ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

15. 1 Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлеңдіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік-экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туыңдайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік қаржылардьң материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар экономикалық жөне материалдық тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына: ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және кайта бөлу, бақылау - есептеу функциялары жатады.

Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдаланылуды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік-құкықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән-жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастыру тұрғысынан қарастырылады.

Материалдық мағынасында, қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады.

Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылык-эконоимкалық институттардың жиынтығынан тұрады.

Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекетгік және жекеменшік қаржылардың аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйым-дастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикальгқ инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады.

Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мына: бюджеттік қызмет; валюталық - қаржылық қызмет; қаржылық - банктік қызмет; кредиттік қызмет, қаржылық - сақтандыру қызметі; қаржылық - шаруашылық қызметі; салықтық қызмет; мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.

Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу; мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті органдардың жүйесін айқындау және олардьщ тиісті құзыреттерін белгілеу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу; айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару (әмиссиялау) ; қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалай қорларды қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдаланылуын ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге асырылады.

Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне: ақша қаражаттарын олардың иелерінен қайтарымсыз және мәжбүрлі түрде алып қою; ақша қаражаттарын мәжбүрлі және қайтарымды түрде алу; ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту; ақша қаражаттарын ерікті және қайта-рымды түрде тарту; мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту; мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру; эмиссия жатады.

Ақшалай қорларды бөлу әдістері: қаржыландыру, яғни ақша қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз түрде беру; кредит беру, яғни ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру; несие берушілері алдындағы мемлекеттің өз қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен жүзеге асырылады.

Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру: ақшалай қорлардың пайдалану бағыттарын белгілеу; мемлекетгің ақшалай қорларынан алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу; акша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау; ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтері мен шекті мөлшерін белгілеу; мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын бөлудің нормативтері мен тәртібін белгілеу; ақшалай қорлардың пайдалануларына бақылау жүргізу сияқты әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі әр-қашанда қаржылық - қүқықтық нормалардың көмегімен, тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық -құқықтық акітелерді айтамыз.

Сонымен, құқық саласы ретінде - қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып та-былады.

Демек, қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың (мемлекеттік қаржылық қатынастардың) жиынтығын айтамыз.

Осы мемлекетгік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән белгілерімен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп - өркендеуіне байланысты пайда болады, соңдай-ақ оның қаржылық қьізмеіінің нәтижесі ретінде көрініс табады; бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистік қатынастар құрамында болады; бұл қатынастар әрқашанда баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.

Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.

Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік мемлекеттік - өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық - шартты әдіс жатады.

Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан; осы әмірлі талап екі жақтың (тараптың) жүріс - тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті болып табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің әмірлі талабын бұлжыт-пай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп - тұру қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән-жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік - әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік - шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістері мьшадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық-құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.

Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей белгілі бір қыйсындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған орай қалыптасқан қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін білдіреді.

Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар жүйесімен объективті түрде негізделген қаржылық құқықтың ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық-құқықтық нормалардың өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатына-старға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.

Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше бөлімдері арқылы көрініс табады.

Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі мына: 1. Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері; 2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері; 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару; 4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері; 5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері; 6. Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.

Ал ерекше бөлімі мынадай: бюджеттік құқық; қаржылық-банктік құқық (мемлекеттік-құқықтық сипаты) ; қаржылық-сақтандыру құқығы (мемлекеттік-құқықтық сипаты) ; қаржылық-шаруашылық құқығы сияқты өте ірі бөлімдерден тұрады.

Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтықнегіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы жүйесінің институттары мен біртұтас өзін қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан: 1. тиісті қаржылық-экономикалық инстититтармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен; 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен; 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.

Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық-экономикалық институттар: 1. бюджет жүйесі (республикалық және жергілікті бюджеттер) ; 2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар; 3. мемлекеттік сақтандыру қаржылары; 4. мемлекеттік банктердің қаржылары; 5. мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

І. ҚР Қаржы министрлігі; 2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті; З. ҚР Қаржы министрлігініңі құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар; 4. ҚР Ұлттық Банкі;

5. ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті құрайды.

Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған (қаржы жүйесіне) ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау; мемлекеттік кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамақтарына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекетгік қорлардан бөлінетін ақша қаражатгарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық зандарды бүзғаны үшін қаржылық-құқықтық жауапкершілік белгілеу және занда белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Осы институт реттейтін объект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық-құқықтық аспектілдері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.

Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі; ақша түрлері; ақшаларды әмиссиялау (шығару) тәртібі; валюта айналымының режимі; ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері дегеніміз занды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.

Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.

Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі әмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы мэнеттерді мемлекет атынан шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.

Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен

есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма - қол емес нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

Нуллификациялау - айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, онын орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау - айналымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау - айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау - ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлтгық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп, халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық зандармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.

Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы дәрежесіне тәуелді болады.

Халықаралық валюталық жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай түрлері болған:

  1. Париж валюталық жүйесі (1867 ж) ;
  2. Генуя валюталық жүйесі (1922 ж) ;
  3. Бреттон - Вуд валюталық жүйесі (1944ж) ;
  4. Ямайка валюталық жүйесі (1976-1978ж) ;
  5. Еуропа валюталық жүйесі (1979ж) .

Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шектеулер валюта айналымының режимі деп аталынады.

Негізінде, валюталар толығымен айналыста болатын (еркін

жүретін) ; жартылай айналатын (жартылай еркін жүретін) ; айналысқа түспейтін (тұйықталған) болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.

Валюталық монополия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөніндегі тек мемлекеттің құзырындағы нарықтық айырықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.

Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары шетел валютасымен көрсетілген толем құжаттары мен бағалы қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.

Мемлекеттің валюталық монополиясының объектілері ретінде мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар: 1. шет елдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық карточкалары; 2. шет елдік бактердің депозиттік сертификаттары; 3. шет мемлекеттердің заемдық облигациялары; 4. шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері; 5. шетелдік акционерлік қоғамдар компаниялардың акциялары; 6. шет елдік занды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады.

Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу объектілерін айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу; мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерін айқындау; мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерімен жасалынатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалынатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар занды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау; резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары (борыштары) мен несиелерін тіркеу; валютамен жасалынатын операцияларға бақылау жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық-құқықтық институт болып табылады.

Мемлекетгік қаржылар саласындағы уәкілетгі мемлекетгік органдар жүйесінде:

А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:

1. жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган - ҚР
Парламенті;

2. жергілікті өкілді органдар - Мәслихаттар.
Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:

1. жалпы қүзыретгі орталық атқару органы - ҚР Үкіметі;

  1. орталық салалық құзыретті органдар - ҚР министрлікгері мен ведомстволары;
  2. жалпы құзыретті жергілікті атқару органдары -Әкімдіктер;
  1. жергілікті салалық және функционалдық органдар;
  2. министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдары;

6. жергілікті әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары.
Б. мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық-

экономикалық органдары:

  1. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрліктері, олардың қүрылымдық және аумақтық бөлімшелері;
  2. ҚР Ұлтгық Банкі, оның құрылымдық бөлімшелері мен оған бағынышты несие-қаржылық ұйымдар көрініс тапқан.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселелерді шешуге, алға қойылған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық механизмнің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субъектілердің, сондай-ақ қарамақтарында мемлекетгің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-түрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланган және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекеттік қызмет пен еңбек құқығы
Қазақстанның Конституциясы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Құқықтық норманың негізгі сипаттары
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz