Активтің жіктеу санаты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1. НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ5

1. 1 Несиелік портфель: мазмұны, түрлері, қызметі, жіктелуі5

1. 2 Проблемалы несиелердің сипаттамасы8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ10

2. 1 Несиелік портфельді бағалау әдісі10

2. 2 Проблемалы несиелер бөлімінің жұмыс істеу методикасы18

2. 3 Коммерциялық банктердің несиелік портфель көрсеткіштері23

3. НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ32

3. 1 Проблемалы несиелерді басқарудың шетелдік тәжірибесі және оның елімізде қолданылуы32

3. 2 Несиелік портфель және проблемалы несиелерді басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну38

ҚОРЫТЫНДЫ41

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ42

КІРІСПЕ

Қазірігі таңда Қазақстан Республикасында банк аясы - серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.

Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі, банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді. [1, 4б. ]

Несие қоржыны банк пайдасының негізгі көзі және бір уақытта активтерді орналастыруда тәуекел көзі болып табылады. Ол банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады.

Несие қоржыны - несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факаторларына байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы. Банк қоржынының құрылымы мен сапасынан жалпы банктің тұрақтылық деңгейі мен оның беделі, қаржылық сәттілікпен байланысты болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - қазіргі нарықтық жағдайда несиелік портфельдер экономикамызда маңызды орын алып отырғаны баршамызға айқын. Сонымен қатар, бүкіл дүниежүзін шарпыған дағдарыстың алауы біздің елімізді де шарпып өткендіктің салдары бірқатар қиыншылықтар мен қатар өз пайдасы да тигені белгілі. Атап айтатын болсақ, елімізде біраз былықтардың беті ашылды, соның ішінде проблемалы несиелер. Осы мәселелерді талдап, оның алдын-алудың шешімдерін анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік портфель және проблемалы несиелерімен жұмыс істеуі.

Курстық жұмыстың мақсаты - несиелік портфель және проблемалы несиелер түсінігіне тоқталу, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің проблемалы несиелермен жұмыс істеуін зерттеу, несиелік портфель және проблемалы несиелерді басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешуді көздейміз:

  • несиелік портфель: мазмұны, түрлері, қызметі, жіктелуін анықтау;
  • проблемалы несиелердің сипаттамасына талдау;
  • несиелік портфель және оны бағалау әдістеріне тоқталу;
  • «БТА Банк» АҚ-ң еншілес ұйымы «Темірбанк» АҚ-ң проблемалы несиелер бөлімінің қызметіне сиппаттама беру;
  • проблемалы несиелер бөлімінің жұмыс істеу методикасын айқындау;
  • проблемалы несиелерді басқарудың шетелдік тәжірибесі және оның елімізде қолданылуын зерттеу;
  • проблемалы несиелерді басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну.

1. НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ

1. 1 Несиелік портфель: мазмұны, түрлері, қызметі, жіктелуі

Тарихтың қай кезеңінде болмасын несие - алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғары ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық саудалардың шиеленіскен түйініне айналады.

Несиелік портфель дегеніміз - белгілі бір топтарға жіктелен несиелердің жиынтығы. Несиелердің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта қайта бөлудің ұтымды әдісі болды. [2, 69б. ]

Несие ақшаларының негізгі түрлері:

  1. Вексель
  2. Банкнота
  3. Чек
  4. Несиелік карточка

1. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты.

Ол несие және ақшалай есеп айрысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бірнеше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі. Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:

  • Вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
  • Векселдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо қолма -қол ақшамен төленеді;
  • Вексель жеке және қарыз міндеттемесі болғандықтан оның айналыс аясы тек төлем қабілеті бар субъектілермен ғана шектеледі;
  • Векселдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі болады.

Векселді шығару жағдайына байланысты мынандай түрге бөлінеді:

Қаржылық вексель - ол белгілі бір соманы субъектілер бір-біріне қарызға бергенде туындайтын қарыз міндеттемесі.

Қазыналық вексель (қазыналық бондар) - ол мемлекеттік міндеттеме. Оны мемлекет өз шығындарын өтеу үшін 3 ай мерзімге шығарып, номинал бағасымен банктерге сатады да, уақыты өткесін сол бағамен сатып алады.

Қола (бронзалық) немесе бос вексель - ол нақты ештеңемен қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемесі.

Достық вексель - ол жеке адамдардың банктегі өз шотынан бір-біріне қолма-қол ақша алып бергенде толтыратын төлем міндеттемесі, оны банк есепке алады.

2. Несие ақшалардың келесі түрі - банкнота. Банкнота - әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.

Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета иесі өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан сынамасын анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат - банкнота толтырып береді. Банкнота алтынға тең, себебі кез келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға болады.

3. Несие ақшалардың келесі түрі - чек. Чек банкке ақша салу және қолма-қол ақшасыз есеп айрысу барысында пайда болады . Чек дегеніміз - оған қол қоюшының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкімі. Чекпен есеп айрысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек 1683 жылы Ұлыбританияда қолданылды.

4. Несиелік (пластикалық) карточка - қолма-қол ақша мен чектің орнана жүретін, сондай-ақ иесіне банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шотында қажетті ақша мөлшері болмай қалса, онда белгілі бір лимитке дейін оған қысқа мерзімді несие берілуі мүмкін. Пластикалық карточка негізінен бөлшек сауда айналымы мен қызмет көрсету аясында қолданылады.

Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушінің басқа басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистк несие жүйесінің негізін қалады. [3, 123б. ]

Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер - әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т. б.

Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы- халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі формасында беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір санаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.

Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп маманданған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.

Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілділігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.

Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі. Ол - жоғарғы басшы органдардың өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі және пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі. [2, 96б. ]

Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді-жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. [3, 120б. ]

1. 2 Проблемалы несиелердің сипаттамасы

Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, « Несие» деген сөздің орысшасы, «кредит», латынның «Credere» деген сөзінен шыққан. Оны егер, орысшаға аударса «верить» деген сөз, қазақша «сену»болады. Бірақ, мәселені бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді. Несие алу үшін алдымен оның кезінде қайтарылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек. Әрине, банктер кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым-қатынастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие «сенім несиесі» деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатынастың жетілмеген кезеңінде. [4, 231б. ]

Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметі басқа категориялардан өзгешілігін анықтайтын маңызын сипаттайды.

Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтықаралық, салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатынастары тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа салада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жургізілмейді, ол тек екі шаруашылық субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі пайдаланғанда туындайды.

Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жайт, несиенің қайта меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, (тек уақытша бөлініп шыққан құнның қайта бөлінуін емес) тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.

Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлармен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады.

Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын-ала жасалған жағдайлар болуы шарт:

  • дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;
  • экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы;
  • Орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы.

Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық категория сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады. Нақтырақ, несиенің қызметтерін төмендегі 1-кестеден көре аламыз.

Кесте 1. Несиенің қызметтері

Несиенің қызметтері
Несиенің қызметтері: Ынталандыру
Орнын ауыстыру
Несиенің қызметтері: Экономикадағы ақша айналымын жылдамдату арқылы экономикалық процестерді жылдамдату
Қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен ауыстыру
Несиенің қызметтері: Бөлу
Несиенің қызметтері: Оның көмегімен әр түрлі салалар арасында қаржыны қайта бөлу жүзеге асарылады

Ескерту: Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. - Алматы: «Экономика», 2005. - 416 бет

Несиенің экономика дамуындағы ролі деп - несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру, белгілі бір мерзім аралығында пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор. Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатнастары мен несиенің көлемі де өзгереді. [5, 211б. ]

Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы, бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейту бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ, несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір шектеулі сана берілетін. Қазір нарықтың экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ

2. 1 Несиелік портфельді бағалау әдісі

Несие қоржыны банк пайдасының негізгі көзі және бір уақытта активтерді орналастыруда тәуекел көзі болып табылады. Ол банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады.

Несие қоржыны - несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факаторларына байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы. Банк қоржынының құрылымы мен сапасынан жалпы банктің тұрақтылық деңгейі мен оның беделі, қаржылық сәттілікпен байланысты болады. Сондықтан барлық банктерде қоржында орналасқан несие сапасына бақылау жүргізеді. Несие қоржынын жиі талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртараптандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау, бағалау әдістерін анықтау (номерлік немесе балды жүйеде бағалау, тәуекел тобына қарай жіктеу, әрбір топ бойынша тәуекел пайызын анықтау, жалпы несие қоржыны бойынша әрбір топтың көлемінде тәуекелдің абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін болатын зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффициенттері жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржынының сапасын бағалау) . Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне әлемдік тәжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тәуекелді бағалаудың толықтығы, несиелеу операциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттілігі, ол туралы толық ақпараттың болуы, қарыздың бағасы, қарызды қамтамасыз ету тәсілі.

Жалпы банктерде несие қоржынының бақылауын жүргізетіндер:

  • несие бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері;
  • несие бөлімшелерінің басшылары мен филиал директорлары;
  • банктің несиелік комитеті;
  • банк басшылары.

Несие қоржынының жағдайы туралы есеп несиелік комитет пен банк басшыларына ұсынылады.

Несие қоржынын бақылау банк типіне, оның мамандануына, қабылданған қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдісіне де байланысты болады. Мәселен, шаруашылық кәсіпорындарына, егер қызметінде тоқырау байқалса, несие берген банк өз қарыз алушысына ай сайынғы жүйелік тексерулерін жүргізе алады. Көп жағдайда әртараптандырылған әдіс қолданылады: сенімді несиелер тоқсаны бір рет тексерілсе, ал проблемалы несиелер үнемі талдауды және бақылауды қажет етеді. Тағы бір нұсқа: көлемі жағынан ірі несиелерді үнемі тексеріп, ал аз көлемді несиелерді анда-санда тексеру. Осы тексерулер арқылы несие қоржынын басқаруға, бақылауға болады. [4, 17б. ]

Несиелік қоржынды басқару - бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:

  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • несиелік рейтигнпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Көптеген банктер кезекті тексерісінде несиелерге рейтинг бергенді жөн көреді. Былай несиелерді рейтинг бойынша жіктеу банктің несие қоржынының құрамын бақылауына мүмкіндік береді. Несие жіктелімі несиелерді басқарудың тиімді құралы болып табылады. Оның нәтижесінде банк тәуекелдерді бөліп және несие бойынша мүмкін болатын жоғалтуларды анықтайды. Сонымен қатар тиімді басқару әдістерінде қарастыра алады.

Несиелерді жіктеу мыналарға байланысты:

  • қамтамасыз ету затының сапасына (қамтамасыз ету затының жеткіліктігі, өтімділігі және басқа параметрлері) ;
  • қарыз алушының қаржылық жағдайына (қарыз алушының төлем қабілеттілігін, өтімділігін, кәсіби және нарықтық беделін, қаржы-шаруашылық қызметтегі соңғы үш жылдағы табыстылығын бағалау көрсеткіштері) ;
  • қарыз алушының несиелік тарихына (қарыздық міндеттеменің бар болуы, алдында алған және жабылған несиелер бойынша төлем тәртібі және т. б. ) .

Осы келтірілген критерийлер несиенің қай классқа жататынын анықтауға көмектеседі.

Несие қоржынын жіктеу Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру» туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Несие қоржыны екінші деңгейлі банктер берген барлық несиелер бойынша жіктеледі: лизинг, факторинг, форфейтинг, вексель немесе басқа қарыздық міндеттеме жолымен, аккредитив және басқа да жабылмаған несие түрлері. [6, 31б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
(IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
Кәсіпорын кірістері
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Шаруашылық операциялар циклдері аудитінің ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz