
міндеттеменің барлығына сенім болмаған жағдайда, экономикалық пайдасы бар
ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болып табылған жағдайларды қоспағанда,
компания шартты міндеттемелерді ашады.
Бірқатар ұқсас міндеттемелер (мысалы, бұйымның сапа кепілдігі немесе
ұқсас шарттар) болғанда міндеттерді өтеуге қажетті ресурстарды шығару
мүмкіндігі тұтастай міндеттемелер тобын қарау арқылы анықталады. Кез-келген
бір бап бойынша ресурстарды шығару мүмкіндігі аз болғанына қарамастан,
қандай да бір ресурстарды шығару тұтастай міндеттемелер тобын өтеу үшін
қажет болады. Мұндай жағдайда бағалау міндеттемелері танылады (мойындаудың
басқа критерийлері сақталған жағдайда).
Бағалауды пайдалану қаржылық есептілікті дайындаудың елеулі бір
бөлігі болып табылады және оның сенімділігін жоймайды. Бұл баланстың
көптеген басқа баптарына қарағанда өз сипаты бойынша неғұрлым белгісіз
болатын бағалау міндеттемелеріне тән. Өте сирек жағдайларда ғана компания
ықтимал нәтижелердің диапазонын анықтауға және, тиісінше, бағалау
міндеттемелерін мойындау кезінде пайдалану үшін барынша сенімді
міндеттемелерді бағалауға кабілетті. Ерекше сирек жағдайларда, сенімді
бағалауды жасау мүмкін болмаған жағдайларда, мойындау мүмкін емес
міндеттемелер болады. Мұндай міндеттемелер шартты міндеттемелер ретінде
ашылады.

1.3 Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқаша
сипаттамасы

Шағын кәсіпкерлік субъектісі Компания Техмаркет жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңдары бойынша серіктестік
заңды тұлға болып есептеледі, зандары бойынша орташа жылдық жұмысшыларының
саны елу адамнан аспайтын және жылдық активтерінің жалпы құны алпыс мың
еселік айлық есептік көрсеткіштен жоғары болмайтын шағын кәсіпкерлік нысаны
ретіндегі занды тұлға болып табылады.
Серіктестіктің мемлекеттік тілдегі атауы Компания Техмаркет
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола
облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 141 үй.
Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген. Серіктестік мынадай кызмет
түрлерін іске асырады:
• санаткерлік меншіктегі өнімдерді өндіру мен сату;
• электронды және есептік техникаға сапалы қызмет көрсету және жөндеу;
• баспасөздік қүрал-жабдықтарды сату;
• баспасөздік өнімдерін дайындау және сату;
• ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару, өндіру, сатып алу және өткізу;
• сауда- сатып алу кызметі (подакцизныйдан басқа);
• ішкі экономикалық қызметі;

• көтерме, бөлшек саудасын ұйымдастыру подакцизныйдан басқа;
• тұтыну тауарларын дайындау, өндіру, өндеу және тарату, соның ішінде
құрылыс құрылғылары, заттары мен материалдары;
• азаматтық және өндірістік ғимараттардың құрлысы, жөндеу және
пайдалану;
• жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету;
• дүкендер, супермаркеттер, сауда пунктерінің және сауда үйлерінің
желісін ұйымдастыру;
• қоғамдық тамақтану пунктерін (шағын наубайхана, дүкен, мейрамхана,
жазғы кафелер, асханалар, кулинария, барлар, кәуапханалар және т.б.)
ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Зандылыктарында тиым салынбайтытын басқа
қызмет түрлері.
Жарғылық қызмет шегіне кіретін, бірақ Қазақстан Республикасының
заңдылықтарына қарсы келмейтін мәмілелер заңды деп танылады. Егер қандай да
болмасын қызмет түрін жүзеге асыруға арнайы рұксат (лицензия, сертификат)
керек болса, ондай жұмыс түрін серіктестік тек рұксат алғанан кейін ғана
жүзеге асырады.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлга
кұкығына ие болады. Серіктестікің мөрі, дербес балансы, банктерде дара
есепшоты және ресми атаулары бар бланктері бар. Серіктестік қызмет
мақсаттарын іске асыру барысында әз атынан келісім-шарттарын жасауға
мүліктік және жеке өз басының мүліксіз құқықтарынына ие бола алады,
міндеттер атқаруға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға кұкығы бар.
Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде өзінің
дербес бөлімшелері мен өкілдіктерін кұруға, басқа заңды тұлғаларға қатысушы
болуға кұқылы.
Серіктестік өз міндетемелері бойынша өзінің барлық меншігіндегі
мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздарынна жауап бермейді.
Серіктестік мемлекет серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді.
Серіктестіқ өз катысушыларының міндеттеріне жауап бермейді. Серіктестікке
қатысушылары оның міндеттемелеріне жауап бермейді және серіктестіктің
қызметне байланысты өздері косқан салым кұнының шегінде шығындану каупіне
тәуекел етеді.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 100 000 (жүз мың) теңгені құрайды.
Серіктестіктің тіркеу мерзіміне қатысушылар Жарғылық капитал толығымен 100
пайыз енгізілген.
Жарғылық капиталдағы қатысушылардың үлестері:
- Майзельс И.Ф. 20 000 тенге 20 пайыз
- Коло Г.В. 75 000 тенге 75 пайыз
- Плешканев Ю.В. 5 000 тенге 5 пайыз
Барлығы: 100 000 тенге 100 пайыз
Серіктестіктің Жарғылық капиталына косатын салым ақша, құнды
қағаздар, заттар, мүліктік құқық, сонымен бірге жер иелену құқығы, ой-сана
қызметі нәтижелерінің құқығы немесе басқа мүлік болуы мүмкін. Өзінің жеке
басының мүліктік емес құқығы және басқа заттық емес игіліктер түрінде салым
салуға рұқсат берілмейді. Серіктестіктің мүлкіндегі қатушылардын үлестері
оның Жарғылық капиталға салған салымына сайма-сай не бүтіннің бір бөлігі
немесе проценті түрінде көрінеді. Бір жыл ішінде серіктестікке қатысушылар
Жарғылық капиталға салым салудағы өзіне қатысты бөлігін салу міндетін
орындамаған жағдайда, серіктестікке төленбеген бөліктің сомасына айып
төлеуі керек. Айып мөлшері ақшалай міндеттерді орындау күніне немесе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландырған ресми
еңбекакы мөлшеріне сәйкес есептеледі. Қатысушылардың шешімі бойынша
серіктестіктің Жарғылық қапиталының мөлшері өзгеруі мүмкін Серіктестіктің
Жарғылық капиталының өсуі қатушылардын қосымша сайма-сай ақша салуы
жолымен, серіктестіктің меншікті капиталының шын құны өз баланыстық кұнынан
асып таза активтерді кайта бағалау арқылы катысушылардың келісімі бойынша
бір немесе бірнеше қатысушыларды қабылдау есебінен іске асырылуы мүмкін.
Серіктестіктің Жарғылық капиталын азайту оның қатысушыларының салымдарының
мөлшерін сайма-сай азайту арқылы немесе қатысушылардың үлестерін толық не
жарым-жартылай төлеу жолымен іске асырылуы мүмкін. Серіктестіктің Жарлық
капиталын оны мемлекеттік тіркеуден өткізген сәтте заңмен бекітілген
мөлшерден төмен азайтуға жол берілмейді.
Серіктестіктің қызметінің нәтижесінде бір жылда алған таза пайда
серіктестіктің осы жылдың қызмет нәтижесін бекітуге арналған серіктестіктің
кезекті жалпы жиналысының шешімі бойынша бөлінеді. Егер серіктестікте
сақтық қор құрылса, онда серіктестіктің болуы мүмкін шығындарының орны осы
қордан толтырылады. Сақтық қоры жетіспеген жағдайда немесе сақтық қоры жоқ
болған жағдайда шығын орнын толтыру мәселесі жөніндегі шешім жалпы
жанылыспен қабылданады.
Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
31.12.2006 жылға балансы мен Пайда мен залал есептілігі көрсетілген
(қосымша материал Ә және қосымша материал Б алынды).
Компания Техмаркет ЖШС қаржылық жағдайын және банкрот болу
ықтималдығының деңгейін талдау кесте-1 көрсетілген.
Дүйсенбаев К.Ш. ұсынған айналым құралдарының мобильділік
коэффициентінің мәні 0,54 –ке тең, яғни кәсіпорынның айналымдылық қабілеті
жақсы. Жылдамдылық коэффициентінің қолайлы мәні 0,5 тең немесе жоғары, ал
Компания Техмаркет ЖШС-нда 1 тең, яғни жылдамдылық жеткілікті [6].
Кесте-1
Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық
жағдайы мен банкрот болу ықтималдығын талдау
Атауы Формуласы Мазмұны Кәсіпорын
көрсеткіштері
Айналым Ең мобильді Ағымдық міндеттемелерді 25974662
құралдарының активағымдағы өтеу үшін кететін 478105982=0,54
мобильділік актив қаражаттың үлесін
коэффициенті сипаттайды
Меншікті Меншікті капитал 771397-0=
айналым - ұзақ мерзімді 771397
капиталы актив
Жылдамдылық Меншікті айналым Қолайлы мәні 0,5 тең 771397771397=1
коэффициенті капиталыменшіктінемесе жоғары, жоғары
капитал болған сайын қаржылық
жағдайы оң
Абсолютті Ең мобильді Қолайлы мәні 0,2-0,5 25974662
өтімділік активқысқа аралығында немесе жоғары,477334585=0,05
коэффициенті мерзімді бұл көрсеткіш ағымдағы
міндеттеме қарыздың қаншалықты
өтелгенін көрсетеді
Ағымдық Ағымдағы Бұл көрсеткіш ағымдық 478105982
өтімділік активқысқа активтер міндеттемелерлі 477334585=
коэффициенті мерзімді қаншалықты жабатынын 1,001
міндеттеме көрсетеді, шекті деңгейі
1 үлкен немесе тең
Негізгі Негізгі қызмет Нарықтық экономика 948289594(58855
қызметтен табысы(өзіндік жағдайындағы негізгі 2763+354728889+2
алынған табыс құн+кезең көрсеткіш 295624+5203831)=
шығындары) 0,99
БанкроттылықтыңZ=-0,3877+Кти* Э.Альтман ұсынған 2 -0,3877+
ықтималдығын (-1,0736) + К3 факторлы Z моделі 478105982
бағалау *0,0579 477334585*
Кти=АААғ.мін. (-1,0736) +
К3 =ЗКАК 477334585
771397
*0,0579=-1040,3

Кәсіпорынның абсолютті өтімділік коэффициенті 0,05, қолайлы мәні 0,2-
0,5 аралығында немесе жоғары, яғни кәсіпорынның ағымдағы қарыздың өтелу
деңгейі өте төмен.
Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық активтер міндеттемелерлі
қаншалықты жабатынын көрсетеді, шекті деңгейі 1 үлкен немесе тең, кәсіпорын
бойынша 1,001, яғни Компания Техмаркет серіктестігінің абсолютті
өтімділігі төмен болғанына қарпмастан ағымдағы өтімділік деңгейі
қанағаттанарлық.
Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі
көрсеткіштерінің бірі негізгі қызметтен алынған табыс көрсеткіші 0,99 тең,
яғни кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысы шығындарын өтеп отырғанын
көрсетеді.
Э. Альтман ұсынған екі факторлы Z моделі бойынша банкрот болу
ықтималдығын талдау кең тараған әдіс [6]. Бұл әдіс кәсіпорынның ағымдағы
өтімділік және қаржылық тәуелділік көрсеткіштеріне негізделген. Компания
Техмаркет серіктестігін Z модель бойынша талдап банкрот болу ықтималдығы
50% төмен екенін көрсетті.
Қорытындылай келе, Компания Техмаркет жауапкершілігі шектеулі
сертіктестігінің қаржылық жағдайы тұрақты, банкрот болу ықтималдығы жоқ.

2 Нақты міндетемелер есебі
2.1 Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі

Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бұл қарыз алушы балансының нағыз
күнінен бастап төлем мерзімі бір жылдан артық мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің туындауының себебі өте көп. Мәселен,
жаңадан құрылған фирма үшін акционерлік капиталға қарағанда сырттан
тартылған капиталды алу жеңілірек. Ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелерді
шығару туралы шешім қабылдау кезінде акциямен салыстырғанда ұзақ мерзімді
міндеттемелердің келесідей артықшылықтары бар:
• акционерлердің бақылау – облигация иелерінің дауыс құқығы жоқ
болғандықтан акционерлер компания үстінен өз бақылауын жоғалтпайды;
• салықтық тиімділік – көптеген елдерде қарыздық міндеттемелер бойынша
пайыздар пайдаға салынатын салықты есептеу кезінде рұқсат етілетін
шегерімге жатқызылады, ал дивиденттер бойынша мұндай жеңілдік
берілмейді;
• қаржылық леверидж – бұл меншікті капиталды қарыздық қаражаттарды тарту
есебінен көбейту; егер компания өзінің активтерін пайдалана отырып,
пайыз міндеттемелерге қарағанда көбірек ақша тапса, екі ортадағы
айырма капиталды және акционерлердің табысын көбейтеді.
Дегенмен, міндеттемелерді көбейту компания үшін қауіпті.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалау және өлшеу қағидалары:
1) ұзақ мерзімді міндеттемелер қарызға алынған тауарлар мен қызметтердің
әділ нарықтық құнымен тіркеледі;
2) пайызды кезең сайын төлеп отыру қарыздың берілген күніндегі нарықтық
пайыздық мөлшерлемеге негізделеді;
3) баланстың күніне ұзақ мерзімді қарыздың қалдық құны – бұл барлық қалған
төлемнің нақты құны.
Нарықтық пайыздық мөлшерлеме – бұл операциядағы нақты
келісілген мөлшерлеме және ол талап етілетін болашақтағы төлемнің нақты
құнының тауарлар мен қызметтердің әділ құнының қатынасына тең. Пайыздық
мөлшерлеме қарыз толық төлегенге дейін өзгермейді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кең тараған түрі – облигациялар.
Облигациялар – бұл ұзақ мерзімді негізде капиталдың үлкен сомасын қорғау
үшін компаниялармен және үкіметтік ұйымдармен шығарылған қарыздық куәлік.
Әдетте облигациялар бизнесті кеңейту және дамыту мақсатында қаражаттарды
тарту үшін шығарылады. Облигациялар фирма-эмитентпен қарыздың негізгі
сомасын және пайыздарын инвесторға төлеу жөнінде берген формальді түрдегі
уәдесі болып табылады.
Облигациялық келісімдер облигацияның мерзімін эмитентпен
облигацияны иеленушінің құқықтары мен міндеттерін, қарыздың атаулы сомасын
пайыздық мөлшерлеме мен пайызды төлеу мерзімін, өтеу мерзімін қамтиды.
Облигацияларды төлеудің кепілшісі қажетті тіркеуді жүргізетін және
міндеттемелер мен пайыздарды төлейтін қаржылық мекеме болып табылады.
Инвесторлар эмитент пен инвестордың арасындағы келісімдік міндеттемені
білдіретін облигациялық сертификаттарды иеленеді.
Облигацияға қойылатын баға атаулы құнынан пайыз түрінде белгіленеді.
103 ½ облигация үшін 1 035 (1000*1,035) төлеу қажет, яғни пайыздық
мөлшерлеме коэффициент түрінде көрсетілген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны
Міндеттемелер аудиті
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауы
Пәндер