Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Мазмұны
Кіріспе
I-тарау. Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы
1.1. Бейнелеу өнерінің дамуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .1х8
1.2.Бейнелеу өнері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 2х13
1.3Жанр және жанырдын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
х16
1.4.Бейнелеу өнердин
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4х18
II-тарау. Натюрморт жанры
2.1. Натюрморт жанры туралы қысқаша
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1х21
2.2. Натюрморт жанр бойнша суретшілердің
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ..2х24
2.3.
Түстану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3х27
2.4. Практикалық жұмысын орындау
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...4х28
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар
арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады. Адамның сурет салу
дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері,
алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін
куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит
дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі – өндірістік сипаты адамның
өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол
еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу
өнерінде көрініс тапты. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне
бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны
жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер
бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап
көрсетуіне тура келді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-
тәсілдері шыға бастады. Сурет салудың әдіс-тәсілдері туралы сөз сөз
болғанда, жоғары дамыған Ежелгі Еипет мәдениетін қарастыру орынды. Тарихи
мәліметтерге қарағанда Ежелге Египетте мектепте суретті сызумен бірге
оқытқан. Мектепті бітірген жасөспірім дала алаңын сызып өлшеуге, үй ішінің
планын салып, каналдың сызбасы мен суретін бейнелеуге тиіс болған. Мұнан
сурет салудың жалпы білім беретін мектептерде пән ретінде оқытылу үлгісін
Ежелгі Египеттіктерден көруімізге болады.
Балаларды сурет сауаттылығына оқыту барысында олар әр түрлі заттарды
иероглиф жазуы сипатында бейнелеуге аса көп мән берген. Олардың оқыту мен
тәрбие жүйесі қатаң тәртіпке негізделді. Қабылданған ережеден сәл ғана
ауытқуына байланысты оқушыға шара қолданып, оған жаза қолдануға дейін
барған.
Ежелгі Египетте сурет салуға оқыту қоршаған ортаны танып білуге емес,
схемалар мен белгілі канондарды көшіруге құрылды. Суретті оқыту барысында
суретші педагогтар оқушыны табиғатты оқып үйрену мен бақылауға үйретуге
емес, заттар формасын бейнелеудің белгілі шаблондық ережелерін жаттап алуға
негізделді.
Ежелгі Грек суретшілері шәкірттерін өмір шындығын оқып үйренуге,
ондағы әсемдікті таба білуге үйретті. Өмірдегі ең сұлу құбылыс–адам деп
таныды. Олар өмір қатал заңдылықтарға бағынған, сұлулықтың мәні симметрия,
жеке бөліктердің, тұтас форманың гармониясына, дұрыс математикалық
қатынастарға біріктірілетіндігін көрсетті.
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда Грецияда сурет салудың Сикион,
Эфесс және Фиван мектептері болған. Соның ішінде Сикион мектебінің даңқы
ерекше шықты. Бұл мектеп, оқушыларды табиғатқы жақындатуға, оның
заңдылықтарын ашып көрсетуге ұмтылып, табиғатты оқып-үйренуге деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көңіл бөлді.
I-тарау. Қазақ бейнелеу өнері
1.1. Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы.
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке
жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз,
тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып
соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын,
дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым
бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп
ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр
бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу
керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек
қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді
айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы
айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің
шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер
жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен
таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып,
қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер
тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған
халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында
арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман
иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер
зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және
түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы
сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында
болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз
ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық
құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Мысалға
“бейнелеу өнері тарихы” пәнінен бірінші курстан Мысыр, Грек, Рим, Византия,
Италия өнерлерін талдап біткенше студенттер төртінші курста отырады, енді
Қазақстан бейнелеу өнеріне тірелгенде дипломдық жұмыстың уақытымен
есептессек Ұлттық өнеріміз жарты семестр шамасында таныстырылады. Енді
бітіріп шыққан шәкіртіміз ізденіс үстінде әр жарды бір соғып сергелдеңге
түседі неге екені үйреншікті қойылымдардан бас тартып шығармашылық жолына
келгенде тығырыққа тіреледі. Суретші сол-өз жолын тапқан адам өйткені
өнерде де өмірдегі секілді бүреудің өмірі бүреуге өмір болмайды.
Зерттеудің көкейкестілігі:
Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен
мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал
біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас
шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір
тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-
салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе”
деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
[1]
Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер
туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын,
хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет
табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы
педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу
1.2.Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну
негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне
негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері
архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.
Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-
ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу
өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық
әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау,
бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір,
кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі
мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық
және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі
басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу
өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші
өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге
ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-
тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу
құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция,
ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік,
заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін
түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі
сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш
өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің
барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және
қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер,
галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады.
Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және
экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері
мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде
орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында
қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық
түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір
өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы,
музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне
тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар
болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар
бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім
үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс,
яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз
байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр —
әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір
дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем
шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында
ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми
түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде
“тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр
деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ.
Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби
түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына
жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы
құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген
жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты
белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған
кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин)
қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы
қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп,
жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген
жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы
өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп
отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне
терең бойлау процесінде қалыптасты.
Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп
тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі
(Микеланджело)
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен

біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер
иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз
халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін,
оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді
түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса
керек.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары
мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері
және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура (сәулет
өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты
бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі –
графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің
жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің
дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
1.3Жанр және жанырдын түрлері
Жанрлар. Живопиь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-
қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап
алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса, екіншілері пейзаждарды,
үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.
Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Жанр сөзі
француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар
бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету
керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар
деп аталады.
Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж
дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII
ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII
ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше
жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына
тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген
суретшілер).
Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің
сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым өмірімен
салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл
торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған
жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін
табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі.
XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік
романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен
қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны, тіршілік
қарекетін іздестіретін кеңістік.
Айвазовский жұмыстарында теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш,
мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап
қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты
стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем
стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін
береді.
Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт
бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы
мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз
бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның
жаны портретке көшеді екен деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да
рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш,
қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы.
Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт.
Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын,
қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз
суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынасын көрсететін
қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін
картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы замандардан өз
бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым адамның аң аулау
сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп табылуда.
Ежелгі Египет, Греция мен Рим заманына қабырғаға салынған живописьтің
тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина (яғни архитектурамен байланысты емес
картина) тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды.
Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай
отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын
көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай, холсты
түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ.
Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас
бөлігі болуы мүмкін.
Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді,
оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол тым үлкен және өте кішкентай
болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік оқиғалар
туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.
Графика.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды.
Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз.
Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі
товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика
неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды,
графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.
Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық
үстінде бейнелеу орын алады.
График,живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет
сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші
орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса,
графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады.
Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы
жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер
де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде
ғана болып қалады.
Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ
мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын бере
алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары
сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе
жуандата отырып, оған түрлі характер береді.
Форманы пішіндеуге, жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың
фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен
жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара
ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.
Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы
сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара
және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан
басылады.
Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да
көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып
шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес,
бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын
саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша
жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады.
Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын
ұшырасамыз.
Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың
жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және
скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол
беріледі.
1.4.Бейнелеу өнердин түрлері.
Архитектура
Архитектура әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып
келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа
бейнелеу өнерлерінің – скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырды.
Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: египеттік пирамидалар немесе американ
үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті.
Сонымен бірге бізге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz