Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы


Аннотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік- экономикалық жағдайы. Онда Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық жағдайы мен Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы мен ірі қалаларына және де Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы мен әлеуметтік құрылымына жалпы сипаттама берілген. Курстық жұмыс 40 беттен тұрады, 3 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық картасы, Алматы облысының экономикалық картасы, Жамбыл облысының экономикалық картасы, Қызылорда облысының экономикалық картасы, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық картасынан тұрады.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
І Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ФИЗИКАЛЫК - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ жағдайы
1. 1 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданына физикалық - географиялық сипаттама . . . 7
1. 2 Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық - географиялық сипаттама . . . 9
ІІ Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының демографиясы . . . 14
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары . . . 15
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі . . . 19
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы . . . 21
ІІІ Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
3. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы . . . 25
3. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені . . . 29
3. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібі . . . 32
3. 4 Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылығы . . . 36
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39
Қосымша . . . 40
КІРІСПЕ
Оңтүстік аудан ежелгі уақыттан бастап Қазақстан мен Орта Азияның тарихында ерекше орын алды. Ұлы Жібек жолы басып өткен өлке барлық жағынан гүлдену үстінде болды. Ежелгі қалалар (Отырар, Испиджаб, Түркістан, Шавгар, Сауран, Арыс және т. б) тек сауда ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Бұл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йассауидің өмір жолдары тығыз байланысты.
Бұл экономикалық ауданға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Аумағы - 712, 2 мың шаршы шақырым.
Оңтүстік Қазақстан - республиканың барынша дамыған экономикалық аудандарының бірі. Ауыл шаруашылығының мамандану бағыты бойынша ол көршілес жатқан Орта Азияға өте ұқсас. Бұл - Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан - республиканың кен өндіру және өңдеу, ауыр өнеркәсіп салалары жақсы дамыған аса ірі өнеркәсіпті ауданы. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады.
Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік дамыған аудан. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын, жүзім өсірумен айналысады. Оңтүстік «валюталық» дақыл-мақта өсіретін бірден - бір аудан, миллиондаған гектар жайылымдық жерлер мал шаруашылығының тамаша базасы болып табылады. Сонымен қатар бұл аудан әлемнің түрлі елдерінен келетін туристер назарын аударатын таңғажайып көркем жер.
Батысында Арал теңізінен бастап, шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі және солтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақ дала шөлінен республиканың оңтүстігіндегі шекарасына дейінгі орасан зор аумақты Оңтүстік Қазақстан алып жатыр. Оңтүстік Қазақстанның аумағы батыстан шығысқа қарай шамамен 2000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай - шамамен 700 шақырымға созылады. Ол Батыс Қазақстаннан сәл кіші болғандықтан, аумағының көлемі жөнінен республикада екінші орын алады.
Осынау кең-байтақ аумақтағы кейбір аудандардың революцияға дейін өзара байланысы болмады. Мұндағы бірден-бір темір жол Орынбор - Ташкент магистралінің бір бөлігі ол кезде ауданның батысындағы халық сирек қоныстанған жерлермен өтіп, негізінен, транзиттік маңызы болды. Революциядан кейінгі жылдары жаңадан бірқатар темір жолдар мен автомобиль жолдарының салынуы нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы түбірімен өзгерді. Бұл көлік жолдары, ең алдымен, бүкіл Оңтүстік Қазақстанды біртұтас жүйеге біріктірсе, оның өзін Орта Азия республикаларымен, Батыс Сібірмен және Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің аудандарымен байланыстырды.
І Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ФИЗИКАЛЫК - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ жағдайы
1. 1 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданына физикалық - географиялық сипаттама
Географиялық орны. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Арал теңізінен шығысында Жоңғар қақпасына, Солтүстігінде Балхаш көлі жәнге Бетпақдала шөлінен Республиканың оңтүстік шекарасына дейін, яғни Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігін және Тянь- Шань және Жоңғар Алатауының солтүстік тізбектерін алып жатыр. Республика жерінің 26, 4 пайызын, ал халқының 36 пайызын иемденеді. Алып жатқан территориясының көлемі 712, 2 мын км 2 , ал халқы-5. 750 мын адам. Солтүстіктен - оңтүстікке 700 км- ге, батыстан -шығысқа 2000 км ге созылып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы бұрыннан-ақ өзінің географиялық орнын тиімді пайдаланады, себебі оның территориясынан маңызды сауда жолдары өткен, батысты -шығыспен, Жерорта теңіздік елдерді Орта Азия, Қытай, Моңғолия елдерімен байланыстырған. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы құрамына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облыстары кіреді.
Табиғат ресурстары мен және жағдайлары . Ауданның солтүстік және батыс бөлігін негізінен құмды және сазды шөлді аудан алып жатыр, ал қиыр оңтүстік батысында Орта Азияның ең ірі жазықты шөлдерінің бірі Қызылқұм алып жатыр. Ауданның жер бедері негізінен жазықты болып келеді. Оңтүстік Қазақстан таулы бөлігі оңтүстік және оңтүстік шығысында негізінен Батыс және Солтүстік Тянь- Шань жоталарымен көрінеді. Сонымен қатар солтүстік батыс бағытында Шу- Іле таулары және Қаратау жоталары алады. Жалпы алғанда таулы аудандар территориясының бірден бес бөлігін алып жатыр және бұл ауданда вертикальдық зоналдық жақсы байқалады.
Топырақ және өсімдік жамылғысы . Тау бөктерлері құнарлы қоңыр топырақты лесс шөгінділерінің қалың қабатынан тұрады. Ауданның көпшілдік бөлігінде сары сұр топырақ түрлері тараған. Тау етегінде және беткейлерінде қоңыр және қара топырақ түрлері кездеседі. Негізінен ылғал тапшылығына және ыстық климатқа бейімделген өсімдік жамылғысы қалыптасқан.
Климаты . Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының климаты шұғыл континентальды, себебі жазықты шөлді ауданда өте ыстық күндер байқалса, сонымен қатар ылғалды аудандар кездеседі. Биік таулы аудандар салқын климатты және жауын-шашын көп түсу мөлшерімен ерекшелінеді. Ауданның бүкіл территориясында жалпы алғанда салыстырмалы суық және аз қарлы қыс тән, қаңтардың орташа температурасы -16-18С, жазы ыстық шілденің орташа температурасы +18+20С . Республиканың барлық аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан вегетациялық мерзімнің ұзақтығымен ерекшелінеді. Солтүстік батысында-182 күн, оңтүстігінде-228 күнге созылады. Климатының теріс құбылысы кеш көктемдік аяздар. Ондай құбылыстар негізінен суық полярлық ауа массасының келуімен өзгереді. Жауын -шашын территорияның көп бөлігінде аз түседі. Құмды, шөлді жазықтар жылына 250 мм, ал оңтүстігінде ол 110 мм азаяды. Атмосфералық жауын шашын қажетті деңгейде тек таулы аудандарда жауады. Ол жердің жауын- шашын мөлшері тау алды жазықтарда 300-400 мм, ал тауларда 800-1000 мм.
Гидрографиясы. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өзендері ағынсыз Балхаш көлінің бассейніне жатады. Ірі өзендері : Талас, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Сарысу. Өзендердің негізгі қоректену түрлері мұзды қарлы, қарлы, жер асты сулары. Оңтүстік Қазақстан ауданының өзендері арзан электро энергиясын алу үшін қолданылады. Ең ірі су электр станциялары : Қапшағай, Шардара .
Пайдалы қазбалары . Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы пайдалы қазбаларға бай, әсіресе полиметалл рудалары маңызды орын алады. Олардың ірі кен орындары Ащысай, Мырғалымсай, Хантағы, Байжансай, Қаратау, Текелі Жоңғар Алатауында Қаратауда ТМД дағы ең ірі фосфор кендері, ванадий және сирек метеллдар аудандары табылған. Жанатын пайдалы қазбалар аз және олар әркелкі орналасқан. Оның есесіне, құрылыс материалдар өте көп. Састөбедегі әктас, Түркістан маңында мыс, Қазығұртта кварцтық құмдар кездеседі. Арал маңы және Балкаш маңында минералды тұздар кездеседі.
Халқы. Аудан тұрғындарының саны мен халықтың орташа тығыздығы жөнінен республика аудандары ішінде бірінші орын алады. Мұнда республика халқының пайызы, халықтың тығыздығы жерге адамнан, бірақ көрсеткіг облыстар бойынша әркелкі. Алматы облысында адамнан, ОҚО да, Жамбыл облысында, Қызылорда облысында . Халықтың көпшілігі суармалы егіншілікті аудандарында, тау етектерінде және өнеркәсіпті ірі қалалар орналасқан оңтүстік жақтарында қоныствнған. Ауданның ірі қалалары: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Түркістан.
Шаруашылығы. Республикагың еңбек бөлінісінде Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы түсті металлургия, химия, цемент өнеркәсіптеріне және суармалы егіншілік, жүзім, қаракөл қойын өсіруге басым маманданған. Аудан республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 30 пайызын, ал шаруашылық өнімінің 28 пайызын өндіреді. Оңтүстік Қазақстан Республикадағы мақта, темекі, қант қызылшасы және жеміс өндіретін бірден -бір аудан. Жалпы аудан өнеркәсібіндегі мамандану салалары өздерінің қалыптасы және даму себептеріне байланысты үш топқа бөлінеді: 1 топқа ауыл шаруашылық шикізатын өңдеуге және мол еңбек ресурсын пайдалануға негізделген жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары; 2 топқа жергілікті пайдалы қазындыларында қалыптасқан түсті металлургия және цемент өнеркәсіптері; 3 топқа негізгі өнеркәсіпке қосымша сала ретінде дамыған машина жасау өнеркәсібі жатады.
Өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі түсті металлургия. Бұл сала ащысай полиметалл, Текелі қорғасын мырыш комбинаттарынан, Шымкент қорғасын зауытынан және кен байыту фабрикаларынан құралады. Басты өнімдері :мырыш, тазартылған қорғасын, қорғасын прокаты. Шикізат бұларға Қаратаудан, Жоңғар Алатауынан ( Текелі кенінен) өндіріледі. Қазіргі кезде шикізат қорларының таусылуына байланысты Орталық Қазақстан экономикалық ауданынан (Жәйрем) тсонымен қатар ауданның өзіндегі Шалқын Чин кендерінен кеңінен игеруде.
1. 2 Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық - географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117, 3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен, батысында Қызылорда облысымен, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Территорияның жер бедері, жазықты, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына өте қолайлы. Территорияның солтүстік және қиыр оңтүстік бөліктерінен өзгесі шөл зонасында орналасқан. Облыс жерінен Сырдария, Арыс, Келес секілді ірі өзендер ағады. Өзен жағалары егін шаруашылығына қолайлы. Осыған орай мұнда мақта, күріш өсіріледі және мал щаруашылығының кейбір салалары жақсы дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысы республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінде Бетпақдаламен, оңтүстік-шығысында Шатқал жотасымен, солтүстік-шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылордамен, шығысында Қырғыстанмен, оңтүстігінде Өзбекстенмен шектеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде Сырдария алабына орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі қазақстан жер көлемінің 43%-ын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері мен климаты. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері біркелкі. Жер бедерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстік-шығысында ұзыннан-ұзақсозылып жатқан Қаратау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақдала, Шу өзені оңтүстігінен басталатын мойыеқұм, батысында Қызылқұм, Өгем және Қаражантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді. Облыстың оңтүстігін Қызылқұм мен Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Қаратаудан шығысқа қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр. Биіктігі 3617м. Мұның солтүстік бөлігі Қазақстан территориясына кіреді. Осы жоталар арасынан шатқал арқала Талас өзені ағып өтеді. Өгем жотасында облыстың ең биік жері Сайрам шыңы бар. Биіктігі 4238м. Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында Қаражантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік-шығыс бөлігін Қаражан және Жігірген өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі 2000м. Биік нүктесі Мыңбұлақ тауы. Биіктігі2834м. Қаражан таудан солтүстік-батысқа қарай Қазығұрт және боралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте ескірген, бұзылған таулар. Қазығұрт тауы оңтүстікке қарай баспалдақ тәрізді. Келес өзені аңғарына құлайды. Ең биік жері 1600м. Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көптеген факторларға атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және сыртқыкүштердің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзлу процестері әлі аяқталып біткен жоқ. Таулы аймақтарда болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Таулары: Сырдария өзенінің орта бөлігі ағысының шығысынан оңтүстікке қарай Тянь-Шань тауларының атыраптарына Талас Алатауы, Өгем қыраттары және Қаратау тауы кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға жатады. Бірақ олардың шығыс бөлігінде жартастардың өте бийк жерлері де бар.
Жазық аймақтарға: Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген аумағын жазық аймақтар аоып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл және құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.
Оңтүстік Қазақстанды күнгей жағынан жиектейтін тауларда биіктік зоналық байқалады. Аз қашықтық шөлден ғана бастап мәңгі қар мен мұздықтарға дейін зоналар ауысып жатады. Сырдаряи өзенінің соңғы жағынан басталатын жазықтық Түркістанды жанай өтіп оңтүстікке қарай созылып кетеді. Бетпақдала жазығы соған жалғасып жатқан шөлейтті өңір. Ол батысында Сарысу өзенінен бастап шығысында Балқаш көліне дейін 500 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке Шу өзені аңғарына дейін 300 шақырымға созылып жатыр. Бетпақдаланың орташа биіктігі 250-300 метрге жетеді .
Климаты. Облыс аумағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүние жүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуының географиялық ендіктің де әсері мол. Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады.
Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарында шығыстан есетін «Шақпақ» желі өз үстемдігін жүргізеді. Ол «Шақпақ-Боранды» деп аталатын елді мекеннен асу арқылы асып келетін шығыс желі. Желдің екпіні өте күшті болып келеді, секундына 25-30 м жылдамдықпен жылжи алады. Қыста қатты суық, жазда өте салқын ауа массасын қалыптастырады. Халық арасында бұл жел туралы «Еріксем екі күн, желіксем жеті күн тұрамын» деген мақал қалыптасқан. Қазғұрт, Сарыағаш аудандарында «Шыршық» желі үстемдік етеді. Ол жел онша қатты соқпайды. Жетімай, Асық - Ата, Шардара аудандарында «Қоқан» желі үстемдік етеді. Ол жел әрдайым батыстан соғады, ал шығыстан келетін жел «Шамал» желі деп атайды, ол Ташкент жақтан келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы. Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық, карбондық жыныстардан, таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан, жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған. Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қарарауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан құралған. Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент аудандарында таралған. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабаты конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған. Облыс төменгі боз, қызғылт түсті құралдармен, саздармен күрделі. Ол- 1500 метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор теңіздің ізбесті ашық қызыл құмдарымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жабылған. Қаратау және Талас Алатауының төменгі силурда және жоғарғы силурда лавалармен ерекшеленеді. Талас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз таралған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып басталады. Орта бөлігі гипс тектес сазбан күрделенген жоғарғы олигоценге жатады. Континентті қара қатпарлығы Іле аңғарында және Шымкент қаласында белгілі. Бұлардың төменгі қабаты триас жасындағылар.
Қазба байлықтары. Облыс қойнау қазба байлықтарға бай. Мұнда полиметалл рудалары қоңыр көмір қабаттары, мәр-мәр, отқа төзімді және кварцтты құмдар, темір, гипс, құрылыс материалдары, жер асты және грунт суларының қорлары мол Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын алады. Соның негізінде Шымкент қаласында қорғасын зауыты салынған. Шығаратын өнімі тазартылған қорғасын, алтын, күміс рудалары және тағы да басқа. Қоңыр көмір төлеби ауданында. Бұл Шымкенттің өндірістік жылу базасы болып табылады. Шымкенттен 170 шақырымдай. Солтүстік батысында Таскөмірсай көмір кен орны ашылды. Мұнда юра жасындағы көмір кен орны бар. Цемент өндіру Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Састөбеде жақсы дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстарға қарағанда өзгеше айырма және көршілес жатқан Орта Азия Республикасымен салыстырғанда бұл жерде фосфорит кен орны, қорғасын қоры жөнінен орасан зор маңызы бар. 1. Жанатын пайдалы қазбалары. А тас көмір. Тас көмірдің пайдалы атырауындағы пайдалы алабы 100 шақырымға созылып жатыр. Ленгердегі тас көмір қазбасы энергия қуатын өндіру үшін пайдаланады. Б азотты - гелді газ.
2. Темір рудасы пайдалы қазба көздері. А Қаратау тауының бөктерінен марганец пайдалы кен көздері табылған, Ванадий пайдалы қазбасы Қаратау, Жабағылы аймағынан, темір кені Иірсу аймағынан табалды. Қорғасын мен цинк Қаратау кен орындарында көптеп кездеседі. Бұл кен орны ерте кезден белгілі. Ал 60 жылдары өндірудің шырқаған тұсы болып есептелінеді. Танымал ірі кен орындары: Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай. Бұл жерлерде қорғасын мен қатар күміс, цинк, мыс тағы басқа да пайдалы қазбалар бар. Рудасыз пайдалы қазбалар. Бұлар негізінен отқа төзімді кварцитті саз балшықтар мен құмдар. Састөбе мен Шымкент қаласы аймағынан саз балшық пен әк тастың өте көп қоры табылған. Қыш өндірісі мен керамзит үшін шикізат қоры бар. Осыларды пайдаланып көптеген құрылыс материалдарын өндіреді (тас пен құм -63, 3 мың метр, құрылыс тасы - 38, 9 мың метр) . Облыс минералды тұздарға да өте бай. Жылына 1080 тонна минералды тұздар өндіреді. Облыс аймағындағы жерлер минералды ресурстарға өте бай емес, ал кейбір түрлерінен мүлдем аз кездеседі. Көмірдің Ленгер қаласындағы уақытша пайдаланылмаған қоры болашақта қолданылады. Ал газдың табылған қоры өлкемізде энергетика саласына 20-30 жылдан кейін пайдаланылады. Облыстағы Ащысай мен Мырғалымсайдың полиметал рудалары түрлі түсті металлургияның дамуының жақсы базасын құруы мүмкін .
Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары. Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес. Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz