Оқытудың психологиялық мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

І Бөлім. Оқыту және оқу әрекетінің психологиялық мәселелері ... ... ... ...

1. Оқытудың психологиялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Оқу іс-әрекетінің
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..

ІІ Бөлім. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Оқу әрекетінің
мотивациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта адамдардың
өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың
ғылыми неізін іздестіру бастаған, соның негізінде әрбір оқушының жеке
мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере
отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.

Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де
назар аударған. Ол өзінің Адам тәрбие пәні атты еңбегіңде, баланың түрлі
жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта
отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі
уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті
өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың
арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын
мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға
жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі
зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру
керек деи есептеді;

Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті
және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін
жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын
зерттеуге мән береді;

- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің
өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой
әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық
әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын
дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде,
осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы
қолданысқа төмендегі ұғымдар енгізідді: – даму – бұл организмнің жүйке
жүйесінің, психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің кәріпісі;

- оқыту – қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті
және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі

- Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлтгық, көпқырлы дөстүрі,
ұлттық психологияны сипаттайды.

Тәрбиеленетін де, оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық
уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының,
сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара
қатынстары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық
ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың әкілі.

Жұмыстың өзектілігі.

Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы
жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс.
Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен
болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы
басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі
күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік
дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-
жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы
тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын
кезең.

Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы,
"Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім"
мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы
жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік
құжаттарға сай жасалған.

Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту
тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды
қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі
көрсетілген.

Жұмыстың мақсаты.

Оқу әрекетінің психологиялық сипатын жан-жақты зерттеу

І Бөлім. Оқытудың психологиялық мәселелері

1.1 Оқытудың психологиялық құрылымы

Оқытудың психологиялық мәселелері көптеген ғалымдардың зерттеулеріне
арқау болған. Оқыту-оқу түсініктерінің арақатынасын талдайтын қазіргі
заманғы теорияларға сүйенсек, әрекеттестік мағынасын береді. Осы
тұжырымның әдіснамалық сипаты бұл түсініктерді бір-бірімен байланыстыра,
өзара әрекеттестік бейнесінде қарастырады. Оқытуды ұйымдастыруда оқыту мен
оқудың тікелей және жанама әрекеттестігін қамтамасыз ететін білім мазмұны,
әдіс-тәсілдер және оқытуды ұйымдастыру формалары таңдап алынуы қажет. Сонда
ғана болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ететін білім беру
мазмұнын ұйымдастыру арқылы оқыту процесін алға жылжыту мүмкіндігі туады.
Оқыту – бұл индивидке қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету әдістерін
ұйымдастыру жүйесі.

Оқыту процесін жетілдіру мәселесі психолог ғалымдар С.Л. Рубинштейн,
П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин,
В.В. Давыдов, Л.Б. Ительсон, т.б., сондай-ақ еліміздің ғалымдары М.М.
Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде зерттелген.

Егер оқыту процесін іс-әрекет мазмұнында қарастырсақ, оқытудың
психологиялық құрылымы жан-жақты талдауды қажет етеді. Л.Б.Ительсон
индивидтің спецификалық іс-әрекеті - оқудың - мынадай функцияларын атап
көрсетеді:

1. Пассивті қабылдау және сырттан келген ақпаратты меңгеру: студент
ақпаратты қабылдаушы және дешифратор рөлін атқарады. Ол педагогтың
қалыптастырушы әрекеттерінің объектісі болып табылады. Үйретудің негізінде
хабарлау және дайын ақпараттарды айтып беру мен оқу әрекеттерін көрсетіп
беру жатады.

2. Ақпаратты өз бетімен белсенді іздеу, аңғару және қолдану: оқушы
өзін-өзі реттеуші селектор мен ақпараттар генераторы рөлін атқарады. Ол -
өзін дамытушы қызығулары арқылы қалыптасып келе жатқан субъект. Оқушы
өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарына сай келетін ақпараттар мен
әрекеттерді таңдап қолданады .

3. Сырттан келген ақпаратты іздеуді, аңғаруды, қолдануды ұйымдастыру:
оқушы басқарылатын селектор мен реттелуші ақпарат генераторы рөлін
атқарады. Оқушы – педагогикалық әсер етулердің объектісі мен танымдық іс-
әрекеттің субъектісі болып табылады [2].

Осыған байланысты оқыту мазмұнын жетілдіру міндеттерін анықтауға
болады:

• оқу пәндерінің жетекші идеяларын және теорияларын, заңдарын,
негізгі ұғымдарын анық жеткізу;
• білім берудің әлеуметтік-экономикалық бағыттылығын түбегейлі
түрде нығайту, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға көп көңіл
бөлу;
• әрбір пән бойынша оқушылардың міндетті меңгерулеріне қажетті
дағдылар мен іскерліктерді анықтап отыру.
Оқытуды жетілдірудің психологиялық құралдарын түгендей келе, оларды
белгілі бір уақыттар көлеміндегі кезеңдерге бөлуге болатындығы анықталды.
Оның бірнеше себебі бар:

Біріншіден, тұлға үшін рефлексия тұрақты процесс және әр кезеңге өткен
сайын тұлғаның дүниені қабылдауы жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Оқытудың
тиімді әдiстерiнің бірі рефлексия болып табылады. Рефлексия адамтану
технологиясы ретiнде қарастырылады. Өзiн-өзi тану, өзiн-өзi бағалау, өзiн-
өзi талдау және студенттердің оқу материалын белсендi қабылдауын
қамтамасыз ететiн психологиялық-педагогикалық технология ретiнде рефлексия
биiк сапаға қол жеткiзудiң қажеттi, әрi дұрыс жолы болып табылады. Кәсiби
рефлексия адамның өз бетiнше оқу, себеп-салдарлық байланыстарды талдау,
күдiк, құндылық критерийлерiн iске асыру, өзiн жетiлдiруге деген қабiлет
және кәсiби қызметтерiнен құралатынын атап көрсетеді зерттеушілер.
Студенттердің рефлексивті ойлауының үлкен тәрбиелік мәні бар, себебі
бірлескен әрекетте іс-әрекеттің рефлексивті сәттері және де бақылау (өзін-
өзі бақылау), бағалау (өзін-өзі бағалау) пайда болып, дамып отырады.
Бірлескен әрекеттің жемісті өтуіне бірнеше факторлар: өзін-өзі ұйымдастыру
дағдылары, іскерлік қарым-қатынас және қатысушылардың іс-әрекетке
дайындығының деңгейі әсер етеді.

Екіншіден, әр жас кезеңі мен әлеуметтік өмір жағдайының өзгерістері
тұлғаның қажеттіліктерінің де өзгеруіне ықпал етеді. Студенттік кезеңге тән
осы себептерден туындайтын ерекшеліктерді оқытуда пайдалану білім сапасын
арттыруға мүмкіндік береді.

1.2 Оқу іс-әрекетінің сипаты

Оқыту әрекетін жасаушы немесе қалыптастырушы – оқу іс-әрекеті. Ал, оқу
- адам іс-әрекетінің жетекші бөлімі болып табылады. Оқу - адамның дамып
жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет. Оқу іс-
әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп,
өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау, кез келген басқа іс-әрекет
сияқты, оның пәнін анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге бағытталғанын
анықтаудан басталады: бұл жерде – білімдерді игеруге, әрекеттердің
жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын, оның
бағдарламаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталған, осы процесс барысында
үйренушілердің өзі де дамиды. Оның мазмұны, пәні осы болып табылады.

Оқу іс-әрекеті түсінігінің пайда болу тарихы алысқа бармайды. Оқу
іс- әрекетінің басты теорияларының негізі Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи
теориясынан басталып, психика мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы арқылы
бекітіліп (С.Л. Рубинштейн), іс-әрекеттің психологиялық теориясы
контексінде (А.Н. Леонтьев) және оқу типтері мен ақыл-ой әрекеттерін
сатылап қалыптастыру теорияларында (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина, т.б.)
мазмұндалады.

Оқытудың психологиялық сырларын зерттеушілердің бірі Д.Б. Эльконин
оқу іс-әрекетін мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің
жалпыланған тәсілдерін игеру іс-әрекеті түрінде қарастырады. Мұндай
әрекеттердің жалпыланған тәсілдеріне өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу
мотивациясын жатқызуға болады. Егер де студенттерде осындай түрткілер
қалыптасатын болса, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни студенттің қоғамдық
мәнді және қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясымен байланысты
түрткілері нығая түседі.

Оқу іс-әрекетінің оны оқудың басқа формаларынан ажырататын негізгі
сипаттамаларына оқу материалын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі
бағытталғандығын, онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктер
игерілетіндігін және әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың
алдында жүретіндігін жатқызуға болады. Д.Б. Элькониннің анықтауы бойынша,
танымдық қажеттіліктерге жауап бере отырып, оқу іс-әрекеті біріншіден,
субъектінің өзін өзгеріске түсіреді, бұл оның негізгі сипаттамасы болып
табылады. Екіншіден, оқу құрылымы мен процесінің оқудың белсенді формасы
ретінде оқу іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі қарастырылады, яғни,
үйренушінің психикалық қасиеттері мен мінез-құлқының оның өз әрекеттерінің
нәтижелеріне байланысты өзгеруі [3].

Пәндік мазмұн көзқарасы тұрғысынан, оқу іс-әрекеті - дайындық
функционалдық компоненттің құрамына кіретін, қандай да бір басқа іс-әрекет
субъектісінің қалыптасуын қамтамасыз ететін және субъектінің орталық
сферасы - сол іс-әрекетті орындау икемділігі пайда болуына бағытталған
компоненттілік бөлшек болып табылады. Кез-келген іс-әрекет индивидке
белгілі бір тәжірибені жинауға мүмкіндік береді. Оқу іс-әрекеті - оған
қатысушылардың бірігіп тәжірибе жинақтауға алдын-ала бағытталатын іс-
әрекеті. Оқу іс-әрекетінің тағы да бір сипаты - адамның жинақтайтын
тәжірибесі зерттеу арқылы ашылмай, сол іс-әрекеттің басқа қатысушыларынан
дайын түрде алынатындығы болса, соңғы ерекшелігі – танып білуші адам оның
негізгі функционалдық компонентін ғана орындаумен шектеледі де, бұл іс-
әрекеттің дайындық функциясын оқытушы атқарады.

А.К. Маркова, Т.А. Матис және А.Б. Орлов сияқты зерттеушілер оқу іс-
әрекетінің түрткілерін қарастырса, Б.Г. Ананьев бағалауды, ал, А.Н.
Леонтьев оқудың саналылығы мәселесін көтерді.

Жалпы алғанда, оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуының мынадай
компоненттері қарастырылады:

• оқу мотивациясы;
• оқу тапсырмалары;
• оқу міндеттері;
• бақылау және өзін-өзі бақылау;
• бағалау және өзін-өзі бағалау.
Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, әрі оларды сол
ерекшеліктеріне қарай жетілдіріп отыру арқылы оқытудың тиімділігі арта
түседі.

А.Н.Леонтьев түрлі іс-әрекеттердің алғы шарты қажеттілік болып
табылатынын айтады [4]. Алайда қажеттіліктің өзі іс-әрекеттің нақты
бағыттауын анықтай алмайды. Қажеттілік затта өзінің анықтығын табатындығын,
бұл зат іс-әрекетті оятатын, яғни оның түркісі болады. Бұл жағдайды дамыта
отырып И.Я.Зимняя танымдық іс-әрекеттің ішкі және сыртқы түрткісі жайлы
былай дейді: егер қажеттілік, мысалы: танымдық қажеттілік өзін осындай
затта табатын болса, онда бұл қажеттілік іс-әрекеттің ішкі түрткісі болып
табылады [5]. Ішкі түрткісі іс-әрекеттің құрылымының өзіне кіреді. Ішкі
түрткімен қатар іс-әрекет сыртқы, кең әлемдік немесе жеке тұлғалық
түрткінің көмегімен оянады. Үйрету түрткісі жайлы айтқанда, Э.Стоунс түрткі
жайында былай дейді: Түрткі – бұл үйретудің тек ынталандырғышы емес,
сонымен қатар өзіндік үйренудің нәтижелігі [6]. Істің обьективті жағдайы
қандай болмасын, егер үйренушілер өздерінің үлгерімін жақсы деп ойласа,
онда ол үлгерімі нашар деп ойлағаннан гөрі өзінің үйренуіне әлдеқайда
үлкен энтузиазммен қарайды. Э.Стоунстың айтуынша, бекіту практикасын
жақсылап жоспарлауда мұғалім бір мақсатты көздейді, ол қатысушының
мәселені шешу тәжірибесі белгілі бір дәрежеде табысты болатынына кепілдік
беретін түрткіні күшейту.

Р.С.Немов бағытталуға әсер ететін, адамдардың психикалық процессте,
қасиеттерінде және жағдайларында көптеген мойындалған істеріне әсер ететін
бейсаналық түрткінің бар екенін айтады [7].

Іс жүзінде оқу іс-әрекеті құрылымының басты компоненті оқу міндеті
болып табылады. Ол студенттерге белгілі бір оқу жағдайындағы белгілі бір
оқу тапсырмасы ретінде беріледі. Осы тапсырмалардың жиынтығы тұтастай оқу
процесін құрайды. Біздің ойымызша, оқыту процесі оқу міндеттерін шешу
жүйесіне айналмайынша ғылыми пәнді толық меңгеріп шығу мүмкін емес.

Д.Б.Эльконин оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі оқу міндеті болып
табылатындығын атап көрсетеді. Оқу міндеттерін күнделікті өмірдегі басқа
тәжірибелік міндеттерден ажырата алған жөн. Оқу міндеттерінің басқа барлық
міндеттерден ең негізгі айырмашылығы, оның мақсаты мен нәтижесі субъектінің
өзін өзгертуге бағытталады, яғни, субъектінің қарастырып, қолданып отырған
заттарын өзгертуге емес, сол үшін пайдаланатын белгілі бір әдіс-тәсілдерді
меңгеруге назар аударылады.

Ал, С.Л. Рубинштейн міндет ұғымын әрекет ұғымымен ара қатынаста және
жалпы мақсатты болжау контексінде қарастырып, адамның ырықты әрекеті
дегеніміз – бұл белгілі бір мақсатты жүзеге асыру, әрекет жасамас бұрын,
соған жеткізетін мақсатты түсіну - деп түсіндіреді [8]. Оқу міндеттері
жайлы зерттеуге көңіл бөлген ғалымдардың бірі А.Н. Леонтьев бойынша міндет
- бұл белгілі бір жағдайда белгіленген мақсат.

Оқу міндеттері оқытудың мақсаттарын нақтылай түседі, қажетті әдіс-
тәсілдерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен студенттер нені
оқып білуі керектігі нақтыланып, меңгерілетін білім мазмұны жинақталады.
Оқу міндеттерін классификациялауды В.Я. Ляудис 6 топқа бөледі:

1) білімді қайта жаңғыртуды қажет ететін міндеттер;

2) қарапайым ой әрекетін қажет ететін міндеттер (суреттеу және
фактілерді жүйелеу);

3) күрделі ой операцияларына байланысты міндеттер (аргументтеу,
түсіндіру);

4) нәтижелі ой актісін мазмұндауға арналған белгілі бір сөйлеу
әрекетінің пайда болуы (реферат, шығарма, ғылыми мәтін);

5) мәселелерді шешу міндеттері;

6) рефлексивтік міндеттер [9].

Е.И. Машбиц бойынша оқу міндеттеріне қойылатын бірқатар психологиялық
талаптар туындайды:

1) бір ғана жекеленген міндет емес, міндеттер жинағы құрастырылуы
керек;

2) міндеттер жүйесін құрастыру кезінде ол тек таяу ғана емес, сондай-
ақ оқшау оқу міндеттеріне жетуді де қамтамасыз етуіне ұмтылу керек;

3) оқу міндеттері оқу іс-әрекетін табысты жүзеге асыруға жеткілікті
және қажетті құралдар жүйесін меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс;

4) оқу міндеті іс-әрекеттің сәйкес құралдары оқытудың тікелей өнімі
ретінде көрінетіндей етіп құрылымдануы тиіс [10].

Мұндай міндеттер студенттерге ары қарай оқу міндеттерін орындауда өз
әрекеттерін жалпылауға көмектеседі.

Оқу іс-әрекетінің бір бөлігі – бақылау. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Психология тарихының әдістері
Кеңестік психологияның дамуы
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Интеграцияланған оқыту мәселелерін зерттеу
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Пәндер