Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық
негіздері

1.1.Педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының
анықталуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ -тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу
жолдары

2.1. Халық қол өнері негізінде эстетикалық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ..12
2.1. Халықтық музыка өнері негізінде эстетикалық мәдениетін
көтеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..172.3. Бастауыш сынып
оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3. Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық өнерге баулу
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арналған
кезекті жолдауында Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз
қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды, - деп
атап көрсетті.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек
шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-
эстетикалық тануының заттанған көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі
– қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарына
эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылым сыры ұғылады
(қабылданады).
Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап,
болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа Ата жұрт,
Атамекен, Елім-жерім, Туған өлке ырымдарын қалыптастырады.
Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі
түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-
сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне
табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссауи,
Ж. Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.
Жұмабаев, Ж. Баласағұни, т.б.), шетел психолог-педагогтары (Н.
Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л.
Выготский, С. Рубенштейн, А. Бакушинский, т.б.), еңбектерінде
табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп,
қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі
қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және
эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған
кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева,
Ө. Қамақов, Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Е. Асылханов, Қ.
Ералин, Қ. Ижанов, Ү. Ибрагимов, З. Ахметова, Қ. Болатбаев, С.
Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.
Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ
қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның
негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама
беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның
эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік
қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді.
Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің
барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.
Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әсемдікті,
табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе,
қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған:
Әсемдікті сезіну – адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім
төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін, тек осы сезіммен ғана
азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да
Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде
ерлік істей алады, ... эстетикалық сезім – жақсылықтың негізі,
адамгершіліктің негізі. Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу,
ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың
ақыл – ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық сезім – адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған
рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М. Жұмабаев Жаратылыстың Һәм
искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды
жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір
сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені
сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан
тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері
жақсы тәрбие алуына тиісті... деп адамдардың өміріндегі, өнердегі
сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі
эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін көрсетеді. Демек,
қазақ ұлттық өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы,
өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты: жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық
өнердің ролі мен маңызын зерттеу және қазақ халқының қолөнері,
музыка өнері, көркем шығармалар негізінде эстетикалық талғамын,
мәдениетін көтеру жолдарын анықтау.
- Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттерін ашу;
- Мектептегі эстетикалық тәрбиенің бағыттары және ұлттық
ерекшеліктерін негіздеу;
Зерттеу әдістері: әдебиеттермен жұмыс, бақылау жүргізу, тест,
анкета, талдау.
Зерттеу объектісі: оқушы, мұғалім, ата-ана іс-әрекеті.
Зерттеу базасы:
Жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Оқушыларға
эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы. Ол кіріспе
бөлімнен және негізгі құрылымы екі тарау, алты бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының
анықталуы және оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің
мәні мен маңызы талданады.

Екінші тарауда халық қол өнері, халықтық музыка өнері негізінде
эстетикалық мәдениетін көтеру, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық
тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың рөлін айқындау және
сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық өнерге баулу мүмкіндіктері қарастырылады.

І-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық
негіздері

1.1.Педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының анықталуы.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл
атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани
өмірін байытады, қызықты етеді, оған ең жоғары рухани
ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілігінің
тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың
сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені сүйетіндей етіп
тәрбиелеуіміз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттілік пен ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады.
Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары
болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарға тәрбиелеу – тәрбие
барысына зейін салуды талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта,
тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам
өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу
тән нәрсе. Ол әрдайым бойларына әсемдік құндылықтары бар қатар
- құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-
әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы
толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға
сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсендігін
кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің
экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар.
Бұл біздің қоғамдағы қағамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани
және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан
туындайды.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы
санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады. Сонымен, оқушылардың
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу – дамыған әсемдік сана мен
талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты
тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің
барлық түріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке
көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-
ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын
бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары мен процесі,
оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде
еңбек мақсаттары мен процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше
көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы
оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем,
музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады.
Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам
денесінің тән және жан сұлулығын таниды т.б.

Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы,
шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында
ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, еңбек іс-әрекетінің
процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі
адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерді орындауға
жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері
бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге
асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы
үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және
тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол
шындықты көркем сезімді қабылданатын бейнелер арқылы бере отырып
және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның
көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық
көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты
қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар
әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-
әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп
қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен
іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі,
өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ляззат алу. Эстетикалық
тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған
керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі
болады. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлермен
қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.
Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы,
ықпалдастық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуына негіз болады.

Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру –
эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған
түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала
бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен өнердегі
дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет.
Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады,
байымдай және бағалай біледі. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі,
еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың
арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарыс
өткізеді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу.

Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін
қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды
өздігінен ілтипатты – оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал
тындаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға,
кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға
өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-
әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге
үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы
эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін еңгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет
салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін
дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін
және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары – әдебиет және өнер. Олар
зор идеялық тәрбиелік рөл атқарады. Өнер және әдебиет адам
санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы сонымен
қатар тәрбие ала алады.

Белгілі орыс суретшілері П.А. Федотовтың, В.Г. Перовтың, И.Е.
Репиннің, В.В. Верещагиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левитанның және
қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың
т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың
тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М. Горький, Н.А. Островский, А.А. Фадеев, М.А. Шолохов, М.
Әуезов, Ғ. Мүсрепов, С. Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам
баласыынң бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері
жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы.
Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты
шарттарының бірі болып табылады.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке
әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді с-әрекетімен
байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда
ғана оның әрі мінез-құлықтың, әрі әсемдік көңіл-күйі жай
табады.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық
сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны
оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін
балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік
ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің
нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.

Бақылау мен балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат
жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең
тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім
оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін
бағалауға көмектеседі.

Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт
белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың
мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті
қоғамдық өмір және өнер ықпалымен қалыптасады.

Бұл тұрғыдан әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын
кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.

Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының
ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас
тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

1.2. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің
маңызы.

Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге
өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу,
жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау,
өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие
жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және
т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің
құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы
жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары,
олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала.
Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде
халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір
тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын
дамытады.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім - нанымына,
тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр
халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар,
ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету
тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның
өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені
рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың
әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны
халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын,
әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
•  Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б.
әндер мен өлеңдер.
•  Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай,
жетіген, үскірік, т.б.
•  Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
•  Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет
етті.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың
осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.

ІІ -тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу
жолдары

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие
процесінде іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып
оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың,
еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай
білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға
үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын
қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім
суретке қарап әңгіме құрауды, әр алған тәлім-тәрбиені айтып
беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті
сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән
салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі
көңіл, ер жүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани
өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы
тәртіп пен мінез – құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні
бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған
музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін
дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі
жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына
тікелей қатысып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып,
басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам
өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер,
сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі
өрнектеледі.

Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар
мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін
бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет
салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық
суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті
бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының,
еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе әдебиет сабақтары
оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің,
қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Кейбір оқушылар жас кезінен-
ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады. Олардың мұндай қасиеттерінің
дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға газеттерінің
қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және Республикалық жастар
газеттерінің маңызы өте зор.

Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география
сабақтарында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай
эстетикалық сымбаты жөнінде мәліметтер алады. Биология, геграфия
сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар
оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие
берудегі ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

2.1. Халық қол өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру

Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайына табиғи өзгерістерге
байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын
дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін
алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.

Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде,
тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын
жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде
пайдалануынан көруге болады.

Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың
әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш,
тері, металл өндеудегі өнері әлемге әйгілі.
Қазақтың ұлттық қол өнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі жас ұрпақтың рухани-
эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына, көркемдік
шындалуына ықпалы мол.
Өнер түрлері сан-алуан. Әр өнердің адам санасына, сезіміне әсер етуі
әртүрлі деңгейде болуы мүмкін.
Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның қалыптасуына өзіндік
үлес қосуының тәрбиелік мәні зор.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып олардың
талғамын, ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен мақтаныш сезімін
дамыту біздің басты мақсатымыз.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, оның көркемдік және материалдық
мәдениетінде көрініс береді. Халықтың дәстүрлі төл өнері арқылы жеткіншек
ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, қазіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық
өнерге баулу жөніндегі мәселе қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын,
халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл
бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет
етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін
сақтап, одан әрі дамытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Биологияны оқыту барысында эстетикалық тәрбие беру
Музыкалық-эстетикалық бәләм мен тәрбие БҚ заманауи мектеп қиыншылықтары
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Пәндер