Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2

1.ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1.Өнеркәсіптің қаржылық есебін талдау
5

2.ӨНДІРУ САЛАСЫ ПРОЦЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
7

2.2.Өндірістік қуаттылықты қолдаудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін
факторлар
11

2.3.Өндірістің қуатылығын қолдаудың экономикалық тиімділігін бағалау
көрсеткіштері
12

2.4.Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі
16

ҚОРТЫНДЫ
19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
22

КІРІСПЕ

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-
кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық
механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының
басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі
кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды,
ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым
орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28
ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: Экономика біздің
дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары
қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз
экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық
алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы
Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін
стратегияның басымдықтарын атап берді. Бұл міндетті орындау үшін және
шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық -
инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын
қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі,
Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.
1. Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық
“секірістерге ” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық
жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика
жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика
әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы
заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді
бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды
белсенді ету мақсатында туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі,
металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік
логистикасы секілді 7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар
басталды. Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес
жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау
жоспарланған.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін
отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші
секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина
жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына
сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім
өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар
нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының
ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі,
үшіншіден, ескірген өндірістік құрал – жабдықтар мен машиналарды алмастыру
үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда.
Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың
шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер
нәтижелеріне кері әсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің
тиімділігін жоғарылату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни
кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік
секторлардың үдемелі дамуы.
Өнеркәсіптік кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру жолдары
тақырыбына жазылған курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми
тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі
міндеттер шешілуі қажет:
- Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін
қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың
көрсеткіштерін талдау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Бірінші бөлімінде ұйым қаржысына түсінік беріледі.
Екінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің теориялық
аспектілері ашылады.

I.ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1.Өнеркәсіптің қаржылық есебін талдау

Ұйым қаржысы ғылыми пән болып табылады.Өйткені ұйым қаржының
обьектісін,заңдары мен заңдылықтарын анықтаса,екінші жағынан экономикалық
білім жүйесінің қаржылық жағдайын анықтайды.Ұйым экономиканың дамушы
сатысының негізгі бір бөлігі.Олай дейтініміздің
себебі,ұйымдарда,кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және де
жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.Ұйымдар мен
кәсіпорындар белгілі бір өнім шығару үшін немесе жұмыс атқару үшін,әртүрлі
қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның яғни біздің қажеттілігімізді
қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.Ал кәсіпкерлік термині
экономика сферасында кеңінен қолданылады.Кәсіпкерлік- адамдармен,олар
құрған бірлестіктердің белсенді,дербес шаруашылық қызметі.Кәсіпкерліктің
көмегімен адамдар тәуекелге бел буып,мүліктік жауапкершілікті сақтай
отырып,пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтіндей қызметтердің
қандай да болмасын түрімен айналыса алады.Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызметінің субьектілері бола алады:
-Қазақстан Республикасының азаматы;
-Шетел азаматы;
-Адамдардың бірігуі.
Кәсіпкер тауар өндіреді содан соң оларды сатады.Осыған орай
кәсіпкерлікті өндірістік,коммерциялық,қаржылық деп 3-ге бөліп қарастырамыз.
Өндірістік кәсіпкерлік – тұтынушылардың кейінен сатып алуына
тиісті өнім өндіру,жинау,өңдеу және ақпарат беру,рухани құндылық жасау тағы
тағыларға бағытталған қызметтер жатады.Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік
өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық
ресурстар,ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады.өндірістік кәсіпкерлік
қызметтің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігіне ие.
Коммерциялық кәсіпкерлік – қызмет түрін сипаттайтын,оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары,тауар-айырбастау
операциялар жатады.Мысалы:тауарларды сатып алу барысында сатудың
төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:
-тауар түрін таңдау;
-жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;
-өндірген тауарға деген сұранысын бағалау.
Қаржылық кәсіпкерлік- сатып алу және сату обьектісі құнды
қағаздарды,акцияларды валютаны,облигацияларды ақшаны жатқызуға
болады.Бірдей ақшаларды сату мұнда тікелей немесе жанама формада
жүргізіледі.Қаржылық кәсіпкерлік коммерциялық кәсіпкерліктің бір
түрі.Өйткені кәсіпкерліктердің технологиялық мәмілелері ұқсас болып
табылады.Айрыкшалығы тек тауар қаржы активі болып саналады.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық
жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты
өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен
ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл
салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық
өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің
барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер.

2.ӨНДІРУ САЛАСЫ ПРОЦЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1. Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы,
өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес
кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын
жаңа ортаға көшірді.
Өнеркәсіптік жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі,
экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс
анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және
кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына
байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі
арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және
өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар
санының артуы). Даму – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы,
барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және
техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге
қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс
жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар
жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист
ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең аз
еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек
шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін
қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын
сипаттайды. К. Маркс былай деген “уақыт үнемі өндірістің әр салаларына
жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең
басты экономикалық заңдылық болып қалуда”. Өнім бірлігіне еңбек шығынының
төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең
аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі .
Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның
барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін
күрделі котегория.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің
тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың
салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы
индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді
пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім
өндіру);
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы
қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері
нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) .
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау
барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады.
Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін
өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда
өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық
тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің
баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын
өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне
жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің
нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс
тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы
соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек
өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және
т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі –
кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол
стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар
өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді
категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі
мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру
шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан
максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін
көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып,
ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру
негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді.
Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның
жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және
қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар
түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау
жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және
сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін
басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені
орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны
жоғары болады.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын
үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі
факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

2.2.Өндірістік қуаттылықты қолдаудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін
факторлар

Өндіріс тиімділігін басқару – оның тәуелді болатын факторларын мақсатты
әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін
арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс
бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және
шығындарына әсер ететін жағдайлар 13. Олар келесілер:
- ҒТП – тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте
төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға
мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру,
мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін
белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті
ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті
(материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және
ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына
қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс
тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен
міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және
ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау
әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік
мәдениет және т.б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып
бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады.
Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес,
бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы,
шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік
артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет
саналады.
Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату
арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға
мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп,
оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару
Басқарудың экономикалық механизмі
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
ЖШС Бірлес-Көкше кәсіпорын шаруашалығының талдауы
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Пәндер