Дискуссия өткізу технологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Оқушылардың iс-әрекетiн белсендiлендiру және күшейту негiзiндегi педагогикалық технологиялар

1- Тарау. Интерактивтi окыту әдістер

1. 1. Интерактивті оқыту ұғымы және оның мәні

1. 2. Интерактивті сабақтарды ұйымдастыру қағидалары

1. 3. Интерактивті тақтаны сабақ өткізу барысында пайдалану

2 - Тарау. Ойын технологиялары

2. 1. Ойынның пайда болуы және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні

2. 2 Ойын теориялары

2. 3 Іскерлік және рөлдік ойын түрлері

3 - Тарау . Проблемалық оқыту

3. 1. Проблемалық оқытудың даму тарихы

3. 2. Проблемалық оқытудың негiзгi функциялары

4 - Тарау. Жобалап оқыту технологиясы

4. 1. Жобалар әдісінің пайда болу тарихы

4. 2. Жобалар әдiсiн қолдануға қойылатын негізгi талаптар

1 Тарау. Интерактивтi оқыту әдicтерi
1. 1. ИНТЕРАКТИВТI ОҚЫТУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Оқыту әдістері - бұл оқу үрдiсiндегi бiлiм алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасын бейнелейтiн формалар мен тәсілдердің жиынтығы.

Оқытудың алғашкы пайда болғанынан бүгiнгi күнге дейiн білім алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесуінің үш формасы қалыптасып, кеңінен таралды.

Оқыту әдістерін үш топқа бөлуге болады:

  1. Пассивтi (еңжар) ;
  1. Активтi (белсендi) ;
  1. Интерактивтi.

Пассивтi әдiс - бұл оқытушы негiзгi әрекет етушi жан сабақ барысын басқарушы тұлғаға болып табылатын бiлiм алушылар мен оқытушының өзара әрекеттесу формасы. Онда білім алушылар тек пассивтi тыңдаушы болады. Бiлiм алушылар мен оқытушы арасындағы байланыс тек сұрау, бақылау және өзіндік жұмыстар, тестiлер арқылы жүзеге асыралады. , Педагогикалық технологиялар тұрғысынан бұл ең тиiмсiз әдіс болып табылғанымен, оның өзiндiк жақсы жақтары да бар.

Активті әдіс - бұл білім алушылар мен оқытушы сабақ барысында өзара әрекетте болатын және бiлiм алушылар тек пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсендi қатысушылары болып табылатын өзара әрекеттесу формасы. Мұнда оқытушы мен білім алушылардың құқықтары бірдей.

Интерактивтi әдiс - бұл өзара әрекеттесу, бiреумен әңгіме диалог ретінде болу дегендi бiлдiредi. Басқа сөзбен айтқанды, активті әдіске қарағанда интерактивтi әдіс оқытушы мен бiлiм алушылардың өзара әрекеттесуiне ғана емес, сонымен бiрге бiлiм алушылардың бір-бірімен өзара белсендi әрекетте болуына бағдарланған.

Cонымен, интерактивтi оқыту деп бiлiм үрдiсiне қатысушы субъектілердің өзара қарым-қатынасы мен өзара әрекеттес психологиясына негiзделген оқытуды айтады. Оқытушы қызметінің орталығында индивид ретiндегi жеке оқушыға ғана eмec, бір мәселенi талқылай отырып, өзара пiкiр таластыратып, бір-бірімен келісімге келетін, бiр-бiрiн ынталандыратын және белсенділендіретін өзара әрекеттеті оқушылар тобы болуын типі. Интерактивті әдістерін қолданғанда интеллектуалды белсенділікке жарыс, бәсекелестік рухы барінен де күштi әсер етеді, ол aдамдap шындықты ұжым болып iздегенде байқалады . Сонымен бірге жұқтыру (елiктiру емес, дәл жұқтыру) сияқты психологиялық феномен әсер етедi, басқа бiреудiң айтқан кез- келген ойы соған ұқcac немесе қарама-қайшы ойды тудыруы мүмкін.

Мұндай сабақ барысында оқытушының пассивтi сабақтарға қарағанда өте белсендi болуы талап етiледi. Оқытушының бiлiм алушылардың пiкiрталасына қатысу формасы әртүрлi болуы мүмкін, бірак еш уақытта өз ойын оларға насихаттамау керек. Ең дұрысы оқытушы нәтижеін ойлауды, шындықты шығармашылықпен iздеудi талап ететін проблемалық сұрақтарды қоя отырып олардың пiкiрталасын басқару арқылы қатысу. Оқытушы өзiнiң көзқарастарын тек бiлiм алушылардың айтқандарынан қорытынды шығару және қате пiкiрлердi дәлелдермен жоққа шығару ретiнде айтады. Оның көзқарастары бiлiм алушылардың пiкiрлерiмен сәйкес келуi мүмкін, өйткенi олар оқытушының жетектеушi сұрақтарының нәтижесінде пайда болады, Мұндай мысалдармен теориялық сұрақтарды талқылаудың тек мазмұндық, интеллектуалды танымдық жақтарын бағыттап қана қоймай. Сонымен бiрге бiрлескен іс- әрекетті конструкциялауға болады, ол бiлiм алушылардың оқу ic- әрекетін оқу-тәрбие ic-әрекетiне айналдыра отырып бiлiм алушының жеке тұлғалық позициясына әсер етедi.

Сонымен, оқытудың интерактивтi әдісінде бiлiм алушылардыв бiрлескен іс-әрекеті, оқытушының пікірталасқа олармен тең дәрежеде қатысуының арқасында, нақты шығармашылық іс-әрекеттегі жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынасының моделiне айналады.

1. 2. ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚAFИДАЛАРЫ

Оқыту үрдiсiн ұйымдастыpyдa белсендi оқытудың мынадай қағидаларын жүзеге асыру керек.

Жекелендiру - жекелендiру ретінде бiлiм алушылардың жеке ерекшелiктерiн ескеретін және бәрін жалпылама бағаламай, әркімнің өз қабiлеттерiн барынша ашып көрсетуге мүмкiндiк беретін мамандарды көп деңгейде дайындау жүйесiн құрумен түсiнiледi. Оқытуды жекелендiру:

- мазмұны бойынша, онда бiлiм алушы алатын бiлiмiнiң бағытын түзетуге мүмкiндiгi болады;

- оқу материалынын көлемі бойынша, бұл бiлiм алушыларға пәнді танымдық, ғылыми немесе қолданбалы мақсаттарды тереңiрек игеруге мүмкiндiк бередi;

- меңгеру уақыты бойынша, тыңдаушылардың темпераментi мен қабілеттеріне байланысты оқу материалының белгiлi бiр көлемiн меңтеруге бөлiнген уақыт аралығында өзгерiстер болады.

Икемділік - дайындық вариативтiлiгiнiң үйлесiмдiлiгі. Дайындық варианттары еңбек нарығында болып жатқан жаңалықтарды ескере отырып оқыту барысында өзгеруi тиiс. Келiсiм-шарт жасау кезiнде жұмыс берушінің бітірушіге қойылатын талаптары анықталып, теориялық оқыту формаларына, практика мазмұны мен формаларына түзетулер енгiзiледi.

Элективтілік - тыңдаушыларға өз бетiнше бiлiм алу траекториясын таңдауға барынша мүмкiндiк беру.

Контекстілік тәсіл - оқу материалының мазмұнын оны баяндау логикасына бағындыру.

Ынтымақтастықты дамыту - оқытушылардың арасындағы сенім,
жауапкершiлiк қағидасына көшу.

Педагогикалық практикада белсендi оқыту әдістерін пайдалану - оқу орындарында оқу іс-әрекетін белсенділендіру проблемасын шешу, бұл қазіргі таңдағы барлық педагогикалық теориялар мен технологиялардың негiзiнде жатыр. Олардың көпшiлiгi бұрыннан қалыптасқан проблемаларды: ойлауды,
танымдық белсендiлiктi, танымдық қызығушылықты дамыту қажеттілігін шешуге бағытталған.

Салыстыру

критерийлері

Дәстүрлі әдістер
Интерактивті әдістер
Салыстырукритерийлері:

Ақпарат мөлшері немесе

игеретін мәлімет

Дәстүрлі әдістер:

Қысқа уақыт ішінде үлкен

ақпарат мөлшерін оқып,

танысуға болады

Интерактивті әдістер:

Аз ғана ақпарат мөлшерін

оқуту үлкен уақыт мөлшерін алады

Салыстырукритерийлері: Оқыту тереңдігі
Дәстүрлі әдістер:

Білім мен түсінікке

негізделген

Интерактивті әдістер:

Білім, түсінік, қолдану,

анализ, синтез, бағалау. Оқушылар танымының

барлық деңгейін меңгере

алады

Салыстырукритерийлері:

Игеру мен меңгеру

пайызы

Дәстүрлі әдістер:

Әдетінше онша жоғары

болмайды

Интерактивті әдістер: жоғары
Салыстырукритерийлері: Оқытушының рөлі
Дәстүрлі әдістер:

Оқытушының жеке

қасиеттері көлеңкеде қала

береді де, ол тек «білім

көзі» ретінде ғана

қалады

Интерактивті әдістер:

Оқытушының оқушылар

алдында өзінің жеке

кәсіптік қасиеттерін ашып

көрсете алады

Салыстырукритерийлері: Оқушылар рөлі
Дәстүрлі әдістер:

Пассивті: оқыту

үрдісінде маңызды

шешімдерді өз бетінше

қабылдай алмайды

Интерактивті әдістер:

Белсенді: оқушылар

маңызды шешімдер

қабылдай алады, әрі

өмірлік тәжірбиелерін

пайдалана алады

Салыстырукритерийлері:

Оқытудың мүдделеу

көзі

Дәстүрлі әдістер:

Сыртқы (баға, педагог,

ата - ана, қоғам)

Интерактивті әдістер: Ішкі: оқушының өзі оқыту үрдісіне қызығыда
Салыстырукритерийлері: Бағалау
Дәстүрлі әдістер: Қарапайым, 5 балдық жүйе
Интерактивті әдістер:

Күрделі, бағалауда жаңа критерийледің

енгізілуін қалайды

1-кесте. Дәстүрлi және интерактивті окыту әдicтерiн салыстыру

Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны оқып- үйренуге бағытталған. Қазіргі таңдағы педагогикада интерактивті әдістер өте көп, олардың iшiнен мыналарды атап көрсетуге болады:

  1. шығармашылық тапсырмалар;
  2. шағын топтардағы жұмыс;

3. оқытып-үйретуші ойындар (iскерлiк ойындар, имитациялар, рөлдiк ойындар) ;

4. қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, экскурсиялар ) ;

5. әлеуметтік жобалар мен басқа да аудиториядан тыс оқыту әдістері (әлеуметтік жобалар, жарыстар, радио және газеттер, фильмдер, қойылымдар, көрмелер, көріністер және т. б. ) ;

  1. жаттығулар;
  2. жаңа материалды оқып-үйрену және бекiту (интерактивтi дәрістер, көрнекі құpалдармен, бейне- және аудиоматериалдармен жұмыс істеу (Сократтық диалог және т. б. ) ;
  3. күрделi және пiкiрталас тудыратын сұрақтар мен мәселелерді талқылау (сөзжарыстар, пiкiрталастар, сипозиумдар және т. б. ) ;

9. мәселелерді шешу («миға шабуыл», «шешiмдер ағашы», «келіссөздер мен медиация» және т. б. ) және т. б. көптеген әдістер.

Жоғарыда атап өткенiмiздей интерактивтi әдістердің түрлерi өте көп. Бiз олардың барлығына тоқталмаймыз, тек педагогикалық практикада жиi қолданылатын, кеңінен тараған әдістерді атап өтемiз.

«Миға шабуыл» әдici - ұжымдық талқылау әдici, мәселенің шешiмiн iздеу барлық қатысушылардың пiкiрiн еркін бiлдiру жолымен жүзеге асырылады.

Оқытушы:

  1. Дискуссия тақырыбын таңдайды.
  1. Студенттердің алдына мiндет қойып, миға шабуыл әдiсiнiң ережелерiн түсiндiредi:

- «шабуылдың» мақсаты - мәселені шешудің ең көп нұсқасын ұсыну;

- өз қиялыңызды жұмыс icтегіңiз; ешбiр пiкiрдi жалпы қабылданған пiкiрге қарама-қайшы болғандықтан ғана жоққа шығармаңыз;

- басқа қатысушылардың идеяларын дамытыңыз;

- ұсынылған идеяларға баға беруге асықпаңыз - мұнымен сiз кейiнiрек айналысасыз.

3. Оқытушы пайда болған идеялардың бәрін жазып отыру үшiн хатшы тағайындайды . . .

4. Үзiлic жарияланады. Үзiлiстен кейiн қатысушылар бірінші кезеңде айтылған идеяларды (идеялар тiзiмiн басып шығарып, қатысушыларға таратып беруге болады) топтастырып, дамытады. Идеяларды топтар бойынша сұрыптағаннан кейiн қатысушылар оларды талдауға кiрiседi, бұл көптеген пiкiрлердiң iшiнен қойылған мәселені шешуге көмектесетiндерiн ғана таңдап алады.

5. Оқытушы дискуссия қорытындысын шығарады. Егер миға шабуыл әдiсi ешбiр нәтиже бермесе, себебiн, сәтсіздіктерін талқылауы тиiс.

«Шешімдер ағашы» әдici . Бұл әдіс қойылған мәселеге біржақты қарапайым жауап беру мүмкін болмаған жағдайда шешiмдердi қабылдау процесiн оңтайландыру үшін қолданылады.

1. Оқытушы тапқылау үшiн мәселе қояды.

2. Оқушыларға мәселе бойынша негiзгi ақпарат, тарихи фактiлер және т. с. с. берiледi (бұл үй тапсырмасының бір бөлігі болуы да мүмкін) .

3. Шағын топтардағы жұмыc. Әрбір топқа кестелер мен фломастерлер таратылады. Тапсырманы орындауға берiлетiн уақыт анықталады (10-20 минут) .

4. Топтарда жұмыс iстей отырып, студенттер бағаналарға әрбір нұсқаның артықшылықтары мен кемшiлiктерiн жаза отырып, кестені толтырады және проблема бойынша шешім қабылдайды.

Әдiстеме жағдайларға талдау жасау кезiнде оның себебiн толық тусінуге көмектесу үшiн қолданылады. Қатысушылар шешiмдердiң барлық мүмкін варианттарына талдау жасап, олардың әркайсысының артықшылыктары мен кемшіліктерін, оның соңы неге алып келетiнiн, салдарларын жазады.

Балық сүйегі әдісі . Балық сүйегiнiң сүретін тақтаға салады. Бас жағына проблема, қабырғаларына - «проблема неге пайда болды» және «проблеманың пайда болуынының алдын алу», құйрығына профилактикалық шаралар жазылады. Сонғы кезең - неғұрлым оңтайлы шешiм қабылдау - проблемаға жауап табу.

Қалай алдын алуға

болады?

Проблема

Не пайда болды?

2-суреm. «Балық сүйегi» суретінің сұлбасы

Жұппен немесе шafын топпен жұмыс

Оқушыларды жұпқа немесе шағын топқа бөлiп жұмыc істету олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік тудырумен қатар, басқа адам ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіредi.

Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгiлi бiр жағдайды натижелі шешуге де мүмкіндiк бередi.

Жұппен немесе шағын топпен жұмысты өткiзу реті:

Оқушыларды жыныстарына қарай араластырып бөлiңiз. Оларды жыл мезгiлдерi қыс, көктем, жаз, күз, апта күндерi дүйсенбi, сейсенбi, сәрсенбі, бейсенбi, жұма, түске қарай қызыл, сары көк, жасыл, ақ, жемic атаулары алма, алмұрт, шие, шабдал, өрік т. б. бойынша бөлуге болады.

2. Егер сынып iшiнде парталар мен орындықтарды қозғауға келмесе, шағын топқа бөлiнген оқушыларды бiр-бiрiне бетпе-бет қарап отыруын сұраңыз.

3. әр топ iшiнде оқушылар өздерi уақытты бақылап отыратын, шағын топ жұмысының тұcay кесерін айтатын оқушыны өздерi таңдасын.

4. Шағын топқа берiлетiн тапсырма немесе жаттығуды нақты қысқа және анық беру керек.

5. Шағын топ жұмыс iстеп жатқанда мұғалiм сыныптың артқы жағында

кедергi жасамайтын жерде тұруы қажет.

6. Шағын топ жұмысы бағалануы тиic. Оқушыларды сөйлетіп ол үшiн қандай нәрсе маңызды болғанын сұраған жөн.

Дискуссия өткізу технологиясы

Дискуссия танымның интерактивті әдiсi, шындықты табу жолы ретiнде қазіргі таңда бiлiм беру мекемелерiнде жиi қолданылып жүр.

Ожеговтың сөздiгiнде «дискуссия» және «дебат» терминдері синонимдер, олар вербалды құралдармен жүргiзiлетiн және шешiлетiн қарама-қайшылықты, таласты талқылауды бiлдiредi.

Мектептiк, сыныптық дискуссия (дөңгелек үстел, жиналыс) технологиясының мәні қандай да бiр тұрақты, мәселені ұжыммен талқылауды немесе ақпаратты, идеялерды, пікірлерді, ұсыныстapды сәйкестендіруін өткiзуде болады. Дискуссияның өткiзу мақсаттары алуан түрлi болуы мүмкін: оқыту, тренинг, диагностика, қайта түрлендiру, мақсаттарды өзгерту, шығармашылықты ынталандыру, және т. б., дискуссия тақырыптары - мораль мен саясат, өнер мен техника, ғылым мен спорт, медицина мен жанұялық қарым-қатынастар және т. б.

Оқу үрдiсiнде дискуссияны ұйымдастыpy кезiнде әдетте бiрнеше оқу мақсаттары, таза танымдық мақсаттармен қатар, коммуникативтi мақсаттар қойылады. Әрине осы кезде дискуссия мақсаттары оның тақырыбымен тығыз байланысты. Егер тақырып ауқымды болып, ақпараттың үлкен келемiн қамтитын болса, дискуссия нәтижесінде тек ақпаратты жинау және реттеу,
баламаларды анықтау, оларды теориялық түсiндiру мен әдіснамалық негiздеу сияқты мақсаттарға ғана қол жеткізуге болады. Егер дискуссия тақырыбы тар болатын болса, онда ол шешiм қабылдаумен аяқталуы мүмкін.

Дискуссия кезiнде оқушылар бiрiн-бiрi толықтыруы немесе бiр-бiрiне қарама-қарсы пiкiрде болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда диалог белгiлерi байқалады, ал екiншiсiнде дискуссия талас сипатына ие болады. Қағидаға сәйкес дискуссияда осы екі элемент те кездеседi, сондықтан, дискуссияны тек талас ұғымымен теңестіру дұpыc емес. Өзара бiрiн-бiрi жоққа шығаратын да, өзара бiрiн-бiрi толықтыратын да, өзара бiрiн-бiрі дамытатын да дискуссиялар үлкен рөл ойнайды, өйткенi бiр мәселе бойынша әртүрлі пiкiрлердi салыстыру фактiсi бірінші дәрежелі мағынаға ие болады.

Мектеп жағдайында өткiзiлетiн дискуссиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкін:

Дискуссия-диспут. Жүргiзушi тақырыпты жариялап, ниет бiлдiргендерге (кейде арнайы дайындалғандарға) сөз береді. Диспут барысын iшiн-ара жүргiзушi анықтайды, бірақ негiзiн алдын ала болжауға болмайды, эмоционалды сипатқа ие.

Конференция - дискуссияның бiр түрі, онда талқылау мен таласу проблеманың жағдайы немесе қандай да бiр жұмыстың нәтижелері туралы қысқа хабарламамен аяқталады. Конфереренцияға алға қойылған тезистерді кеңінен дәлел келтіру, оларды байыппен талқылау тән.

Баспадағы, радио, теледидар бойынша жүргізілетін дискуссия қатысушылармен тiкелей байланыстың болмауымен және баяндамаларды асықпай ойластыру мүмкіндігін берумен байланысты.

Прогрессивтi дискуссия. Оның мақсаты - қатысушыларда сәйкесінше коммуникативтi icкерлiктер мен дағдыларды бір уақытта жаттықтыра отырып, проблеманы топпен шешу.

Дискуссияның бұл түpi 5 кезеңнен тұpaды: .

а) идеяның туындауы (қатысушыларға берілген проблеманы шешу жолдары туралы идеяны ұсынуға уақыт беріледі) ;

ә) барлық ұсыныстap тақтаға жазылады;

б) әрбір ұсынылған нұсқa талқыланады;

в) лайыкты нұсқалар қарастырылып, олар маңыздылық дәрежесi бойынша орналастырылады, яғни, идеялардың верификациясы жүзеге асырылады;

г) жетекшi дискуссияны ұйымдaстыpaды, оның нәтижесінде ең көп дауыс жинаған шешiмдер қалады, олардың ішінен ең соңғысы таңдалып алынады.

Дикуссияның мұндай формасы топтық шешімді тез және тиiмдi қабылдауға көмектеседi.

«Сұрақ - жауап» әдістемесі. Бұл әдістеме - қарапайым әңгімелесудің бір түрі, оның ерекшелігі дискуссия - диалогқа қатысушылармен әңгімелесу үшiн сұрақтарды қоюдың белгiлi бiр формасы қолданылады. Диалогты жүргiзу стратегиясының мәні әңгімелесушінің сiзбен сөйлесу ниетiнен оның
қызығушылықтарын, жағдайын, қарым-қатынасын түсінуге; әңгімелесушіні түсiнуден қабылдауға, ал қажет болса оны сендiруге көшуінде.

«Жарты дауыста талқылау» процедурасы. Бұл әдістеме шағын топтарда жабық дискуссия өткiзудi болжайды, одан кейін жалпы дискуссия өткiзiледi, оның барысында өзiнiң шағын тобының . пiкiрiн олардың көшбасшысы баяндайды, бұл пiкiрдi барлық қатысушылар талқылайды.

Клиника әдiстемесi. «Клиника әдістемесін» қолдануда қатысушылардың әрқайсысы ұсынылғaн проблемалық ситуацияға қойған өз «диагнозын» ашық талқылауға алдын ала берiп, шешiмнiң өз нұсқасын жасайды, содан кейiн бұл шешiмдi басшы да, осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген эксперттер тобы да балдық шкала немесе алдын ала қабылданған «жағымды- жағымсыз жүйесi бойынша бағалайды.

«Лабиринт» әдiстемесi. Дискуссияның бұл түpiн басқаша бiртiндеп талқылау әдiсi деп атайды, ол өзiндiк ерекше қадамдық процедура болып табылады, онда әрбiр келесi қадамды басқа қатысушы жасайды. Мұндa барлық шешiмдер, тiптi дұрыс емес (тұйыққа тiрелетiн) болса да талқылауға жатады.

Эстафета әдicтемесi. Өзiнiң сөзiн аяқтаған әрбір қатысушы кімге берген дұрыс деп есептесе соған сөз беруiне болады.

Дұрыс ұйымдастырылған дискуссия дамудың төрт кезеңiнен етедi: бағдарлау, бағалау, консолидация және рефлексивтi талдау.

Бағдарлау кезеңінде дискуссияға қатысушылар проблемаға және бiр бiрiне бейiмделедi, яғни, бұл уақытта қойылған проблеманы шешуге белгiлi бiр бағдар жасалады.

Бағалау кезеңі әдетте идеяларды сәйкестендiру, конфронтациялау және тiптi дау тұғызуды болжайды, ол дискуссияны олақ басқару жағдайында тұлғалар арасындағы дау- дамайға өсiп кетуі мүмкін.

Консолидация кезеңi белгiлi бiр бiрыңғай немесе компромиссті пiкiрлердi, позицияларды, шешiмдердi шығаруды болжайды.

Рефпексивті талдау және қорытынды шығару.

Дискуссияның маңызды элементi - оны талдау. Сабақтардың қорытындысын шығарады, дискуссияға қатысушылар жасаған қорытындыларға талдау жасалады, проблеманы дұрыс түсінудің негiзгi моменттері ерекше аталып көрсетіледі, логикалылығы, айтылғандардың қателері, дискуссия такырыбының нақты сұрақтары бойынша жекелеген сұрақтардың қанагаттанбауы көрсетiледi. Әңгіменің мазмұнына, аргументтердің тереңдігіне және ғылымилығына, ойды дәл білдіруге, ұғымдapды дұрыс қолдануға ерекше көңiл бөлiнедi. Cұрақтарға жауап беру, дәлелдеу мен терістеу тәсілдерін пайдалану, пікір-таластың әртүрлі құралдарын қолдану iскерлiгi бағаланады.

Kepi байланысты алу үшiн дискуссияға қатысушылардың ауызша және жазбаша өздiгiнен есеп беруін қолдану мақсатқа саи болады. Өздiгiнен есеп берудің мүмкін болатын екі формасы бар:

  1. еркін және 2) келесi сұрақтарға бағдарланған дискуссия кезінде мен не сезіндім; маған не керек еді; кім немесе не кедергі болды; өзiм үшiн жаңадан не бiлдiм; дискуссия мені еліктіріп әкетті ме; егер мені елiктiрiп әкеткенімен, неге селқос болып қалдым оны немен тусiндiруге болады; дискуссия арқылы ие болған тәжірбиемді (жағымды және теріс) ары қарай жұмысымда және күнделiктi өмiрде қалай қолдана аламын?

Дискуссия салдары:

а) дискуссияның басқа да қатысушыларының көзқарасын сыйлауға және тусінуге лайықты ретінде қарым-қатынас пайда болады;

ә) дискуссиядағы конструктивтi дау-дамайды, қарама- қайшылықты шешу мәселелер шешiмiнiң оптималды стратегиясын анықтауға ықпал етеді;

б) конструктивтi дау-дамайды шешу бойынша дискуссияда сабақ жетекшiсiне жалғыз дұрыс көзқарас тасымалдаушысы ретiнде емес, ортақ жұмыс бойынша әріптес ретінде қарым- қатынас қалыптасады.

Дискуссиядағы қателер:

- сабақ жетекшiсiнiң монопопиялығы, ол дұрыс жауапты бiледi, ал қалғандары оны табуы тиіс;

- қатысушылардың өз жетекшісіне сөзсіз сенуі. Мұндай жағдайда шындық белделге тәуелділікте болады;

- ынталандырудың болмауы: жетекші бiр қатысушыны мақтап, екiншiсiн ерiксiз ренжiтедi;

- абстрактілi проблемаларды талқылаумен елікгеу, берілген тақырыптан ауытқып кету;

- кейде қатысушылар (2-4 адам) басқаларына сөз бермей, олардан «асып түсу».

Сабақ жетекшісіне ұсыныстар:

- кері шегiнбестен және басқа жаққа ауытқымай, бiр уақытта кенеттiлiк, экспромт алға қойған мақсатқа қарай үнeмi жылжып отыру;

- тым белсендi, сөзшең және пассивтi, үндемейтін дискуссияға қатысушылар арасында психологиялық, тепе-теңдік сақтау,

Дискуссияның жалпы қағидалары.

- тең құқылы субъект-субъектiлiк қарым-қатыастар; ;

- «Мен - жақсы, сен - жақсы» позициясы (Э. Берн) ;

- «Мені дұрыс тусiнiңiздер» позициясы;

- шындық бәрінен де жоғары;

- қысқа да нұсқа;

- өз ойын айту кезiндегi сыйластық пен достық.

Дискуссияда өзiн ұстay ережелерi:

- Мен адамдарды емес, идеяларды сынаймын. _

- Менің мақсатым «жеңу» емес, ен тиiмдi шешiмге келу.

- Мен әрбір қатысушыны талқыдауға қатысуға оятамын.

- Мен басқалардың пiкiрiмен келiспесем де, әркайсысын тыңдаймын.

- Мен ең алдымен екі позияцияға да қатысты барлық идеялар мен фактiлердi анықтап аламын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалану ерекшеліктері
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Дәстүрлы окыту
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Сөйлеу тілін түсіну
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz